Материалдар / «Ата-аңыз, әке-асқар тау»

«Ата-аңыз, әке-асқар тау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әкесі мен баласының, арасындағы қарым – қатынастың, әкенің балаға беретін тәрбиесінің ұлттық салт – дәстүрлер негізінде болуына бағыт беру. Өнерлі балалардың ашылуына жағдай жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
261
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Әкесі мен баласының, арасындағы қарым – қатынастың, әкенің балаға беретін тәрбиесінің ұлттық салт – дәстүрлер негізінде болуына бағыт беру. Өнерлі балалардың ашылуына жағдай жасау.


Тәрбиеші: Армысыздар, бүгінгі сайысымыздың жанкүйерлері.

Сіздердің назарларыңызға «Ата-аңыз, әке-асқар тау» атты мерекелік іс-шарамызды ұсынғалы отырмыз.

Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,

Аттанайық қиясына белдердің.

Ал,енді, кезек келді әкелерге,

Сайысын көрейік біз ерлердің.

алдарыңызда өнер көрсететін отбасының тірегі әкелерді ұлдармен, ата немересімен ортаға шақырайық, таныс болыңыздар. 


Ерқанат атасы Ержан атамен бірге

Әділет әкесі Бақытжан Еркінұлымен бірге

Тілек әкесі Рустем Серікұлымен бірге

Айбат әкесі Айдос Асқарұлымен бірге

Тәрбиеші: 7- мамыр- Қазақстан Отан қроғаушылар күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры жетерлік.

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.Сонымен бірге ең жарқын ,ең үлкен мереке Жеңіс күні келе жатыр. Біздің аталарымыз біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасқан. Құрметті аталар мен әкелер,ұлдар барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.


Бөбекжайымыздың саз жетекешісі Айша Садыққызы.

ӘН: «Егемен Қазақстан»

Сайыс кезеңдері

1. «Ата жолмен таныстыру» Танысу кезеңі.

2. «Мақал-мәтел сөз мәйегі» Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.Мақал-мәтел арқылы балаңызға қандай тәрбие бағытын бере аласыз?

3. «Кім тапқыр?» Викториналық сұрақтар.(балаларға арналған)

4. Спорттық сайыс. «Білекті бірді жығады». Күш сынасу.

5.«Асыққа тез жет». Үш және жеті санының мағынасын ашу.

6. «Ата өнері балаға мұра.» үй тапсырмасы.( Бұл бөлімде әке мен бала бірлесіп қолдан жасаған бұйымдарын)



Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ –қазы алқасын сайлап алайық: Сайысты сараптайтын әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыру.

1. Директор: Жанаргүл Жұмабаевна

2. Әдіскер: Гүльфайруз Мағазовна

  1. Пән мұғалімі: Бақыт Қалыққызы


Қазылар алқасы сайыскерлердің бағасын 5 балдық жүйемен бағалайды.


Тәрбиеші: Ел дәстүрін сақтайық,

Ер намысын қорғайық,

Әкелер шықсын ортаға

Байқауымызды бастайық

Сайысымыздың 1 бөлімі:

«Ата жолмен таныстыру». Әр бала өзін және әкесін таныстырады.

1. Ерқанат:

Атам менен әкемнің

Айтқан тілін аламын

Сайысуға шығып тұрған

Ерқанат деген балаңмын

Атам аты Ержан

Әке мен ұлдар сайысында

Сайысамыз бір деммен.

2. Әділет:

Армысыздар жанкүйерлер қауымы,

Шығып тұрған Әділет атты ұлыңмын.

Келіп тұрмын әкеммен қол ұстасып

Жанкүйерлер қауымы қолда бізді.

Әкем аты Бақытжан, Бақытжанұлы тегі мен болам!


3. Тілек:

Мен де келдім сайысқа

Әкемнің еріп қасына

Әке деген асқар тау,

Асқар тауға сенемін

Қасында ылғи жүремін.

Рустемұлы Тілекпін

Сайыскер достарыма

Тек сәттілік тілеймін

4. Айбат: Қазақстан елінің болашағы

Ата- анамның үміт еткен мен ұрпағы

Айбат менің атым, атам Асқар

Әкем Айдос сүйікті ұлы мен боламын!


Әділқазылар алқасының бағасын сұрау.

Ұлдарымыздың орындауында «Моряктар» биі


Тәрбиеші:

Қайсысы білгір,білімді,

Талабына қарайық

Кімдер зерек,кім жылдам

Тапқырларды табайық-деп .


Сайысымыздың 2 бөлімі:

«Мақал-мәтел-сөз мәйегі» деп аталады. Мына үстелдің үстінен өздеріңізге керекті қағазды таңдап алып, сіздерге қандай мақал түседі, сол мақалдың мағынасын ашу керексіздер.

1.Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ


2. Бала тәрбиесі бесікте.


3. Ата өнері балаға мұра

Ата кәсібі бала кәсібі.


4.Әкеге қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер.

Сайыскерлердің жауабына қазылар алқасы бағасын береді.


Тәрбиеші: Келесі балалардың орындауында тақпақ.Тамашалаңыздар!


Азиза: Женіс келді далама,

Женіс келді қалама,

Женіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

Іңкәр: Женіс келді ән болып,

Келді ауылға сән болып.

Женіс келді алақай!

Тоя жейтін нан болып.

Әдемі: Ынтымақ бар елде гүлдесін,

Адамдар араз боп журмесін.

Қызықпен көз ашқан балалар,

Қанқұйлы соғысты көрмесін.

Асма: Шықты ойнақтап жас ұландар,

Мәз-мәйрам боп күліп сақ-сақ.

Қуанышты барлық жандар,

Женіс атты алтын шақ.




Тәрбиеші:

Сайыста өнер сынайық,

Өнер жақсы лайық,

Жеңіске жетер бірлескен,

Ал, қане, шапшаң табайық –деп берілген сұрақтарға жылдам жауап қайтармыз.


Келесі 3 бөлім: «Кім тапқыр?» деп аталады. Балаларға викториналық сұрақтар беріледі. Балалар қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сол сұраққа кімнің жауабы дайын болса, сол бала тез қол көтеріп, жауабын айту керек.


1.Ұлдар әскерге бара ма? (барады)

2. Ұшқыш немен ұшады? (ұшақпен)

3.Ғарышкер немен ұшады?(зымыранмен)

4.Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылар)

5. Халқымыздың батыр ұл - қыздарын білесіндерме? Кімдер олар?

(Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мамбетова)

6.Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)


Қазылар алқасы 3 бөлімнің бағасын береді.


Тәрбиеші: Балалар, ерлік жайлы кім қандай мақал-мәтел біледі?

Фариза:

Батыр туса –ел ырысы

Жаңбыр жауса -жер ырысы.

Ерқанат:

Жауға жанынды берсең де

Сырыңды берме.

 Наиль:

Ер есімі –ел есінде


Тәрбиеші: Музыка әуенімен залға Солдат кіреді. Балалармен, қонақтармен амандасып, ойын ойнатады.

Тәрбиеші: Сайысымыздың 4 бөлімі: «Білекті бірді жығады». Әке мен әке, бала мен бала күш сынасады.


Қазылар алқасы спорт бөлімінің бағасын береді.


Ендігі кезекте тамашалайтындарыңыз би «Катюша»


Тәрбиеші: Сұрасаң, атам – қазақ, түбім – түрік,

Мойнына шу асаудың салған құрық.

Дәстүрін ел – жұртымның ардақтаймын,

Ежелгі ата – баба салтын құрып.


Тәрбиеші: Сайысымыздың 5 бөлімі: «Асыққа тез жет» деп аталады. Қазақта үш, төрт, жеті сандарына байланысты мағыналар көп. Мысалы: Дүниенің төрт бұрышы (шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік). Бұл төрт санына байланысты айтылған сөз. Енді мына дорбадан өздерін қалаған асықты таңдап алыңыздар. Асықтың артында нөмірленген сандар бар. Кімге қандай сан түсті, айта қойыңыздар. Ал біздің сайыскерлеріміз үш, жеті санының мағынасын ашып беруі тиіс. Слайдтан сұрақтар ашылады. Әкелерге екі сұрақтан қойылады:

  1. Үш жүз. (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

  2. Үш жұрт. (Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)

  3. Үш қуат. (Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат)

  4. Үш арсыз. (Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)

  5. Жеті ата. (1- бала, 2- әке, 3- ата, 4- арғы ата, 5- баба, 6- түп ата, 7- тек ата.)

  6. Үш жақын. (Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.)

  7. Үш мұрат. (Жол мұраты - жету, дау мұраты – біту, қыз мұраты – кету)

  8. Жеті қазына. (1- ер жігіт, 2- сұлу әйел, 3- ақыл білім, 4- жүйрік ат, 5- қыран бүркіт, 6- берен мылтық, 7- жүйрік тазы (ит).

Бесінші бөлім аяқталған соң қазылар алқасы баға береді.


Тәрбиеші: Сайысымыздың соңғы бөлімі үй тапсырмасы:

«Ата өнері – балаға мұра» деп аталады. Бұл бөлімде әке мен бала бірлесіп қолдан жасаған бұйымдарын көпшілікке және қазылар алқасына көрсетеді.


ӘН: «Ақ көгершін»


Тәрбиеші: Бүгінгі күн әр шаңырақтың той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сайысымыздың соңында

Ақ тілекпен әділқазы сөз алар.

Сайыстың соңында қазылар алқасының қорытынды бағасы тыңдалып, жеңімпаздар марапатталады.


Тәрбиеші: Балақаймын бүгін мен,

Кіп-кішкентай баламын.

Ертең менде өскенде,

Ел қорғауға барамын, дей отырып ұлдарымызды тағы бір ортаға шақырамыз.

«Құрметті ұлдар мерекелеріңіз құтты болсын!» «Ақмаржан» тобының қыздары ұлдарға сыйлықтарын ұсынады.


Құрметті қонақтар, ата-аналар, әкелер осымен 7-9 мамыр Отан қорғау,

Жеңіс күніне арналған «Ата-аңыз, әке-асқар тау» атты сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!


Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ