«Ата Заңым ардағым»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ата Заңым ардағым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып отырып , ұлтжандылыққа тәрбиелеу . Патриоттық сезімін ояту . Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу .
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы : Ата Заңым ардағым .

Мақсаты :Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып отырып ,

ұлтжандылыққа тәрбиелеу . Патриоттық сезімін ояту . Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу .

Көрнекілігі : Елбасы Н.Ә Назарбаевтың суреті ,мемлекеттік рәміздер ,

Әнұранның фонаграммасы слайды .

Әдіс тәсілі : Түсіндіру ,сұрақ -жауап , әнұран ,ән , би , дидактикалық ойын .

Тәрбиеші : Қастерлемес даңқын кім .

Қастерлемес салтын кім ?

Әнұраны елімнің

Үні , тілі халқымның

(ҚР әнұраны орындалады ).

Тәрбиеші :Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр ?

-Конституция , Ата заң

-30 тамыз Ата заңымыз қабылданған күн . Биыл ата заңымызға 23жыл

толады .Өздеріңіз білесіздер , ол адамның , қоғамның , елдің құқығын

қорғауға арналған . Әрбір елдің өз Ата заңдары болады . Заң болмаса ,

адам құқығы қорғалмайды , дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар. Ата заңымыз бойынша

мемлекет басқарушы президент .

-Президентіміз кім , ел басқарып отырған ?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

-Балалар , біздің Республикамыз қалай аталады ?



-Қазақстан Республикасы деп аталады .

-Дұрыс айтасыңдар . Біз үлкен де , күшті мемлекет Қазақстанда тұрамыз.

130 -дан астам әр ұлт окілдері бар .

Әрбір халықтың салт -дәстүрі мен тілі бар . Ең бастысы Қазақстан деген

Ортақ үйімізде әнімізде, сәнімізде жарасып , ынтымақ пен бірліктің

Нәтижесінде тату -тәтті өмір сүріп жатырмыз .

-Сендер , балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар

білесіңдер ?

Тақпақтар : Айдидар , Айзере , Абылайхан , Шерали .

Ән : «Менің Отаным »

Тәрбиеші : Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер ?

-Әнұран , Елтаңба , Туымыз бар

Иә балалар дұрыс айтасыңдар . Ашық аспандай көгілдір туымыз бар .

Айбынды елтаңбамыз бар , мағыналы әнұранымыз бар .

Ендеше балалар рәміздер туралы тақпақтар айтып берейік .

Тақпақтар : Сафуан , Айша , Қуаныш .

Тәрбиеші : Жарайсыңдар , балалар еліміздің рәміздерін өте жақсы

білетіндеріңді байқаттыңдар .

Біз жас ұлан Отан ана өркені ,

Үміт артқан болашағы ертеңі

Еліміздің даңқын көкке өрлетіп

Гүлге бөлеп жайнатамыз өлкені -еліміздің ,жеріміздің жарқын болашақ жұлдыздары сендерсіңдер , балалар !







-Ендеше , қонақтарға ,бір –бірімізге Отанымызға арнап жылы тілектерін

атайық .

Аспанымыз ашық болсын !

Жеріміз гүлге толсын !

Елбасымыз аман болсын !

Заманымыз аман болсын!

Балабақша гүлдене берсін!

Біз сіздерге сәттілік тілейміз !

Өте жақсы тілектер екен балалар ! Осымен іс -шарамыз аяқталды .



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.10.2018
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі