Ата-баба өнері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-баба өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп:«Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі»КММ

Мерзімі:10.10.2018ж.

Тақырып:Ата-баба өнері Сабақ: 6

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ата-ананы, үлкендерді сыйлау, ата-баба өнерін қадірлеу.

Мұғалiм: Мырзалиева Гаухар

Сынып: 4 «А» Оқушылар саны:_____Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны:_____


Сабақтыңмақсаты:«Ата-баба өнері»туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Ата-баба өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

  • Қазақ халқының ою-өрнек өнерін бағалауға, сақтауға,ата-баба өнерін қадірлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi.

Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Ресурстар:

Оқулық,дәптер,

тақта, бор,

журнал,үнтаспа

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.А.Естеновтің «Ардақты ата-бабалар» өлеңін жатқа айтқызу.

Сабақ барысын талқылау:


3.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Өсиет әңгіме» Аңыз

  • Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

4.Сабақтың дәйексөзі.

«Еңбек өнер өрісі,

Өнер өмір жемісі»

Халық мақалы

Дәйексөздің мағынасын ашу.

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Суреттерге қарап,өздеріңе ұнаған өнер түрлерін дәптерлеріңе бейнелеңдер.


6.Топпен ән айту.

С.Қалиевтің «Өнер» өлеңін мәнерлеп оқу.


7.Үй тапсырмасы.

Д.Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін жаттау.


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Ойлаған ойларымыз, сөйлеген сөздеріміз, істеген әрбір істерімізді сүйіспеншілікпен жасайық. Бүгінгі алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңдіашуғаболады.

Сабақаяқталды. Сауболыңыздар!





Тексерілді:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.12.2018
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі