"АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!" КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!" КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
"АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ!" КОНСТИТУЦИЯ КҮНІне арналған тақырыптық кештің сценарийі мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілері мен тәрбиешілеріне арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы













Shape1

Ата заңым – айбыным!

Конституция күні!









(Ересек топтарға арналған тақырыптық кештің сценариі)









Дайындағандар: Муз.жетек: Жолшыбекова Н.У.
















Алматы, 2017




Конституция күні!

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.  Патриоттық сезімін ояту.  Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, слайд, әнұранның фонограммасы, жалаушалар.

(Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, музыкамен залға кіріп, шашырап тұрады)

(Фан-фар ойналады, жүргізуші бастайды)


Жүрг: Құрметті балалар және қонақтар! Конституция күніне арналған

«Ата Заңым – айбыным!» атты тақырыптық кешімізге қош келдіңіздер!

Еркін елдің Ата Заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.

Адам құқы, бостандығы, теңдігі,

Барлығын да қарастырған жан-жақты!


Жүрг: -Арайлаған таңды сүйетін кім?

Бала-р: -Мен.

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен.

- Жарқын даланы сүйетін кім?

- Мен.

- Туған жерді сүйетін кім?

- Мен.

- Ата-ананы сүйетін кім?

- Мен.

- Досын сүйетін кім?

- Мен.

- Еліміздің болашағы кімдер?

- Біздер!!!

Қазақстан Республикасының Гимні!

орындалсын!


Тақпақтар:


1-бала: Ата заңым – барлық заңның негізі,

Ата Заңым бабалардың лебізі.

Арқа сүйер Ата заңға адамдар,

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі!


2-бала: Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға,

Елбасы қолын қойып Ант береді!


3-бала: Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп,

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!


ӘН: «Отан – Ана!»


Жүрг: - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке «Конституция күні» деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендер де, балалар да – мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу – өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау!

-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?

Бала-р: - Қазақстан Республикасында тұрамыз.

- Қазақстанның елордасы қай қала?

Бала-р: - Астана.

- Елбасымыз кім?

Бала-р: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

Бала-р: - Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.

Жүрг: Кәне, балалар, тақтаға қарап еліміздің рәміздерін атайықшы!

(Слайдпен жұмыс)


Жүрг: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біздің еліміз тәуелсіз мемлекет! Өз Ата заңымыз, өз рәміздеріміз, өз салт-дәстүріміз бар! Бәріміздің өз құқықтарымыз бар! Енді әр бала бақытты өмір сүруде өз құқықтарын білуге міндетті. Олай болса тамашалап көрейік!!!


(Музыка ойнап тұрады, балалар қолдарына құқықтары жазылған плакаттарды ұстап ортаға шығып теңселіп би билеп, кезек-кезегімен өз құқықтарын айтады! Композиция...)


1-Бала: Мен баламын...

Өмір сүруге құқым бар!


2-Бала: Ерікті, тәуелсіз болуға құқылымын!


3-Бала: Отбасында тәрбиеленуге құқым бар!


4-Бала: Демалуға құқылымын!


5-Бала: Азаматтық алуға құқылымын!


6-Бала: Емделіп, ем қабылдауға құқылымын!


7-Бала: Өз-өзімді қорғауға құқылымын!


8-Бала: Білім алуға, оқуға құқылымын!


ӘН: «Менің Қазақстаным!»


1-жүрг: Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға құсы,

Халық боп қадір тұтып қастерлеген,

Ата заң – Азат елдің ар-намысы!

Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін!!!

Сау болыңыздар!!!


































Қолданылған әдебиет:

1.Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/40153/
Massaget.kz сайтынан алынған.







1-бала: Ата заңым – барлық заңның негізі,

Ата Заңым бабалардың лебізі.

Арқа сүйер Ата заңға адамдар,

Артық санау, кемсітудің жоқ ізі!




2-бала: Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері!

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға,

Елбасы қолын қойып Ант береді!




3-бала: Өмірден әділдік пен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп,

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!




1-Бала: Мен баламын...

Өмір сүруге құқым бар!



2-Бала: Ерікті, тәуелсіз болуға құқылымын!



3-Бала: Отбасында тәрбиеленуге құқым бар!



4-Бала: Демалуға құқылымын!



5-Бала: Азаматтық алуға құқылымын!



6-Бала: Емделіп, ем қабылдауға құқылымын!



7-Бала: Өз-өзімді қорғауға құқылымын!



8-Бала: Білім алуға, оқуға құқылымын!



10


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2018
11360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі