Атлах шайқасының тарихи маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атлах шайқасының тарихи маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Атлах шайқасының тарихи маңызы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талас шайқасы, Атлах шайқасы,

751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан т үргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 7 51 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.

Тарихи маңызы

1. Сонау екі Хан дәуірінен (б.з.д.206-6.3.220) бері Қытай қор­ғанының сыртына шыға бас­та­ған Хан патшалығы шамамен он мың ли (5000 км) Батысқа жылжи отырып, 751 жылы Атлах-Талас түбіне жет­кен қытай экспансиясының қан­ды жолы біржола, мәңгілікке ке­сіп тасталды.

2. Атлах-Талас шайқасының ұлы жеңісіне араб әскерін қарлұқ, түркештер қолдап, жан­қиярлық ерлігі арқылы қол жетті. Қан­мен бекіген түрік-араб дос­тығының ғұмыры ұзақ бол­ды, берекелі болды. Түрік ха­лықтары Алланың хақ діні Ис­ламмен ертерек қауышты. В.В. Бартольд әділ айтқандай “Турки были одними из первых народов, среди которых Ислам, отказавшись от пропаганды ору­жием, имел успех путем убеж­дения” болғаны тарихи шын­дық. Түріктер исламды 751 жылдан былай қарай негізінен бейбіт жолмен қабылдап, ислам мәдениетімен ертерек таны­сты. Соның нәтижесінде тү­рік дүниесі Ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді. Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина қатарлы ұлы тұлғалардың данышпандық ілімдерін бере алды.

3. Исламды мем­лекеттік дін ретінде мо­йын­даған түрік халықтары біртұтас рухани, мәдени бірлікке қол жет­кізу арқылы ұлт ретінде ұйысып, тұрақты, гүлденген мемле­кет­терге ие болды І Картамен жұмыс.

1.Картада түркі қағанаттарын орналастырып жазыңдар.

2.Атлах шайқасы болған жерді белгілеңдер.

3. Араб және Қытай әскерлерінің жүру бағыттарын көрсетіңдер.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
36102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі