Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама.4-сыныпқа арналған сын жұмыстары мен грамматикалық тапсырмалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл құрал 4 – сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру, анықтау үшін берілген мәтіндерден, тапсырмалар мен сұрақтардан, тест жұмыстарынан тұрады. Олар бағдарлама талаптарына сай өтілген тақырыптарды түгел қамтиды. Мәтіндердің мазмұнында білімділік, танымдылық жағымен қатар, қазақ тарихындағы ескі қалалар мен тарихи адамдар туралы мағлұматтар берілген. Құралда оқушыларды шығармашылыққа баулитын жұмыс түрлері мен тақырыптар бойынша білімін тексеретін тест тапсырмалары берілген. Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.



Хаттама № 1 6-наурыз 2015 ж



Құрастырған:

Гильманова Эльмира Еркингалиевна -Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі




Рецензенттер: Темиргалиева Шынар Бактыгереевна-

Казталов АББ бастауыш сыныптар әдіскері


Сагинаева Дарига Кайырмановна-БҚО ББ МД ж ЖОБББ

бастауыш сыныптар бойынша әдіскері



Бұл құрал 4 – сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру, анықтау үшін берілген мәтіндерден, тапсырмалар мен сұрақтардан, тест жұмыстарынан тұрады. Олар бағдарлама талаптарына сай өтілген тақырыптарды түгел қамтиды. Мәтіндердің мазмұнында білімділік, танымдылық жағымен қатар, қазақ тарихындағы ескі қалалар мен тарихи адамдар туралы мағлұматтар берілген. Құралда оқушыларды шығармашылыққа баулитын жұмыс түрлері мен тақырыптар бойынша білімін тексеретін тест тапсырмалары берілген.

Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған көмекші құрал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.





Мазмұны:



1. Түсінік хат....................................................................4-бет


2. 4-сыныпқа арналған сын жұмыстары мен

грамматикалық тапсырмалар.......................................5-бет


3. Тақырыптық тест жұмыстары...................................20-бет


4. Грамматикалық өлеңдер топтамасы.........................35-бет


5. Қорытынды..................................................................39-бет


6. Пайдаланылған әдебиеттер........................................40-бет



















Түсінік хат.


Қазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажет бөлігі. Бағдарлама бойынша берілген негізгі тақырыптарды өткенде кезекті сын жұмыстары жүргізіледі. Қорытынды сын - әрбір оқушының білімін есепке алуда ерекше мәні бар жұмыс.

Ұсынылып отырған құралда 4-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша білім, білік, дағдыларын бақылау, тексеру, анықтау үшін берілген мәтіндерден, шығармашылық тапсырмалар мен сұрақтардан, тест жұмыстарынан тұрады.

Бағдарлама бойынша берілген 12 қорытынды бақылау диктанттары мен 4 шығарма, сөздік диктант, көшіріп жазу, жатқа жазу, терме диктанттары берілген.

Мәтіндердің мазмұнында білімділік, танымдылық жағымен қатар, қазақ тарихындағы ескі қалалар мен тарихи адамдар туралы мағлұматтар берілген. Құралда оқушыларды шығармашылыққа баулитын жұмыс түрлері мен тақырыптар бойынша білімін тексеретін тест тапсырмалары берілген.

Сөздік жұмыстарын сабақтың бір бөлігі ретінде үнемі жүргізіледі.

Жатқа жазу, көшіріп жазу жұмыстарын орындауда тапсырмалар күні бұрын плакатқа жазылып ілінеді.

Құралда оқушылармен жүргізілетін шығармашылық жұмыстары берілген. Әрбір жұмысқа арнайы тапсырмалар берілген.

Диктант-орфографиялық,пунктуациялық дағдыны тексеру құралы. Диктанттың әр алуан түрлері берілген. Әр мәтінде сөз саны көрсетілген, ол бағдарлама бекіткен сөз мөлшеріне сәйкестірілген.

Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест жұмыстары әр тақырыпқа сай жүйеленген. Бұл – өздігінен орындайтын жұмыс.

Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған көмекші құралдың әріптестеріме тигізер көмегі зор деп ойлаймын.





4-сыныпқа арналған сын жұмыстары мен грамматикалық тапсырмалар.


Қайталау.

Шығарма

«Менің жазғы демалысым»

Оқушылар өздерінің жазғы демалыста қандай кітаптар оқығанын, қандай жерлерге демалуға барғандарын, қандай сәттерді, қызықты оқиғаларды бастан кешкендері жөнінде осы шығарма арқылы баяндайды.


Сөздік диктант.


Қызылорда қаласы, Қажымұқан Мұңайтпасов, Шалқар көлі, Әбілхан Қастеев, Махамбет Өтемісұлы, Марқакөл қорығы, Ахмет Байтұрсынұлы, Бауыржан Момышұлы, Арал теңізі, Сарыарқа даласы.(20)


Тапсырма.

Жалқы есімдерді топқа бөліп жаз.

Кісінің аты-жөні:

Жер-су аттары:


Жатқа жазу.

О.Асқар

Үйрен ана тіліңді

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,

Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.

Өз халқыңа бола алмайсың азамат,

Білмей тұрып туған ана тіліңді.


Бақылау диктанты.

Отырар.

Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Отырар Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан.

Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Қала екі үлкен дуалмен қоршалған.Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген.

Отырар қаласы өз заманында көптеген қырғын шайқасты басынан кешірген. (65)


Тапсырма.

1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.

2. Не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

3. Сырдария сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Үндестік заңы.

Шығармашылық тапсырма.


Жыланбалық – жыламбалық, қашша – қазша, ағүрпек – ақ үрпек, ақ жолақ – ағжолақ, тұтанбау – тұтамбау, құнамбәйге – құнан бәйге, бағбаңға – бағбанға, ата кәсіп – атагәсіп, ала құла – алағұла.

*Сөздерді үлгіде көрсетілгендей жазылуы және айтылуы бойынша жазу.


Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

тұтанбау тұтамбау

қазша қашша


Бақылау диктанты.

Түркістан.

Түркістан – қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Оның тарихы ең кемі екі мың жыл бұрын пайда болған. Қала өте қолайлы жерге орналасқан, табиғаты тамаша, маңайы таулар мен өзендер, жері құнарлы.

Түркістан -төрт жолдың торабы, жан-жақтан келген керуен жолдарының түйісетін жері.

Киелі Түркістанда атақты Абылай ханды үш жүздің билеушісі ретінде ақ киізге көтеріп, хан сайлаған. Қазір Түркістан – Қазақстанның гүлденген, тарихи ескерткіштері көп, саудасы дамыған қалаларының бірі. (65 сөз)


Тапсырма.

1. Мәтіннен үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді тап.

2. Қалаларының ,билеушісі сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырат.

3. Түркістан сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Сөз тіркесі. Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

Терме диктант.

Көгілдір ту, алтын медаль, кішкентай күшік, жетіген, жылдам тұру, қышқылтым айран, көк майса, қалың көрпе, қалыңдау, тіршілік ету, тоғызыншы вагон, тоғыз жүз тоқсан тоғыз, жеті күн, инабатты қыз, алтын қасық, әдемі кемпірқосақ, үйге бару.


Тапсырма.

Сөз тіркестерін теріп жазу.

Сөз жұптарының байланысын сұрақ қою арқылы анықтау.


Шығармашылық тапсырма.
1. Өседі,қаптап,жерде ,арша таулы.
2. Аласа ,бойы, болады, аршаның.
3. Жанады, өте, жақсы,ол.
4. Көгеріп, тұрады, ол, қысы-жазы.


Тапсырма.
Сөздердің орнын ауыстырып, сөйлемдерді дұрыс құр.

Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр.


Бақылау диктанты.

Бұқар жырау.

Бұқар жырау - қазақтың шоқтығы биік әйгілі жырауларының бірі. Абылай ханның ақылшы биі. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған.

Бұқар жырау қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы тұсында өмір сүріп, сол замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің жыр толғауларымен жалынды күрестің жыршысына айналды. (68)


Тапсырма.

1. Жай және құрмалас сөйлемдерді тап,сана.

Жай сөйлемдер:

Құрмалас сөйлемдер:

2. Алғашқы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.

3. Мәтіннен тасымалданбайтын бес сөзді теріп жаз.


Көшіріп жазу.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, көрнекті ағартушы.

Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал» кітабында надандық, тәкаппарлық, күншілдік, аңқаулық, залымдық сияқты теріс қылықтар әшкереленеді. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді.

Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды.


Тапсырма.

1. Мәтіндегі сөйлем санын цифрмен жақша ішіне жаз.

2. Мәтіннен бірыңғай сөйлем мүшелерінің астын сыз.


Сөз және оның мағынасы.

Бақылау диктанты.

Төле би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, көрнекті мемлекет қайраткері. Көш бастаған көсем, сөз бастаған шешен. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Тәуке хан Төле биді ұлы жүздің бас биі еткен. Абылай ханды азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. Дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды.

Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа көптеген өсиет, шешен, асыл сөздер, жырлар мен нақылдар қалған. (74)


Тапсырма.

1. Шешендік, қайраткері сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажыратып, белгіле.

2. Бірлік,дұшпан сөздеріне мәндес сөздерді тауып жаз.


Жатқа жазу

Аппақ қарға Үйіне көрші

Қонды қарға. Келді ме екен, көрші!

Мынау – қада Бұтарлап талды

Жерге қада. Қолымыз талды.


Тапсырма.

Жазылуы бірдей сөздердің мағынасын түсіндіріп, салыстыру.


Көшіріп жазу.

Көп нүктенің орнына қою деген сөзді қойып, көшіріп жазу. Ол сөздің мағынасын түсіндіру.

Сүт ... ұйыды.

... қара бұлт төнді.

Қарындашты орнына ... керек.

Концерт ...ға келдік.


Шығармашылық тапсырма.


1) Зәрем зәр түбіне жетті-қорқу.
2) Тайға таңба басқандай-
3) Ине шаншар жер жоқ-
4) Көз қырын салу-
5) Таяқ тастам жер-
6) Аузынан жүрегі көрінеді-

7) Жүрек жұтқан-

8) Құрдай жорғалау-

9) Ат-тонын ала қашты-

10)Дүние есігін ашу-


Тапсырма.

Тұрақты сөз тіркестерін бір сөзбен қалай атауға болады, тауып жаз.

Тұрақты сөз тіркестерін құрастырып, сөйлемдер құра.

Күрделі сөздер.

Сөздік диктант.

Алуан-алуан, мүйізтұмсық, жол сілтеуші, қолбасшы, жарқ-жұрқ, жылы шырай, саңырауқұлақ,бума-бума, егеуқұйрық, алпыс тоғыз, асатаяқ, бірте-бірте, қара торы, ауызба-ауыз, итбалық,ауыл-аймақ.(20)


Тапсырма.

Сөздерді оқып, екі түбірдің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді топтастырып жазу.


Бақылау диктанты.

Махамбет Өтемісұлы

Қазақтың бостандығы үшін қолына қылышын алып, жалынды жырымен халқын бастап, ақ патшаға қарсы шыққан тұңғыш ақын. Махамбет өзі өмір сүрген уақыттың шын жүйрігі еді. Ол білімді, көзі ашық, көкірегі ояу адам болатын. Сондықтан да ол заманның қыр-сырын түсіне білді.

Махамбет өз шығармаларында ұлт-азаттық тақырыбын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. Ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. Махамбет өлеңдерінің басты қаһарманы – Исатай батыр. Махамбет қазақтың қолына қару ұстап, азаттық үшін күрескен тұңғыш ақыны болатын. (73)


Тапсырма.

1. Мәтіннен қос сөздерді тауып, түріне ажырат.

2. Біріккен сөздің астын сыз.

3. Қаһарманы сөзін тасымалдап жаз.


Шығарма.

« Тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын! » - деген тақырыпқа шығарма жаз.


Тірек сөздер:Желтоқсан оқиғасы, жазықсыз желтоқсан құрбандары, егеменді ел, кемеңгер Елбасымыз, еліміздің рәміздері, Ата Заңымыз, Астана қаласы, біздің парызымыз.


Сөз таптары.

Зат есім.

Бақылау диктанты.

Қаз дауысты Қазыбек би

Қазақ халқының үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Ол өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы заңдарын жақсы меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті орта жүздің бас биі еткен.

Би Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, кейін Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. (74)


Тапсырма.

1. Жалқы есімдерді тауып, астын сыз.

2.Тәуелдеулі зат есімдерді теріп жаз. Қай жақта, қай септікте тұрғанын көрсет.

3. Батыр деген сөзді үш жақта жікте.


Жатқа жазу.

Аққала.

Жиналдық та көп бала,
Соқтық, әне, аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.


Тапсырма.
Бала, аққала сөздерін септеп жаз.

Көшіріп жазу.

Сағындық Тәнеке.

Көк шатыр.

Шатырым бар қолымда

Жаңбыр маған түк емес.

Мейлі құйып тұрса да

Одан қорқар мен емес.

Аяғымда етігім,

Төбемде көк шатырым,

Ішіменен жаңбырдың,

Жүріп келем ақырын.


Тапсырма.
Тәуелдеулі сөзді тап, астын сыз.
Асты сызылған сөздерді тәуелдеп жекеше, көпше түрде жаз.

Асты сызылған сөздерді септеп жаз.


Көшіріп жазу.

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері.


Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсылық жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсыға үлкен –кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
“Олақтан салақ жаман,” – деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.


Тапсырма
Өлеңді көшіріп жаз.
Басшы сөзін жіктеп жаз.

Халқым сөзін септеп жаз.


Етістік.

Бақылау диктанты.

Кенесары Қасымұлы

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, мемлекет қайраткері, дарынды әскери қолбасшы. Кенесары қазақ елінің тұтастығын қалпына келтіруді, халқының басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел етуді көздеді.

Әскери қимылдары Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Кенесары үш жүздің өкілдері жиналған жиында қазақ халқының ханы болып сайланды. Кенесары қолы Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды.

Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары қолға түсіп, айуандықпен өлтіріледі. (73)


Тапсырма.

1. Дара етістіктердің астын сыз.

2. Бар етістігін үш шаққа айналдырып жаз.

3. Біріккен сөздерді көшіріп жаз.


Көшіріп жазу.

Мақалдар.

Күлме досыңа,
Келер басыңа.


Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.


Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.


Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.


Тапсырма.
Жұрнақ жалғанған болымсыз етістікті тап.

Бер етістігін үш жаққа жіктеп жаз.


Шығармашылық тапсырма.


Көктем мезгіліндегі табиғат (өзен, тау, дала, ағаш) өзгерістеріне қарап, мына жолдар бойынша өлең құрастырып жаз.

Өзен жатыр ... (арқырап)

Айдын жатыр ... (жарқырап)

Көкте бұлттар ... (күркіреп)

Жауды жаңбыр ... (сіркіреп)


Жатқа жазу.

Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?


Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!

Сын есім.

Бақылау диктанты.

Абылай хан

Әбілмансұр – ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы. Қазақ ордасының ұлы ханы. Жастайынан жетім қалған Абылай Төле бидің тәрбиесінде болған. Оның бүкіл өмірі ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалуға жұмсалды.

Абылай хан жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бір ұрыста Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап шапқан Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. (75)


Тапсырма.

1. Сын есімдердің астын сыз.

2. Үш негізгі сын есімді теріп жаз.

3. Үш қарсы мәндес сын есім жаз.


Терме диктант.

Сұңғақ, көңілсіз, өнерпаз, ілулі, жарық, бүгін, ақылды, ашық, әдепті, сымбатты, инабатты, кең, үлкен, жоғары, білімді, адал, достық.

Тапсырма.

1. Негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.

2. Қарсы мәндес сын есімдерді тауып жаз.

3. Сын есімдерді пайдаланып, сөз тіркесін құр.


Сөздік диктант.

  1. Өрмек, қой, оқу, домбыра, кезек, бокс, сурет, аң, ән, сауын, аспаз, етік, кен, күй, мал, жұмыс.

  • Сөздердің қандай сөз табы екенін анықтау.

  • Сөздерге -шы, -ші жұрнақтарының бірін жалғап жазу.

  1. Бала, аудан, ел, бес, адал, әсем, орын, жақсы, бай, қашық, шебер, жаңа, биік, жаман, сақ, әділ, ұзын.

  • Сөздерге-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.

  1. Айт, біл, тоқы, есті, ұш, өшір, кес, сүрт, жырт, ал, отыр, ат, іл, бас, көр, сөйле, кел, бар.

  • Сөздерге -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.






Сан есім.

Бақылау диктанты.

Мәншүк Мәметова

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Бір мың тоғыз жүз жиырма екінші жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда өз еркімен сұранып, майданға аттанады.

Мәншүк Мәметова соғыста ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды үш сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған.

Ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін Батыс Қазақстан қаласының көшелеріне Мәншүк Мәметова есімін беріп, алып ескерткіш орнатқан. (71)


Тапсырма.

1. Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз.

2. Күрделі сан есімнің астын сыз.

3. Ескерткіштер сөзін тасымалдап жаз.


Шығармашылық тапсырма.
Он, үш, екі, он бірінші, үшінші, жүзінші, ...


Тапсырма.

1. Есептік, реттік сан есімдерді жалғастырып жаз.

2. Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімді сөзбен жаз.

2179, 1025, 8016, 1278, 1998.


Еске сақтау диктанты.

Уақыт өлшемдері.

Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен, аптамен және күнмен өлшенеді.

Бір ғасырда 100 жыл бар. Бір жылда 12 ай, 364 немесе 365 күн бар. Бір айда 30 күн бар. Бір аптада 7 күн бар. Бір тәулікте 24 сағат бар.




Тапсырма.

Есептік сан есімдерді сөзбен жаз, астын сыз.

Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыр.

Өздік жұмыс.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.

............ рет өлшеп,

............ рет кес.

Білімді............... жығады,

Білекті............... жығады.

............ауыз сөздің тобықтай түйіні.

.................. ала болса, ауыздағы кетеді,

.................. түгел болса, төбедегі келеді.

Тапсырма.

Сан есімдерді қатыстырып, өзің де мақалдар құра.


Шығарма.

«Наурыз – жыл басы» - деген тақырыпқа шығарма жаз.

Тірек сөздер: ұлттық мереке, күн мен түн, молшылық, бауырмалдық, наурыз көже, ұлттық ойындар, ақ тілек.


Есімдік.

Бақылау диктанты.

Әйтеке би

Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында жиырма тоғыз рудан құралған кіші жүздің бас биі болып сайланады. Елдің басын біріктіруге, жұртымыздың жағдайының артуына, ата-дәстүріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.

Әйтеке би шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен бірге, жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр болған. Ол тарихта турашылдығымен, даналығымен, ақыл-ойының биіктігімен қалған мемлекеттік қайраткер. (73)


Тапсырма.

1. Жіктеу есімдігінің астын сыз.

2. Халық сөзін үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелде.

3. Әділдігімен сөзін буынға бөліп жаз.


Шығармашылық тапсырма.


Отан.

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені, оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені, онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап.

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Отан деген – атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел.


Тапсырма.


1. Жіктеу есімдіктерін тауып, сөз құрамына талда.

2. Қыстырма сөздің астын сыз.

3. Өлеңді қара сөзге айналдырып, шағын мәтін жаз.




Үстеу.

Бақылау диктанты.

Абай Құнанбаев

Абай Құнанбаев - ұлы ақын, ойшыл, ағартушы ғалым, қоғам қайраткері, аудармашы, сазгер. Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы.

Абай – қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш суреткер ақын. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды ұрпағына өсиет етті. Ол халықты қараңғылықтан жарыққа сүйреді, оқу-өнер жолына ұмтылуға шақырды.

Абайдың әрбір қара сөздерінде құндылығы жоғары тәлімдік ой-пікірлер мен еңбексүйгіштік, жамандықтан аулақ болу, өнер-білім мен ғылымға құштарлық, имандылық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттер жан-жақты ашылады. (75)


Тапсырма.

1. Үстеулердің астын сыз.

2. Үшінші сөйлемді сөз таптарына талда.

3. Адамгершілік сөзін тасымалдап жаз.


Сөздік диктант.


Үнемі, жаздыгүні, жүресінен, алға, кейін, қазақша, жаңаша, ілгері, сөзбе-сөз, қыстыгүні, әлдеқашан, жол-жөнекей, етпетінен, ескіше, тыста, жоғары-төмен, биыл, өздігінен, қазір, қысы-жазы. (20)


Тапсырма.

1. Сұрақ қою арқылы үстеулердің түрін ажырат.

Мезгілді білдіретін үстеулер:

Мекенді білдіретін үстеулер:

Сын-қимылды білдіретін үстеулер:

2. Үш үстеуді басқа сөз табымен байланыстырып жаз.




Шылау.

Бақылау диктанты.

Жамбыл Жабаев.

Жамбыл – қазақы сөз арнау өнеріндегі шоқтығы биік тұлға. Жамбылдың қасиетті толғаулары, жырлары, дастандары тыңдаушысын селт еткізіп, сөз құдіретін ел санасына құйып кеткен жырау және айтыскер ақын.

Жастайынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, ән мен өлеңге құмар болады. Жамбыл жасынан-ақ домбыра үйреніп, ақын болуды армандайды. Әкесінің домбыраны жақтырмайтынын білсе де, ән мен жырдың айырылмас адал серігі болған. Атақты Сүйінбай ақынға барып, сөзін сынатып, оның батасын алған.

Ақынның шығарған өлеңдерi дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. (76)


Тапсырма.

1. Шылаулардың астын сыз.

2. Алғашқы сөйлемді сөз таптарына талда.

3. Домбыраны сөзіне дыбыстық талдау жаса.


Шығарма.

«Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыбына шығарма жаз.

Тірек сөздер: соғыс зардабы, ерлікпен қаза тапқандар, тылдағы еңбек, ешкім де, еш нәрседе ұмытылмайды, жеңіс туы, Халық Қаһарманы.













Дауысты дыбыстар.

1- нұсқа.

1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы В) а С) о Д) ә

2. Жуан дыбыстарды көрсетіңіз.

А) І, Ы,Е, И. В) Е,И,У,О. С) А,О,Ұ,Ы. Д) А,У,Ө,Ұ.

3. Жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Биік,аласа . В) Ащы, қышқыл. С) Семіз, арық. Д) Тәтті, дәмді.

4.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екенін белгілеңіз.

А) 13. В) 16. С) 15. Д) 42.

5.«У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Қайту. В) Жүру. С) Жету. Д) Секіру.

6.«У» дыбысы екі рет дауысты болған сөзді белгілеңіз.

А) Жауласу. В) Татулық . С) Қауышу. Д) Татуласу.

7. «Ы» дыбысы қойылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Жазғ... . В) Кәр... . С) Бөр...к. Д) М...нез.

8. Бірыңғай жіңішке дауыстылардан тұратын сөздерді көрсетіңіз.

А) Қиық. В) Береке. С) Сынып. Д) Кітап.

9. Жіңішке буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) сынып, парта В) дәптер, қалам С) мереке, білім Д) қыркүйек, қоңырау

10. «Ұ» дыбысына талдау жасаңыз.

А)Жіңішке дауысты. В) Ұяң дауыссыз.

С) Үнді дауыссыз. Д) Жуан дауысты.

11. Жіңішке дауыстылар қатарын көрсетіңіз.

А) ы, ұ, и В) а, ү, о С) ұ, е, ө Д) ө, і, е

12. Жуан дауысты сөзді табыңыз.

А) Кезең. В) Куәлік. С) Көне. Д) Ғұлама.

13. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) у В) о С) а Д) ө

14. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а, ы, і В) э, ә, и С) о, ө, з Д) у, д, ө

15. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.

А) мемлекет В) отан С) саудагер Д) көзілдірік

16. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.

А) е В) и С) о Д) а

17. Жуан да, жіңішке де болатын дыбысты табыңыз.

А) О. В) Е. С) У. Д) А.

18. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.

А) Кінәлі, дүдәмәл. В) Ботагөз, Өмірзақ.

С) Ақтөбе, тарихи. Д) Су, бауырмал.

19. Жіңішке дауысты сөзді табыңыз.

А) Базар В) Қора С) Қауырсын Д) Кілем

20. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) О, И. В) Ү,Ұ. С) Ә, Е. Д) А,Ұ

21. Тек жуан дауысты дыбысты сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Кенесары, өнерпаз. В) Ұлытау, қуғыншы.

С) Емхана, арбакеш. Д) Игілік, ержүрек.

22. Жуан дауысты дыбыстары бар сөзді белгілеңіз.

А) Кеңес. В) Күндіз. С) Сабыр. Д) Екеуі.

23. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарын белгілеңіз.

А) о, е. В) а, и. С) и, у. Д) ө, ү.

24. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

А) О, ө, у. В) А, ә, е. С) Ы, і, и. Д) Ә, ө, і.

25. Дыбыстар неше топқа бөлінетінін көрсетіңіз.

А) 5. В) 2. С) 3. Д) 6.


Дауыссыз дыбыстар.

2-нұсқа.

1. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

А) Ң,Р,Л,М... В) И,Ң,В,Г... С) Қ,Л,М,Н... Д) Р,Л,М,И...

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.

А) д,т,р В) қ,ң С) р,н,д Д) а,о,м,д

3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) г, ғ В) л, м С) п, т Д) д, ж

4. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.

А) П,Ғ,В,К... В) П,У,Х,В... С) Д,Ж,С,В... Д) Б,В,Ғ,З...

5. Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.

А) 33 В) 42 С) 41 Д) 36

6. Қатаң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

А) нәтиже В) мемлекет С) қарағай Д) ойын

7. Тек үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.

А) қыз, ата, қар В) жүн, қой, ет С) бал, жүз, топ Д)мың, нан, мал

8. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Мәдениет В) Біз С) Кездік Д) Тармақ

9. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын мемлекет атауын көрсетіңіз.

А) Қазақстан. В) Албания. С) Ресей. Д) Украина.

10. Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған көне қала атын көрсетіңіз.

А) Йассы. В) Ақмола. С) Семей. Д) Түркістан.

11. Жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсетіңіз.

А) Тәуелсіздіктен В) Кемеде С) Өнерлер Д) Шебермен

12. Үнді дауыссыз дыбыстармен басталған сөздерді көрсетіңіз.

А) Қазына, әдіс. В) Наурыз, райхан С) Кездік, серік. Д) Дауыл, бата

13. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.

А) рухани В) қоғам С) шығыс Д) бағыт

14. «У» дыбысының дауыссыз дыбысты таңбалап тұрғанын көрсетіңіз.

А) бару, келу В) сурет, жуан С) сулы, сұлу Д) тау, дау, жауап

15. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.

А) д В) в С) қ Д) у

16. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.

А) Емен. В) Зерек. С) Намыс. Д) Теңге.

17. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.

А) й В) б С) қ Д) м

18. Қ - әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.

А) ө...іл В) үзді...сіз С) уа...ыт Д) ше...ара

19. Ұяң дауыссыз дыбыстардан қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.

А) қ, т В) б, ң С) з, ж Д) ғ

20. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.

А) күрес В) үміт С) орман Д) байлық

21. Мына дыбыстардың қайсысы ұяң дауыссыз дыбысқа жататынын көрсетіңіз.

А) қ ,к В) б, в С) й, л Д) р, у

22. «Баяндама» сөзіндегі әріп пен дыбыс санын анықтаңыз.

А)9 әріп, 8 дыбыс. С)8 әріп, 8 дыбыс.

В)8 әріп, 9 дыбыс. Д)9 әріп, 9 дыбыс.

23. Тек үнді дауыссыз дыбыстары бар сөзді табыңыз.

А) Сапар. В) Айман. С) Алпыс. Д) Азат.

24. Қатаңға басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.

А) Орман. В) Жолбарыс. С) Тауық. Д) Торғай.

25. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.

А) Қаламның. В) Мерекеге. С) Тойлар. Д) Достың.


Үндестік заңы.

3- нұсқа.

1. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Жуан, жіңішке. В) Ұяң, қатаң. С) Қатаң, жуан. Д) Үнді, ұяң.

2. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Іскер В) Қайраткер С) Қолғанат Д) Қуанышты

3. Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз.

А) Орман. В) Өнер. С) Жазушы. Д) Қолөнер.

4. Буын үндестігіне қарай жалғанатын қатаңнан басталатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.

А) –мен, -пен В) –ның, -нің С) –тар, -тер Д) –мын, -мін

5. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.

А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп.

6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.

А) Бірсігүні, ендігәрі. С) Ақсуат, Сарысу.

В) Сарыарқа, Талдықорған. Д) Көкшетау, Екібастұз.

7. Буынның жуан, жіңішкелігіне қарай болатын үндестікті көрсетіңіз.

А)Үндестік заңы. С) Буын үндестігі.

В)Кейінді ықпал. Д) Ілгерінді ықпал.

8. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

А) Сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуі.

В) қосымшалардың бір-біріне қосылып жалғануы.

С) түбір сөзге буынның жалғануы

Д) дауысты дыбыстардың бір-біріне ықпалы

9. Буын үндестігі заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) Жауынгер В) Кәсіпорын С) Отбасы Д) Мұғалім

10. Үндестік заңы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

А) 4 В) 2 С) 5 Д) 3

11. Буын үндестігіне қарай жалғанатын көптік жалғауларды көрсетіңіз.

А) –тан, -ден В) –қа, -ке С) –ған, -ген Д) –дар, -дер

12. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді табыңыз.

А) Атақты. В) Жарыс. С) Жеңімпаз. Д) Жүйрік.

13. Буын үндестігі бойынша жіңішке буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) аспаз,теңіз В) ғалым, батыр С) жеміс, шаңырақ Д) билік, әділдік

14. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) күзен В) жыртқыш С) ақбөкен Д) тоқылдақ

15. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Біраз. В) Табиғат. С) Көжек. Д) Жылқышы.

16. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.

А) Үйге В) Балалар С) Талапты Д) Ағаштікі

17. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Қаламгер, баламен. С) Жазушы, суретші.

В) Қаламдар, қыздар. Д) Көлдер, өзендер.

18. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөздерді табыңыз.

А) бақытты, өнерлі С) суретші, үйлер

В) сауатсыз, кешірімді Д) таудікі, даланікі

19. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді белгілеңіз.

А) Арманды. В) Ертеңіміз. С) Үшінші. Д) Қарашашпен.

20. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

А) –лар. В) –кеш. С) –ым. Д) –лық .

21. Буын үндестігі дегеніміз не?

А) қосымшалардың түбір сөздің соңғы буынының жуан жіңішкелігіне қарай жалғануы

В) сөздердің буынға бөлініп жазылуы

С) түбір сөзге буынның жалғануы

Д) дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалы

22. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Кәсіпорын. В) Табыс. С) Бөлінгіш. Д) Қарыздар.

23. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.

А) Көкқұтан. В) Қосаяқ . С) Жолбарыс. Д) Тасбақа.

24. Үндестік заңына бағынатын қосымшаны табыңыз.

А) –кер В) –ды. С) –паз. Д) –хана.

25.Үндестік заңына бағынбайтын сөзді белгілеңіз.

А) Қосаяқ . В) Түйеқұс. С) Асқазан. Д) Тасбақа.


Зат есім.

4-нұсқа.

1. Туынды зат есімді табыңыз.

А) Сушы. В) Үйді. С) Көлдің. Д) Кітапқа.

2. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.

А) Елім. В) Елдік. С) Елмен. Д) Елде.

3.Септік жалғаулы зат есімді анықтаңыз.

А) Жердің. В) Аналар. С) Мақсатым. Д) Оқытушымын.

4. Туынды түбірді табыңыз.

А) Жапырақ. В) Бөлім. С) Мектеп. Д) Арыстан.

5. «Бала» сөзіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.

А) –шы. В) –лық. С) –тың. Д) –лік.

6. Күрделі зат есімді табыңыз.

А) Балалар, оқушы, қыз. В) Отбасы, саяжай, белбеу.

С) Қызыл, жасыл, көк. Д) Ешкім, ештеңе, әлдекім.

7. Туынды түбірді анықтаңыз.

А) Жол. В) Тазалық. С) Сынып. Д) Жаңа.

8. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.

А) Мемлекетте. В) Мемлекеті. С) Мемлекеттік. Д) Мемлекеттің.

9. Жалқы есімді көрсетіңіз.

А) Абай. В) Білгіш. С) Орман. Д) Оқушы.

10. Түбірлес сөздер қатарын көрсет.

A) Сушы, сулық. C) Жәрдемес, көмектес.

B) Кітап, дәптер. D) Балалық, бақыт.

11. Түбірлес сөздер тобын табыңыз.

А) Күрес, тартыс, арпалыс. С) Сұлу, әдемі, көркем.

В) Үнемді, тиімді, пайдалы. Д) Паналау, панасыз, пана.

12. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Белдік. В) Сағат. С) Білім. Д) Кітап.

13. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

А) Қолбасшы. В) Әуежай. С) Қолғап. Д) Дәптер.

14. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді табыңыз.

А) Дәптердің . В) Дәріге. С) Қаламмен. Д) Балалық.

15. Жұрнақ жалғанған сөзді анықтаңыз.

А) Балалар. В) Оқушылар. С) Мұғалімге. Д) Ақкөңіл.

16. Жалпы есімді көрсетіңіз.

А) Жанат. В) Арыс. С) Ағаш. Д) Мойнақ.

17. Жалқы есімді табыңыз.

А) Қарлыға. В) Дуадақ. С) Қарға. Д) Сауысқан.

18. Негізгі зат есімді анықтаңыз.

А) Білім. В) Жақсылық. С) Адам. Д) Қойшы.

19. Зат есімді көрсетіңіз.

А) Өлең айт. В) Осында. С) Әдемі. Д) Жыл.

20.Кім? сұрағына жауап беретін сөздердің қатарын анықтаңыз.

А) Сағат, мектеп, қалам. В) Кеше, бүгін, ертең.

С) Әдемі, жақсы, таза. Д) Оқушы, сатушы, биші.

21. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

А) Жазғыш. В) Аяқ. С) Он алты. Д) Бұлтты.

22. Жалпы есімді табыңыз.

А) Абай. В) Алатау. С) Балқаш. Д) Тау.

23. Күрделі зат есімді анықтаңыз.

А) Азық-түлік. В) Тағамдар. С) Нан. Д) Сушы.

24. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Қаламсыз. В) Бастық. С) Еңбекші. Д) Жерлес.

25. Жалпы есімді тап.

A) Алатау. B) Атырау. C) Қала. Д) Айнұр.



Зат есімнің жалғаулары.

5- нұсқа.

1. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Дәрігерге. В) Сатушы. С) Аспаз. Д) Заңгерлер.

2. Септік жалғауы жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Орманды дала С) Газет шығару

В) Табиғатты қорғау Д) Сурет салу

3. Керек жалғауды таңдаңыз: Сен... досың.

А) –де. В) –мен. С) –ім. Д) –ің.

4. Тәуелдік жалғауындағы сөзді табыңыз.

А) Апайлар. В) Жолдас. С) Ауылданбыз. Д) Дәптеріңіз.

5. Шығыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Әншіден. В) Орындаушымен. С) Мұғалімнің. Д) Малшыға.

6. Зат есімнің тәуелдеулі түрінің шығыс септігіндегі ІІ жағын табыңыз:

А) Әжемнен В) Әжесінен С) Әжеден Д) Әжеңнен

7. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) Пияз. В) Көкөніс. С) Бақша. Д) Жемістер.

8. Қай септіктің жалғауы жоқ?

А) Барыс. В) Көмектес. С) Атау. Д) Табыс.

9. Тамағың сөзін жатыс септікте белгіле.

А) Тамағыңда. В) Тамағыңның. С) Тамағыңа. Д) Тамағыңнан.

10. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымшаны табыңыз.

А) Көптік жалғау. С) Септік жалғау.

В) Тәуелдік жалғау. Д) Жіктік жалғау.

11. Көптік жалғауды табыңыз.

А) Көрпем. В) Төсектің. С) Найзағай. Д) Қызғалдақтар.

12. Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.

А)–мен,-пен,-бен В)–ты, -ті, -ды, -ді С)–на, -не, -е Д) -қа, -ке,-та, -те

13. Көптік жалғауды көрсетіңіз.

А) –лар. В) –ым. С) –ге. Д) –ды.

14. Ісмердің – сөзі қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

А) Шығыс септік В) Атау септік С) Табыс септік Д) Ілік септік

15. Жіктік жалғауын табыңыз.

А) –дың, -дің. В) –пын, -пін. С) –ға, -ге. Д) –мен, -бен.

16. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Көктемгі. В) Жазғытұры. С) Күзде. Д) Жазғы.

17. Тәуелденіп барып,септелген сөзді табыңыз.

А) Жүректе. В) Жүрегіме. С) Жүректің. Д) Жүрекше.

18. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:

А) Қаламмен. В) Қағазды. С) Әншіге. Д) Кітаптың.

19. Жатыс септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Көшемен. В) Оңтүстікте. С) Ағаштан. Д) Қаламмен.

20. Жіктік жалғауының ІІ-жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) Азаматсың. В) Азаматпен. С) Азаматпыз. Д) Азамат.

21. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз:

А) Аспан. В) Ұшақтар. С) Ай. Д) Жұлдыз.

22. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Досы. В) Олар. С) Біздер. Д) Сабағың.

23. Сөйлемде септік жалғаулы сөзді табыңыз: Қарағанды жерінде темір, көмір көп.

А) Қарағанды. В) Жерінде. С) Темір. Д) Көмір.

24. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.

А) Әжеге. В) Әжесіне. С) Әжелер. Д) Әжетай.

25. Жіктік жалғауы жалғанған сөзді табыңыз.

А) Оқушым. В) Оқушымыз. С) Оқушының. Д) Оқушымен.


Сын есім

6-нұсқа

1.Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Жақсырақ. В) Қызғылт. С) Көгілдір. Д) Тұп-тұнық.

2. Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.

А) Зейінді, ынталы. В) Жас, кәрі. С) Қара, көк. Д) Үлкен, биік.

3. Сын есімді табыңыз.

А) Жаңбырлы. В) Дәптер. С) Терезе. Д) Кілем.

4. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.

А) Көкшіл көз. В) Ұзын ағаш. С) Биіктеу адам. Д) Таулы жер.

5. Адамның шашы қандай болатынын көрсетіңіз.

А) Үлкен. В) Арық. С) Биік. Д) Қысқа.

6. Сын есімді табыңыз.

А) Естігенді. В) Дәмді. С) Дәптерді. Д) Кеткенді.

7. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Қызыл ала. В) Көкшіл. С) Қара. Д) Қызылдау.

8. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Анау бала. В) Сұлу әйел. С) Алты адам. Д) Бес қыз.

9. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Адамды қуанту. В) Адамның өмірі. С) Алты адам. Д) Адал адам.

10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ...

А) Жұмсақ. В) Кіші. С) Көк. Д) Ұзын.

11. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Әп-әдемі. В) Кемдеу. С) Аласалау. Д) Сарғылт.

12. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.

А)Кімнің? ненің? В)Қандай? қай? С)Қанша? неше? Д)Қайда? қалай?

13. Сын есімді табыңыз.

А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. Д) Жайлы.

14. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.

А) Менің апам. В) Алты ұл. С) Сұлу жігіт. Д) Жеті ата.

15. Толықтырыңыз: «Менің отбасым ... тұрады»

А) Бауырмал. В) Тату-тәтті. С) Үлкен. Д) Ақылды.

16. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді табыңыз.

А) Жылдам. В) Ұлттық. С) Шешім. Д) Ойынды.

17. Тәуелденген сын есімді табыңыз.

А)Айтарың бар ма? В)Сенің балаң. С)Ешкімің жоқ. Д)Жақсың қайсы?

18. Туынды сын есімді табыңыз.

А) Тауың. В) Таумын. С) Таулы. Д) Тауға.

19. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) Таза. В) Тұнық. С) Шыдамды. Д) Орта бойлы.

20. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімді табыңыз.

А)Жасыл,қып-қызыл. В)Ала,сұрша. С)Көк,қызыл. Д) Өзекті, ұстамды.

21. Күшейткіш буын арқылы жасалған сын есімді табыңыз.

А) Өте әдемі. В) Ең әдемі. С) Тым әдемі. Д) Әп-әдемі.

22. Сын есімді табыңыз.

А) Кесу. В) Турау. С) Майлы. Д) Шырын.

23. Туынды сын есімді табыңыз.

А) Бөлме. В) Төсек. С) Кілем. Д) Таулы.

24. «Қой аузынан шөп алмас» қандай мінезді білдіретінін табыңыз.

А) Қатал. В) Момын. С) Тентек. Д) Сараң.

25. Сын есімді табыңыз.

А) Ана. В) Төмен. С) Мен. Д) Қара.


Сан есім.

7-нұсқа.

1. Реттік сан есімді атаңыз.

А) Жетеу. В) Үш-үштен. С) Тоғызыншы. Д) Төрт.

2. Алғашқы қоңырау қашан соғылатынын белгілеңіз.

А) 5 қыркүйекте В) 23 қарашада С) 1 қыркүйекте Д) 25 қазанда

3. Бір тәулікте неше сағат барын белгілеңіз.

А) 26 В) 23 С) 18 Д) 24

4. 1989- цифрінің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.

А) Бір мың тоғыз жүз сексен тоғыз.

В) Бір мың тоғызыншы жүз сексен тоғыз.

С) Бір мыңыншы тоғыз жүз сексен тоғызыншы.

Д) Бір мыңда тоғыз жүз сексен тоғыз.

5. 2006, 20006 санының дұрыс жазылуын белгіле

А) екі мың алты С) жиырма алты мың

В) жиырма мың алты Д) екі мың алты, жиырма мың алты

6. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.

В) Заттың реттік санын білдіреді.

С) Заттың санын топтап көрсетеді.

Д) Заттың дәл нақты санын білдіреді.

7. -ыншы жұрнағы қай сөзге келеді?

А) үш В) тоғыз С) екі Д) бес

8.Сан есімді сөз тіркесін тап.

А)Үлкен үй В)Киім-кишек С)Күміс қасық Д) Екі жолдас

9. Тиісті сан есімді қой: Жеті рет өлшеп, ... рет кес.

А) Біреу В) Бір С) Бірінші Д) Жеті

10. Реттік сан есімді көрсетіңіз.

А) Он-оннан. В) Оннан. С) Он екі. Д) Оныншы.

11. Сан есімнің сұрақтарын табыңыз.

А) Кім? Не? Кімдер? Нелер? С) Қанша? Неше? Нешінші?

В) Не істеді? Не қылды? Д) Қалай? Неге?

12.Тоғыздан қай септікте тұрғанын айт.

А)Барыс септік В)Шығыс септік С)Ілік септік Д)Табыс септік

13. Күрделі сан есімді табыңыз.

А) Жетпіс тоғыз. В) Алтау. С) Жүздеген. Д) Алтыншы.

14. Реттік сан есімді табыңыз.

А) Бесеу. В) Жетінші. С) Он бестен. Д) Он жеті.

15. Қате жазылған күрделі сан есімді көрсет.

А)Жүз сексен В)Алпыс бес С)Мың тоғызжүз Д)Миллион

16. Дара сан есімді анықтаңыз.

А) Он бес. В) Жетпіс бес. С) Бес-алты. Д) Жиырма.

17. Дара сан есімді тап.

А) Екі жүз В) Елу бес С) Мың Д) Жүз қырық

18.Реттік сан есімі бар мақалды көрсетіңіз.

А) Еңбек- адамның екінші анасы. С) Мың қосшыға бір басшы.

В) Қырықтың бірі- қыдыр. Д) Жеті рет піш, бір рет кес.

19. Мақалдағы сан есімді тап: ... түгел болса,төбедегі келеді.

А) Төрт В)Тоғыз С)Төртеу Д)Тоқсан

20. Есептік сан есімді табыңыз.

А) Жетпісінші. В) Жетіден үш. С) Жетпістей. Д) Жетпіс.

21. Реттік сан есімнің жұрнағын көрсет.

А) –ау, -еу В)-ыншы, -інші, -нші,-ншы

С) -тан,-тен Д)Жұрнақ болмайды

22. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.

А) Екінің. В) Екімен. С) Екіден. Д) Екіні.

23. Реттік сан есімнің жұрнақтарын көрсетіңіз.

А) –ыншы, -інші. В) қосымшасыз. С) –ау, -еу. Д) –дай, -дей.

24. Күрделі есептік сан есімді көрсетіңіз.

А) Екінші. В) Төртеу. С) Он-оннан. Д) Жетпіс бес.

25. Қос сөзі неше санын білдіреді?

А) Екі В)Үш С) Төрт Д) Бір


Етістік.

8-нұсқа

1. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Ойланып қалды.

2. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді.

3.Осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Келіп қалдым. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды. Д) Келген жоқ.

4. Келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз.

А) Билейді. В) Биледі. С) Билеп жатыр. Д) Билеген.

5. Болымды етістікті табыңыз.

А) Күлмеді. В) Жуынбады. С) Қуанбады. Д) Алды.

6. Болымсыз етістіктер қатарын көрсетіңіз.

А) Қашты, жазба, ойна. В) Бергенбіз, ойнасам, тістеме.

С) Келіпті, тыңда, оқысын. Д) Отырма, келме,білме.

7. Болымды етістікті табыңыз.

А) Ұшпады. В) Көрсетпеді. С) Сүртті. Д) Әкелмеді.

8. Негізгі етістікті табыңыз.

А) Көр. В) Берер. С) Ашуланды. Д) Салынды.

9. Өткен шақтағы етістікті табыңыз.

А) Бітірді. В) Көрмеу. С) Ағарады. Д) Келе жатыр.

10. Түбір етістікті табыңыз.

А) Келгелі. В) Келіп. С) Кел. Д) Келіпті.

11. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз.

А) Елпілде. В) Бағала. С) Қалашыл. Д) Тақ.

12. Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Отырғыз. В) Аула. С) Үйренуші. Д) Ал.

13. Туынды етістікті көрсетіңіз.

А) Көреген, сүзеген. В) Жая, қоя. С) Жал, тал. Д) Ойна, ойла.

14. Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.

А) 3. В) 9. С) 2. Д) 8.

15. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Оқыды. В) Оқып отыр. С) Жазады. Д) Оқиды.

16. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті табыңыз.

А) Жатырсың. В) Жатырсыз. С) Жатырмыз. Д) Жатырсыңдар.

17. III жақта тұрған сөзді табыңыз.

А) Алды. В) Алдым. С) Алдың. Д) Алдыңыз.

18. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістіктің жұрнағы екенін белгілеңіз.

А) Бала(ма) айт. С) Сен ойла(ма).

В) Бұл да бір амал(ма). Д) Балдай тәтті ал(ма).

19. Қосымшасыз тұрған түбір етістікті көрсетіңіз.

А) Айт. В) Көріңдер. С) Отырғыз. Д) Жарату.

20. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты табыңыз.

Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.

А) Қайтті? В) Қандай? С) Не істейміз? Д) Қалай?

21. Күрделі етістікті табыңыз.

А) Жаз бойы. В) Ақ үй. С) Барып кел. Д) Көріпкел.

22. Болымсыз етістік жұрнағын белгілеңіз.

А) –дау. В) –ырақ. С) –рек. Д) –па.

23. Келер шақта берілген сөзді белгіле

А) жаздық В) жазамыз С) жазып отырмыз Д) жазғанбыз

24. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.

А) Тыңда. В) Түнде. С) Жоғары. Д) Дауыс.

25.Күрделі етістікті табыңыз.

А)Отырмын. В)Отырсыңдар. С)Қыдырамыз. Д)Жазып отырмын.


Ескерту:

Тест тапсырмаларының мөлшерін әр мұғалім өз қалауынша іріктеп алады.



















Тестің жауаптары:

нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Д

А

А

А

А

Д

С

Д

2

С

В

В

В

В

С

С

А

3

Д

С

Д

А

Д

А

Д

В

4

С

Д

С

В

Д

Д

А

А

5

А

В

С

В

А

Д

Д

Д

6

Д

В

Д

В

Д

В

В

Д

7

А

Д

С

В

Д

А

В

С

8

В

В

А

С

С

В

Д

А

9

С

А

С

А

А

Д

В

А

10

Д

Д

В

А

В

А

Д

С

11

Д

В

Д

Д

Д

А

С

В

12

Д

В

С

С

Д

В

В

Д

13

Д

Д

Д

Д

А

Д

А

Д

14

А

Д

С

Д

Д

С

В

А

15

Д

С

А

В

В

В

С

В

16

В

С

Д

С

С

В

Д

Д

17

С

В

А

А

В

Д

С

А

18

Д

С

Д

С

С

С

А

С

19

Д

Д

Д

Д

В

Д

С

А

20

С

А

В

Д

А

Д

Д

С

21

В

В

А

В

В

Д

В

С

22

С

В

А

Д

А

С

В

Д

23

Д

В

А

А

В

Д

А

В

24

Д

С

В

В

В

В

Д

А

25

В

В

В

С

В

Д

А

Д



Сөз таптары.

Зат есім

Заттың атын парықтап,

Жеткіземін құлаққа

Жауап берем анықтап,

«Кім?», «Не?» деген сұраққа.

Танимысың, көкешім,

Менің атым зат есім.


Сын есім

Егер заттың сұрасаң,

Түрін, сырын, көлемін,

Бұл «қандай?» де, ұнаса,

Мен жауабын беремін,

Содан бәрін білесің,

Менің атым сын есім.



Сан есім

Заттың санын қолдағы,

Не жетеді білгенге,

«Қанша?» десең болғаны,

Санап берем бір демде.

Айтқаныма сенесің,

Менің атым сан есім.


Есімдік

Зат есім де бола алам,

Сан есім де бола алам,

Сын есім де бола алам,

Күмәнданба сен оған.

Бөлінемін жіктесең,

Сілтенемін сілтесең.

Солай болса тілегің,

Сұрақ қоя білемін.

Дейді мені «есімдік»,

Мені білмеу не сұмдық?



Етістік

Кейде қалап өтінем,

Кейде бұйрық беремін,

Айтып істің қимылын,

Төреші боп келемін.

Қызметім тегін-ді,

Берер бағам сенімді

Деп сұрасаң болғаны,

«Қайтпек?», «Не етпек?», «Не қылды»?

Жауап бере білеміз,

Етістігің міне, біз.

Үстеу

Қашан, қайда , қай жерде,

Қандай істің болғанын,

Менен сұра білмесең,

Жатқа білем ол жағын.

Көп сөйлесем кешірім,

Үстеу менің есімім.


Еліктеу

Дыбысқа не қимылға,

Еліктесең қызығып,

«Салдыр-сылдыр», «жарқ-жұрқ» деп,

Шыға келем тізіліп.

Еліктеуіш атым бар.

Атыма сай затым бар.


Шылау

Кейбір сөзді демеймін,

Кейбір сөзге өгеймін.

Ол сөздерден айрылсам,

Мағынасыз кедеймін.

Келсе сөзді талғағың,

Қатырамын ол жағын.

Шылау дейді жұрт мені,

Менсіз сөйлем бітпеді.


Одағай

Таңырқасаң бір іске,

Иә қорықсаң, шошынып.

«япырым-ай» деп қаласың,

Сол мен болам осыны ұқ.

«Әттеген-ай» дейсің сен,

Қалсаң оқыс өкініп,

Шақырғаның сондағы,

Мен боламын осыны ұқ.

Менің атым «Одағай»,

Жұмыс емес ол да оңай,

Оқшау тұру үнемі,

Басқа сөзге жоламай.

И. Нұрахмет

Септеулер

Атау

Барлығына үлгі болар қарақтар,

Байсалды да, ақылды да Марат бар.


Ілік

Жеке басым, ең алдымен, Мараттың,

Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.


Барыс

Сенбейсің бе, күнделікті парақта,

Талай бестік қойылыпты Маратқа.




Табыс

Батыл емес дей алмайсың Маратты,

Сол үйретті ауылдағы бар атты.


Жатыс

Алғыссыз күн болған емес Маратта,

Жетеді онда ынта, жігер, талап та.


Шығыс

Қай өнер де табылады Мараттан,

Ән салғанда жұрттыаузына қаратқан.


Көмектес

Міне сондай жақсы бала Маратпен,

Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең!






















Қорытынды.


Қазақ тілі сабақтарымда сын жұмыстары мен грамматикалық тапсырмалардың түрлерін үнемі жүйелі қолдана отырып, оқушыларымның сауатты түрде өз ойын жаза білуі, дұрыс жеткізе білуі, есту, көру қабілеттеріне қоса, зейіні тұрақталуына, шығармашылық қабілетінің артуына қол жеткіздім. Бұл оқушылар бойындағы дарындылыққа жол ашатын бірден – бір әдіс.

Шығармашылыққа баулу жұмыстары мен грамматикалық тапсырмаларды сабақ кезеңдерінде де орындату арқылы оқушылардың өз бетімен және шығармашылықпен жұмыстану мүмкіндігіне жол аштым.

Оқушылар осы құралдағы оқулықтан тыс мәтіндердің мазмұнында берілген қазақ тарихындағы ескі қалалар мен тарихи адамдар туралы нақты мағлұматтармен танысып, дүниетанымдарын кеңейтті.

Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білім, білік, дағдылары тақырыптық тест тапсырмаларын орындату арқылы үнемі тексеріп, қатемен жұмыс жасап, нәтижесін қорытындылап отырдым.

Грамматикалық өлең шумақтарын оқушылардың жаңа тақырыпқа қызығушылығын арттыруда, тақырып бойынша ой шақыруда қолдандым.

Осындай тапсырмалар мен тест жұмыстарын үнемі қолдана отырып, көптеген жетістіктерге қол жеткіздім.

  • 2013 ж. Бастауыш сыныптардың аудандық олимпиадасында Жасұланов Дінмұхаммед қазақ тілі пәнінен 2-орын алғаны үшін марапатталды.

  • 4-сынып оқушылары қазақ тілінен 100 білім сапасын көрсетті.

  • «Ақ бота-2012» интеллектуалдық марафонында Тлепбергенова А .III орын алды.

  • «Ақ бота-2013» интеллектуалдық марафонында Тлепбергенова А. III орын алды.

  • Қазақ тілінен «Ең үздік сабақ-2013» сырттай байқауынан III орын алдым.

  • 2013жылы әдебиеттік оқудан «Аппақ бала» сабағы аудандық тамыз маслихатында таратылды.

  • Оқушыларының 1-cыныптан бастап, 4-сыныпқа дейінгі білім көрсеткіші 100% болды.

  • 2014 жылы Жасұланов Дінмұхаммед мектепте алған білімін ақтап, облыстық дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп–интернатында білімін жалғастырып жатыр.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Артықбаев Б.М. «Сен білесің бе?» Алматы, Жазушы, 2011 (тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы)

  2. Отарова Ұ.Е. «Қазақ тілінен сын жұмыстар» Алматы,Ғылым,2012 (әдістемелік құрал)

  3. Төлебаева А.М.«Шығармашылық тапсырмалар»,«Бастауыш мектепте оқыту» 2011, №2 (әдістемелік журнал)

  4. Жоламанова Ш.С.«Зат есімнің тәуелденуі»,«Бастауыш сынып» 2013, №5 (әдістемелік журнал)

  5. Мұхтарова А.К.«Етістіктің шақтары»,«Бастауыш сыныпта оқыту әдістемелігі»2014, №9 (әдістемелік журнал)

  6. Хасанова М.О.«Тарихи адамдар туралы деректер»,«Айгөлек» 2010, №11 (республикалық балалар журналы)

  7. Әбілова М.Е.«Көне қалалар»,«Балдырған» 2012, №8 (республикалық балалар журналы)

  8. Орынбаев Ж.Р.«Тест тапсырмалары»,«Алтын сандық» 2013,№7 (республикалық ғылыми-танымдық газеті)

  9. Хайруллина Ө.Т.«Қазақ тілінен дидактикалық материалдар» Алматы, Жалын, 2012 (әдістемелік құрал)

  10. Қадемова О.М.«Қазақ тілінен грамматикалық тапсырмалар»,«Балжұмбақ» 2014, №12 (танымдық газеті)

  11. Сыздықов О.Н.«Өзіндік жұмыс дәптері» Алматы, Рауан, 2013 (әдістемелік құрал)











48


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2018
1841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі