Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Атмосфералық ауаны ластаушы көздер. Ауаны ластанудан қорғауғу арналған шаралар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚО, Түркістан қаласы
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі
Жалпы гигиена пәнінің оқытушысы: Розиева Ирода Акимжановна
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауаны ластаушы көздер. Ауаны ластанудан қорғауға арналған шаралар
Сабақтың түрі: Теориялық сабақ.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
-
Топта жұмыс істеуге негізделген оқыту-(TBL),
-
Өзекті материалдарға шолу,
-
Тақырыптың мазмұнын ашу;
-
Ақпараттық оқыту технологиясы IT;
-
Дамыта оқыту технологиясы;
-
Құзыреттілікке негізделген оқыту(TBС).
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
-
Түсіндіру
-
Сұхбаттасу
-
Ауызша сұрау(OA)
-
Өзін-өзі бақылау, ынталандыру, көрнекі құралдарды қолдану арқылы түсіндіру
-
Пысықтау
-
Тесттік бақылау MCQ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
-
Атмосфералық ауаның химиялық құрамымен таныстыру
-
Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерін, олардың адам организміне әсерін үйрету
-
Атмосфералық ауаны ластаушы көздермен таныстыру
-
Ауаны ластанудан қорғауға арналған шараларды ұйымдастыру
-
Алынған мәліметтерге гигиеналық баға беруді меңгеру
Дамытушылық:
-
Студенттердің клиникалық ойлау қабілетін дамыту;
-
Студенттердің логикалық ой-өрісін дамыту;
-
Студенттерді өздігінен ізденуге бағыт бере отырып, ғылыми ізденісін қалыптастыру;
-
Студенттердің дербес пікірін қалыптастыра отырып, кәсби қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
-
Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру
-
Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға
-
Мәдениеттілікке, адамгершілікке,шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу
-
Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру
-
Өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластырн тыңдай білуге тәрбиелеу
-
Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты лқушылардың алған білімдерін нығайту
-
Интернет сайттармен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.
Пәнішілік байланыс: Гигиена пәніне кіріспе - Гигиена- денсаулық туралы ғылым болып, қоршаған ортаның әртүрлі факторларының, әлеуметтік жағдайдың адам ағзасына әсер етуін зерттейді және аурудың алдын алуға гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді және шараларды ұсынады.
Дәрігер мамандарды дайындауда гигиенаның маңызы зор. Аурудың алдын алу бірінші кезекке қойылатындықтан қоршаған ортаның антропогендік ластануын болдырмаудың жаңа технологиялардың денсаулыққа әсерін зерттеудің, тағамдық азықтардың генетикалық модификациялық теріс бағытын жоюдың, ағзасына зияны жоқ компьютерлердің және басқа да электромагниттік сәуле көздерінің тиімді әдістерін қолданудың шараларын ұсыну гигиена саласының басты мақсаты және болып қала бермек.
Ауа гигиенасы-Тірі организмдердің өмір сүру процесінде, жану, шіру процестерінде көмірқышқыл газы бөлінеді. Бірақ көмірқышқыл газының пайда болу көздерінің көп болуына қарамастан атмосфералық ауада оның көбеюі байқалмайды, себебі
оны өсімдіктер жұтып, оттегіні атмосфераға шығарады. Тұрғын бөлмелер ауасында көмірқышқыл газының зиянсыз шектеулі мөлфшері 0,07-0,1 %-ға тең. Көмірқышқыл газы ауаның тазалығын көрсететін дара санитарлық көрсеткіш болып табылады. Оның токсикалық әсері 0,5 % болса да білінбейді, бірақ көмірқышқыл газының бөлме ауасында жоғарылауы, шаңның, газдардың, микроорганизмдердің көбеюін білдіреді. Сондықтан СО2 дара санитарлық көрсеткіш деп саналады. Егер ауада СО2 газының концентрациясы 1 %-ке жетсе, организмде зат алмасу процестерінің бұзылуы байқалады, бірақ жұмыс істеу қабілеті өзгермейді.
Егер ауада СО2 газының концентрациясы 1,5-3 %-ке жетсе организмде улану белгілері пайда болады (ентігу, бас ауру) және жұмыс істеу қабілет төмендейді, ал 10-12 %-ке көтерілсе есінен тануға немесе өлімге соқтырады.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)
Экология-
Атмосфера – әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады.Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және антропогендік жолдармен жүреді.Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.Антропогендік ластану көздері: өндірістік орындар және транспорттар, ауыл шаруашылық, құрылыс және тұрмыс обьектілері.Антропогендік ластану барлық ластану көздерінің 5% құрайды.
Валеология-Антропогендік ластағыш заттардың химиялық құрамы күрделі, улы, әрі қауіпті.Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Ауадағы шаң концентрациясының жоғары болуы да – өкпе ауруларының бір себебі.Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкірт сутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шақ, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белорусия, Литва, басқа елдерге тарайды.
Студент білуі тиіс:
-
Атмосфералық ауаны ластаушы көздерін
-
Ластаушы көздердің адам организміне әсерін
-
Отын түрлерін, олардың адам организміне әсерін
-
Комірқыщқыл газының шектеулі концентрациясын
-
Улану,улануда көрсетілетін алғашқы көмектерді
-
Ауаны ластанудан қорғауға арналған шараларды
Уақыты: 90 мин
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
-
Плакаттар: №1- Атмосфералық ауаның химиялық құрамы,
олардың көрсеткіштері.
№2- Ауаны ластанудан қорғауға арналған аппараттар
-
Тақырыпқа арналған суреттер
-
Термометр – ауаның температурасын өлшейтін аспап
-
Аспирациялық психрометр – ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін аспап
-
Анемометр – ауаның қозғалыс жылдамдылығын өлшейтін аспап.
Үлестірме материалдар:
-
Студентке арналған әдістемелік нұсқаулар
-
Тақырыпқа арналған карточкалар
-
Суреттер
-
Сөз жұмбақтар
-
Тест ІІІ нұсқада
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі:
1. Бурак И.И. В.П. Филонов «Гигиена» Учебное пособие Минск -Высшая школа 2004
2. Большаков А.М, Маймулов В.Г. Общая гигиена. – М., 2009.; 19-23 бет
3. Торғаутов.Б.К. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена. Оқу қуралы. 2009; 19 -28 бет
Қосымша:
1. Жалпы гигиена (практикалық сабақтарға арналған) Сералива М.Ш. 2010ж; 35-38 бет
2.. Гигиена У.И.Кеңесариев. 2010ж
3. Жалпы гигиена Дадашева М.Ж. 2011ж; 11- 18 бет
4. Гигиена Р.Д.Габович 1982,1977,1970; 18-22 бет
5. Гигиена. Словарь- справочник. Мельчинко. 2006.
WEB сайттар тізімі
5. www.med.ru
11. www.medmedia.kz
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут):
Аудиторияның сабаққа дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін, сабаққа қатысуларын түгелдеу, журнал толтыру.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3-5 мин): Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Студенттерді сабақтың жоспарымен бағалау крийтерияларымен таныстырады.
Сабақтың хронокартасы
№ |
Сабақ бөлімдерінің атауы |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі (аудитория тазалығын, сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, журнал толтыру) |
3-5 минут |
2 |
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау Оқытушының кіріспе сөзі |
3-5 минут |
3 |
Өткен тақырып бойынша студенттердың білімдерін бақылау І Қызығушылығын ояту. Өткен тақырып бойынша ауызша сұрау, тесттік бақылау арқылы студенттердің білімін бақылау |
20 мин |
4 |
Студенттерді теориялық білімдерін бағалау |
5-мин |
4 |
Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру ІІ Мағынаны тану. Теориялық шолу. Жаңа тақырыпты түсіндіру |
30- 35минут |
5 |
Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау ІІІ Мағынаны ашу. Кері байланыс. Жаңа тақырыпты пысықтау |
10 мин |
6 |
Сабақты қорытындылау |
5 минут |
7 |
Үйге тапсырма беру |
5 минут |
Оқытушының кіріспе сөзі: Атмосфералық ауаның ластау көздеріне отын жанудан пайда болған заттар, көлік, завод, фабрикалар, теміржол транспорты және параходтар жатады. Атмосфералық ауаны ластаудың ең көп таралған түрі -түтін.
3 Студенттердің білімдерін бақылау (20 мин):
Тақырыбы: Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы
Ауа және қоршаған орта гигиенасы
Сұрақ 1: Атмосфералық ауаның химиялық құрамына не жатады?
Жауабы: Атмосфералық ауаның химиялық құрамы оттегінің 20,94 %, көмірқышқыл газының 0,04 %, азоттың 78,08 %, инертті газдардың 0,9 % тұрады.(плакат-1)
Оттегі атмосфералық ауаның ең керекті бөлігі болып табылады. Оның мөлшері адамдар мен жануарлардың дем алуынан, жанудан және тотығудан төмендеп отырады, бірақ жасыл өсімдіктердің оттегіні бөліп шығаруынан атмосфералық ауада оның мөлшері тұрақты деңгейде сақталады. Организм үшін оттегінің абсолюттік құрамы емес, оның парциалдық қысымы маңызды роль атқарады, өйткені оттегінің альвеолалардан қанға, одан ұлпаларға өтуі парциал қысымның әсерінен болады.
Парциал қысымның төмендеуі адамдар мен жануарларда оттегі жетіспеушілігін туындатады. Нәтижісін ұлпаларда тотығу процестері төмендейде, жалпы көңіл-күй нашарлап, дем алу жиілейді.
Оттегі жетіспеушілігі тауға көтерілгенде, ұшақта ұшқанда, шахталарға түскенде, герметикалық жабық бөлмелерде байқалады. Оттегі жетіспеушілігіне әсіресе орталық жүйке жүйесі сезімтал келеді.
Азот озоның мөлшерлік құрамы бойынша бірінші дәрежелі маңызға ие. Ол азоттық заттардың айналымына қатысады, оттегімен араласуының маңызы үлкен, себебі таза оттегімен өмір сүруге болмайды. Азот оттегіні ерітеді деген ұғым бар.
Көмірқышқыл газы- түссіз, иіссіз газ, сілекей қабаттарын тітіркендірмейді. Ауада үлкен құрамда көмір қышқыл газы болса да, адам сезбейді, сондықтан улануға соқтыруы мүмкін.
Сұрақ 2: Көмірқышқыл газы адам организміне қалай әсер етеді?
Жауабы: Тірі организмдердің өмір сүру процесінде, жану, шіру процестерінде көмірқышқыл газы бөлінеді. Бірақ көмірқышқыл газының пайда болу көздерінің көп болуына қарамастан атмосфералық ауада оның көбеюі байқалмайды, себебі
оны өсімдіктер жұтып, оттегіні атмосфераға шығарады. Тұрғын бөлмелер ауасында көмірқышқыл газының зиянсыз шектеулі мөлфшері 0,07-0,1 %-ға тең. Көмірқышқыл газы ауаның тазалығын көрсететін дара санитарлық көрсеткіш болып табылады. Оның токсикалық әсері 0,5 % болса да білінбейді, бірақ көмірқышқыл газының бөлме ауасында жоғарылауы, шаңның, газдардың, микроорганизмдердің көбеюін білдіреді. Сондықтан СО2 дара санитарлық көрсеткіш деп саналады. Егер ауада СО2 газының концентрациясы 1 %-ке жетсе, организмде зат алмасу процестерінің бұзылуы байқалады, бірақ жұмыс істеу қабілеті өзгермейді.
Егер ауада СО2 газының концентрациясы 1,5-3 %-ке жетсе организмде улану белгілері пайда болады (ентігу, бас ауру) және жұмыс істеу қабілет төмендейді, ал 10-12 %-ке көтерілсе есінен тануға немесе өлімге соқтырады.
Ауадағы зиянды заттар газ, бу, аэразол, қатты бөлшектер түрінде кездеседі. Ауаның ластану дәрежесін бағалағанда ауадағы зиянды заттардың зиянсыз шектеулі белгіленеді.
Шектеулі концентрация деп адам организміне тікелей зиянды әсер етпейтін және жұмыс істеу қабілетін төмендетпейтін, заттың ең аз мөлшерін айтамыз.
Атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалағанда, максимал бір реттік және орташа тәуліктік концентрациялар қолданылады.
Максимал бір реттік концентрация ең жоғары ластанған участкіде тәулігіне бір рет сынама алу нәтижесінде анықталады.
Орташа тәуліктік концентрация- тәулік бойына үздіксіз немесе ауық-ауық әдіс бойынша анықталады.
(мысалы: тәулігіне 10 сынама алынады, сынамалардың қосындысы алынған сынама санына бөлінеді)
Сұрақ 3: Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттеріне не жатады?
Жауабы: Адам организмі ауа ортасымен тығыз байланыста болады. Оған тек ауаның химиялық құрамы ғана емес атмосфераның физикалық жағдайын мінездейтін метеорологиялық факторлар да әсер етеді: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысыyның жылдамдылығы, атмосфералық қысым, күн сәулесі. Бұл факторлардың жиынтығы ауа райын және климатты белгілейді.
Ауа температурасы. Ауа температурасы жергілікті жердің ұзындығына және оның орналасу нүктесіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы: экваторлық аймақтарда температура +50 -63 'С жететін болса6 Антарктидада – 94 'С-қа жетеді. Экватордан полюстерге қарай температура тербелісі өзгеріп отырады. Теңізге жақын аймақтарда температура тез өзгергіш келеді, бірақ жылылыққа бейім. Теңізден алыстаған сайын температура тербелісі өзгеріп отырады.
-
химиялық
Атмосфералық ауа күн сәулесінің өтуі нәтижесінде өте баяу жылиды. Ең бастысы ауа топырақтан, яғни оған ыстықтың сіңуі нәтижесінде қызады. Сондықтан да ауаның төменгі температурасы күннің шығу алдында, ал жоғарылауы 13 пен 15 сағат аралығында болады. Қызған ауа бірте-бірте суып, жоғарыға көтеріледі.
Ауа температурасының тәуліктік және жылдық өзгеруі күн сәулесінің әсер ету дәрежесіне, жердің рельефіне, теңіздің жақындығына, олардың ағымына, өсімдіктерге байланысты болады.
Сұрақ 4:Терморегуляция дегеніміз не?
Жауабы: Организмнің қоршаған ортамен жылу алмасуы терморегуляциялық процестермен реттеледі. Бұл физиологиялық процестердің жиынтығы болып, сыртқы ортаның температурасына байланыста болмай дене қызуын бір қалыпта ұстайды.
2. химиялық
1. физикалық
Химиялық терморегуляция – организмде жылудың пайда болуы.
Физикалық терморегуляция- организмнен жылудың шығуы. Егер организмнен ыстық шығу жағдайлары нашарласа, онда организмде жылу топталып, организмнің қызуына, кейде ыстық соққыға шалдықтырады. Ал егер организмнен жылу көп шығатын болса үсу, суықтау тоңу байқалады.
Сұрақ 5: Ылғалдылық дегеніміз не?
Жауабы: Ылғалдылық. Ауада су булары әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін. Су буларының мөлшері жергілікті жердің жағдайына мен температурасына байланысты болады.
Температура неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ауа көп буларды сақтайды. Сондықтан жаз мезгілінде ауада бу құрамы қысқы уақытқа қарағанда көп болады.
Ауадағы су буларының мөлшері ылғалдылық деп аталады.
Түрлері: Абсолюттік, максималдық, салыстырмалы.
Абсолюттік ылғалдылық-бұл 1 м3 ауадағы су буларының мөлшері.
Максималдық ылғалдылық -белгілі бір температурада 1 м3 ауаны толық ылғалмен қанықтыруға қажетті су буларының мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдылық- абсолюттік ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы. Максималды және абсолюттік ылғалдылық арасындағы айырма қанықтыру дефициті деп аталады. Ауа ылғалдылығының гигиеналық маңызы үлкен. Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су булары мен қанықтыру дәрежесі туралы мәлімет береді.
Ауаның ылғалдылығы жоғарылағанда денеден тер шығуы төмендейді, бұл денеден жылудың шығуын қиындатады және организмнің функциялары бұзылады.
Ауа су буларымен қаныққан кезде олардың конденсациясы байқалады. Су булары ауадағы шаң бөлшек-терін ылғалдайды және тұманға айналады. Адам организмі үшін ең қолайлы салыстырмалы ылғалдылық 30-60 %..
Сұрақ 6: Жел бағыты дегеніміз не?
Жауабы: Жел бағыты деп ауа жылдамдылығының горизонтал бір бағытқа соғуын айтамыз. Оның бағыты мен күші жергілікті жердің ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады.
Сұрақ 7: Күн сәулесі қандай гигиеналық маңызға ие?
Жауабы: Күн сәулесі жер бетін қыздырып , судың булануына әсер етеді. Күн сәулесінің құрамына инфрақызыл көрінетін және ультракүлгін сәулелер кіреді.
Инфрақызыл сәулелердің биологиялық әсері жылумен білінеді, теріде зат алмасуды реттейді және ультракүлгін сәулелердің әсерін күшейтеді.
Жарық сәулелі құрамы жылу береді, жарықты сезу үшін қажет етеді.
Ультракүлгін сәулелер теріде витамин “Д„ -ның қорытылуына қатысады және бактерицидтік әсер етеді. Олардың организмге жеткіліксіз түсуінен өмірлік тонус төмендейді және организм әртүрлі қоздырғыштарды тез қабылдайды. Балаларда дәруменнің Д жеткіліксіз қорытылуы рахит ауруының басталуына себеп болады, сүйектердің мықтылығы төмендеп, майысқыш болады. Ересек адамдарда дәрумен Д жетпесе, остеопороз байқалады.
Күн сәулесінің жетіспеуі шахтерлерде, төсекте көп уақыт жатқан науқастарда байқалады. Сондықтан санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет, яғни ашық ауада дем алу туралы лекциялар оқу керек.
Балаларды ашық ауаға серуендеуге, ұйықтауға, дене шыныңтыру жасауға, ойнауға алып шығу керек.
Елді- мекендерді жобалау кезінде гигиеналық талаптарды қатаң сақтау керек.
Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, ультракүлгін сәулелермен профилактикалық сәулелендіру жүргізіледі.
Бұл шара арнайы эритем лампалары көмегімен жүзеге асырылады.
Сұрақ 8: Атмосфералық қысым қандай гигиеналық маңызға ие?
Жауабы: Ауа қысымының тәуліктік өзгерісі бірнеше миллиметрден аспайды, жылдық қозғалысы 26-40 гПа немесе 20-30 мм сынап бағанасына тең. Атмосфералық қысымның мұндай өзгерістері организмге әсер етпейді. Атмосфералық қысымның әсеріне адам көбінесе ұшақпен ұшқанда, тауға көтерілгенде шалдығады. Атмосфералық қысымның төмендеуі “биіктік метеоризм„ -ді байқалады. Асқазан –ішек қуысында газдар көбейеді диафрагма жоғарылайды, дем алу тереңдігі шектеледі, артерия қысымы көтеріледі оттегі жетіспеушілігі байқалады.
Үлкен биіктікте (9-10 км) қысымның өте төмендігінен декомпрессиондық ауру пайда болады, яғни бұлшық еттерде, байламында ауырсыну сезіледі. Мұндай биіктікте скафандрда немесе герметикалық кабинасы бар ұшақта ұшу керек.
Сұрақ 9: Ауа райыға түсінік беріңіз?
Жауабы: Ауа райы- белгілі бір уақытта, белгілі бір аймақта атмосфералық құбылыстың өзгеруі. Ауа райы өзгергіштігі мынадай метеорологиялық факторлар жиынтығымен мінезделеді: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, жылдамдылық, жел бағыты, атмосфералық қысым. Ауа райының өзгеруі екі түрде болады.
Кезеңімен өзгеруі бірте-бірте, мысалы тәулік бойы байқалады.
Олар физиологиялық процестердің тәуліктік ырғағына зиянды әсер ете қоймайды.
Кезеңінен тыс ауа райының бірден өзгеруі, ауа массасының қозғалысына мен күн сәулесінің белсенділігіне байланысты болады.
Ауа райы адамның физиологиялық жағдайына әсер етеді. Ыстық, жоғары ылғалдылық, жел жоқ болса, терморегуляциялық механизмді өзгертіп, организмнің қызуына соқтырады.
Сұрақ 10: Климат дегеніміз не?
Жауабы? Климат- ауа райының көп жылдық режимі. Климат- бұл статистикалық тұрақты түсінік. Климаттың пайда болуына әсер ететін факторлар: күн сәулесі, жер бетінің ерекшеліктер; (құрғақ, су, рельеф өсімдік), ауа әрекетінің ерекшелігі.
Медицина қызметкерлері елдімекендерді, өндірістік кәсіпорындарды, мектеп, ауруханаларды салу кезінде болған гигиеналық сұрақтарды шешуде климат пен микроклимат жағдайларын есепке алу тиіс.
Сұрақ 11: Акклиматизация дегеніміз не?
Жауабы: Акклиматизация дегеніміз - ыстық жерде тұратын адамдар ыстыққа бейімделеді, суық жерде тұратындар аязға төзімді келеді. Егер олар орын ауыстырған жағдайда, жаңа жағдайға біртіндеп үйрене бастайды. Адам ағзасының жаңа жағдайға бейімделуін акклиаматизация деп атайды.
Тест
І Вариант
1. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы:Е
А Көмiрсутегi, кремний
Б Сульфид, сульфат, оттегi
С Тұз қышқылы, көмiртегi, натрий хлоридi
Д Оттегi, карбон қышқылы, тотыққан сутегi
Е Оттегi, көмiрқышқыл газы, азот, инерттi газдар
2. Атмосфералық ауадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi:Б
А 0,07 -0,1%
Б 0,04 %
С 1 %
Д 0,9 %
Е 2 %
3. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерiне жатады:С
А Оттегi, азот, температура
Б ауа қозғалысының жылдамдылығы, иннерттi газ
С температура, ауа қозғалысының жылдамдылығы,ылғалдылық,атмосфералық
қысым
Д Атмосфералық қысым,көмiр қышқыл газы
Е Ылғалдылық,қышқылдылық
4. Ауа температурасын келесi прибормен өлшейдi:А
А Термомометр
Б Психрометр
С Анемометр
Д Батометр
Е Барометр
5 Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы келесi прибормен анықталады С
А Гигрометр
Б Гигрограф
С Аспирациялық психрометр
Д Гигроскоп
Е Анемометр
6. Тұрғын үй бөлмесiндегi салыстырмалы ылғалдылық төмендегiдей болуы керек:С
А 20-40 %
Б 20-50 %
С 30-60 %
Д 30-70 %
Е 30-80 %
7. Инфрақызыл сәулелердiң биологиялық әсерi:А
А) Терең ыстық беру, терiдегi зат алмасуды күшейтедi
Б) жарықтықты сезу әсерi
С) жалпы стимул беретiн,витамин Д-нi синтездейдi
Д) Бактерицидтi
Е) витамин Д-нi синтездейдi
8. Көрiнетiн сәуленiң биологиялық әсерi:Б
А терең ыстық беру, зат алмасуды күшейтедi
Б жарықты сезу әсерi
С жалпы стимул беретiн, витамин Д-нi синтездейдi
Д бактерицидтiк
Е терiдегi зат алмасуды күшейтедi
9. Күн сәулесiнде ұзақ уақыт болу мынадан басқаға алып келедi:Е
А Эритеманың пайда болуына
Б Организмнiң қызуына
С Ыстық соққыға
Д Денсаулығының нашарлауына, ашушаңдыққа
Е Үсiнуге
10. Күн сәулесiнiң спектрлi құрамы:Б
А рентген, көрiнетiн, гамма сәулелер
Б инфрақызыл, көрiнетiн, ультркүлгiн сәулелер
С Ионизациялаушы, ультракүлгiн сәулелер
Д Радиоактивтi, инфрақызыл сәулелер
Е рентген, радиоактивтi
ІІ Вариант
1. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттағы көмiр қышқыл газының белгіленген шегiнiң коэффициентi:С
А 0,01 -0,15 %
Б0,04 %
С) 0,07 -0,1 %
Д 1 %
Е 0,9 %
2. Атмосфералық ауадағы оттегiнiң құрамы:Б
А 0,04 %
Б 20,94 %
С 78,08 %
Д 0,94 %
Е 0,07-0,1 %
3. Атмосфералық ауа ылғалдылығының түрлерi:Д
А Минималдық, максималдық
Б Салыстырмалы, абсолюттi, орташа
С Орташа
Д Максималдық,салыстырмалы,абсолюттiк
Е Жоғары
4. Абсолюттi ылғалдылық -бұл:Б
А Белгiлi бiр температурада 1 м куб ауаны толық ылғалмен қанықтыруға керекті су
буларының мөлшерi
Б 1 метр куб ауадағы су буларының мөлшерi
С Абсолюттiк ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы
Д Ауадағы судың мөлшерi
Е Топырақтағы судың құрамы
5. Ауа қозғалысының жылдамдылығы келесi прибормен өлшенедi:Б
А Термометр
Б Анемометр
С Радиометр
Д Электрометр
Е Психрометр
6. Қанатты анемометр ауаның мына жылдамдылықтағы әрекетiн өлшейдi: А
А 0,4 -12 м/сек
Б 1-20 м/сек
С 0-0,1 м/сек
Д 20-30 м/сек
Е 0,3-0,5 м/сек
7. Ультракүлгiн сәулелердiң биологиялық әсерi:С
А Терең ыстық беру,
Б жарықты сезу әсерi
С Бактерицидтiк, жалпы стимул беретiн,витамин Д-нi синтездейдi
Д терiдегi зат алмасуды күшейтедi
Е жарықтықты сезу әсерi,витамин Д-нi синтездейдi
8. Д Витамин жеткiлiксiз синтезденгенде балаларда пайда болатын ауру:Б
А Остепороз
Б рахит
С Гипотрофия
Д Гипервитаминоз Д
Е Сүйектердiң атрофиясы
9. Теңiз деңгейiнде 0 градус температурада атмосфера қысымы төмендегiге тең болады:С
А 354 мм.рт.ст.
Б 405 мм.рт.ст.
С 760 мм.рт.ст.
Д 500 мм.рт.ст
Е 525 мм.рт.ст.
10. Инфрақызыл сәулелердiң биологиялық әсерi:А
А) Терең ыстық беру, терiдегi зат алмасуды күшейтедi
Б) жарықтықты сезу әсерi
С) жалпы стимул беретiн,витамин Д-нi синтездейдi
Д) Бактерицидтi
Е) витамин Д-нi синтездейдi
ІІІ Вариант
1. Атмосфералық ауадағы азоттың құрамы:С
А 0,04 %
Б 20,94 %
С 78,08 %
Д 0,94 %
Е 0,07-0,1 %
2. Оттегi жетiспеушiлiгі мынадан басқа жерлерде байқалады:Е
А Ұшақпен ұшқанда
Б Шахталарда
С Жақсы жабылған бөлмелерде
Д Су асты қайықтарда
Е Жақсы желденетiн бөлмелерде
3. Максималдық ылғалдылық -бұл:А
А Белгiлi бiр температурада 1 метр куб ауаны толық ылғалмен қанықтыруға керекті су буларының мөлшерi
Б 1 метр куб ауадағы су буларының мөлшерi
С Абсолюттiк ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы
Д ауадағы судың мөлшерi
Е топырақтағы судың құрамы
4. Салыстырмалы ылғалдылық -бұл: С
А белгiлi бiр температурада 1 метр куб ауаны толық ылғалмен қанықтыруға керек су буларының мөлшерi
Б 1 метр куб ауадағы су буларының мөлшерi
С Абсолюттiк ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы
Д ауадағы судың мөлшерi
Е топырақтағы судың құрамы
5. Табақшалы анемометр ауаның мына жылдамдылықтағы әрекетiн өлшейдi:Б
А 0,4-12м/сек
Б 1-20 м/сек
С 20-30 м/сек
Д 0,3-0,5 м/сек
Е 0-0,1 м/сек
6. Күн сәулесiнiң спектрлi құрамы:Б
А рентген, көрiнетiн, гамма сәулелер
Б инфрақызыл, көрiнетiн, ультркүлгiн сәулелер
С Ионизациялаушы, ультракүлгiн сәулелер
Д Радиоактивтi, инфрақызыл сәулелер
Е рентген, радиоактивтi
7. Күн сәулесiнiң жетiспеушiлiгiнiң алдын алу шараларына мынадан басқасы жатады:Е
А Ашық ауада болу
Б Ашық ауада ойнау
С Ашық ауада дене шынықтыру
Д Ашық ауада ұйықтау
Е Бөлме iшiнде ұзақ уақыт болуы
8. Күн сәулесiнiң жетiспеушiлiгi ( голодание) бұл:Б
А Ультракүлгiн сәулелерiн организмге көп қабылдау
Б Ультракүлгiн сәулелерiнiң организмге жеткiлiксiз түсуi
С Инфрақызыл сәулелерiнiң организмге жеткiлiксiз түсуi
Д Ультракүлгiн сәулелерiнiң организмге көп немесе жеткiлiксiз түсуi
Е Инфрақызыл сәулелерiнiң организмге көп түсуi
9. Атмосфералық қысымның төмендеуінен пайда болады А
А Жоғарғы метеоризмi
Б Кессон ауруы
С Қанда газдардың ерiген мөлшерiнiң жоғарылау
Д Артериалық қысымның көтерiлуi
Е Остеопороз
10. Ауа қозғалысының жылдамдылығы келесi прибормен өлшенедi:Б
А Термометр
Б Анемометр
С Радиометр
Д Электрометр
Е Психрометр
Сәйкестендіріңіз
ОТТЕГІ |
78,08% |
КӨМІР ҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ |
20,94% |
АЗОТ |
0,04% |
АБСОЛЮТТІК ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ |
БЕЛГІЛІ БІР ТЕМПЕРАТУРАДА 1м3 АУАНЫ ТОЛЫҚ ЫЛҒАЛМЕН ҚАНЫҚТЫРУҒА КЕРЕК БОЛҒАН СУ БҰЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ |
МАКСИМАЛЬДЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ |
АБСОЛЮТТІК ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫҢ МАКСИМАЛЬДЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚҚА ҚАТЫНАСЫ |
САЛЫСТЫРМАЛЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ |
1м3 АУАДАҒЫ СУ БҰЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІ |
4 Студенттерді теориялық білімдерін бағалау (5-мин)
р/н |
Студенттердің аты-жөні |
Өткен тақырып бойынша студенттердің білімін ауызша бағалау |
Өткен тақырып бойынша студенттердің тапсырмаларды орындауы |
Тест арқылы бақылау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (30 мин):
Атмосфералық ауаны ластау көздері.
Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
Атмосфералық ауаның ластау көздеріне отын жанудан пайда болған заттар, көлік, завод, фабрикалар, теміржол транспорты және параходтар жатады. Атмосфералық ауаны ластаудың ең көп таралған түрі -түтін.
Отын көздері ретінде қазіргі кезде тас көмір, мазут, сланць, торф (шірік) газ қолданылады. Электростанциялар, әртүрлі жылу орталықтары, двигатель, пештердің жұмысы үшін сұйық және қатты отын түрлері қолданылады. Одан ауаға түтін бөлініп шығады. Түтіннің құрамында көмірқышқыл газы, шайыр заты, күкіртті газ, ұшатын күл де бар. Бұл заттардың түтінде болуы, жанған отынның түрлеріне байланысты. Мысалы: сұйық отын жанған кезде, түтінде күл болмайды. Бірақ оның құрылымында адамға зиянды көмірсутегілер бар. Кремний қышқылы 20 %-ке дейін кездеседі. Оның кейбір бөліктері тыныс алу жолдарын зақымдап, силикоз ауруы пайда болады және зерттеулер көрсеткендей, күл көп шығатын жерлер жақын тұратын үйдегі балаларда тыныс алу мүшесінің аурулары көп кездеседі. Түтіннің құрамында канцерогендік қасиеті бар шайыр заттары болады. Бұл жағдайда өкпенің қатерлі ісігі көп кездеседі. Ауа түтіні қала мен жергілікті жердің микроклиматын нашарлатады. Ол жерде тұмандану және ультракүлгін сәулесінің төмендеуі байқалады. Күкіртті газ өте улы зат. Көбінесе тыныс алу мүшесін зақымдайды. Зерттеулер көрсеткендей, организмде тотығу тотықсыздану процестері бұзылады. Асқазан ішек жолдары зақымдалады. Организмнің иммундық қасиеті төмендейді. Жүйке жүйесі әлсірейді және жасыл өсімдіктерге зиян келтіреді. Көмірқышқыл газы көміртегі заттарының толық жанбау себебінен пайда болады. Бір тонна отын жанғанда 20 кг көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл газдың иісі жоқ, түссіз, шырышты қабықтарды тітіркендірмейді және көзге көрінбейді. Сондықтан адам онымен улануды сезбей қалуы да мүмкін.
Ол қанға тез сіңе отырып, карбоксигемоглобин түзеді. Ол ұлпаларға оттегіні керекті мөлшерде жеткізбейді, яғни организм гипоксияға ұшырайды. Жеңіл улану кезінде бас ауруы, әлсіздік, бас айналу, лоқсу, құсу байқалады. Ауыр жағдайда есінен танып қалтырау және сіресу байқалады.
Автотранспорт - кейінгі кезде автомобиль өндірудің өсуіне байланысты автотранспорттан шыққан газдармен ауаны ластау жиі кездеседі. Автокөлік транспортының дамуы шудың көбеюіне ықпал етеді ауаның ластануына соқтырады. Олардан шыққан газдар күрделі қоспадан (200 зат) тұрады. Ең қауіптілері көмірқышқыл газы 12 %, азот қышқылдары, көмір сутегілер және сажа (күйе). Автокөліктерде қолданылатын майлардың құрамында күкірт пен қорғасын қосылыстары бар. Мысалы: жанар май, оның жарылғыштық қаупін азайтушы қорғасын тэтра- этилі қосылады.
Өндірістік кәсіпорындар қара металлургия заводтары. Олардан көбінесе шаң тозаң, күкіртті газ, көміртегі бөлінеді. Мысалы: 1 тонна болат ерітілгенде 4000 м 3 газ бөлініп шығады. Оның құрамында 57 % азот, 29 % көміртегі, 12 % көмірқышқыл газы шайыр заттары, қорғасын, сынап, мышьяк болады.
Түсті металлургия қорғасын ерітілгенде күкіртті газ, шаң- тозаң бөлінеді. Мысалы ерітілгенде күкіртті газ, шаң, мыс, қорғасын, мырыш, мышьяк, қышқылдары түзіледі. Көмір өндіру кезінде күкіртті газ, көміртегі, смола заттары бөлінеді. Мұнай өңдеу кезінде көміртегі, күкірт сутегі және жаман иісті газдар бөлініп шығады. Цемент өндіру кезінде шаң- тозаңдар, күкірт түзіледі.
Химиялық өндіріс. Күкірт қышқылын өндіру кезінде азот қышқылы, күкіртті газ және күкірт қышқылының булары түзіледі. Суперфосфат өндіру кезінде шаңмен бірге фтор қалдықтары түзіледі. Көбінесе ол флюороз ауруына шалдықтырады.
Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау шаралары
-
Технологиялық шаралары
◙ өндірісте зиянды заттарды зиянсыз заттармен ауыстыру;
◙ шаң шығаратын материалдың құрғақ әдісін ылғал түрге
ауыстыру;
◙ өндірістік процестердің жабық түрде өтуі және
автоматтандыру.
◙ өңделетін заттарды зиянды қалдықтардан қосымша тазарту;
◙ шығынды заттарды қайта қолдану;
◙ тұйық технологиялық циклдер құру, шығынсыз өндіру;
◙ жалын шығаратын аспаптарды электр жүйесіне ауыстыру;
-
Санитарлық техникалық шаралар- өндірістік қалдықтарды әртүрлі конструкциялы тазалау құралдарында тазалауды ұйымдастыру. Шаңды ұстау үшін құрғақ механикалық шаң ұстағыштар, фильтрлер, ылғалды тазалау аппараттары қолданылады. Тазалау құралдарына циклон, мультициклон, скруббер, электрофилтр жатады.(плакат 2)
-
Жоспарлау шаралары.
а) желдің бағытын ескере отырып, өндірістік кәсіпорындар
мен қала территориясын аймақтарға бөлу;
б) табиғи шаңмен күресу;
г) елді мекендерді көгалдандыру;
д) санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру.
-
Заңдылық шаралары. Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарына сәйкес ауаны санитарлық қорғау шаралары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына қарауға міндетті. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы ортаны қорғауды мақсат етеді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдайларды жасырған лауазымды адамдар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ауаны қорғау заңдылығы. Ластағыш заттардың шегінің нормативтері адамдардың денсаулығын мен табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуі тиіс.
6 Жаңа тақырып бойынша білімін пысықтау (10 мин):
6.1 Сұрақтар:
1 Атмосфералық ауаны ластаушы көздерге не жатады?
2 Отын түрлеріне сипаттама беріңіз?
3 Автотранспорттардың адам организміне зияны қандай?
4 Өндірістік кәсіп орындарының адам ағзасына әсері қандай?
5 Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау шараларына не жатады?
6.2 Тапсырмаларды орындаңыз:
1 Тапсырма. Дұрыс жауаптарды рет ретімен орналастырыңыз(Слайд 1)
(Слайд 2)
Жауабы:
Абсолюттік, Максимальды, Салыстырмалы.
(Слайд 3)
Жауабы: 1- Абсолюттік ылғалдылық;
2- Максимальды ылғалдылық;
3- Салыстырмалы ылғалдылық
6.3 Тапсырма. (Слайд 5)
Сөз жұмбақ.
|
|
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
Т |
|
||||||||||
|
|
|
|
М |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
О |
|
|
||||||||||||
|
|
С |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
Ф |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
Е |
|
|
|
||||||||||
|
Р |
|
|
|
|
|
|||||||||||
|
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
Сұрақтар:
1 Организмнің жаңа жағдайға бейімделуін не деп атаймыз?
(Акклиматизация)
2 Ауа райының көп жылдық режімі қандай аталады?
(Климат)
3 Организмнің қоршаған ортамен жылу алмасынуы не деп аталады?
(Терморегуляция)
4 Ауаның химиялық құрамының бірін атаңыз?
(Азот)
5 Адам организміне әсер ететін сыртқы орта факторларға не жатады?
(Психогендік.)
6 Терморегуляцияның бір түріне жатады?
(Физикалық.)
7 Атмосфералық ауаның ең маңызды құрамын атаңыз?
(Оттегі.)
8 Витамин Д жетіспеуінен балаларда қандай ауру дамиды?
(Рахит)
9 Ылғалдылықтың қандай түрі бар?
(Абсолюттік)
7 Сабақты қортындылау (5 мин):
Бағалау параметрі Студенттердің аты-жөні |
Студенттің теориялық білімін бағалау |
Тақырып бойынша сөз жұмбақты орындауы |
Тақырып бойынша пысықтау тапсырмасын орындауы |
Жалпы бағасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 Үйге тапсырма беру (5 мин):
Тақырып:Атмосфералық ауаның ластаушы көздері. Атмосфералық ауаны ластанудан қорғауға арналған шаралар
8.1 Бақылау сұрақтар:
1 Атмосфералық ауаны ластаушы көздерге не жатады?
2 Отын түрлеріне сипаттама беріңіз?
3 Автотранспорттардың адам организміне зияны қандай?
4 Өндірістік кәсіп орындарының адам ағзасына әсері қандай?
5 Атмосфералық ауаны санитарлық қорғау шараларына не жатады?
8.2 Тапсырмалар:
Тақырыпқа арналған интернет материалдар,ребустар, сөз жұмбақтар құрастыру
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бурак И.И. В.П. Филонов «Гигиена» Учебное пособие Минск -Высшая школа 2004
2. Большаков А.М, Маймулов В.Г. Общая гигиена. – М., 2009.; 10-18 бет
3. Торғаутов.Б.К. Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена. Оқу қуралы. 2009; 18 -28 бет
Қосымша:
1. Жалпы гигиена (практикалық сабақтарға арналған) Сералива М.Ш. 2010ж; 13-34 бет
2.. Гигиена У.И.Кеңесариев. 2010ж
3. Жалпы гигиена Дадашева М.Ж. 2011ж; 7- 11 бет
4. Гигиена Р.Д.Габович 1982,1977,1970; 12-18 бет
5. Гигиена. Словарь- справочник. Мельчинко. 2006.
WEB сайттар тізімі
5. www.med.ru
11. www.medmedia.kz