«Анашым... қуат берген дарасың» (дөңгелек үстел)
Мақсаты: Ата-аналардың пікірталас алаңына қатысуын ұйымдастыру.
Балабақша мен ата-ана арасындағы ықпалдастықты дамыту.
Балалардың шығармашылығын насихаттау, педагогтардың шығармашылық
ізденісін тудыру.
Әдіс-тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, пікірлесу, ой бөлісу.
Жоспары:
1. Шаттық шеңберіне шақыру.
2. «Анашым... қуат берген дарасың» тақырыбында кіріспе сөз.
3. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» - ой бөлісу.
4. «Еліміздің күші патшасында, сәбидің күші жылауында»- пікірлесу.
5. Қорытындылау.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, Бүгінгі«Анашым... қуат берген
дарасың» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
1. Шаттық шеңбер.
Аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу.
1 – жаттығу, «Шаттық шеңберіне шақыру» Аналар өз есімдерін таныстыра
отырып, есімдерінің бас әрпінен басталатын тілек сөз айтады.
2 - жаттығу, «Жылжымалы орындық» Қима қағаздарды алып, мен мына өлең
жолдарын оқығанда орындыққа келіп отырасыздар.
Ана – дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.

Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық
атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаратылған.
Халқымыз «ана – барша тілектің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ
пен мейірім әлемі, өмірдің сәні» деп қасиет тұтып отбасының алтын діңгегі
санаған. Отбасының тәрбиесі, мәдениеті, жетістігі мен дәстүрі ананың
өресіне, білімі мен қадір - қасиетіне тікелей байланысты.
Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген пікірінің
астарында үлкен мән жатыр.
Ананы Пайғамбар да қатты құрметтеген. «Жұмақ ананың табанының
астында»,- деді ол.
Бір күні Пайғамбарға әлдекім келіп. «Шын айтыңызшы, мен жақсылықты
әуелі кімге жасауым керек»,- деп сұрапты. «Өз анаңа»,- деп жауап беріпті
Пайғамбар.
- Тағы да кімге? - дейді әлгі адам.
- Анаңа,- деп қайталапты Пайғамбар.

- Сонаң соң кімге? - дейді сұраушы.
- Өз әкеңе,- деген екен Пайғамбар.

Жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы шығыс ғұламасы Әл-
Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген
білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
деген екен. Осыған байланысты мына сұрақтарға өз ойларыңызды
айтсаңыздар екен.
1) Дүкендегі жағдай-баланың күнде балабақшаға бару үшін алдымен дүкенге
баруды әдетке айналдырған. Осы әдеттен арылту үшін сіздің әрекетіңіз?
2) Компьютер мен бала-баланың балабақшадан барысымен компьютерден бас
алмайды. Сіздің әрекетіңіз?
3)Баланың таңғы оянуы-балаңыз ерте тұрудан бас тартып,ауырып тұрмын деп
сылтауратты. Сіздің әрекетіңіз?
4) Мен балабақшаға барғым келмейді-балаңыз түрлі сылтаумен балабақшаға
барудан бас тартты.Сіздің қолданар әрекетіңіз?

Жүргізуші: «Еліміздің күші патшасында, сәбидің күші жылауында»-баланың
ата-анаға қарсы қолданар құралы жылау. Күнделікті өмірде түрлі жағдайларға
байланысты қасымызға ертіп жүру мүмкін болмайды. Осы тақырып аясында
төмендегі сұрақтарға байланысты пікір алмасайық.
А)Баланы басқа адамдар аясында жеке қалдырып көрдіңізбе?
Б)Баланы қалдырған кезде қандай күйде болдыңыз?
В)Балаңызды әрдайым ойлап жүресіз бе?
5. Қорытындылау.
Жүргізуші: Баланың ақылы да жаны да туғанда ақ қағаздай болады. Ақ
қағазға қандай жазу жазсада жазушының еркінде, бала қалай тәрбиеленсе
сондай болып өседі.
Ұлы педагог А.С.Макаренко - «Тәрбие-баламен сөйлесумен шектелмейді.
Балаға әркімнің өзінің жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуіңде» деген екен.
Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі. Осы пікір-талас баланың түзу ағаш боп
өсуіне көмектессе дейміз.
Халық даналығында «Балаңды 5-ке дейін патшадай көр, 15-ке дейін
құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла»-дегендей баланы қанша
патшамыздай көтерсекте ол елдің ертеңгі болашағы екенін естен шығармай
дұрыс тәрбие берейік. Ал тәрбие бастауы-балабақша екенін ұмытпайық, - деп
дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Келіп ой бөлісіп, пікір айтқандарыңызға
көп рахмет. Сау болыңыздар!

Тренингке келген аналарды ережемен таныстырамын.
1. Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу
3. Шынайылық көрсету
4. Белсенді әрекет ету
5. Өз сезімін басқара білу
6. Уақытпен санасу
Аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу.
Жаттығу түрлерімен таныстыру
1. Шаттық шеңбері
2. Жылжымалы орындық
3. Кел шырқайық
4. Кездейсоқ жағдайдан шығу
5. Топтық жұмыс
6. Мақалды жалғастыр...
7. Түйін сөз
8. Өрмекшінің торы
Аналарды ортаға шеңбер жасап тұрғызу.
1 - жаттығу, «Шаттық шеңберіне шақыру» Аналар өз есімдерін таныстыра

3 - жаттығу «Кел шырқайық» Мына қима қағаздарда өлеңнің тақырыбы және
шумақтың бірінші қатары жазылған. Өлеңді әуеніне салып айтып, келесі
шумақты келесі ана жалғастырып алып кетеді.
4 - жаттығу «Кездейсоқ жағдайдан шығу»
1. Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ балаңыздың жат әрекеттерге бой
алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап аласыз?
2. Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде «ұялы
телефон» бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Үйде алып бер деп мазаңызды
алады. Сабаққа барғысы келмейді сіз не істейсіз?
3. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап
кеткен соң «өздерің қадағалаңдар» деп әкеліп береді. Ал балаңыз тәрбиеге еш
көнер емес, не істейміз?
4. балаңыз диктант дәптерін үйге әкелді. жазба жұмысынан «4» деген баға
алған. Қатесін сіз де, балаңыз да көріп тұрсыздар, ал пән мұғалімі оны
жөндемеген. Сіз балаңызға неліктен жөндемегенін балаға қалай түсіндіресіз?
5 - жаттығу «Топтық жұмыс» Аналар бірігіп берілген сұрақтарға жауап
береді. 1. Бала дегеніміз кім?

2. Бала жақсы өмір сүру үшін, қандай жақсы қасиеттер керек?
3. Баланы мадақтау дегеніміз не?
6 - жаттығу «Мақалды жалғастыр...» Оқушылардың қатысуымен тақтадан
мақалдарды жалғастыру.
7 - жаттығу «Түйін сөз» БАҚЫТ, БАЛА, БАЗАР, БЕСІК. Осы сөздерді
қатыстыра отырып, өз ойларыңызды бір ауыз сөзбен қорытындылаңыздар.
Жаттығуымыздың арасында өлең жолдары тыңдалады.
8 - жаттығу «Өрмекшінің торы» Ортаға шығып шебер құрамыз. Мен біреуге
оралған жіпті лақтырамын. Оның атын айтамын және оның маған ұнайтын
мінезін, жақсы қасиетін айта отырып тілек тілеймін. Келесі адамға
жалғасады. Жіп соңында өзіме келуі тиіс.
- Қараңыздаршы, бізді байланыстырған жіп, әдетте, ол бізге көрінбейді. Бірақ
өмірде бар, осы жерде тұрған барлық аналарды жылы, мейірімді сөздер
байланыстырып тұра берсін,- деп бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Міндеттері:
• ток-шоу тақырыбы аясында пікір алмасуға жағдай жасау;
• ата-аналардың пікірталас алаңына қатысуын ұйымдастыру;
• балалардың шығармашылығын насихаттау;
• педагогтардың шығармашылық ізденісін тудыру.
Ток-шоуға қалалық, аудандық кезеңдерден сараланған 6 мектепке дейінгі
ұйым қатысып, «Балабақшаға барғым келеді», «Ақылды бала қайдан
шығады», «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – …», «Өнерлі бала – ата-
ананың бақыты» тақырыптары бойынша 1 жұмыс сараланды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша төмендегі жұмыс үздік деп
танылып, республикалық Ток-шоуына ұсыныла
Жоспары:
1.Үй тапсырмасы (жағдаяттар)
А)Дүкендегі жағдай?
Б)Компьютер және бала
В)Баланың таңғы оянуы
Г)Мен балабақшаға барғым келмейді.
2.Пікір-талас:

3. «Бала тілі-бал» балалармен сұхбат
Барысы:

деген екен. Осыған байланысты бүгінгі ток шоуымыз «Ананың көңілі балада»
тақырып аясында тек ананың көңілі балада емес баланың көңілі де анада
болуы үшін жиналып отырмыз.
1.Үй тапсырмасы бойынша дайындалған көріністі тамашалау.
А) Дүкендегі жағдай-баланың күнде балабақшаға бару үшін алдымен дүкенге

Көрініс Мақсымовтар отбасы
анасы-Ізбасарова Құндыз
Қызы-№10 «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушісі Мақсым Мадина
Б) Компьютер мен бала-баланың балабақшадан барысымен компьютерден бас
алмайды. Сіздің әрекетіңіз?
Көрініс Каирденовтер отбасы
Анасы-Ізбасова Назкен
Қызы-№10 «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушісі Мирамбекқызы Айша
В)Баланың таңғы оянуы-балаңыз ерте тұрудан бас тартып,ауырып тұрмын деп
сылтауратты.Сіздің әрекетіңіз?
Көрініс Абиловтар отбасы
Анасы-Мұхамбетова Жанылсын Жаубасаровна
Баласы- №10 «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушісі Аңқаш Алитұрлы
Г) Мен балабақшаға барғым келмейді-балаңыз түрлі сылтаумен балабақшаға

Көрініс Байдуллиндер отбасы
Әкесі-Байдуллин Асхат
Баласы-№10 «Бәйтерек» тобының тәрбиеленушісі Асхатұлы Дамир

Ізбасова Құндыз:-Мен өзім жеке кәсіпкермін. Ата-әжеміз болғанымен үлкен
адамдар. Мені құтқаратын балабақша. Баламды басқа адамдарға көбіне
демалыс күндері жеке қалдырамын. Балабақшаға қалдырсам көңілім сенемді
болады. Ал қанша жерден танысым болсада жеке адамдарға қалдырсам
балаларыма алаң боламын.Артық ойнап қоймадыма артық жеп қоймады ма,
тамағы тоқпа деп алаңдаймын. Ал балабақшада бәрі режиммен беріледі.Осы
айырмашылықты қызыма түсіндіріп отырамын. Сондықтан балабақшадан
қызым қалғысы келмейді.
Байдуллин Асхат-Балама осындай балабақшаның жақсы екенін айтып
түсіндірсемде балам кейде балабақшадан бас тартады.Себебін түсінбедім.
Ізбасова Назкен:-Бәрі ата-ананың көзқарасына байланысты.Бала арызданса
біздер баланы қостамай себебін анықтап алуымыз керек.Бала сізден қолдау
тапқасын соны әдетке айналдырады.Баланың көзінше емес мәселені жеке
сөйлесуі керек.Қанша бала арыздансада жеке адамға тастағаннан балабақшаға
әкелген артық.Бала үнемі бақылауда ал өзінің алаңсыз боласыз.
Жүргізуші:Ұлы педагог А.С.Макаренко-«Тәрбие-баламен сөйлесумен
шектелмейді.Балаға әркімнің өзінің жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуіңде»
деген екен. Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі. Осы пікір-талас баланың түзу
ағаш боп өсуіне көмектессе дейміз. Қай ата-анада баласының бақытты
болғанын қалайды. Ендеше бақыт деген сөзді балалар қалай түсінеді?
Мақсым Мадина-Бақыт деген анам,әкем,атам-жем бәріміз қыдырсақ сол
бақыт.Мен туған күнімді анашым жасап бергенде бақытты болдым.
Мирамбекқызы Айша-кешке үйге кетерде әкешім ерте келіп алса мен сонда
қатты қуанам.
Аңқаш Алитұрлы-мені анам дүкенге күнде апарса бақытты боламын
Асхатұлы Дамир-ешкім маған ұрыспаса мен соны жақсы көремін.
Жүргізуші: ДжонЛок: «Баланың ақылы да жаны да туғанда ақ қағаздай
болады. Ақ қағазға қандай жазу жазсада жазушының еркінде, бала қалай
тәрбиеленсе сондай болып өседі.» осы ток шоудың қорытынды сөзін

балабақшамыздың меңгерушісі А.Н.Кариеваға және А.Ж.Дәрібаеваға сөз
береміз.
Халық даналығында «Балаңды 5-ке дейін патшадай көр, 15-ке дейін құлыңдай
жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла»-дегендей баланы қанша патшамыздай
көтерсекте ол елдің ертеңгі болашағы екенін естен шығармай дұрыс тәрбие
берейік. Ал тәрбие бастауы-балабақша екенін ұмытпайық. Келгендеріңізге көп
рахмет. Балалардың концертін тамашалаңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-анамен жұмыс: Тақырыбы:«Анашым... қуат берген дарасың» (дөңгелек үстел)

шағым қалдыра аласыз