Материалдар / Ата-анаң алтын тұғырың
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-анаң алтын тұғырың

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ата-ана алдындағы борышын өтеумен бірге құрметтеру, сыйлауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
438
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Тақырыбы: Ата-анаң алтын тұғырың

Құндылық: Сүйіспенілік

Қасиеттер: мейірімділік, сыйластық, жанашарлық


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ата-анаң алтын тұғырың ұғымын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға мейірімділіктің мәнін түсіндіру;

  • Оқушылардың бойындағы жанашырлық касиетін дамыту;

  • Оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 Т.

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық

2. Тыныштық сәті: Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқанү Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,

басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады. 

Сабақ барысын талдау:









«Волшебная композиия»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

20-сабақ 82-бет Ғ.Мүсіреповтың шығармасынан «Ақлима» үзіндісін оқып келу.

  • Бала кімге сағынышын білдірді?

  • Сүйіспеншілігін қалай жеткізді?

  • Өзгенің баласын өзіндікіндей сүю кез-келген ата-ананың қолынан келе ме?

  • Сүйіспеншілік неден басталады?

  • Жүрегі махаббатқа толы адам қандай әрекеттерге бара алады?


  1. Дәйексөз.

Әке – асқар тау,

Ана – ағып жатқан бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ

Халақ даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет кыздар

2 рет ұлдар

1 рет бәріміз

Дәптерге жазу

  1. Әңгімелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы.

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а! » деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: «Сен кімсің?» деп дауыстағанда, Ғаниға:»Сен кімсің?» деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: » Сен қорқақсың!» – деп  айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: «Сен қорқақсың!» деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: «Әке, бұл кім өзі?» деп сұрады. Әкесі: » Ұлым, менің сөзіме құлақ сал», – деді де тауға қарап тұрып: «Мен сені жақсы көремін!» деп айқайлады. Таудан: «Мен сені жақсы көремін!» деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: «Сен әдемісің!» деді. Жауап: «Сен әдемісің!» деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: «Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол


  • Ғани әкесімен қайда келді?

  • Ол неге таңқалды?

  • Әкесі оған қалай түсіндірді?

  • Қаншалықты өмірмен байланысты?

  • Мейірімді болу үшін не істейміз?







http://uzdikter.biz/-beisembaeya-aiya-kabaskizi/khazaksha-anizdar-zhindagi/

  1. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.

Тапсырма.

«Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады » тақырыбында эссе жазу. Өз сөздерімен айтып береді.


Дәптермен жұмыс

  1. Топпен ән айту. «Жақсы адамдар»

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Әні мен сөзі: А. Оралов


  1. Үйтапсырмасы.

21-сабақ 92-бет А.Әбдіразақовтың «Ағайын» өлеңін оқып келу


Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды минуты.

Көзімізді жұмайық. Оқушылар сіздердің жүрегіңіз пәк, сіздер керемет жансыздар. Нұрлы жүректеріңізге рахмет. Көздеріңізді ашыңыздар. Сау болыңыздар!


«Хрустальная грусть»
































Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Талдысай орта мектебі Мерзімі: 30 .01.2018 Сабақ: №20 Тақырыбы: Жалынды жастық шақ

Мұғалім: Сәкенай Сая Елубайқызы Сынып: 1«а» Оқушылар саны: 3

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: шынайылық, адамгершілік, еңбекқорлық


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалынды жастық шақ ұғымын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға адамгершіліктің мәнін түсіндіру;

  • Оқушылардың бойындағы шынайылық касиетін дамыту;

  • Оқушыларды ұарапайымдылыққа тәрбиеу

Ресурстар:



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 5 Т.

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық

2. Тыныштық сәті: Ыңғайланып отрыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқанү Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,

басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады. 

Сабақ барысын талдау:









«Волшебная композиия»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

20-сабақ 76-бет Ж.Аймаутовтың «Неге арлансаң, соны істе» шығармасын оқып келу

  • «Өз орныңда» қызмет ету дегенді қалай түсінесіздер?

  • Қоғам мүддесі мен жеке адам мүддесі жиі сәйкес келе ме?

  • Өз білімі мен еңбегінің арқасында кемелдікке жеткен үлгі тұтар адамдарың бар ма?

  • Саған сондай болуға не істеу керек?

  • Басты мақсаттарың не?


  1. Дәйексөз.

Дұрыс әрекет – өмір негізі.


Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет кыздар

2 рет ұлдар

1 рет бәріміз

Дәптерге жазу

  1. Әңгімелеу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы.

Болат атасының жазу жазып отырғанын көріп:

-        Біз туралы әңгіме жазып отырсыз ба? Мен туралы да жазасыз ба? - деп сұрайды. Атасы жазуын тоқтатып, немересіне:

-        Иә, қарағым! Сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарандаш не жазып жатқанымнан да маңызды. Құдай қаласа, есейгеніңде сен де осы қарандашты жақсы көретін боласың.

Болат қарандашқа қызыға қарап тұрады да, қарындаштан ерекшеленіп тұрған ештеме байқамаған соң, тағы да сұрақ қойып:

Ата, мына қарандаш басқа қарандаштарым сияқты ғой. Мұның олардан қандай айырмашылығы бар сонда? - дегенде, атасы:

Қалай қарағаныңа байланысты. Бұл қарандаштың 5 ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:

  1. Керемет нәрселер жасай аласың. Бірақ әр жасаған қадамыңды жүргізетін біреу барын ұмытпа.

  2. Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарандашты ұштауға уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қарандаштың жанына батса да, ұштағаным оның одан әрі жақсы жұмыс істеуіне себеп болады. Сондықтан, кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.

  3. Қарандашпен қателесіп қате бір нәрсе жазып қойған кезде оны өшіргішпен оңай өшіруіңе де болады. Істеген ісің кате болса оларды жөндеуге дайын болуың керек. Және де қате жөндеуден ешқашан ұялушы болма.

  4. Қарандаштың түріне, яғни сыртқы көрінісіне алданба, ең маңызды жағы ішіндегі өзегі. Сондақтан қашан да өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауды білгенің жөн.

  5. Ең соңғы ерекшелігі - артынан із қалдыруы. Тұра сол сияқты сен де өміріңдегі әр әрекетіңнің бір із тастайтынын ұмытпай, әрбір басқан қадамыңды аңдап басуға тиіссің - деп сөзін аяқтады атасы. Сіздерді біле жүріңіздер.


  • Болат атасынан не туралы сұрады?

  • Атасы немересін ненің сапасына ұқсағанын қалады?

  • Атасы оны қалай түсіндірді?

  • Сіздің бойыңызда осы қасиеттер қаншалықты бар?

  • Дұрыс әрекет жасау үшін қандай қасиеттер керек ?







http://uzdikter.biz/-beisembaeya-aiya-kabaskizi/khazaksha-anizdar-zhindagi/

  1. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.

Тапсырма.

«жастық жігерім жақсылыққа » тақырыбында эссе жазу. Өз сөздерімен айтып береді.


Дәптермен жұмыс

  1. Топпен ән айту. «Жақсы адамдар»

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


Әні мен сөзі: А. Оралов


  1. Үйтапсырмасы.

21-сабақ 82-бет С.Б.Дорженовтың ізімен оқып келу


Оқулық

  1. Сабақтың қорытынды минуты.

Көзімізді жұмайық. Оқушылар сіздердің жүрегіңіз пәк, сіздер керемет жансыздар. Нұрлы жүректеріңізге рахмет. Көздеріңізді ашыңыздар. Сау болыңыздар!


«Хрустальная грусть»























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!