Ата сөзі-бата сөз.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата сөзі-бата сөз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бата қазақтың тарихи салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері мен этикалық–адамгершілік келбеті, жанұя жарастығын сақтауы мен ұрпағын тәрбиелеуге негізделгенің білеміз. Ондағы дана сөздер ұрпақты әділетті, көркем мінезді болуға тәрбиелеуге көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сыныптан тыс сағаты

класы: 6 Ә

Ниязмбетова А.А.

Тақырыбы: Ата сөзі-бата сөз.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Оқушы бойына рухани адамгершілік,имандылық қасиеттерді ұғындыру,дамыту.

2. Дамытушылық:Бабалардан қалған ұлағатты,ғибрат аларлық сөздерден өнеге алуға баулу.

3.Тәрбиелік:Ата-бабаларымыздан қалған бай мұраны оқып,үйренуге тәрбиелеу.

4.Құндылық: Әр халық өзінің ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді және сонымен әлемге танымал болады. Ұлттық құндылықтар дегеніміз – атадан балаға мирас болып беріліп келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Яғни, біздің тіліміз, діліміз, салт-дәстүріміз, әдебиетіміз бен өнеріміз – біздің байлығымыз.

Психологиялық дайындық.

-Балалар,ата деп кімді атаймыз?

-Отбасының үлкені,ақсақал,қария,қарт кісі.

-Үйде кімнің атасы бар? Аты кім?

- Бата дегенді қалай түсінеміз?

Сабақтың басы:-Өнегелі сөз,алғыс,тілек,өсиет.

-«Жаңбырмен жер көгереді,батамен ел көгереді» деп халық батаны«киелі сөз» деп жоғары бағалаған.Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан,атақты батыр,билерден,шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

-Сіздерге аталарың қандай жақсы сөз,тілектер айтады немесе қандай баталы сөз естідіңіздер,қандай алғыс алдыңыздар?

«Үйінде атасы бардың берер батасы бар» дейді қазақ.Бата- қарт адамның ризалық сезімін,өсиетті ой тұжырымдарын,жақсы тілектерін білдіреді.

Сабақтың барысы:Диктофоннан Н.Айтовтың«Алтын сөз» өлеңін тыңдату.

Қайырлы болсын қадамың,

Білімге қанат басқаның.

Сөмке асынып арқаңа

Мектеп есігін ашқаның.

Білімнен бақыт табармыз

Өсе берсін санамыз.

Балаларым дарын бол,

Сөнбейтұғын жалын бол!

Жақсы оқып,ер жетіп,

Қатардан асқан ғалым бол!

Әумин!

-Ата сіздерге не айтты?

-Бата берді

-Дұрыс-ақ,балалар,сіздер қыркүйекте алғаш мектепке келгенде аталарың осылай бата берген екен.

Бата беру – адал ниет,жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Халық ақ батадан рухани қуаталады,ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.

-Батаны кімдер береді?

-Қарт кісілер,ақсақалдар.

-Бата беретіндер :көпті көрген құрметті ақсақалдар,ауызды билер,өз ісінің хас шебері.

Батаны халық арасында жас болса да бас боларлық жолы,жөні бар адам береді. Ер адамдар отырғанда әйел адам бата бермейді.

Егер әйелдер арасында сөз білетін ер бала отырса,оған бата беруге болады.

Бата көбінесе өлең түрінде болып келеді.

-Балалар,үлкен кісілер батаны қандай мерекелерде береді деп ойлайсыңдар?

Осы біз білетін бата түрлері қалай беріледі екен,соған тоқталсақ.

Бесікке саларда.

1.оқушы:

А,құдай ұзақ ғұмыр бер,

Күлкісі мөлдір бұлақтай.

Ойыны елік лағындай

Қыдыр дарып басыңа

Бақ-дәулет келіп қасыңа

Алла тағалам қолдасын!

Әумин !

Шаш аларда:

2.оқушы:

Жортқанда балам ,жолың болсын,

Қалтаң ділдаға толсын.

Бір толмасын,жылда толсын

Өмір жасың ұзақ болсын!

Жамбылдың жасын берсін,

Абайдың басын берсін.

Қажымұханның қайратын берсін,

Алла саған бақ берсін.

Әумин !

Әскерге барарда:

3.оқушы:

Оң болсын балам сапарың,

Молықсын дәмің , татарың.

Туған елің тапсырған

Парызын өте Отанның.

Әумин !

Балаға енші беру:

4.оқушы:

Қоныстарың құтты болсын!

Босағасы мықты болсын.

Отауларың елге сән болсын

Өмірлерің бал болсын.

Дастарқандарың мол болсын

Үйлеріңе ырыс толсын!

Әумин !

Сабақтың соңы: «Ата сөзі-бата сөз» деп ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін,өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап,жадымызда сақтайық.

Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Қазақ халқы бата арқылы өзінің жан-дүниесіндегі ізгі тілектерін жеткізген және бір адамның ғана емес, бүкіл халықтың тілеуін тілейтін болған. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2024
290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі