Материалдар / Ата-анамен жұмыс: "Балалар арасындағы қызғанышты шешу жолдары"

Ата-анамен жұмыс: "Балалар арасындағы қызғанышты шешу жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызғаныш сезімі балалар арасында туындауы, кикілжіңге, жанжалға апаратын осы қиындықтар көп ата-аналар үшін түіткілді мәселенің бірі болып отыр. Яғни осының алыдын алу үшін, шешімін іздеген жандар көп болмаса аз емес деген пікірдемін. Бұның бастауы отбасыңызға тағы бір нәресте дүниеге келгенде байқалады. Осы кезде тұңғышыңыздың қызғаныш сезімі оянады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Балалар арасындағы қызғанышты шешу жолдары

Қызғаныш сезімі балалар арасында туындауы, кикілжіңге, жанжалға апаратын осы қиындықтар көп ата-аналар үшін түіткілді мәселенің бірі болып отыр. Яғни осының алыдын алу үшін, шешімін іздеген жандар көп болмаса аз емес деген пікірдемін. Бұның бастауы отбасыңызға тағы бір нәресте дүниеге келгенде байқалады. Осы кезде тұңғышыңыздың қызғаныш сезімі оянады. Бала ата-анасының ықыласын жоғалтып алудан қорқады. Сол кезде қызғана бастайды. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, ата-ана көп уақытын, бар ықыласы мен қамқорлығын жаңа туылған сәбиге арнайды. Сондықтан, үлкен балада қызғаныш сезімі жиі пайда болады. Сәби: «осылар мені жақсы көрмей кетті ме?» дегендей, ішкі наразылығын қызғаныш арқылы білдіреді. Қызғаныштан бауырын шымшып алуы мүмкін. «Апам сені емес, мені жақсы көреді», деп ойыншықтарын тартып алуы ықтимал. «Ол ¬- менің апам, оны саған бермеймін» деуі де жиі кездеседі.
Кейде сырт көзге бәрі жақсы болып көрінеді. Жоғарыда атап өткен іс-әрекеттің бірі де болмауы мүмкін. Бірақ бала іштей қатты күйзеледі. Балаңыздың мінез-құлқын біраз уақыт бақыласаңыз, бәрін байқайсыз. Жаман түстер көріп шошып оянуы мүмкін. Жиі сырқаттанып қалуы немесе үнемі мұңайып, сабағы нашарлайтын жағдайлар да кездеседі.

Мұндай жағдайда баланы қызғаныштан арылтудың қандай жолдары бар? жалпы, қандай шара қолданған дұрыс? деген сұрақ туындайды. Сәбидің қызғанышына тыйым салуға, елеусіз қалдыруға болмайды. Бала өз сезімдерін әзірге басқара алмайды. Оған мұны үйрету керек. Ақыл айтып, жөн сілтеудің керегі жоқ. Ең дұрысы, байқатпай, абайлап үйреткен жөн. Әуелі балаға өз сезімін сезінуге көмектесу керек. Содан кейін өшпенділіктен және қызғанышы үшін өзін кінәлі сезінуден арылуды үйреткен дұрыс. Егер отбасындағы балалардың жас айырмашылығы алшақ болмаса, мысалы, 2 – 3 жас болса, онда үлкен балаңыз да әлі сәби деген сөз. Ондай жағдайда, оған отбасындағы жағдайды, өзінің қызғанышын түсінудің өзі қиын. Сондықтан, оған мүмкіндігінше көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз. Күн сайын баланың анасы да, әкесі де, аз болса да, біршама уақытын тек үлкен балаға көңіл бөлуі тиіс.

Негізі дәрігерлердің пікірі бойынша, ең тиімді жас айырмашылық — 1,5 – 2 жас деп қарастырылған. Осы кезде ана ағзасы қалпына келіп, келесі жүктілікке дайын болады. Ал психологтер, ең тиімді жас айырмашылық — 4 — 7 жас деп есептейді. 4 – 7 жас айырмашылығы дұрыс деудің себебі, бұл кезге дейін бала ата-анасының сүйіспеншілігіне мейілінше бөленіп үлгереді. Өмірлік тәжірибесі де мол. Әкесі мен анасының тек өзіне тиесілі екенін де түсінеді. Өз бетінше әрекет етуге қауқарлы. Бос уақытын қалай өткізетінін жоспарлай алады. Оған қоса, екінші баланың туылуы, тұңғыш балаңыздың мектепке баруымен сәйкес келсе, сіз бірнеше мәселені бірден шешесіз. Үлкен бала мектепке әкелу үшін ананың жұмысын тастау қажеттілігі болмайды. Оның үстіне, кішкентай баланы да күн сайын таза ауаға серуендету керек. Мұны үлкен баланы мектепке шығарып салғанда істеуге болады. Осы кезде үлкен баласы, іні немесе қарындасы болғанын қаламайтын ата-аналарға мынадай кеңес айтуға болады. 

Ата-ана бұл мәселені, екінші баланы жоспарлау кезінде талқылаған дұрыс. Мысал үшін, «қалай ойлайсың? Сенің бауырың қашан туылуы мүмкін? Оны ойнатасың ба? Болашақ ініңнің немесе қарындасыңның атын кім деп қоясың?» Сәбидің туылуы қалай болғанда да үлкен балаға әсер етеді. Сондықтан, екінші бала туралы, тұңғышыңыздың кішкентай кезін еске түсіріп отырғанда сөз қылған жөн. Біз оған кішкентай кезіндегі суреттерін көрсетіп, оны қалай жақсы көргенімізді, емізгенімізді, көтергенімізді айтамыз. Сонда үлкен бала сәбиді онша қызғанбайды. Өзін де дәл солай аялап өсіргенін біледі. Сондықтан, оған ешқандай қиындық туғызбайды. 
Ал қорыта келгенде екі баласы бар ата-аналар не істеуі керек? Үлкен баланың тарапынан қызғанышты қалай болдырмауға болады? Деген сауалдарға рет – ретімен тоқталып өтейін.

1 Сөйлесіп, оның әңгімесіне ден қойып тыңдау
Баламен сөйлесіп, неге қызғаныш сезімі оянғанын түсінетініңізді жеткізіңіз. Жанашырлық танытыңыз. Бұл сезімнің көп ұзамай басылатынын білемін. Сондықтан ұрыспаймын, деңіз. Ең дұрысы, баламен сөйлесіп, оны ден қойып тыңдаған жөн. Бұл тәсілдің бар құпиясы, баланың сезімі туралы әңгіме етуде. Сонда баланың көңіл күйін түсіну оңай. Мысал үшін: «Сен ініңе ашулысың ғой, ол саған кедергі келтіріп жатыр ма?», «Сен ашуланған сайын апаңның көңілі бөлінеді...» дейсіз. Содан соң, үзіліс жасаған дұрыс. Бала ішіндегісін ақтарып салуы шарт емес. Бірақ ол өзінің ішкі сезімін ұғынатыны сөзсіз. «Балаңызды ден қоя тыңдап», баланың көңіл күйін қажетті арнаға бұрып жіберуге тырысыңыз. Мысал үшін: «Ертең өскенде, екеуің бірге футбол ойнайсыңдар...». Мұндай әңгіме барысында, анасы оны бұрынғысынша жақсы көретінін тағы бір рет сездіру керек.

2 Балаларды достастырудың ең жақсы тәсілі ертегі айту
Келесі тәсіл. Балаңызға кішкентай қарындасы бар балақай жайлы ертегі айтып беріңіз. Бастапқыда балақай қарындасын жақтырмапты. Ол осындай кіп-кішкентай болып қала береді, ал әке-шешесі оған әрдайым бәйек болады деп ойлайды. Бірақ кішкентай қыз көп ұзамай өсіп, күле бастайды. Ағасы ойнатса, мәз болады. Аз уақыттан кейін қыз еңбектеп, содан соң, жүгіре бастайды. Балалар енді бірге ойнайтын болады. Балақай қарындасы болғанына қатты қуанады. 

3
. Ата-ананың қатаң ұстанымы
Балаларды алаламаңыз. Оларды бір-бірімен салыстыруға да болмайды. Ата-аналардың көпшілігі осы қателікті қайталайды. Балаларды салыстыра отырып, сіз оларды бәсекелес болуға итермелейсіз. Ал бәсекелес болудың соңы, жек көрінішке апарып соғуы ғажап емес. Балаларға бір-бірін үлгі тұтуға тырыспаңыз. Қайта әр баланың жақсы қасиеттерін айтып отырыңыз. Тәрбиелеу кезінде өз ұстанымдарыңызға берік болыңыздар. Балаларға деген талаптардың бірдей болғанын, отбасындағы жасы үлкен адамдармен келісе отырып шешіңіздер. Бала болған соң еркелейді, шолжаңдайды, қызғанады. Мұның бәрі қалыпты жағдай. Сіздің міндетіңіз – жақсы көру және шыдамдылықпен тәрбиелеу.









04 Қараша 2020
664
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі