Аттандық бала шақтан болашаққа!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аттандық бала шақтан болашаққа!

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптан қоштасу сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аттандық бала шақтан болашаққа!

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
    2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздармен оқушылар, ата-аналар мен ақ жаулықты апалар!

2-жүргізуші: Бүгінгі «Аттандық бала шақтан болашаққа!» ертеңгілігіне қош келіпсіздер. Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер - әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер ақ жаулықты аналар мен әкелер,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр төгілер

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, ержеткен сіздің түлектер!

1-жүргізуші:  бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

2 жүргізуші: - Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен , алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.

1 жүргізуші: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты қоштасу мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! 
2 жүргіуші: Олай болса, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, 
Мұндай
күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 
4 сынып түлектерін ортамызға. 
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

1-жүргізуші: Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

2-жүргізуші: Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

ДәуренҚоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.

Найля: Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

Самир: Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Айсана: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Мерейм: Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім – мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

І жүргізуші: Армысың сен , алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр- алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

ІІ жүргізуші : Олай болса Арай алтын ұя мектебімізге арнап «Алтын ұям мектебім» әнін шырқайық!
Ән: « Алтын ұям мектебім».

Көрініс: І. «Есеп».

Баласы/Ануар/: Әке,кешегі шығарып берген есебіңіз түгел қате екен.

Әкесі/ Даурен/: Не дейді? Мүмкін емес!

Баласы:Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың.Әкелері де сол есепті шығара алмапты.

ІІ Көрініс «Ең қиын сұрақ»

Баласы/Мерейім/: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ

Баласы:Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…

ІІІ Көрініс «Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.


І-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

ІІ-жүргізуші: Дұрыс айтасың:

Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп айтуында терең ой жатыр.

І-жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.

Ануар: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тасталғаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді, міне сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

Ұстаз – ана жасады мына бізден

Ел таң қалар азамат бір – бір мықты.

Амир: Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.

Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.

Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Кеп кешегі тосырқау қайда қалған.

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе.

Жан дүниесін баланың жайлап алған.

Найля: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.

Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

ІІ. Жүргізуші :Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.

Хор: «Ұстазым менің ұстазым »


1-жүргізуші: Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

2-жүргізуші: Шықсын енді ортаға биші қыз

Тал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би: Шығыс биі

1-жүргізуші: Болмасаң да, ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, - деп Абай атамыз айтқандай ұлы ғұламалар, ұлы адамдар өнегелерін бойымызға сіңірдік.

ІІ жүргізуші: Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.

2-жүргізуші.
Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Ғұлама білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавт, батырдан
Өнері асқан актердан
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күшіден

Бәрі-бәрі ұстаздардан білім-тәлім алған!
Бәрі: Сондықтан да құрметтеп,
Бас иеміз ниетпен!

Амир.
1/ Мектебімізге бас болған,
Ұжымды ол басқарған,
Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,
Қуат ағай үміт күтеді жастардан.

 2/ Анамдай мейірімді құшақ ашып, /Айсана
Тұрасыз Адемау апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.

3/Кемшілікті кезінде /Ануар/
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Анар апай осындай.
4/ Білімнің байыбына барып терең, 
/Найлия/
Бахыт апай бастап еді әліппеден. 
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс, 
 Бастаған тәрбиесін алып келеміз

5/ Спорттан талай шәкірт даярлады, / Самир/ Шәкіртіне бәрін берді, аямады, 
Әзілі бірге жүрер өзімен 
Ардак апай қашып кетсек аямады

6/Қызық өтіп сабағы, /Мерейм/
Өсіреді ой-сананы,
Біздермен ойнап күледі,
Шет тілін жетік біледі,
Мың алғыс Әлия апай сізге де.

7/.Ақ көңілдің ізі бар /Даурен/
Нұр жайнаған жүзінде
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Алия апай ризамыз сізге де.

8/Кейде жайлы мінезіне қызығасың, /Мерейм/
Кейде ашусыз мінезіне табынасың,
Күліп жүрер әрқашан Айгүл апай,
Жан-жүрегін қашанда ұғынасың

9/Білімді шәкірттерін аялаған, /Найлия/
Бар білгенін ешкімнен аямаған,
Ғалия апай жанашыры жас ұппақтың
Ұстаз деген ардақты аяулы адам.


І жүргізуші:

Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер.


ІІ-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-оқушы:  Ыстық - ау кім - кімге де әке деген, Даурен

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.
2-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Амир
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
3-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, Айсана
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
4-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Самир
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
5-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым Мерейм
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
6-оқушы: Аман болсын, аяулы анамыз, Найлия
Асқар таудай әкеміз!
Ата - анаға мың да бір рахмет!

Слайд « Шуағын төкен 4 жыл»
2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі биді өздеріңізге арнаймыз.

Би. Заманай биі «Флешмоб»

1-жүргізуші: Ата-аналарға сұрақ

1. Как называется универсальный школьный предмет, который кроме прямого назначения может заменить зонтик, мяч, подушку, стульчик и еще много чего другого? Портфель.

2. Бұл сөзбен мұғалімді де, оқушыны да, милиционерді де, дәрігерді де айтуға болады. Кезекші

3. Как называется распорядитель школьной жизни, которому подчиняется сам директор?  Звонок.

4. Әр оқушының ең сүйікті сөзі. Демалыс 

5. В руки ее не возьмешь, но чем меньше принесешь из школы, тем больше достанется дома. Оценка.

6. Бывает толстый и тонкий… Бывает научный, детский, классный…  Его любит носить учитель…

Журнал

7.   Сауатсыздарды қабылдайтын мекеме. Мектеп 

8. Бывает простая,  бывает составная, а иногда непосильная для всей семьи.     Задача.

9. Ауызша да, жазбаша да болады, егер оны орындамаса нашар баға алуы мүмкін.  Ата-аналар оны тексереді.  Үй тапсырмасы

10.нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат(күнделік)
11.сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)
12.мектептегі басты адам (оқушы)
13.мұғалімдер күні тойланатын ай (қазан)
14.Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады,ол не?(қоңырау)
15.Қалам мен карындаштың үйі (пенал)
16.Әріптері жиыны (алфавит)
17.Балалар білім алатын жер (мектеп)
18.Дыбысы жоқ әріптер (ь,ъ)
19.Бұрышсыз фигура (шеңбер)
20.Түнгі жарық (ай)
21.Түбір соңындағы қосымша (жалғау)

ІІ ЖҮРГІЗУШІ: Ата-аналарымыз тапсырманы жақсы орындады, сондықтан 5 сыныпқа көшіріледі

Іжүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі


І жүргізуші:Ал, қазір біз өзіміздің төрт жылдық өміріміздің тарихымен таныстырамыз.

Амир: Төрт жылдың ішінде 4200 сабақ болды.

Мерейм:На них мы перелистали 5796 страниц учебников.

Мектепке барып келу үшін біз 1000 шақырым жол жүрдік.

Самир Мы исписали и изгрызли 320 с половиной ручек.

Потеряли полдюжины «стирательных» резинок.

Айсана: Съели три тонны булочек.

 5 бөшке шай іштік.

Найлия : Если сложить в одну линию все учебники, которые изучили за 4 года, то ее длина будет равна расстоянию до Луны и обратно!

Анаур:Ну, пару раз поссорились и подрались, но это такая мелочь!

Даурен: Ең бастысы біз білім алып, көңіл көтеріп, достасуды үйрендік

ІІ жүргізуші:Біз нені үйрендік?   Чему мы научились?

Амир: оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.)
 Ай
сана: Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.     

  Біз нені сүйеміз?
Хормен: ата-ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!

Бізді болашаққа не бастайды?
Оқушылар: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.

Біз кім боламыз?   

Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.


1 жүргізуші:

Құрметті қонақтар, біздің қоштасу кешімізге болашақ 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.

Тақпақ

1.

2.

2 жүргізуші: Бүлдіршіндерге бастауыш кластың кілтін ұсынамыз

Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті сендер ақтаңдар

Мектепті үздік бітіріп,

Ұстаздың болшы мақтаны!

Шығыңдар білім шыңына,

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да

Оқуда және еңбекте

( Бір оқушы кілт тапсырады )


І жүргізуші: Достар, біз бастауышпен қоштасып тұрмыз. Алғашқы ұстаздарымызбен қоштастық.

ІІ жүргізуші: Иә, бізді болашақта не күтіп тұр екен? Қандай асулар бар алда?

1 жүргізуші:

Оқу білім, ізденіс жолдары. Жаңа ұстаздар күтіп тұр.

ІІ жүргізуші: Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып , білім алып, 
Рахметімді жаудырамын. 

Балалар сендер 5 сыныпқа аяқ басқалы тұрсыңдар. 5 сыныпқа көшкілерің келе ме?

Хормен: Иә.

Жүргізуші: Ендеше қазір біз ант қабылдаймыз. Қолдарымызды жүрегінің үстіңе қойып , мынаны қайталаңдар:

Мен, бастауыш сынып бітірушісі 5 сыныпқа аяқ басқалы тұрмын.Сондықтан мен әрдайым шыншыл әрі адал болуға, өз сыныбымның атыңа кір келтірмеуге ант беремін.

Антымды бұзған жағдайда мына жағдайларға тап болайын

  • Менің ең әдемі жақсы көретін джинсиым жыртылсын.

  • Мен су жаңа костюмыма шырын төгілсін.

  • Мен спорт аяқ-киімімнің баулары шимайланып қалсын.

  • Менің курткамның , сөмкемнің замогы сынып қалсын.

Балалар ант қабылдайды.


І жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

Қоштасу вальсі

ІІжүргізуші: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып ,мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді- деп Бахыт Кайкенқызына сөз береміз


Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


2 жүргізуші: Оқушыларымызға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.

хормен Қош бол, балғын балалық

Қош бол, сүйікті бастауышым !


Ән: «Бастауыш мектепен қоштасу»

І жүргізуші: Осымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
1086
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі