Материалдар / Ата-анар жиналысының хаттамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-анар жиналысының хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға жоспар бойынша тренинг өткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2023
344
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Шуақ-Орда» балабақшасы «2022-2023» оқу жылында өткізілген

ата – аналар жиналысының

 №2 хаттамасы


Өткізілген күні: 07.12.2022 жыл.

Қатысқан ата-ана саны: 15


Тақырыбы: «Балаларды ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу».»

Мақсаты: Ойын арқылы баланың тілін,қызығушылығын арттыру және ой тұжырымын дамыту.


Ата-аналар жиналысының күн тәртібі:


  1. «Достық» тренингі

Тәрбиешісі: Әмина Қылышбекқызы


  1. «Біз қандай ата-анамыз» тренингі

Балабақша тәрбиешісі:Назгүл Қартаңбайқызы


  1. Баяндама «Балаларды ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу».

Балабақша әдіскері: Жугунисова Мариям


  1. Түрлі сұрақтар.


  1. Жаңа жыл мерекесіне дайындық.


1.«Достық» тренингі.


Мақсаты: Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.


Ата-аналар ортаға шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны ұстап: аты-жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз.

Мысалы: Менің атым: . Мен «Шуақ-Орда» балабақшасы тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықты болайық дегім келеді- деп лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық


2. «Біз қандай ата-анамыз» тренингі.

Мақсаты:. Ұжымдыққа баулу.

Ата-аналарға ақ парақ таратылады,уақыт беріліп сол параққа өз қиялындағы суреттін салады. Уақыт тоқтағанда келесі ата-анаға парақ ауыстырылады.Келесі ата-ана жалғастыра өз қиялын сала бастайды, солай келесі ата-ана жалғастырады. Соңында бастаған ата-анаға қайта беріледі,сол ата-анадан сұралады. Яғни бастапқы ойыңыздағы сурет шықты ма? деп

«Біз қандай ата-анамыз» тренингі.

Яғни ата-аналардың ойы бір жерден шықты.Бастапқы ойындағы қиялы дәл салынды. Қорыта келе: Ата-аналарымыз бірлігі жарасқан ата-аналар деп қорытындылады шығарылды.

2.Баяндама: «Балаларды ойын арқылы оқыту және тәрбиелеу»


Кеңестік педагог А. С. Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.

Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады.

Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог – ғалым А.А. Люблинская «Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс – әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады».

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.

Арнайы ойын ұйымдастырылған іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Заттармен ойналатын ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы?» т.б.

Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», «4-не артық?» т.б.

Ойындарды математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетінде пайдалану балалардың алған білімін күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Ойын іс-әрекет мазмұнын байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой – жүйелерін қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу орынды.

Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге, түсінуге толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда, «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?», «Неше жапырақ?» т.б.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.

Бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үкі,
Төрт дегенім – төсек, т.б.

Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Балалардың ойлау қабілетін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, «Ұйқасын тап» ойындарының әсері мол. Мысалы, «Ұйқасын тап» ойыны арқылы баланың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.

Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» т.б. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Қызығушылықты туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, адамдар арасындағы қарым – қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күнілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

Ойынның барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.



3.Әр түрлі сұрақтар.

Жиналыс барысында басқа да мәселелер айтылды. Балабақшаның төлем ақысын уақытында төлеу, балабақшаға кешікпей келу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау. т шешім қабылданды.


4.Жаңа жылдық ертеңгілікке дайындық

 Жаңа жылдық ертеңгілік 28 желтоқсан болатыны туралы, балаларға сыйлықтарды ата-аналар әр ата-ана өздері дайындайтын болды. Әр топтың ата-аналар комитетінің мүшелері балаларға жаңа жылдық киімдері бір жерден жалға аламыз деп шешті.









Ата-аналар жиналысының шешімі: 


1. Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынасты тығыз сақта


2. Балаларға біріге отырып саналы тәрбие мен сапалы білім беру.


3. Балабақша ережелерін сақтау


4. Ата-аналар комитетінің жұмысын бағалау







Ата-аналар жиналысының төрайымы: ___________ М.Б.Жугунисова


Хатшы:________Н.Қартаңбайқызы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!