Атадан - өсиет Анадан - қасиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атадан - өсиет Анадан - қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Атадан - өсиет

Анадан - қасиет


Мақсаты.

  1. Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

  2. Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту;

  3. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл қасиет адамгершілікті қалыптастыру.

Көрнекілігі: үнтаспа, слайд, нақыл сөздер.


Жоспары:

  1. Сан сұраққа саяхат

а) ата-аналар үшін

ә) оқушылар үшін

  1. Шешімін тап

  2. «Біз алмайтын қамал жоқ» пирамида

4. Тыйым сөздердің мағынасын ашу.

5. Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы бар ма? (ата-аналарға сөз беру)

6. Сіздің пікіріңіз.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. «Асығың алшысынан түссін» асық арқылы топқа бөлу.

1 топ. «Отбасы»

2 топ «Қоғам»

3 топ «Мемлекет»


І. «Біздің әлеміміз» тренингі қоржын ішінен алынған тағадағы жазуды суретпен байланыстырып сөйлеу.

Үнтаспадан «Әке» атты монологты тыңдау.

Әкем біреу, анам да біреу менің,

Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке,

Көрген емен қабақтарын шытқанын, түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,

Бізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.

Жамандайды сыртынан , тістенеді

Бір-біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапсадағы адамдар,

Әке жалғыз, табылмас ақшаға да.

Жамандасаң, әкеңді саған әкеп,

Жақсы әкесін бере ме басқа бала.

Әке – білек,

Саусағы – балалары,

Қан тамырымен жалғасқан аралары.

Ана – тамыр,

Бойымен бәріне де

Тіршіліктің жылуы таралады.


Мұғалім сөзі:

  • Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Бала үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

  • Бүгінгі бас қосуымыз – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

(Қонақтарды таныстыру. Оқушылар өздерінің анасын немесе әкесін, ал анасы немесе әкесі баласын таныстырады).


Мұғалім:

- Иә , адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеге жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты – оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында дегім келеді.

«Сан сұраққа саяхат»

Рандон арқылы таңдалған сұрақтарға жауап беру.


Ата-аналарға сұрақ.

- Отбасы бақыты деген не?


«Шешіміе тап» ұлттық құндылықтар ребусы. Ребус шешу. Жауабын кюар арқылы тексеру.


«Біз алмайтын қамал жоқ» жіппен тарту арқылы пирамида құрау.



Мұғалім:

- Бала тәрбиесіне байланысты ақыл-өсиеттерді, нақыл сөздерді біздің ата-бабаларымыз осыдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын да айтқан, қазір де айтылып жатыр.

Мысалдар келтіру.

Бала өсіргің келсе, дана жүректі,

Қатты ұста,

Үйрет білім, ізетті. (Ж.Баласұғын)


Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады. (Мақал)


Ағайынға қарап бала өсер,

Қарағайға қарап тал қсер. (Мақал)

Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім...

Әбу Насыр әл-Фараби

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз, жақсы қыз – жағадағы құндыз


Ерлік-елдің қасиеті,
Жүректілік-жігіттің қасиеті.

Бауыржан Момышұлы

Мұғалім:

  • Иә, сөз асылы мақал, нақыл сөздер деп тегін айтапаған екен. Өйткені бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та – бала.

Ата-аналарға сұрақ:

- Ал осы бала бағбаны кім?

Ата-ана:

- Әрине, бала бағбаны, мына біздер, ата-аналармыз. Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп, қалыптасады.

Мұғалім:

- Құрметті ата-аналар, оқушылар енді кім қаншалықты салт-дәстүрімізді білетіндігін байқайық.

ІҮ. Тыйым сөздер.

Кім білгір, тақтадағы тыйым сөздерді мағынасымен сәйкестендіру, ата-аналар оның мағынасын түсіндіреді.

Тізеңді құшақтама.

Ата-ана: Тізені құшақтау - жалғыз қалудың белгісі .Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

Үйге кірген жыланды өлтірме.

Ата-ана: Себебі кей кезде періштелер жылан бейнесіне еніп дүниені шарлайды екен. Сондықтан жылан кейпінде келгендердің кейбірі жылан кейпінде болуы мүмкін деген түсінік бар.

Тұзды бей-берекет шашпа.

Ата-ана: Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған тұз. Сондықтан тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм шашылады, ас кетеді.

Бас киімді кез-келген жерге тастама.

Ата-ана: Бастан бақ тайып, бас ауруына тап болады.Адам баласынан қадірлі, қасиетінен қадірлі ештеңе жоқ.

Сұрақ: Ұрпақ үшін тыйыи сөздердің пайдасы бар ма?

Ү. Сіздің пікіріңіз?

Ата-аналармен өткізіледі.

  1. Тәрбие ісінде отбасының ролі қандай деп ойлайсыз?

  2. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қлайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған затын сыйлағанын жөн көресіз бе? Неліктен?

  3. Баланы сенің қолыңнан келмейді деп шеттететін ата-аналарға не айтар едіңіз?

  4. Кешкі ас ішіп болғаннан кейін ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткен соң қызыңыз сізге: «ана, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?

Қорытынды сөз. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Моиышұлы: «Жаудан да , даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп тұр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немемресіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тасатуға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»,- деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік дей келе, бүгінгі ата-аналарға арналғын сағатымызды аяқтаймын.

Хош сау болыңыздар!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

I. Іске асыру тетіктері:

1. Құндылық: Ұлттық мүдде

Индикаторы /мақсатқа жету талабы /

1.Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу

2. Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу

3. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау

4. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

5. Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу

6.Қоғам игілігі үшін қызмет ету

7. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

8. Ұлттық мәдениетті дәріптеу

2. Құндылық: Ар-ұят

Индикаторы /мақсатқа жету талабы

1. Академиялық адалдық қағидатын қолдау

2. Адал еңбекті құрметтеу

3. Сөзіне берік, ісіне адал болу

4. Отбасының, өз ортасының абыройын асыру

5. Халқына адал қызмет ету

6. Әдеп нормаларын ұстану

7. Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну

8. Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту .

9. Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну

3.Құндылық: Талап

Индикаторы /мақсатқа жету талабы

1. Сыни және креативті ойлау

2. Жеке және командамен жұмыс істей білу

3. Білуге, жаңаны тануға құштар болу

4. Физикалық белсенді болу

5. Салауатты өмір салтын ұстану

6. Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерлету

7. Дұрыс қарым-қатынас орната білу

8. Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2024
732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі