Атамекен алтын бесік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атамекен алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз атамекенін қадірлеу қастерлеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ауезбекова Салтанат Умирхановна

«Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебі»КММ




«Өзін-өзі тану»сабағының жоспары

Мектеп Қарынсалды жалпы білім беретін негізгі орта мектебі

Мерзiм

Мұғалiм Ауезбекова С.У

Сынып 7

Оқушылар саны15

ТақырыбыАтамекен- алтын бесік

Құндылық Сүйіспеншілік

Қасиеттер Шынайылық,аянбай қызмет ету,жанашырлық

Сабақ мақсаты:Өз елімізде адам баласының өсіп даму барысында атқаратын рөлі туралы айта отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Оқушылар өздерінің атамекенін қадірлей білуге, бойларындағы шынайылықты көрсете білуге түсінік беру.

2.Оқушыларды өз атамекеніне, туған жеріне аянбай қызмет ету дағдыландыру;

3.Оқушыларды шынайылыққа, аянбай қызмет етуге,жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметте)



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,оларды түгендеу,көңіл-күйлерін сұрау.

«5 Т» ережесін сақтау, 20 ұпай сыйлау

Тыныштық сәтi: Нұрға бөлену



Үй тапсырмасын тексеру:

Б.Момышұлы «Отан сүйер ұлан бол»

Сұрақ:

1.Балалар әңгімеде не туралы айтылған?

2.Бауыржан атамыз не себептен өз халқыңа лайықты азамат бол деп айтқан?

3.Адам бойында қандай мінездер болу керек деп ойласыздар?



Оқиғаларды әңгімелеу. (Мұғалім сыйы)

«Қаздар қайтып барады»

Қ.Жұмаділов

Баяғы заманда бір адам өз елінен басқа жерге кетеді.Өз жерін елін сағынған соң атамекеніне оралуды аңсайды.Бірақ шаршап шалдығып талай қиыншылықтардан өтеді.Қалта дорбасында азығы таусылған тек қана бір жұтым айран мен малта құрт қалған екен.Өзін өзі қамшылаумен еліне жеткенше асығады,торсықта сылдыраған суды ішіп демалып жолға аттанады. Содан ел шеті көрініп көңілі босап қала береді, көп жол жүргеннен шаршаған бір ағаштың түбіне жантая кетеді,сол кезде Тұяқбай әкесі келіп түртіп оятқандай болады қырық жылдан кейін келдің бе? адасып кеттің ау еңсеңді көтер қасыма келе гой деп кезінде ел-жұртыңды тастап кетіп едің деп айтқандай болады,сол кезде түс екенін біліп оянып кетеді.О, туған жер қасиетті ел шетіне жетсем арманым болмас еді,аспанда Айнабұлақ көлінен қаздар қайтып барады екен.Баяғы кезінде тұмаршаның ішіндегі терімен қапталған топырақты жерге төгеді. Кезінде елінен алған топырақты қайтарып береді.Елін көргеннен соң туған жері ыстық болатынын сезеді.


Сұрақ:

Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?

Қарт атаның туған жер топырағын өз жеріне қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

Өздерің туған жердің қадірін қалай бағалайсыңдар?


Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс

Сыныпты 2 топқа бөлемін

1 – топ: Туғанжер,туған ел суретін салу

2 – топ: Эссе жазу «Менің туған жерім....»

Сұрақ:

  • Топпен жұмыс жасағанда қандай көңіл-күйде болдыңыздар ?

/Оқушылардың жауабы тыңдалады/

Топпен ән айту.

«Қазақ елі»

Сөзі: Ш. Сариевтікі

Әні: С. Бәйтерековтікі

1.Қазағым сенсің қазақ - ұлы елім,

Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.

Мақтанам, қазағым, мақтанышым,

Тәуелсіздік таңы атқан үшін.

Қайырмасы:

Қазақ жері - бұл Қазақстан

Жаса мәңгі гүл Қазақстан.

Келешекке туған елім менің

Қолын беріп тұр, Қазақстан.

2 .Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.

Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.

Арманым, тағдырым – қазақ жерім менің,

Әнұраным, туым, қазақ елім.

Қайырмасы:



Үй тапсырмасы.


«Қаңбақ» аңыз әңгімесін оқып келу. 136-137бет.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

/Баяу әуен қосылып тұрады/

Балаларбүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар? Бойларына алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтап қояйық!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2018
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі