Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Атбегілік-ұлттық өнер!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ
ЖАБАҒЫЛЫ АУЫЛЫ
Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ЖОМ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ: «АТБЕГІЛІК-ҰЛТТЫҚ ӨНЕР»
ОҚУШЫ АТЫ-ЖӨНІ: САДУАҚАС ЖАНАСЫЛ
СЫНЫБЫ: 6
ЖЕКТЕКШІСІ: М. УМИРАЛИЕВА
ЖАБАҒЫЛЫ 2017-2018 ЖЫ
Тақырыбы: Атбегілік - ұлттық өнер
Мақсаты:
Атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, қазіргі кездегі атбегіліктің жағдайына тоқтала отырып, атты баптау үшін қажет нәрселер, оны табудың жолдары және атбегілікті дәріптеу, насихаттау.
Міндеттері:
-
Атбегілікке мағлұмат беру және оны табыс көзі еместігіне көз жеткізу;
-
Асыл тұқымды жүйрік атты баптау жолдарын іздестіру;
-
Атбегілік өнердің дайындық пен біліктіліктерін қарастыру;
-
Атбегілік – ата кәсіп болып табылатынын дәлелдеу;
-
Жабағылы ауылындағы Садуақасовтар әулетінің таза қанды тұлпарларды баптаудағы “Ең үздік атбегі” тәжірибе әдісін көрсету.
Өзектілігі:
Жоба арқылы қазақтың атбегілік өнерін жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын екенін көрсету.
Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп баратындықтан, атбегілік өнерін әрі қарай дамытудың бір жолы болмақ.
Гипотеза:
Егер, атбегілік өнері — табыс көзі емес екенін дәлелдейтін болсақ, онда ат жаратушыларды әр аймақтан көрер едік, яғни атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеудің бірден-бір жолы болып табылады.
Проблемалық зерттеу әдістер:
-
Бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенімен, мықты атбегілердің қатары сирек. Тұлпар жаратамын десең, алдымен қалтаңның біраз қағылатынын, содан кейін барып оның қайтарымының болуы екіталай екендігі.
-
Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады. Мәселені талдау;
-
Асыл тұқымды жануарды, оның ішінде жел сәл қатты үрлесе, өкпесі өше қалатын ағылшын сәйгүлігін баптаудың машақаты. Болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау;
Күтілетін нәтиже:
-
Алдағы уақытта елімізде атбегілік — ұлттық спорт түрлеріне жататындықтан, ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Қазақстанда қазіргі заманға сай ағылшын тұқымдас таза қанды аттар сатып алу сияқты жұмыстар, жобалар жүзеге асырылмақ.
-
Сыны келіскен сәйгүлікті нағыз атбегілер жаратып-баптап бәйгеге қосады. Жақсы дайындықтардың жемісі ретінде жүлделі орындарға ие болады.
-
Таза қанды тұлпарларды баптаудағы қазақтың атбегілік өнері әрі қарай дамиды. Қазақтың атбегілік өнерінің беделі артады.
Мазмұны:
Кіріспе……………………………………………………1-3
-
Атбегілік өнерінің тарихы …………………………………………………3-9
-
Атбаптау…………………………………………………………3
-
Атбегілік – ата кәсіп………………………………………………5
1.4 Шабандоз……………………………………………………6
1.5 Жылқы баутау ісі……………………………………7
1.6 Жабағылы ауылындағы Сейдалиев Жандостың өнері
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………10
Қосымша……………………………………………………………11
КІРІСПЕ.
Жанына халқымыздың жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашаннан қазақ халық жылқы баққан.
Атбегілік — қазақтың ең көне ұлттық өнері.
Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады», «Ер қанаты-ат» дейтін қазақ әсіресе бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. «Жүйрік аттың тағдыры — қаһарман батырдың тағдыры — халықтың тағдыры» деп те айтады алаш баласы.
Мен осы жобамда атбегі кәсібін зерттеп, жинақтаған мәліметтер бойынша тақырыптарда беруге тырыстым. Яғни «Атбегі» тақырыбында атбегіліктің үлкен өнер екенін, бұл кәсіппен айналысатын адам қандай болу керек екендігі бойындағы қасиеттері қарастырылды.
Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған.
1.Атбегілік өнерінің тарихы
Атбегілік - қазақтың ең көне ұлттық өнері Атбегілік — қазақтың ең көне ұлттық өнері. Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық- олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады», «Ер қанаты-ат» дейтін қазақ әсіресе бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. «Жүйрік аттың тағдыры - қаһарман батырдың тағдыры - халықтың тағдыры» деп те айтады алаш баласы. Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған.
Қазақтардың
жылқыға қатысты таным-түсініктері. Ежелгі дәуірлерде-ақ
қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені
болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік
Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде
(б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық),Арқайым ескерткіштері орта қола
дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық
аймақтарынан
кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің
ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда
жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше
қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне
айналғанын көрсетеді. Арийлер кезеңі Арийлер жылқыны ерекше
құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын
анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы
шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке
жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер
арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі
доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын
қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан
аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп.
Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден
арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді
билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты
арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы
толық мағлұмат алуға болады. Сақтар кезеңі Ал сақтар Алтайдан Дунай
өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат
құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен
әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік
меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы
жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта
теңізінің бойында,Мысырда атпен бірге
жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі
грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы
аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар.
Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны
әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының
ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап
алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған
жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар
аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп
жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін,
шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары
мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген
аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққаны
туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды,
батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына
бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген
сенімнен пайда болған. Қазақ халқы үшін маңызы Қазақ халқы арасында
әлі күнге дейін сақталған ат тұлдау, яғни, қайтыс болған
адамның мінген атын тұлдап жіберіп, бір жылдан соң асында сою
ғұрпын сақ заманынан сақталған дәстүрдің жалғасы деп
есептеуге болады. Айбынды атты әскерінің көмегімен қаһарлы елге
айналып,Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп
адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған
кейінгі ғұндар, Түркі қағанаты, Шыңғыс
хан империясында да жылқы малы қатты қадірленген. Осы
мемлекеттерді құраған тайпалардың негізінде ұйысқан қазақ халқының
дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше
философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. “Адам – жылқы мінезді”
дейді қазақ халқы. Бұған “жылқы – малдың патшасы”, “жігіттің
сорлысын аттың жолдысы теңейді”, “ат – ердің қанаты” т.б. жүздеген
мақал-мәтелдерді қоссаңыз, қазақ халқының адам мен оның жан серігі
атына біртұтас әлем ретінде қарағанына көз жеткізуге болады.
Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп
бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту
рәсімі – тоқым қағартойынан бастап, адамның бұл өмірден
өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік
тіршілікті жылқымен байланыстырған қазақтар біреумен жауласса “ат
құйрығын кесіскен”, біреудің алдында кінәлі болып қалса “ат-шапан
айыбын төлеген”. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық
алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында
қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер,
атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ
халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен
мәнге ие болғанын білдіреді. Адам серігі Қазақ халқы жылқыны, ең
алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық
мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар
(мыс., “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т.б. ертегілерде),
батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары,Қамбардың Қарақасқа
аты, бергі заман
батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы
иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ
халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні
туралы
деректер Ресей және Еуропазерттеушілері Н.
Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А.
Гердердің (1875), А. Вилькинстің, т.б. еңбектерінде
жазылып қалған. 19 ғ.-дың
80-жж. Австрия подполковнигі А.
Дандевильдің Орынбор даласына арнайы сапар шегіп, Австрия
армиясы үшін 3000 қазақ жылқысын сатып алғаны туралы дерек
сақталған. Қазақ даласында өсірілген жықлылар 1-ші,
және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп
алынған. 1945 ж.24 маусымда Мәскеуде өткен Жеңіс
парадын КСРО маршалы Г. К.
Жуков Қазақстанның Луговой (қазіргі Құлан) жылқы
зауытында өсірілген Араб есімді ақбоз ат үстінде қабылдауының
өзінде символдық нышан бар еді (қ. Абсент). Сендік шырай
Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда
(қ. Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға
жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат
үстінен тартыс, Жамбы ату, Қыз қуу, Салма
ілу, Күміс ілу, т.б.) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік
пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген.
“Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны
мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер
ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады. Мысалы, А.
Вилькинистің 1885 ж. “Журнал коневодства и
коннозаводства” басылымында жарық көрген “Заметки о лошадях
Туркестана” деп аталатын мақаласында мынадай пікір айтылады: “Орта
Азия халықтарының ішінде атты алысқа шабуға машықтыратын қазақтар
мен түрікмендер 25-тен 40 верстке (1 верст – 800 м) дейін ат
шабысын ұйымдастырған. Ал Әулиеата қазақтары қашықтығы 100 версттік
бәйге ұйымдастырып отырған”. Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір
бар: “...Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып, 18 күнде
барып қайтқан. Сондықтан граф Зубовичтің бүкіл Еуропаны
таңқалдырған Вена мен Париж аралығын 15 күнде жүріп өткен сапары
мұндағы қазақ жігіттерінің көпшілігінің қолынан келеді”. Байлық
мөлшері Үшіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек
жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай
санатына жатқызылған. “Біздің асыл дүниеміз бір ғана жылқымыз, –
деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулат, – ләззат алатын асымыз – ет,
сүйетін шәрбатымыз – қымыз... қызық көретініміз – өрістегі
жылқымыз”. Халықтың жылқы малына қатысты осындай ерекше ықыласы,
кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла
алатындығы, т.б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп
өсірілуіне себеп
болған. 1880 ж. Австрия-Венгрияда 3,5
млн., Германияда 3,3 млн., Францияда 3,0 млн.
жылқы болса, 1879 ж. Қазақстанның бір
ғана Орынбор облысында 1,8 млн. жылқы болған.20 ғ.-дың
басындағы нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8
млн-нан астам жылқы қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде,
ұлттық байлық саналған осыншама жылқы
Кеңес
үкіметінің солақай саясаты салдарынан 20 ғасырдың 30
жылдары қырғынға ұшыраған . Атбегілік Жылқы тұқымын
асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің,
ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында
атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік), Атақты Толыбай
сыншыдан бастап, Оңтүстік Қазақстанда ғұмыр кешкен Мақұлбек,
Жетісуда ғұмыр кешкен Бақай сынды атбегілер туралы аңыздар
әңгімелер халық жадында сақталып қалған. Танымал жылқылар Дәстүрлі
қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың,
аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер
шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Мысалы, бүкіл
Қазақстанға танымал Құлагер, Жетісуға мәлім болған
Көкбайтал, Оңтүстік
Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы
жеткен Қараат, 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Б.
Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы, т.б. Жылқы түрлері
Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Белгілі этнограф
М.Бабажановтың 1871 ж. Ресейдің “Журнал
охота” (ғ6, 7, 11, 12) және “Журнал коневодство и коннозаводство”
(ғ4, 5, 6) басылымдарында жарық көрген мақалаларында қазақ халқы
өсіретін жылқыларды үш топқа бөледі: күшті, еті тығыз аттар. Ауыр
жұмыстарға, жүк тартуға, көші-қоңға пайдаланылған; жүрдек аттар.
Күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы, салт жүріске жарамды
жылқылар; жүйрік аттар. Осы соңғы топтың өзін автор қарғыншыл
ат (2, 4, 8 верст қашықтыққа ғана шабатын ұшқыр ат),
қашағаншыл (бұл да аз қашықтыққа, асауды қайыруға
пайдаланылады), шын жүйрік ат деп бөледі. Зерттеушінің
бұл пікірі қазақ халқының жылқы шаруашылығындағы белгілі бір жүйе
болғандығын қуаттайды. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік
жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлікдеп әлпештеп, ерекше
күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді
жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті
мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабыдеп аталған.
Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған
жабы жылқыдан 53 – 57%, кейде 60% ет алынған (230 – 250 кг). Қазақ
халқы жылқы етінен қазы,қарта, жал, жая, т.б. дәмді
тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған
(қ. Тулақ, Жүн). Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18
– 20 л сүт сауылған (қ.Қымыз). Сүті мол бие мама бие деп
аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын
мезгілін сауым дейді. Ол бас сауым (күні бойы
сауылатын биенің ең алғашқы сауымы), жебей сауым(бас сауымнан
жарты сағат өткеннен кейін биені қайта сауу), кенже
сауым (биені өріске ағытар алдындағы соңғы сауым), т.б. болып
бөлінеді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақдеп атайды.
Мыңнан тұлпар. Мың құлында бір құлын 13 пар (пар – қазақ сөзі – пар
ат жеккен, ол оған пара-пар келеді деген сөз тіркестері бар)
қабырғамен, яғни екі қанатымен туады екен. Сондай құлынды қазақтар
ерекше күтіп, өсірген, баптаған. Ертегілерде, аңыздарда, жырларда
айтылатын, қырық күншілік жерді бір күнде алатын, небір биік
қамалдардан секіріп өтетін, тағы басқа да кереметтер жасайтын
жылқылар осылар. Жебе мініп жау алған. Өте ұшқыр, керемет жылдам,
екпіні қатты, алысқа шабатын, төзімді «Жебе» деген қазақи жылқы
тұқымы болған. Тақымы бос адамдар үстінде шыдап отыра алмаған.
Батырлар жекпе-жекке осы тұқымның аттарын мініп шығатын болған.
Бұндай аттар тұрған орнынан бірден үлкен жылдамдық алып, жекпе-жек
уақытында өзінің иесіне оның жауының алдында көптеген артықшылық
әперген. Жауға мінбе Жабыны. Қазір «Жәбе» немесе орысша «Жабэ» деп
жүрген «Жабы» деген қазақи жылқы тұқымы. Оның етті, сүтті, жұмысқа
пайдаланатын түрлері болған. Сүті мол, қымызы дәмді және шипалы,
еті көп, қазысы көзге ерекше көрініп және айландыруға ыңғайлы болып
тұратын, мініс-тұрысқа көнпіс, мінезі жайлы, төзімді жылқылар.
Сондықтан бұл жылқыларды соғысқа мінбеген, тек күнделікті тұрмыста
пайдаланған. Қазіргі ғылым тілімен айтқанда
«Жабы» жылқысының
«Наймандық типі» деген түрі Шығыс Қазақстан облысының таулы
аймақтарында сақталған. Осы облыстың Катон-Қарағай ауданында мал
жейтін шөптер өте құнарлы, нәрлі, емдік қасиеті және күші бар
шипалы болып келеді. Осы ауданда өсетін қазақ жылқысының қымызы
дүние жүзіндегі ең керемет қымыз болып есептеледі. Өйткені,
қымыздың қасиеті жылқының тұқымына және шөптің сапасына байланысты
болады. Ал, қазақ жылқысының сүтті тұқымдарының кейбір түрлері
қымыз өндіруге арнайы сұрыпталып шығарылған. Бұл ауданда өсетін
маралдардың мүйізінің қасиеті мен сапасы да әлемдегі ең жоғары
болып есептеледі. Жылқы атаулары Жалпы қазақ
тілінде жылқы өсіруге, оның мінез-құлқына, жасына, жүрісіне,
т.б. байланысты ұғымдар мен атаулар өте көп. Мысалы, жылқы
төлдерін: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни
байталды: құнажын байтал (2 жастан асқаны), дөнежін шығар (3
жастағы байтал), дөнежін байтал (3 жастан асқаны), бесті бие (4
жастан асқаны), қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие), кәртамыс бие (11
– 14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: құнан айғыр (2
жастан асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3 – 4
жастағы үйірге салынбағаны), бесті айғыр (5 жастағысы), сақа айғыр
(11 – 12 жастағысы), т.б. Қазақ халқы салт мінуге немесе союға
арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп
атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас
кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады.
Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек жайылады. Сондықтан
оларды саяқ жылқылар деп атайды. Саяқ жылқылар атаулары:
ат (піштірілген еркек жылқы), сақа ат (11 – 12 жастағысы), шобыр
(жүк артуға, ұзақ жолға төзімді ат), тұғыр (салт мінуге қолайлысы),
мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат), азбан (кеш піштіріліп,
айғырлық мінезін қоймайтыны), т.б. Жылқы
жүрісі табиғи және жасанды болып екіге
бөлінеді. Табиғи жүріс – жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс
(аяң, желіс, шабыс, жорға). Аяң жүріс – жылқының ең жай жүрісі.
Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек
басады. Өгіз аяңда – алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ
жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең
ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып
түсіп отырады (сағатына 5 – 7 км жүреді). Желіс – аяңнан гөрі
өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып
бөлінеді. бүлкіл – желістің ең жай түрі (сағатына 13 – 15 км);
бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да,
жылқыға да бөкен желіс тиімді. сар желіс – желістің ең шапшаң түрі
(сағатына 50 км-ге дейін). Мұңдай желіс желгіш
жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе
алмайды. Шабыс – жылқының желістен де тез жүрісі. Мұның жай
түрін майшоқырақ деп атайды, өйткені адамға тыныш келеді.
Мұнан қарқындысын жай шабыс, ал жылқының бар мүмкіншілігінше
шабуын ағынды шабыс (мысалы, ағынды жылқы) деп
атайды, яғни мұндай жылқы қысқа қашықтықты өте тез алады. Бұл –
әсіресе ақалтеке жылқысына тән қасиет. Жылқының өзге
жүрісінің бірі жорғалау жарыс және қарғу. Қарғуға
жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2,47 м биіктіктен, ұзындығы
8,3 м ордан қарғи алады. Дәстүрлі қазақ қоғамында жылқы өсіруге
(қ. Күзеу, Ен, Таңба), оларды салт мінуге арнап
ер-тұрман жасауға, тіпті жылқыға тіл қатуға қатысты ұғымдар мен
атаулар да көп болған. Жылқыға арналған мәдени шаралар Халыққа
жақсы танымал “Кербескер”, “Қара жорға”, “Бестай”, “Бозжорға”,
“Тепеңкөк” тәрізді әндер мен күйлер, Ақан
серінің “Құлагері”, “Маңмаңгері”, “Құлагердің желісі”
әндері,Біржанның “Телқоңыр”, “Бурылтай”, “Керкекіл”
әндері, К. Әзірбаевтың “Көкшолағы”, Е.
Аязбаевтың “Шайтанқарасы”, т.б. жылқыны әспеттеудің үздік
үлгілері саналады. Жылқы аурулары Қазақ халқы жылқының маңқа,
қара өкпе, шойырылма, қарақаптал, киеңкі, жамандат, мандам,
боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі
қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т.б. ауруларын дәл ажыратып, олардан
емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы
білген.
Жүйрік
ат пен ән-жыр қазақ халқының қос қанаты, «алты күн аш қалсаң да
атыңды сыйла» деп, атты қанат қылған қазақ халқы тарихи керуен
жолдарын тұлпар тұяғымен тоздырған. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығады» дегендей, таңдалған саңлақтарды бабына келтіре баптауының
өзі үлкен өнер. Қазақ халқы «жүйрікте де жүйрік бар, бабына қарай
жүгірер», «ат шаппайды, бап шабады», «бақ шаппайды, бап шабады»,
деп жүйрік атты баптаудың қаншалықты маңызды екендігін
қортындылаған. Бабына келмеген ат ерен жүйрік болса да даяшыға
ілінбей жарым жолда қалып, қарығы тарқамай арманда
кетеді.
1.2. Атбегі.
Атбегі — бәйге атын баптайтын адам.
Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Жылқы малы қолға алғаш рет біздің заманымыздан бұрынғы жетінші мың жылдықта Азия мен Еуропада үйретіліпті. Осы мәселені бүге-шігесіне дейін зерттеп жүрген ғалымдар оның ішінде алғаш қазақ топырағында үйретілгенін айтады. Ал бүгінгі біз қызығып жүрген арғымақтардың арғы атасын ілгері заманда ағылшын капиталистері мен араб байлары біздің даламыздан әкетіпті. Демек, бүгінгі ағылшын тұлпарларының бойында қазақ қазанатының қаны бар. Бүгінгі бәйгенің алдын бермей жүрген тұлпарлардың барлығы ағылшын, араб жылқылары. Ал біздің қазақы аттар жоқ. Қазақ халқы мінсе — көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген. Ауыр жұмыстарға жегілетін күшті, еті тығыз аттар мен салт жүріске жарамды жүрдек және бәйге аттарын өз алдына баптаған.Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар – дейді атбегілер. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Бұдан өзге де жақсы атқа тән белгілер жетерлік. «Жылқы малын баптау үшін әркім әртүрлі айла-шарғы ұстанған. Мәселен, еті бар атты бабына түсіру үшін 15-20 күн кеткен. Күнде 15-20 шақырым жүріп келіп, 5-6 күнде бір таң асып отыратын жылқы қалаған бабына келе алған. Алайда сәйгүліктердің де күй таңдайтын кезі болған. Бірі тоқжарау күйінде, енді бірі жеңілдеп жарағанда жақсы шабады». «Бабы келмеген жүйріктің бағы байланады» дейтін қазақ бәйгеге қосар жылқыны жаратуға ерекше мән берген. Нағыз атбегі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығатын жануарды алыстан таниды. Алайда, бүгінде қыл құйрықты жануарға қызығатын қалталы азаматтар көбейгенмен, мықты атбегілердің қатары сирек екендігін де жасырын емес.
Атбегілік — үлкен өнер. Егер бұл өнерді жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын. Мәселен, бокстан жаттықтырушы табылмаса, оны шет елден алдыртуға болады. Ал атбегіні әкеле алмайсың. Өйткені қазақтан артық аттың бабын білетін халық жоқ. Атбегілер олар жануарды сырт пішініне қарап-ақ таниды. Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп барады. Ал жас жігіттердің көпшілігі ат жаратудың әдісін жетік білмейді. Осының салдарынан талай жүйріктің өліп кеткен кездері де болады. Ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. «Сол себепті де қазіргі жастар арасында жылқы малына деген қызығушылық жойылмауы тиіс». Адам атбегі бола бермейді. Ол бірінші қанмен тарау керек және сол атқа деген сүйіспеншілігі жоғары болу керек. Егер аттың жанын толық түсінбесең, оның арты жақсылыққа апармайды. Неге десеңіз, астындағы жануарын түрлі қиыншылыққа әкелетіні сөзсіз. Ал аттың бәйге болатынын тану да бұл үлкен қасиет.
1.3.Ат баптау
Ат баптау — бәйгеге қосар атты жарату, күйіне келтіру. Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды.
Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен
шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап,
егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі. Егер құлын кезінен көзі түссе, желкесін ноқтаға қидырмай, желіде шырылдатпай еркін жетілуін қадағалайды. Тіптен, тай, құнанында да иесіне үйірсек болуы үшін бас білдіріп қойғаны болмаса, жаншып мінбейді. Одан әрі, жылқының “мүшел жасы” делінетін дөненінде тарттырылады. Бестісінде баптауға кіріседі. Сәйгүлікті жарату үшін оны, ең алдымен, шабатын күйіне келтіріп алу шарт. Ол үшін, әрине еті ояздау келсе, біраз қоңдандырып, етін көтеріп алып барып жарата бастайды. Керісінше, ат семіз болса қызылмай, қанжілік етіп алмай, бірте-бірте баппен арытады. Мыс., семіздігі үш-төрт елі шығатын атты сартап етіп, бабына түсіру үшін кемінде 25-30 күн қажет. Күніне 15-20 шақырым жер жүріп келіп, 4-5 күнде бір таңасырып отырған жылқы қалаған бабыңа түседі. Осы тұста қазақы жылқының ішінде әр түрлі жаратуды сүйетін жылқылардың болатынын ескерте кеткен жөн. Бірі тоқжарау күйінде шабысын түзейді. А. б., түптеп келгенде, атты шынықтыру деген сөз. Атты жүгіртіп, желдіртіп, аяңдатып жарату, ең алдымен, тынысының кеңейуіне, сіңірінің бекуіне, тұла бойын ауырлатқан ащы тердің шығуына мүмкіндік беруі.
1.4. Атбегілік – ата кәсіп.
Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен, әйгілі Ақан серінің жан серігі, Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған айтулы тұлпар — Құлагердің орны бір бөлек. Құлагерді баптаған әрине, атбегі — Ақан сері. Атбегілік — ұлттық спорт түрлеріне жатады. Биылғы жылдан бастап ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Ол заңда қарастырылып, бекітілді
1.5 Шабандоз
Шабандоз — ат бәйгесіне қатысатын спортшы. Шабандоз төзімді, епті, атқа жақсы отыратын болуы керек. Шабандоз бәйге басталардан бұрын дәрігерлік бақылаудан өтеді де, денсаулығы туралы анықтама қағазын төрешілер алқасына тапсырады. Шабандоздың киімі жеңіл, ықшамды болуы қажет. Қолына жұқа қолғап киіп, жеңіл қамшы ұстайды. Кеудесі мен арқасына нөмірі жазылады. Шабандозға көбіне балалар мен жасөспірімдерді даярлайды.
Бәйгеге ат қосқанда шабандоздың да бұлжытпай орындайтын тәсілі бар. Ат үстіндегі адам алдымен жануардың тілін түсінуі керек. Қызбалыққа салынып, аттың өкпесін қысып, тебінбейді. Қай жерде қамшылап, қай маңда ат басын ірку керек екенін есінде ұстағаны жөн. Топқа кіргенде сақтық танытпаса, бір біріне тиген тұяқтар астыңдағы аттың тұяғын сындырып жіберуі мүмкін. Ағылшын арғымақтарының мойны қатты, әп дегеннен алып кетеді.
1.6 Жабағылы ауылындағы Сәдуақас Жандостың атбегілік өнері
Жабағылы ауылының тұрғыны Сәдуақас Жандостың ат баптау өнерімен бөлісті. Жылқыны таңдауда 3 түріне назар аударатынын айтты. Ол сыртқы, ішкі, жалпы сипаты. Бұл жылқы тану өнері атасмынан келе жатқан дәстүр екенін айта келе оның түрлерін жік-жігіне бөліп талдап берді.
Жылқының сыртқы
сипаты:
1. Жүйрік жылқының төрт жіліншігі, жон арқасы, сағалдырығы,
тұмсығы, тілі, құлағы ұзын болуы шарт. Яғни, жылқының осы аталған
мүшелері ұзын болса, бұл жүйріктіктің белгісі.
2. Қос құлағының түбі, бас бітімі, саны, құйрық түбі, шат сүйегі
кең біткен және мойны, алқымы, сүйір тұмсығы, қос құлақтың қыры мен
ұшар ендігі жұқалтым жіңішке болады.
3. Төрт тұяғы, қос танауы, құлақ үңгісі, бұты, ауыздығы зор болып
келеді және құйрық ұшы, қапталы, бақайы, тістеулігі қысқа, маңдайы,
шоқтығы, сегізкөздің ұшасы биік болады.
4. Төрт аяғы биік сидалы, буындары шор бунақты, желкелігі мен
шоқтығы жалғасқан түйнек сіңірлі, аяқтарының арасы алшақ
келеді.
5. Сүбе қабырғасы мен мықынының арасы жақын, қабырғасының иіні
доғал, арасы жиі, кеңсірігі кең, жалы ұзын, кеуденің ойынды еті
үлкен, бұты алшы талтақ, көк еті қалың болады.
6. Бақайы тік қысқалау, қылтасы түзу әрі ұзын жылқының аяқ алысы
жеңіл келеді.
7. Терісі жұқа, жүні тақыр, жұмсақ, айналым орайы көп жылқы еркін
әрі жылдым қозғалатын болады.
8. Басы пішіні ұзын сопақша, етсіз, маңдайы жалпақ, иек сүйегінің
шұңқыры терең, астыңғы ерні жер тіреген, танауы сүйір, езуі қалың
болады.
9. Тісінің ойығы бүтін, қыры өткір, дара азуы сыртына шығыңқы
болады.
10. Жүйрік жылқы кісінегенде бозторғайдың шырылындай нәзік үн
шығарады.
11. Сүйек құйрығы ұзын, түбірі жіңішке және қылы сұйық
келеді.
Ішкі сипаты:
1.Көз жанары өткір, отты, қарашығы жылтыр түсі қарақүрең, қабағы
терең жылқының жүрегі жақсы деп есептеледі.
2. Тілінің тұрқы ұзын және түсі ақшыл жылқының бауыры сау
болғаны.
3. Ақ шеміршегі жуан, танауының тесігі үлкен, желбезегі жағалай
тесік жылқының өкпесі сау болады.
4. Құлағының түбі берік әрі нығыз біткен, ұшы үшкіл келген, еті
жұқа һәм қатты болса, бүйрегі жақсы жылқы есебінде.
5. Тісінің еті ақшыл әрі жұқалтым болса, бұл көкбауыры қалыпты
жылқының белгісі.
Жандос ағамыз жылқының танудың да, таңдаудың да хас шебері екенін тағы бір дәлелдеді.
Қорытынды.
Атбегілік ата кәсіп екеніне атамның жанында жүріп толық көзім жетті. Атты баптау үшін қажет нәрселер, оны табудың жолдарын меңгердім десем артық болмас.
Қолданылған әдебиеттер:
-
«Қазақ спорты» газеті №36 10 қыркүйек 2013 жыл
-
«Қазақ спорты» газеті №35 3 қыркүйек 2013 жыл
-
Қазақстан «Ұлттық энциклопедия» 1- том
-
Қазақстан «Ұлттық энциклопедия» 4- том
-
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аудандық ауыл шаруашылығы
бөлімінің басшысы
Қ. Умиралиев
ПІКІР
Ә. Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Сәдуақыс Жанасыл «Атбегілік- ұлттық өнер» тақырыбында жазылған ғылыми жұмысында кенже қалып бара жатқан атбегілік өнерінің барлық қыр-сырлары жазылған. Атбегілік өнеріне мағлұмат беріп,
асыл тұқымды жүйрік атты баптау жолдарын дұрыс көрсете алған.
Жабағылы елді мекеніне ғана емес Түлкібас ауданына аты аян Садуақасовтар әулетінің таза қанды тұлпарларды баптаудағы тәжірибесімен бөліскені ғылыми жұмыстың маңыздылығын одан әрі аша түскен. Елбасымыздың мақаласына сәйкес осындай халық арасындағы ұлттық өнерімізді болашақ ұрпақтарымыздың бойына сіңіру, рухани жаңғырудың дұрыс бағытта келе жатқанының бірден-бір белгісі деп білемін.
6-сынып оқушысы Сәдуақас Жанасыл көп еңбек еткені көрініп тұр. Оқушымыз өз сыныптастарына, жора-жолдастарына да осы рухани құндылықтарымызды айтып отырса, үлкен жеңіске жетеріміз сөзсіз.
8