жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Автомобиль жол құрылысында тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру» тақырыбында мақала
Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасының
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»
мемлекттік коммуналдық қазынылық кәсіпорны
«Автомобиль жол құрылысында тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру»
тақырыбында мақала
Орындаған: «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығының студенті Жаңабай Нұрдаулет
Жетекші: арнайы пәндер оқытушысы Қамшыбаева Э.Р
Автомобиль жол құрылысында тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру
Жол құрылысындағы еңбекті қорғау нормаларын және ережелерін қадағалау, құрылыс жүргізетін ұйымның әкімшілігіне жүктеленеді. Оған тікелей басшылық жасау, бас инженердің міндеті. Ол ондағы орындалатын жұмыстағы еңбек қауіпсіздігі шараларын қадағалау және оны орындауға жағдай жасауы керек. Сонымен қатар жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің техника қауіпсіздігі ережелерін оқып білуіне, транспорттардың қауіпсіз жұмыс істеуіне, қауіпті зоналарды қоршап, оған қажетті нұсқалармен көркемделуіне тікелей басшылық жасайды.
Мұндағы орындалатын жұмыстардың техникалық қауіпсіздігін, үнемі бақылау және басқару үшін техника қауіпсіздігі инженері тағайындалады. Техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін қадағалау басқа да инженер-техникалық қызметкерлерге жүктеленеді. Участке бастығы, механик жұмыс алдында жұмысшылармен техника қауіпсіздігі жайлы инструктаж өткізеді. Жұмысшыларға жағдай жасайды. Жұмыс киімімен, қоршаушы инструменттермен, ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Алғаш рет жұмысқа келген жұмысшыларға инструктаж өткізіп, арнайы журналға толтырылады. Содан кейін тікелей жұмысына кіріседі. Тікелей жұмыс орнында мастер инструктаж өткізеді. Әр 6 ай сайын жұмысшылар жаңадан техника қауіпсіздігі жайлы инструктаж өтіп тұрады.
Еңбек жағдайын жеңілдету - өндірістің негізгі тапсырмасы. Еңбекті қорғау сұрағына көңіл бөлу және техника қауіпсіздік ережесін орындаудағы талап етуді арттыру барлық өндіріс бастықтарының күнделікті тапсырмасы болып табылады [1].
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін еңбек заңы әкімшілікке өндірістік жарақаттануды ескертетін және санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ететін, жұмысшылар мен қызметкерлерде кәсіптік аурулардың пайда болуына шек қоятын жаңа техника құралдарын енгізуді міндеттейді [2,3].
Қазақстан Республикасының заңнамасы барлық өндірістік ұйымдардың қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін қауіпсіз орындау мақсатында сәйкес дайындық пен білімділігін тексеруден өтуге міндеттейді. Төтенше жағдай - жағымсыз салдарға әкеп соқтыратын жоспарланбаған құбылыс. Техника қауіпсізідігінің барлық ережелерін және талаптарын білу өндірісте жұмыс істейтін әрбір жұмысшының міндеті болып табылады. Өндірістегі жұмыс істейтіндердің барлығы өндірісте жүргізілетін жеке жұмыстардың барлық түрімен қауіпсіз жұмыс тәсілдерін білуі керек. Өз жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігінің сақталу жауапкершілігі әр жұмысшыға жүктеледі.
Өндірістік жұмыстың нұсқамасымен танысқан және техника қауіпсіздігі бойынша дайындықтан өткен қызметкерлер ғана жұмысқа жіберіледі. Техника қауіпсіздігімен танысқандығы туралы құжат әр қызметкердің өз қол қоюымен дәлелденуі керек.
Жеке қорғаныс құралдарын қолдану талаптарының ережелерін білу және де қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызу үшін олардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Өндірісте жұмыс істейтіндердің барлығы алғашқы дәрігерлік көмекті көрсете алуы керек. Өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер өрт сөндіретін алғашқы құралдардың қайда тұратындығын, оны қалай қолдану керектігін және жедел жәрдем мен өрт сөндіру тобын шақыру ретін білуі керек.
Жол жұмыстары және өнеркәсіп өндірістерін қолдану барысында жұмысшыларға әртүрлі зиянды факторлар әсер етеді, олар уланудан және профессионалды ауруларға ұшыраудың салдары болуы мүмкін.
Құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жұмысшылар мен құрылысшылар ұзақ уақыт түрлі жағдайларда, жел, шаң және атмосфералық әсерлерге ұшырайтын ашық аспан астында болады. Сол себептен құрылыс орындары санитарлық органдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес механизация мен транспорт құралдарын пайдалануға, қауіпсіздік техникасымен танысқан және арнайы куәліктер бар адамдар жіберіледі. Әрбір машина жүргізуші арнайы құжатпен бекітілуі тиіс. Машинамен жұмысты бастамас бұрын оның техникалық ақауларын қарау керек. Бұзылған машинада жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Машинаны құрылыс жүріп жатқан алаңның басқа жерге шығару үшін механиктен рұқсат алу керек. Машинаны тастап кетуге болмайды.
Жаңадан тұрғызылған үйіңдінің үстіне машина жұмыс істегенде машинаның доңғалағы үйіңдінің жиегінен 1м қашық жүруі керек. Машина жұмыс істеп жатқан кезде машинада жұмыс жөндеу жасауға болмайды.
Арнайы киімдер, аяқ киімдер, қолғаптар және қорғаушы құралдар заң шығарушы органдармен тегін беру тағайындалған.
Жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде котлавандар мен траншеяларда зиянды газдардың пайда болуы жағдайлары да болады. Мұндай жағдайларда жұмысты тез арада тоқтату керек, ал жұмысшыларды зиянды жерлерден сол жер залалсызданғанша және газдың пайда болу себебі анықталғанша алып кету керек. Тек толық қаупсіз жағдай орнаған соң ғана жұмысты жалғастыруға болады.
Егер зиянды газдардың қайта шықпайтынына толық сенім болмаса, онда жұмысты тек газдың бар екендігін анықтайтын индикатор болса және жұмысшыларды газқағарлармен қамтамасыз еткенде ғана жалғастыруға болады. Жұмыс басталмай тұрып, жұмысшылар зиянды газдармен күресудің тәсілдері туралы мәлімет алуы керек. Мүндай газданған аймақта темекі шегуге, жалынды қолдануға тыйым салынады, себебі ол жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.
Әдетте, котлавандар мен траншеяларды қазбас бұрын дайындық жұмыстарын жүргізу керек: жер асты және үсті суларынан құтылу, бұталарды, шөптерді жою керек.
Механикалық жер қопаруда жұмыс бастамас бұрын қопару машинасының жарамдылығын, онда сақтандыру қондырғылары мен қорғаныс қоршауларының болуын тексеру керек. Қопару машинасын іске қоспас бұрын, сол аймақта бөгде адамдардың болмауын қадағалау шаралары жүргізіледі. Машинаны тексеру, оны ретке келтіру, бұрандаларды тарту жұмыстарын машина іске қосылмай тұрып немесе оның жұмысы толық тоқтағаннан кейін жасауға болады.
Бұтакескішті, бульдозерді, қопарғышты тексерістен өткізгенде отвалды жерге түсіріп қою керек. Қопару машиналарының барабандары ең қаупті болып табылады. Сондықтан да олардың тежегіштік құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуін бақылау керек.
Қопару кезінде күштік тростың үзіліп кетуі қаупті. Сондықтанда жұмыс барысында ешкімнің желіні баспауын және тросс жүргізілген маңайда тұрмауын және одан аттап өтпеуін қадағалау керек.
Жер жұмыстарын орындауда белгілі ережелерді орындау қажет. Қазылма жерлердің қабырғаларын бекіту немесе белгілі бір еңкіштікке орындау қажет. Траншеяда жұмысшылар механиздер жұмысы кезінде тұрмауы қажет. Бульдозермен жұмыс істегенде топырақты 30 % үлкен қырға немесе ылдиға итермеуі өзара арақашықтықта сақтау керек. Жол төсемін тұрғызуда қолмен істелінетін жұмыстарды, механизмдердің басқа учаскеге кеткеннен кейін істеу керек. Жолға құрылыс материалдарын төккенде, автосамосвалдың жүрісі артқа болады, сол себептен абай болуы қажет Сонымен қатар самосвал үстіне шағын түспей қалған заттарды түсіруге болмайды. Жол жұмысшылары міндетті түрде сары түсті камзолда болуы керек. Асфальтобетон төсеу кезінде жұмысшылар күйіп қалмауы үшін арнайы киімдермен жабдықталады. Самосвалдан асфальтоукладчикке асфальтті түсірерде жұмысшылардың аулаққа кетуі және самосвалдың артқы портын арнайы ілгішпен ашу тиіс. Укладчик бункерін жұмыс істеп тұрғанда тазаламайды.
Қорғаныс қолғаптарын қолға қауіпті химиялық заттардың, өткір құралдардың және өте жоғары немесе өте төмен температуралардың әсері тиюі мүмкін кездерде кию керек.
Қорғаныс қолғаптарының түрі жүргізілетін жұмыстарға қатысты қауіпті факторларға байланысты таңдалып алынады. Әр жұмыстың сипатына байланысты қолғап мүмкін болатын химиялық қауіптің түріне және де жұмыс істеу кезіндегі қолдың еркін қозғалысын қамтамасыз етуді ескере отыра жасалады.
Адам жүретін жолдары, кіру, авариялық шығу, өрт құралдары, көз шаюға арналған сұйықтық және де сөндіргіштері бар электрощиттер әрқашан да қолдануға дайын тұруы керек және олар тұрған орын басқа бөтен материалдармен кедергі жасамау керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сборник официальных материалов по охране труда в строительстве и производстве строительных материалов. М., Стройиздат, 1972.
2. Рязанцев К.Г. Общественный контроль по охране труда на строительстве и предприятиях промышленности строительных материалов. Изд. 3-е, переработанное и дополненное. М., Стройиздат, 1986.
3. Правила пользования и испытания защитных средств, применяемых в электроустановках. М., Госэнергоиздат, 1983.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген