Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Автомобильдің жарықтандыру жабдықтары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………................…..........................…............3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………................…..........................…...............4
1.1 Жарықтандару аспаптары……………………................…...........................4
1.2 Автомобильдің жарықтандыру жабдықтарының ақаулары........................7
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ……………………................….....................10
2.1 Электр жабдықтарын жөндеу.......................................................................10
2.2. Генераторлар мен реле-реттегіштің ақаулығы..........................................11
ІІІ. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ.................14
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................19
КІРІСПЕ
Автомобиль көлігі жолаушылармен жүктер тасымалдау бойынша біздің еліміздің халық шаруашылығының тұрақты өсетін қажеттерін қанағаттандыруда жетекші орында. Тасымалдау қажеттерін қанағаттандыруды материалдық және еңбек ресурстарының ең аз шығындарымен толық, сапалы және өз уақытысымен орындау, автомобильдердің пайдалану сенімділігін арттыру және оларды күтіп ұстау шығындарын азайту АКК қызметкерлерінің басты мақсаты болып табылады. Бұл міндеттерді орындау қоғамдық пайдалану автомобиль көлігін көбірек дамытуды, жүктер мен жолаушылар айналымын көтеруді, материалдық техникалық базаны нығайтуды және қарыжыларды ірі АКК – ларға жинақтауды талап етеді.
Нарықтық экономика жағдайында барлық көлік түрлері бойынша тасымалдауды жүзеге асыру, оның артықшылықтары мен тасымалдау жоспарын орындалауын бағалау үнемі өзгеріп, дамып отырады. Бүгінгі таңда көлік пен тұтынушының арасындағы таңдау еркіндігінің және көлік қызметінің ұсынушылардың арасында өзара бәсекелестік болуы осы саланың қарқынды дамуына жол ашып отыр.
Көлік және көлік қызметінің саласын дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары:
1. Көліктің негізгі міндеті – халықты бір жерден екінші жерге тасымалдау мен халық шаруашылығының қажеттіліктерін дер кезінде толықтай әрі сапалы қызметпен қамтамасыз ету және оның жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру.
2. Автокөлік мекемелерін пайдалану тиімділігі жоғары жылжымалы құрамдармен және сапалы қызмет көрсету нысандарымен жабдықтау.
3. Жол инфроқұрылымының сапасын арттырып, жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандыру.
4. Көлік қызметін ұсынушылардың арасында нарықтық бәсекелестікті жандандыру.
Автомобильдердің жұмысқа жарамдылығы, онын қозғалыста кауіп-сіздікті қамтамасыз етуі оларға өз уақытысында техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын сапалы орындауға байланысты.
Казіргі кұрылысы жағынан күрделі көлікгерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу білікті мамандарды қажет ететіндігі белгілі.
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін мамандарды дайындаудағы негізгі мақсат: машиналардың техникалық жағдайының озгеріске ұшырауын; оларға техникалық қызмет көрсету тәртібін және қолданылатын кұрал-жабдықтарды орынды пайдалана білуді; техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын талаптарға сай басқаруды ұйымдастыру болып табылады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Жарықтандару аспаптары
Жарықтандары мен дабылдау аспаптарынсыз автомобильде жұмыс істеу мүмкін емес. Түңгі және қараңғы кезде қозғалыс жолын, кабинаны, аспаптары қалқаның жарықтандыру мен машинаның габаритті көлемін байқау үшін қажет. Жарықтандыру аспаптарына фара, фонарь, астынғы фара, бұрылыс белгі және габарит шамдар, номер белгісіне жарық түсетін шамдар жатады.
Фара (1.1-сурет) жүірп келе жатқан машинаның алдыңдыағы жол усчаскесін жарықтандыруға арналады. Жарықты шашыратықыш шыны, шағылыстырғыш пен шам (лампа) оптикалық элементті құрайды.
1.1-сурет. Жеңіл автомобиль фарасы
Шағылыстырғыш жарық шоғын бағыттайды, жарықты шағылыстырады. Шағылыстырғыштың ішкі беті жалтыратып өңделген. Жарықты шашыратқыш шышы жарық шоғының шағылыстыру әсерін азайту үшін қажет, сондықтан оның сыртқы формасы әр түрлі болып келеді, ал ішкі жағында - жарықты сындыратын шығыңқы қыртыстары болады.
Фара шамдары бір контактілі және екі контактілі болуы мүмкін. Бір контактілі шамның шыны баллоны ішіне қыздыру жібі орналасқын, оның бір шеті цокольге ("массаға") дәнекерленген, ал екінші шеті цокольдің ұшындағы изоляцияланған контактіге шығарылға (1.2-сурет.). Екі контактілі шамның екі жібі болады, оның бір шеті цокольдің ұшындағы екі изоляцияланған контактіге шығарылған, екіншісі - цокольге дәнекерленген. Сондай - ақ экраны бар екі контактілі шамды да қолданады, ол жарық шашырататын шынымен бірге отырып, жарық шоғынын оңға және төмен ауысуын қамтамасыз етеді, мұның өзі қарсы келе жатқан машиналар жарығынын жүргізушілер көзінде шағылысуын азайтады.
Баллонның толтырылуына қарай бос және газбен толтырылған шамдар болып бөлінеді. Жарық күші 3 Вт және одан жоғары шамдар тек газбен толтырылып шығарылады. Толтырғыштар ретінде инертті газдарды немесе олардың қоспаларын қолданады. Фаралар үшін көбіне алыс және жақын жерге жарық түсіру үшін екі жіпті (екі контактілі) шамдар орнатылады.
Габаритті фонарьлар машиналардың көлемін жарық түсіріп көрсетуге және бұрылыстар кезінде жарық дабылын түсіруге қызмет етеді.
Бұрылу белгісі автомобильдің алдағы болатын маневрін ескертуге арналған. Оған дабыл беретің шамдар ауыстырып қосқыш және үзгіш (реле) жатады. Мұнда тоқтын электр магнитті үзгіші кеңірек тараған.
Бұрыш берлгісі қосулы тұрғанда контактілер тұйықталады және ажарайды. Олай болса, шамдар минутына 70-100рет жыпылықтайды.
Дыбыс дабылы электр - магнитті діріл типті. Дабыл кнопкасын баса отырып, тізбекті тұйықтайды. Электр тогы орам бойымен жүргенде, өзектемірді магниттейді, ол якорды тартады. Якордың орын ауыстыруы үзгіш контактілердің ажарытылуын туғызады.
Температура көрсеткішінің сезгісі металл корпусқа орнатылған терморезистор, яғни жартылай өткізгішті шайба болып табылады. Шайбаның кедергісі оның температурасының өзгеруіне байланысты өзгереді. салқындатқыш сұйықтық температурасынын өзгеруі сезгі кедергісінің күрт өзгеруін туғызады, мұнын өзі көрсеткіш катушкаларындағы токтын өзгеруіне әкеледі және нәтижелі магнит өрісті стрелкасын салқындатылған сұйықтықтың температурасына сәйкес келетін шкала бөлігіне бұрады.
Авариялық дабылдағыштар жүргізушілерді салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың температурасын шамадан тыс көтеруден және козғалтқыштың майлау жүйесіндегі май қысымының төмендеуінен сақтандырады. Оған сезгі мен аспаптардың дабыл лампасы жатады. Отын деңгейі сезгісінің құрылысы май қысымы мен салқындатылатың сұйықтық температурасы көрсеткіштерінің құрылысына ұқсас. Амперметр аккумулятор батереясының заряды мен генератор жумысын бақылау қызыметің атқарады. Амперметрді электрге тізбекті түрде қосады.Егер стрелка «+» белгісіне қарай бұрылса, онда батарея зарядтанады, ал «-» белгісінде бұрылса, разрядтанады.
1.2-сурет. Фараның құрылысы.
Автомобиль кузовында көптеген қондырғылар қолданылады және олардық түрлері де әралуан. Олардық барлығын талдап түсіндіру мүмкін емес. Сондықтанда солардық ішіндегі еқ негізгі жүйеніқ бірі - электр жабдықтары болып табылатындықтан төменде сол жүйеге түсінік беріледі.
Автомобильдердіқ электр жабдықтары көптеген электрлік машиналар мен тетіктерден құралады. Олардық негізгі жұмысы қозғалтқышты іске қосу, түн мезгілінде жарық беру сияқты жұмыстар болып табылады. Осыған қосымша жүргізушініқ жұмысын жеқілдететін механизмдер мен қондырғылардық жұмысын бақылайтын қызмет атқарады.
Электр жабдығы өзара параллель екі жүйеден тұрады: біріншісі электр энергиясынық көздері де, екіншісі электр қуатын пайдаланатын құралдар.
Электр энергиясын тұдыру үшін аккумулятор мен генераторлар қолданылады. Автомобильдіқ барлық электрлік жүйесі тұрақты токпен жұмыс істейді. Себебі, тұрақты токты аккумуляторға жинауға болады. Ал қозғалтқыш тоқтап тұрған кезінде де және оны оталдыру кезінде де электр қуаты қажет болады. Осындай жағдайда аккумуляторға жиналған электр қуатын пайдаланады.
Аккумулятордағы жиналған электр қуатын өте ұзақ пайдалана алмайды, сондықтан да қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде онымен жалғастырылған генератордан барлық тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Осы құралдармен қатар аккумулятор да генератордан қуат алып, өзіне жинақтайды.
Жұмыс кезінде қозғалтқыштық айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордық да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, онық беретін электр энергиясынық да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергиянық көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.
Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр қозғалтқыштары, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардық ішіндегі электр энергиясын еқ көп пайдаланатын, негізгі қозғалтқышты оталдыруға арналған электр двигателі. Бұл электр қозғалтқышын стартер деп атайды. Стартерлер кейбір қозғалтқыштарға негізгі қозғалтқышты, кейбіреулерінде қосалқы оталдырғыш қозғалтқышы оталдыру үшін қолданады.
1.2 Автомобильдің жарықтандыру жабдықтарының ақаулары
Басты ақаулар;аспап дұрыс көрсетпейді, көрсеткіш стрелкасы нөлдік қалыпта тұрмайды және оң жақ шегіне жеткенше ауытқиды. Ток жеткізу сымының үзілуінен немесе басқа бөлшектердің ақаулығынан аспап қосылмауы мүмкін. Егер стрелка оң жақ шегіне дейін ауытқып , нөлдік қалыпқа қайтып келмесе , онда сымның тұйықталғаны немесе циферблат стрелкасының тіреліп қалғаны. Көрсеткіш дұрыстығына күдіктенген жағдайда , оларды жаңа аспаптың көрсеткіштерімен салыстырады. Аспаптарды әдеттегі шеберханаларда жөндеуге жол берілмейді. Ақауы бар аспаптар ауыстырылады. Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар. Электр жабдықтары тізбектерінде ге төмендегідей ақаулар байқалады; сымдардын үзілуі және қысқа тұйықталуы , қысқыштарға баратын сымдардың бекітілуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығынын майлануы және тотығуы, ЭББ және аспаптардың өзіндегі ақаулар. ЭББ бар автомобильдерде ақаулардыкод арқылы анықтайды.
Жарықтандыру мен сигналдау аспаптарынсыз, автомобильде қауіпсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Түнгі және қараңғы кездерде қозғалыс жолын, кабинаны, аспаптар қалқанын жарықтандыру мен машинаның габаритті көлемін байқау үшін қажет. Жарықтандыру аспаптарына фара, фонарь, астыңғы фара, аспаптарға, нөмір белгісіне және олардың қосқышына жарық түсіретін шамдар жатады.
Фара жүріп келе жатқан машинаның алдындағы жол учаскесін жарықтандыруға арналады. Кейбір автомобильдер төрт фарамен жабдықталған.
Шағылыстырғыш жарық шоғын бағыттайды, жарықты шағылыстырады. Шағылыстырғыштың ішкі беті жалтыратып енделген, лакпен және алюминийдің немесе хромның жұқа қабатымен көмкерілген. Жарықты шашыратқыш шыны жарық шоғының шағылыстыру әсерін азайту үшін қажет, сондықтан оның сыртқы формасы дөңес болып келеді, ал ішкі жағында - жарықты сындыратын шығыңқы жері болады. Шығыңқы жерлері түсіретін жарық дақтары эллипске ұқсас формалы етіп орналасып және төмен бағытталғандай етіп орналасқан. Дұрыс орнату үшін шыныға "Жоғары" деген белгі қойылған.
Ток нихромды ішек арқылы өткен кезде ол қызады да жарық түсіру қашықтығы ұзарады. Бұл өзектемірдің магнит өрісіне оң жақтағы якорьді тартуға жөне түйіспелерді тұйықтауға мүмкіндік береді. Тұйықталған түйіспе кезінде бақылау шамдары тізбегіндегі ток резистор мен ішекті жанай өтіп, сол жақтағы якорь мен өзектемір орамы арқылы ток көзінен өтеді. Резистор тізбектен ажыратылған кезде шам қылы толық (жарқырап) жарық беріп жанады. Мұқалған ішек суына келе қысқарады да түйіспелерді ажыратады. Бұл кезде бақылау шамдары қылының қызуы азаяды. Бұрыш белгісі қосулы тұрғанда, түйіспелер тұйықталады және ажырайды, олай болса, шамдар минутына 70-100 рет жыпылықтайды. Сонымен бірге өзектемірдің магнит өрісі негізгі якорьмен қатар қосымша якорьді де өзіне тартады, ол қосалқы түйіспелер арқылы тізбекке бұрылу белгісінің бақылау шамын қосады. Сол жақтағы түйіспелер ажыратылғаннан кейін, өзектемір орамындағы ток күші азаяды және оң жақтағы түйіспелер ажырайды.
Электр магнитті көрсеткіш бөгде магнит өрістерінің әсерін болдырмайтын экранды корпустан, үш катушкадан, оське қозғалмалы етіп бекітілген нұсқарлы (стрелка) қозғалмалы тұрақты магниттен, және нұсқарды шкаланың нөлдік бөлігіне орнатуға арналған қозғалмайтын тұрақты магниттен тұрады.
Ток катушка бойымен жүрген кезде, нәтижелі магнит өрісі пайда болады. Осы магнит өрісімен өзара әрекеттесе отырып, нұсқар қозғалмалы тұрақты магнитпен бірге реостат датчигінің қозғалмалы түйіспесіне немесе мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі май қысымына сәйкес келетін белгілі бір қалыпқа қойылады.
Температура көрсеткішінің датчигі металл корпусқа орнатылған терморезистор, яғни жартылай өткізгішті шайба болып табылады. Шайбаның кедергісі оның температурасының өзгеруіне байланысты өзгереді. Салқындатқыш сұйықтың температурасының өзгеруі датчик кедергісінің күрт өзгеруін туғызады, мұнық өзі көрсеткіш катушкаларындағы токтың өзгеруіне соқтырады және нәтижелі магнит өрісі нұсқарын салқындатылған сұйықтықтың температурасына сәйкес келетін шкала бөлігіне бұрады.
Авариялық сигнализаторлар жүргізушілерді салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың температурасын шамадан тыс көтеруден және мотордың майлау жүйесіндегі май қысымының төмендеуінен сақтандырады. Оған датчик пен аспаптар қалқанындағы сигнал шамы жатады. Бактағы отын деңгейінің азаюына қарай, сол жақтағы катушканың ток күші артады, өйткені реостаттың кедергісі азаяды жөне катушкалардың нәтижелі магнит өрісі көрсеткіштің нұсқарын нөлдік белгі жағына қарай ауыстырады. Резистор катушкалар тізбегіне жылу компенсаторы ретінде қосылған.
Жез шинада ток болмаған жағдайда, якорь тұрақты магнит бойына орналасады және нұсқарды шкаланың нөлдік бөлігінде үстайды. Жез шина бойымен электр тогы жүрген кезде, якорь нұсқармен бірге белгілі бір бұрышқа бұрыла отырып, шина айналасындағы магнитті күш сызықтары бойына орналастырылады.
Нұсқардың якорьмен бірге бұрылу бұрышы бағытының шамасы шинадағы ток бағытының күшіне байланысты. Егер нұсқар "+" белгісіне қарай бұрылса, онда батарея зарядтанады, ал "-" белгісіне бұрылса разрядтанады. Автомобильдің электр жабдықтарында желдеткішті іске қосу үшін тұрақты токтық электр моторлары қолданылады, ол кабинаға орнатылып, оған жылы ауа берумен қатар электр шыны тазартқышы қозғалысқа келтіру үшін пайдаланылады. Қоздыру орамын тізбекті қосып отыратын екі полюсті әлектр моторлары кеңірек тараған. Электр моторының негізгі құрамды бөліктері - электр магниті мен якорь. Электр магниті электр моторының корпусына монтаждалған қоздыру орамы бар полюсті табан болып келеді. Якорь біліктен, өзектемірден, орамнан және коллектордан тұрады.
Жылытқыш электр моторы айнымалы резистор арқылы тізбекке қосылған, сонық көмегімен желдеткіш білігінің айналу жиілігін өзгертуге болады.
Сақтандырғыштарды автомобиль электр жабдықтарында тұтынатын орындар, ток көздері мен қысқа тұйықталу тогының сымдарын қорғау үшін және шамадан артық ток болдырмау үшін қолданады. Сақтандырғыштар аспаптар қалқанына орнатылған блокқа біріктірілген. Сақтандырғыш ендірмелері нөмірленген. Әрбір ендірме өз электр тізбегін қорғайды.
Жанып кеткен сақтандырғышты, блок қақпағын алдын ала ашып, ауыстырады. Сақтандырғыштың тарақшасына қимасы 10 А ток үшін 0,26 мм2 және 20А ток үшін 0,36 мм2 қосымша мыс сымдар оралған. Жанып кеткен ендірмені ауыстыру үшін сақтандырғыштың тұтқышын қысқыштан шығару керек, серіппелі түйіспелерді ажыратып, олардық тіреулеріне ұзындығы 35 мм қосымша сымдарды өткізу қажет, оның жиегін 180°-қа майыстырып, сымды серіппелі түйіспелермен қысып, тұтқышты блокқа орналастыру керек.
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Электр жабдықтарын жөндеу
Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде — жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.
Бір сымды жүйе сымдар санын азайтады, өткізгіштің бүкіл жүйесін оңайлатып, арзанға түсіреді. Алайда, ол изоляция жағдайында ұқыпты болуды талап етеді. Сымдардың изоляция тәртібін бұзған жағдайда, ондағы қысқа тұйықталу өрт қаупін тудырады.
Қысқа тұйықталу кезінде тізбекте изоляцияланған материалдың жанған иісі шығады және іске қосылған ток тұтынатын орындар жұмысы тоқтатылады. Бұл кезде амперметр нұсқары шегіне дейін ауытқып, разрядтануды көрсетеді.
Қысқа тұйықтау кезінде амперметр мен аккумулятор батареясы жылдам істен шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде, барлық ток тұтынатын орындарды шұғыл түрде қоректендіру кезінен ажырату керек.
Сақтандырғышы бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде тізбек сақтандырғыштан ажыратылады. Ақауларды жойғаннан кейін ғана сактандырғышты қосуға болады. Сымның жалаңаштанған бөліктерін изоляцияланған лентамен орау қажет.
Май сигнализаторының датчигі корпустан, диафрагмадан, серіппе мен түйіспелі құрылғыдан тұрады. Мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі қысым болмаған кезде, диафрагма серіппенің әсерінен түйіспелерден бері қарай иіледі де, шам жанады. Қалыпты май қысымы кезінде диафрагма қарама-қарсы жаққа иіледі, түйіспелер және сигнал шамы сөніп қалады.
Мотордың шамадан тыс қызуының авариялық сигнализаторы датчигі радиатордың жоғарғы багына орнатылған. Ол жез гильзадан жасалған корпустан тұрады, онда екі түйіспе орналасқан. Қозғалмайтын түйіспе "массамен" қосылған, ал қозғалмалы түйіспе "массадан" изоляцияланған серпімді биметалды пластинаға бекітілген. Биметалды пластина сыртынан қысқыш арқылы сигналды шаммен қосылған.
Салқындатқыш сұйықтықтық қалыпты температурасы кезінде датчик түйіспелері ажыратылады. Егер сұйықтық температурасы есептегіден жоғары болса, биметалды пластинаның иілетіні соншалық, түйіспелер тұйықталады және сигнал шамды электр тізбегіне қосады.
Ток көздерінің ақаулығы. Аккумуляторлы батареяның ақаулығына оның өздігінен зарядсыздануы, сыйымдылығының төмендеуі, жұмыс істеуін толық тоқтатуы, сондай-ақ бакта сызаттың болуы және басқа да зақымдану жатады.
Өздігінен зарядсыздану дегеніміз тұтынушы орындар ажыратылып тасталған кездегі батареяның зарядсыздануы. Батарея сыйымдылығының тәулігіне 1,0—1,5 процентінен аспайтын өздігінен зарядсыздану (толық зарядсыздану 60—100 тәулікте орындалады) қалыпты деп саналады.
Батарея бірнеше сағат ішінде зарядсызданатын үдемелі өздігінен зарядсызданудың себептері мынадай: батарея бетінде токтық кемуін тудыратын электролит пен ластың болуы; бактық түбіне қабырғалар деңгейінен жоғары жинақталған активті массаның шөгінділерімен оң және теріс пластиналардың өз ара тұйықталуы; электролиттің бөгде қоспалармен ластануы.
Батарея сыйымдылығының төмендеуі мынадай себептердің біріне байланысты болады: пластиналардың сульфаттануы, электролит тығыздығының жеткіліксіздігі, активті массаның шөгуі. Аккумуляторлардың аса күшті зарядсыздануы (1,7 вольттен төмен) кезінде немесе батареяны зарядсызданған күйде ұзақ уақыт қалдырғанда, аккумуляторлардағы электролиттің деқгейі төмендегенде сульфаттану процесі жүреді: электролиттің шамадан тыс тығыздығы салдарынан немесе стартерді 10 секундтан астам уақытқа үздіксіз қосу, сондай-ақ аса тұтқыр май құйылған суық двигательді стартермен оталдырған кезде аккумуляторлы батарея шамадан артық күш түсуіне байланысты пластиналардың қисаюының салдарынан активті масса шөгеді.
Аккумуляторлар қызметінің толық тоқтатылуы (шығару штырьларында кернеу болмайды) сепараторлар зақымданғанда немесе шығару штырьларының бареткадан немесе элемент аралық қосылыстардан үзілуі кезінде аттас емес пластиналардың өз ара тұйықталуы салдарынан болады.
Батареяны ұяға бос бекітуден болатын соққыдан, абайсыз тасымалдаудан, тығыздығы төмен электролиттің қатып қалуынан бакта сызат пайда болады.
Батареяны автотранспорт немесе автомобиль жөндеу кәсіпорындарының аккумулятор цехында немесе мамандандырылған шеберханада жөндейді (бөлшектейді, ақаулы пластиналарын, сепа ратррларын алмастырады, штырьларды пісіреді және т. с. с).
2.2. Генераторлар мен реле-реттегіштің ақаулығы
Олардың ақаулы болуынан тұтынушы орындардың генератордан қоректенуі және аккумуляторлы батареяның заряды кемиді немесе толық тоқтатылады. Мұны амперметрдің көрсетуі, сондай-ақ двигательдің орташа және үлкен айналымдарда жұмыс істеуі кезіндегі жарық беру лампыларының жеткіліксіз қызуы, дыбыс сигналының әлсіз істеуі және т. б. бойынша анықтауға болады.)
Генератордың қалыпты жұмыс істемеуі көбінесе мынадай себептерге байланысты: генератор жетегі ременінің әлсіз керілуі; коллектордың немесе контактілі сақиналардың және генератор щеткаларының ластануы және тозуы, щеткалар серіппесінің босаңсуы; генератор сымдарында тұйықталу немесе үзілудің болуы; реттеудің бұзылуы, контактілердің күюі және реле-реттегіштің басқа да ақаулығы; түзеткіш құрылғы диодтарының ақаулығы.
Желдеткіш пен генератор жетегі ременьдерінің керілуін тексеру әдістер бойынша жүзеге асырылуы керек. Коллектор мен щеткалардың күйін қорғауыш лентаны шығарып ала отырып, қарап байқау арқылы бақылайды, егер қажет болса коллекторды тазартып, щеткаларды алмастырады.
Генератор мен реле-реттегіш орамдары мен реле-реттегіштің ақаусыздығын, реле-реттегіштің реттелуін және генератордың түзеткіш құрылғысы диодтарының күйін шеберханада арнаулы стендіде тексереді
Генератор бұзылуының жиі кездесетін түрі тізбектегі ток күшінің нашарлауы болады. Мұнда шамдар күңгірт жанады. Тізбектегі ток күшінің нашарлығына, щетканы коллекторға басып тұрған серіппенің әлсіздігі, щетка мен коллектордың тозғандығы, коллектордың көмір үгіндісімен немесе майдан тозғандығы себеп болады. Осы айтылғандар тізбектің кедергісін ұлғайтады да, содан ток күші азаяды. Щеткалардан ұшқын шығуына да серіппенің әлсіз болуы немесе коллектор тозып, кірлегендігі, щеткалардың коллекторға нашар тиіп тұрғандығы себеп болады.
Щеткаларға, коллекторға және релеге май тисе аталған механизмдердің жұмысы бұзылатынын есте сақтау керек. Жұмыс кезінде коллекторды көмір тозаңы басып кетеді. Бұл тозаңды үнемі тазартып отыруы керек. Көп істеген коллектор тозып, цилиндр түрінен айырылады, ол қайта жонып шығуды керек етеді.Коллекторды арнаулы шеберханада жону керек.
Автомобильдегі шамдардың жарығы реттегіш серіппесінің керілуін өзгертумен реттеледі. Ол үшін кернеу реттегішінің қақпағын абайлап алып қойып, серіппенің реттегіш винтін дәнекерден босатады. Шамдардың жарығын күшейту үшін реттегіш винттің гайкасын қаттырақ бұрау керек, ал (лампочка күйіп кетсе) жарықты азайту үшін гайканы босату керек. Лампаның жарығын реттеп алған соң, реттегіш винтті, гайка өз бетімен босап кетпеу үшін дәнекерлеп, бекітіп қою керек.
Жарық сәулесінің шашырауы фараның арт жағындағы винтпен реттеледі.
Генератордың қозбай қалуы түйіспенің нашарлығынан немесе орамның үзілуінен, келте тұйықталудан болуы мүмкін. Генератор жұмысын бөгейтін себептерге: щеткалар түйіспелерінің нашар болуы, реленің бұзылуы және кейде тізбектің бір жерінің үзілуі жатады. Генератордың қысқыштарындағы кернеудің шамдарды күйдіріп жіберетіндей болып өсіп кетуі кернеу реттегішінің бұзылуынан болады.
Шамдардың біреуі жанбай қалып, жарық берудің бұзылуы шамның күйіп кетуінен, немесе өткізгіштің не патронның бзылуынан болады. Өткізгіш сым массаға қосылып кетуі, үзіліп қалуы немесе қысқышқа нашар қосылған болуы мүмкін.
Стартерлердің ақаулары. Стартерлерге тән ақаулар төмендегідей: стартер оталмайды, стартердің якорі иінді білікті бұрмайды, стартерді қосқан кезде оның тістерінің шықыры қатты естіледі.
Егер стартер жұмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны. Ток тізбектің үзілуі, қозғалмалы түйіспелі дискінің жеке стартер релесі қысқыштарының күйіп кетуі, коллектордың ластануы, щеткалардың тозуы, щетка ұстайтын серіппелердің әлсіреуі нәтижесінде келмеуі мүмкін.
Стартерді қосқан кезде естілетін шырт еткен дыбыс, стартер релесі мен іске қосқыш реленің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Мұндай дыбыстың жиілігі мен маховик тәжіне шестерняның жиі соғылуының себебі-стартер релесінің ұстатқыш орамында үзіктің болуы. Бұл кезде реле якорі ұстатқыш орамның көмегінсіз, тек қана ішке тартылатын орам арқылы тартылады.
Егер стартер іске қосылса, ал мотордың иінді білігі баяу немесе мүлде айналмаса, онық себебі аккумулятор батареясының разрядтануынан, қысқыштардың тотықтануынан, коллектордың күйіп кетуінен, щеткалардың тозуы мен салбырауынан болуы мүмкін.
Бақылап-өлшеу аспаптарының ақаулары
Негізгі ақаулары: аспап дұрыс көрсетпейді, көрсеткіш нұсқары нөлдік қалыпта тұрмайды жөне оң жақ шегіне жеткенше ауытқиды. Ток жеткізу сымының үзілуінен немесе басқа бір бөлшектің ақаулығынан аспап қосылмауы мүмкін. Егер нұсқар оң жақ шегіне дейін ауытқып, нөлдік қалыпқа қайтып келмесе, онда сымның тұйықталғаны немесе циферблат нұсқарының тіреліп қалғаны. Көрсеткіш дұрыстығына күдіктенген жағдайда, оларды жаңа аспаптың көрсеткіштерімен салыстырады. Аспаптарды әдеттегі шеберханаларда жөндеуге жол бермейді. Ақауы бар аспаптар ауыстырылады.
ІІІ. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
Еңбек қорғау жұмысының басты міндеті — еңбек етудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін және өндірістік процестерді жеқілдететін шараларды жүргізу. Еліміздіқ үкіметі бұл мәселеге зор көқіл аударып, еқбек қорғау шараларына қыруар қаржы бөлуде. Техника қауіпсіздігі бойынша жүргізілетін жұмысты автотранспорт кәсіпорнының бас инженер маманы ұйымдастырады. Цехтар мен автоколонналарда қауіпсіздік ережелерінің орындалуына цехтар мен автоколонналардың бастықтары, механиктер мен шеберлер жауап береді. Жұмысқа жаңадан қабылданатын жұмысшыларды техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаумен таныстырған соқ ғана жұмысқа жібереді.
Оқушылар техника қауіпсіздігінен нұсқау алған соң арнаулы журналға қол қояды.
Гараж үйлерін күтіп ұстау ережелері. Автомобильдерді үй-жайларға және ашық алаңға қойғанда автомобильдердің әрқайсысына еркін өтуге болатындай жағдайды камтамасыз ететін қажетті қашықтықты сақтай отырып орналастырады. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышты үй-жайда реттеуге болмайды. Барлық үйлер жақсы желдетіліп, орталықтан жылытылатын болуы тиіс.
Төгілген жанар май мен майлау материалдарын құм немесе ағаш үгіндісін қолдана отырып, дереу жинап тазартады. Пайдаланылған сүрту материалдарын үй-жайлардан тыс жерге орналастырылған металл жәшіктерге жинастырады. Жөндеу жұмысындағы жұмысшылардың жұмыс орны жақсы жарықтандырылып, автомобильдер кездейсоқ өтіп кетпейтін етіп қоршалған болуы керек. Автомобильдің астында тұрып істелетін жұмыстарға арналған үй-жайдың көтергіштермен, байқап қарайтын жыралар немесе эстакадалармен жабдықталғаны жөн. Байқап карайтын жыралар мен эстакадалардық бағыттаушы сақтандырғыш бұдырлары болуы тиіс.
Автомобильдерді жүргізу және техникалық баптау кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Жүргізуші жолға шығар алдында автомобильдің ақаусыздығына көз жеткізуі тиіс. Экскаватормен немесе кранмен жүк тиеп-түсірген кезде жүргізуші кабинадан тыс жерде болуы керек. Жол үстінде доңғалақтардың астына орнатылған сақтандырғыш тұғыр және таянышсыз (тірек төсемсіз) домкратқа койылған автомобильдің астында жұмыс істеуге тыйым салынады. Жүргізуші автомобильдің астында жұмыс істегенде автомобильді бойлай немесе автомобильдер көп жүріп жаткан бөліктің қарама-қарсы жағынан жатуы керек.
Техникалық баптау постына қойылған автомобиль астында жұмыс істеуді бастау алдында көрнекі жерге «Қозғалтқышты оталдыруға болмайды, жұмыс істеп жатырмын» деген жазуы бар кішкене тақтайшаны іліп қою керек және майдық, жанар май мен электролиттіқ ақпайтындығына көз жеткізу қажет. Жұмыс кезінде саймандар мен детальдарды автомобильдіц рамасына, есігініц баспалдағына және басқа бөліктеріне қоймау керек, өйткені олардық жұмыс істеп жатқан адамға құлап түсуі мүмкін. Автомобильдіқ астында болған кезде темекі тартуға және от жағуға болмайды. Тежеуіш системасын арнайы бөлінген алақда тексеру қажет.
Аккумуляторлы батареяны баптау кезінде ашык отты пайдала-нуға немесе онық зарядталу дәрежесін «ұшқынмен» тексеруге бол-майды, өйткені бұл екі жағдайда да батареяны зарядтау кезінде тузілетін күркіреуік газ қопарылыс беруі мүмкін. Электролит пен күкірт қышқылын тері мен киімге тигізіп алмауға тырысу керек, өйтпеген жағдайда тері күйіп, киімнің бұлінуі мүмкін. Денеге немесе киімге тиген қышқыл немесе электролитті соданық 10 проценттік ерітіндісін кұйып нейтралдау қажет немесе судық күшті ағынымен жуып жіберген жөн.
Электролитті қорғаныш көзілдірік пен резеңке қолғапты пайда-ланып, қышқылға төзімді (шыны, эбонит, корғасын) ыдыстағы суға қышқылды құя отырып әзірлеу керек. Аккумуляторлы батареямен жұмыс істеуден соқ қолды сабынды сумен мұқият жуу қажет.
Кузовтары кетерулі тұрған самосвал-автомобильдерді техникалық баптау және жөндеу женіндегі кез келген жұмыстарда кузовтың өздігінен төмен түсуінен сақтандыратын таяныштар қою қажет. Бұл талапты орындап алмай жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Шиналарды құрастыру жұмыстарын техника қауіпсіздігін қатақ сақтай отырып, белгіленген орындарда ғана жүргізу қажет. Құрастырылған шиналарға ауа айдауды міндетті түрде бекіткіш сақина жұлынып кеткен жағдайда жарақаттанудан сақтап қалатын қоршауда істейді.
Шиналардағы ауаның қысымын манометрмен тексеру керек. Шинадағы ауа қысымын нормадан арттыруға болмайды. Шиналарды құрастыру алдында покрышка бүйірлерінің, бекіткіш сақинаның күйін және доңғалақтың құрсауындағы ойықты байқап қарау қажет. Доңғалақ құрсауына тығыз жабысып қалған шиналарды арнаулы босатқыштармен бөлшектейді. Автомобильден шығарылған доңғалақтық шинасына ауаны арнайы коршауда, ал жол устінде бекіткіш құлпын темен қаратып үрлеу керек.
Бензин мен антифризді пайдалану ережелері. Бензин — теріге тисе тітіркендіретін, тез тұтанғыш зат. Бензин сақталған ыдыстармен (шелектер, бөшкелер, банкалар) жұмыс істегенде ерекше сақтық жасау керек, ейткені ыдыста бар бензин буы ашық отпен жанасқанда тұтанып, қопарылыс береді.
Этильденген бензиннің кұрамында күшті у болып саналатын тетраэтилді қорғасын болады. Оның зиянды әсері тек организмге сіңгенде ғана емес, сондай-ақ теріге тигенде де байқалады. Сондықтан этильденген бензинді шелекпен құюға болмайды және бензинді шлангі арқылы ауызбен соруға тыйым салынады. Сондай-ақ этильденген бензиннің буымен тыныс алуға болмайды.
Этильденген бензин теріге тиген жағдайда бұл жерді алғаш керосинмен, соқынан сабынды жылы сумен жуу қажет. Жерге төгілген этильденген бензиннің үстіне құм сеуіп, оны тазартқан соқ бұл жерге 2—3 сағаттай жұқа қабатпен хлорлы ізбес тегеді. Жөндеу жұмысы кезінде этильденген бензинге жанасқан детальдар мен агрегаттарды керосинде 10—15 мин ұстау арқылы зиянсыздандырады. Детальдарды тазартып, оны жуу кезінде резеңке қолғап пайдалану керек. Жұмысты арнаулы шкафта сақталатын өндірістік киімдерді киіп алып істеу керек. Қоғамдық орындар мен тұрғын үй-жайларға бұл киіммен кіруге болмайды.
Этильденген бензин және антифризбен жұмыс істеуге оқушылар жіберілмейді.
Антифриз тері мен тыныс алу жолдарын арнайы қорғау шараларын талап етпейді, алайда асқазанға түскен жағдайда күшті уландырады. Сондықтан оны бір ыдыстан екінші ыдысқа және салқындату системасына шлангі арқылы ауызбен сормастан, сақтықпен құю керек. Антифризбен жұмыс істеп болған соқ қолды сабынды сумен жуу керек.
Өртке қарсы шаралар. Автотранспорт кәсіпорны директорының жарлығымен әрбір цех бойынша әкімшілік-техникалық қызметшілер құрамынан өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар тағайындалады. Бұдан басқа, барлық автотранспорт кәсіпорындары мемлекеттік өрт бақылау органдарының жарлықтары мен жергілікті өрт күзетінің автомобильдерді пайдалану, құрылыс-жөндеу жұмыстары мен автотранспорт кәсіпорындарын қайта құру кездерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі нұсқауларын орындауға міндетті.
Автотранспорт кәсіпорнының әрбір үйінде көрнекі жерге осы үйде сақтауды қажет өтетін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ережеден көшірме, сондай-ақ өрт қауіпсіздігіне жауапты адамның фамилиясы көрсетілген тақтайша ілініп қойылуы тиіс.
Өрт шыққан жағдайда оны сөндіру жұмысын қамтамасыз ету үшін жүретін жолдарды, қосымша қақпаларды және су көздеріне, өрт сөндіру инвентарьларына баратын жолдарды, құрал-жабдықтарды және өртті білдіретін электр сигналдарын бегде заттармен ыбырсытуға; автомобильдерді орналастыру тәсілін бұзуға, автомобильдер сақталатын үй-жайларға нормадан артық орналастыруға қатаң тыйым салынады. Автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларда ашық отты пайдалануға, шылым шегуге, автомобильдердің бактарындағы бензиннен басқа жанар майларды сақтауға, жанар май бактарын тығындары ашық күйде ұстауға, автомобильдердің кузовы мен детальдарын, сондай-ақ қол мен киімді бензинмен немесе керосинмен жууға немесе сүртуге тыйым салынады.
Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайлар мен қосымша орындарда шылым шегуге, ашық отты, тасымалданатын көрікті, дәнекерлеуіш лампыны пайдалануға, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға тыйым салынады. Автомобильдер тұратын, жөнделетін және оларға техникалық баптау жасалатын үй-жайларда жанар май мен майлау материалдарынан босаған бос ыдыстарды сақтауға тыйым салынады. Жерге төгілген май, бензин, керосинді құм немесе ағаш үгіндісінің жәрдемімен дереу тазарту қажет. Пайдаланылған сүрткіш заттар мен шүберектерді тығыз жабылатын кақпағы бар металл жәшіктерге жинастырып, жұмыс аяғында оларды әдейі арналған жерге шығару керек. Сыр, қышқыл, кальций карбиді және басқа да тез тұтанатын материалдарды ортақ үй-жайларға сақтауға болмайды. Сырларды қышқылдар мен кальций карбидінен бөлек ұстау қажет. Автомобильдер тұратын және оларға техникалық баптау жасалатын үй-жайларға оның ауданының 50 шаршы метріне бір өрт сөндіргіштен, бірақ әрбір жеке үй-жайға кемінде екі өрт сөндіргіштен келетін есеппен кою көбекті өрт сөндіргіштер қойылуы тиіс. Бұдан басқа, автомобильдер тұратын үй-жайдың 100 шаршы метріне сыйымдылығы 0,5 м3 болатын бір жәшік есебінен, бірақ әрбір жеке үй-жайға кемінде бір жәшік есебінен еленген құрғақ құм салынған жәшіктер қойылуы көзделуі тиіс. Құм салынған әрбір жәшіктің жанында үнемі күрек болуы тиіс. Жәшіктер қызыл түске боялып, тығыз жабылуы және онда «Өрт жағдайына арналған құм» деген жазу болуы тиіс.
Автомобильдер тұратын жер аймағында автомобиль жана бастаған жағдайда баска автомобильдердің жануын болдырмау үшін оны бұл аймақтан дереу буксирлеп шығарып, отты сөндіру шараларын қолдану керек. Автомобиль өртенгенде өртті қою көбікті немесе көмір қышқылды өрт сендіргішпен сөндірген жақсы. Жолда кетіп бара жатқанда өрт шығатын болса, жалынын кенеппен немесе басқа тығыз материямен жауып, от ордасын сендіреді де жанып жатқан жерге құм, топырақ сеуіп көмеді. Жанып жатқан двигательді сумен сендіруге болмайды, өйткені ыстықтан оның жарылып сынып кетуі мүмкін.
Жұмыс орнын ұйымдастыру
Жұмыс орны өндірістің алғашқы және негізгі құрамдас бөлімшесі болып табылады.
Жұмыс орнын ұйымдастыру еңбек үдерісін ұтымды жүргізудің және еңбек құралдарын тиімді пайдаланудың шараларын іске асыруды қажет етеді.
Жұмыс орны дегеніміз - жеке жұмысшының немесе жұмысшылар тобының еңбек ететін аймағы. Онда технологиялық үдерістің операцияларын орындауға қажетті материалдық-техникалық өндіріс құралдары орналастырылады.
Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру жұмыстары өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Бұл ретте жұмыс орнын жоспарлап жүйелеу, оны қажетті жаңа жабдықтармен жабдықтау, өндіріс құралдарын кеңіс орналастыру, жабдықтардың тиімді әрленуі мен нормаға сәйкес жарықтандырылуы қажет.
Жұмыс орнын жоспарлап жүйелеу төмендегідей шараларды қамтиды:
а) жұмыс кезінде адамның кедергісіз еркін қозғалуына мүмкіндік жасау;
ө) өндірістік жерді үнемді пайдалану жөне заттың тасымалдау жолын барынша ықшамдау;
б) жабдықтарды технологиялық үдерістің тізбектілігіне сәйкес орналастыру, жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасау.
Жұмыс орнында жабдықтарды дұрыс орналастыру арқылы жұмысшының өзіне қолайлы жұмыстық қалыпта еңбек етуіне жағдай жасалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жарықтандары мен дабылдау аспаптарынсыз автомобильде жұмыс істеу мүмкін емес. Түңгі және қараңғы кезде қозғалыс жолын, кабинаны, аспаптары қалқаның жарықтандыру мен машинаның габаритті көлемін байқау үшін қажет. Жарықтандыру аспаптарына фара, фонарь, астынғы фара, бұрылыс белгі және габарит шамдар, номер белгісіне жарық түсетін шамдар жатады.
Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде — жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.
Дыбыс дабылы электр - магнитті діріл типті. Дабыл кнопкасын баса отырып, тізбекті тұйықтайды. Электр тогы орам бойымен жүргенде, өзектемірді магниттейді, ол якорды тартады. Якордың орын ауыстыруы үзгіш контактілердің ажарытылуын туғызады.
Температура көрсеткішінің сезгісі металл корпусқа орнатылған терморезистор, яғни жартылай өткізгішті шайба болып табылады. Шайбаның кедергісі оның температурасының өзгеруіне байланысты өзгереді. салқындатқыш сұйықтық температурасынын өзгеруі сезгі кедергісінің күрт өзгеруін туғызады, мұнын өзі көрсеткіш катушкаларындағы токтын өзгеруіне әкеледі және нәтижелі магнит өрісті стрелкасын салқындатылған сұйықтықтың температурасына сәйкес келетін шкала бөлігіне бұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: Оқулық – Астана: Фолиант, 2007-360
2. Жүнісбеков П.Ж, М.Т.Жетпейісов, Г.А. Маметалиева, М.С. Дүйсенбаев Автомобильді жөндеу және техникалық қызмет
3. Баутин В.М. Экономика агросервиса. М. Информагротех. 1994.
4. Батищев А.И. Восстановление деталей с/х техники. М. Информагротех. 1995.
5. Варнаков В.В. Технический сервис машин с/х назначения. М. «Колос». 2003 г.
6. ГОСНИТИ. Комплексная система ТО и ремонта машин в сельском хозяйстве. М. 1990.
7. ГОСНИТИ. Система ТО и ремонта машин по результатам диагностирования. М. Информагротех,1995.
8. Дюмин И.Е. «Ремонт автомобилей». М. «Транспорт». 1995г.
9. Канарчук В.Е. «Восстановление автомобильных деталей». М. «Транспорт».1995 г
10. Курчаткин В.В. «ТО и ремонт машин в с/х». М. «Академия». 2012г.
11. Матвеев В.А. Техническое нормирование ремонтных работ в сельском хозяйстве. М. «Колос», 1990.
12. Румянцев С.И. Ремонт автомобилей. М. Транспорт. 1995г.
13. Смелов А.П. Курсовое и дипломное проектирование по ремонту машин. М. «Колос». 1990 г.
14. Справочник инженера по техсервису машин и оборудования в АПК, М. «Росинформагротех». 2003 г.
15. Туревский И.С. «ТО автомобилей», М., ИД «Форум» - 2007г.
16. Ульман И.Е. Техническое обслуживание и ремонт машин. М. «Агропромиздат». 1990г.
17. Черноиванов В.И. Каталог. Машины и оборудование для технического сервиса в АПК. М. 1993.
19