Атмосфералық қысым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атмосфералық қысым

Материал туралы қысқаша түсінік
Атмосфералық қысымның пайда болу себептерін түсіндіру. -Қарапайым тәжірибе жасау арқылы атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдеу, талдау жүргізу. - Физикалық құбылыстарды бақылауға, құралдарды пайдалануда оқушылардың біліктілігін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Мерзімі:

Мұғалім: Толеубекова Назгуль Калкамановна


Мектеп:

"№19 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ

Сабақтың тақырыбы:

Атмосфералық қысым

Сынып: 6 "А"

Қатысты:

Қатыспады:

Оқу мақсаты:

1. Оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады
2. Өз бетімен тәжірибе жасап, талдай біледі
3. Қысым мен температураның арасындағы байланысты түсіндіріп дәлелдейді 


Сабақтың

мақсаты:

-Атмосфералық қысымның пайда болу себептерін түсіндіру.

-Қарапайым тәжірибе жасау арқылы атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдеу, талдау жүргізу.

- Физикалық құбылыстарды бақылауға, құралдарды пайдалануда оқушылардың біліктілігін дамыту.


Пәнаралық байланыс

Физика, математика, биология

Сабақ формасы

жеке, жұппен және 6 оқушы біріккен топтар жұмыстары

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- «Атмосфералық қысым» ұғымын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- Барометр, пробирка, штатив, термометр

- Физикалық және химиялық құбылыстар, атмосфералық қысым.


Қалыптастыратын құндылықтар

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдау, қорытынды жасау.

Бағалау

критерийлері

- «Атмосфера» туралы біледі

- «Атмосфералық қысым» ұғымын түсіндіреді

- Атмосфералық қысымды өлшеуде құралдарды қолданады

- Атмосфералық қысымның ерекшеліктерін ажырата алады, талдайды, зерттейді.


Лексика және терминология

Атмосфералық қысым, барометр, амплитуда, тропосфера, стратосфера, мезосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттары, озон қабаты

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Атмосфералық қысым ........ атмосфера қабаттары ….

Атмосфераның төменгі қабаты ..... Озон қабаты .......

Барометр......

Алдыңғы білім

5 сыныптағы білімдері "Жаратылыстану" пәніндегі, "Атмосфера" туралы жалпы түсінік.

Қолданылатын ресурстар

Суреттер, график, диаграмма

Оқулық, 6 сынып

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланатын шаралар

Ресурсы

0-3 мин
















2 мин














2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушылардың назарын бүгінгі сабаққа аудару

Егер бүгін көңіл-күйін жақсы болса қолдарыңды көтеріңдер;

Сыныптағы қыздар бір шапалақ, ал ұлдар екі шапалақ;

Егер үстілеріңде ақ түсті киім болса мұрынның ұшын ұстандар;

Егер бүгінгі сабақта жақсы білім көрсетемін десеңдер шапалақтаңдар, ал әлі үйренетінім көп десеңдер бастарыңды сипандар.

Мен бүгін барлықтарың жақсы білім көрсетеді деп сенемін.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушыларды топтарға біріктіру: (Пазл құрау арқылы бөлу) Тарихшылар, Физик-теоретиктер, Метеорологтар Физик-практиктер

Топ мүшелері көшбасшы, таймкиппер, спикер, суретші-редактор болып бір-бірін сайлауы

Үй тапсырмасын сұрау: (қойылатын сұрақтар)

1. Атмосфера құрылысы деген не?

2. Атмосфера қабаттарын ата.

3. Ауаның температурасын өлшейтін құрал.

4. Температураның өлшем бірлігі.

5. Атмосферадағы температураның өзгерісін қалай анықтауға болады?

6. Амплитуда дегеніміз не?

7. Ауаның құрамындағы газдарды атандар.

8. Фотосинтез процесі дегеніміз не?

9. Озон қабаты дегеніміз не?

10. Ауа райын бақылайтын мамандар.



Ой қозғау:

Балалар алдарында жатқан қағазды алыңдар. Қаламды ортасына дәлдеп, қағазды көтеріп коріңдер. Не байқадындар? Сендер бірдеңе сезіп тұрсындар ма? Қағаз майысты. Неліктен? Себебеі: қағазға салмақ түсіріп жатыр. Бұл құбылыс бүгінгі сабақтың тақырыбын түсіндіруге көмектеседі.

Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікір бар?

- бүгін сабақ не туралы болады?

- қандай тақырыпты өтеміз?

Слайд 1











Слайд 2





Слайд 3














Слайд 4





2 мин

ІІ. Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру (Атмосфералық қысым, барометр, амплитуда, тропосфера, стратосфера, мезосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттары, озон қабаты)

Слайд 5

10 мин



































5 -7 мин






















12 мин

ІІІ. Топтық жұмыс

1- тапсырма Оқушылар үйге берілген тапсырма бойынша өз жұмыстарын қорғайды

1-топ. Тарихшылар

Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал туралы мәлімет. (Құралдың атауы, қай жылы ойлап тапты, Торричелли жасаған қорытындылар).

2-топ. Физик-теоретиктер

Атмосфералық қысымды өлшейтін құралдың түрлері. Құралдың құрылысы. Қалыпты атмосфералық қысым. Қысымның өлшем бірлігі.

3-топ. Метеорологтар

Ауа температурасы мен қысымның арасындағы байланысты анықтау.

Семей қаласының ауа температурасын бақылау кестесі


мерзімі





Т





p






Түсіндіру: Жер бетіндегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм тең. Атмосфералық қысым әрбір 10 метрге көтерілген сайын 1 мм кемиді. Бұл ережені есте сақтау керек.

10м=1мм

Shape1

Shape2



4-топ. Физик-практиктер

Эксперимент жасау арқылы атмосфералық қысым не екенін анықтайды. (Шарды үрлеу арқылы, қысымды анықтау)

Бағалау: Сабақтың бағалау критерийі негізінде топтар арасында өзара бағалайды, мұғалім қорытынды жасайды.




IV. Өздік жұмыс

2- тапсырма Есеп шығару: Әр топқа әртүрлі есептер беріледі, оқушылар бір-бірін тексереді. Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі, бағалау дескрипторлар бойынша жүзеге асырылады.

  • Таудың басында қысым 355мм, етегінде 721мм. таудың биіктігін есепте.(3660м) 

  • Ұшақ 2 км биіктікке көтерілді. Бұл биіктіктегі қысым қаншаға тең болады, егер жер бетінде қысым 750мм тең болса (550мм) 

  • Үйдің бірінші қабатында қысым 755мм. Үйдің биіктігі 50м. Үйдің жоғарғы қабатындағы қысымды анықта. (760мм) 

  • Біркелкі жағдайда, белгілі бір уақытта Қара теңіз жағалауында атмосфералық қысым 760мм, Сведловскіде 715мм болды. Свердловск қаланың, Қара теңіз деңгейінен қандай биіктікте орналасқанын анықтау. (450м) 

Тапсырма орындалып болғаннан кейін, оқушылар әр тапсырманы тақтаға орындайды, бірін - бірі тексеріп бағалайды.

Бағалау: Сабақтың бағалау критерийі негізінде жұптар арасында өзара бағалау, мұғалім қорытынды жасайды.

V. Тәжірибе жасау

3 тапсырма Әр топ тәжірибе жасайды, қорғайды. Топтар өзара бір -бірін бағалайды.

1. «Төңкерілген стақан» Стақанға жартылай су құйып оның бетіне қағаз жауып төңкереміз. Су төгілмейді. Неліктен? Жауабы: Себебі суды ауа қысымы ұстап тұр. Ауаның қысымы Паскаль заңы бойынша барлық жаққа бірдей таралады. Олай болса, қағаз тек судың бетінің тегіс тұруына көмегін тигізеді.
2. «Құрғақ тиын». Тарелкеге су құйып, ішіне тиын салынады. Тиынды суға қолыңды тигізбей алып шығу керек.

Жауабы: Ол үшін стақанды қайнаған суға малып аламыз да, тарелкенің ішіне төңкереміз. Су стақанның ішіне кіреді.

Себебі: Стақандағы ауа салқындай бастайды. Сол кезде атмосфералық қысым суды жоғары қарай көтереді.

3. Пластмасса шөлмегінде жоғарыдан төмен қарай үш жерінен тескен, жабысқыш лентамен желімдеп, ішіне су құяды. Үш тесікті бірден ашады, қалай ойлайсыңдар қайсысынан су көп ағады?

Жауабы: Ең төменгі тесіктен су қатты атқылап ағады, дұрыс айтасыңдар. Не себептен? Себебі судың салмағы жоғарыдан төменге қарай түседі.

4. Бөтелкенің аузына піскен жұмыртқаны қоямыз. Жұмыртқа ішіне түспейді. Енді қағазды жағып бөтелкенің ішіне салып, содан соң жұмыртқаны салсақ, ол бөтелкенің ішіне түседі. Жұмыртқаның бөтелке ішіне түсуіне не әсер етті?

Жауабы: Жұмыртқаның бөтелкенің ішіне енуіне қандай күш әрекет етті.
- атмосфералық қысым.
- Неліктен төменгі жағына қарағанда. жоғарыда қысым көп болды?
- Өйткені ыстық ауа жоғары қарай көтерілгенде, бөтелкедегі ауаның тығыздығы азаяды.


Бағалау: Сабақтың бағалау критерийі негізінде топтар арасында өзара бағалау, мұғалім қорытынды жасайды.








презентация PowerPoint

слайд 6-9

Топтық жұмыс карточкалар тарату

















Слайд 10






Слайд 11









Бағалау критерийлері бар

карточкалар тарату

Слайд 12-15


















Слайд 16-20





1 мин




1 мин

VI. Үй тапсырмасы: “Атмосфераның адам денсаулығына әсері” тақырыбына эссе жазу (60 сөзге дейін)


VII. Рефлексия "Түрлі Шарлар" Топтан бір-екі оқушы шарды ұшырып, атмосфераның адам өміріндегі маңыздылығы мен адам ағзасына тигізетін әсерін айтады.



Слайд 21




Слайд 22

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?


Пәнаралық байланыс


Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін сандарды жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.

  • Шеңберлі диаграмма сала алса.

Ауызша жауаптары толық болса.

АКТ


Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Оқушылар нені білді?

Қандай оқу жағдайы қалыптасты?

Оқу дифференциациясы тиімді дайындалған ба?

Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Мен жоспарыма неліктен және қандай өзгерістер енгіздім?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия

жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ

бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау


Сабақтың қандай екі сәті сәтті өтті (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1.




2.


Сабақтың тиімділігін қандай екі жағдай жақсартар еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?

1.


2.


Сабақты жүргізгенімде сынып туралы және сол сыныптың оқушылары туралы қандай ақпарат алдым, бұл ақпараттың келесі сабақты жоспарлауымда қандай көмегі тиеді?












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі