Материалдар / "Аталар сөзі-тəрбие көзі"

"Аталар сөзі-тəрбие көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1қазан қарттар күніне арналған іс шара
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«Аталар сөзі – тәрбие көзі»


Мақсаты: Үлкенді құрметтеп, сыйлауға, ата-дәстүрімізді сақтауға, өз аталарының ісін үлкенге өнеге, кішіге үлгі ете білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.


Жүргізуші: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымыздың асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары


-Қымбатты ақылдың кеңін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар!. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне, ұрпағына ізеттігін аямайтын, ұлылығын ұялатып бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан - Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, «Аталар сөзі – тәрбие көзі» атты ертеңгілімізге хош келдіңіздер!


-Ертеңгілімізді бастамас бұрын сөз кезегін бөбекжайымыздың меңгерушісі Алдабергенова Бәлия Темірханқызына береміз.


Жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған

Зейнет емес бейнеттен арылмаған

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған – демекші, осы ата-әжелерімізге арнап, кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Өң бойын тұнған ақыл, ұлағат

Ешкімге жасамайтын қиянат

Жайлап қана ақылменен түзейсің

Болып қалса ұғына алмай бір сағат


-Ауылымыздың қарт зейнеткері, ардақты да, салмақты Ханзардың әжесі Райхан апамызға сөз кезегін береміз. Өмірде көргеніңізді, түйгеніңізді, ақыл-кеңестер мен тілегіңізді кішкентай мына бүлдіршіндерімізге айтып берсеңіз.


Ойын: «Өз үйіңді тап»

Шарты:Ойынға балалар мен ата-аналар қатысады. Балаларға түрлі түсті (қызыл, сары, көк, жасыл) пішіндер беріледі. Сол пішіндердің түстеріне сай шығыршықтар қойылады. «Өз үйіңді тап» дегенде балалар ата-аналарымен бірге пішінге сай шығыршыққа орналасады


Жүргізуші: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын» дегендей, «Балапан» ІІ кіші тобының тәрбиеленушілерінің тақпақтарына кезек береміз.


Балалар тақпақтары


Сәкен: Атам менің әманда

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем


Ақкербез: Алдын орап кісінің

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем


Ханзар: Жүзінен нұр төгіліп

Ет жүрегі езіліп,

Әжем жүрсе қасымда

Бақыттымын расында


Жанайым: Құшағына енемін

Сізді жақсы көремін

Көкірегімде жатталды

Айтқан әрбір өлеңін


Бексұлтан: Қасиет қонған қарттарым

Алдыңнан өтпей тоқтадым

Ғасырдай ұзақ ғұмырда

Өттіңдер өмір соқпағын


Мұхаммедали: Мен атамды сыйлаймын

Ертегісін тыңдаймын

Жақсы сөзін жинаймын

Мен ақылды ұлдаймын


-Келесі кезекті ойынға береміз. Ойын аты «Еркетайым».

Шарты: ата-аналар балаларын алып, ортаға шығады. Ата-аналар бір бөлек, балалары бір бөлек, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Ата-аналар балалар қама басқан сайын, оны еркелетіп атау керек. Мысалы: Ақпатшам, жаным, балапаным т.с.с


Жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады

Той деп бүгін әдем сырын ашады

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерін шашады


Би: «Тұлпарым»


Жүргізуші: Қарттарым сіздерге

Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Қазіргі ел билеген жастар көрсін – деп тілек тілеп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Енді сіздерден осы кішкентай бүлдіршіндерімізге бата берулеріңізді сұраймыз.











ЖИ арқылы жасау
19 Маусым 2018
732
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі