Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық әңгіме: Қыстағы қысқа бір күн

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері және ұстаздар мен оқушы, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы





Авторы: «Асу» гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы

Базылғаламова Сауле


Қыстағы шаттыққа толы қысқа бір күн

Біздің үй Елордамыз Астана маңындағы шеткі ауылдардың бірінде. Жазы ыстық, әрі желді, көктемі дариядай көлдететін сулы, күзі қара суық, қысы ақ боранды қалың қарлы, тайғанақ көк мұзды. Маған ұнайтыны да сырғанақ тебетін көк мұзды, осы ақ түтекті ызғарлы қыс мезгілі. Аракідік қала мен ауылымызды жалғап тұрған автобустар келіп-кетіп жатады. Есіктің алдында тұратын суқұдық аязды күні қатып қалатын әдеті бар. Әкем екеуміз қыздырғыш лампамен жібітіп, әрең дегенде су аламыз, әрі алғашқыда шыққан лайлы қоңырқай суды төге беріп, аулада көк мұзды сырғанақ орны пайда болған. Арнайы жасалғандай. Құдық жөнделгенше құмарымнан шыға сырғанақ тебемін. Сол бір сәтті бұзар «Ақбота, Ақбота қызым» деген анамның дауысы шыққан кезде ғана қарнымның ашқанын, қолымның тоңғанын сезе бастаймын. Үйге кіріп қолдарымды бетін қызыл алау шарпыған пешке көлбегей ұстай жылытып алып, ыстық піскен күлшені тәтті шаймен үрлей жеп, анама аз-маз қолғабыс тигізіп болып, қайтадан далаға шықтым. Әдеттегідей әкем де отыны ортайған көмір қорадағы қоңырқай шананы сүйреп жақын маңдағы тоғайға бет алып барады екен. Жүгіре қуып жетіп, шанаға жармаса мініп алдым. Тоғайдағы құстардың ұшуы да сайрауы да жаздағыдай емес қыстағы көрінісі өзгеше болады екен. Олар да тоңған сияқты. Ағаштар арасынан күннің көзі анық көрінеді. Бір мезетте бұлт ақырын ғана жылжып келіп күн бетін жапқандай болып еді айнала тұманданып, қар түйіндері асығыс түсе бастады. Әп-сәтте тез жауған қар тоғай ішіндегі біздің келген ізімізді жауып үлгеріпті. Әкем де асығыс ағаш қалдықтарын түгел сыпыра жинап, қалың арқанмен буып-байлап та болып қалған екен сүйрей жөнелдік. Түс ауа бесін шай ішетін уақыт таяғанда уйге біз де жеттік. Әкем отынды түсіріп, балталап болып, үйге кіріп шай ішіп шықты. Екеуміз жауған қарды күреп, қора жақтарға жол ашып, жиналған қардан аққала жасадық. Әкемнің мейірлене түскен жүзі бір сәтке бала болып кеткендей, аққаланың көздері мен мұрнын бірнеше рет салыстыра байқап таңдап салып жатыр. Жанына бала аққала



жасадық. Қолдарына сыпырғыштарын ұстатып, әкем өзінің сарайдағы ілулі тұрған ескірген қызыл галстугын таға қойды. Жарасып кетті. Ендігі менің қатарлас достарым солар, сөйлесе жүріп, алқын-жұлкын сырғанап кеш батып қалғанын да байқамаппын. Жақындап келе жатқан жаңа жыл мерекесінде біздің есіктің алдында аққала мен сырғанақ болмауы мүмкін емес. Жылдағы дайындық осылай басталушы еді. Аяз ата бұғыларын жегіп алып аспаннан маған көрінбей өтіп кетпесін деп түн басталғанша, жұлдыздар жымыңдағанша қарап тұрдым. Өйткені аққала мен сырғанақ жасап, шырша безендіріп жарықтарын жаққаным үшін жыл сайын сыйлық беріп кетуші еді. Жаңа жыл мерекесіне әлі екі күн уақытымыз бар. Шыршаны сол екі күнде анам екеуміз безендіреміз деп келіскенбіз. Сол тамаша күн жақындаған сайын тағы тәттілерге қоса қандай сыйлық берер екен деп күтуден тағатым таусылардай... Көршілердің де терезедегі жарықтары жанып, күркілдеген жуан дауысты төбеттерінің ғана жағаласа үрген дауыстары естіледі. Көшеде жан көрінбейді. Мүлгіген тыныштық. Үйге кіру керек екенін түсіндім. Есіктен кіре «Ботам ау, тоңып қалдың ғой» деген анам аяқ киім мен тонымды шешіп бәйек болып жатыр. Тамаққа қарауға шамам болмай қалжыраған күйі төсегіме жата кеттім. Көзім ашылар емес. Тек ертеңгі таңның тез атып, бүгінгідей тамаша көрініспен қайталануын ғана ойлап, жылы көрпеме бұға түстім....



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12