ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«Ә. ЖАНКЕЛДИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
АВТОРЫ: Үттібаева Әсемай
СЫНЫБЫ: 7 сынып
ЖОБА АТАУЫ: «Аты аңыз болған қарт Каспий»
СЕКЦИЯСЫ: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану
ЖЕТЕКШІСІ: Есиркепова Нуржамал
БЕЙНЕУ 2018 ЖЫЛ
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
«Ә. Жанкелдин атындағы орта мектебі»
КММ –сінің 7 сынып оқушысы Үттібаева
Әсемайдың «Аты аңыз болған қарт
Каспий » атты зерттеу жұмысына
Пікір
Үттібаева Әсемай мектебіміздің үлгілі оқушыларының бірі. Мектепте,
ауданда, облыста өтетін шараларға белсене қатысып жүлделі орындарға ие
болып жүрген оқушы. Тарих секциясы бойынша «Аты аңыз болған қарт
Каспий » шығармашылық ғылыми жобада оқушы алдына қойған мақсатын
толық орындаған.
Оқушы мәліметтермен қоса суреттер және өз ойларын қосу арқылы
тақырыпты байытқан. Сонымен қатар Каспий теңізінің ескі атаулары туралы
көптеген тың мәліметтер жинақтаған.Оқушы тек кітаптар мен мерзімдік
басылымдармен шектеліп қана қоймай, басқа да тың мәліметтермен өз
жұмысын толықтырған. Зерттеу туралы баяндамалар мен суреттерді
топтастырған. Бұл оқушының алғырлығы, ізденпаздығы, ой ұшқырлығы
үлкен жетістіктерге жетелейді. Оқушы осы «Аты аңыз болған қарт Каспий »
зерттеу жобасын әрі қарай дамыта отырып келешек жас ұрпаққа жетте
түсіндіру жолында өз жұмысын жүргізе береді деген сенімдемін.
Жетекшісі: Есиркепова Нуржамал Андирбаевна
Мектеп директор: Ізбасаров Жомарт Шомақұлы
Аннотация
Зерттеудің тақырыбы: «Аты аңыз болған қарт Каспий»
Зерттеудің мақсаты: 1.Қазақ жеріндегі жер су атаулары мен өзен, көл
атауларының шығу тарихын зерттеу. Ру, тайпа, халық атауларына қойылған атаулар, кісі есімдерімен байланысты жер су атаулары және араб, иран, монғол тілінен енген жер су атауларының шығу тарихы туралы мәліметтер жинақтау.
2. Жер су атауларының ерекшеліктерін анықтай отырып зерттеуге өз үлесімді қосу.
3.Еліміздегі жер су атауларының шығу тарихының ерекшеліктерін халыққа таныстырып, келешек ұрпаққа насихаттай отырып Отанын,туған жерін қадірлеп, қастерлеуге баулу.
Зерттеудің кезеңдері: 1. Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау.
2. Мектеп және ауыл кітапханасымен байланыс
жасау.
3.Тақырып бойынша жинақталған мәліметтерді
жинақтау.
Зерттеу жұмысының жаңалағы: Каспий теңізінің атаулары әр түрлі тарихи
кезеңде өзгеріске ұшырап түрлі атауға ие болғандығы анықталды. Каспий теңізінің атаулары ру, тайпа, елді мекендердің, ірі қалалардың атауларымен аталғаны дәлелденді.
Зерттеу жұмысының ұсынысы: Еліміздегі елбасының бастамасымен
басталған «Рухан Жаңғыру» бағдарламасының аясындағы 100 жетекші оқулық аудармасы – бәсекеге қабілетті Қазақстанның болашақ ұрпағын қалыптастыруда нақты қадам болып табылады. Осы бастаманы негізге ала отырып өз зерттеуімдегі Қазақ жеріндегі жер су атауларының аттарының басым көпшілігінің мән - мағнасы түсініксіз, немесе көмескі тартып, шығу тарихы туралы, қазақ тілінде нақты деректердің болмауына байланысты, жер су атауларының мән -мағнасы түсініксіз болып келетіндігі анықталды.Осыған орай жер су атауларының шығу тарихы туралы қазақ тілінде оқушыларға қосымша мәлімет беретін оқушы анықтамасы немесе жеке кітап болып басылып шықса.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы. Каспий теңізінің түрлі
атаулары мен зерттеушілердің еңбектерінде келтірген деректер туралы мәліметтер топтастырылып жинақталды.
Аннотатция
Тема исследования: « Старый Каспий, имя которого стал легендой »
Цели исследования: 1. Иследовать итотические рек и озер казакской
земли. Народные названия именами родов и племен.
Названия названные именами людей. Названия на древентюркском и казакском, и арабском и иранском языках.
Собрать и исследовать материялы о названиях рек и озеров вошедшие из монголского языка.
2. Внести свой вклад в исследовании особенностей названий рек и озер.
3. Ознокомит и пропогандировать исторические названия рек и озер нашей стран, воспитать у подрастающего пакаления уважене и преданносить родине, иумение почитать ее.
Этапы исследования: 1. Сбор матириалов по названной выше теме.
2.Теснам связь со школьной и сельской библиотекой.
3. Корцентрирование собранных материалов по теме.
Новизна исследовательской работы: Выявлены старые названия Каспия,
которые были обречны историческим изменениям. Даказно что названия Каспия были названы толко именами городов и сел, родов и племен.
Придложение работы исследования: По инициативе Президента страны
100 ведущих учебников в рамках программы Руанского возрождения - это реальный шаг на пути формирования будущего поколения конкурентоспособного Казахстана. Основываясь на этой инициативе, выяснилось, что большинство названий наименований земель на казахской земле непонятно или неопределенно известно об истории происхождения, отсутствии реальных данных на казахском языке, о значении названий земель неясно. В связи с этим, Название источника названий печатается на казахском языке как ссылка ученика или личная книга, которая дает ученика дополнительную информацию.
Результат и завершение исследования: В отличие от Каспийского моря
данные,собранные в названиях и исследователей, были сгруппированы вместе.
Аnnotation
The topic of the research: "The legendary old Caspian"
Purpose of the research: 1. Land in the Kazakh land, water and river, lake
research history of the names. Collection of information about the names of the tribes, tribal names, names of people, place names associated with their names, and the origin of land names from Arabic, Iranian, Mongolian languages.
2. Contribute to the study of land water features.
3. Promote the respect for the motherland and its place of honor by introducing the features of the origin of land names in our country and advocating the future generations.
Stages of research: 1. Collection of information on the topic.
2. Communication with the school and village library
to create.
3. Collected data on the subject
summarize.
The novelty of the research: The names of the Caspian Sea are different
It has been discovered that he had a different name during the period. The names of the Caspian Sea are named after tribes, tribes, settlements and large cities.
Proposal for research: By the initiative of the President of the country
100 leading textbooks in the framework of the Ruhan Revival program - is a real step towards forming a future generation of competitive Kazakhstan. Based on this initiative, it was found out that the majority of names of the names of land names in the Kazakh land are incomprehensible or uncertain about the history of the origin, the absence of real data in the Kazakh language, the meaning of land names is unclear. In this regard, The name of the origin of the titles is printed in the Kazakh language as a pupil's reference or a personal book that gives students additional information.
Result and conclusion of the research: Different from the Caspian Sea
data collected in the titles of researchers and researchers have been grouped together.
Кіріспе
Қазақ халқы –жер су атауларын әр қашан сол ортаның сыр - сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай да бір өлкеге барсаң жер, су жапан түзде кездескен кішкене бұлақтың атының өзінде қаншама ашылмаған мән-мағна, шешілмеген құпия сыр жатады Өткен дәуірлерде Қазақстанның табиғаты мен климаты кәзіргіге қарағанда әлде қйда дымқыл өзен, көлдердің суы мол болған. Бертін келе дымқыл климаттың орнына неғұрлым құрғақ климат қалыптасып, өзен, көлдердің суы тартыла түсті. Бұл күнде Қазақстан жерінде барлығы 85 мыңға жуық өзен мен 48 мың-нан астам көл бар. Өзендердің 90 пайызының ұзындығы 10 км-ге жетпейтін кішігірім өзендер. Көлдердің ішінде аумағы 100 км-ден асатын 21 көл бар. Көлдердің жиілігі оңтүстіктен солтүстікке қарай артады. Көлдер пайда болу ерекшелігіне қарай алуан түрлі. Әлемдегі көлемі жағынан ірі көлдер біздің елімізге тиесілі.Олар Каспий, Арал, Балқаш және т.б.Бұған қоса сан мыңдаған бұлақтар мен жылғалар да бар. Олардың әр қайсысының атауы бар, әрбір атаудың өзіндік тарихы бар. Олардың ішінде сыры ашылмаған, мағнасы белгісіз атаулар да аз емес. Қазақстандағы өзен, атауларының біразы қазақ халқының құрамындағы ру, тайпа аттарымен және олардың республика территориясындағы миграциясымен тығыз байланысты.
Тарихи көне дәуірлерден белгілі көптеген ру, тайпалардың атаулары жер су атауларында сақталып қалған. Осындай атаулардың бірі әлемдегі ең үлкен көл Каспий көлінің атауы.Казіргі таңда теңіздің түрлі кезеңдерде, тарихи деректерде, келтірілген мәліметтердегі атауларының саны шамамен 70 –тен астам.
9
Негізгі бөлім
Түрлі тарихи кезеңдерде тайпалар мен халықтар белгілі бір территорияда бірін-бірі алмастырып,өзгеріп отырады, алайда олар тарихтан ізсіз жоғалып кетпейді. Ол тайпалар мен халықтардың тілдік белгілері өздері мекендеген жердегі географиялық атаулар арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жетіп отырған. Қазіргі жер су атаулары әр түрлі ру, тайпа аттарының шет ел атауларының кездесуі осыны аңғартады. Қазақстан территориясындағы өзен көлдердің атауларында араб, иран монғол, орыс тілдерінен енген сөздер мен қазақтың байырғы ру, тайпаларының аттары, және адам аттары жиі кездеседі.Көпшілік атаулар өзен көлдердің өзіндік ерекшелігіне, яғни түр-түсіне, науалар дүниесіне, сан мөлшеріне, географиялық орнына т.б көптеген белгілеріне байланысты айтылады. Ұлан -байтақ алқапты алып жатқан, табиғаты сан қилы болып келетін өлкеміздің жер-суына ерте заманнан бері сан алуан атаулар қойып,олар түрлі тарихи кезеңдерде өзгеріске ұшырап отырды.Ұланғайыр алқапты мекендеген қазақ халқының негізін құраған ру, тайпалар мал бағумен айналысып көшпелі өмір кешкен. Сондықтан олар кең даланың табиғат ерекшеліктенрін, әр төбенің, әр жыраның өзіндік сипатын тани білген және көшпелі өмірде оны жер жағдайын анықтайтын белгілерін де пайдаланған. Осындай жер су аттарының өзінен –ақ көп жағдайда ол маңның жер бедерінен, жануарлары мен өсімдіктер дүниесінен, климатынан, табиғат байлықтарынан көп мәлімет алуға болады. Мысалы жануарлар атымен байланысты Арқаралы, Бүркітті, Бөрілі және т.б. ал өсімдік атауымен байланысты Қайыңды, Доланалы, Қоғалы т.б. атаулар,Жезқазған, Кентау, Мұнайлы т.б. атаулар болса геологиялық сырын ашады. Ал енді бір атаулар белгілі бір оқиғалармен байланысты болады, Шаласүрген, Қалмаққырылған, Түйекеткен және т.б. Мұндай атаулардың мән –мағынасын ашып анықтауда оны жан-жақты
10
салыстыра зерттеуді қажет етеді. Қазақстан жеріндегі өзен, көл атауларын лексикалық құрамына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
-
Ру, тайпа, халық аттарынан қойылған атаулар.
-
Кісі есімдерімен қойылған атаулар.
-
Көне түрік тілінен енген атаулар.
-
Араб, иран тілінен енген атаулар.
-
Монғол тілінен енген атаулар.
Каспий неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді.Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Қаспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км 2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр.Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері -435 км, ал енсіз жері -193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы -7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауы шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстанның үлесіне -29 % (2340км ), Ресей - 9 %, Әзірбайжан -20 %, Түрікменстанға -21 %, Иран Ислам Республикасына -14% тиесілі. Каспий теңізіне 130 –ға жуық өзенднр мен ағынды сулар құяды.Олардың теңізге құятын жиынтық ағын жылына ораша есеппен 300 км 3. Осы мөлшердің 80% Еділ өзенінің, 5% -ы Жайықтың үлесіне тиесілі. Ағынның 10-10 % -ын Батыс жағалауындағы өзендер Терек, Сулақ, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5 % -ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауында тұрақты өзендер жоқ. Каспий теңізі орасан зор аймақты алып жатқандықтан оны «теңіз» деп те атайды, әйтпесе географиялық табиғатына қарай ол –көл. Өйткені Каспий ешқандай мұхитпен тікелей байланыс жасамайды.[1сурет] Жер бетіндегі ең үлкен көл, көл көлемінің осындай үлкендігіне қарай оны «теңіз» деп атап кеткен.
11
Каспий теңізінде таусылмас мол қазына , ұшан –теіңз байлықтың қоры бар. Оның суында дүние жүзіндегі бекіре тұқымдас балықтардың (осерт) 80 пайыздан астамы шоғырланған. Мұнда минералды тұздар мен Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді түгел дерлік кездеседі. Каспий теңізі саяхатшылар мен ғұламалардың назарын өзіне ерте кезден –ақ аударған. Тарихи көне дәуірлерде Каспий теңізінің жағалауын түрлі ру мен тайпалар мекен еткен,олар бірін-бірі алмастырып отырған. Осыған орай әр елден сапар шеккен саяхатшылар мен зерттеушілер Каспийге өзінше ат қойып отырған. Сосындай атаулардың саны елуден астам. Басқа да бір деректерде 70-тен астам. Каспий теңізі жайлы ең алғаш деректерді біз ертедегі грек және рим ғалымдарының еңбектерінде кездестіреміз. Көне дәуірлерден жеткен деректерде бұл теңіз екі атаумен Каспий және Гиркан деп аталады.Ертеде теңіз жағалауын Гиркания елі мекендеген. Гиркания атауы сонымен байланысты қойылған. Парсы тілінде Гиркания–«қасқырлар жері», «қасқырлар мекені» деген мағнаны білдіреді. Каспий теңізінің бұл атауы шамамен б.з. I ғасырына дейін қолданыста болған. Каспий теңізі туралы алғашқы нақты мәліметтерді «тарихтың атасы» атанған грек ғалымы Герадот (б.з.д. V ғ.) айтты. [2 сурет] «Каспий теңізі –басқа теңібен жалғаспайтын, өзінше бөлек, дербес теңіз. Ескекті кемемен жүзгенде оның ұзындығы 15 күндік, ені ең кең жері 8 күндік » деп жазады.
[1.3 сурет] Шығыс зеттеушілерінің деректерінде Сыдық Исфаганның деректерінде Каспий теңізі Абескун теңізі деп те аталған. [1] Абескун деп аталуының себебі Каспий теңізінің жағалауын XIV ғасырларда теңіз түбіне кеткен Абескун қаласының және Абескун аралының атымен байланысты. Ал орта ғасырлардың басында Каспийге жетіп, маңындағы тайпа,елдермен танысқан араб саяхатшылары теңізге Хазар деген ат береді.
12
[4 сурет] Теңіздің солтүстік батыс жағындағы Волга, Дон, Терек өзендерінің
аралығын ерте дәуірлерден бері куатты да айбынды Хазар мемлекеті мың жылдай өмір сүреді. Оның астанасы Итиль деген қала болады. Кейбір деректерде Хазар қағанаты 659 жылы құрылды деп көрсетеді. Алайда V ғасырда өмір сүрген армиян тарихшысы Мойсей Хоренскийдің «Армиян тарихы» атты еңбегінде хазарлар және олардығң қағандығы жайлы баяндайды. Ал VII ғасырда өмір сүрген албан тарихшысы М. Утийскийдің «Албандар тарихы» атты кітабында хазарлар VI ғасырдың 552 жылы Албанияға басып кірген сөйтіп, «еліміз хазарлардың үстемдігіне тап болды» деп жазады.[2] Көрнекті түріктанушы ғалым Лев Николаевич Гумилевтің «Хазарияны тану» немесе «Қиял патшалығын іздеу» деп аталатын еңбектерінде Хазария елі б.з.618- жылдар аралығында өмір сүрген деген дерек келтіреді.[5сурет] Кейбір деректерде XIII ғасырдың аяғына қарай бүкіл Хазар жері Волга мен Каспий теңізіні астында қалған. Ал аман қалған халықтардың бір бөлігі ислам дінін қабылдап , ауып келген халықтармен араласудың нәтижесінде Астрахан татарлары пайда болған. Ал христиан дініндегі екінші жартысының көп жылдар бойы Волга мен Дон аралығындағы дала помещниктерінен қашқан орыс шаруаларымен араласуы негізінде казактар пайда болған деген болжам бар. (Зерттеушілер казак сөзі хазар сөзінен қалыптасу да мүмкін деген болжам айтады). «Волга Атлантидасы» деген атқа ие болған Хазария қағанаты толығымен су астында қалады. Л.Н.Гумилев Волга өзені мен Каспий теңізінің түбіндегі архиологиялық зерттеулердің қалдықтарын тапты. Л.Н.Гумилев келтірген деректерде алып Хазар қағанатының түбіне жеткен саяси- әлеуметтік апат та, әскери соғыс та емес табиғаттың зұлмат күші болып шығады. Л.Н.Гумилев бұл болжамдары Кеңес үкіметі тұсында тосын болып көрінеді.[3] Каспий теңізінің Хазар теңізі деп аталған уақыты шамамен II-X ғасырлар аралығы.Тағы айтарлық жай Еуропада ұлы өзендердің бірі –Волга
13
орта ғасырларда Итиль деп, ал одан бұрынғы көне дәуірлерде Птолемейдің еңбегінде фин сөзімен Ра деп аталған. Орта ғасырлық ғалым Махмут Қашқарийдің «Түрік тілдерінің сөздігінде» Етил ( Эті) –қыпшақ еліндегі Бұлғар теңізіне құятын өзен деп көрсеткен. [6 сурет] Яғни орта ғасырларда Каспий теңізі Бұлғар теңізі деп аталған. Тарихи деректерде VIII-XIII ғасырлар аралығында Алтай мен Еділ өзендеріне дейінгі территорияны мекендеген Қыпшақ мемлекетінде Каспий теңізі Бұлғар теңізі деп аталған болуы мүмкін. Бұл атау теңіз жағалауындағы орта ғасырлық тайпа немесе қала атауымен байланысты.Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы ежелгі Бұлғар хандығының және сол халықтың атауымен байланысты Каспий теңізі Бұлған теңізі деп аталған болуы керек.
[7 сурет] 134-1377 жылдар аралығында өмір сүрген Марокколық саудагер көпес,әрі саяхтшы Ибн Баттутаның «Ибн Баттутаның саяхаты туралы» кітабында оның Персия, Сирия мен Кіші Азияны одан әрі Қара теңізді кесіп өтіп, құрлықпен жүре отырып Еділ бойымен Кама өзенінің сағасына көтеріліп, мұндағы Алтын Орданың маңызды сауда орталығы Бұлғар қаласына келіп жеткеі туралы және «Түнек елінде» елтірімен сауда жасау марокколық көпеске қауіп төндірді әрі табысы аз болды, сөйтіп ол одан әрі солтүстікке сапар шегеді деп жазған.[8 сурет] Ибн Баттутаның жазбаларындағы Бұлғар қаласының орта ғасырларда ірі сауда орталығы болғандығы туралы нақты дерек келтірген. [9 сурет] Орта ғасырлық ғалым Махмут Қашқаридың «Түрік тілдерінің сөздігі» атты еңбегіндегі Бұлғар атауы осымен байланысты болуы мүмкін.Каспий теңізі ертедегі орыс жылнамаларында Волга өзенінің сағасын қоныстанған Хавал халқының атымен байланысты Хавал теңізі деп те аталған. Кейбір деректерде Хавал атауы X- XIII ғасырлар аралығында қолданыста болды десе, енді біреулерінде X-XVII ғасырлар деп көрсетеді. Хавл сөзі ежелгі орыс халықының қойған
14
атауы. Ежелгі Хорезм мемлекетінің тұрғындары Каспий теңізінің жағалауындағы ірі сауда орталықтарына хавалс әкеліп сататын болған, осыған байланысты орыстар оларды хавалын халқы деп атап кеткен. [10 сурет] Хавалн теңізінің атауы орыс карталары мен кітаптарында XVIII ғасырдың басына дейін орын алып келген. XVI ғасырда патшалық құрған IV Иванның тұсында бүкіл орыс жерінің картасы – « Үлкен Чертеж» жасалып, оған жазбаша түсініктеме – «Үлкен Чертеждің кітабы» жазылды. Онда «Хавалын теңізінен Көк теңізіне дейін тура күн шығысқа қарай 250 шақырым» деп көрсетеді. Мұндағы көк теңізі дегеніміз Арал теңізінің бір атауы.
Атақты Венеция саяхатшысы Марко Поло (1254-1324ж.ж) сол кезде аз зерттелген Азияны алғаш шарлаған саяхатшы ретінде тарихқа енген. [11 сурет] Ол шығыс мемлекеттері мен халықтарын дәл және егжей – тегжейлі сипаттады әрі Еуропа үшін құпияға айналған Қытайды ашты. «Марко Полоның кітабі» атты еңбегінде Армиян, Грузия, Иран, Үндістан т.б елдегдің географиясы,этногарфиясы, тарихы бойынша құнды дерек көзі болып табылады. Марко Полоның осы еңбегінде Каспий теңізінің Волганың төменгі ағысында орналасқан сол кездегі Алтын Орданың астанасы Сарай қаласының атымен Сарай теңізі деп атаған. Алтын Орда орта ғасырлардағы ең ірі империялардың бірі болған.Оның негізін салушы Шыңғыс ханның немересі Батый хан. Алтын Орда хандығы XVI ғасырда пайда болған. [9сурет] Каспий теңізі кей деректерде Баку теңізі деп те аталады. Баку деген атау орта ғасырдан бұрын белгілі болған. Шиван қазіргі кезде Кавказ тауының бір шатқалының және Азербайжандағы Каспий жағалауындағы бір қаланың атауы. Баку қаласы Шиван мемлекетінде I Ахситан хан тұсында астана мәртебесіне ие болған. Баку қаласы 1501 жылдары Иран мемлекетінің құрамында,1570 жылдары Осман империясының қарамағында, 1607 жылы қайтадан Иран елінің қарамағында болса, 1725 жылдары Ресей қарамағында болған. Баку қаласы қазіргі таңда Азербайжан Республикасының астанасы.
15
Марко Полоның Каспий теңізіне қойған бұл атаулары оның еңбектері арқылы бүкіл Батыс Еуропаға белгілі болды. Каспий теңізінің XV ғасырда солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен орыс көпесі Афанаси Никитиннің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» атты кітабында Каспий теңізі Дербент теңізі деп те аталған. Бұл атау Каспий теңізінің батыс жағалауындағы ірі порт Дербент қаласының атымен байланысты қойылған еді. Дербент – қыпшақтардың орта ғасырдағы Жібек Жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған қалалардың бірі. Дербент атауы парсы тілінде «Түйінді қақпа», «Қақпалар құлыбы» деген мағна білдіреді. Арабшадан аударғанда Баб әл –Аббаб – « Қақпалардың қақпасы». Ал түрікше Темүр –қахалға – «Темір қақпа», «Темір қалқа» болса керек. Шындығында да, тас түйін, темір өткел. Тау мен теңіз аралығындағы екі жарым шақырымдай бойлап, тереңге табан терейді, де екінші қанаты тауға өрмелеп барып,сеңгір шыңдарға ұласты. Жағалық жазығы солайымен қамтылған айналасы алты шақырымдай ғана. Төркіл қорғанның созылыңқы екі қапталының бірі түстікке, екіншісі терістік бетке қарайды, ұзындығы екі жарым шақырымдай, ені 350-450 метр аралық қысаң ауамқта биік төбешікке асылған дербес қорғаны бар және әскер тұрағы, әр түрлі үй жайы, қажетті құрылыстарды қамтитын шахристан орналасқан. Қамалдың үш жарым метірлік қабырғасы мұқият қашалған, кесек текше тастардан қаланған. Биіктігі 20 метірге таяу. Бұрышта оқ шалым тұстарда еңселі мұнаралар болған. Қамалдың бірнеше қақпалары болған. Өз кезінде Еуропа мен Азияны түгелге жуық шарлаған Рубрук Қара- қорым қорғанынан соң, еліне қайтар жолда осы Темір қақпадан өтіп, тас қалмалдың айрықша тұрпатына қайран қалған екен. Арғы заманнан – ақ әлемге әйгілі, ал бүгінде Дағыстан шегінде тұрған бұл қамалдың мың жарым жылдан соңғы, қазіргі көрінісінің өзі айрықша әсем, әрі сұсты. Дербент атауы орта ғасырлық араб саяхатшыларының кейбір деректерінде Каспий теңізінің Дербент жағалауы деп те айтылған.
16
Каспий теңізі кезінде Астрахан теңізі деп те аталған. Астрахан - тарихта XII ғасырдағы белгілі қаланың аты. Ол хазарлардың Итиль қаласына жақын жерде орналасқан. 1333 жылы Астрахан қаласында болған араб саяхатшысы Ибн – Баттута қаланың атына түсініктеме береді. Астрахан – түрік тіліндегі қажы, тархан деген сөздердің бірігуінен қалыптасқан. Қажы – Меккеге қажылық етіп барып қайтқан діни адамға берілетін ат, ал тархан алым- салықтан босатылған адамның лауазымы. Астрахан хандығы –Алтын Орда ыдырағағаннан кейін пайда болған дербес мемлекеттердің (1465- 1556 ж.ж.) бірі. Тақ үшін күресте Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмут (1459-1465 ж.ж) ата - бабасының иелігі Қаржы Тарханға (Астраханға) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспий теңізінің солтүстік батыс жағалауы, төменгі Еділбойы, Солтүстік Кавказ енеді. Халқы 100 мың адам шамасында болды, түрік тілдес тайпалардан тұратын көшпелі мал шаруашылығымен, аң аулау,тұз өндіру, қолөнер, Бұлан бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Казанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Азербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланысын орнатты. Билеушілері Жошының кіші ұлы Тоқа Темір ұрпақтары болды.Астрахан ханзадалары Казан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан Қаржы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. 1492 жылы Қаржы Тархан қаласын Сібір билеушісі Айбеке хан басып алады. Үлкен Орда, Ноғай Ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. XVI ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алады. Осы сияқты түрлі тарихи кезеңдерде қала атауымен, ру, тайпалар мен халықтың атауымен аталған Каспий теңізінің бірнеше басқа да атаулары бар. Осынау сан –алуан қосалқы атаулармен қатар бұл ұлы көлдің ерте кезден бері Каспий деген аты да қалмай келеді. Әуелі бастан Каспий, Гиркан атаулары
17
қолданған болса, кейінірек карталарда Каспий атауы жиі жазылатын болдыда,
Гиркан және тағы да басқа атаулар біртіндеп қолданудан шыға бастады. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропада теңіздің атауы Каспий деген атпен белгілі болды. Ал Ресей бұл атауды картаға I Петр патшаның тұсында енгізді.Оның бұйрығымен 1715-1720 жылдары теңіз жағалауы суретке түсіріліп, есепке алынып, 1720 жылы теңіздің тасқа басылған алғашқы дербес картасы жасалып шықты. I Петр оны Париж ғылым академиясына табыс етіп, карта француз ғалымдарының өте жоғары бағасына ие болды. Осы тасқа басылған картада теңіздің аты Каспий деп жазылған. Осыдан бастап теңіздің Хавалнын деген аты қолданыстан бір жола шығып қалды. Ерте заманда Каспийдің оңтүстік-батыс жағалауында негізінен жылқы шаруашылығымен айналысқан каспи тайпалары мекендеген. Бұл тайпаның осылай аталуына оның ең үлкен жабық су қоймасы-Каспий көлінің жағалауын мекендеуі себеп болса керек. Біздің теңізіміздің алғаш Каспий аталуы араб деректерінде де кездеседі. Тарихшылар б.д.д. ІІ мыңжылдықта каспи тайпалары «Каспиана» деп аталатын дербес мемлекетте өмір сүрген деп тұжырымдайды. Кейіннен олар өзінің мемлекеттік күші әлсіреген соң Албанияның қарамағына кіріп, оның бір аумағы болған. Уақыт өте келе каспи тайпалары албан халқымен, кейін әзірбайжандармен араласып, сіңісіп кетеді. Ежелгі халық тарих сахнасынан жоғалғанмен, ол туралы аңыз мәңгіме сақталып қалды.Сол аңыздардың бірінде бұл халықтың өте айбынды, жауынгер халық болғаны жайлы айтылады. Оларды Солтүстік Әзірбайжанның стратегиялық пункті Дербентті қорғайтын «Каспий қақпасын қорғаушылар» деп атаған. Антикалық авторлар бұл халық Ксеркстің парсылар әскері құрамында (б.д.д. Vғ.) соғысқаны туралы жазған. Сөйтіп Каспий теңізінің қазіргі атауы оның жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар атауынан алынғаны белгілі болды.
18
Осы жауынгер ер жүрек халықтың атымен олар жаулаған жерлер мен
теңіз жағалаулары да сол халықтың атымен аталған. Сол себепті де ұлы теңіз «Каспий теңізі» деп аталып кеткен.
19
Қорытынды
Бұл күнде Қазақстан жерінде барлығы 85 мыңға жуық өзен мен 48 мың-нан астам көл бар. Олардың әр қайсысының атауы бар, әрбір атаудың өзіндік тарихы бар. Осы сияқты түрлі тарихи кезеңдерде қала атауымен, ру, тайпалар мен халықтың атауымен аталған Каспий теңізінің бірнеше басқа да атаулары бар. Осынау сан –алуан қосалқы атаулармен қатар бұл ұлы көлдің ерте кезден бері Каспий деген аты да қалмай келеді.Әуелі бастан Каспий, Гиркан атаулары қолданған болса, кейінірек карталарда Каспий атауы жиі жазылатын болдыда, Гиркан және тағы да басқа атаулар біртіндеп қолданудан шыға бастады. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропада теңіздің атауы Каспий деген атпен белгілі болды. Ерте заманда Каспийдің оңтүстік-батыс жағалауында негізінен жылқы шаруашылығымен айналысқан каспи тайпалары мекендеген.Сөйтіп Каспий теңізінің қазіргі атауы оның жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар атауынан алынғаны белгілі болды.Ежелгі және Орта ғасырлық географиялық карталардан-Абескун, Дайлам, Кользум, Сихай, Күшік теңіз, Мазандаран, Гилян, Сирия, Парсы, Пехливан, Баку, Астрахань, Сальян, Ширван, Муган, Албан, Казвин, Сарай, Табасаран атаулары кездеседі. Осының бәрі де бір ғана Каспий теңізіне байланысты атаулар болатын. Осы атаулардан басқа да сыры ашылмаған басқа да атаулар бар. Келешекте осы сыры ашылмаған атаулардың мән- мағынасын зерттеп жұмысымды ары қарай жалғастырамын. Жұмысымды қорытындылай келе зерттеуімдегі Қазақ жеріндегі жер су атауларының аттарының басым көпшілігінің мән - мағнасы түсініксіз,немесе көмескі тартып, шығу тарихы туралы, қазақ тілінде нақты деректердің болмауына байланысты, жер су атауларының мән -мағнасы түсініксіз болып келетіндігі анықталды. Осыған орай жер су атауларының шығу тарихы туралы қазақ тілінде оқушыларға қосымша мәлімет беретін оқушы анықтамасы немесе жеке кітап болып басылып шықса.
20
Қосымшалар

1 сурет 2 сурет 3 сурет Герадот

4 сурет Герадоттың 5сурет Л.Н.Гумилев 6 сурет «Тарих» атты еңбегі

7 сурет М. Қашқари 8 сурет 8.1 И.Батуутаның саяхаты

9 сурет А лтын Орда 10 сурет Булгар хандығының
территориясы территориясы

11 сурет Хорезм мемлекетінің территориясы
Мазмұны:
I.Кіріспе .......................................................................... 9 бет
II. Негізгі бөлім ............................................................. 10-19 бет
III. Қорытынды .............................................................. 20 бет
IV. Пайдаланған әдебиеттер .......................................... 21 бет
V. Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Балалар энциклопедиясы ........................................... 128-210-306 беттер
2. Д. Жүнісов «Өзен, көл атаулары»......................... 3-13 беттер
3.Л.Н. Гумилев «Қиял патшалығын іздеу» .................. 34-46 беттер
4.Г. Мұқамметқали қызы «Ертедегі грек авторларының ұлы дала туралы»
72-78 беттер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аты аңыз болған қарт каспий

шағым қалдыра аласыз