Авторлық бағдарлама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама биология
Материалдың қысқаша нұсқасы

















АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ

ТАНЫМДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ











Биология пәні мұғалімі:














2023 – 2024 оқу жыл

Кіріспе

Биологияны оқытуды ұйымдастыруда пән мұғалімі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуы, қажетті біліммен қамтамасыз етуі, олардың есеп шығаруы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруы айтпаса да түсінікті. Оқыту сапасын арттыру, өмірмен практиканы байланыстыру да күн тәртібінен түскен емес. Оны шешудің бірден-бір жолы, атап айтқанда көрнекілік принципті компьютерлік технология құралдары арқылы жүзеге асырудың дидактикалық негіздемесін жасауға келіп тіреледі.

Өйткені, көрнекі түрде оқыта отырып, материалды игеруге ғылымилық және көрнекілік, белсенділік принциптерімен қамтамасыз етіп, оқушылардың логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, еңбектің қандай да бір түріне шығармашылықпен қарау деңгейін дамытып, жетілдіре түседі.

Ал «Көрнекілік» термині негізінен үш мағынада: объект ретінде, қандайда бір заттың қасиеті ретінде, адам баласының қандай да бір іс-әрекеті ретінде қолданылады. Көрнекілік түсінігі компьютерлік технологияның пайда болуына орай, соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады.

Осыған байланысты 7-11 сыныптарда биология пәнін оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолдану арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бұл біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігін айқындайды.

Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясына сай, әрi компьютерлiк технология негiзiнде жүргiзудi ұсынамыз. Мектептің биология пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында бұл пәннің саласында онымен іргелес өзге де ғылым салаларындағыдай жаңа білім көлемі жедел қарқынмен дамып, отырғаны айтылып, осы нормативтік құжаттың мақсат-міндеттерін анықтауда ескерілген қоғамдық өзгерістің бірінде былай делінген: «...Қоғамның жоғары деңгейде ақпараттандырылуы, компьютерлік технология құралдарының кеңінен қолданылуы биологияны оқыту барысында оқушылардың алгоритмдік мәдениетін арттыруды талап етеді».












МDrawObject1 АЗМҰНЫ


КlРlСПЕ ....................................................................................................................................3

Биологияны оқытудың көрнекілік принципі және оның компоненттік құрылымы.................................................................................................................................4

Биология пәнін оқытуда қолданылатын

ақпараттық технология құралдарының түрлері....................................................................21

Оқушыларға ақпаратты ұсынуда көрнекілік принципті жүзеге

асырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері.......................................................26

Биологияны оқытуда кешендік оқу құрал-жабдықтарды қолдану мазмұны....................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................................................50


























Биологияны оқытудағы көрнекілік принципі

және оның компоненттік құрылымы


Көрнекілік адамның заттар немесе құбылыс жайлы ақпараттың берілуі мен оны қабылдауды оңайлату қажеттілігінің туындауымен бір мезгілде пайда болды. Оның куәсі бізге ертеден жеткен жартастағы суреттер болып табылады. Көрнекілік – оқыту, жазу өнері пайда болғанға дейін туындаса керек. Ежелгі Египет, Рим, Грек елінде ол кеңінен қолданысқа ие болған [5].

Ақпаратты ауызша және жазбаша сөйлеу тілі арқылы жеткізудің жетілуі, сонымен бірге абстрактілік ойлаудың дамуы, көрнекі оқыту әдісінің кең тарауына ықпал етті.

Оқытудағы көрнекілік принципінің мәні туралы Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев былай дейді: « Оқыту үдерісінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әртүрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге әсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше» [6].

Ә.Бидосов [7] көрнекілік принципін жүзеге асыру нақтылық пен абстрактылықтың бірлігі ретінде атап көрсеткен. Мұның мәні оқытудың әрбір сатысында, білім игеру логикасының желісін басшылыққа ала отырып, сол білімдердің айрықша фактілері мен оқушылардың байқауларының немесе аксиомалардың ғылыми ұғымдар мен теориялардың алғашқы бастамаларын тауып, жеке затты қабылдаудан жалпылыққа, нақтылықтан абстрактілікке және керісінше жалпылықтан жекелікке, абстрактіліктен нақтылыққа көшу заңдылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен қатар оқу үдерісіне көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн екені ескеріледі: көрнекі құралдар сабақтың мақсатына сәйкес іріктелуі тиіс, көрнекі құралдарды пайдаланғанда оқушылардың оларды дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн; сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрсетілуі керек болса, олардың бәрін бір уақытта емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен пайдаланған орынды.

Сабақ кезінде мұғалімнің өзінің баяндауы мен көрнекілікті үйлестіруі елеулі роль атқарады. Дидактикада үйлестірудің екі тәсілі белгілі. Біріншісінде көрнекі құрал мұғалімнің түсіндіруінен бұрын көрсетіледі. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, байқағыштығын бақылай отырып, керегінше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.

Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімдірек, себебі ол қажетті білімді меңгеруді қамтамасыз етумен бірге, оқушылардың байқағыштық қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі. Бірақ, көрнекі құралдарды шамадан тыс қолдану оқушылардың ойлау қабілетіне кері әсер ететінін ескерген жөн.

А.Е.Әбілқасымова, А.К.Көбесов, Д. Рахымбек, Ә.С.Кенеш [8,9] былай дейді: Оқушылардың оқу материалын қабылдау - талдау және жалпылау үдерісінің мәнінен туындады. Оқу барысының әр түрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. Биологияны оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал- жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралардың модельдері, кестелер, оқу диафильмдері, кинофильмдер, теледидар, микрокалькуляторлар т. б.).

Ескеретін бір нәрсе, көрнекілікті қалай болса солай қолдана бермей, тек қажеттілігіне, тиімділігіне қарай пайдалана білудің маңызы зор. Мысалы, стереометрияның алғашқы сабақтарында фигуралардың әр түрлі моделін көрсету оқушылар үшін пайдалы болады да, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсер етуі мүмкін, яғни стереометрияны үйретуде нақты көрнекілік біртіндеп «абстрактылық көрнекілікке» (жазық сызбаларды қарастыру) орын беруге тиіс [10]. Я.А.Коменскийді (1592-1670) «Дидактиканың алтын ережесі» деп аталатын көрнекі оқыту принципінің негізін қалады. Ол көрнекілікті адамның әртүрлі сезім мүшелері көмегімен қабылдайтын обьекті немесе құбылыс жайлы сенімді ақпаратты алуға мүмкін болатын компонент ретінде түсінеді, «...барлығын тек сезімдік қабылдаулармен, атап айтар болсақ: көруді - көру сезімдерімен, естуді - есту мүшелерімен, иісті - иіс сезу мүшелерімен, дәмді - дәм сезу мүшелерімен, жанасуды – сипау арқылы сезінуге болады. Егер қандай да затты бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауға болатын болса, онда ол бірден бірнеше сезімдік қабылдауларды қамтиды» [11].

Чех педагогы табиғаттағы заттарды тікелей қабылдау арқылы үйренуден бастауды, ал егер мұндай зат (құбылыс) болмаса, онда оны оның кескінімен немесе көшірмесімен алмастыруды ұсынды. Я.А.Коменский адам білімді өзіндік бақылау жасау жолымен алуы тиіс деп үйретеді [12].

Я.А.Коменский көрнекілік мәселесіндегі негізгі орынға көру қабілетін қойды. Оның «Суреттердегі сезімтал заттар әлемі» оқулығы көрнекілік принципі негізінде жазылған алғашқы кітап болды (оны тілді оқытуда ұзақ пайдаланды).

Осылайша, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік таныммен байланыстырса, ал бақылауды кез-келген білімді алудың негізі деп есептеді.

Қ.Жарықбаев: «Байқау дегеніміз – белгілі мақсат пен обьектіні әдейілеп қабылдау. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады» деді [13].

И.Г.Песталоцци (1746-1827) бақылауды абстрактілік ойлауды дамыту үшін алғашқы қадам деп есептеді. Ол көрнекіллікке едәуір терең негіздеу берді. Ол кез келген танымның абсолюттік негізі ретіндегі көрнекілік принципін енгізді [14].

И.Г.Песталоцци сезім мүшелерінің қоршаған әлемді тікелей қабылдауы жайлы айта отырып: «...сезімдік қабылдау адамдық танымның жалғыз негізі болып табылады. Бұдан кейінгі келетіндердің барлығы да осы сезімдік қабылдаудың қарапайым нәтижесі немесе абстракциясы» деп жазады [15]. Ол көрнекілік балалардың ақыл-ой қабілетін арттырып, сөйлеу қабілетін дамытудың құралы деп ұйғарды. Оның пікірі бойынша, бақылау үш сатыны қамтиды: бала алдында қанша зат бар; олардың формалары қандай; бұл заттар қалай аталады.

И.Г.Песталоццидің пікірі бойынша, көрнекі оқыту мәні оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытуға көмектесіп, бөліктен бүтінге біртіндеп көшуге мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.

Неміс педагогтары И.Ф.Гербарт (1776-1841) [16], А.Дистервег (1790- 1886) [17] Я.А.Коменский білімін дамыта отырып, көрнекі оқыту әдістемесін мұғалімнің сабақта пайдалануының талаптарын жасады:

затты өте ұзақ демонстрациялауға болмайды, бір затты демонстрациялай беру оқушыны жалықтырады;

сабақта көрнекіліктің сан алуан түрлері қолданылуы тиіс;

мұғалім көрнекі құралды пайдалана отырып, қабылдау механизмі, көрнекі құралдарды пайдаланудың тұтастығы, бірізділігі мен әдістемесі жайлы мәселелерді есте ұстауы шарт;

жақыннан алысқа, жеңілден салмақтылығына, қарапайымнан күрделіге біртіндеп сатылай шығармашылықпен оқуға өту керек [18].

И.Ф.Гербарт [19] қандай да бір объекті мен құбылысты тікелей қабылдау мен зерттеу алдында оқушылар бақылайтын затпен танысып, оны айқындаудың қажеттілігін көрсету керек деп есептейді.

Неміс педагогы Ф.Фребель (1782-1852) [20] көрнекілікті жетілу мен белсенділік ретінде қарастырды. Көрнекі құралдар көмегімен жетілу арқылы түсініктер мен ұғымдар қалыптасады. «Бала пісіп жетілгісі келсе, мұны ол өз қолымен жасасын» [21]. Фребель еңбегі оның көрнекі оқытудағы шығармашылық және белсенділік компоненттеріне ерекше орын беруінде болып тұр. Сол заманғы барлық педагогтар сияқты көрнекі оқыту жайлы айта отырып, қоршаған ортаны сезім мүшелерімен тікелей қабылдау деген көзқараста болған ол, көрнекі оқыту әдістемесін жасағанымен, бірақ көрнекі оқытуды, мақсат категориялар мен шығармашылықтың өзара байланысы жайлы мәселе ашық түрде қойылған жоқ.

К.Д.Ушинский [22] көрнекілікті оқыту үдерісінде мұғалім жетекшілігімен немесе өзіндік бақылау нәтижесінде қабылданатындығына тәуелсіз түрде баланың тікелей қабылдауымен нақты бейнеде тұрғызылған ілім ретінде анықтады. Көрнекіліктің ең ерекше де маңызды түрлерінің бірі деп ол әсерлі және бейнелі сөйлеуді есептеді. Оқыту үдерісінде мұғалім өз әңгімесін «біріншіден, оқылғандарды еске түсіріп қана емес, сонымен бірге оны тікелей жетілдірумен толықтыра отырып, балаларға оны көрсетуі тиіс; екіншіден, сұрақтарды сан алуан етіп және әсерлі ете отырып, көрнекілікті көрсетуі тиіс» [23].

К.Д.Ушинский [24, 7 ] үшін көрнекілік - оқытудың әдістері мен тәсілдерінде міндетті түрде қатысып отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип.

Педагогикада көрнекіліктің табиғи, кескіндік (фотосуреттер, оқу картиналары) және кескіндік (графиктер, сызбалар, диаграммалар) деп аталатын үш түрін қарастырады. Көрнекіліктің әр түрінің өзіне тән атқаратын функциялары бар. Көрнекілік түрлері: табиғи көрнекілікке коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, жануарлар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б. жатады. Кескіндік көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер. Экранды-динамикалық көрнекілік қоршаған дүниеніні бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипроекциялар, оқу киносы, оқу теледидары. Дыбысты техникалық көрнекілікке грампластинкалар, магнитофильмдер, радиоқабылдағыштар жатады. Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

К.Д.Ушинский баланы тек көрнекі оқытуды логикамен ұштастырғанда оқушының көрнекі ойлауын тәрбиелеу құралы болып табылады деп ұйғарды. Көрнекі оқыту «ақылдың дамуына» жол ашады.

К.Д.Ушинский [25, 18] сол кездегі арифметика бағдарламасына орынды сын айта отырып, оның орынына өз бағдарламасын ұсынды. Ол арифметиканы оқытуды өлшеу жайлы көрнекі түсініктерден бастауды ұсынды. Геометриялық формаларды оқыта отырып арифметиканың өзіне көрнекілік пен жандылық беру үшін мұғалім өлшеулерді пайдаланады деп көрсетеді К.Д.Ушинский [26].

Сонымен, К.Д.Ушинский нақтыдан абстрактіге, әрекеттен (практикадан) теориялық жалпылауға өтуге шақырады. Ол көрнекі оқытудың мәнін терең түсінеді: ол ақыл-ой қабілетінің дамуына, материалдың мазмұндалу мүмкіндігіне, оқу жұмысындағы белсенділік пен даралануға, материалды эмоциялық қабылдауға, алынған білімді жүйелендіруге жол ашады.

Орыс педагогы Н.Ф Бунаков (1837-1904) [27] көрнекілікті оқудың шынайы өмірмен байланыс құралы, өмірлік қажетті білімді алу құралы деп есептеп, көрнекілік түсінігін шығармашылық элементтермен байланыстырды.

М.Жұмабаев: «Бір затпен танысқанда сыртқы сезімдердің көбі қатынасса, ол зат ұмытылмайды. Балаға бір нәрсені білдіру керек болғанда осы жолды ұстау керек. Яғни мүмкін болғанша баланың сыртқы сезімдерінің көбін қатынастыру керек. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сыйпат, суретін салғыз Баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің көрген нәрсесін ұстағысы келеді, естіген нәрсені көргісі келеді. Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды ұстағанда баланың білімі берік болады. Мысалы, дұрыс жазуы үшін құр ережелерді білуі жетпейді. Қолдың, көздің, құлақтың әдеттенуі шарт» [28].

Ғалым-педагогтар көрнекі оқытуды сезім мүшелеріне әсер ететін, нақты қабылданатын объекті немесе құбылыстармен байланыстырды; олар көрнекі оқыту мәселесін көтерді; көрнекі оқыту мәнін негіздеді; оның мектепте қолданылу әдістемесін жасап, әрекеттің көрнекі оқытумен байланысы жайлы мәселе қойды.

Дегенмен, олар көрнекілік қасиеті тек нақтыға ғана тән деп, ал абстрактілік ұғымын көрнекілікпен байланыстыруға болмайды деп есептеді. Көрнекілік принципін қолдану әдістемесі негізінен бастауыш мектепке, ана тілі сабақтарына қатысы болып, көрнекі оқытудың компоненттік құрамы анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде көрнекілік, көрнекі оқыту, көрнекілік түрлері, көрнекілік құралдары жіктемесінің сан-алуан жолдары келтіріледі. Ғылыми әдебиеттер мен мектеп практикасында «көрнекілік» сөзі үш мағынада қолданылады. Біріншіден, ол кейбір обьектілер (көрнекі құралдарды), екіншіден, кейбір қасиеттерін, үшіншіден, адамның белгілі бір іс-әрекетін (көрнекілік құралдарын қабылдау, оларды пайдалануды) білдіреді [29]. Терминнің көпмәнділігіне байланысты оның әр түрлі анықтамалары бар.

Психологиялық зерттеулер (Н.А.Менчинская, П.А.Гальперин, Т.В.Кудрявцев, Л.В.Занков және басқалар) көрнекілікті «абстрактілік деңгейде және практикалық іс-әрекет үдерісінде қарастырады.

З.И.Калмыкованың [30] пікірінше, көрнекілік практикалық іс-әрекеттерімен ғана байланысты емес, сонымен бірге оқушылардың заттармен, оларды алмастыратындармен (сызбалармен, кескін, график және суреттермен) іс-әрекет орындауына тәуелді.

З.И.Калмыкова [31,13] көрнекіліктің практикалық формасына бақылауға мүмкін болатын құралдармен бірге, сондай-ақ ойлау экспериментін де жатқызады.

Сонымен, көрнекі оқыту ұғымы объектімен немесе оны алмастырушы затпен тікелей практикалық іс-әрекет, сондай-ақ ойлау іс-әрекетімен тікелей байланысты.

Ғалымдардың екінші тобы көрнекілік ұғымын бейне ұғымымен байланыстырады. Оқытудағы көрнекілік объективті шындықтың тікелей қабылдау кезінде пайда болатын сезімдік-көрнекілік бейнелерді пайдалану, және жеткен жетістік нәтижесі таным-білім ретінде түсіндіреді.

Л.Н.Нуритдинов [32] бейнелерді екі түрге бөледі. Бірінші топқа шынайы объектілер тікелей көрініс беретін сезімдік көрнекі бейнелер кіреді. Екінші топқа абстрактілік формада көрініс беретін рационалды бейнелерді жатқызды. Бейне мен көрнекілік түсініктері тығыз байланысты, ол көрнекіліктің сезімдік және рационалдық екі сатысын бөліп көрсетеді. «Рационалдық көрнекілік - теориялық ұғымның сезімдік нақты формада көрсететін дидактикалық құрал; осы құрал көмегімен оқушылардың шығармашылық белсенділігін, логикалық ойлауын дамытып, танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастырады, шығармашылық, ғылыми-дүниетанымдық ұғымдарды игереді» [33].

Л.Н.Нуритдинов [32, 45] оқытудағы көрнекіліктің, көрнекі оқыту ұғымының нақты анықтамасын бермегенімен, зерттелуші құбылыс жайлы сезімдік елестету қажеттігін бөліп көрсетті.

Л.М.Фридман [33] көрнекілікті қабылдау, есте сақтау, ойлау мен қоршаған орта обьектілерін тану кезіндегі психикалық бейнелердің ерекше қасиеті деп есептейді. Бірақ кез келген бейне көрнекі емес. Психикалық бейнедегі көрнекілік дәрежесі обьектінің қаншалықты түсінікті де, таныс екендігіне, адамның жеке ерекшеліктеріне тәуелді. Көрнекі бейнені жасаудың сыртқы шарты болып белсенді танымдық әрекет танылды. Обьектіні енжар түрде бақылау оның көрнекі бейнесі жасалуына алып келмейді. Л.М.Фридман көрнекілікті - бұл түсіну мен белсенділік деп тұжырымдайды. Ол «көрнекі оқыту» терминін пайдаланбайды [34].

В.Г.Болтянский [35] өзінің көрнекілік формуласын ұсынады: «Көрнекілік формуласы – изоморфизм+қарапайымдылық». Ондағы көрнекілік түсінігі модель түсінігімен байланысты: «...көрнекілік жайлы мәселені талқылау үшін құбылыстың екі моделін білу қажет: олардың біріншісі - абстрактілік модель, яғни, біз оқушы санасында қалыптастыруға тиісті құбылыс теориясы, екіншісі - көмекші, оқу моделі («модель-көмекші құрал). Көрнекілік жайлы тек егер ол бірінші моделге изоморфты болып, қабылдаудың қарапайымдылығына ие болса ғана екінші моделді қолданудың мәні бар. Ол изоморфизмді құрылымдардың бірдейлігі ретінде түсінеді».

Қарапайымдылық түсінігі өзгеріссіз, тұрақты бола алмайды, ол адамның жеке және жас ерекшеліктеріне, оның білімі мен дағды деңгейіне, оның өмірлік тәжірибесіне тәуелді болып, тұрақты түрде өзгеріп отырады. Қарапайымдылық ұғымы өзгеруімен көрнекілік ұғымы да өзгеріп отырады, көрнекілік ұғымы қатып қалған – тұрақты болып табылмайды. Бір адам үшін бұл модель көрнекі болса, ал екіншісі үшін олай болмауы мүмкін, бұл оның қарапайымдылығына тәуелді. Біз модель көрнекілігі, модельдің осы сатыда, осы курста орындайтын мақсатымен тығыз байланысты деп есептейміз. Мысалы,...

В.Г.Болтянский [35,5] көрнекілік ұғымын модель ұғымымен тығыз байланысты биологиялық формуламен өрнектеуге әрекеттенді. Бірақ оның жұмыстарында көрнекіліктің, шығармашылықтың, мақсаттың, сезімдік компоненттің, нақты байланыстары ашылмай, биологиядағы қандай оқытудың көрнекті болып табылатындығына жауап берілмейді.

В.Е.Евдакимов та көрнекілікті изоморфизм мен қарапайымдылық - оқу құралдары көрнекілігінің ажырағысыз белгілері деп түсінеді. Ол көрнекі бейне түсінігін танымдық әрекетпен байланыстырады [36].

Л.Н.Леонтьев көрнекілік оқушы жүзеге асыратын ішкі әрекеттердің сыртқы тірегі қызметін атқаруы керек деп ұйғарады [37].

Шабажанова С. Қ. [38] балалардың ойлауы табиғатынан екі түрлі болып келетінін мұғалім қашанда білуі керек. Бірі ― көрнекі құралдарға сүйене отыру арқылы қабылдаса, екіншісі ― ауызша тезірек қабылдайды. Мұндай балаларды анықтау оңай емес. Баланың жасы кіші болған сайын олардың ойлауы көбінесе, көрнекі құралдарға негізделеді, ойлауы көрнекі- бейнелілік және ауызша-логикалық болып келеді. Олардың айырмашылықтары жасөспірім кезде ғана анықталады. Таза түрі сирек кездеседі. Көбінесе аралас түрі кездеседі. Сонымен, көрнекілік түсінігі бастапқымен салыстырғанда едәуір өзгерді. Қазір көрнекілік тек нақты ғана емес, сонымен бірге абстрактілік деңгей мен іс-әрекет үдерісінде қарастырылады. Дегенмен көрнекілік ұғымына бірдей көзқарас жоқ, көрнекі оқытудың анықтамасы берілмеген, оны құраушы компоненттердің сипаттамасы толық ашылмаған, әрі биологиядағы көрнекі оқыту ерекшелігі жеткіліксіз түрде зерттелген.

Қазақ ұлттық энциклопедиясын редакциясын басқарған Б.Аяған: «Көрнекілік ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру түйсігі. Адам шынында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылдаған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оның міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. Көрнекілік құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады [39].

К.З.Халықованың еңбегінде көрнекілікті информатиканы оқытудың ажырамайтын бөлігі деп айта келе, ол информатика курсының мазмұнындағы ақпарат ұғымының әртүрлі сипаттала берілуімен түсіндіріледі [40].

Г.Т.Жақыпбекова былай дейді: «Көрнекілік принцип мұғалімнің оқыту үдерісіне есту-көру (аудио - визуалды) техникалық құралдарды, кітаптар, карталар, кестелер секілді әртүрлі көрнекіліктерді, оқу құралдарын пайдалануынан көрініс табады [41].

Мектепте көрнекіліктің бірнеше түрі қолданылады. Мысалы, көрнекілік оқушыларды өмірде бар объектілермен таныстыруды көздейді. Көлемдік көрнекілік ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатында қолданылады. Оған фото-суреттер, диапозитив, дыбыссыз кино, т.б. жатады. Дыбыстық көрнекіліктер - дыбыстық бейнелер, шығармалардан үзінді оқу, дауысты таспаға жазу, магнитофонды пайдалану, т.б. қамтамасыз етеді. Кескіндік және графикалық көрнекіліктер абстрактылы ойлауды дамытуды мақсат етеді. Мұндай көрнекіліктер болмысты символ түрінде сипаттайды. Мысалы жоспарлар, карталар, схемалар, диаграммалар, т.б. Суреттерді анимациялау, түр-түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі көрнекілік принципті жүзеге асырылуы болып табылады.

Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады, ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндік жоқ.

Қ.Ә.Жұмағұлова: «Педагогикалық әдебиеттерде көрнекіліктің заттық, бейнелік тілдік, шартты, көркем және динамикалық түрлері ең негізгілері болып саналады» дейді. Сонымен қатар, графикалық шартты бейнелер мен таңбалық модельдерге баса назар аударылады. Көрнекі құралдар шынайы іс-әрекеттерді алмастыру үдерісін бейнелеу және кодтау үшін, дерексіз тәуелділікті модельдеу мақсатында қолданылатындықтан, таңбалар мен символдарды таңбалық-кескіндік көрнекіліктер ( ТСК ) ретінде ерекше бір көрнекіліктің тобы ретінде бөліп қарастыруға тұрарлық. Сөйтіп, таңбалық - кескіндік көрнекілік дегеніміз - алмастыру, кодтау үдерісінің құрылымы мен қызметін көрсететін көрнекіліктің түрі, ол абстрактілі тәуелділікті оның түріне және нақтылы ерекшеліктеріне байланысты кескінді-шартты формалар арқылы модельдейді [42].

Таңбалық-кескіндік көрнекілікті оқыту барысында пайдалану үшін жалпы дидактикалық талаптарға сүйенеді. Ол талаптарға сәйкес құралдар: 1) оқушылардың жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажет; 2) оқыту тиімділігін арттыруы керек; 3) оқу материалын бірнеше қайтара түсіндіру немесе көрсетілу талабы сақталуы қажет; 4) оқушылардың оқу әрекеттерін мотивациялау; 5) оқушылардың өзіндік белсенділіктерін көрсетулері үшін еркіндік беру; 6) оқу материалдары реалды оқу мәліметтерінен тұруы қажет.

Таңбалы-кескіндік көрнекіліктер мынадай принциптерге сүйеніп жасалынады: ықшамды болуы; ассоциативті; мазмұнды; түсінікті; әмбебапты; өзгермелі; даралы; топтастыру; құрылымды; сатылы [43].

Аталған принциптерді талдай келе таңбалық кескіндік көрнекіліктер (ТСК) оқыту құралы ретінде оқу материалының мазмұнын нақтылы бейнелеу, оны терең әрі берік меңгеруге ықпал етуі және ғылыми дүниетаным қалыптастыруы; оқушының диалектикалық ойлау үдерісін дамытып, білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі талаптарына сай болуы керек.

Л.С.Выготский [44] оқыту кешегі емес, бала дамуының ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс деп атап өтеді. Мұғалім оқушыларды таным әдістерін, оқу іс-әрекетінің жалпы әдістерін білуге, білімді өз бетінше алу мен өздігінен оқуға үйретуі тиіс. Мұнда жай әңгімелеу жеткіліксіз, оқушыда таным әдістерінің сезімдік бейнесі мен ойлау тіректері жоқ. Бұл жерде көрнекі және жеңіл қабылданатын сызба, кесте, график немесе қандай-да бір өзгеше түрдегі әдістер моделімен және танымдық әрекеттер әдісімен қамтамасыз ету қажеттігі шығады. Оқытудың пәні сезімдік қабылдау моделдері, олар арқылы жүзеге асатын таным әдістер мен тәсілдер танылады.

Ғылымның әртүрлі салаларында моделдердің сан-алуан жіктемесі келтіріледі. В.А.Штофф [45] «модель ретінде зерттеу объектісін кескіндей немесе қалпына келтіре отырып, оны осы объекті жайлы бізге жаңа ақпаратты беретіндей етіп алмастыруға қабілетті ойша ұсынылатын немесе материалдық түрде жүзеге асқан жүйе» - деп түсіндіреді.

«Модель» сөзі ғылыми мәтіндерде, психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерде, сөйлеу әрекеттерінде өте жиі кездеседі.

Бізді модель түсінігі, моделдеу, биологиялық модель мен моделдеумен көрнекі оқытудың өзара байланысы қызықтырады. Моделдеу мен модель ұғымы әртүрлі әдебиеттерде сан-алуан ғылым салаларында кеңінен талқыланады. Бұл мәселелерге көптеген [46], [47], [48], [49], [50] жұмыстар арналған. Бұл жұмыстарда моделдердің ғылыми танымдағы үлкен мәні аталып өтіледі.

Биологиялық модель, моделдеу ұғымдарын зерттеушілер әртүрлі түсіндірді. Н.Н.Моисеев [51] биологиялық моделдің – биологиялық формальды-логикалық аппаратын талдау үшін қолдануға мүмкіндік беретін мазмұндау әдісі екендігін көрсетеді. Л.Г.Петерсон [52] мына анықтамаға тоқталады: «Биологиялық модель деп биологиялық символика көмегімен өрнектелген сыртқы әлем құбылысының қандай да бір класын жуықтап суреттеуді айтамыз. Биологиялық моделдер - жаратылыстану циклі пәндерін зерттеуде үлкен ролге ие. Бұл биологиялық тіл көмегімен арнайы бейнеде құрылған моделдер болып, осы тіл заңына бағынады».

Биологиядағы негізгі мазмұн - әртүрлі байланыстар мен қатынастар болып табылатындықтан, В.В.Давыдов [53] осы пәнді оқытуда негіз көрнекілік емес, моделдеу принципі болып табылады деп қорытынды жасайды [54].

Біз көрнекі оқыту мен моделдеу бір-біріне қарсы келмейді, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды және олардың арасына шектеу қоюға болмайды деп есептейміз.

Көрнекілік пен моделдеу байланысының сипатын анықтау Н.Г.Салмина зерттеулерінде көрініс береді [55]. Ол көрнекілік мәселесін ақыл-ой әрекетін сатылай қалыптастыру қөзқарасы тұрғысынан қарастырады.

Ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясына сәйкес моделдеу материалдау сатысымен байланысты. Оқыту тиімділігі оқушылардың моделді өз беттерімен құру кезінде жүзеге асады. Біздің қөзқарас бойынша, көрнекі оқыту - қабылдаудың психологиялық механизмдеріне сүйенумен «жақсы меңгерілетін моделдерді» жасау үдерісі.

Көрнекілік принципі моделдеу приципімен кереғар болмай, онымен тығыз байланысты болады. Моделдеу - көрнекі оқытудағы құраушы компоненттердің бірі. Оқыту үдерісінде біз қойылған мақсатқа сайма-сай моделді қалыптастырамыз. Мектеп практикасында көбінесе көрнекі оқыту - көрнекі құралдарды демонстрациялаумен және техникалық оқыту құралдарын қолданумен байланысты үдерісс ретінде түсіндіріледі. Моделдеудің мәні биологиялық моделдерді құруда.

Жүйенің барлық компоненттері өзара байланысты. Өзара байланыстар сипатын анықтау биологиядан көрнекі оқыту мәселесін зерттеудің маңызды сәттерінің бірі болып табылады.

Оқыту – күрделі педагогикалық үдерісс, оқушы мен оқытушының, мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті. Оқыту, оқу мұғалім мен оқушы жағынан белсенді шығармашылық ізденісті қажет етеді. Мұғалімнің міндеті - білімді оқушылар өздігінен алуға алып келетін оқудың белсенді формасын табу.

Оқушының міндеті – білім жүйесін меңгеру, қойылған міндеттерді өздігінен шығармашылықпен шешуге дағдылану. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - оқуды көрнекі ету. Көрнекі оқудың компоненттерінің өзара әрекеттесу құрылымын зерттей отырып, біз биологиядағы көрнекі оқытуды былайша түсінеміз: биологиядағы көрнекі оқыту – жекелеген білім моделдерін немесе білімнің ұйымдасқан жиынтығын қабылдау кезіндегі оқушылардың ішкі іс-әрекет нәтижесін мақсатты қалыптастыру үдерісі.

А.Н.Леонтьев пен оның ізбасарларының ойынша, көрнекілік білімді игеру үдерісінде мұғалімнің басшылығымен бала жасайтын ішкі әрекеттердің сыртқы тірегі болуы тиіс [56].

Сонымен, оқыту үдерісін, егер бала жасайтын ішкі әрекет қойылған мақсатпен сәйкестенетін болса көрнекі деп есептеуге болады.

Тіректік сыртқы әрекеттерге мыналарды жатқызамыз: формулалар, кестелер, моделдер, диапозитив, диафильм көрсетілуі, сызбаны, график пен сызба, ғылыми-зерттеу тапсырмалары, баспа құралдары, интербелсенді тақта т.б. пайдалану.

Бізді ұғымды қалай терең меңгерумен бір мезгілде, оның ойлауда қалай көрінетіндігі қызықтырады, бұл кезде біз «тікелей қабылдау» терминін пайдаланатын боламыз.

Қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезінде олардың адам санасында көрініс беруі. Қабылдау күрделі танымдық әрекет болып табылады. Барлық ақпараттар біздің басымызға сезім мүшелері: дәм сезумен, терілік сезілумен, иіс сезумен, есту және көрумен келіп кіреді. Сыртқы әлем жайлы мәліметтердің ауқымды бөлігін адам көру арқылы алады, ол бізді қоршаған әлемнен үлкен ақпараттар бөлігін миға тасымалдайды.

Сондықтан да мектепте көбінесе оқу үдерісінде көру арқылы қабылдануға ерекше маңыз беріледі. Бүкіл сезім мүшелері үздіксіз, мимен тығыз байланыстағы бірлікте жұмыс істейді.

Оқытудың сәттілігін қамтамасыз ететін жағдай оқушы жасаған ішкі әрекеттердің қаншалықты дәл болғандығында. Кері байланыс көмегімен материалдың игерілуі мен есте қалуы қаншалықты берік жүргендігі туралы пікір айтуға болады.

Қабылдау - барлық жағынан заттарды немесе құбылыстарды танудың күрделі үдерісі, бұл ойлау сілтемесі. Қабылдаудан ойлануға «өту» үшін оқыту ойын белсендіруді жүзеге асыру керек.

Қабылдау сапасы қабылдаушы адамның қабылдауға дайындығына, оның өткен тәжірибесіне, қабылданатын материалдың, құбылыс немесе заттың мәніне, адамның қызығушылығы мен психологиялық ерекшеліктеріне тәуелді.

Қабылдау үдерісі көбінесе сөз арқылы жүзеге асады. Қабылдау – көрнекі оқыту компоненттерінің бірі. Оқытудың сөз бен көрнекіліктің қабысуы жайлы мәселе Песталоции кезінен бастап ғалым-педагогтарды қызықтырды. Осы бағытта К.Д.Ушинский [56,12], Л.В.Занков [57] жұмыстары үлкен роль атқарады. Л.В.Занков [57,122] оқытудағы сөз бен көрнекіліктің қабысу формаларын зерттейді:

І – мұғалім сөз арқылы оқушылар жүзеге асыратын әрекеттерді бақылай алады;

ІІ - мұғалім сөз арқылы оқушылардың көрнекті объектілер, байланыстар мен құбылыстарды пайымдауына алып келеді;

ІІІ - объектілер жайлы мәліметтерді оқушылар мұғалімнің ауызша ха-барламасынан алса, ал көрнекі құралдар ауызша хабарламалардың тірегі немесе нақтылануы қызметін атқарады;

ІV - көрнекі объектілерді бақылауды оқушылардың жүзеге асыруынан бағыт ала отырып, мұғалім оқушылар тікелей қабылдай алмайтын құбылыстар арасындағы байланыстар жайлы хабар береді [58].

Қабылдау үдерісі көптеген зерттеулердің негізгі проблемаларының бірі. Шетел психологиясында қабылдау тұтастай тізілімдер, «гештальттар» (Gestalt – немісше – форма, бейне, құрылым) түрінде қарастырылатын, гештальт психология деп аталатын бағыт туындады. Осы теорияға сай қабылдау ерекшеліктері мен заңдылықтары гештальт заңы ретінде түсіндіріледі. Гештальт психологиясы өкілі В.Метцгер күрделі объектілерді қабылдауға әсер ететін гештальттың жеті факторын бөліп көрсетеді [59].

1. Ұқсастық факторы. Қабылдаудағы қандай да бір сипаттамалар (түс, өлшем, пішін және т.б.) бойынша ұқсас фигуралар біріктіріліп, топталады.

2. Жақындық факторы. Жақын орналасқан фигуралар бөлек фигураларға қарағанда топтарға оңай бірігеді.

3. «Жалпы (ортақ) тағдыр» факторы. Элементтерді топтарға біріктіру тек статикалық ұқсастық есебінен ғана емес, сонымен бірге оларда байқалатын өзгерістердің ортақ сипатымен де анықталады.

4. Объективті орнату факторы. Егер бақылаушыда элементтердің кейбір құрылымдары қалыптасқан болса, онда олардың кез-келген жаңа құрылымы алғашқыда болған жалғаспа, өзгеріс, реконструкция ретінде қарастырылады.

5. «Қалдықсыз кірігу» (қалдықсыз топтасу) факторы. Элементтерді біріктірудің әртүрлі нұсқаларынан «артық» элементтері қалмайтындары дұрыс саналады.

6. «Тәуір жалғасу» факторы. Сызықтар (жазықтықтар, жазықтықтар мен сызықтар) қиылысуы кезінде сызық кесінділерін құрамалауда әртүрлі нұсқаулар болуы мүмкін.

Осы фактілердің бәрі гештальттың едәуір ортақ заңы – «тәуір жақсы форма» заңын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заманауи ғылымда гештальт психология таза күйде қолданылмай, ол психологияның эксперименттік негізін байытты. Қабылдаудың кейбір қалыптасқан ерекшеліктері өзінің практикалық қолданысын тапты. Қабылдау үшін қабылдаушы белсенділігі маңызды болып табылады.

Көрнекі оқыту меңгерілетін моделдерді жасау үдерісі: білімнің ұйымдасқан жинағы; қабылдау объектісінің моделі; оқушылардың ішкі әрекеттерінің нәтижесі.

Сонымен, қабылдау объектісінің түйінді, тіректік сапаларының қалыптасуы көрнекі оқыту түрінде болады. Көрнекі оқыту жадтың нейрофизиологиялық механизмі мен қабылдау психологиясына сүйенетін қабылдау объектісінің моделденуі. Көрнекі оқыту оқытушының ішкі әрекетімен оқушының ішкі әрекетінің қабысып жүзеге асуы.

Сыртқы әрекеттерді: тіректік пен құрылымдық деп екі үлкен топқа бөлуге болады. Оқытудағы көрнекіліктің: оперативтік, құрылымдық, формальданған, фондық, дистрибутивтік түрлерін қарастырайық [60].

Оперативтік көрнекілікке мыналарды жатқызамыз:

- демонстрациялық: материалды мазмұндау кезінде суреттерді, сызуларды, сызбаларды, кестелерді, плакаттарды, графиктерді, моделдерді, магниттік және баспа құралдарын, фотосуреттерді, муляждарды пайдалану;

- оқытудың техникалық құралдары: диафильмдер, кинофильмдер, кодопозитивтер, киносақиналар, бағдарламалық оқыту элементтері, жеке компьютерлер, интербелсенді тақта және т.б.

Көрнекіліктің осы түрін пайдалану жаңа материалды үйрену кезінде қабылдау қарқындылағын ұлғайтуға мүмкіндік беріп, оқушылардың зейінін белсендіреді, тұтастай алғанда оқылатын материал мен пәнге қызығушылықтың дамуына жол ашып, динамикалық үдерісті көруге мүмкіндік береді, пәнаралық байланыстардың орнауына жол ашып, оқылатын сұрақтардың практикалық қолданылу облысын кеңейтеді. Көрнекіліктің бұл түрі мектеп практикасында кеңінен қолданысы әдістемелік әдебиеттерде жақсы қарастырылған. Сондай-ақ, әрбір сынып үшін пәндер бойынша кестелердің стандартты жинақтары да шығарылды. Мұғалім қолдан жасалған кестелер мен сызбаларды жиі пайдаланады. Графиктер мен сызулар тақтада, дипозитив пен кодоскопта орындалады. Соңғы жылдары баспа негізді дәптерлер (БНД) мен материалдар кеңінен таралуда.

Оқушы БНД-мен жұмыс істей отырып, жауаптарды тікелей дәптерге жазады. БНД оқушының тапсырманы көшіруден, сызуды көшірмелеуді болдырмайды, сабаққа уақытты тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. БНД көмегімен жұмыс үлгілері беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушының жаңа материалдар оңай игеруге мүмкіндік беріп, дұрыс пайдалануға, логикалық ойлау мен шешімді дұрыс безендіруге үйреніп, биологиялық сөйлеу өнерін дамытады. Баспа негізді дәптерді пайдалану әрбір сабаққа оқушының жеке әрекеттерін жүзеге асыруына, оқушының материалдарды меңгеруіне күшейтпелі қарқын алуына мүмкіндік береді. Әрбір оқушы өз БНД-ға ие болып, машық пен дағдыны бекіту немесе өңдеу үшін мазмұны мен күрделілігі бойынша тапсырмалар алуан түрде таңдалады.

БНД тапсырмасы қосымша нұсқауларды талап етпейді. Сабақта әрбір оқушының өз қарқынында жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Барлық оқушылар жұмысқа қызығушылық танытып, материалды өз беттерінше үйрене отырып алға қарай жылжуға тырысты. Жұмыстың мұндай түрі тақырыпты үйренуге бөлінген оқу уақытын қысқартуға мүмкіндік беріп, тақырыпты жеңіл меңеруге жол ашты.

Оқушылар жасы ұлғайған сайын олардың зейіні үлкен көлемге ие болып, абстрактілік ойлауы мен есте ұстауы соғұрлым жақсы дамиды. Көрнекіліктің осы түрін пайдалану оқушылар зейінін белсендіріп, динамикадағы үдерістерді көруге мүмкіндік береді де, пәнаралық байланыстардың орнауына жол ашады.

Оперативтік көрнекілікті пайдалану материалды қабылдануды жеңілдетіп, тереңдете отырып, ақпаратты беру мен алу арналарының санын кеңейтеді. Сол уақытта сабақта оперативтік көрнекілікті пайдалану оқушының шығармашылық жұмысының мотивациялық сәті болып табылады. Әсіресе, төменгі сыныптарда оперативтік көрнекілікті пайдалану кезінде бірініші кезекте зейін аудару қажеттігі алға шығады. Ауызша нұсқаунама, эмоциялық рөл, оқылатын объектінің көрінуі жиілігі мен дағдылығы мотивациялық қалыптасуына жол ашып, өз кезегінде оқу-тәрбиелеу жұмысының шешілуіне алып келеді.

Оперативті көрнекілікті пайдалануды шектен тыс көбейту үлкен нәтиже бермейтіндігін атап өткен жөн. Зерттеулер қабылдау көлемінің 4-8 элементті құрайтындығына, қабылдаушы материал көлемінің адамның өткен тәжірибесіне, оның жадының көлемі мен материалдың тақта немесе кестеде орналасуына байланысты. Барлық, көру өрісін шартты түрде төрт квадратқа бөлуге болады (1-сурет).



DrawObject2

I

IV

DrawObject8

II

III

DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3






1-сурет. Көрнекілікті қабылдау көлемі.

Жоғарыдағы 1-суретті көру мына ретпен жүзеге асады: І, ІІ, ІІІ, ІV квадраттар, көптеген кестелер ІІІ және ІV квадраттарға сай келеді [61]. Бұл факты мынадай түсіндірмеге ие: Адамдардың сол жақ жарты шардағы өрісі едәуір сезімтал келеді. Бұдан шығатыны, жаңа материалды ортаға, ал үй тапырмасын – мақсатты түрде тақтаның бір шетіне орналастыру керек.

Кестелермен жұмысты ұйымдастыру мен кестелер дайындау кезінде сабақта мұғалім фигураны қабылдауды алдымен контурды қараумен, содан соң пропорциямен жекелеген деталдарға көңіл аудару керектілігін есепке алу керек.

Оқытылатын пән қабылдаушы материалдың жалпы фонынан бөлінуі тиіс. Түзу сызықтар қисықтарға қарағанда, ал горизонталь сызықтар вертикалдарға қарағанда оңай қабылданып, фигуралар симметриясы таным дәлдігін екі есе арттырады. Қабылдау ерекшеліктерін есепке ала отырып, демонстрациялық көрнекілікпен жұмыс істеу кезінде, кодопозитивтер мен диапозитивтер құрау кезінде мұғалім кез келген суреттің, сызба және сызудың нақты сызбаға ие болу керектігін, квадрат «жақсы форма» болып табылатындықтан, негізі формулалардың шеңберден шығып кететіндігін білуі тиіс. Қабылдау кезеңі контрасттық түстерді, әртүрлі қәріптермен жуандығы әртүрлі сызықтарда пайдалану жақсы көмектеседі. Биологияда графиктерді өрнектеу үшін кері контрасттылықты пайдалану пайдалы, сонымен бірге қара фонда ақ сызықтарды пайдалану өлшемдерінің ұлғайып көрінуіне жағдай жасайды.

Контрасттық түстердің ең ыңғайлылары: қара-ақ пен қара-ашық сары. Бірнеше кестені бірден ілуге болмайды. Кабинеттегі стенділер мен экспонаттар бір-бірінен бос кеңістікпен бөлектеніп, периодты түрге алмасуы тиіс. Электр токты пайдалану кезінде бір сабақта 4-10 проекцияларды немесе суреттарды пайдалануға болатындығын, проекцияларды деменострациялау ұзақтығы 10-45 секунд екендігін, ал кинофильмдерде 35 минут болатындығын, сабақта техникалық оқыту құралдарын пайдалану 20-25 минуттан аспайтындығын, статикалыққа қарағанда динамикалық көрнекіліктің пайдалы екендігін, оның оқылатын құбылыс мәнін жақсы түсінуге мүмкіндік беретіндігін есте ұстауы керек.

Формалданған көрнекілік - құрылымдық сыртқы әрекеттерге негізделген оқу жұмысындағы моделдің қалыптасу, «сыртқы» құрылымның қалыптасу үдерісі.

Көрнекіліктің бұл түріне: жазу кезінде курсив пен абзацты пайдалануды, жекелеген формулаларды ерекшелеп көрсетуді, оларды қоршауды, маңызды сөздер мен сөйлемдерді бөліп көрсетуді, жатқызамыз.

Мектеп оқулықтарының авторлары, мұғалімдер көрнекіліктің осы түрін: курсивті, теорема мен анықтамаларды, тақырыпшаларды бөлектеп көрсету үшін материалдың маңызды бөлімдерін ерекше қалың қәріппен жазуды тұрақты түрде пайдаланады. Биология оқулықтарында * белгісімен күрделілігі жоғары тапсырмалар, Δ-бағдарлама бойынша міндетті емес оқып-үйрену белгісі беріледі. Көрнекіліктің бұл түрі қазіргі кезде кеңінен пайдаланылады. 7-11-сынып биология [61] оқулығында, мысалы, мыналарды кездестіреміз: оқытудың міндетті нәтижелерінің деңгейіне сай келетін жаттығулар ? белгісін, үй жұмыстары үшін ұсынылатын жаттығу нөмірі ашық курсивпен терілген, * белгісінен едәуір күрделі жаттығулар өрнектелген. Бірінші бетте оқулық тараулары мазмұндалған кесте келтірілген.

Сабақтарда негізгі материалды көрсету үшін тақта мен дәптерлерде біз түрлі-түрлі белгілерді пайдаланамыз. Қаламдар мен фломастрлерді пайдаланып, қоршауға аламыз. Бұл кезде мәтінді интербелсендітақтаға орналастырудың маңызы зор.

Сол бөлік дәлелдеменің формалды логикалық тізбегі түрінде, ал оң жақ оның тіректік пункттері көрнекі түрде белгілеумен бөліп алу түрінде болады.

Көрнекіліктің бұл түрі оқылатын материалдың оңай есте қалуына жол ашады.

Құрылымдық көрнекілік - құрылымдық сыртқы әркеттерге негізделген оқу әрекетінің моделін қалыптастыру үдерісі. Құрылымдық көрнекіліктерге: тұрақты ассоциацияларда сүйенетін модел құруды, логикалық формада теоремалар жазуды, ақпартты үздіксіз сақтаудың жүйелерін құруды, компьютер, микрокалькуляторлар үшін бақылаушы бағдарламалар құруды жатқызамыз.

Құрылымдық көрнекіліктің айқын мысалы болып оқу материалын қабылдау үдерісінде пәннің тіректік саласын бөліп алу мен кодтаудың тіректік кестесін құрау: блок-сызбаны қолдану, тақырыпты оқытудың конспекті-сызбасын құрау болып табылады.

Тірек пункттерді бөлу әдісі оқытуда кеңінен қолданылады. Тірек ретінде материалдың логикалық бөлімінің тақырыпшасы болуы мүмкін. Тірек пункттердің негізгі міндеті олардың бөлінуі адамның ішкі әрекетінің белсендіруге алып келуінде. Дж.Брунер адам негізінен тірек пункттер болып табылатын, материалдың негізгі құрамын өрнектелетін айқын фактілерді, сызбаларды, суреттерді сызулар мен формаларды еске түсіреді деп атап өтеді.

Біздің сезім мүшелеріміз материалдық қабылдауды едәуір жеңілдететіндігі психологиялық тұрғыдан негізделген. Мағыналық тірек пункттерді бөліп алу әдісінің рөлі биологияда, физика мен химия пәндерінде көрініс береді. Сондықтан да олардың арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді бақылау, іргетастық жағдайлар мен олардың салдарларын бөліп көрсету қиын болады.

Мектепте тірек сигналдар кең қолданысқа ие. Тірек сигнал – бұл бүтіндей тақырыптың немесе жекеленген сабақтың тақырыбының мазмұндық ерекше бір бейнесінің арнайы кодталуы. Тірек сигналды құрау кезінде мұғалімнің немесе оқушының алдында екі маңызды мәселе тұрады: мазмұндағы бастыны қабылдау мен есте сақтау үшін едәуір қолайлы түрде бөліп алып ұсыну. Осы мақсатта есте сақтауға ұсынылатын сызбалық суреттер мен сандарды қамтитын таңбалар мен символдар қолданылады. Бұл тірек сигнал сабақ уақытысында ақпараттың қажетті көлемін оқушы алатындай және жадқа салмақ түсірмей осы білімге сүйене алатындай есеппен құралады. Тірек сигнал парағы (ТСП) бір сабақтың оқу материалын қамтитын оқшауланған контур, блоктар қамтиды.

Материал блоктарға жіктеліп, едәуір бөлігін есте сақтауға жол ашады да, бақылау сұрақтарындағы жауаптарын құрамын анықтайды. Ірі блоктардағы материал мәліметтері оқушыларға түсетін жүктемені төмендете отырып, оқылатын материалдың көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

В.Ф.Шаталов [62] бір блокқа 10-20 сабақты біріктіреді. Үлкен блоктармен оқыту әдістері сонымен бізге Б.П.Эрдниев [63] пен П.М.Эрдниевта [63,45] кездеседі. ТСП-да материалдың орналасуы, шеңбер, түс, бағдарша (формалданған көрнекілік) – барлығы да қатаң түрде ойластырған болуы керек.

Сыртқы құрылымда ішкі құрылым анық түрде ойластырылған болуы тиіс. ТСП материал екі бағанда орналасқан кәдімгі конспектіден тұрады. ТСП - бұл әркімге түсінікті бола бермейтін өзіндік кодталған конспекті. Ол бұл кезегін минималды ауданды алатын максимум ақпаратты қамтиды.

Тірек сингалы –бұл сөздер, формулалар, фразалар, мен бағдаршалар түрінде өзіндік өрнекке ие, бұл ақыл-ой жұмысының табиғи әдісі. Тірек сигналдар оқытылушы материалдағы негізгісін бөліп алып, оны толықтай, тереңірек есте сақтау үшін жинақты түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Тірек формалары сан алуан. В.Ф.Шаталовша [64,15] тірек сигнал Д.Е.Огородный [65] әдістемесіндегідей, С.Н.Лысенковаша [66] сызба, Е.И.Ильиннің [67] тірек сигналы өзгеше.

Құрылымдық көрнекілік қабылдау үдерісінде ойлау әрекетін белсендіріп, логикалық ойлауға үйретеді. Белгілі бір жүйеде оқылатын объектілердің орналасуы сезім мүшелері жағынан минималды күштеуді туындата отырып, қабылдауды жақсартады.

Фондық көрнекілік – қабылдау мен меңгеруді қамтамасыз ететін, мотивациялық сипатқа ие білімнің ұйымдасқан жинағының арнайы ерекшеліктерін моделдеу үдерісі. Фондық сипаттама моделді қалыптастыру кезіндегі ұзақ, бірсәттік емес әрекеттермен сипатталады. Біз қандай да бір сигналды, енгізген кезде, сигнал күрделілігіне тәуелділікте мидың жүйке ұлпасының қызмет атқаруының динамикалық режимі қалыптасады. Бұл режим жартылай шамада кіру сигналында көрініс беруі мүмкін. Сигналды қайта ұсыну немесе оны ұсыну уақытын ұлғайту кезінде едәуір тұрақты режим қалыптасады. Оқыту – бұл уақытша режимдер бірізділігінің қалыптасуы.

«Фон-ассоциацияның» пайдалану мысалына оқыту үдерісінде тарихи материалды пайдалану жатады. Тарихи фон жасау материалды қабылдауды жеңілдетеді. Бұл «фон-ассоциация» логикалық түрде өзара байланысты тарихи материалды оқыту үдерісінде келтіруге болатын сабақ тақырыптарымен тарихи материалдың азғана бөлігін мазмұндау үдерісінде жасалуы мүмкін. Әртүрлі тақырыптарды оқыту кезінде қажетті фонды жасауды, күрделі түсініктерді меңгеруді факультативтік сабақтарда жүзеге асыруға болады.

Бас ми қыртыстарының қабық асты орталықтарына батыл әрекет етуде қысқа уақыт ішінде едәуір тереңірек белгілі бір машық пен дағдыны қалыптастыруға болады. «Көңіл-күй фонын» жасау тәсілдері әртүрлі болуы мүмкін. Сабақта музыкалық шығармаларды пайдалану оқушының өзіндік жұмысының қарқынын жоғарылатуға, оқылатын материалды едәуір сапалы түрде (қол еңбегі сабақтарында, әдебиетте, сурет сабағында, биологиядағы өзіндік жұмыстар уақытысында, дене тәрбиесі сабақтарында) алуға мүмкіндік береді.

Дегенмен мұнда фон сабақта қойылған мақсатпен оқушының ішкі әрекеті сәйкестігі үшін белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Көңіл-күй фонын оқу еңбегінде оң нәтижелер алу үшін мұғалім алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізу керек: оқу құралдарын, сабақ сюжетін енгізу жолын ойластыруы тиіс.

Материалды, пәнді оқыту әдістемесін мұғалімнің қаншалықты жақсы меңгергені, оның оқушыларға қатысы, мұғалімнің көптеген тұлғалық қасиеттері, өз еңбегі мен оқушы еңбегіне қызғушылық қатынасы сабақ фон мен сезініп, оқушының материалды қабылдауы, оны игеруі жеңіл жүзеге асады.

Мақсаттық міндет, мотивация, оқушының ішкі әрекетіне мұғалімнің сырттай алаңдауы - фондық көрнекіліктің құраушы компоненттері. Көрнекіліктің осы түрінің ерекше мәні қазіргі кезде дифференциалды оқыту жағдайында орын алуда. Бірқатар мектептерде бейіндік оқыту сыныптары жасақталып, әртүрлі оқу орындары (гимназия, лицей, колледж, жеке мектеп) пайда болуда. Мектепті бітіруші оқушының біліміне қойылатын талаптар әртүрлі, бірақ оқытудың міндетті нәтижелеріндегіден төмен болмауы тиіс. Дифференциалды оқытудың жаңа мектептік бағдарламаларын жасау кезінде көрнекілік оқытуға үлкен роль бөлінуі тиіс. Бір оқушылар үшін «тірек» қызметін пайымдау логикасы, мазмұндау тілі атқарса, ал екіншілері үшін - сабақ формасының, мазмұндау тілінің әдемілігі мен әсерлілігі орындайды. Бейіндік дифференциация жағдайында фондық көрнекілікті пайдалану мысалына ертегі-сабақтар, спектакль-сабақтар, биологиялық съездер мен конференциялар, дәріс сабақтар, қиял элементтері бар сабақтар, импровизация мен ойындар жатады.

Фондық көрнекілік есебімен жазылған оқу құралдары пайда болады. 7-11 сыныптарға арналған биология курсы бойынша оқулықтар сериясын шығарыла бастады. Оқу материалының мазмұндалуы әртүрлі формада іске асады. Бұл қайырымды ертегі, өткір детектив, қиял ғажайып әңгіме немесе жай ғана хабарлама. Осы кітапты пайдалану, фондық көрнекілікті басқа түрлермен қатысуға қолдану дағдысы балалардың тұлғалық қабілеттіліктерін сақтап, дамытуға мүмкіндік береді.

Дистрибутивтік көрнекілік оқу әрекеті үдерісінде қалыптасқан моделді оқыту кезіндегі құрылымдық сыртқы әрекеттермен сипатталады. Көрнекіліктің бұл түріне материалды орналастыру құрлымын, базалық анықтамаларды бөлуді, тіректік материалмен дәлелдемелер әдістерінің жіктемесін жатқызамыз.

Көрнекіліктің бұл түрін оқулықтар мен оқу құралдарын құраушылар және авторлар кеңінен қолданады. Теориялық курсты құру кезінде қандай теоремалардың негізгі, ал қайсы теоремалар мазмұндық, ал қайсылары конструктивтік екендігін анықтауға маңызды.

Көрнекіліктің осы түрін пайдалану оқытылатын материалда басымдық беріп, қабылдау мен игеру үшін оны едәуір қол жетілуі етеді, логикалық ойлауға, талдауға, негізгілерді бөліп, оқылатын түсініктер арасындағы байланыстарды орнатуға, ақпараттың үлкен көлемінде бағдарлануын үйретеді.

Сабақтастық көрнекі пән мен пәндер ішіндегі бөлім ассоциативтік байланыстар тіректілігімен сипатталады. Көрнекіліктің бұл түрі қабылдаудың ассоциативті-рефлекторлық функциясы арқылы гомеоморфты моделді құру түрінде болады. Мұнда өзара байланыстар құрылымына мазмұндаудың алдын ала дайындау әдістерін, тіректік мотивациялық тарихи мәліметтерді, заттардың функционалды глобалды табиғатын жүйелі түрде енгізуді, зерттеу сипатындағы жұмыстар циклдер т.б. жатқызылады. Көрнекіліктің осы түрімен шексіз алыстатылған нүкте аймағы, дифференциал, интеграл, биологиялық кеңістік құру ұғымын енгізумен байланысты.

Биологиялық объектілермен амалдар орындау негізінен таңбалы-кескіндік әрекет түрінде болады. Сондықтан да биологияны оқытуда туындайтын негізгі қиындықтар «таңбалы-кескіндік құралдар түріндегі ақпараттарды сөзбен айтып бере алу, әрекетті орындау болады. Биология мұғалімі үшін биологиялық объектінің таңбалы-кескіндік жазбасынан (ұғым, теорема, операция, дәлелдеме және т.б.) вербальды жазбалауға өзара өту секілді жалпы оқу дағдысын қалыптастыру аса маңызды саналады. Сондықтан биологиялық объектілерді игерудегі көптеген қиындықтар биологиялық символды түсінуге байланысты: оқушылар сызбаларды түсінбейді, символдар астындағы шынайы биологиялық объектілерді көрмейді.

Биологиялық білімді игеру оқу әрекетінде әртүрлі таңбалы-кескіндік құралдар жүйесіне сүйенеді.

А.М.Коршунов [68] пен В.В.Мантатованың [69] жіктемесінде биологиялық таңбалы–кескіндік құралдар функционалдық және мазмұндық негізі бойынша мына категорияларға бөлінеді: индекстер (таңба обьектіден бөлінбеген), символдар (абстрактілік ойлар мен ұғымдардың көрнекілік образды өрнектелуі) мен тілдік белгілер (таңба, жасанды немесе табиғи).

Н.Г.Салмина жіктемесінде [70] биологиялық таңбалы–кескіндік құралдар тілдік (табиғи тілдер мен оның жүйесінің туындайтын: Морзе, Брайль әліппесі, дактиль - тілдері); туынды терминдер (ғылыми таным мен оқу әрекетінде қолданылатын әріптік-цифрлық символика) және тілдік емес (табиғи тілмен тікелей байланысқа ие емес) – кластар кіреді.

Танымдық сфераның дамуы мен қалыптасуына жататын таңбалы- кескіндік құралдармен әрекеттің түрлерін психологиялық зерттеу өз бастауын Ж.Пиаже мен А.Валон [71] жұмыстарынан алады. Ж.Пиаже [72] оперативтік инварианттілік, кескіндік функция, әрекеттесу мен тепе-теңдік, әрекетті интериоризациялау жайлы ілімді жасағанымен, белгілі бір жас аралығындағы кескіндік функциялардың қалыптасу мәселесін талқылап, білімді ұсыну құралдарына: сызбаларға, диаграммаларға, суреттерге, кестелерге, биологиялық символикаға, қатынасты әртүрлі оқу құралдарын пайдалану логикасына салыстырмалы түрде дидактикалық ұсыныстар берген жоқ. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясынан алынған мәліметтер [73] мен Н.Г.Салмина нәтижелері [74] мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: операциялық даму символикалыққа әсер еткенімен, оны анықтай алмайды. Білімге сүйену икемділігі, жалпылау тек операциалық даму деңгейіне ғана емес, сонымен бірге білім қалыптасуының құрылымы және әдістерімен анықталатын пәндік-спецификалық білімге де байланысты болады.

Белгі - таңба мәселесінің қойылуының бастауы, таңбалы-кескіндік құралдарға сүйену Л.С.Выготский есімімен [75] байланысады.

Педагогикалық және психологиялық әдебиеттердегі таңбалы-кескіндік құралдарға сүйену тәсілін сипаттайтын ең кеңінен тараған термин - моделдеу.

Егер философияда моделдеу жасанды жүйені зерттеуге арналған таным әдісі ретінде анықталса, психологияда моделдеу оқу әрекетінің құрамына кіретін оқыту іс-әрекетінің бірі ретінде түсіндіріледі [76]. Н.Г.Салмина [77,26] моделдеуді көп компонентті құрылымға ие іс-әрекет ретінде қарастырады. Н.Г.Салмина [78,54] моделдеуді іс-әрекеттің ерекше, таңбалы-кескіндік түріне жатқызып, таңбалы-кескіндік іс-әрекет түрлерінің жіктемесін құрды. Н.Г.Салмина [79,42] жіктемесі мынадай түрге ие:

моделдеу – құрылымдық, функционалдық және генетикалық байла-ныстар көрсетілетін құралдар арқылы жаңа ақпаратты алудағы таңбалы- кескіндік іс-әрекет;

кодтау - кез-келген жұмыс тәсілінде қолданылатын хабарды беру мен қабылдауға бағытталған таңбалы-кескіндік іс-әрекет (коммуникативтік функция);

кескіндік және шынайы түрде жүзеге асатын, шынайлыққа бағдарланған таңбалы-кескіндік іс-әрекет (құрылымдау, байланыстарды көрсету);

ауыстыру - мақсаты кез-келген жұмыс тәсілінде қолданылатын шынайлықтың функционалдық қалпына келуі болып табылатын таңбалы-кескіндік әрекет.

Оқу іс-әрекетіндегі кодтау таңбалы-кескіндік формадағы мазмұнды айтып бере білу дағдысы түсініледі.

Н.Б.Новик моделдеуді [80] объектіні практикалық немесе теориялық зерттеу ретінде анықтайды.

Н.Г.Салмина зерттеулерінде [81,23] оқу іс-әрекетіндегі сызба мен модель түсінігі әрқайсысы өз алдына ажыратылады. Егер модель зерттеу функциясын қарастырмай қандай да бір жағдайды суреттеу (иллюстрациялау) үшін қолданылса, онда бұл сызба сызбалау болып табылады.

Білімді ұсыну (ұйымдастыру) таңбалы-кескіндік әрекетпен байланысты болып, және оның құрылымдығымен, байланыстығымен белсенділігімен сипатталады. Таңбалы-кескіндік іс-әрекет қабылданған білімді ұсынудың әртүрлі типті моделдерін тудырады: логикалық, реляциялық, семантикалық, тізбек, жемісті, фреймдік.

Логикалық моделдер предикаттық есептеу мен «иерархиялық ағашты» есептеуге сайма-сай биологиялық білімі графы түрінде болады. Граф ұштарында негізінен оқу элементтері (ұғымдар, теоремалар, алгоритмдер, биологиялық әдістер, фундирлеу спиралдары және т.с.с) орналасып, қабырға оқу элементтері арасындағы қатынасты береді. Осылайша, оқу материалы ұғымының немесе теореманың логикалық құрылымын тұрғызуға болады.




Биология пәнін оқытуда қолданылатын ақпараттық

технология құралдарының түрлері

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту - оқу үдерісінде, оның ішінде негізгі мектептің 7-11-сынып биология пәндерін оқытуда оқу құрал-жабдықтарды тиімді қолдану болып табылады.

Осыған орай К.Өстеміров қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдарын былайша жіктейді: заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары текстік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұсқауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды [83].

Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу үдерісі барысындағы хабарларды тарату құралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т .б.

Техникалық құралдар тобына сонымен қатар түрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графопроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажёрлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық құралдар, электрондық - есептеу техникасы жатады [84].

«Ақпараттың өзін графикалық бейнелер жиынтығы түрінде беруге болады. Мысалы, блок-схеманы алатын болсақ, шағын алгоритмнің құрылымы мен атқарылу үдерісін өте көрнекі сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бағдарламалау тілдерін сипаттаудағы көрнекі диаграммалар да көрнекілік болып табылады. Е – практикум жүйесіндегі алгоритмнің кесте түріндегі атқарылуы да көрнекілікке жатады.

Алгоритм текстінің құрылымдық сипатта жазылуының өзі – көрнекілік. Қозғалмалы бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы да көрнекілікті кеңейтеді. Мысалы, Бейсик тіліндегі қарапайым BEEP командасы өте сирек қолданылады. Ал, аталған команданың көмегімен бағдарламадағы кездескен қатені, бағдарламаның бақылау нүктесінен өтуін және т.с.с. көрсетуге болады. Сонымен қатар, редактормен жұмыс кезіндегі компьютердегі оқушының іс-әрекетін мұғалімнің демонстрациялауы да көрнекілік болып табылады», дейді К.Халықова [85,53].

Компьютерді биология сабағында оқыту құралы ретінде қолдануда оның тиімділігі және дидактикалық мүмкіндігі ескеріледі. Биологияны оқыту әдістемесі оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдісін, құралдарын, формаларын, тапсырмалар жиынтығын біртұтас жүйе ретінде қарастырады (2-сурет).


DrawObject9

2-сурет. Биологияны оқыту компоненттері.


2-суреттегі биологияны оқыту компоненттері, биологияны оқыту әдістемесі – биология пәнін оқытудың мақсатын (не үшін оқытамыз?), мазмұнын (нені оқытамыз?), әдістерін (қалай оқытамыз?), анықтаумен қатар, қалай тиімді оқытуға болады? – деген мәселені қарастырады.

Биология курсын оқытудағы «не үшін оқытамыз?» сұрағы қоғам талабына сай қойылып отыр. «Не үшін оқытамыз?» сұрағына «нені оқытамыз?» деген маңызды мәселе туындайды. Осы мәселе байланысты теориялық материалдардың мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталады.

«Қалай оқытамыз?» - деген сұраққа жауап беруде мұғалімнің іс-әрекетіне ерекше мән беріледі. Себебі, мұғалім оқу үдерісіндегі жетекші тұлға. Ол оқу бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес күнтізбектік – тақырыптық жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.

Оқу бағдарламасы мемлекеттік, авторлық және жеке программалар болуы мүмкін.

Мемлекеттік программа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде бекітіледі.

Авторлық программа жеке немесе авторлар ұжымымен жасалып, республикалық білім беру мекемелерінде бекітіледі.

Жеке программа оқытудың нақты жағдайлары мен материалдық – техникалық базасына қарай мемлекеттік программаға ішінара өзгерістер енгізу арқылы жасалады.

«Қалай оқытамыз?» сұрағы мұғалімнің әрбір сабаққа дайындық барысында сабақ түрін, оқыту әдістерін, бекіту және бақылау кезеңдеріндегі тапсырмаларды анықтауы қажеттілігінен туындайды. Демек, биология пәні мұғалімі:

    • білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттарын түсінуі және өзіндік білім ретінде бойға сіңіруі;

    • игерілген білімдегі компьютерлік технология құралдарының орны мен маңызын көре білуі;

    • биология курсының мазмұнын меңгеру мақсатына сәйкес оқулықтар мен программаларды салыстыра оқып үйренуі;

    • мазмұн таңдау принципін түсіну және оны қолдана білуі;

    • пәнді оқыту құралдарын меңгеруі;

    • оқытудың дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияға (компьютерлік технология) негізделген әдістерін білуі;

    • оқушылардың ақыл –ой қызметін басқаруды меңгеруі;

    • оқытуды ұйымдастыру формаларын меңгеруі;

    • басқа пәндермен биологияның байланысын зерттеуі;

    • биологияны оқыту үдерісін талдай білуі;

    • биологияны оқытуда бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдана білуі;

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруы қажет.

Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз;

1.Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты (сөздік және бейнелік);

2.Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру-есту);

3. Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық аппарат көмегімен немесе техника көмегінсіз, дайын кестелер, диакадр, кинотаспа);

Оқытудың техникалық құралдарының ішінде қабылдауға арналғандары жиі қолданылады. Олар: 1. Оқытудың экрандық құралдары; 2. Оқытудың дыбыстық құралдары; 3. Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары.

Ал, компьютерлік техниканың (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Экрандық оқу құралдарына диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай-ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.

Оқу диапозитивтері – оқу және тәрбие мақсатына қолдануға арналған бейнелер топтамасы. Оларды фотографиялық тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа (экранға) түсіріп көрсетеді.

Транспаранттар - полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы бейнелер. Транспоранттарды графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.

Эпиобъекті – экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т.б).

Оқу диафильмдері - оқу ақпаратын алдын-ала тізбектей көрсету үшін кадр түрінде ені 35 мм түссіз таспаға фотографиялық жолмен әзірленген бейнелер топтамасы.

Оқытудың дыбыстық құралдары. Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен дыбыстық жазбалар (магниттік жазбалар, грамтабақшалар). Оқытудың экрандық - дыбыстық құралдары оқу кинооқулықтар, оқу теледидар хабарлары, бейнежазбалар, дыбыстық диафильмдерін біріктіреді.

Кинооқулық - бұл кинотаспадағы дыбыстық түрде берілетін жылжымалы объектілердің позитивтік фотографиялық бейнесі. Оқу кинооқулық қорына кинофильмдер, киноүзінділер жатады. Бейнежазбалар - бұл арнайы магниттік таспа бейнемагнитофон мен теледидар камерасы көмегімен жазылған бейне және дыбыс. Теледидар экранда бейнелеу үшін қолданылады.

Енді, биология сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдалану әдістемесіне тоқталайық. Оқыту құралдарының кешені деп оқу бағдарламасының қандай да бір такырыбын оқуға арналған қажетті және жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үдерісінде қажетіне қарай, дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір-бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдымен ескеретін жәйт олардың дидактикалық мүмкіндігі, сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек.

Оқытудың техникалық құралдарын кешенді қолдануда мына төмендегі мәселеге басты назар аударылады:

1.Өтілетін тақырыпқа қатысты оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін анықтап алу;

2.Оқушылардың оқулықтағы игеретін материал көлемін анықтап алу;

3.Оқушылардың танымдық тәжірибелерін есепке алу;

4.Білім мазмұнына элементарлық талдау жасау (оқулық қолданылады);

5.Білімнің тізбектей берілуін анықтаумен қатар, дағдылары мен ебдейліктерін де біртіндеп қалыптастыру;

6.Білуге қарай біртіндеп қадам жасау;

7. Әрбір қадамның әдістемелік жүйесін жасау:

а) Оқушылардың танымдық қызметін модельдеу;

ә) Оқыту әдістерін жобалау;

б) Кері байланыс жасау тәсілдерін жобалау;

в) Оқыту құралдарының құрамы мен қолданылу мүмкіндігін анықтап алу;

Оқу құралдары жүйесінің қалыптасуы – білім беру құралдарының түріне өзіндік белгілері бойынша классификациялау ғана емес, сонымен қатар дидактикалық қасиеттері мен қызметтерін білуді де қажет етеді.

Дидактикалық қасиеттер дегеніміз – оқу құралдарының басқалардан айырмашылықтары көрсетілетін белгілері мен дидактикалық функцияларда (қызметінде) көрініс табатын өзіндік ерекшеліктері. Дидактикалық қасиеттер тек қана оқу құралдарына тән болып келетін мүмкіншіліктерді ғана қамтиды. Оқу-тәрбие жұмысында түрлі әдістерді қолданудың объективтік бағыттары ретінде қарастырылатын дидактикалық функциялар мен дидактикалық қасиеттердің өзара байланыстары болып отырады. «Дидактикалық қасиет» пен «дидактикалық мүмкіндік» ұғымдарының өзара жақындығынан да болар, педагогикалық әдебиетте оларды бірге қарастыру дәстүрге айналған.

Оқыту құралдарының әрқайсысының дидактикалық қызметтерінің әртүрлі болып келетіндігіне қарамастан, олардың барлығына тән ортақ қызметтері бар. Атап айтқанда:

оқушылар қабылдаған хабарларды ұғынып түсінуді, түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын көрнекілік қызмет;

хабарлау қызметі, өйткені оқу құралдары білімнің нақты көздерінің бірі болып саналады, яғни белгілі бір хабарларды жеткізушінің рөлін де атқара береді;

орнын толтырушылық қызмет оқу үдерісін жеңілдетеді, көздеген мақсатқа көп күш, денсаулық , уақыт жұмсамай жетуге бағытталған;

бейімдеушілік қызмет оқу үдерісіндегі қолайлы жағдайлар туғызуға, демонстрацияларды, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұғымдар мазмұнының бірдей болуына, білімнің бір қалыпты сабақтастығына бағдар алған;

интегративтік қызмет, белгілі бір объектіні немесе құбылысты тұтастай да және оның бір бөлшегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет оқу құралдарын кешенді түрде қолдану мен жаңа ақпараттық технологияның құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың негізіне бақыланушы обьектілерді қабылдау жатады. Не нәрсені қандай тәсілмен білгіміз келсе де, біз барлығынан бұрын сезім мүшелерімізге жүгінеміз. Адам тыңдаса, оқыса, бақыласа - барлығынан бұрын жұмысқа оның сезімі мен қабылдауы қосылады, содан соң - есте сақтау, біріктіру, пайымдау, ақпаратты шығармашылық өңдеу жүзеге асады. Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне әсер еткісі келсе, онда ол алдымен оның сезім мүшелеріне әсер етеді, осы талдағыштар арқылы адам ақпарат алады.

Қорытынды, мектеп алдында қойылған жаңа да күрделі міндеттерге, адам үшін қажетті білім көлемінің өсуіне байланысты оқыту үдерісінде оқушыға ұсынылатын талаптар да өзгерді. Орта мектепте биологияны оқытудағы негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды терең, әрі берік білімнен, оларды өздерінің іс-әрекетінде саналы түрде, рационалды қолдану дағдысын қалыптастыру болып табылады. Оқушы оқу материалының мазмұнын жай ғана еске түсіру мен қалпына келтіру жеткіліксіз болып, олардың өздері білім беру үдерісіне қатысуы, өз білімін өзіндік толықтыру дағдысы мен жылдам дамыған ғылыми және техникалық ақпарат ағысында бағдарлану маңызды болып табылады. Келесі бөлімде оқушыларға ақпаратты ұсынуда көрнекілік принципті жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін баяндаймыз.






Оқушыларға ақпаратты ұсынуда көрнекілік принципті жүзеге

асырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

«Ақпарат» ұғымы адам тіршілік ететін ортаның барлық саласына енді. «Инфосфера» – ақпараттық құрылым, жүйе, ғылымдағы және ортадағы үдерістер ұғымы пайда болады. Ақпараттың пәндік және логикалық, методологиялық, прагматикалық мағыналары әлі де толық ашылмаған.

«Ақпарат» сөзі латынның «informatio» - түсінік, баяндау, танысу, көрсету сөздерінен шыққан. Өмірде ақпарат ұғымы ретінде, бізді қоршаған ортадағы сигнал ретінде қабылданатын және берілетін мәліметтерді түсінеміз. Осындай интуициялық анықтама ақпаратты көрсетуге кең, көпбағытты мүмкіндік береді. Сонда «ақпарат» ұғымына қандай қажеттілік бар?

Ақпараттық ғылымның негізін салушылардың бірі Ноберт Винерге [87] жүгінейік: «Ақпарат – бұл біздің сыртқы өмірге орнығуымыздан және біздің сезімдеріміздің онда орнығу үдерісінен алынған ұғым. Ақпаратты алу және қолдану үдерісі – біздің сыртқы ортаның кездейсоқ жағдайларына және осы ортада өмір сүруіміздің үдерісі болып табылады. Заманауи өмірдің қиындықтары мен қажеттіліктері де бұрынғыдан да көп, сол үшін біздің мұражайлар, университеттер, кітапханалар, оқулықтар сол қажеттілікті қанағаттандыруы керек. Сол себепті, хабарлау және басқару адам өмірімен және адамның қоршаған ортадағы өмірімен тығыз байланысты».

Н.Винердің [88,52] және бір жиі айтылатын тұжырымдамасы: «Ақпарат ол ақпарат, материя және энергия да емес», яғни, ол заттық өмірге жатпайды және оған сақталу заңдары әсер етпейді. Ғылыми-философиялық тұрғыда ақпаратты материя, энергия, кеңістік, уақыт ұғымдарымен қатар қарастыруға болады.

«Ақпарат» ұғымы ғылымның әр саласында әртүрлі қолданылады. Жалпы ғылыми позицияда ақпарат – бұл кез-келген жиынтық, оны бір жүйе қабылдайды, сақтайды, таратады.

Ғылыми-техникалық тұрғыдан, ақпарат шығарушыдан қабылдағышқа арна арқылы жіберілетін хабар. Хабар материалды-энергетикалық формада – электрлік, дыбыстық, жарық арқылы және т.б. сигнал түрінде жіберіледі.

Ғылымға қолжетімді ақпарат әрқашан кодталған түрде, яғни, сигналдардың келуін көрсететін ақпарат формасында пайда болады. Кибернетикада ақпарат хабардан алынбайды, тек қайта кодталады. Егер А коды берілсе, хабары бұл кодта және А кодынан В-ға өту ережесі, онда хабарын хабарына В коды арқылы өткізуге болады. Осылайша, ақпарат ұғымын хабарды өзге де кодқа өткізетін инвариант деп қабылдауға болады.

Биологияны оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдаланғанда мынаны ескерген жөн: көру ағзасы есту ағзасына қарағанда миға 5 есе көп ақпарат жібереді. Көру ағзасы арқылы миға түскен ақпарат айтарлықтай кодтауды қажет етпейді, ол адам миына жеңіл, әрі тез, берік қабылданады.

Сонымен, әр уақытта да оқыту негізі болып, бақыланған объектілерден қабылданғандар жатады. Неге оқытсақ та, қандай әдістермен оқытсақ та, біз ең алдымен оқушылардың ақпаратты қабылдаудағы сезім мүшелеріне сүйенеміз.

Оқушы тыңдайды, оқиды, бақылайды – бұл іс-әрекеттердің бәрінде де оның сезім мүшелері арқылы қабылдау іске қосылады, ал содан кейін ғана есте сақтау, ойлану, ой қорыту, ақпаратты шығармашылық өңдеу және т.б. жүзеге асырылады.

Оқып-үйрену, негізінен, оқытушысыз жүргізіледі. Оқушы компьютерден алған оқу тапсырмасын қабылдап, оны өзбетiнше орындайды да, оқып-үйрену барысында қажет болған іс-әрекет жолдарының игерілу сапасы мен өз ақыл-ой қызметінің қол жеткен даму деңгейі жайлы ақпаратты, тапсырмадағы сұрақтардың жауаптарын, есептердің шығарылуын компьютерге енгізіп, жұмыс жасайды. Яғни, ішкі “оқушы-компьютер” жүйесінде оқушының оқып-үйрену үдерісi жүзеге асады.

Компьютерлік жүйеде мұғалiм оқушының оқып-үйрену жұмысының нәтижелерін, яғни жіберілген қателер саны, тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт, оқып-үйренудiң қандай деңгейiне жеткені, бақылау жұмысының бағасы жөніндегі ақпаратты компьютерден алады. Ол алынған мәліметтерді оқу бағдарламасынан, ғылыми еңбектерден, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардан алынған ақпараттармен салыстыра отырып, оқушының ақыл-ой қызметі мүмкіндіктері мен деңгейлері сипаттамаларын талдайды.

Мұғалiм келешекте бұл ақпараттарды тиiмдi пайдалану үшін тапсырманың орындалу нәтижесiн компьютерде сақтайды. Оқыту мақсаты мен оқытудың нәтижелері арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда, оқушы оқулық, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық және т.б. құралдардан қажеттi ақпараттарды жинақтап, шығармашылық iзденiстер жасайды да, компьютердiң көмегiмен өзiнiң жұмысты орындау деңгейiне сай тапсырмаларын қайтадан таңдап алып, оны орындауға мүмкiндiк береді. Осылайша, сыртқы “компьютер-мұғалiм” жүйесінде оқушының оқу-танымдық қызметін басқару үдерісі жүрiп жатады.

Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне, қызметіне әсер еткісі келсе, ол алдымен олардың көру және есту сезімдік мүшелеріне әсер етеді. Сөйтіп, адам ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды [89]. Сондықтан адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.

Барлық түстер мынадай түстік қатарға жіктеледі:

1. Хроматикалық түстер қатары - спектр түстері: қызыл, қызыл сары, жасыл, сары, көк, көгілдір, сия көк және олардың арасындағы түстер.

2. Ахроматикалық түстер, яғни түссіз түстер: ақ, сұр, қара түстер жатады.

Хроматикалық түстен ахроматикалық түстерге дейінгі қатар, қызылодан аққа, қызылдан сұр түске, қызылдан қара түске дейінгі қатар т.с.с. түстердің ашықтылығы мен айқындылығын білдіреді.

Түстердің өзара үйлесімділігін гармония деп атаймыз.

Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынын ерекшеленумен қатар, тағы да екі негізгі белгілермен - түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң – бұл «қызыл», «сары» және т.б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады - сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді.

Дегенмен мұндай кезде түс басқаша болады: онда оның үшінші белгісі- қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.

Жалпы алғанда барлық хроматикалық түс үш параметрмен – ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.

Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрге бөледі. Жылы түске спектордың сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк- көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі - аспанның, су мен тұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алынған.

Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімді байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуы мүмкін. Егер көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен екіншісіне ауысатын спектрлық бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл сақина бірікпейді, себебі шеткі түстердің қызыл және күлгін түстердің – арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара-қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.

Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді әрі тұрақты әсер туғызады.

Түстік ассоциация физиологиялық және эмоциялық болып бөлінеді. Физиологиялық түріне мына ассоциациялар жатады:

Температуралық – кез-келген түс суық немесе ыстық күйге ие, жылы түске қызыл, - қызыл-сары, сары және т. б. отпен күн түстері жатады; суық түстер қар, мұз, су түстері көк, көгілдір, көкшіл- жасыл түс жатады; оларға қара түсті қосу арқылы оны жылытуға керісінше ақ түс қосу арқылы суық етіп көрсетуге болады.

Салмақтылық – кейбір түстер ауыр болып, кейбір түстер жеңіл болып қабылданады; хроматикалық және ахроматикалық қою түстер ауыр болып көрінсе, қанықпаған түстер жеңіл сезінеді.

Кеңістікті – бір бейнелеу жазықтығында орналасқанымен бір түс таңбасы алға қарай шығып көрінсе келесі түс біршама қашықтықта болып көрінеді.

Акустикалық – кейбір түс айхайлап тұрса, екінші бір түс тыныш секілді қабылданады, әсіресе жылы түстер айхайлап көрінсе, хроматикалық және қанық емес, ақшыл, спектірлі суық түстер тыныштықпен үнсіздікті байқатады.

Фактуралық – кейбір түстер материал, тығыз әрі бұйым формасын шығаруға, фактурасын сезуге, көрсетуге көмектеседі; оларға жылы, шамалы қанықпаған түстер жатады; кейбір түстер фактурасыз, жеңіл болып көрінеді, оларға бейматериалды суық, шегініп көрінетін түстерді жатқызуға болады. Эмоциялық күй туғызатын түстер ассоциациясына мыналар жатады:

Позитивті – ашық қаныққан, ашық, жылы түстер қуанышты, көңілді, жылы шырайлы, жағымды болып көрінеді.

Негативті - кейбір түстер қайғы, көңіл күйді түсіріп, реніш, қорқыныштылықты тудырады, ондай түстер сиякөк, қаралау, шамалы қаныққан түстер жатады.

Бейтарап – көптеген түстер пассивті болып аса белсенді реакция тудырмай керісінше тыныш, бейтарап, тұрақты болып қабылданады, мұндай түстерге ахроматикалық түстер, оншалықты қою немесе ашық түстер жатады.

Физиологиялық түстік ассоциация көптеген адамдар да олардың өмір сүру образы тұрмысы мен темпераментіне қарамастан біркелкі әсер етеді.

Сонымен адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді. Компьютерді қолданғанда оқушылардың түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерінде есте ұстаған абзал. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады.

Қазіргі кезде биологияны компьютерлік оқытудың нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу үдерісін компьютерлендіру психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын жан-жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелелері көрсетіп отырғанындай, орта мектептің 7-11-сынып биология пәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым-қатынасының жүйесі, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.

Мұғалім әрбір оқушының орындаған жұмыстарын бақылап отыруға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеуіне болады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметінің даму үдерісін жан –жақты, терең түсінуге оң жағдай туғызады.

Сезімдік жүйелер ағзаның өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттесуін жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Сезімдік жүйелер белгілі райлы ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құралған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Адам қоршаған ортадағы ақпаратты бес сезім мүшесімен қабылдайды: Көз, құлақ, мұрын, тіл арқылы дәм сезу, тері арқылы сипап сезу. Төмендегі кестеде адамның бес сезім мүшесі жайлы толық мәлімет берілген.





Сезім мүшелері

Ақпараттарды алу

арналары

Ақпарат түрлері

Көз

Көру

Сурет, анимация, қозғалыс

Құлақ

Есту

Дыбыстық (есту)

Мұрын

Иіс сезу

Иіс

Тіл (ауыз)

Дәм сезу

Дәм

Тері

Сипап сезу

Тактильдік (сезу)


Кесте. Сезім мүшелері арқылы ақпараттарды қабылдау.

Осылардың ішінде адам баласы көру және есту мүшелері көмегімен ақпараттың едәуір бөлігін қабылдайтындықтан, біз көз арқылы қабылдауға әсер ететін түр–түске сипаттама бере отырып, биология пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру үшін түр-түстің оқушының материалды игеруге тигізер әсерін қарастырдық. Бұл бағытта көптеген елдердің әдіскер-ғалымдары көп жылдардан бері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы орайда түр-түс тану ғылымына көп еңбек сіңірген белгілі И.Ньютон, А.Ломоносов және т.б. ғалымдардың есімін атап өту керек. Көзбен көруге болатын сан түрлі түстерді бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды И.Ньютон жасады.

Сондай-ақ, түс оқушының белсенді эмоциялық реакциясын тудыратын басты ұйымдастырушы кеңістік болып саналады. Көгілдір түс жұмыс қабілетін төмендетеді адам ағзасының физиологиялық функциясын баяулатады. Сия көк түс қызыл мен көгілдір түстердің әсері секілді, адамды шаршатып жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Түстердің мұндай адам психикасына әсері, мынаған байланысты, жекелеген түстер немесе олардың үйлесімдігі оқушыда түстік ассоциация туғызуы мүмкін, ол өмір тәжірибесі, белгілі эмоция немесе кейіпкермен байланысты. Түс неғұрлым қанық болған сайын ол адам бойында белсенді әрі тұрақты әсер туғызады.

Компьютерлік технологияны пайдаланып көрнекіліктерді жасаған уақытта түр-түстердің жоғарыда аталған психологиялық әсерін ескерген жөн. Биологиялық түсініктерді әртүрлі түр-түстермен бейнеленген фигуралар мен бейнелерді қабылдауға арналған оқытушы бағдарламаларды қолдануға болады.

Модель оқушылардың көзбен жақсы қабылдауына да әсер етеді. Моделдің изоморфтылығы мен қарапайымдылығы, моделдің көрнекілігін білдіреді. Егер де молекуланың атом санына дөңгелек саны сәйкес келмесе, изоморфты болмайтын еді. Онда біз қарастырып отырған су туралы дұрыс түсінік алмайтын едік, көрнекілік жайлы әңгіме мүлдем болматйын еді. Оның үстіне модель қабылдауға қиындық туғызса, онда оқышулардың оқылып отырған құбылыс жайлы түсінігі қалыптастпайтын еді. Сөйтіп, ол көрнекі де болмайтын еді. Демек, изоморфизм мен қарапайымдылық көрнекіліктің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының «Электрондық оқулық басылымында» түстер палитрасы ассоциациялары туралы ақпарат төмендегі кестеде келтiрiлген [90].


Түстер палитрасы

Ассоциация

Қызыл

Ең белсенді түске жатады. Белсенді түстер өте айқын қабылданады және еске өте жақсы сақталады.

Қызыл-қызғылт сары

Жылулық сезiм шақырады. Бұл түс адамның сыртқы әлемге қызығушылығын, адамдармен араласуға және iс-әрекеттi арттырады.

Қызғылт сары түс

Максимал жылулық сезiм бередi.


Сары

Жеңiлдiк және тiрi сезiм бередi. Әлдеқайда жеңiл және ауалы түрде көрiнедi.

Жасыл

Визуалды тепе-теңдiк күй шақыра алады. Өзiнде сары түстiң жеңiлдiк және тiрi күйiн көк түстiң ауырлық күйiмен қамтиды.

Көгiлдiр

Уақыттың және кеңiстiктiң сезiмiн, тағы сол сияқты салқын сезiм бередi. Тежелудi шақырады. Адамдардың тәртiбiн рационалды және ойластыра алатындай күйге келтiредi. Қабылдау үшiн ең ауыр деп саналады.

Көк

Бiр қалыптылық және салмақтылық сезiм силайды.


Полярлық түстер кестесi

Қоңыр фонда және әр түрлi жазықтықтарда олар бiр-бiрiмен сәйкестенедi, өте жақсы бiр гармонияға келедi.

Сұр

Бейберекет түс. Ол өзiне назар аудармайды, ешқандай реакция шақырмайды, тұрақты сезiм орната алады.

Кесте. Көрнекілік принципті жүзеге асыруда қолданылатын түр-түстер сипаттамасы

Оқыту құралдарының дидактикалық бағыттылығына мысал ретінде баспа негізді дәптерді қарастырамыз.

Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға арнайы реттілікті сақтауға тура келеді. Осындай жаттығулар топтамасын орындаған соң оқушыларда қажетті дағдылар қалыптасады. Оқушыларға берілген тапсырманы орындауға қойылған бірізділікпен жасалған оқыту құралы дидактикалық тұрғыдан бағытталған болып есептеледі.

Оқыту құралдарының экономикалық қасиеті – оларды жасаудағы шығын мөлшерімен бағаланады.

Оқыту құралдарының психофизиологиялық қасиеті: түр-түсі, кестедегі таңбалар мен әріптердің өлшемі, формасы, бейнелеп көрсетудің анықтылығы, моделді қабылдаудағы шаршатпаулық және т.б. жатады.

Оқыту құралдарының эстетикалық қасиетіне олардың педагогикалық тұрғыдан алғандағы әдемілігі, және т.с. жатады.

Әдіскер-математик В.Г.Болтянский жоғарыда келтірілген оқыту құралдарының қасиеттерінің ішіндегі үшеуіне (психофизиологиялық, эстетикалық және экономикалық) толықтай қарастырмағандығы белгілі.

В.Г.Болтянскийдің [91] зерттеулерінде оқыту құралының эргономикалық қасиетіне штемпельді мысалға келтірген. Егер де штемпельге кубты бейнелеп, оны мөр тәрізді дәптерге түсірсек, онда кубтың штемпельдегі бейнесі дәптерге түседі. Бұдан штемпель көмегімен көп уақыт үнемдеуге болады. Мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруда оқыту құралының эргономикалық қасиетінің құндылығы зор болып табылады.

Сондай-ақ штемпельді пайдалану үшін, оны іске қосу жылдамдығы да тез жүзеге асады. Оқу диафильмін іске қосу көп уақыт алады. Іске қосу кезінде ең алдымен бөлменің ішін қараңғылау, диапроекторға таспаны қою, экрандағы бейненің анық түсуін ретке келтіру үшін едәуір уақыт кетеді. Нәтижеде, оқушылардың сабаққа деген ынтасы, зейіні шашырайды да, диапроекторды сабақта қолданудағы педагогикалық тиімділік төмендейді. Сонымен эргономикалық қасиетте екі мәселе ескеріледі:

1) уақыт үнемділігі;

2) оқыту құралын іске қосудағы жылдамдығы, тездігі.

Бұрын белгісіз болған, қарапайым затты тану үшін адам баласына:

-сөзбен сипаттағанда – 2,8 с;

-суретте бейнелегенде – 1,5 с;

-түрлі-түсті фотографияда – 0,9 с;

-кино құралдары арқылы – 0,7 с;

-затты табиғи тұрғыдан көрсеткенде - 0,4 с уақыт қажет екендігі эксперимент жүзінде дәлелденген.

Ендеше, біз осы олқылықты толықтыруды және әдіскер-ғалымның зерттеулеріне сүйене отырып, оны одан әрі қарай компьютерлік технология негізінде толықтыруға тырыстық.

А.Г.Барышкин: «Қазіргі уақытта қолданылып жүрген оқытудың техникалық құралдарының кемшіліктерін жою үшін компьютерлік оқыту құралдары қолданылады. Қарапайым фильмоскоп сабақта 2 сағаттық ақпаратты беруде 25 минут үнем жасайды. Кодоскоп 30-40% уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. 7-11-сынып биология сабағында графиктерді, кесте, формуланы көрсету үшін 15-20% уақыт үнемделеді» [91]. Негізгі мектеп биология курсының көптеген бөлімдерін оқыту барысында көрнекі және визуалдық құралдарды қолданбай сабақ өту қиындыққа соғатыны анық. «Визуалдық» дегеніміз, оқу материалын ақпаратты берудің әртүрлі формалары негізінде (мәтін-сурет-формула) құрастыру және көрнекілеу. Сондай-ақ биологиялық оқу материалын белсенді қабылдау үшін олардың арасындағы байланыстар. Оқу материалын осындай тәсілмен бергенде, бүтін визуалді бейне (визуалді бейнелер жиынтығы) – гештальт қалыптасады. Оқу материалын визуалдандырғанда оның негізгі бөлігі сурет немесе графикке назар аударылады. Бұл кадр немесе олардың күрделі жинақталған топтамасы болуы да мүмкін. Оқу биологиялық мәтінін компьютер мониторы экранында визуализация жасау үшін мынадай шарттары бар:

1) Монитор экранындағы ақпарат біркелкі болғаны жөн. Мұндағы «басқару пернелері» саны шектеулі және арнайы орындарда қатаң орналасқан болуы тиіс.

2) Берілгендерді визуалді түрде бейнелеу өте «қарапайым» болып, «сурет» мәтіннің негізгі мәнін көрсетуі керек.

3) Белгілі бір биологиялық оқу материалын экранда бейнелегенде «мәтін-сурет-формула» түрінде берілгені жөн.

4) Экранда формула түріндегі ақпаратты бергенде оның құрылымы мен элементтерін көрсету қажет.

5) Экрандық бетте теориялық мәтін ешбір тасымалдаусыз толық берілгені дұрыс.

Биология пәні мұғалімі оқу мәтінін визуализация түрінде жүзеге асыру барысында оқушылардың логикалық ойлау, көз арқылы көргенін есте сақтау қабілетін дамытуға әсер етуі қажет. Өйткені, «визуализация күрделі психологиялық үдеріс». «Жүз рет көргенше, бір рет есті» деген қағиданы ұстанып, біз 7-11 сынып биология курсын интербелсенді тақта көмегімен компьютерлік оқытуға арналған бағдарламаны (сурет) жасадық.

Қазіргі кезде және келешекте де биологияны оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруда ақпаратты визуалді түрде қабылдаудың, динамиканы, түр-түстің орны бөлек.

Қабылдау ойлаусыз жүргізілсе, пайдасыз болады, ал қабылдаусыз ойлауды айтатын болсақ, онда қабылдаусыз ойлаудың ешқандай қажеті жоқ. Бұдан, қабылдау ойлауға тиісті болғандықтан оқушылардың ойлау қабілетін қабылдау арқылы дамыту керек, әрі жетілдіре түскен жөн. Өйткені, визаулдық ойлау ақыл-ойдың қызметі болып табылады. Ақпараттық материалды қабылдауда түр-түстік ролі ерекше. Биология сабағында визуалды нысанның қасиеттерін оқушылар тез қабылдайды. Мысалы, «үлкен-кіші», «оң-теріс», «тиісті-тиісті емес» және т.б.

Нысанның формасын бір-бірінен ажырату үшін де түр-түстің бізге тигізер көмегі көп. Түр-түс визуалды ақпараттық қасиеттерінің бірі болып табылады. Оқу үдерісі кезінде түр-түс оқушылардың эмоциясына да әсер ететіндігі белгілі. Сондықтан да, биологиялық «мәтінді-сурет-формуланы» ерекшелеп айрықша түспен бейнелеп көрсеткен жөн. Мұнда түр-түс сәннің ролін емес, бақылауға қажетті бағыт беретін роль атқарады.

А.Г.Барышкин [92]: «Қозғалысты дұрыс қолдану визуалды ақпаратты қабылдаудың жаңа көзқарасы» деп атап көрсеткен. Сөйтіп, мына мәселелерге назар аудару қажеттігін ескерткен :

1) оқушылардың визуалды бейнені қабылдауы кеңістік – уақыт өлшемдеріне байланысты;

2) визуалды ақпараттың биологияны оқытуда маңызы зор;

3) визуалды емес үдерістерді визуалдандырудың мәні айрықша;

4) қозғалысты түр-түспен бейнелей отырып, визуалды ақпарат арқылы оқушылардың эмоциясына әсер етуші құрал болып табылады.

М.А.Чощанов: «Америкада да мектеп биология курсында озық технологиялар жетістігі ретінде сабақта динамика және визуалды бейнелеу кең қолданысқа ие, бұл оқушыларға материалды қол жетімділік тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді» деп айтқан [92].

Ал, Ресейде биология пәніне қажетті оқу бағдарламаларын арнайы бір топ, оқулықтар мен оқу құраладарын екінші бір топ, әдістемлеік құралдар мен дидактикалық құралдарды үшінші бір топ жасағандықтан, бұл жүйеде белгілі бір тұтастық қалыптаспаған.

Қазақстанда 7-11 сынып биология пәнін оқытуға арналған Т.А.Алдамұратова [92] бастаған арнайы топ оқулық, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар мен мұғалімдерге арналған көмекші әдістемелік құралдар, оқушыларға арналған жұмыс дәптерлері мен тест материалдары жайлы кітаптар әдістемелік талаптарға сай жасақталған. Компьютерлік технологияны пайдалану мәселесін осы істелінген әдістемелік жұмыстар негізінде жүзеге асырып отырмыз.

Әдіскер Л.О.Рупакова: «Биология пәніне қызығушылық оқылатын материалды меңгеру мен есте сақтаудың қажетті шарты болып табылады. Компьютерлік технологияның терең енуі осы мәселені шешудің бірден бір жолын көрсетеді» деп атап көрсеткен [93]. Соңғы жылдары биология сабағында қолдануға арналған көптеген дайын компьютерлік бағдарламалар бар. Бірақ, олардың барлығын да сабақта тиімді пайдалануға болмайды.

Сондықтан да шығармашыл биология пәні мұғаліміне компьютерлік бағдарламаны өзіне жасауына тура келеді. 7-11 сынып биология сабағында компьютерлік технологияны қолдану оқытудың көрнекілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді, оқушылардың білімін бақылауға, оны бағалауға, пәнге деген қызығушлықты арттыруға және олардың танымдылық белсенділігін дамытуға тигізер әсері мол. Көру арқала ақпаратты қабылдағанда көз секундына миллион бит, құлақ секундына ондаған мың бит ақпарат қабылдайды. Дегенмен, оқу үдерісінде мұғалімнің сөзі де құлаққа жағымды әсер ететіндігін жоққа шығаруға болмайды. Компьютер ешауқытта да ешуақытта мұғалім орынын алмастыра алмайтындығы анық.

В.А.Далингер: Биологияны оқытуда «визуалды ойлау» термині қолданылып келеді. Визуалды ойлау дегеніміз визуалдық (көру) операциялары арқылы ойлау. Психологтардың зерттеулерінше адам баласы көру арналары көмегімен ақпараттың 80% қабылдайды. Көру мәдениеті де жазу және сөйлеу мәдениеті тәрізді тәрбиелеуді, зерттеулерді қажет етеді [94].

М.В.Валиев: АҚШ-тың «Массачусетск ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары Флетчер, Макнейл, Нельсон жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша дәстүрлі оқыту формасы мен мультимедиа ортасын пайдаланып оқыту әдістерін салыстырғанда мультимедианың дәстүрлі оқытудан едәуір артықшылықтары бар екендігін дәлелдеді». Сабақ кезінде материалды қабылдауда көру және есту анализаторлары бірмезгілде жұмыс істегендіктен мультимедиалық технология көмегімен олардың белсенділігінің 2-3 есе артқандығын аңғарған [96].

Компьютерлік технологияны биология сабағында қолданғанда:

- ойлау үдерісінің жұмысын жақсартады;

- көру мәдениетін дамытады;

- оқылатын материалын оқушылардың есте сақтауына ықпал етеді;

- мұғалімге оқушыларға терең білім беруге мүмкіндік береді.

Қазiргi кезде мектептің компьютерлiк сыныптарындағы мүмкiндiктердiң артуына байланысты оқыту үдерісiн ұйымдастыруға, оқушының оқып-үйренуiне жағдай жасауға, оқыту үдерісiн қадағалап, басқаруға мүмкiндiк беретiн кешендi компьютерлiк оқыту құралын жасау қажеттiлiгi туындайды.

Е.Ы.Бидайбеков [97] пәнді оқытуға компьютерлік технологияны қолдануда ақпараттық-рецептивтік, репродуктивті, эвристикалық әдістерді, модельдеу құралдарын пайдалануды ұсынады. Оқу ақпараттық модельдерді қолданып оқыту технологиясында келесі тапсырма түрлері қамтылуы қажет:

- оқыту мазмұнын ашатын теориялық мәліметтердің қысқаша сызбасы және кестесі; олардың гипермәтіндік байланысы;

- оқытуға қолданылатын тапсырмалар кешені;

- оқушының оқып-үйренуіне арналған тапсырмалар кешені.

Бұл жұмыста оқу ақпараттық модельдер ретінде демонстрацияланатын ақпараттар, дайын бағдарламалық модульдер қолданылады.

Электрондық дискiге тиелген биология пәнiнiң компьютерлiк бағдарламалары соңғы кездері көптеп шығарылуда және жекеленген оқушылар мен мұғалiмдерде қолданыс табуда. Әсiресе Ресей бағдарламалық өнiмдерi көп-ақ. Атап айтсақ, «1С:Репетитор. Биология” –бағдарламалар пакеті; «Кирилл и Мефодий» компаниясының бағдарламалық құралдары, “Семейный наставник» және «Школьный наставник» сериялы білімдегі ақауды диагностикалау және түзету бағдарламалары, КУДИЦ фирмасының «Биология 7-11» бағдарламалар кешені, «ММТ и ДО» фирмасының TeachPro Биология (7-11 класс) және т.б. Компьютерлiк технология негiзiнде оқытуда осындай кейбір ойын элементтерi де қолданылуда [98].

Компьютерлiк технология негiзiнде оқытудың дәстүрлі оқытумен салыстырғандағы басты ерекшелігі оқушы мен мұғалiм арасына компьютердiң оқу үдерісiне енгiзiлуiне байланысты ішкi “оқушы-компьютер” және сыртқы “компьютер-мұғалiм” жүйелерінің пайда болуында [99].

Компьютердi оқытуда қолдану мүмкiндiгi оның арнайы даярланған бағдарламамен қамтамасыз етiлуiне байланысты. Сабақта қолданылатын бүкiл бағдарламаларды оқыту және оқып-үйрену бағдарламалары деп бөлуге болады.

Оқып-үйрену бағдарламалары электронды оқулық түрiнде даярланады және ол мұғалiмдi оның кейбір жаңа материалды түсiндiруде не пысықтауда, өткендi тиянақтауда, бiлiмдi тексеруде және тағы басқа әрекет түрлерiнде алмастыру үшiн пайдаланылады. Оқыту бағдарламасын қолдану мұғалiмнiң қатысуымен және мұғалiмнiң басшылығымен жүзеге асырылады.

Жалпы, оқу үдерісi – оқу iс-әрекеттерiнiң қалыптасу заңдылықтарын, өзiнiң жұмыс жасау құрылымын анықтайтын оқыту жүйесiне тәуелдi. Сонымен бiрге, компьютерлiк технология негізінде оқыту жағдайындағы оқып-үйрену үдерісi – “оқушы-компьютер” жүйесiндегi оқушы мұғалiммен тiкелей қарым-қатынас жасамағандықтан, оқыту жүйесiнен салыстырмалы түрде тәуелсiз. Бұл жағдайдағы оқып-үйрену үдерісiн оқу тапсырмасын қайталап орындау iс-әрекетi түрiндегi қайталанбалы үдерісс деп қабылдауға болады. Тапсырма орындау iс-әрекетi 10 операциялық элементтен тұратын оқу үдерісiнiң нормативтi моделi [100]:

1. Оқу тапсырмасын түсiну: тапсырманың мақсатын және оның берілгендермен байланысын анықтау;

2. Оқу тапсырмасының функциялық құрылымын анықтау;

3. Эталондық тапсырма құрылымын анықтау;

4. Оқу және эталон тапсырмаларының функциялық құрылымдарын

салыстыру;

5. Оқу тапсырмасын эталон тапсырма құрылымына сай түрлендіру;

6. Оқу тапсырмасын орындау әдiсiн таңдау;

7. Тапсырманы орындау әдiсiн таңдау;

8. Тапсырманы орындау іс-әрекетінің жоспарын құру;

9. Құрылған жоспарға сай іс-әрекеттерді орындау;

10. Тапсырманың орындалу нәтижесінің оқу мақсатына сәйкестігін тексеру.

«Оқушы-компьютер» жүйесiнде оқушының компьютер арқылы алатын тапсырмасы - нәтиженi алу, әдiс-тәсiлдi игеру немесе бiрнеше тәсiлдердiң ең тиiмдiсiн таңдап алу мақсатында орындалуы мүмкiн. Мақсат тапсырма мазмұнында анық берiлмейдi. Сондықтан «оқушы-компьютер» жүйесiнде –оқушы компьютерден алған тапсырманы өзiнiң шама-шарқына, интеллектуалдық деңгейiне сай орындайды. Нәтижесiнде, тапсырманың мазмұны өзгертiлмей, ондағы iс-әрекеттер түгел орындалғанымен, орындалу мақсаты оқушының өз түсiнiгiнше өзгерiп кетуi, осыған байланысты, бiрiншiден, оқу өз мақсатына жетпей қалуы, екiншiден, оқу барысында оқушы мен мұғалiм арасында шиеленiс ахуалы пайда болуы мүмкiн. Сондықтан, оқу үдерісi мен оның нәтижелерi алдын-ала нақтыланып, жүйеленбесе – оны оқыту мақсатына сай әдістемелік басқару заңдылықтарын анықтау айтарлықтай қиындықтарға алып келедi.

Компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiнiң жалпы бағасын беру оңай емес, себебi түрлi оқу жүйелерiнiң мүмкiндiктерi арасында алшақтық бар.

Аталған оқыту түрлерiн iске асыру барысында, мұғалiм компьютердi пайдалана отырып, төмендегiдей жұмыстарды орындай алады:

- бақылау жұмысы мәтінін оқу кезiнде компьютердiң дыбысты күшейту колонкаларын қолдану немесе мәтiнді проекциялық аппарат арқылы үлкен экранға шығару;

- жаңа тақырыпты мультимедиялық бағдарлама көмегiмен түсiндiру;

- көп деңгейлi және көп нұсқалы тапсырмаларды құрастыру, оны оқушыға беру, қажет жағдайда тапсырма мәтiнiн принтер арқылы баспадан шығару;

  • оқушының өзiндiк жұмыс тапсырмаларын құрастыру, тарату;

- электронды оқулықтарды қолдану.

Сонымен, компьютердi оқытуда қолдану мүмкiндiгi оның арнайы бағдарламамен қамтамасыз етiлуiмен тiкелей байланысты.

Бұл жерде әрине компьютердiң кемшiлiктерi жайлы айта кетуге болады, мысалы, ұзақ уақыт компьютермен жұмыс жасау зияндылығы және т.б.

Компьютерде тікелей, үзіліссіз жұмыс уақыты:

    • мұғалімдер үшін күніне 4 сағаттан аспауы;

    • инженер-программисттер мен лаборанттар үшіін күніне 6 сағаттан аспауы;

    • 1-сынып оқушылары үшін (6 жас) 10 минут;

    • 2-5 сынып оқушылары 15 минут;

    • 6-8 сынып оқушылары үшін 20 минут;

Оның жалпы ұзақтығы аптасына:

    • 2-5 сынып оқушылары үшін (7-10жас) 60 минуттан аспауы;

    • 6 сыныптан жоғары сынып оқушылары үшін 90 минуттан аспауы тиіс.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінде компьютерлік ойындардың ұзақтығы аптасына екі рет, бұл кезде

5 жастағы балаларды – 7 минуттан;

- 6 жастағы балаларды – 10 минуттан артық отырғызуға болмайды.

Ойын кезінде екі немесе одан да көп балаларды (балалардың жасына қарамастан) бір компьютерге отырғызуға тиым салынады. Компьютерде жұмыс істегеннен соң көзге жаттығу жұмыстарын және сабақтан кейінгі үзілісте дене жаттығуларын жасау керек.

Оқушылардың жұмыс орнын бекіткенде олардың бойының ұзындығы, көру – есту қабілетін, т.б. ескеру қажет.

Ең бастысы компьютерлiк технология құралдарын қолдануға негiзделген оқыту үдерісiнде даралай және саралай оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған бiлiм жүйесiнiң мектепке енгiзiлуi жүзеге асырылады.

Кеңестер Одағы кезінде негізгі мектеп бағдарламасына информатика пәні 1985 енгізілген. Эксперимент жұмыстары 1960 жылдардан басталды. Шетелдерде компьютерлік техниканы меңгерудің алғашқы қадамдары осы жылдары қолға алынды. Жапон мемлекеті компьютерді төменгі сыныптарда қолдануға мүлдем қарсылық танытқан. 1983 жылы Швецияда мектептке компьютерді енгізу мәселесі кеңінен жүзеге аса бастады. Дидактикалық тұрғыдан алғанда компьютерлік техниканы меңгеру, оны мектепке енгізу тек техникалық сипатта болып, педагогикалық мәселелері шеткері қалып отырды. 1979 жылы Болгарияның Ғылым Академиясы мен Халық ағарту министрлігі арнайы топ құрып, білім беру жүйесінде компьютерді қолданудың әдістемелік концепциясын жасауға кіріскен. 1985 жылы Швецияның білім беру жүйесіндегі Ұлттық кеңесі жұмысшы топқа «Педагогикалық бағдарламалық құралдарды» жасауды тапсырды. 1983 жылы Қытайдың Халық ағарту министрлігі Пекин университеті мен Цинхуаи Фузань университетінде 5 орта мектебінде компьютерлік оқытуды енгізуді. 1981 жылы Ұлыбританияда Англия мен Шотландия мектептерінде компьютерлік оқытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды. АҚШ, ФРГ, Австралия елдерінде компьютерлік оқыту мәселесін жергілікті білім беру мекемелерінің құзырына тапсырды. Ресейде күні бүгінге дейін білім беруді ақпараттандыру мәселесі мемлекет тарапынан қатаң түрде қадағаланады [101]. Орта мектепке компьютер енгізілген кезде, алғашқы сабаққа қажетті бағдарламаларды дидактикадан хабары жоқ бағдарламашылар мен мектептің пән мұғалімдері жасады. Сөйтіп, бірінші жағдайда, дидактикалық мәселе, ал екінші жағдайда техникалық мәселелер шеткері қалып қойған.

Қорыта айтқанда, көрнекілік – бұл заманауи педагогиканың негізгі принциптерінің бірі. Көрнекі оқыту оқушыларда алғашқы негіздеулер мен берік байланыстардың орнығуын қамтамасыз етуі тиіс. Осы міндеттерді шешуде көрнекіліктің алуан түрлері, оқыту құралдарының кешені үлкен көмек беруі тиіс. Бір сабақта көрнекілік құралдардың үлкен мөлшері мен барлық түрлерін пайдалану, мұғалімнің өзіндік міндеті емес, барлығы мұқият түрде, алдын-ала ойластырып, оқушылардың психологиялық, жас және жеке қызметтері есепке алынуын қажет етеді.

Көрнекі оқыту мұғалім жұмысының ажырағысыз бөлігі болуы үшін ол көрнекілік принципінің қалыптасу тарихын, осы ұғымның заманауи әрекеттерін, көрнекі оқытудың функцияларын, оның түрлері мен педагогикалық жұмыстарда алынған білімді қолдана білуді игеруі тиіс.

Биологиян көрнекі оқыту биологияның басқа бөлімдерімен байланысты материалдың мазмұндалу көрнекілігі мен белсенділік принциптерінің байланысын қамтамасыз етуге жол ашты, оқу үдерісінің ұйымдастыру деңгейін жоғарылатады.


Биологияны оқытуда кешендік оқу

құрал-жабдықтарды қолдану мазмұны


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеті – ғылым мен практика, компьютерлік технология жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екені көрсетілген. Олай болса оқыту үдерісінде баланың ой-өрісін, дүниетанымын және де басқа маңызды психикалық іс-әрекетін дамытуға бағытталған түрлі әдістерді, педагогикадағы дидактикалық принциптерді, оның ішінде көрнекілік принципті компьютер арқылы жүзеге асыру мектеп ұжымының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі.

Оқу жүйесінде компьютер негізінен екі бағытта қолданылады. Бірінші бағыт бойынша оқып-үйренудің объектісі болып табылады. Екіншіден, компьютер оқыту құралы ретінде, түрлі пәндерді оқытуда көрнекі құрал қызметін атқарады. Компьютердің графикалық мүмкіндігін математканы оқытуға пайдалансақ, оқушыларға берілген сызбаны толық кескіндеп көрсетуге болар еді, өйткені сынып тақтасында оны сызып көрсету өте қиын. Бұл жағдайда оқыту мазмұны қаншама байып, қаншама әдісетемелік мүмкіндіктер ашылар еді!

Демек, мектеп мұғалімдері компьютердің көрнекілік мүмкіндігін барынша кең пайдаланып, оқытуды барынша жетілдіруі тиіс. Графикалық кескіндерді компьютер экранында кескіндеудің ерекшелігі сол, мұнда тек жазықтықта ғана емес, кеңістікте берілген фигураны бейнелеген кезде, оның көрінбейтін жақтарын кескіндеуге мүмкіндік бар. Компьютерді оқытудың пәні ретінде қолданудағы негізгі мақсат - оқу барысында және күнделікті өмірде кездесетін сан қилы есептердің сызбасын кескіндеу арқылы компьютердің мүмкіндіктерін пайдаланып, тиянақты білім беру болып табылады.

Сөйтіп, тек осы айтылғандай жағдайларды ескеріп, мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана орта мектептерге арнап қазіргі заман және педагогика ғылымы талап етіп отырған дәрежедегі әдістемені жасау басты шарт болып табылады. Демек, орта мектептің биология пәнін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор, болашағы үлкен.

Сондай-ақ орта мектепте биология пәнін оқыту оқушылардың биология білім негіздерін, биологиянен сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат ететінін ескерсек, онда дәстүрлі оқыту үдерісіне, оның мазмұны мен формасына оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдіс-тәсілдерін енгізу, дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту технологияларын үйлестіре пайдаланып, мұғалімнің оқу материалын дұрыс түсіндіре алуы, кесте т.с.с. көрнекі құралдарды тақырыпқа сай орнымен қолдана білуі, өзіндік жұмысты ұйымдастыруы мен бақылауы т.б. функциялар арқылы жүзеге асады. Оқу үдерісінде компьютер және техникалық оқыту құралдары мұғалімді кейбір жұмыстардан босатады және басқару тиімділігін арттырады. Өйткені өтілген материалды толық, тез меңгеру үшін әр алуан оқу құралдары қажет, яғни бор, тақтадан бастап, күрделі құрылғыларды айтуға болады.

Оқу құрал жабдықтары мұғалімге оқу үдерісін ұйымдастыру, оқу материалын терең меңгеруін қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне, жаңа білімді өз бетінше алуына және оны практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға жәрдем етуі тиіс.

Биология сабағын тартымды да мағыналы етіп өткізу үшін мұғалім сабақта қолданылатын оқу құрал - жабдықтардың қызметі мен атқаратын функциясын толық меңгеріп, оның не үшін керектігін ажыратып, қажет жағдайда қолдана алатындай дәрежеде болғаны дұрыс. Енді осы айтылған оқу құрал жабдықтарға толығырақ сипаттама берелік [102]:

1. Қабырғалық кесте - оқу құралының дәстүрлі түрі. Оны дидактикалық функциясына қарай биологияны оқытуда шартты түрде анықтамалық және жұмысшы деп бөлуге болады.

а) анықтамалық кесте оқушылар жұмыс істеу барысында еске сақтайтын формулалар, сондай-ақ есте сақтауды қажет етпейтін, бірақ оқушылармен жаппай жұмыс істеуге қолданылатын материалдар жазылады. Мұғалім оқушыларға кестені дұрыс пайдалана алуды үйретуі тиіс. Ол кестенің қанша уақыт ілінетіндігін мұғалім өзі шешеді.

ә) жұмысшы кестелер саны көп (көлемі үлкен) есептерді жаппай шешуді ұйымдастыру кезінде қолданылады. Кейбір кестелердің бір бөлігі анықтамалық, ал екінші жағы жұмысшы болуы мүмкін. Мұғалім жұмысшы кестені пайдалана отырып, сабақ өту барысында қосымша тапсырмалар да құрастырады. Жұмысшы кесте - жаттығулар топтамасын орындауға мүмкіндік беріп, уақыт үнемдейді. Нәтижеде білімді көтеруге септігін тигізеді. Бірақ, кестені әр сабаққа арнап жасаудың да қажеті жоқ, себебі кесте неғұрлым көп болса, оны сақтау және керектісін таңдап алу қиын соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда диафильмдер мен диапозитивтер қолдануға тура келеді.

2. Транспарант – графопроектор көмегімен экранға проекциялауға арналған, типографикалық және фотографиялық тәсілмен орындалған, сондай-ақ бір немесе бірнеше таспаға фломастермен дайындалған объект. Мысалы, геометриялық фигураны таспаға фломастермен салып, оның проекциясын түсіруге болады. Диапроекторлардың “Этюд”, “Свет-4”, “Экран” және т.б. түрлері кең қолданылады.

3. Графопроектор – сабақ өтуде жиі қолданылатын демонстрациялық техникалық құралдың бір түрі. Қазіргі кезде оның “Код-1”, “Лех-3”(ПХР), “Полилюкс” (ГДР) және “Лектор-2000” т.б. түрлері жиі пайдаланылады. Графопроектор диапроекциялық құрылғыға жатады. Экранға қағаздағы жазылған объект тура (төңкерілмей) түсіріледі.

4. Эпидипроектор – экранда өлшемі 50х50мм, 85х85 мм, 85х105 мм және 90х120 мм, 150х150 мм объектілерді алуға мүмкіндік береді. Оның “ЭПД-1”, “ЭПД-455” және “ЭП-1” түрлері кездеседі.

5. Киноэкран – диапозитив, диафильм кадрлері, кинофильм және т.б. оқу құралындағы бейнені проекциялауға арналған жазық бет.

6. Магнитофон – магнитті таспаға дыбысты жазу және дыбысты шығаруға арналған құрылғы.

7. Кинопроекция – белгілі бір жиіліктегі тізбектес фильм кадрларының тез кезектесіп ауысып тұратын экранда үлкейтілген бейнесін алу үдерісін айтады. Кинопроектордың “Русь” және “Волна” түрлері баршылық.

8. Теледидар – қозғалатын бейнелер қозғалмайтын объектілерді радиотолқын немесе толқын желілері арқылы электр сигналдар көмегімен қашыққа тарату (видеомагнитофонды қолдану).

9. Диафильм (грекше – арқылы және латынша - таспа) деп бір-бірімен сюжетті байланысқан, бір таспада орындалған позитивті бейнеленген фотографиялық жүйелерді айтады.

10. Диапозитив (грекше – арқылы және латынша – “оң”) деп позитивті фотобейнені айтады. Соңғы жылдары биологияны оқытуда бұлар кең түрде қолданылған. Кезінде биология пәні мұғалімдері мен әдіскерлер көптеген көрнекі құралдар дайындаған еді. Диафильм мен диапозитивтің қажеттілігі мұғалімге материалды, суретті, сызбаны және мәтінді т.б. алдын-ала қолдануға дайындап қоюдан туды [103].

11. Компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы. Кез-келген ЭЕМ негізгі үш бөлімнен тұрады.

1) Монитор – ақпаратты бейнелейтін құрылғы, сондай-ақ экранда кескіндерді, геометриялық фигураларды көрнекті түрде бейнелеп, кей кезде өз осінен айналдырып, әртүрлі жағдайларға келтіріп көрсетуге болады;

2) Жүйелік блок – компютер жұмысын басқаратын құрылғы және ақпаратты сақтауға арналған, қажет кезде пайдалана беруге болады;

3) Пернелік тақта – ақпаратты енгізуге арналған құрылғы;

12.Интербелсенді тақта – интербелсенділікті қамтамасыз ететін құрылғы [104].

Оқу үдерісін ұйымдастыруда әрбір оқу құралының өзіне тән дидактикалық функциясы, мүмкіндіктері, өзінің педагогикалық және техникалық қолдану шекаралары бар болғандықтан, оқу құрал жабдықтарын қолданудың тиімді жолы оларды кешендік түрде қолдану болып отыр. Мысалы, мұғалім сабақты магнитофон көмегімен биологиялық диктанттан бастап, кино үзінді көрсетуі мүмкін.Содан кейін жаңа материалды баяндауды диафильмді көрсете отырып түсіндіреді, сабақты бекітуде диапозитивті қолданды. Енді оқушыларға баспа негізді дәптерде тапсырмалар мен жаттығуларды орындатып, өзіндік жұмыс істеуі үшін кеспе таратып берсін. Содан кейін компьютерді қолданады. Компьютердің сабақта орнымен, әрі уақытымен көрнекі құрал ретінде қолдану кезінде оқу танымдық үдеріс тиімділігін арттырары даусыз.

Кейде көптеген биология мұғалімдері мен әдіскерлерге компьютер жаңа құрал болып көрінетіндігі белгілі. Біз мұнда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың жалпы мәселелерін, оның экрандық, дидактикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетуді басты назарда ұстадық. Биологияны оқытуда компьютерлік технологияны тиімді, әрі орнымен қолдану туралы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар қажет-ақ. Мұндай әдістемелік құралдарды дайындау көптеген мектеп биология пәні мұғалімдері мен әдіскерлердің және ғылыми қызметкерлердің әлі де болса көп уақыт бірлесіп жұмыс істеуін керек етеді.

Оқыту үдерісіне оқытудың техникалық құралдарын енгізу бұл зерттеушілердің айтуынша білім беру жүйесіндегі технологиялық төңкеріс. Алғашқы аудиовизуальді бағдарламалық оқыту Америка Құрама Штаттарында 1930 жылдары басталды. Бұл құралдар мектепте 1940 жылдары қолданыла бастады. 1950 жылдардың орта шенінде бағдарламалап оқыту технологиясы қолға алынды. Аудиовизуальді құралдар, оқыту мақсатына арналған: кері байланыс орнату құралдары, электрондық сыныптар, оқытушы машиналар, лингафондық кабинеттер, жаттығу машиналары және т.б. пайда боды. 1970 жылдары техникалық құралдарды қолдану мәселесі қатты күшейе түсті. Осы кездері жаңа құралдар: бейнемагнитофон, кадропроектор, полиэкран, электрондық тақта, 1980 жылдары дисплейлі сыныптар жасалынып, педагогикалық бағдарламалық құралдар - саны мен сапасы жақсара түсті.

Кезінде (1970 жылдары) орта мектептер оқу құрал-жабдықтар кешенімен толық қамтамасыз етілген болатын. Сондықтан биологияны оқыту әдістемесін дамыту бағыттарының бірі оқу үдерісі оқыту құралдарымен қамтамасыз ету және биология сабағында оны қолдану әдістерін жетілдіру болып табылады. Әдістеме педагогика ғылымы тәрізді биологияны оқыту әдістері.оның мазмұны, оқыту әдістері жүйесі, және оқыту құралдары мәселесімен айналысады.

Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлі және әдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады. Педагогикадағы дәстүрлі “ нені оқыту керек?”, “не үшін оқыту керек?”, “қалай оқыту керек?” деген сұрақтарына жауап іздеумен қатар “қалай нәтижелі оқыту керек?” деген сұраққа жауап іздеу оқыту үдерісін технологияландыру мәселесіне алып келеді. Бұл компьютерлік технология негізіндегі оқыту әдістерін жетілдіріп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқыту мақсаты → мазмұны → құралы немесе мақсаты → әдістері → құралы т.с.с. ол мақсат, мазмұн және оқыту әдістерін, олардың өзара байланысынан құралған. Оқыту мақсатының өзгеруіне орай, оның мазмұны да өзгереді. Мазмұнда оқушыларды өзбетінше жұмыс істеуге үйрету болды. Оқыту мақсатының өзгеруі мен басқа да компоненттерге, оның ішінде оқыту құралдарына да әсер етті [105]. В.Г.Болтянский, А.М.Пышкало және т.б. бірқатар ғалымдардың басқаруымен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану әдістемесі жасалынып, 1970 жылдары биология курсын оқытуда әралуан оқу көрнекі құралдарымен жабдықталғаны белгілі. Әр сыныпқа арналған кестелер жинағы, оқушыларға таныс заттар кескінделген биологиялық формулалар жазылған, таратылып берілетін үлестірме кеспе қағаздар, биологиялық символдардың таңбалары, демонстрациялық нұсқауы және жекелей пайдалану үшін көп таралыммен баспадан шығарылған болатын.

Оқыту технологиясы – ЮНЕСКО-ның анықтауы бойынша білім беру формасын тиімділеудің алдына қойып отырған негізгі мәселесі-бүкіл оқыту үдерісін ұйымдастыру, қолдану мен анықтау, сонымен бірге, техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара іс-әрекетін істей отырып, білімді меңгеру болып табылады. Дәлірек айтқанда, оқыту технологиясы дегеніміз - әртүрлі оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, оның ішінде компьютерлік және электронды құралдарды тиімді пайдалану. Компьютерлік оқыту (Оқытудың компьютерлік технологиясы) – бұл техникалық құралдың бірі компьютер болатын оқыту жүйесі; Дидактикалық компьютерлік ортадағы білім беру-дамыту үдерісінің жүйесі. Компьютерлік технология құралдары оқу үдерісінде келесі мақсаттарда қолданылады;

1.Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру;

2.Оқушыға білім беру мен оны өзіндік жұмысқа үйрету;

3.Білімді оқыту мен бақылау;

4.Дағдыларды (санау, есеп шығару, графиктер салу және т.б.) бекіту мен дамыту;

5.Мұғалім мен оқушының жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;

6.Анықтамаларды (Библиография, формулалар, физикалық және биологиялық шығармалар, тарихи мәліметтер және т.с.с.) алу,

7.Оқушылардың биологиялық фигураларды компьютерде бейнелеу дағдысын дамыту;

8.Оқушының пәндік үлгерімі, оларды талдау, сабаққа қатысуы мен тәртібі жайлы мәлімет алу;

9Кеңістікке саяхат жасау;

10.Демалу мен ойынды ұйымдастыру [106].

Кез келген берілгендерді түрлендіру және өңдеу, тек есептеу жұмыстарын ғана емес басқа да барлық іс-әрекеттерді орындай алу мүмкіндігіне орай

«Компьютер» терминін «Барлық жұмысты орындауға арналған есептеу машинасы» синонимін де қолдануға болады. Дегенмен, «Компьютер»-есептеу дегенді білдіреді. Бейне сынып (видеокласс) – бейне жазбаларды (кино-,теле-, бейнеқондырғы, экран) көрсетуге арналып жабдықталған сынып. Компьютерге жалғанған демонстрациялық құралдарды басқаруды жүзеге асыратын компьютермен жабдықталған бейнесынып мультимедиалық немесе киберсынып деп аталады. Виртуальді әлем (латынша – viztualis - физикалық кеңістік). Виртуальді әлем – бұл тек адам қиялындағы, мысалы компьютер ойыншысының қиялындағы әлем. Мультимедиялық технологиялар және виртуальді бас киім, көзәйнек, қолғап тәрізді арнайы бұйымдар көмегімен жүзеге асатын виртуальді орта. Аудиовизуальді дидактика – оқытуда дыбыстық – және жарық техникалық құралдарды қолдану. Ақпараттық технология - алгоритмдік, бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы мен электронды – есептеуші техника базасында ақпараттарды өңдеу, тасымалдау әдістері. Педагогикалық бағдарламалық құралдар пакеті-оқу қызметінің әртүріне және әртүрлі сабақтарда қолданылатын, арнайы оқу пәнін оқып-үйренуге пайдаланалатын компьютерге арналған педагогикалық бағдарламалар пакеті. Білім беруді ақпараттандыру – білім беру мекемелерін басқару жүйесіне және оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл үш кезеңде жүзеге асады:

1. Ақпараттық технологияларды жаппай меңгеру (компьютерлік сыныптар, интербелсенді бейне, педагогика, психология және физиология мен тағы басқа аралас пәндерге арналған мәліметтер қоры, банкі);

2.Дәстүрлі оқу пәндерін бағдарламалық қамтамасыздандыру (бейне және аудио-материалдар, мультимедиа және гипермәтін жүйелері);

3.Медиакеңістікті кеңейтуге бағытталған қашықтан білім беру жүйесін аудиовизуальді енгізу. Ақпараттық технология – Ақпараттарды тасымалдау, сақтау,жинақтау мен өңдеудің технологиялық және бағдарламалық құралдар жиынтығы. Электрондық оқулық – гипермәтіндік принципте жұмыс істеуге арналған компьютерге енгізілген оқулық.

В.Г.Болтянскийдің [107] редакциясымен жазылған «Комплексы учебного оборудования по математике» деген еңбегінде оқу құрал-жабдықтар кешенін пайдалануға әдістемелік нұсқаулар жеткілікті дәрежеде берілген десек те, бүгінгі нарықтық экономика заманында, ақпарат ғасырында бұл мәселені жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Қазіргі уақытта дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарымен бірге дербес компьютерді пайдалану әдістемесі де қолға алынып, бірқатар әдістемелік зерттеулер жүргізілуде. Дегенмен, компьютерді оқу құрал-жабдықтар кешендік жүйесінің бір буыны ретінде немесе, оқытудың техникалық құралдарының орнына олардың орнын алмастырып қолдануға арналған әдістемелік ғылыми зерттелген жұмыстар жоқтың қасы. Қазіргі кезде биологиян оқытуда оқу құрал жабдықтар кешенін қолдануға орай, әдіскерлердің алдында оқытудың көрнекілік принципін жүзеге асыруда компьютерлік технологияны тиімді пайдалану мәселесі тұр. Себебі, компьютерді біріншіден, техникалық құрал – яғни, оқу құрал-жабдықтарының бір буыны ретінде пайдалана отырып, екіншіден, осы компьютер арқылы оқытудың техникалық құралдарының атқаратын мүмкіндіктерін алмастырып пайдалансақ, онда біз жедел түрде компьютерлік технологиялық оқыту мәселесін шешуіміз керек. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерінің көптігіне қарамай, бұл мәселе күні бүгін маңызы артпаса оны жоғалтқан жоқ, себебі, компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады.

Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты және де білім беру жүйелерінің компьютерленуіне орай Қазақстандық ғалымдар да бұл үдерістен шеткері қалмай, әдіскерлер мен математиктер, мектеп мұғалімдері жаңа талаптарға сай қыруар істер атқаруда. Биология бойынша қазақ мектептеріне арналған типтік бағдарламада жаңа бөлімдер енгізіліп, биологиядан берілетін ақпарат бөлімі ұлғайған. Бұл өз кезегінде биология пәні мұғалімінен арнайы дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Әрі аз уақыт ішінде керекті білімді беру – мұғалім міндеті.

Міне, мұғалім алдында тұрған күрделі міндеттің бірі – биологиян оқытуды оқу құрал-жабдықтар кешені көмегімен жүйелі түрде жеткізе білуі, оқу материалын түсінуде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, қажетті білімді, ебдейлік пен дағдыны қалыптастыру, сондай-ақ қолданбалыққа үйрету күн тәртібінен түспеуі тиіс. Өйткені жалпы білім беретін орта мектеп биология сабағын компьютерлік технология және оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар, яғни оқу құрал-жабдықтар кешені көмегімен жаңа сабақ өткен кезде оқушылар «құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды екен.

В.П.Молочковтың «Наглядность как принцип обучения» атты ғылыми зерттеуінде былай делінген: оқу арқылы – 10 %, есту арқылы – 20 %, көру арқылы (визуалды ақпарат) – 30 %, есту және көру арқылы – 50 %, есту және көру, талқылау арқылы – 70 % ақпаратты бес сезім мүшесі арқылы қабылдаймыз [108].

Сонымен баланың қабылдауын мұқият зерттеген физиологтардың еңбектеріне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үдерісінде қолданылатын компьютерлік технология көмегімен мұғалім сөзін сабақтастырған жағдайда өтілген материалдарды меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.

Биологиян оқытуда компьютерлік технологияны қолдана отырып, биология пәні мұғалімі сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Оның мәтіндік және графикалық редакторлары арқылы әр түрлі алфавиттік – цифрлық мәліметтерді даярлауға, формулалары бар мәтіндерді жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды, графиктерді салуға ыңғайлы. Компьютерді оқыту құралы ретінде үйретуші – оқытушы бағдарламалар арқылы білім беру үдерісінде қолданыла бастауы мектеп практикасында шәкірттердің өз бетінше жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді.

Оқу үдерісінде мұғалім компьютерлік технология арқылы биологияны оқытуда биологиялық формулалар, графиктер, сызбалар, иллюстрациялар салып, әртүрлі іс-әрекеттер орындап, жас шәкірттерге сапалы білім беруде ақпараттық дәуір заманында оқушыларды өмірге, нарық заманына бейімдейді.

Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде оқушы – оқулық – мұғалім жүйесі қалыптасқан. Жоғарыда аталған өзекті мәселені шешудің бірден-бір жолы қазіргі компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін биология сабағында орнымен, әрі тиімді пайдаланып, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолдана аламыз. Есептеуіш техниканың білім саласына кең көлемде енгізілуі қолданбалы бағдарламалардың, әсіресе “компьютерлік технология”, “компьютермен оқыту” т.б. терминдердің шығуына алып келді. Компьютерлік технологияның пайда болуы орта мектептегі кез келген пән үшін оқытуды компьютерлік технологияны қолданып жетілдіру мүмкіндігін қарастыруға әкелуде. Орта мектептерде биологиян оқытуда компьютерлік технологияны қолданып, мұғалімдер мыналарды орындайды: Сабақ кестесі; сурет салу; күнтізбелік-күнделік; оқу материалдарының конспектісі; оқушылар жайлы мәліметтік қор құру; оқу үлгерімі жиынтығына арналған кесте, диаграмма тұрғызу; кеспе, үлестірме қағаздарын дайындау; графикалық редакторлар көмегімен презентацияда объект анимациясын баптау, дыбыс қосу; биология сабағында электрондық оқулықтарды қолдану; компьютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс істеу; жаттықтырушы бағдарламаларды қолдану; күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу; плакат материалдарын ЭЕМ-де әзірлеу; компьютердің жазу мүмкіндіктерін пайдалану; тест әзірлеу; бүкіл әлемдік интернет желісін, компьютерлік желі қызметтерін пайдалану; реферат жасау; ғылыми баяндамалар жазу; электрондық почтамен жұмыс және т.б. жұмыстар.

Қазіргі заман талабына орай, биологияны оқытуда интернетті пайдаланып, төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынамыз:

1. Мультимедиялық түрдегі кітап, лекция, әдістемелік құралдар, ғылыми газет-журналдарды оқу;

2.Педагогикаға қатысты компьютерлік оқытушы бағдарламаларды қолдану;

3.Электрондық кітапхананы қолдану;

4.Берілгендер қорын пайдалану;

5.Ақпараттық-анықтамалық жүйені пайдалану;

6. Электрондық почтаны қолдану;

7.Электрондық телеконференция өткізу;

8.IRC (Internet Relay Chat);

9.Каталог іздеу;

10.Іздеу жүйесін қолдану;

11.Мета іздеу жүйесін пайдалану және т.б. [109]

Жоғарыда айтылғандарды баяндай келе, негізгі мектепте биология пәні мұғалімдерін компьютерлік сауаттылыққа үйретіп, электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді меңгертуіміз керек. Сонымен бірге, олар сабағында интернетті де тиімді пайдалана алатындай болуы қажет. Биология сабағында компьютерлік технологияны тиімді пайдалану кезінде биологиялық фигуралар, бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы да көрнекілікті кеңейтеді.

Компьютерлік технология оқу үдерісін дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар инновациялық оқыту әдістерін қалыптастыруда және жаңа ақпараттық технология білім беруді жетілдіру ісінде төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: 1) әрбір жеке тұлға үшін ашық білім беру жүйесін жасау; 2) білім беру саласын ақпараттық-әдістемелік жағынан жабдықтау; 3) оқу үдерісін автоматтандыру; 4) даралап оқыту; 5) тест жүйесі арқылы білімді бағалау; 6) қашықтан оқытуды ұйымдастыру, т.б. Сондай-ақ биология сабағын оқытуда компьютерлік технология арқылы суреттерді, яғни геометриялық фигураларды қозғалысқа келтіру, түр-түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі көрнекілік принципінің жүзеге асырылуы болып табылады. Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады. Ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндіктер жоқ [110]. Сонымен бірге, жаңа өтілген материал оқушыға компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алады. Уақыт талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде компьютерлік технологияны тиімді пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Көрнекі құралдарды биология сабағында қолдану үшін мұғалімдерден аса педагогикалық шеберлікпен әдістемелік нұсқауды талап етеді. Оқытудың мақсаты - биологиялық түсініктерді қалыптастыру болғандықтан, оның ішінде абстрактылықты түсіндіруде көрнекі құралдарды ерекше талдау, таңдау қажет. Оқушылардың кеңістітік түсінігін және кеңістіктік елестетуін қалыптастыруда қолданылатын геометриялық модельдерді (макеттерді) орнымен қолдану керек, әйтпесе, пайдасы шамалы болып, оқушылардың биологиялық ойлау қабілетін дамытуға кедергі келтіруі мүмкін. Көрнекі құралдардың конструктивтік және әдістемелік сапаларын талдау барысында биологиядан көрнекі құралдарға қойылатын жалпы дидактикалық талаптарды баяндасақ:

  • Көрнекі құрал биологиялық ұғымды дұрыс қалыптастыру құралы болуы керек. Көрнекі құрал биологиялық түсінікті жарқын және бейнелі түрде ашып көрсетуі қажет. Қарастырылып отырған түсініктің барлық белгілерін өте дәлдікпен түсіндіруі тиіс. Практика көрсеткендей, көрнекі құрал шын мәнісінде оқытуда едәуір көмек көрсетеді.

  • Көрнекі құралдардың ішіндегі динамикалық құбылыстарды бақылауға арналғандары өте сәтті шыққан деп есептеуге болады. Қозғалмалы модель биологиялық түсінік немесе құбылысты тез арада қабылдауға мүмкіндік береді.

  • Тек қана иллюстрация құралы ғана емес, практикалық жұмыстарды орындауға арналған құралдың маңызы өте зор. Мұндай жағдайда көрнекі құрал оқушыларды биологияның негізгі ережелерімен және фактілермен таныстыруда, эксперимент жұмыстарын жүргізуде тиімді құрал болып табылады.

  • Көрнекі құралдардың сыртқы түрінің, қандай материалдан жасалғандығының, формасы, өлшемі, кейбір бөлшектерінің бояуларының да қабылдауға тигізер әсері мол. Көрнекі құралдардың шектен тыс ашық бояумен, түспен боялуы құралды бақылауда оқушыларға дұрыс әсер етпейді. Сондықтан оны қажетті түспен бояу қажет.

  • Құралдың көлемі үлкен болмауы керек. Оның өлшемін есептегенде сыныпта әрбір оқушы көретіндей, бақылауына ыңғайластырып жасаған жөн.

  • Конструкция қарапайымдылығы – басқару қарапайымдылығы, яғни жинауға, бөлшектеуге ыңғайлы, жеңіл болуы тиіс. Бөлшектерінің аз болуы, олардың ойластырылған орналасуы, қосымша бөлшектерінің жабық болуы техникалық қана емес, ең бастысы бұл құралдың дидактикалық ерекшелігіне лайық болып табылады.

  • Көрнекі құралдардағы жылдам қозғалатын бөлшектер немесе кейбір бөлшектерді (айналу денелерін алуға арналған аспаптарды электрмотор арқылы қозғалысқа келтіру) жасаған уақытта техника қауіпсіздігі ережелері сақталғаны жөн.

Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін оқу үдерісінде қолдану арқылы биология сабағында қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігі арта түсуде.

Осы салада жүргізілген эксперименттік жұмыстар мен бақылау нәтижелері көрсеткеніндей, биология сабағында көрнекіліктің әртүрлі формаларын пайдалану тиімді болады, егерде мұғалім өз жұмысында, яғни күнделікті сабағында кездейсоқ алынған құралды емес, биологиялық ұғымды қалыптастыруға, оның мазмұнын ашуға бағытталған (арналған) құралдарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, көрнекі құралдар жүйесін пайдаланса ғана сабақтың сапасы арта түседі [111]. Негізгі мектептерде биологияны оқытуда көрнекілік принципті оқу-көрнекі құралдар, компьютерлік технология көмегімен жүзеге асырудың маңызы зор. Өйткені биология сабағында компьютерлік технологияны тиімді пайдалану кезінде биологиялық фигуралар, бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы да көрнекілікті кеңейтеді.

Оқыту үдерісі жалпы оқу құрал жабдықтар кешені арқылы іске асырылады. Оларға материалдық және материалдандырылған оқыту объектілері жатады. ”Оқыту құралдары” толық бір жүйені құрай отырып, биология пәнінің немесе сабақтың мақсаты мен мазмұнын толық ашуы тиіс. Мұндай жүйені “Оқыту құралдарының”оқу әдістемелік кешені деп қабылдасақ, онда ол құралдардың пайдалану реті, әдістемесі яғни “Оқыту технологиясы” жөнінде сұрақ туатыны сөзсіз. Егерде, оқытудың мақсаты бегілі бір білім, біліктілік пен дағдыны меңгерту болатын болса, онда бұлардың қалыптасуы біріншіден – адамның ой-әрекетінің қалыптасуына байланысты екені сөзсіз.

Білімді меңгеру үдерісінде ой әрекетінің қалыптасуы шартты түрде 6 кезеңнен өтеді.

1.Алдын-ала әрекет мақсатымен таныстыру, яғни оқытушыға мотивизациялық әрекет тудыру.

2.Әрекет мақсатымен, объектісі жөнінде мағлұмат, яғни,әрекеттің бағдарлық сұлбасын түзу.

3.Материалдық немесе материалдандырған әрекетті қалыптастыру, осының арқасында әрекет мазмұнын ұғыну.

4.Ойдан тысқары әрекет қалыптастыру.

5.Әрекеттің қысқартуы және автоматтандырылуы.

6.Әрекеттің қалыптасқан ой жоспары арқылы істелінуі.

Компьютерлік оқытуға қазіргі уақыттағы көзқараспен қарасақ, мұғалімнің қызмет функциялары компьютерге беріледі (О.Т.Талызина, Т.В.Габай) [112].

Оқытуды компьютерлендіру кезінде оқушылардың қалыптасуға тиісті әрекеті мен операциясын нақты суреттеу керек. Оқу қызметінің операционалдық жағын қалыптастыруда, қандай жағдай болса да, компьютерді пайдалануды орнықтыру қажет. Компьютер бұған орасан зор мүмкіндік береді.

Біріншіден, ол кез келген әрекетті көрнекі түрде елестетуге және оның орындалу жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютер оқу материалына сүйене отырып, интеллектуалдық әрекетті елеулі түрде өзгертетін құрал.

7-11-сынып биология пәнін оқытуда компьютерлік оқытушы бағдарламаларды пайдаланудың құндылығы сол бағдарламамен кез келген кезеңде оқушылар балама жауаптарды таңдап алу, әрбір қадам сайын алған білімін қадағалап отыру мүмкіндігін иеленуі болып табылады. Әсіресе өз бетімен білім алу үдерісінде аса қажет деп саналады.

Компьютерлік оқытушы бағдарламаларды жасағанда білім берудің қызықтылығын ұмытпаған жөн. Оқу үдерісінің сапасын арттыруда музыкалық сүйемелдеудің, яғни дыбыстың мәні де ерекше роль атқарады. Сонымен бірге, түр-түстерді де дұрыс қолдана білу маңызды.

Бүгінгі таңда негізгі мектепте әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының бір ыңғайға келтірілген кешенін құру үшін оқытудың компьютерлік технологиясы (Қараев Ж.А.) құрылды [113].

Оқытудың компьютерлік технологиясы (ОКТ) көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек оқушылардың өз бетімен жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады екен. Сонымен білім беруді ақпараттандыру оқу үдерісіне компьютерлік технологияны қолданудың біртұтас жүйесін құру арқылы қазіргі педагогикалық ғылымның және оқудың тиімділігін арттыруда өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, биологияны оқытуда компьютерлік технология құралдарын қолданып көрнекілік принципті жүзеге асыру олардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырды, өз бетімен оқу қызметінің мәдениетін арттырады.

Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында қарастырылуы қажет. «Оқыту үдерістері – дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі… Сондықтан да дидактикалық принциптерді әр әдіскер-ғалым өзінше қарастырады» деп жазды В.Оконь [114]. Оқыту принциптерінің ішінде ерекше роль атқаратын басты принциптердің біреуі көрнекілік принципі. Өйткені оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұрумен байланысты. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принцип шығады. Аталған принцип негізінде оқыту жүйелеріне мынандай талаптар қоюға болады:

- компьютерлік оқытушы бағдардамаларды жасағанда дидактикалық мақсаттарды орындай алатын модельді таңдап алу;

- үдерістерді бейнелегенде түстерді дұрыс таңдай білу;

- дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу және т.б.

Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы тиіс және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі керек. Біздің зерттеулерімізде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда ең бастысы – компьютерді қолдануды іске асыру болып табылады. Дербес компьютерді алғаш жасаушылардың бірі Алан Кэй былай деп жазды: «Компьютерді қолдану сауаттылығы - бұл есептеу үдерісінің мәнін жеткілікті түрде терең түсіну арқылы әртүрлі есептерді шығаруда ЭЕМ қолдана білу» [116].

Қазіргі уақытта бағдарламашылар мен әдіскерлер ісбірлікте жұмыс істеп, едәуір нәтижелерге қол жеткізіп, әртүрлі компьютерлік оқытушы бағдарламаларды әзірледі. Алдағы уақыттарда білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық желілерді, интербелсенді тақтаны, мультимедианы тиімді пайдаланудың келелі мәселелерін шешуді жоспарлауда. Шетелдік әдіскер-мұғалімдер оқыту үдерісінде компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, мына төмендегі әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру әлемдік педагогикалық мәселе деп есептейді:

- компьютерлік оқытушы бағдарламалар жасау;

- «компьютер-мұғалім» көмегімен оқыту;

- компьютерлік моделдеу;

- оқу-әдістемелік, оқу құралдарын, электрондық кітаптарды дайындау, шығару және жетілдіру.

Осылардың ішінде оқытудағы көрнекілік принцип оқыту үдерісін жетілдіруге бағытталған. Өйткені динамикадағы ақпаратты беру кино-және бейне фильмдерден басқа ақпараттық технологиялар, яғни компьютерлік технология толық қамтамасыз етіп, жүзеге асыра алады.

Бағдарлама (компьютерлік бағдарлама) әдістемелік қолданылуына орай төмендегідей жіктеледі:

1) Оқытушы (жаңа материалды компьютер арқылы оқып үйренуге арналған);

2) Жаттығуға арналған (оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арналған);

3) Бақылаушы (материалды меңгеру деңгейін тексеруге арналған);

4) Моделдеуші (Биологиялық есептің, фигураның кескінін, нысанның, құбылыстың, үдерістің моделін құру үшін);

5) Демонстрациялық (оқу материалын көрнекі түрде көрсетуге, оқылатын құбылыстың визуалдылығы, нысандардың өзара байланысын арттыру үшін);

6) Ойынға арналған (оқу үдерісі кезінде тиімді шешім қабылдау үшін «ойындар» арқылы);

7) Ақпаратық-анықтамалық (оқушылардың қажетті ақпаратты алуы үшін);

8) Сергіту (өзіндік жұмыстарда оқушылардың ынтасын, зейінін, шығармашылығын, зерттеушілігін, есте сақтау қабілеттерін және т.б. дамыту үшін) [117];

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы аталғандар оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға болатынына қол жеткізді. Олардың тәртібі «Оқыту технологиясына», оның ішінде «Компьютерлік технологиямен оқыту» түсінігіне алып келді.

Келесі бөлімде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін көрнекілік принцип негізінде қалыптастыру әдістемесін ұсынамыз.































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Биология пәніне арналған оқулықтар. –Алматы: РОНД, 2021.-368 б.

2 Білім туралы. – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Литера, 2000. – 96 б.

3 Концепция информатизации системы образования Республики Казахстан на 2005-2010 годы. Концепция правительства от 06.08.2005 № 1058.

4 Программы средней общеобразовательной школы. Биология. –М.: Просвещение, 2018. -79 с.

5 Негізгі мектептің 7-11 – сыныптың биология бағдарламалары. Астана, 2019. – 55 б.

6 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты – СМС 35.040. Электрондық оқу басылымы. Құрылымына, функцияларына, мазмұнына оқу элементтеріне рәсімдеуіне және құжаттамаларына қойылатын талаптар. – Алматы, 2015.

7 Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2005.

8 Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 1998.

9.Ә.Қ.Бүркіт. Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарты. (Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің №460 бұйрығымен бектіліген. 10 маусым, 2002 ж. (қазақ және орыс тілінде)), Астана. 2002. 85-бет.

10.Интернеттің рұқсат етілген қолжетімді материалдары. Шымкент 2017.






50



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.02.2025
325
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі