Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ата заң - елдігіміздің еңсесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ата заң - елдігіміздің еңсесі»

Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі – 1993 жылы қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жасауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық және әлеуметтік процестерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан нақты айқындау әлі мүмкін болмады. Осындай себептерге байналысты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанды, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бұрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан тұрған болса, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Жаңа Конституциямыздың ерекшеліктері – заң шығарушы органы мен сот билігі белгіленді және олардың құзіреті мен өзара іс-қимылдарын, бірлігін заң тұрғысынан айқындап бере алды.

Қазақ елі ежелден заңдарын тайға таңба басқандай жазып, қолданып отырған. Атап айтсақ «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы».

Негізгі Заңның қабылдануы қазақ халқының жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Конституция Қазақстанның мемлекеттік егемендігін, билік пен қоғам құрылымының демократиялық принциптерін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің одан әрі даму бағытын айқындайды және сәтті әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың эталоны болды.

Конституция еліміздің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының ерік-жігерін, олардың елді «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құруға деген ұмтылысын көрсетеді, оның ең жоғарғы құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деді, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Конституция саяси құрылымның негіздерін анықтайды және біртұтас мемлекет екендігін анық көрсетеді. Мәселен, біздің еліміз үшін мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады. Елдің демократиялылығы, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етумен көрінеді. Оған дәлел – Ата Заңның 3-бабында мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы – халық делінген.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы өзінің тиімділігін, демократиясын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғандығын бірнеше рет дәлелдеді. Бүгінгі күнде Конституциямызға 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап және қабылданған уақыттан бастап, конституциялық нормалардың орасан зор әлеуеті біздің қоғамымыздың бүгінгі жетістіктері мен табыстарына негіз болды.

Конституцияның негізгі ережелеріне сүйене отырып, ел үшін өмірлік маңызды реформалар жүргізілуде, мәселен елімізді нарықтық экономика құрылды және демократиялық қоғамның негізін қалады. Осы жылдар аралығында Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық жүйелер арасында лайықты орын алуда. Бүгінде еліміз экономикалық және саяси тұрақтылықпен, оны мекендейтін халықтар арасындағы келісім мен бірлікпен, жаңа биіктер мен табыстарға ұмтылуымен ерекшеленіп келеді.

Осы 25 жыл ішінде бізге өмірдің негізгі ережелерін берген Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығының басымдығы, биліктің бөліну принципі, мемлекеттің құқықтық, барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы сияқты бүкіл қоғамды біріктіретін ережелерді шоғырландыру арқылы қоғамдық келісімнің құқықтық негіздерін құра алды.

Болашақ ұрпақтар алдындағы үлкен жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендігіміздің құқықтарын негізге ала отырып, осы Конституциямыз қабылдаған болатын. Сондықтанда еліміздің Ата Заңын құрметтеу және ұлықтау біздің басты міндетіміз бен парызымыз.


Болат САЙЛАН, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, т.ғ.д.

Нұрайлым Тасыбаева, 1 курс студенті.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
625
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12