Авогадро заңы. Молярлық көлем.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авогадро заңы. Молярлық көлем.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Зат мөлшерінің, мольдің, Авогадро заңының, газдың молярлық көлем анықтамасын біледі, формуласын жаза алады . 2. Зат мөлшерінің, Авогадро заңының, газдың молярлық көлемін не үшін қолданатынын түсінеді,есептер шығаруда қолдана алады. 3.Формулаларды түрлендіріп, күрделі есептер шығара алады. Өз бетімен есеп құрастыра алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: химия

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп: Түркістан облысы Қазығұрт ауданы үш тілде оқытатын мамандандырылған «Дарын» мектеп - интернаты


Күні:

Мұғалімнің аты жөні:Имадуллаев О.Р


Сынып: 8

Қатысушылар:

Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

Авогадро заңы. Молярлық көлем.


Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану


Сабақ мақсаты

1. Зат мөлшерінің, мольдің, Авогадро заңының, газдың молярлық көлем анықтамасын біледі, формуласын жаза алады .

2. Зат мөлшерінің, Авогадро заңының, газдың молярлық көлемін не үшін қолданатынын түсінеді,есептер шығаруда қолдана алады.

3.Формулаларды түрлендіріп, күрделі есептер шығара алады. Өз бетімен есеп құрастыра алады.


Бағалау критерийі

- Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде Мольді анықтайды және Авогадро санын есептер шығаруда қолданады.

- Көлем мен молярлық көлемді ажырата алады.

- Газдарға қатысты есептер шығара алады.


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: моль дегеніміз-........,

қ.ж. көлем дегеніміз-...........,

салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз-..........

Негізгі сөздер мен тіркестер: Моль,Авогадро саны,газдардың молярлық көлемі.

Сыныптағы диалог/жазылым/ үшін пайдалы тілдік тіркестер:Авогадро заңы дегеніміз не? Молярлық көлемді қолданып есептеу


Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын басшылыққа ала отырып, есептерді шешу арқылы шағын топтарда диалогқа түсіп, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру.


Пән аралық байланыс

Физика- газ заңдары

Математика-сандық есептер


Алдыңғы білім

7.1.2.1Атомдар және молекулалар айырмашылығын сипаттау

7.1.2.12 Зат формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу














Сабақ барысы


Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут




Үй тапсырмасын сұрау

8 минут




Топтастыру


Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығына мән беру, балалардың көңіл-күйін анықтау;

Психологиялық жағымды ахуал тудыру. «Шаттық шеңбері» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, ортаға біреу шығып айнаны қолына алып, бір сыныптасының атын атайды оқушылар сол аталған баланың бір ауыз сөзбен жақсы қасиеттерін айтады.Солай кезек-кезек жалғастырады.

Сол тұрған бойымен 1-2-3-4 саналып топқа біріктіріледі.

Оқушылар топқа біріктіргеннен кейін әр топтан топ басшысын сайлайды


«Кім жылдам» әдісі арқылы үй тапсырмасын әр топқа деңгейлік тапсырма беру арқылы сұраймын

1 –деңгей тапсырмалар. Химиялық элементтердің олардың таңбаларын оларға сәйкес келетін қазақша және латынша атауларымен сәйкестілігін табу

1. Сu темір cupprum

Fe сынап hydrargyrum

H сутек hudrogenuim

Hg мыс ferrum

2-деңгей тапсырмалар. Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массасын есепте?

Мr (СаО)= Мr (BaSО4)= Мr (P 2О 3)= Мr (КМnO4)=

3 –деңгей тапсырмалар. (әр топқа бір есептен беріледі)

    1. 16г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?

    2. Нәтижесінде 2 моль оттек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?

    3. Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

    4. 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?


ҚБ «Бас бармақ» әдісімен













А4 парақ тары















Кеспе материалдар




Сабақтың ортасы

5 минут



Білу









Түсіну

3 мин


























12 мин































3 мин


Жаңа тақырыпқа шолу. Мұғалімнің түсіндірмесі. «INSERT» әдісі бойынша Оқушыларға физика курсында қаралған газ заңдарын еске түсіру арқылы жаңа сабақты бастаймын.Газ заңдарының бірі- Авогадро заңы (1811ж).Қалыпты жағдайда кез-келген газдың көлемі 22,4 л/мольге тең (Vm). Көлемді анықтау формуласы V=n*Vm осы формуладан зат мөлшері n=V/Vm. Газ тәрізді заттардың массасы немесе молекула саны берілсе, алдымен сол заттың зат мөлшерін анықтап, көлемін есептейді. Газдардың салыстырмалы тығыздықтары арқылы газ тәрізді заттардың 1 молінен неше есе ауыр немесе жеңіл екенін және белгісіз газдың мольдік массасын есептеуге болады. D=M(газ1)/М(газ2) Осы формуладан мольдік масса М(х)=Д(в)*М(в) Қалыпты жағдайдағы тығыздық p=M/Vm. Осы формулалар көмегімен есептер шығарып, тапсырмалар орындайық.

1-тапсырма Сәйкестендіру тесті (жұптық жұмыс)

1) «Сәйкестендіру» әдісі. Жаңа тақырыптағы формула мен өлшем бірліктерді әйкестендіру

Авогадро саны

1 атм. р=101,3кПа

Мольдік көлемнің өлшем бірлігі

22,4 л/моль

Көлемді анықтау формуласы

6,02х1023

Қалыпты жағдай

л/моль

Қалыпты жағдайдағы көлем

V=n*Vm



Дескриптор:

1. Мольдің көлемнің формуласын, өлшем бірлігін біледі

2.Авогадро санының мәнін анықтайды 3.Қалыпты жағдайды өлшемін біледі

ҚБ «Ынталандыру, қолдау көрсету» әдісі


2-тапсырма «Зерттеушілік конференциясы» әдісі арқылы тапсырманы топта талдап, постер қорғау.(топтық жұмыс)

1-топ 1-мысал. Ыдысқа 2 моль азот сыйады.Ыдыстағы азоттың молекула санын, көлемін анықтаңдар. Кері есеп құрастыр.

2-топ 2- мысал. Стакандағы көмірқышқылының молекула саны 9,03х1023. Стаканда неше моль және қанша көлем көмірқышқыл газы бар. Кері есеп құрастыр.

3-топ 3- мысал. 88г иіс газының зат мөлшері мен көлемді анықта. Кері есеп құрастыр.

4-топ 4-мысал.89,6л азот диоксидінің массасын және молекула санын есепте. Кері есеп құрастыр.

Дескриптор:

  1. Газ тәрізді заттардың молекула, моль санын және көлемін анықтайды

2 Формуланы қолданып есептер шығарады

3 Кері есептерді құрастыруды үйренеді.

Постермен тақырыпты қорғайды .Топ мүшелерімен бірлесе орындалған жұмыстарды өзара стикерлер арқылы бағалайды

3-тапсырма «Дұрыс, бұрыс» ойыны (жеке жұмыс)

Берілген тапсырманың дұрыс не бұрыс екенін "+" «-» белгісі арқылы белгілейді

Тапсырмалар

Дұрыс

Бұрыс

1

Зат мөлшерінің өлшем бірлігі-г\моль



2

6,02х1023моль-1 Авогадро тұрақтысы



3

2моль суда 2моль сутек болады



4

Бөлшектер саны N= n х NА



5

Алюминий оксидінің молярлық массасы 43г\моль



6

98г\моль күкірт қышқылының молярлық массасы



7

3,01х1023молекула азоттың зат мөлшері 1моль




Дескриптор

1 Зат мөлшерін анықтайды

2 Қосылыстағы бөлшектер санын анықтайды

3 Қосылыстың молярлық массасын табады

ҚБ «Досыңды бағала» әдісі





Кітап

Интернет желісі



















Кеспе қағаздар























Флип чарт, маркерлер
























Кеспе қағаздар





























Сабақтың соңы

5 мин










2 мин

4-тапсырма «Есепте,ойлан» әдісі арқылы сабақты бекіту. Жек жұмыс Оқушыларға тақырыпқа сай формула көмегімен шығатын есептер беру.

  1. 1,5 моль сутегінің молекула санын анықта.

  2. Молекула саны 3,01*1023 тең неон газының көлемін есепте.

  3. Көлемі 44,8 л тең көмірқышқыл газының көлемін анықта.

Дескриптор

  1. Қосылыстардың зат мөлшерін,молекула санын және көлемді формула көмегімен есептеуді үйренеді.


ҚБ «Ауызша мадақтау» әдісі


  1. Кері байланыс «Ойды аяқта»

1.Бүгін мен білдім........

2.Мен үйрендім............

3.Қолымнан келеді.....

4.Қиындық тудырды......


Үйге тапсырма:§18 №2-5жаттығу

















стикерлер

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың қабілетін, қажеттіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беремін

  1. 112 г күкірт диоксидінің зат мөлшерін есептеңдер

  2. 49г диазот пентаоксидінің зат мөлшерін және молекула санын есептеңдер

  3. 3.Массасы 320г затта 2,804х1024 молекула болса,оның молярлық массасы қанша?

.■Ынталандыру, қолдау көрсету.

"Досыңды бағала" әдісі

Ауызша және жазбаша кері байланыс



Оқушыларға сабақ барысында сақталатын өмір қауіпсіздік негіздері мен техникалық қауіпсіздік ережелері туралы ескерту


Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?


Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.08.2018
7663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі