400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата еңбегі ел есінде. (Ғаббас Жұмабаевтың мерейтойына арналады)

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық оқушылар мен жалпы оқырмандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата еңбегі – ел есінде.

Біздің мектеп жерлесіміз Ғаббас Жұмабаев атамыздың есімімен аталады. Еліміздің егемендік алғаннан бір жылдан кейін,1992 жылдан бері осылай аталып келеді. Биыл Ғаббас атамыз алдыда келе жатқан маыр айында 85 жасқа толғалы отыр. Ғаббас Жұмабаевтың жасаған еңбегін болашақ ұрпаққа үлгі ету мақсатында біздің мектепте көптеген іс-шара өткізуге дайындық үстінде.

Ғаббас Жұмабаев  1924 жылы 5 мамырда Қостанай облысындағы Меңдіқара ауданының Ақсуат ауылында туған. Бала кезінен елгезек, әдебиетке, сурет ен қол өнерге қабілетті болып өсіпті. Үй-іші шаруасына араласып, тқрмыстық әбзелдерін де қолдан жасай білетін, қолқанат болған бала бос уақытта әжесінің ертегілерін тыңдап, әкесінің домбыра тартқанына електеп, өте сезімтал болып өсіпті. Оқушы кезінен өлең жазуға құмар болыпты.

Ұстаз, ақын, аудармашы, журналист, қоғамдық қызметкер және өз елінің патриоты деп білемін мен Ғаббас атамызды. Мен ол кісінің өмірбаянын зерттеу барысында көп ізденетін, білімге құштар да ол білімді игеруі де қабілеті жоғары болғанын білдім. Ол кісі ана тілі- қазақ тілін қалай білсе, сол дәрежеде орыс тілін де жетік меңгеріпті, сонымен қатар арабша да сауатты болыпты.

Ғаббас Жұмабаев   1942 жылы Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесін бітірген. 1945—1947 жылдары өз ауылында мұғалім болып қызмет атқарған. Ал 1947 жылдан бастап бірыңғай журналистік қызметке көшкен. 1947 — 1955 жылдары Қостанай облыстық газетінде әдеби қызметкер және жауапты хатшы болып қызмет істеген. 1959 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін көп жылдар бойы «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған. «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетонист, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы информация агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған.

Тұңғыш өлеңдер жинағы - "Нөсер" 1959 жылы жарық көрген. Лев Толстойдың "Крейцер сонатасы" повесі мен бірнеше әңгімелерін, Коста Хетагуровтың өлеңдер жинагын, Г.Х. Андерсеннің ертегілер кітабын, Самед Вургунның "Бакудастан" поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сонымен қатар қазақ тіліндегі әдеби кітаптарды да орыс тіліне шебер аударған. Мвысалы, жерлесіміз, қостанайлық Ғабит Мұсреповтің өтініші бойынша оның «Ұлпан» повесін орыс тіліне аударған. Сонымен бірге С.Мұқанов, И.Есенберлиннің де шығармаларын орыс тіліне аударып, қазақ әдебиетінің кең тарауына мол үлес қосты. Осы адал еңбегі ұшін бірнеше медальдармен марапатталған.

Осындай зиялы кісі үлкен қызметтер атқарып, өзге ұлттарға біздің әдеби мұрамызды орыс тілінде жеткізуі және олардың мәдениет ескеткіштерін қазақ тілінде сөйлетуі де мен үшін үлкен үлгі. Өткені қазір күні де көп тілді жетік білу өзекті мәселе. Ғаббас атамыздан мен үлгі аламын.


Аханов Жасұлан, 7 «Ә» сынып оқушысы













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі