Атомдағы электрондардың қозғалысы

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Атомдағы электрондардың қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Атомдағы электрондардың қозғалысы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Таяуова С Ж

Пән/Сынып:

Химия, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

3 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

1 тарау. Атомдағы электрондардың қозғалысы

Сабақтың тақырыбы:

Атомдағы электрондардың қозғалысы

Оқу мақсаты:

8.1.3.3 – s және р орбиталдарының пішінін білу

8.1.3.4 – алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу

Бағалау критериі:

  • s және р орбиталдарының пішінін біледі

  • алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза біледі

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату, тапсырмалардың жауаптарын жазу

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері



Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз: Атомдағы электрондардың қозғалысы

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • - s және р орбиталдарының пішіндерін білесіз;

  • алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формулаларын жазуды үйренесіз.





Презентация Слайд 1-2










8 минут


03:00 – 11:00



























































11:00-14:00

Жаңа сабақ

Электронның қозғалыс жылдамдығының жоғары болатыны сонша, оның кеңістіктегі белгілі бір орны туралы айту мүмкін емес. Электронның қозғалыс траекториясы қандай да бір бұлтты елестетеді. Әр электрон түзетін электрондық бұлттың тығыздығы арта түседі.

Атомдағы электрон қозғалатын кеңістік атомдық орбиталь деп аталады.

Бірінші период элементтерінің бұлттары сфера пішінді, олар s-электрондары деп аталады.

Екінші период элементтерінде s-электрондардан басқа, пішіні көлемдік сегіздік (гантель) тәрізді p-электрондары болады. Бұл электрондар бір-бірінен өлшемі бойынша ғана емес, кеңістікте орналасуы бойынша да ерекшеленеді; егер p-электрондар түзген бұлттардың осьтері сәйкес келмесе, онда олар бір-біріне перпендикуляр орналасады.

Әртүрлі пішінді орбитальдардың жиынтығын энергетикалық деңгейшелер деп атайды.


Бір s-орбиталь бір s-деңгейшесін құрайды, үш p-орбитальдары p-деңгейшесін құрайды және т.б. Бір энергетикалық деңгейдің орбитальдары ядроға әртүрлі тартылады.

Орбитальдар бірігіп электрондық қабаттар (энергетикалық деңгейлер) түзеді:


1-энергетикалық деңгей

2-энергетикалық деңгей


3-энергетикалық деңгей

- s-деңгейше 1 орбиталь

- s-деңгейше 1 орбиталь

- p-деңгейше 3 орбиталь

- s-деңгейше 1 орбиталь

- p-деңгейше 3 орбиталь

- d-деңгейше 5 орбиталь

4-энергетикалық деңгейде s-, p-, d-деңгейшелерден басқа f-орбиталь пайда болады және т.б.

Әр энергетикалық деңгейде электрондардың белгілі бір саны ғана орналаса алады.

Деңгейлердегі элекрондардың саны

Деңгейлер

Д

1 (К)ңгейлердегі электрондардың максималды саны


2

2 (L)

8

3 (M)

18

4 (N)

32


Ал әр энергетикалық деңгейшеге электрондардың белгілі бір саны сыяды.

Деңгейдегі электрондардың саны

Деңгейше

Деңгейшелердегі электрондардың максимал сан

s

2

p

6

d

10

f

14


Электрондық деңгейлердің құрылысын біле отырып, атомның бүкіл электрондық қабатының құрылымын елестетуге болады. Ол үшін орбитальдардың электрондармен толу ережесімен танысайық.

1. Әр орбитальға екі электрон ғана орналаса алады. Бірінші деңгейдің екі электроны s-орбитальға, екінші деңгейдің сегіз электроны 1s-, 2s-, 2p-орбитальға орналасады.

2. Энергия қоры аз электрондар ядроға жақсы тартылады, энергия қоры өскен сайын электрондар ядроға нашар тартылады, әрі одан қашық орналасады. Осы ережелерді пайдаланып, фтордың электрондық формуласын былай жазуға болады: +9 F 1s22s22p5


Фтордың атомдық нөмірі 9, ол фторда 9 электрон барын көрсетеді. Бұл формула бір-эс-екі, екі-эс-екі, екі-пэ-бес деп оқылады.

Орбитальдарды көрсететін әріптердің (s, p) алдындағы коэффициенттер (1, 2 және 2) электрон қабатының санын көрсетеді. Орбитальдағы электрон санын оның оң жақ бұрышындағы сандар көрсетеді (2, 2 және 5). Энергетикалық деңгейлердегі орбитальдар санын шартты түрде сызбанұсқамен бейнелеу қабылданған. Бір орбитальда орналасқан екі электронды қарама-қарсы бағдаршамен бейнелейді.

3. Бір деңгейшедегі электрондар алдымен орбитальдарда жеке-жеке орналасады. Электрондардың саны артқан сайын олар жұптасып, орбитальдарды толтырады. Мысалы, оттек электрондарының орналасуының сызбанұсқа түрінде бейнеленуі немесе оттек атомының электронды-графиктік формуласы:

О 1s22s22p4

1 эс орбитальда екі электрон бағдарша түрінде, 2 эс орбитальда екі бағдарша, ал екі пэ орбитальда бір жұптасқан, екі жұптаспаған жалпы 4 бағдарша.

Әр орбитальда максималды түрде энергиялары бірдей, бірақ спиндері әртүрлі екі электрон ғана орналаса алады.


Алғашқы 10 элемент атомы электрондарының энергетикалық деңгейлерге таралып орналасуын келесі бейнематериалдан тамашалайық.(1-видео)

Келесі слайдтан алғашқы 20 элемент атомдарының электрондық құрылысын көруге болады.


Жаңа тақырыпты меңгеру



Презентация



Слайд 3
















Слайд 4



















Слайд 5













Слайд 6



















1-видео

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/atomda-ehlektrondardyng-taraluy-ehnergetikalyq-denggejler?mid=050c4b2b-9d5a-11e9-be78-49d30a05e051

Слайд 7



10 минут


14:00-23:00



























Бекіту тапсырмасы


1-тапсырма. Кестені сәйкестендіріңіз

s орбитальдің пішіні

гантель тәрізді

p орбитальдің пішіні

шар тәрізді



Жауабы:

s орбитальдің пішіні - шар тәрізді

p орбитальдің пішіні - гантель тәрізді



2-тапсырма.

Элементтердің электрондық конфигурациясы және графиктік формуласын жазыңыз

Жауабы:


Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған


s және р орбиталдарының пішіндерін білу үшін



















Дескриптор: Білім алушы

  • s және р орбиталдарының пішіндерін сәйкестендіреді









Дескриптор: Білім алушы

- элементтердің электрондық формуласы мен графиктік формуласын жазады









Презентация Слайд 8





Слайд 9










Слайд 10
















Слайд 11


2 минут


23:00-25:00








Бүгінгі сабақта:

  • s және р орбиталдарының пішіндерін білдім;

  • алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формулаларын жазуды үйрендім.

Тақырыпты меңгергенін анықтау



Презентация

Слайд 12












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.10.2025
36
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі