Материалдар / Атомдағы электрондардың қозғалысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Атомдағы электрондардың қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәнінен аспайтынын түсіну. s жане p орбиталдарының пішінін тбілу. Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясы және электронды графикалық формулаларды жаза білі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
601
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 сынып Химия

Сабақтың тақырыбы: “ Тұздар гидролизі»

Мақсаты:. Оқушыларға тұздар гидролизінің жүру заңдылықтарының қалыптасуы және дамуы туралы түсіндіре отырып, әр әдісіне тоқталу.

Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеу, өзін-өзі бақылау.

Құрал – жабдықтар: көрнекі кестелер; буклет

Сабақ типі: Жаңа білімді хабарлау.

Әдістемелік шешім: кестелерді пайдалана отырып баяндау-сұхбаттасу, жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а ) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) сабаққа оқушылардың психологиялық дайындықтарын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақСудың өте аз мелшерде сутек Н+ және гидроксид ОН- _ иондарына диссоциацияланатыны белгілі:

Н2О = Н+ + ОН

Диссоциация нәтижесінде Н+ және ОН иондарының бірдей мөлшері түзіледі.

Судың диссоциациялану дәрежесі өте аз шама екенін мынадай мәліметтен білуге болады. Кәдімгі температурада 13 млн литр суда 1 моль сутек ионы болады. Ерітіндідегі сутек ионы Н+мен гидроксид ОН ионының мөлшері бірдей болғандықтан су бейтарап ортаны көрсетеді. Егер ерітіндіде гидроксид иондарының ОН мөлшері артық болса орта негіздік, ал сутек иондарының Нмөлшері артық болса орта қышқылдық болып өзгереді. Олай болса, сулы ерітіндісінде Н+ ионының не ОН ионының артық мөлшері жоқ тұздардың ортасы бейтарап болуы керек. Шындыгында да күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде түзілетін натрий хлориді NаСІ, калий нитраты КNОя, калий сульфаты К2S04 сияқты тұздардьщ сулы ерітіндісі бейтарап ортаны кљрсетеді. Кейбір орта тұздардың, мысалы: темір (III) хлоридініћ ҒеСl3, мырыш хлоридініћ ZпСl2 аммоний хлоридінің NH4Сl судағы ерітінділері қышқылдық ортаны, ал натрий карбонатының Nа2С03, калий карбонатының К2С03 ерітіндісі сілтілік ортаны көрсетеді. Бғган көз жеткізу үшін осы тұздардың ерітінділеріне фенолфталеин немесе лакмус ерітінділерінің 1—2 тамшысын қосамыз.

Ас тұзының № 01 ерітіндісінде лакмус түсін өзгертпейді, олай болса орта бейтарап. Ал темір (III) хлоридінің ҒеСl3, мырышхлоридінің ZпСl2 жљне аммоний хлоридінін NH4Сl ерітінділерінде лакмус қызарады, демек орта кышқылдық. Натрий және калий карбонаттарының Nа2С03, КNО3 ерітіндісінде лакмус көгереді, демек орта сілтілік (5-кесте).5-кесте

Тұздар ерітіндісінде индикатор түсінің өзгеруі

түсі

езгермейді

түсі

өзгермейді

түсі

өзгермейді

Аммоний хлориді

қызарады

түсі

езгермейді

қызғылт түстес

Калий карбонаты

көгереді

таңқурай түстес

сарғаяды

Неліктен бұлай болады? Оның себебі тұздардың сумен әрекеттесуінде болуы керек. Тұз кұрамындағы иондардың біреуі су молекуласындағы Н+ немесе ОН- иондарының біреуімен байланысып, нәтижесінде ерітіндіде Н+ немесе ОН- иондарының концентрациясы өседі.

  1. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы аммоний хлоридінің NH4Сl суда еруін қарастырайық. Аммоний хлориді суда былайша диссоциацияланады:

NH4СlNH4-+ Сl+

Су аз мљлшерде болса да диссохшацияланатындықтан, ерітіндіде

NH4+,Сl-, H+,OH-

иондары болады. Гидроксид ионы ОН- аммоний катионымен байланысып, оны бейтараптандырады. Нәтижесінде ерітіндіде артық Н+ иондары жиналады, сондықтан қышқылдық орта тұзіледі:


NH4-+Сl+ HOH = NH4OH +Сl+ H+

NH4-+ HOH = NH4OH+ H+

Олай болса, ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

Туздардың сумен әрекеттесіп алмасу реакциясына тусуі, гидролиз деп аталады. (Грекше "гидро" — су, "лизис" — айырылу деген мағынаны білдіреді.)

  1. Күшті негіз бен әлсіз қышқыл әрекеттескенде түзілетін тұз Ма2СО3 гидролизденгенде ерітіндінің ортасы сілтілік болады:

2Na++2CO32- + HOH = HCO3-+2Na+ + ОН-

СО32-+ HOH == HCO3- + ОН-

Демек, гидролиз нәтижесінде ерітіндіде артык ОН- иондары жиналады, сондықтан орта сілтілік қасиет көрсетеді.

Олай болса, әлсіз негіз бен күшті қышқылдан тузілген тұздардың ерітінділері қышқыл ортаны, ал кушті негіз бен әлсіз қышқылдан тузілген тұздардың ерітінділері сілтілік ортаны көрсетеді.

  1. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да

гидролизге ұшырайды. Бұл жағдайда гидролиздену процесі соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Мысалы, алюминий сульфиді Аl2O3 сумен әрекеттескенде алюминий гидроксиді А1(ОН)мен күкіртсутек Н2S түзіліп, гидролиздену реакциясы қайтымсыз болады:

Аl2O3 + 6Н2O = 2А1(ОН)3 + ЗН2S

Олай болса, тұздардың гидролизге ұшырауы олардың иондарының құрамы мен қасиетіне байланысты екен.

Тұздардың сумен әрекеттесіп ыдырауы нәтижесінде гидролиз реакциясы жүреді.

Қортытынды: Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз сумен әрекеттеспейді (гидролизге ұшырамайды). Орта бейтарап қалпын сақтайды.

Әлсіз негіз және күшті қышқылдан түзілген тұз құрамындағы металл катионы гидроксид ОН- ионымен байланысатындықтан, ерітіндіге Н+ иондары жиналып қышқылдық орта береді.

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз анионы сутек катионымен Н+байланысатындықтан, ерітіндіге ОН- иондары жиналып сілтілік орта береді.

ІӘлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз құрамындағы иондар Н+ және ОН-иондарымен байланысатындықтан, гидролиздену реакциясы соңына дейін жүреді.

Үй тапсырма: §12 № 5 есеп



Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі.

Сабақтың мақсаты: Тұздар гидролизі туралы білімдерін пысықытау,әр түрлі тұздар ерітіндісінің ортасын анықтай отырып проблемалық жағдайларды шешеуге үйрену. Пәнге деген ынтасын арттыру,өз бетімен жұмыс істей білуге,топта өзін және өзгені сыйлай білу сезімін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі материалдар,сынауықтар,индикатор(лакмус),тұздардың ерітінділері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Бірлескен топтық жұмыс, жұпта талқылау, АКТ, зертханалық жұмыс

Сабақ кезеңдері:

Кіріспе

Оқушылармен сәлемдесу,оқушылар назарын сабаққа бағыттау.Оқушыларды топқа бөлу.Топ басшыларын тағайындау.

Негізгі бөлім. «Миға шабуыл» Оқушылардың қызушылығын оятып,үй тапсырмасын пысықтау.

Топтарға 3 түрлі тапсырма береді. I-топ Сұрақтарға жауап береді.

1)Тұздар дегеніміз не?

2)Қышқыл дегеніміз не?

3)Негіздер дегеніміз не?

4)Индикатор дегеніміз не?

5)Индикатордың қандай түрлерін білесіңдер? II-топ.Тест шешеді.

1.Төменде келтірілген гидрооксидтердің (негіз) қайсылары күшті гидрооксидтер.

1.Са(ОН)2 ­ ­ ­2.Ва(ОН) 3.Аl (ОН)4.Fe(OH)2 5.Сu(OH)6. NaOH

2.Төменде келтірілген қышқылдардың қайсылары күшті қышқылдар.

1.H2SO2.H2SO3. H3BO4. HClO5.HCN 6.HF

3.Төменде келтірілген қышқылдардың қайсылары әлсіз қышқылдар

1.H2S 2.HI 3.HCl 4.H2CO5.HBr 6.HClO4

4.Төменде келтірілген тұздардың қайсылары орта тұздар.

1.NaHCO3 2.KHSO3.CuSO4.Na2S 5.NaH2PO6.FeOHCl

5.Төменде келтірілген тұздардың қайсылары қышқылдық тұздар.

1.Na2SO4 2.KHSO4 3.CuSO4.KHS 5.Na2SiO3 6.Ca(NO)3

6. Төменде келтірілген тұздардың қайсылары негіздік тұздар.

1.CuOHCl 2.MgSO4. 7H2O 3.Cr(SO4)4.AlOHSO4 5.Zn(NO2)2

7.Күкірт қышқылының диссоциялану теңдеуін жазыңдар.

1. H2SO4→2H++(SO4)2-

2. H2SO4→H++(SO4)2+

3. . H2SO4→2H++(SO4)-

4. . H2SO4→H++(SO4)3+

5. . H2SO4→H++(SO4)2-

8.Ортафосфор қышқылының диссоциялану теңдеуін жазыңдар

1.H3PO4→H++(PO4)2-

2. H3PO4→3H++(PO4)3-

3. H3PO4→H++(PO4)2+

4. H3PO4→3H++(PO4)2-

5. H3PO4→H++(PO4)2+

9.Азот қышқылының диссоциялану теңдеуін жазыңдар.

1.HNO3→H++(NO3)-

2. HNO3→H++(NO3)+

3. HNO3→H++(NO3)-2

4. HNO3→H++(NO3)-3

5. HNO3→H++(NO3)

III-топ.Реакция теңестіреді.

BaCl+K2 SO

HCl+Na2CO

HSO+(NH4 ) 2CO

MnCl+AgNO

NaCl+ AgNO

Al(OH)+ HCl→

Жаңа сабақ. Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашпас бұрын сөзжұмбақ ойнауды ұсынамын.Тақтада берілген сұрақтарға жауап бере отырып,оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

  1. «Ескі мата бөз болмас,ескі ... біз болмас» (темір)

2.Металл атомдары мен қышқыл қалдығынан түзілген күрделі зат. (тұз)

3.Реакция жылдамдығына әсер етіп,бірақ өзі жұмсалмайтын зат. (катализатор)

4.гекше «күн»деген мағынаны беретін,ең алғаш күннен,содан жерден табылған металл(гелий)

5Ерітінділері,балқымалары электр тогын өткізетін заттар.(электролиттер)

6.Бетінде тотықсыздану үдерісі жүретін электрод.Электролиз кезінде ол теріс полюс,гальваникалық элементте оң полюс болады.(катод)

7.Ток қатысында жүретін тотығу-тотықсыздану реакциясы.(электролиз)

8.Иісі,түсі,өңі жоқ

Табиғатта онсыз өмір жоқ

Өсімдік егер көп болса,

Денсаулыққа пайдасы көп.(оттек)

9. «Сабыр түбі-сары...» (алтын)

10.Молекула құрамы екі элементтен тұрып,оның бірі оттегі болатын күрделі зат.(оксид)

11.Құрамында бір немесе бірнеше гидроксо тобы бар металл атомымен байланысқан күрделі зат.(негіз)

12.Екі не одан да көп компоненттерден тұратын біртекті жүйе.(ертінді)

Тақырып белгілі болғанан кейін электрондық оқулықтан видео көрсетемін,сұрақ туындайды неліктен бұл 3 тұздың түсі өзгерді.

Осы сұрақтың жауабын жаңа тақырыптан іздейміз.Кейбір тұздар мен судың арасында алмасу реакциясы жүреді.(грекше гидро-су.лизис-еру деген сөз).

«Тұздардың барлығы дерлік гидролизге ұшырайды ма екен» деген сұрақтың жауабын төмендегі тапсырмаларды орындай отырып іздейміз.

I-тапсырма.Алдарыңа берілген тұздардың гидролизге ұшырайтын ұшырамайтындығын айтыңдар.Тәжірибе арқылы тұздардың ортасын анықтаңдар,осы тұздардың иондық теңдеуін жазыңдар. Мүмкіндік болса гидролиз теңдеуін жазыңдар.

Нәтижесін төмендегі кестеге түсіріңдер.

Тұздар ертінділері

Индикаторлар

лакмус

фенолфталин

метилоранж





II-тапсырма. Жоғарыда топқа бөлінген негіздің, қышқылдың формуласынан пайдаланып тұздардың формуласын құрып, гидролизге ұшырайтын не ұшырамайтындығын жазу.

Қорытынды тапсырма.

Оқушыларға сабақта «Тұздар гидролизі жайлы не білдік?»деп сұрақ беріп,алдарына ватман қағазын беремін.Әр топ түрлі қаламмен жазғандықтан қай топтың толық не толық емес түсінгендігі анық көрінеді.Бірінші бекет яғни 1 топ қызыл сия, 2 ші топ көк, 3-ші топ жасыл сиямен бір-біріне ауыстыра отырып толтырады.

Бағалау оқушылар бағалау парақшаларын толтыра отырып,өздерін бағалауды үйренеді.

Кері байланыс. Оқушылар «бүгінгі сабақта не білдім...

бүгін маған не қиындық туғызды...»

деген сұрақтарға жауапты стикерлерге жазады.

Үйге тапсырма. Кітап соңындағы №1-8 жатығуларды орындау. Желіден деректер жинақтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!