Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Ата заң – Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандығы мен құқығының кепілі!
Мақсаты:
Өз елінің, жерінің жетістіктеріне сүйсіне білуге, Конституцияны іске асыра білуге талпындырып, өз құқығын қорғай білуге баулу.
Әдістері:Ой қозғау, викторина, топпен жұмыс, сайыс.
Көрнекіліктері:Слайд, презентация, жазулар.
Сабақ барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
1.Ұйымдастыру- оқушыларды фишкалар арқылы екі топқа бөліп-сабақ тақырыбымен таныстырып - сайыс тұрінде өтетінін хабарлау.
Қазақстан Республикасы әнұранын айтқызу.
3.Колобарация орта жасау- Тілек айту.
Мұғалім: Балалар,сендер бүгінгі алғашқы сабақта -ашық тәрбие сағатында бір-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер?
Мұғалім: Ата Заң деген сөзге қандай ассоциялар келеді сендерде? Осы жөнінде ой өрбітсек.- плакатарға жоба салу. Ойлану кезеңнде «Үш бақытым» әні қосылады.
Интерактивті тақтада келесі слайдтар көмекке қосылады:
16- бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
17- бап. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.
19- бап. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.
20- бап. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.
21- бап. ҚР аумағындағы еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар.Тынығуға құқығы бар.
27- бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға міндетті.
29- бап. ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
35-бап. Заңды түрде белгіленген салықтарды , алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.
36-бап. ҚР-ын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.
37-бап. ҚР-ның азаматтары тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап. ҚР-ның азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Ал енді өз білімдеріңді ортаға салайық – келесі сұрақтарға кезектесіп екіі топ жауап берсін! (Интерактивті тақтада презентаия слайдтары шығып – жауаптар мен суреттер көрсетіледі.)
Викторина сұрақтары:
1.Мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген тарихи күнді ата.(1992 жыл 4 маусым).
2.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің авторлары
(Тудың авторы- Шәкен Оңласнұлы Ниязбеков.
Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.
Әнұранның авторы- Шәмші Қалдаяқов.)
Мемлекеттік рәміздері қастерлеу- әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Президент жарлығы бойынша оларды ұдайы нассихаттау, азаматтар бойында Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
3. Қазақстан Республиканың басты саяси- құқықтық құжатын ата?
(Қоғам мүшелері арасындағы келісімге негізделген бұл шарттар адамзат тарихында әртүрлі әдет- ғұрып, дәстүрлер, заң актілері, Ата заң ретінде көрініс тауып келеді).
4. Қай елде алғашқы рет Ата заң қабылданды?
( Қазіргі ұғымдағы Ата заң алғаш рет 1787 жылы АҚШ-та дүниеге келді).
5.ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды?
1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясы негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Конституциямызда жазылғандай, Қазақстан біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет.
ҚР Президенті-мемлекеттің басшысы,елдің жоғары лауазымды тұлғасы.
6.Конституция туралы толық мағлұмат беру.
Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.Мемлекетіміздің құрылымын нығайтып,біздің міндеттеріміз бен құқықтарымызды айқындап берді.Гуманизм,әділеттілік,өзара қарым-қатынас принциптерін белгіледі.
ҚР Конституциясы-мемлекет негізінің іргетасы.Конституция бүгін мемлекетімізді мекендейтін халықтардың тыныш әрі бейбіт өмір сүруінің кепілі болып отыр.Ата заң аясында алтын дала-Қазақстан әлем елдері алдында экономикалық реформалар жүргізу мен демократиялық қоғам қалыптастыруда,әр түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі және әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуы жөнінен үлгі болып отыр.
Қазақстан халықтары Ассамблиясының мәжілісінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болашақ Ата заңның басымдылықтарын баяндап берді.Бұдан кейін бүкілхалықтық талдау жариялау үшін жарияланған жаңа Конституцияның жобасы бойынша республика азаматтарын отыз мыңға жуық ұсыныстар келіп түсті. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституцияның қабылдауын (30 тамыз) еліміздің негізгі Ата Заңы Коснтитуция мемлекетімізге, оның органдары мен ұйымдарына, бүкіл республика жұртылығын қызмет етуін атап өтуге тұрарлық алғашық бір мерейлі мәжілісіне де жетті.
Қазақстан Республикасының Коснтитуциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болса, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
бөлім: Жалпы ережелер;
бөлім: Адам және адамзат;
бөлім:Президент;
бөлім:Парламент;
бөлім:Үкімет;
бөлім:Конституциялық кеңес;
бөлім:Соттар және сот төрелігі;
бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңнамалық түзіліске түскен.
Енді, балалар, Конституция ережелері мен баптары сәйкестігін келесі мультфильмдер арқылы анықтайық!
1 «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көрсету– Бұл үзіндіде қандай құқық бұзылды?
(ҚР Ата заңының 1-бабына сай - ең қымбат қазына-өмірге деген құқығына қол салу
-15- бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.)
Балалар, бұл ертегі қазақ халық ертегісі және де мультфильмі өз тілімізде жасалған- Ана тілі де осы Ата заңымызбен қорғалады. Қазір «Тіл туралы диалогты» тамашалайық!
(Мұқағали ізімен)- алдын ала 2 оқушы орындауында:
— Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым, не етер ең?
— Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер ем.
— Болашағы мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?
— Шұбарламай тіліңді, өз орнымен сөйлей біл!
— Тілін білмес жандарды, айтыңдаршы, не дейміз?
— Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.
— Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?
— Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.
— «Басқа пәле — тілден» деп ойлаймысың, достарым?
— Аз сөйлегін, көп тыңдап, ей, қатарлас жастарым!
— Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?
— Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын!
2. «Үш торай» ағылшын тіліндегі мультфильм ұзіндесін көрсету – Кейпкерлердің қандай құқығы бұзылды?
-Тұрғын үйге қол сұғылмайды. 3.«Көкек-Кукушка»-ненец халық ертегісі негізіндегі мультфильмде ананың қандай құқығы бузылды?
–Отбасына деген құқығы.
Қорытындылау: Ата заң – Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандығы мен құқығының кепілі дегенді бұгін біз ертегілер кейіпкерлері басынан өткен жағдайлар арқылы дәлелдедік. Осы сабағымыздың белсенді мұшелерін жинаған фишкалар саны бойынша анықтаймыз! (Қолдарындағы фишкалар санын біліп ұздіктерді мадақтамамен марапаттау).
Көңілді сәт кезеңі: БИ «Қара жорға»
Мұғалім сөзі: Мемлекетіміздің мерейін асырып, мәртебесін өсірген Ата Заңды жүзеге асыру – республиканың әр азаматының белсенділігіне, ықыласына, құрметіне байланысты. Олай болса, Конституцияны ардақтайық, қадамдарың құтты болсын, денсаулықтарың зор болсын, білімдерің мол болсын, ұлттық келісім мен кемеңгерлік арқылы Отанымыз гүлдене берсін!
АШЫҚ ТӘРБИЕ ІС-ШАРА
Тақырыбы: Ата заң – Қазақстан Республикасы
азаматтарының бостандығы
мен құқығының кепілі!
Сыныптар 6 «А» - «Ә»
Өткізген Тулегенова Зивагуль Зулхарнаевна
Минасова Балдырган Мухтаровна
2018-2019 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата заң – Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандығы мен құқығының кепілі!

шағым қалдыра аласыз