Ата-бабамыздың тілі мен діліне қиянат жасап жүрген жоқпыз па?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-бабамыздың тілі мен діліне қиянат жасап жүрген жоқпыз па?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамда қазақ тілдің маңызы туралы сөз қозғалады.Тіпті өмірімдегі Ана тілінің орны туралы ерекше айта кетемін."Тіліміз,менталитетіміз даму үшін қандай шаралар жасау керек?" сынды түрлі сұрақтарға жауабы бар мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-бабамыздың тілі мен діліне қиянат жасап жүрген жоқпыз ба?

Тарих тағлымынан сыр шертсек

Ежелден бері келе жатқан қазағымның тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті өшпес мұра ретінде бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Біздің тарихымыз тереңде жатыр.Көпшілік «Қазақ хандығына — 560 жыл» деп айтқанымен, біз — көк бөрінің ұрпағымыз, тарихымыз сонау түркі дәуірінен бастау алады. Орхон-Енисей жазбаларында тасқа қашалып жазылған руна жазулары – сол дәуірдегі тіліміздің көне куәсі. Сақ дәуірінен бастап, ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр даласын ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қорғап, тілі мен ділін сақтап қалды.Тарих беттерінен біз Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев секілді ұлт зиялыларының қазақ тілі үшін жасаған еңбектерін көреміз. Олар өз заманының қиындықтарына қарамастан, қазақ баласына ана тілінде білім беруді көздеп, тілдің туын биік ұстауға тырысты. Кеңестік кезеңнің зұлматында талай арыстарымыз «халық жауы» атанып, қуғын-сүргінге ұшыраса да, ұлт рухын, тіл рухын сөндірмеді. Ақыры, ата-бабамыз аңсаған азаттық та келіп жетті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.



Ана тілі деген не жалпы?

Ана тілі – халықтың жан тынысы, өткен мен болашақты жалғайтын киелі көпір.Тіпті бабамның жүрегінен шыққан сөз, анамның әлдиімен бойыма сіңген үн десем қателеспегенім. Тіліміздің әрбір сөзі ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұра. Ана тілі деген жай ғана сөйлесу құралы емес, ол – ұлттың коды, ұлттың мінезі, ұлттың тағдыры.Қазақ тілі – кешегі қылышынан қан тамған заманда да жойылмаған, керісінше, әр қазақтың жүрегінде сақталып, әр бесік жырымен ұрпаққа аманат болған қасиетті тіл. Ол тілмен бабалар жауға қарсы ұран тастады, жыр жазды, елін сүйді.Сол тілмен аналар балаларын ұйықтатты, ертеңінен үміт күтті.Қазір ана тіліміздің тағдыры тек қағаздағы заңмен емес, жүректегі сезіммен шешілмек. Заң ана тілімді мемлекеттік тіл деп мойындаса, мен ана тілімді жүрек тілім деп танимын.«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген екен атам қазақ. Бұл мақал өзге тілдерді үйренуге қарсы сөз емес, керісінше, білімнің кілтін тану. Алайда, қанша тіл білсек те, өз ана тіліміздің мәртебесін солардан төмен қою – өз тамырымызды өзіміз кескенмен тең. Тілді құрметтеу – ата-анаңды, халқыңды, туған жеріңді құрметтеу. Олай болса, оны өзгеден емес, алдымен өзімізден бастауымыз керек.



«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»

Мен бала кезімнен бері нағашы ата-әжемнің қолында өстім.Ауылдың түрлі шыжығы мен қызығын көріп,таңертең ерте тұрып атаммен бірге өріске сиыр айдап келетінмін.Әжем күнде түрлі құрт,қаймақ,ірімшіктер жасайтын.Осылайша,таудан келгеннен кейін барлығымыз ақ дастархан басына жиналып,атам бата беруші еді.Шәй үстінде атам қандай жағдай болмасын,ешқашан менің тәрбие,білімімді шыңдатпай бір күнін бос өткізбеген.Көптеген нақыл сөздер айтып,соның мәнін түсіндіретін.Егер бұзықтық жасап қойсам,сол ісімді көре сала атам иілген шыбығын алып,мені қуалып ұрысып,ұрушы еді.Міне,осылай бір отырста отырып қалғанымызда мен өзімнің ініммен қазақша,орысша сөзді араластырып бар дауысым шыққанша әңгіме айтып жатыр едім.Тура сол сәт еді,атам келді де бір шыбықпен сабай қалды.Енді ол кезде кішкентай болғаннан кейін шығар,сән деп ауызыма келген орысша сөздерді қосып айта беретінмін.Бірақ кейін ойланып отырсам,сол кезде атам ақылын айтпағанда,қазір тілім бұрмаланып,таза шала қазақ болатын едім.Қайта атамның осындай тәрбиесінің арқасында,қазақ тілге деген ерекше көзқарасым пайда болды!Бірінші сыныптан бастап түрлі үйірмелерге қатысатынмын.Уақыт өте келе он жыл өтіпті,қазіргі таңда өзімнен кіші сыныптарға мақал-мәтел,жаңылтпаш жаттатқызып,жарыстырамын.Өйткені бізден кейінгі жас буын әрқашан да өз қазақ халқының құндылығын дәріптеп,тілі мен діліне аса құрмет болу керек!Сондай-ақ тек балаларды емес,сонымен қатар өзім де әрқашан даму үстінде жүремін.Түрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері өткізетін «Алматы дарыны» байқауларының додадаларына үзбей ат салысатынмын. Әрине,бұл менің ана тіліне деген ерекше сүйіспеншілігімнің белгісі деп білемін!



«Ana tili» газеті жас ұрпаққа берер пайдасы қандай?

Жаңа айта кеткендай ата-әжемнің қолында өскен соң,көптеген газеттер мен аңыз-ертегілер оқушы едім.Кешке жақын атамның алдында оқыған шығарманы толығымен мазмұндап айтып беретінмін. Менің оқуға деген қызығушылығымды оятқан басылымдардың бірі – «Ana tili» газеті! Осы газетті бала күнімнен бері жиі оқитынмын. Атам мен әжем әр апта сайын бұл газетті жаздырып, ауылға жеткізіп алатын. Ол уақытта ауылда интернет болмағандықтан, бар жаңалықты осы газеттен білетінбіз. Әсіресе, тіл мен діл, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, тарих және қазақтың танымал тұлғалары жайлы мақалалар менің ерекше қызығушылығымды тудырды. Газеттегі әрбір мақаланы оқып отырып, өз тілім мен мәдениетіме деген сүйіспеншілігім артты. «Ana tili» газетінен мен көптеген пайдалы мәліметтер үйрендім. Әрбір беті маған жаңа бір әлемнің есігін ашқандай болатын. Онда жарық көретін публицистикалық мақалалардан бастап, танымдық, тәрбиелік мәні зор очерктер, ғылыми-танымдық зерттеулер, тіпті әдеби шығармаларға дейін табылатын. Солар арқылы мен қазақ тілінің бай сөздік қорын, көркем тілдік тәсілдерін, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің мағынасын терең түсіне бастадым. Газет мен үшін мектептен тыс білімнің бір көзіне айналды. Бүгінде де «Ana tili» газетін оқуды тоқтатқан жоқпын. Қайта, сол дәстүр жалғасып келеді. Осы газет арқылы қазіргі қазақ қоғамында болып жатқан тіл саясаты, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар, ұлттық тәрбиеге қатысты мәселелерден хабардар болып отырамын. Сонымен қатар, тіл жанашырларының пікірлері, зиялы қауым өкілдерінің ой-толғамдары мен үшін үлкен шабыт көзіне айналды.Егер осылай барлық қазақ азаматтары көздерін ашып газет оқыса,дүниетанымдарын күшейтіп,қазақ тіліне деген құрметтерін арттырып, ұлттық сана-сезімдерін жаңғыртар еді. «Ana tili» газеті тек ақпарат көзі ғана емес, сондай-ақ, біздің мәдениетімізді сақтауға, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосатын білім беру алаңы болып табылады!

Ана тілі менің өмірімде осындай – жүрегімнің үні, жан дүниемнің айнасы. Ол менің алғашқы естіген әлдиімде, атамның батасында, әжемнің ертегісінде бар. Ана тіліммен мен өстім, өркендедім, армандай бастадым. Бұл тіл – менің болмысымның ажырамас бөлігі, кіндігім байланған қара жердей қымбат. Сондықтан да мен үшін қазақ тілі – мәңгілік рухани мұра, ұлтты ұлт ететін ұлы күш.



Қазақ тілін дамыту үшін істеуіміз керек?

Ана тіліміз өркендеу үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Тілді құрметтеу – оны күнделікті өмірде қолданудан басталады.Ол үшін ең алдымен ата-ана баласына кішкентайынан қазақ тілінде сөйлеуді әдетке айналдыруы қажет.Мектептерде ана тілін тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды көбейту, балабақшадан бастап ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу маңызды.Жасөспірімдер бос уақытында кітапханалардан тарихи әрі әдеби кітаптар көп оқып,тіл байлығын дамыту керек.БАҚ-та, интернет кеңістігінде, әлеуметтік желілерде қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтіп, сапалы әрі заманауи контент жасауды арттырған жөн. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелер мен бизнесте де қазақ тілі толыққанды қызмет етуі тиіс.

Егер сіз бен біз болып тілімізді құрметтемесек, онда ұлтымыздың болашағының даңғыл жолы тарылып, мәдениетіміздің өзегі әлсірейді.Ана тіліміз — біздің рухани тұтастығымыздың негізі, оны ұмытсақ, өзіміздің тамырымыздан ажырап қалуымыз мүмкін. Ата-бабаларымыздың аманатына қиянат жасап, тілсіз және ділсіз қалуымыз, ең алдымен, өзімізге жасаған қиянат болар еді. Тіл – халықтың жаны, оның жүрегі. Егер біз ана тілімізді құрметтемей, өзіміздің тарихи мұрамыздан бас тартсақ, онда өзіміздің кім екенімізді, қайдан шыққанымызды ұмытып, тек бүгінгі сәттің ығына қарай өмір сүретін боламыз. Бізге ата-бабамыздың аманатын сақтап, болашақ ұрпаққа таза, бай әрі мәңгілік тіл қалдыру үшін бүгінгі күннен бастап әрекет ету қажет.

Қорытындылай келе,тілді құрметтеу – өзіміздің болмысымызды, тарихымызды, мәдениетімізді қорғау деген сөз. Ана тіліміз біздің ұлттық айнамыз, оның байлығы мен тереңдігі — біздің рухани қуатымыз. Егер біз өз тілімізді бағаламасақ, онда сол тілдің арқасында ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді де жоғалтуымыз мүмкін. Тіл – өткеніміздің куәсі, болашағымыздың кілті. Біз оны әрқашан құрметтеп, қорғауымыз қажет.Міне,тек сол жағдайда ғана ұлт ретінде мәңгілік, өркендеген болашаққа жетеміз!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.04.2025
76
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі