атадан мирас аманат өнеге

Тақырып бойынша 11 материал табылды

атадан мирас аманат өнеге

Материал туралы қысқаша түсінік
атадан мирас аманат өнеге атты тақырыпқа тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!

Бүгінгі «Атадан мирас-аманат өнеге» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.

"Атадан қалған мирас" – бұл ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтар, материалдық және рухани байлықтар. Бұл мирасқа салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, өнер мен мәдениет, жер мен мүлік, ата-бабаларымыздың даналығы мен тәрбиесі жатады.

Аталар мұрасы халық қазынасының бірі-домбыра. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Сүгір т.б сол сияқты, ата – бабаларымыз тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру өскелең ұрпақтың қолында.

1 домбыра

Екі ішектің бірін қатты

Бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазақ, қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра.

Өзгеріп, ауысса да заман талай

Әдетті ұмытқан жоқ біздің АДАЙ!

Орындалатын Адай күйі


Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

Келесі кезекте оқушыларымыздың тақпақтарына берейік.

Фатима Фариза

Аман болсын басыңыз Көп жүріп кейде ойланам

Ағармасын шашыңыз Атам жайлы толғанам

Шөбере сүйіп әлі де Аташым болса қасымда

Жүзге жетсін жасыңыз Қуаныштан шаттанам


Ақнұр Ерсүндет

Атам менің аманда Аяулы да ардақты атам менің

Әдепті жан бол деген Бақытты бол, ер жет деп бата бердің

Атам сөзі санамда Еңбек етіп еліңе құрметті боп

Жасы үлкенге жол берем Әрдайым ортамызда жүре бергін

Алдын орап кісінің

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем


Алена

Оқып жүрмін «Әліппені»

Білем барлық әріптерді

Берші кітап, қағаз қалам

Оқида алам жазада алам

Қосу алу бәрін білдім

Суретте салып жүрмін

Жаттап күнде тақпақ айтам

«Жарайсың» деп мақтайды атам


Теңіздей тербетіліп көл бетінде, 
Бишілер билеп кетті тербетіле. 
Аққудай қалықтаған теңіздегі, 
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда қамажай биі


Келесі кезекте 2 сынып оқушысы Қамажайдың орындауында «атам менің» әні Қабыл алыңыздар


5 көрініс

Ізетіңді ине етіп,

Иманыңды түйме етіп

Инабатты күйме етіп

Жүрші балам жамандықты күйретіп, дегендей біз яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын,халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп,жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.

Көрініс «АТА ӨСИЕТІ»

Көрініс

Немере: – Ата, ата! Сізден бір нәрсе сұрасам бола ма?

Ата (күлімдеп): – Әрине, балам! Не білгің келеді?

Немере: – "Жеті ата" деген не? Оны неге білуіміз керек?

Ата (мейіріммен басынан сипап):
– Жарайсың, балам! Жеті атаны білу – әрбір қазақтың міндеті. Сен жеті атаңды білсең, тегіңді танисың, туыстарыңды білесің, кім екеніңді ұмытпайсың.

Немере: – Сонда менің жеті атам кім?

Ата: – Сен өзің, әкең, мен –яғни атаң, менің әкем – бабаң, оның әкесі – арғы атаң, бесінші ата, алтыншы ата, жетінші ата деп кете береді. Қазақтар жеті атаға дейін қыз алыспайды. Бұл – қанымыз таза болуы үшін.

Немере (тамсанып): – Қандай қызық! Демек, мен тек өзімнің ата-анамды ғана емес, одан арғы аталарымды да білуім керек екен ғой!

Ата: – Дұрыс айтасың, қарағым. Жеті атасын білген – ұлтын сүйген азамат болады.

Ата: балам қолымдағы бұл не? Білесіңбе?

Немере: қамшы

Ата: иа бұл қамшы бұрынғы аталарыңнан қалған, яғни аталарыңнан қалған көз. Ол тек ат айдауға арналған бұйым ғана емес, сонымен бірге билік пен айбардың, ерліктің, тектіліктің белгісі. Қамшының жасалуында да өзіндік ерекшеліктер бар, оны арнайы шеберлер (өрімшілер) дайындаған. Ал бұл қамшы атаң өз қолымен жасаған дүниесі.

Қазақта қамшыны төрге іліп қою дәстүрі бар. Ол үйдің қорғаушысы, жаман рухтардан сақтайтын қасиетті зат ретінде саналған. Иа солай қарағым, қазақтың салт-дәстүрін, атадан балаға мирас болып қалған дүниелерді келесі ұрпаққа дәріптейік.

Ал енді балам қолыңды жәй бата берейін!


Бата

Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Әулие дарысын,
Әруақ жебесін!

Дастарханға береке берсін,
Ерге дәулет берсін.
Шыққанның есесін берсін,
Қалғанның берекесін берсін.

Кең пейіл берсін,
Ұзақ өмір берсін.
От айнала бас берсін,
Өріс толы мал берсін.

Мал берсе,
Қайырлы берекесімен берсін.
Бас берсе,
Азық-несі
бесімен берсін.

Аумин !


Қорытынды. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу дегеніміз, ұлттық тұлғаны қалыптастыру. Осымен «атадан мирас аманат өнеге »атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет! қош сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі