Атомдағы электрондардың қозғалысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Атомдағы электрондардың қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып физика пәнінен көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



3 сабақ




Химия


10 сыныбы

Сабақ тақырыбы:

§2.3. Атомдағы электрондардың қозғалысы

Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну : Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңның мәнін одан әрі аша түсу, негізгі топшадағы химиялық элементтердің атом құрылысы мен оның қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру.

Қолдану: Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу, сол бойынша тапсырмалар орындау


Күтілетін нәтижесі

Орбитальдар, энергетикалық деңгейлер туралы түсінік қалыптасады. Топта жұмыс жасап, бағалауды, АКТ-ның түрлерін дұрыс қолдануды үйренеді

Түйінді идеялар

Ядро маңындағы кеңістікте қозғалғанда электрондар белгілі бір орбитальдарда жүреді. Мөлшері жуық орбитальдар атомда энергиясының өсуі бойынша орналасқан энергетикалық деңгейлер құрайдыЭнергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады

Қызығушылықты ояту


  1. Изотоптар дегеніміз не?

  2. Химиялық элемент дегеніміз не?

  3. Фтор атомындағы электрондардың энергетикалық деңгейлерге орналасыуын көрсет. (протон, нейтрон санын анықта)

Бұл тапсырманы барлық оқушыларға жеке тапсырма ретінде беріп, олар орындап болған соң интерактивті тақтадан дұрыс жауаптарын шығарып, өз-өзін бағалау жұмыстарын жүргізуге болады

Жаңа сабақ




Төменде көрсетілген бірнеше тақырыпша әр топтың тапсырмасы. Мәтінді игеру кезінде олар осы тапсырмалар аясында сөйлеулері қажет. Алғашқы тоқсан болғандықтан оқушыларды критериймен бағалауға әбден дағдыландырып алған жөн.

Атом моделінің электрон бұлтының құрылысы
Электрон бұлты болатын кеңістікті
орбиталь деп атаймыз.

Электрондық қауыз:

  • Атомның барлық электрондары жиналып электрондық қауызын құрайды.

  • Өзара энергиясы жуық электрондар атомның электрондық қабатын түзеді.

  • Электрондық қабаттар рет нөміріне қарай 1,2,3,4… деп белгіленеді.

  • Әр қабаттағы орбитальдардың өзіндік энергиясы мен пішіндері болады.

  • Шар тәрізді электрон бұлтын s-электрондар деп, ал орбитальдарды s-орбиталь д.а.

Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді бұлт түзіп қозғалады, ондай электрондар p – орбитальдарын береді. Кеңістікте координаттардың 3 осі (x,y,z) бойынша орналасатындықтан рx,рy,рz орбитальдары деп бөлінеді

Көптеген атомдардағы бірінші электрондық деңгейінің орбитальды диаграммасы жоғарыда көрсетілген.

Электрондық бұлттарды толтыру ережесі келесі:


  • 1. Ең алдымен элемент атомында қанша электрон бар екендігін анықтап алу. Ол үшін сол элементтің ядро зарядын білсек болғаны, ол Д.И. Менделеевтің периодтық жүйедегі элементтің реттік нөміріне тең. Реттік нөмірі (ядродағы протон саны) барлық атомдағы электрон санына тең.

  • 2. Бар электронмен 1s орбитальдан бастап ұяшықтарды толтырамыз. Әрбір ұяшықта 1 не 2 электрон бола алады. Бір ұяшықта орналасқан екі электронды қарама – қарсы бағдаршамен белгілілейді .

  • 3. Элементтің электрондық формуласын жазамыз.

Электрондық деңгей (n)

Осы деңгейде электронның сыйымдылығы

1

2

2

8

3

18

4

32


Электрон бұлтының пішіні

 

s

p

d

f

Пішіні

Сфералы

(шар тәрізді)

Сегіздік

(гантель)

Күрделі пішінді

Күрделі пішінді

Бір деңгейде бола алатын электрон саны

2

6

10

14


Ұяшықтарды толтыру тізбегі:
1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d 7p


Қайсы электрондық конфигурация дұрыс толтылрылған?




Ой толғаныс

Есептер жинағынан жеке оқушыларға тапсырмалар беруге болады

Кейінгі тапсырмалар

1) Н-тен Ne-ға дейінгі элемент атомдары құрылыстарының сапалық өзгеруі мен сандық өзгерістерін салыстыру және сандық өзгерістер (сыртқы электрондық қабаттағы сан) сапалыққа (элементтермен түзілген жәй заттар мен қосылыстардың қасиеттерінің сипаты) көшетіндігі туралы қорытынды жасау;

2) электрон қабаттары тұрғысынан қасиеттер өзгерісінің тез секіруін түсіндіру(галогеннің Ғ инертті газбен Ne ауысуы, инертті элементтің сілтілік металмен Na ауысуы). сандық өзгерістер сапалық өзгеріске сыртқы электрон деңгейі аяқталғанда (Ғ- Ne) және жаңа деңгей пайда болғанда секірмелі түрде ауысады.

Бағалау

Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды


Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

§2.3. 5-9 тапсырмалар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2018
1506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі