400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ата өсиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата өсиеті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аталар мұрасы-халық қазынасы»

Мақсаты: Ата мен немеренің арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту,шежірені,әулет тарихын білудің,оны ұрпаққа мирас етудің мәнін түсіндіру; Салт-дәстүріміз бата беру Баталы құл-арымас, Батасыз құл-жарымас. Батаменен ел көгереді Жауынменен жер көгереді Жас ұрпақты өз елінің,жерінің тарихын білуге тәрбиелеу



Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Әкелер ,Аналар ,Әжелер мектебі Ата өсиеті ол салт-дәстүр,әдеп ғұрып-атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Үлкен қарияларымыз келешек ұрпаққа өзінің өсиетін айтып,нақыл сөздерін жеткізіп,халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп,елжанды ұрпақ тәрбиелеп келе жатыр. Аталарымыз балаларға өмірдегі түйген өнегесімен бөлісіп,баланы кішіпейілдікке,қарт адамдарды құрметтеуге,жеті атасын ұмытпауға үндеді.Қариялар балаларға сонымен қатар -қамшы өру,ноқта өрудің мәні мен мағынасын түсіндіріп берді. Еліміздің егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт-дәстүріміз бата беру.Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші.Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға,талантты жастарға,көптің жүгін көтерген адамдарға,жас сәбиге,немесе үлкендерге жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі,әрі өмірлік жолдамасы. Баталы құл-арымас, Батасыз құл-жарымас. Батаменен ел көгереді Жауынменен жер көгереді

Көрініс: «Ата өсиеті» Атасы немересіне жеті атасын айтып түсіндіреді; (Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата)

Ата табақтағы етті мүшелеп тартуды балаларға көрсетеді. Қазіргі жастарға үлгі болсын деп, сыйлы қонақ келгенде қой етін тартады екен.Қой етін жіліктегенде 13 мүшеге бөледі.Әр мүшенің өз ырымы бар тарту кезінде.

Әжесінің әңгімесі: алыстан сапарға шыққан адамдар туыстарына келген кезде оны не деп айтатынын сендер білесіңдерме балалар? Елулік деген не екен?

Қәнекей ауылдын алты ауызын айтайық.Анасының ән шашуын тыңдайық.

Әкесі: Балалар сендер асық ату ойынның білесіңдерме?Біз бала кезімізде көп ойын білетінбіз, қазір соларды сендерге көрсетіп ойнатамын.

Ләңгі тебу: ләңгі қорғасынды теріге тігіп аяқпен теуіп ойнайтын ойын.



Кешегі күнсіз келешек жоқ.Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз.Ұлдың батыр,қыздың әдепті болып қалыптасуы,бабалар мұрасына байланысты.Демек бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі