400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-анамен жұмыс жасауда кросс-коучингтің техникасын тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімнің ата-анамен жұмыс жасауына көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ата- анамен жұмыс жасауда кросс- коучингтің

техникасын тиімді пайдалану.


Баяндаманы педагогикалық кеңесте оқуға дайындаған:

Бастауыш сынып мұғалімі-А.Ж.Ескайрова


«Қазіргі заман талабына сай, жан жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі , парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, барша елдің, халықтың міндеті»

Н.Ә.Назарбаев



Кез-келген маман иесі өз жұмысын сол объектіні танудан бастайды. Тану дегеніміз – зерттеу, содан соң жоспарын құрып, сол бағытта жұмыс атқарады.

Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының негізгі міндеті:

  • Сынып ата-аналарының құрамын зерттеу;

  • Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;

  • Ата-аналар ұжымын құру;

  • Ата-аналардың қоғамдағы мәдениеті мен дәрежесін арттырып отыру;

  • Үштік одақ ( бала, отбасы, мектеп ) жұмысын жандандыру.

Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын қызметі:

  • Ата-аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру;

  • Ата-аналармен педагогикалық, психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Ата-аналарды балалармен педагогикалық әрекетке тарту;

  • Отбасы тәрбиесі туралы педагогикалық, психологиялық кеңес беру;

  • Ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.

Мұндай міндетті шешу үшін сынып жетекшінің тәрбие жұмысының жоспарында:

  • Оқушының отбасын зерттеу;

  • Ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру;

  • Ата-аналар комитетінің жұмысымен байланысты арттыру;

  • Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;

  • Ата-аналарды оқушылардың оқу тәрбие үрдісінің нәтижелерімен, барысымен жүйелі таныстыру болып табылады.

Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктер өмірдің әр саласын қамтуы мүмкін. Коучинг елімізде күннен күнге дамып келе жатырған үрдіс .Әсіресе кросс-коучинг білім саласында жиі пайдаланылады. Коучинг – ағылшыннан аударғанда «оқыту, жаттықтыру, дағдыландыру»; кросс – «жетелеу, арба» дегенді білдіреді.

Коучинг – адамның кәсіби білімін, игерген дағдыларымен тәжірибесін жетілдіру болып табылады. Ол оқуға ықпал етеді. Коучингтің негізін қалаушы Джон Уитмор.

Консалтингте бұйрықтарға ұсыныс дайындап шешім қабылдаса, коучинг өткізу арқылы еркін сөйлеп, бірлесіп шешім қабылдап, сыни ойлау кезінде бір-бірін толықтыруға мүмкіндік туындайды. Әсіресе6 ата-анамен өткізетін коучингте:

  • тақырыбы ата аналар үшін өзекті болуын ескерген жөн;

  • ата-аналар үшін қолайлы уақытты таңдау қажет;

  • өткізу жоспарымен таныс болу қажет;

  • ата-аналармен қарым қатынаста сыпайы әрі сенімді болуды үнемі қатерде ұстау;

  • әрбір өткізілетін кросс коучингтер сыныптың жас ерекшелігіне, сынып ахуалына тәуелді болу керек.

Биылғы жылы өткізілген кросс коучингтің тақырыптары:

  • Мінсіз бала қандай болуы керек?

  • Баланы сабақ қарауға қалай отырғызу қажет?

  • Кітап оқуға үйретудің қағидалары.

  • Ата-ана жаднамасы.

Баланы сабақ қарауға қалай отырғызу қажет? деген коучингта ата-аналар өздері топта ақылдаса отырып, ішкі сыртқы факторларын анықтады.

Сыртқы

  • Күн тәртібі;

  • Тұрақты жұмыс орны;

  • Тапсырмаларды орындау реті;

Ішкі

  • Бірден жұмысқа кірісу;

  • Жақсы жұмыс ырғағы;

  • Сабақ оқу әдеті.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде ата ана белсенділігі артады.

Ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Отбасымен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмауымыз қажет. Қорыта айтатын болсақ, америка ғалымы У.Уорд «Жай мұғалім- хабарлайды, жақсы мұғалім-көрсетеді, ұлы мұғалім- шабыттандырады» дегендей ата-ананың жұмысын шабыттандырайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24.04.2021
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі