2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ата салтым-ұлттық құндылығым

Ата салтым-ұлттық құндылығым

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы білімдерін арттыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «Ата салтым – ұлттық құндылығым»

Мақсаты: баланың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әр баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын, танымдық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту.  Қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы білімдерін арттыру. Ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға, қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сөздік қорларын ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер, ұлттық киімдер мен тағамдардың атауларымен толықтыру.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. АКТ технологиясы.

Қажетті құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, сілтеме, флипчарт ойындар АКТ технологиясы бойынша. Балаларға арналған таратпа материалдар.

Барысы:

Балалар қазақы әуен ырғағымен топқа кіреді. Жарты шеңбер болып отырады. Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы бүгінгі біздің ұйымдастырылған іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келген екен. Қонақтармен сәлемдесіп алайық. (Балалар сәлемдеседі) Тәрбиеші балаларды бүгінгі ұйымдастырылатын іс-әрекетпен таныстырады. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетте жайлауға саяхатқа барамыз. - Балалар, біз көппіз. Жайлауға қандай көлік түрімен бара аламыз? - Дұрыс автобус, поездбен баруға болады. Біз бүгін әндете отырып, поездбен жайлауға саяхатқа барайық. Интербелсенді тақтада «Поезд» әуені қойылады. Балалар бірге қайталайды. – Балалар, қараңдаршы әндетіп, билеп жаулауға жылдам жеттік. Бұл - жайлау (интербелсенді тақтада суреті көрсетіледі). - Жайлаудан кімдерді көріп тұрмыз? - Я сендер тәрізді балалар. Олар қазақ халқының әр түрлі ұлттық ойындарын ойнап жатыр екен. Тағы нелерді көріп тұрсыңдар. Я жайлауда көптеген киіз үйлер бар екен. Киіз үйлерде сандар тұр. - Бұл сандарды сендер таныдыңдар ма? - Олай болса балалар, киіз үйлердегі сандарды атап, әр киіз үйде көрсетілген суреттерді әңгімелейік. Ол үшін балалардың назарын интербелсенді тақтаға аударады. Интербелсенді тақтада қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық ойындар, салт-дәстүр мен ұлттық тағамдар, ұлттық музыкалық аспаптар туралы түсінік береді. Қазақ халқының ұлттық киімдеріне шапан, қамзол, бүрмелі көйлек, тақия, сәукеле, бөрік, мәсі, саптама етік жатады. Қазақ халқы ұлттық ойындар арқылы баланың кішкене кезінен ойлауын, ептілігі мен жылдамдылығын, шапшаңдығы мен сабырлылығын дамытып отырған. Ұлттық ойындарға: асық ойындары, «Тышқан мен мысық», «Ақсерек-көксерек», «Соқыр теке», «Көтеріспек», «Аударыспақ», «Қыз қуу»,»Көкпар» т.б. көптеген ойындар жатады. Әр халықтың өзінің салт-дәстүрлері де болады. Қазақ халқы нәресте дүниеге келгеннен бастап жасалатын әр түрлі салт-дәстүрлерге бай. Салт-дәстүрлерге: Бесікке салу, тұсау керсе, тіл ашар, «Ұлыстың ұлы күні –Наурыз» мерекесі, «Қыз ұзату», «Бата беру» жатады. Ұлттық тағамдарға – бауырсақ, бешбармақ, қазы-қарта, құрт, май, сүзбе, ірімшік, қымыз, шұбат жатады. Біздің халқымыздың өзіндік ұлттық музыкалық аспаптары да бар. Музыкалық аспаптарға: домбыра, қобыз, шаңқобыз, жетіген, дауылпаз, сыбызғы жатады. Балалар әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық – «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды.


- Балалар, қараңдаршы, мына жерде балалар қандай ұлттық ойынды ойнап жатыр. Дұрыс, асық ойыны. Ал асықтардың түстері қандай? Балалар, әр асықта сендерге арналған қызықты ойындар бар. Өздерің қалаған асықты таңдап, ойындарды ойнап көріңдер. Балалар өздері қалаған асықтарды таңдайды, берілген ойынды шартын сақтай отырып, ойнайды.


Көк асық:

Тақырыбы: "Қазақ халқының ұлттық киімдері" Мақсаты: балалардың ұлттық киім түрлері туралы білімдерін арттыру.


Қызыл асық:

Тақырыбы: "Қазақ халқының музыкалық аспаптары" Мақсаты: балалардың ұлттық музыкалық аспаптар туралы білімдерін дамыту. Дыбыстары бойынша музыкалық аспаптарды дұрыс таба білуге дағдыландыру.


Сары асық:

Тақырыбы: "Қазақ халқының ұлттық әшекей бұйымдары."

Мақсаты: балаларды әшекей бұйымдарды танып, дұрыс атай білуге үйрету.


Балалар интербелсенді тақтада асықтарда жасырынған ойындарды ойнап болғаннан кейін, ортаға жиналып «Қара жорға» биін билейді.

Әрі қарай балалар өздеріне ұнаған музыкалық аспапатарды таңдау арқылы, үш топқа бөлінеді және де тапсырмалар орындайды.


1-топ.

  1. Тақырыбы: «Ұлттық киімдер мен көлеңкелері»

Мақсаты: Балалардың ұлттық киімдер туралы білімдерін арттыру. Ұлттық киімдер мен көлеңкелерін дұрыс таба білуге үйрету.


  1. Тақырыбы: «Ұлттық киімдер» луллия шеңберу.

Мақсаты: шеңберлерді айналдыру арқылы ұлттық киімді дұрыс құрастыруға дағдыландыру.


2-топ.

  1. Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық ойындары»

Мақсаты: 1-ден 5- ке дейінгі сандарды дұрыс орналастыру арқылы суретті құрастырып, қандай ұлттық ойын екендігін атауға үйрету. Ұлттық ойындар туралы білімдерін арттыру.


  1. Тақырыбы: «Асықтарды санап қой!»

Мақсаты: балалардың санау дағдыларын дамыту. Танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.


3-топ.

  1. Тақырыбы: «Ұлттық ойындар мен құралдары» АКТ ойыны

Мақсаты: балаларға жаңашыл технологиялар арқылы жаңа тақырыпта білімдерін арттыру. АКТ ойындарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.


  1. Тақырыбы: «Топтастыр» АКТ ойыны

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін дамыту. Танып, дұрыс топтастыра білуге үйрету.


Балалар топтардағы тапсырмаларды орындап болғанна кейін, ортаға шеңберге жиналады. (Ұлттық ойындардың бірін ойнатып жіберуге болады)


Қорытындылау:

Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған іс-әрекетті қорытындылау.

  • Балалар ұлттық құндылықтарға нелер жатады?

  • Қандай ұлттық ойын түрлерімен таныстыңдар?

  • Ұлттық тағамдарға нелер жатады?

  • Ұлттық киімдерді кім атап береді?

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі іс-әрекетті интербелсенді тақтада «Асықтар» әдісімен қорытындылайық. Ұйымдастырылған іс-әрекет ұнаса қызыл асықтың үстін бассаңдар болады. Әліде үйренлігерің келсе сары асықты, түсінбеген болсаңдар көк асықтың үстін басып, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетті бағалайтын боламыз.

Балалар асықтарды басып, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеттің қандай дәрежеде өтілгендігін бағалайды. Тәрбиеші балаларды мақтап-мадақтап, сыйлықтарын табыстайды.

28 Наурыз 2025
58
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі