Материалдар / Авторлық бағдарлама "Адам және оның денсаулығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Адам және оның денсаулығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
1818
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақтарал ауданының білім бөлімі

«Ә.Жангелдин атындағы №52 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Биология пәнінен әдістемелік құрал

«Адам және оның денсаулығы»

















Биология және химия пәні мұғалімі:

Жаркинбаева Гульзира Тынысбековна









Баққоныс 2017 жыл

Ақпараттық парақ



1.Аты-жөні: Жаркинбаева Гулзира Тынысбековна

2.Туылған жылы: 1968 жыл 24 август

3.Мектебі: Ә.Жангелдин атындағы №52 жалпы орта мектебі КММ

4.Қашан және қай оқу орнын бітірген:1990 жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Мемлекеттік Қыздар Педагогика Институты

5.Негізгі мамандығы: Химия және биология пәні

6.Қызметі: Мұғалім

7.Қай сыныптарда жұмыс істейді:8-11 сыныптарда

8.Санаты:Жоғары

9.Еңбек өтілі: 28 жыл

10.Курстан өткен жылы: 2012 жыл «Өрлеу» пән бойынша қысқа курс.

2015 жыл І (ілгері) деңгей,2016 жыл тренерлік курс

11.Қандай атақтары мен марапаттары бар: «Ең жаңашыл ұстаз»,аудандық, облыстық және республикалық мақтау қағаздары мен дипломдар

12.Мекен жайы: «Жылы су» ауыл әкімшілігі «Баққоныс» ауылы,Ы.Алтынсарин көшесі,№9үй

13.Байланыс телефоны:8775-754-52-14



















Жоспар

1.Кіріспе. Биология ғылымының негізгі қағидалары. Жасушалық теория

2.Негізгі бөлім

І.Адам ағзасының құрылысы,ағзалардың тіршілік әрекеттері, ағзадағы зат пен энергия алмасу,ағза мүшелерінің қызметі және оның бұзылуы салдарынан пайда болатын аурулар туралы

3.Қорытынды.









































Жасуша

Жасуша

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Жасушасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Жасуша, ал ересек адамның организмінде – 1014 Жасуша болса, организмнің кейбір тіндерінде Жасуша саны өмір бойына тұрақты болады. Жасушаның тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады.

Жасуша ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды –

рибосома, митохондрия,эндоплазмалық тор,Гольджи кешені,лизосома,

клеткалық мембрана деп атайды.

Рибосома Жасушадағы ақуыздың түзілуін қамтамасыз етеді, ақуыз синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Жасушасында кездеседі.

Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Жасуша бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид.

Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Жасушадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Жасуша мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.

Ядро – организмдегі ақуыздық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін жасушаның негізгі бөлігі.

Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әртүрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады.

Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Жасуша лизосомаларының түзілуіне қатысады.

Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8

мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Жасуша ішіндегі ас қорытуға және Жасуша құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады.

Жасушалық мембрана – Жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Жасуша қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Жасуша органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.[1]

Жасуша теориясының ашылуы

Жасуша теориясы - тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы,көбеюі және көпжасушалы организмдерді қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды.Оны зерттеуде әртүрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты 17 ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703ж.) жасаған.Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді:тығын шұрықтарын (пораларын), қымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді. Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып,олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан.Ол осы ұяларды грек сөзімен “целлюлла“- “жасуша” деп атады.Бұл жерде Роберт Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 17 ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап,оның көмегімен судағы біржасушалы организм-кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье көрген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғышқы плазма деп атады.Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады,оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз-жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі-ядроны ашты.19 ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп,олардан алынған мағлұматтар 1838-1939 жж.ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қортынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы бойынша,өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі,тірі организмнің ең ұсақ бірлігі,сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді.Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зерттеле бастады.Мәселен,1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болатынын анықтады. Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып,көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда,зигота түзетінін анықтады. К.Бэрдің бұл жаңалығы жасушалардың организм дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті. Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей:

Жасуша-барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі;

Әр түрлі ағза жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы,зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас;

Жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады.

Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобына ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жоғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні. Қорта келгенде,жасуша теориясы ”жасушаның“ барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.

М икроскоп.Жасушалардың мембранасына, ядросына және цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады.Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100-3000 есеге дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды қолданып,зерттелетін объектіні экранға түсіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады. Биологияның арнаулы саласы-биохимия жасушаның химиялық құрамын молекулалық деңгейде зерттеу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады. Ол өте жылдам айналып,жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады,себебі оның бөліктерінің тығыздықтары әр түрлі болады. Жасушаның аса нәзік құрылысы мен қызметін зерттек тек цитологтардың,биохимиктердің,физиологтардың, генетиктер мен биофизиктер күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті. Жасуша теорясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

Жануарлар мен өсімдік жасушаларынын, айырмашылығы:

1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды.

2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.

3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.

4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.

Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері

Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттеріне жататындар: зат алмасу, тітіркенгіштігі, көбею, өсу мен даму және т. б.

Зат алмасу. Жасуша мен қоршаған орта арасында тынысалу, қоректену, қажетсіз өнімдерді шығару арқылы үздіксіз зат алмасады. Жасушадан сыртқы ортаға тотығу өнімдері шығарылып, корек заттар мен оттек қабылданады. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары ағзаның ішкі ортасында тіршілік етеді. Ағзаның ішкі ортасына қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы жатады. Осы ортадан жасушаның жарғақшалары арқылы су, тұздар, витаминдер, гормондар, оттек өтеді. Бұлар - жасушаны түзетін құрылыс материалдары. Оттек нәруыздарды, майларды, көмірсуларды тотықтырып, энергия бөлінеді. Энергия жасушаның барлық тіршілік әрекеттерін жүзеге асырады. Оттектің жасушаның құрамды бөліктерімен қосылуы - жасушалық тынысалу деп аталады. Бұл кезде ағзада қажетсіз заттар (көмірқышқыл газ, тұздар) түзіліп, қан ағынымен зәр шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Зат алмасу - тірі ағзаларды өлі табиғаттан ажырататын негізгі белгі.

Тітіркенгіштігі. Жасушалар сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштерінің әсерінен қозады. Қозғыштық - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Мысалы, суықтын, ыстықтың, жанасудың, химиялық заттардың барлығы тітіркендіргіштер.

Көбею жасушалардың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Алдымен ядро, содан соң цитоплазма екіге бөлінеді. Әрбір бөлінудің алдында ядродағы хромосомалар ұзынынан екі еселенеді де, бірінен-бірі ажырап, жас жасушаларға бөлінеді.

Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады.

Көбею - тіршіліктің қалыпты сақталуын, ал өсу мен даму жасушалар санының көбеюін қамтамасыз етеді. Даму - көбеюмен аяқталады.

Жасушалар мен жасушааралық заттар ағзаның даму барысында ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және тұтас ағзаға бірігеді.

Цитоплазманың қозғалуы .

Жасуша қоректенеді, тыныс алады, сыртқы орта əсеріне жауап береді, артық заттарды бөліп шығарады, көбейеді, яғни тіршілік етеді. Жасушадағы зат алмасу процестері цитоплазма арқылы жүзеге асатындықтан ұдайы қозғалыста болады. Кейде сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан (өте төменгі температура,оттегі мен жарықтың жетіспеуінен, т.б.) қозғалысы баяулап немесе мүлде тоқтап қалады. Жасушаның тіршілік əрекетіндеші ең маңызды көрініс - цитоплазманың қозғалуы. Цитоплазма - жасушаның негізгі бір бөлігі. Онда қоректену жəне тыныс алу процестері жүреді. Жасуша микроскоппен қарағанда ондағы пластидтердің қабықша бойымен қозғалатынын көреміз. Бұл цитоплазманың қозғалуына байланысты.

Жасушаның қоректенуі Өсімдік жасушасының цитоплазмасында жасыл түсті пластидтер өте көп. Оларда фотосинтез жүжеге асады. Осы процестің əсерінен өсімдік жасушасында түрлі қоректік заттар: нəруыздар, майлар, көмірсулар түзіледі. Өсімдіктерде қорек жасушасының қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар қозғалып сабаққа, тамырға, жемісіне жəне т.б. мүшелеріне таралады. Онымен барлық тірі ағзалар қоректенеді. Өсімдіктердің жақсы өсіп, дамуы үшін су, еріген минералды заттар, күн сəулесі жəне ауа қажет. Су мен еріген минералды өсімдік ағзасы тамыры арқылы сорады. Ал жапырақ ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың əсерінен органикалық зат түзеді. Өсімдік ағзасындағы бұл процестер бір-бірімен тығыз байланыста өтеді.

Өсімдіктердің тыныс алуы Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін бойына сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жапыраққа күн сəулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Яғни ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттекпен байытады. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Фотосинтез процесі мен тыныс алу бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, өсімдік фотосинтез арқылы тыныс алуға қажетті оттек пен көмірсулар алады. Ал өсімдік тыныс алу кезінде фотосинтезге қажетті көмірқышқыл газы мен су өндіріледі. Күн сəулесінің əркелкі түсуі де көп жағдайда өсімдіктің тыныс алуына əсер етіп жатады. Мысалы, күн сəулесі қатты қыздырған кезде фотосинтез тез жүреді. Осы кезде өсімдік оттек пен көмірсулар ауаға бөлінеді де, ал оттек крахмалдың түзілу формасында қалады.










Жасушаның химиялық құрамы


Ж асушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.


1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.

2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.

3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.

Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады.

Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оңдагы кажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка шығарылады.

Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.

Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді:

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды. РНҚ - жасушаның цитоплазмасында болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.

Жасушаның құрылысы

Адам ағзасы (организмі) - миллиардтаған жасушалардан құралған, өзддгінен реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзанын даму үдерісінде жасушалар мен жасушааралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге, мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.

Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік өлшемі. Барлық тірі ағзалардың денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны сендерге мәлім. Жасушаның құрылысы электронды микроскоптың көмегімен терең зерттелді. Электронды микроскоппен жасуша құрылымдарының өте ұсақ бөлшектеріне дейін анық көруге болады. Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылымды цитология (гр. kytos - жасуша, гр. logos - ғылым) дейді. Жасушалар құрылысы, қызметі, пішіні, мөлшері жағынан әр түрлі болады.

Адам денесі жасушаларының пішіні - домалақ, ұзынша, жалпақ, төртқырлы, көпқырлы, призма төрізді және т. б. Жасуша мөлшері мен пішінінің әр түрлі болып келуі аткаратын қызметіне байланысты. Мысалы, канның эритроцит жасушалары сұйық ортада болғандықтан домалақ; тері жасушалары көпқырлы; бұлшықет жасушалары ұзын; жүйке жасушалары көп өсінділі (жұлдыз тәрізді) және т. б. Жасушалардың мөлшері де түрліше: адам ағзасындағы ең ірі жасушалар - жұмыртқажасушасы мен жүйке жасушасы. Қан мен лимфада болатын ең кішкене жасушалар - лимфоциттер.

Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және органоидтардан (эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, лизосома, Гольджи жиынтығы, жасуша орталығынан) тұрады.

Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.

Жарғақшаның қызметі:

Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді.

Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді;

Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.

Цитоплазма (гр. kytos - жасуша, гр. plasma - іркілдек сұйықтық) - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады. Егер қоршаған ортаның температурасы көтерілсе (жоғарыласа), цитоплазманың козғалысы да күшейеді, төмендесе - баяулайды. Жоғары температурада цитоплазмада зат алмасу үдерісі (қоректену, тынысалу) жылдамдайды.

Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. Ядроның сыртын цитоплазмадан бөліп тұратын екі қабат жарғақша қаптайды. Ядроның ішінде толтырып тұратын іркілдек ядро шырыны болады. Ядро қабықшасында да өте ұсақ тесіктер - шұрықтар бар. Ядро солар арқылы цитоплазмамен байланысады. Ядро цитоплазмамен тығыз байланысып, жасушаның барлық тіршілік әрекеттеріне (өсу, көбею, зат алмасу) қатысады. Ядро кабықшасы (жарғақшасы) заттардың козғалысын (ядроға енуі, ядродан шығуы) реттейді. Ядро шырынында хромосомалар мен ядрошықтар болады.

Хромосома (гр. chroma - түсі, гр. soma - тән, тез боялатын дене) - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» (грекше гр. genos - туыс, тегі бір) дейді. Гендер хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин қышқылының синтезіне қатысады.


Адам ағзасының құрылысы

Адам организмінің құрылысы өте күрделі.Адам ағзасы да қарапайым жасушалардан құралған.Жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелері жасушадан тұратындығы анықталғалы 150 жылдай астам уақыт болып қалды.Ол теорияны алғаш рет 1839 жылы ботаник Маттияс Якоб Шлейден мен зоолог Теодор Шванн ашқан болатын.1859 жылы неміс ғалымы рудольф Вирхов әрбір жаңа клетканың өзінен бұрынғы клеткадан пайда болатынын дәлелдеп,бұл теорияны шындыққа айналдырды.

Тіршілік иелерінің бір клеткалы түрден көп клеткалы ағзаға айналуы олардың сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін жеңілдете түскен.Белгілі эволюция барысында бұлай бейімделу жануарлар мен өсімдіктердің бойында атқаратын қызметі және сыртқы түрі сан алуан клеткалардың пайда болуына жағдай туғызған.Мысалы, адам ағзасындағы өзінің сыртқы пішінін қажетті жағдайда өзгеріп отыратын диаметрі 80 микрон,ұзындығы 1 метрге дейін баратын нерв клеткалары бар.

Клетка өз алдына жеке ағза болса да бактерия,амеба және т.б немесе көп клеткалы ағза құрамына кірсе де құрамы өзгермейді.Ол протоплазмадан,ядро мен клетка қабығынан тұрады.Бұл заңдылық барлық ағзаға қатысты.

Сонымен жасуша дегеніміз ядролы протоплазманың ұршық тәрізді нерв клеткаларының ұзын өсіктері болады.

Жай микроскоппен қарағанда клетка қабығы ядро мен протоплазманы бір-бірінен бөліп тұрған сызықша тәріденіп көрінеді,ал электронды микроскоппен қарағанда қалыңдығы небәрі 1 ангстрем осы қабықың өзі күрделі екені және оның әр клеткада әр түрлі қызмет атқаратыны белгілі болды.Осы қабық калий ионын клетка ішіне кедергісіз жіберсе,ал натрий ионын өткізбейді.Клетка қабығы осылай ірілі-ұсақты басқа да молекулалар мен қоспалардың өз ішіне енуін тәртіпке келтіріп отырады.Электронды микроскоп клетка цитоплазмасында бірқатар заттардың барын анықтауға мүмкіндік береді.Цитоплазманың тұрақты құрамына митохондрий,микросом,лизосом,Гольджи аппараты,клетка орталығы сияқтылар жатады.

Клетка құрамында пішіні жіп,таяқша,шар тәрізді болып келетін,диаметрі 0,5-1 микрон,өз алдына клетка бөлшектерін құратын заттарды митохондрийлер деп атайды. Оны 1898 жылы С.Бенда ашқан болатын.Олкезде митохондрийлердің биохимиялық процестерге,яғни клетканың тыныс алуына,ондағы белоктардың қайта түзіліп,жаңарып отыруына қатысады.Митохондрий энергия бөліп шығаратын қуат көзі.

Цитоплазманың құрамдас бөлігінің бірі-лизосома.Оны алғашқы 1955 жылы К.Де Дюв тапқан.Лизосомадар организмге енген зиянды микробтарды құртатын лейкоциттер мен макофагтардың клеткаларында көп әрі басқа клеткаларындағы лизосомдардан үлкен болады, ұрықтану,клеткалардың тозуы,т.б жағдайлар осы лизосомдардық қызметіне байланысты деген болжам бар. Клетканын,аса маңызды бөлігінің бірі-оның ядросы,Клетканын,пішіні қарай ол шар сияқты, таяқша, сүйір, ұршық тәрізді болып келеді, сыртын қабығы бар. Ядросы жоқ клетка көбейе алмайды.Ядроның құрамына нуклепротеидтер деп аталатын белоктар кіреді.Нуклепротеидтер қарапайым белоктар мен нуклеин қышқылдарынан тұрады.Нуклепротеидтердің ыдырауынан пайда болатын нуклейн қышқылдарының ішіндегі дезоксирибонуклеин қышқылы (қысқаша ДНҚ деп аталатын қышқыл) орасан зор роль атқарады.Ол ғылымға белгілі барлық клеткалардың құрамына кіреді,атқаратын қызметі-клетка ішіндегі белоктардың алмасу процесін реттеу құрлысымен бірге барлық тіршілік иелерінің түрлік (шідтік) қасиеті де осы ДНҚ да сақталады.

Тіршілік үшін ядро құрамына кіретін хромосомдардың да маңызы аса зор.Көптеген зерттеулер,ғалымдардың қажырлы еңбегі нәтижесінде тұқым қуалаушылық қасиетін, клетка ядросындағы хромосомдарға байланысты екені анықталды.Клеткалар зат алмасу,қоректену, тыныс алу, яғни оттегін пайдалану және организмнен керексіз заттарды сыртқа шығару сияқты қызметтер атқарады.

Терінің сыртын жауып тұратын эпителийді тастаушы, ал қуыс органдарды жауып тұратын жамылғы эпителийді сілекей қабық деп атайды. Оның бір түрі-безді эпителий деп аталады.

Бас пен кеуде клеткасының сүйектері, омыртқалар біріншіден ми мен ішкі мүшелерге қорғаныш болса, екіншіден, организмдегі тұз алмасуына да мол үлес қосады.

Ет тканьдері жатық ет және көлденең-жолақ ет тканьдері болып екіге бөлінеді. Жатық ет ткані ұршық тәрізді ет клеткаларынан-талшықтардан тұрады. Ол ішкі органдер мен қан тамырларының, ет қабатын құрайды. Жатық ет талшықтары ішкі себептердің, әсерімен жиырылып жазыла береді. Ал көлденең жолақ ет ткані көп ядролы ет клеткаларынан құрылған оның талшықтарының ұзына бойында ақшыл және қоңыр дөңгелек теңбілдері болады.

Органдар тканьдерден құралады. Бұл-организмнің ішкі құрлысының ең жоғарғы формасы болып табылады. Бірнеше органның белгілі бір қызметті, тіпті көп сатылы қызметті бірлесе атқаруға қатысуы-оларды бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Мысалы: ас қорыту органдарының жүйесі, жүрек-қантамыр жүйесі т.б. Сүйек, буын және бұлшық ет жүйелері де бар. Олар қозғалу апаратын құрайды.

Клетка қай жүйеге кірсе де олардың бәріне ортақ қасиет бар. Ол клетканың қаншалықты нәзік болса да өз қызметін мінсіз әрі толық атқара білетіндігі. Ол үшін клеткаға тек энергия керек. Энергия келетканың бүтіндігін сақтауға қажет химиялық реакциялардың жүруін қамтамасыз етеді, сөйтіп бүкіл организм тіршілігін тоқтатапай дами береді. Клеткаға энергия келу тоқтаса, онда оның күрделі құрлысы бытырап, үйлесімді қызметі бұзылады. Клетка энергияны қайдан, қандай жолмен алады?

Энергия және зат алмасу.

Адам организмінде де, жан-жануарлар организмінде де,өзара байланысты екі алмасу процесі-ассимиляция процесі үздіксіз жүріп жатады.Ассимиляция деп айнала қоршаған ортада организмге енетін заттарды сіңіруді және олардан ткань элементтерді қурауды айтады.Ал диссимляция деп клетка элементтерін және органиқалық қоспалардың ең қарапайым құрамдас бөлшектерге ыдырау процесін айтады.

Адам денесінде оның органдарында, тканьдері мен клеткаларында тіршілікке қажет клеткалық протоплазмалар, клеткааралық заттар және ткань шырындарын жасауға қажет органикалық және минералдық қоспалар синтезі үздіксіз жүріп жатады.Оны пластикалық алмасу деп атайды. Сонымен қатар клетка бөлшектерінің ескіруі,тозуы, жойылу,бұзылуы,қоректі заттардың ыдырауы және осылардың нәтижесінде пайда болған қажетсіз өнімдерді организіммен шығару сияқты процестер де жүріп жатады. Бұл екі процесс өзара тығыз байланысты.

Организмге түскен қоректік заттар тканьдер үшін тек пластикалық материал болып қана қоймайды,сонымен қатар энергия көзі болып табылады.Коректі заттың құрамдас бөліктерге ыдырау процесінде тіршілікке және организм қызметіне қажет энергия пайда болады.Бұл-энергиялық алмасу деп аталады. Еркек пен әйелдің,сондай-ақ әр түрлі жастағы адамдардың организмдегі алмасу процестерінің жылдамдығы бірдей емес. Бұған қоса зат алмасудың тездеуі не баяулалу жыл мезгіліне тәуліктің кезеңдеріне органим жағдайына адам еңбегіне сипатына да байланысты ассимиляция процессі қарқын алады.

Энергия органдар мен тканьдерден ,клеткалардан протоплазмасында жүріп жататын аса күрделі биохимиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болады.Протоплазмада тыныс ферменттерінің ,күрделі комплексі боладысолардың көмегімен қоректік заттар (көмірсулар,май қышқылдары мен амин қышқылдары)көмір қышқыл газы мен суға ыдырайды,осылай ыдырау нәтижесінде энергия бөлініп шығады.Атап айтқанда,энергия кейбір химиялық қоспалардың тотығуына және алмасу процестеріне ,яғни аденозинтри-фосфор қышқылының синтезделуіне байланысты.Осы кезде тканьдерден су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады.

Адам тамаққа алуан түрлі азықты пайдаланады.Организм олардан өз тіршілігіне қажетті заттарды –белоктарды ,майлар,көмірсуларды бөліп алады.Бұлардан организмнің ұлпалары құралады және энергия пайда болады.

Тамақпен бірге ағзаға енетін минерал тұздар мен су адамға күш-қуат бермейді,олар пластикалық қызмет атқарады.Адам ағзасы үшін әсіресе,белоктардың маңызы ерекше зор.Ақуыздардың құрамында көміртегі,сутегі,оттегі,азот,күкірт,фосфор кіреді.Ақуыздардың майлар мен көмірсулардан айырмашылығы –молекуласында азоттың болатындығында.

Тамақпен бірге ағзаға енгн белоктар ішек-қарын жолында арнаулы ферменттердің (қарында пепсин,ішекте трипсин,пептидаза) әсерінен полипептидтерге және ең соңында,амин қышқылдарына ыдырайды.Оларды ағза өн бойына жеңіл сіңіреді.Денеге сіңген амин қышқылдарының бірқатарынан ағза клеткалары өздеріне қажет арнаулы ақуыздар синтездейді,ал қалған бірқатар ақуыздардан ағзаның жалпы тіршілігі үшін гормондар,ферменттер,қан ақуыздарын түзеді.

Адамның жеке мүшелерін ұлпалар мен жасушаларының құрамына кіретін белоктардың амин қышқылдарының бірқатар айырмашылықтары болады.Ал ағзада аминқышқылдарының кейбір түрлері жетіспесе,онда оларды жасушалар арнайы ыдырау мен қайта синтездеу реакциялары басқа амин қышқылдарынан жасап ала алады.Мысалы,клеткалар фенилаланин деп аталатын амин қышқылын ыдыратып,оның бөлшектерін қайта синтездеу арқылы қалқан безінің дұрыс қызмет етуіне өте қажет тироксин деген амин қышқылын жасап алады. Амин қышқылдары ағзада мұндай өзгерістерге көп ұшырайды.Алайда,адам ағзасы үшін өзіне керекті амин қышқылдарының бәрін бірдей жасай алмайды.Ондай қышқылдар ағзада синтезделмейді сондықтан оларды алмастыруға болмайтын амин қышқылдары деп атайды.Олардың кейбіреулері малдың еті мен сүтінде,біреулері көкөністе мол болады.

Белоктардың көпшілігі суға қосылып коллоид деп аталатын ертінділер түзеді.Олар барлық ұлпалардың құрамына кіреді.Жаңа ақуыздарды синтездеу процесі адам ағзасында өмір бойы жүріп жатады.Ағзада синтезделмейтін,басқалармен ауыстырылмайтын амин қышқылдары болатынын айттық.Ақуыз құрамында біреуі жетіспесе,ағзада қышқыл алмасуы шұғыл бұзылады.Құнды белок етте,сүтте,жұмыртқада және т.б болады.Бұршақ,картоп,саңырауқұлақтарда да құнды ақуыздар болады.Адам тәулігіне орта есеппен 100-118г ақуыз қажет,ал ауыр дене еңбегімен айналысатын адамдарда 130-150г ақуыз қажет.

Тамақта ақуыз жеткіліксіз болса,бала бойының өсуі,жалпы ағзаның дамуы тежеледі,әсіресе бауыр мен бүйректе,жүйке жүйесінде қайтадан қалпына келмейтін өзгерістер болады.Сондықтан балаларға құнды белогы бар тағамдар керек.

Тамақтың басқа құрамдас бөліктерінің қатарына көмірсулар мен майлар жатады.Көмірсулардың ең күрделі түрлері –крахмал мен гликоген,полисахаридтер деп аталады,онша күрделі емесі-дисахаридтер,ең қарапайымы –глюкоза мен фруктоза.Көмірсулар адам ағзасына таза қант түрінде ғана емес,ұннан жасалатын тағамдармен,картоппен,жеміс-жидектермен,көкөністермен бірге крахмал,әр түрлі полисахаридтер түрінде,глюкоза,фруктоза түрінде түсіп отырады.Ферменттердің әсерінен күрделі көмірсулар ішек ішінде моносахаридке ажырайды,сол күйінде денеге сіңеді.Көмірсулар мен ақуыздар ыдырағанда беретін энергияның мөлшері100грамы 410 калория энергия береді.

Адам ағзасы май мен ақуыздан көмірсу жасап қана қоймайды,керісінше көмірсулардан май да синтездей алады.Бұл процесс бауырда жүзеге асады.Осыдан адам қант жемей-ақ ұннан,картоп,жармалардан жасалған тамақты көп жесе,қандағы глюкозаның мөлшері көбейіп,майға айналады.Адам семіреді,ал артық салмақтың адам үшін пайдасы жоқ екенін естен шығармауымыз керек.

Қандағы қанттың мөлшері әрқашан белгілі бір шамада тұрақты сақталуға тиіс.Жүйке жүйесі,эндокриндік бездер мен бауыр тұрақтылықты қамтамасыз етеді.Сау ағзадағы артық көмірсулар бауыр мен ұлпаларға гликоген деп аталатын крахмал түрінде жиналып,қоректік заттың қоры жасалады.Гликоген тек қана бауырға ғана емес,бұлшықеттерге де жиналады.

Майлар,яғни липидтер-энергияның маңызды көзі болып саналады.Оның құрамына көміртек,оттек,сутек кіреді,құрылысы көмірсудың құрылысынан едәуір күрделі.Майдың молекуласы глицерин мен май қышқылдарынан тұрады.Өсімдік майында олеин қышқылы,сары майда пальмитин,қой майында стеарин қышқылы көп.Адам ағзасы үшін үшеуі де қажет.Ас қорыту процесінде май ішек ішінде глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды.Май молекулалары синтезделіп лимфа арқылы қанға өтеді.Қанмен бірге олар ұлпа мен бауырға сіңеді.Май энергияның аса күшті көзі,екі есе калория болады.Адамға тәулігіне 40-50 г май май керек.Денедегі артық май депосы деп аталатын тері асты клеткаларына,бүйрек қабына,бауырға,жүрек пен қаңқа бұлшық еттеріне жиналады.дені сау адамның ағзасындағы май қоры әдетте дене салмағының 10-12 процентінен аспайды.Майлар алмасуымен май тәрізді заттар –липоидтар(лецитин,холестерин,холин және басқалары)деп аталатындардың алмасуы тығыз байланысты.Олар жүйке ұлпасының,жыныс клеткаларының құрамына кіреді.

Сусыз тіршілік етуге болмайды.

Адам ағзасындағы судың мөлшері оның атқаратын қызметіне байланысты.Су асқазан сөлінде 98-99%,ал қан плазмасында 92%,мида 80%,бұлшық еттерде 78-80%,ал сүйектерде22% су аз.Кейбір теңіз жәндіктерінде,медуза түгел дерлік 96-99 % судан тұрады.Салмағы 70 кг адам денесінде шамамен 42 л су болады.Мұның үштен-екісі ,яғни 28л су клеткалардың құрамына кіреді, қан тамырларында 3л,ал клеткааралық және ұлпааралық сұйықтарда 11 л-дей су болады.Су денедегі минералды және көптеген органикалық заттардың негізгі еріткіші болып табылады.Суға араласқан қоректік заттар ішектен сорылып қанмен бірге ұлпа мен клеткаларға жетеді,ал клеткалардан ыдырап шыққан заттар ағзадан суға ілесіп шығады,тотығу процестері мен клеткада жүріп жататын басқа да химиялық реакциялар судың көмегімен жүреді.

Су мен суда еріген тұздар ағзада осматикалық және коллоидтық қысымның тұрақты болуын қамтамасыз етеді,онсыз клетканың тіршілік ету мүмкін емес.Коллоидтық –осмотикалық қысым төмендеп кетсе клеткалар ісінеді,қысым жоғарылап кетсе,клеткалар жиырылады.

Сусыз өмір жоқ.Адам аштыққа бірнеше апта шыдайды, ал шөлге төзе алмайды.Ересек адам салмағының әр килограмына тәулігіне 40г су керек,ал емшектегі балаға су бұдан 3-4 есе қажет.

Адам ағзасынан су дәретпен,термен және тыныс алғанда бу болып шығады.Ал,егер ауаның ,температурасы адам денесінің, жылуынан жоғары болса,онда ол тәулігіне 4,5 л су жоғалтады.

Адам денесіне су тек тамақпен және сұйықтармен ғана бармайды.Сонымен бірге ол организмде қоректік заттардың тотығуынан да пайда болады.Мысалы,100г белок толық ыдыраған кезде 41 мл су,осында мөлшердегі көмірсулардан 55 мл, майлардан 107 мл су бөлінеді.Ағзаның барлық ұлпаларындағы клеткалар мен клеткааралық судың бір-бірімен қатынаста болуы-денедегі су мөлшерінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.Бұл тұрақтылық клетка ішінде ж»не одан тыс суда еріген минерал тұздардың алмасуына тікелей байланысты.Егер клетка ішінде суда еріген тұздардың мөлшері азайса,онда одан тыс жердегісу дереу клетка ішіне еніп,бұрынғы мөлшерін қалпына келтіреді,ал клеткааралық сұйықтың тұзы азайса,клекадағы су сыртқа шыға бастайды.

Адам денесіндегі тұз иондары жасуша мен ұлпадағы су мөлшерін реттеп отырады,олар негізінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта қызмет етеді.Қан құрамындағы химиялық заттар деңгейінің өзгеруін дереу сезіп отыратын арнаулы нерв ұштары бар оларды осморецепторлар деп атайды,олар барлық үлпалар мен органдарда болады.Бұл рецепторлар өте сезімтал,қанда пайда болған сәл ауытқушылықтыорталық жүйке жүйесіне хабарлап отырады.Мысалы,адам су ішкеннен кейін біраз сұйылады.Осы кезде осморецепторлар ісінеді де,миға денеден артық суды бөліп шығару қажеттігін білдіреді.Керісінше,адам денесінен су көп бөлінсе осморецепторлар ағзада судың азайғанын хабарлайды,сөйтіп бүйрек денеден су бөліп шығаруды азайтады,бұған қоса адам шөлдеп,су ішкісі келеді.

Ағзада зат алмасу минерал тұздардың алмасуымен тығыз байланысты.Адам денесінде басқалардан гөрі натрий,калий,,кальций,магний,фосфор,,темір,күкірт,иод тұздары көбірек.Фосфордың тұздары 70%,,ал кальцийдің 99% сүйек пен тісте кездеседі.

Адам ағзасында табиғатта кездесетін элементтердің бәрі бар.мысалы,күкірттің өзі гормондардың,белоктардың,витаминдердің денедегі зат алмасуына қатысатын басқа да органикалық заттардың құрамына кіреді.

Адам ағзасында микроэлементтердің атқаратын маңызы зор.Микроэлементтер қатарында фторды,бромды,иодты,литийді,марганецті,молибденді, ванадийді,хромды,кобальтті,никельді,мысты,мырышты т.б көптеген химиялық элементтердің тұздарын жатқызуға болады.

Ағзада көп кездесетін элементтердің бірі-натрий мен калий.Натрий ағзаның өсіп жетілуіне,асқазан сөлінің қышқылдығын сақтауға,жүйке жүйесін қоздыруға қажет.Хлор кальций мен магний тұздарына қосылып қан плазмасының,лимфа,жасуша және жасушааралақ сұйықтардың,жұлынның құрамына еніп,осматикалық қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек,микроэлементтер нуклейн қышқылдарының синтезделуіне қатысады,ал ДНҚ мен РНҚ белок түзілуінің негізі.Микроэлементтер жетіспесе немесе шамадан тыс көбейіп кетсе де адам ауырады.

Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы. Бұл элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер. Ал тіршілік үшін маңыздылығына байланысты тіршілікке қажетті элементтер, қосымша элементтер және өте аз элементтер деп өзара бөледі. Сондықтан, химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Алайда, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да ауыр салдарға әкеп соғады.

Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер  көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор  нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды.

Кальций де негізінен сүйек және тіс ұлпаларында концентрленеді. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшықеттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді. Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді. Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.

Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері – 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% – ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай–ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады. Міне, сондықтан бұлшық еттер көп жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ол ересек адамға тәулігіне 1 – 2 грамм мөлшерінде қажет болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыға бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.

Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш  қарын асты безінде, йод  қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий  шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы  ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром  гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.


Мыс – денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші- адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.


Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады.


Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша безі үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы мүше). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сыртынан қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.


Ультрамикроэлементтер – сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15% – дан төмен. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар – токсиндік металдар болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама үрдістерге қатысады.



Дәрумендер.

Д әрумендердің зат алмасуындағы және оны реттеп отырудағы ролі зор.Дәрумендер дегеніміз – төмен молекулалы органикалық қоспалар,олар ағза үшін аз мөлшерде қажет болғанымен биологиялық әсерлері күшті.Витаминдер 2 топқа бөлінеді.Бірінші топқа майға еритін дәрумендер,оған А,В,Д,К,екінші топқа суға еритін дәрумендер С,Р,В,РР кіреді.Олардың көпшілігі ағзада синтезделеді.Аста витамин жеткіліксіз болса,авитаминоз ауруына шалдығады.Мәселен, А дәрумені жетіспесе ағза баяу өседі,жұқпалы ауруларға қарсыласу күші азаяды,көздің көруі бұзылады.

В1 дәрумені жетіспесе,жүйке жүйесінің қызметі бұзылады,адам тез шаршайды,тәбеті нашарлайды.В2 дәрумені жасушаның тыныс алуына қатысады.Ол жетіспесе жас ағзаның өсуі тоқталады,шаш түседі,көз мүйізгек қабығы мен ерін сілекей қабығы қабынады,көз бұршағы тұманданады.Аста РР дәрумені жетіспесе тері пеллагра деп аталатын ауруға ұшырайды.Мұндай адамдардың іші өтеді,ауыз бен тілдің сілекей қабығы ісінеді,жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады.Естен танушылық,есалаңдық,сандырақ т.б пайда болады.Заттар әсіресі ақуыз алмасу процестеріне қызу қатысатын В6 дәрумені жеткіліксіз болса адам осындай жайларға ұшырайды.В2 дәрумені п жетіспесе қан түзілу процесі шұғыл бұзылады,сөйтіп қан азаюдың қатерлі түрі дамиды.С дәруменінің жетіспеуі,адамды қырқұлақ ауруына ұшыратады.Мұндайда ауыздың сілекей қабығында жара пайа болады,қызыл иек ісіп,қан ағады,тістер босап,түсе бастайды,тері асты мен бұлшық еттерге,буындарға қан құйылады.Сүйектер босап.сына береді.Р дәрумені жетіспесе де осындай жағдай байқалады.Д дәрумені жетіспесе балалар мешелге шалдығады.Өйткені бұл дәрумен жетіспесе фоффор,кальций алмауы бұзылады.Фосфор қышқылы мен кальций тұздары сүйекке аз жиналатындықтан сүйек жұмсарып,түскен салмаққа шыдай алмай баланың аяғы майысып кетеді,бұлшық еттері де әлсірейді,жұқпалы ауруларға шалдыққыш келеді.Ересек адамдарда да д дәруменінің жетіспеушілігі сүйектің жұмсаруына әкеп соғады.Е дәрумені жетіспесе мал қысыр қалады.Е дәруменінің жетіспеуі биохимиялық процестердің бұзылуына әкеледі.К дәрумені жетіспесе қаның ұюы нашарлайды.Қоректік заттардың,ағзада ыдырауына байланысты едәуір мөлшерде энергия пайда болады.Қоректік заттардың беретін калориясы бірдей емес.тыныш отырған адамның өзі 17-20 градустық температурада тәулігіне 1700 калория энергия жұмсайды. Атқарылатын жұмыстың ауыр,жеңілдігіне қарай адам күніне 2200-3600 калория,ал өте ауыр дене еңбегімен айналысқанда 4000-5000 үлкен калория шығын етеді.Ой еңбегіне энергия аз жұмсалады.

Қалыпты жағдайда адам денесінен тәулігіне 800 мл-ге жуық тер шығады.Егер 1г терді буға айналдыру үшін 0,58 үлкен калория шығын болса,онда осынша терді буға айналдыру үшін 450-500 калория керек екен.Зауыттар мен ыстық цехтарда ауыр дене еңбегімен айналысатын адам денесінен бір күнде 10литр тер бөлінеді,соған сәйкес 5000 үлкен калория жылу шығын болады.

Зат және энергия алмасу процестері нерв және эндокрин жүйесі арқылы реттеледі.Зат алмасуы мен жылу реттеудің нервтік реттеу орталықтары мида болады.Бұл орталықтар белгілі бір дәрежеде қозғанда зат пен энергия алмасуы да соған байланысты дәрежеде жүреді Теріде, бұлшық еттерде тамыр қабырғаларында және ішкі органдардың тканьдерінде толып жатқан сезімтал нерв ұштары болады,олар қандағы және ткань сөлдерінің химиялық құрамындағы өзгерістерді, организмдегі ішкі және сыртқы температураны және басқада өзгерістерді тез сезеді.Аталған өзгерістердің бәрін олар нерв орталықтарына хабарлап отырады. Сол хабарлар әр түрлі оргндармен зат алмасу мен терморегуляция процестерге қатысатын тканьдерге барады. Нерв жүйесә осы гормондардың көмегімен зат және энергия алмасуын реттеп отырады.


Тірі организмдегі терінің қызметі сан алуандылығы

Тірі организмдегі терінің қызметі. Сан алуан ол организмнен терімен бірге түрлі заттарды бөліп шығарады,жылу реттеп тұратын аппарат та сонда орналасқан,солардың ішіндегі ең маңыздысы-терінің организмді сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтындығы. Органдар ішінде тірі сілекей, шырын не былжыр қабыққа айналады. Терінің қалыңдығы әр түрлі болады. Мысалы,жота терісінің қалыңдығы-1см. Терінің түсі оның сыртқы қабат клеткаларындағы пигментке терең қабатында жатқан қан тамырларының даму дәрежесіне,сонымен қатар тері қабатының қалыңдығы мен тығыздығына байланысты.Қарт адамдардың терісі қатты әрі тығыз болады,әжім басып,сарғыш тартады.Тамырлары кеңейген тері қызарады.Тамақтану режимін бұзған адамның терісі табиғи түсін өзгертеді.Бүйрек бездерінің қызметі бұзылса,ауру адамның терісі қарайып кетеді.Адам терісі ү.ш қабаттан тұрады.Олар: эпидермис, терінің өзі және тері астының майлы клетчаткасы.Эпидермис терінің ең сыртқы қабаты,оның қалыңдығы 0,07-0,12 мм,табан иен алақанда 0,8-1,4 мм, эпидермис өзін микроскоппен қарасақ бес қабаттан тұратынын көреміз.Олар эпитиалдық клеткалардан құрылған.

Үстіңгі эпидермес мүйізденіп, жай көзге көрінбейтін үсақ қабыршақтарға айналып түлеп түсіп отырады, ал олардың орнын эпидерместің астынғы қабатынан өсіп шығатын жаңа клеткалар басады. Үстінгі клеткалар үнемі осылай жаңарып отырады.Оның өзі терінің организмді қорғау қызметіне қолайлы әсер етеді. Өйткені түлеген қабыршақтармен бірге. Тері бетіне қонған шаң-тозаң, терінің өзі бөлп іп шыгарған майлар, микроптар бірге кетеді.Жарақаты жоқ сау теріге түскен миктоптар мен шардын уларының адамды ауруға ұшыратпайтыны сондықтан.Эпидермисте қантамырлары жоқ оның, клеткалары астынғы қабаттардан өткен ұлпаарлық сүйықтардан қоректенеді.Терінің ортанғы қабаты, былайша айтқанда терінің өзі.Оның қалындығы дененің барлық жерінде дерлік бірдей-1,2мм-ге тең. Тек қабат астында ғана-0,6мм, табан мен алақанда 3мм-ге жуық.Еркектерге қарағанда әйелдердің терісі ал жота терісінен іш терісі жұқарақ.Дерманың өзі екі қабаттан тұрады. Оның әр түрлі бағытқа таралып жататын көптеген талшықтар бар.Дерманың астында шандыр мен май клеткасы болады. Тері олармен талшықтармен қантамырлары және нервтер арқылы байланысып тұрады.

Дерманың сырты тегіс емес толып жатқан бүртіктері бар терінің терең қабатында қантамырлары нервтер,лифа түйіндері май мен тер бездері көп.Тері бездерінің саны 2млн.Олар тәулігіне 600 текше см-ге жуық тер бөледі ыстық күні және адам ауыр жумыс істегенде оданда көп тер білуі мумкін. Термен бірге организмнен қажетсіз тұзды түйықтар, және басқа заттар сыртқа шығады. Теріде тер бездерімен бірге май бездері де болады. Олар шаштың,түктердің түктерін жанаса орналасады. Бұл бездердің бөліп шығаратын өнімі теріні майлайды, жарылудан сақтайды шашты жумсартады.Ал адам терісінің табан мен алақаннан басқа жерінің бәрін түк басқан.Теріде сондай-ақ ет талшықтары да бар.Адам тоңған кезде терісі бүршіктеніп кетеді, өйткені терідегі ет талшықтары суықтан жиырылады.


Сүйек – буын қоспасы

Қанқа сүйек адамның негізгі тірегі.Қанқаны құрайтын сүйектердің пішіні мен көлемі әр түрлі болып келеді. Барлық жұмсақ органдармен тканьдерді сүйек тіреп ұстап тұрады. Сүйектің атқаратын негізгі қызметі осы.Қанқа суйектері органдарды тіреп ұстап тұрумен бірге оларды қорғап та тұрады. Мысалы, адамның жүрегін, окпесін, миын, жұлынын кеуде, бас сүйектері, омыртқалар жақсы қорғап тұрады.

Сүйектер сүйек ұлпасынан тұрады. Сүйек жұқа, бірақ өте мықты қаппен жабылған. Онда сүйекті қорек тендіретін тамырлар болады. Оларды сыртқы пішіні бұлшық еттердің тартуына, түсетін салмаққа, айналасындаға органдардың қысымына байланысты.

Адамның қол сүйектерінің аяқ сүйектерінен кадімгідей айырмашылық бар. Еңбек процесінде салмақ кебіне аяқтарына түсетін адамдардың, спортшылардың белгілі бір топтпрының аяқ сүйектері жуан әрі, мықты болады. Сүйектердің бәрінің сыртқы қабаттары қте мықты. Сыртқы қабаттың астында кебі орналасады. Оның арасы қызыл майға толы.

Мысалға тоқпан жіліктің құрылысын алайық.Оның ортасы жіңішке де екі басы жуандау.Тоқпан жіліктің орта тұсындағы майды тығыз зат қоршап тұрады,ол сүйектің басына келгенде жұқарады.Оның есесіне жіліктің бастары түгел кемік болады.

Қаңқа сүйектер органдарды кездейсоқ соққыдан қорғап,денеге аяқ-қолға түскен салмақтан сынып не майысып кетпейтіндей мықты әрі денені ауырлатып жібермейтіндей олады.Мысалы,үлкен жіліншік өз салмағынан 2000 есе ауыр жүкті көтере алады.Бірақ тоқпан жілік мұнша ауыр жүкті көтере алмайды.Үлкен жіліншік 1650 кг жүк көтерсе,тоқпан жілік 850 кг-ға ғана тең.Адам ағзасында органикалық желім шығаратын зат 15 %.Олар құрылыстағы арматура сияқтыСүйектегі минералдық заттарға негізінен кальций тұздары жатады.Олар цементтің ролін атқарады.Сүйектің құрамында үлес салмағы 22%.Сүйектің құрамында органикалық заттар азайып,минерал заттар көбейіп кетсе,сүйек омырылғыш келеді.Қарт адамдардың сүйектеріне осы қасиет тән.Сүйек құрамында әк тұздары жеткіліксіз болса,онда ол салмақты көтере алмайды.Балалардың сүйектері алғашқыда майысқақ келеді.Бала сүйегіне әк тұздарының жиналуы ішетін тамаққа байланысты.Д дәрумені жетіспесе, бала мешел болып қалады.бала қаңқасы дұрыс өсіп жетілуі үшін оның бұлшық еттері үнемі қимылда болуы қажет,әйтпесе сүйектері семіп қалады.Мұны ата-ана да,мұғалімдер де ескеруге тиіс.

Адам ағзасының 200-ден астам сүйек бар.Адамда 33-34 омыртқа болады, жұп қабырға мен төс сүйегі қосылып кеуде қуысын құрайды.Қол сүйектеріне жауырын мен бұғана да жатады, олардан иық белдеуі құралады,одан кейін иық сүйегі бар.Білек сүйектерін білек пен шынтақ,білезіктегі 8 сүйек,алақандағы 5 сүйек, бес саусақтың 14 қол басының сүйектерін құрайды.Аяқ сүйектері басқа сүйектерден анағұрлым ірі әрі мықты.Жамбас сүйектері сегізкөзбен бірлесіп,жамбас белдеуін құрайды.Бұл белдеуге кеуденің белден жоғары орналасқан барлық бөліктері мен ішкі мүшелердің салмағы түседі.Осыған байланысты бұл сүйектер үлкен әрі мықты болады.Белден төменде ортан жілік,үлкен жіліншік пен кіші жіліншік сүйектері,тізе(ұршығы)және толарсақ (7 сүйек),башпай(5 сүйек)және басқа сүйектер бар.

Бас сүйектері көмей сүйегін қоса есептегенде 23 сүйектен тұрады.Бассүйек біркелкі тегіс емес.Өйткені онда көздің шарасы,бет сүйегінің ортасында екі танау мен кеңсірік тесігі бар.

Адамдардың көпшілігі қаңқа құрамына кіретін ірі сүйектердің аттарын жақсы білгенімен үзеңгі:төсше және балғашық деп аталатын сүйектердің бар екенін біле бермейді.Олар ортаңғы құлақ қуысына орналасқан,есту солардың қызметіне байланысты.Олардың ішіндегі ең үлкені-балғашықтың ұзындығы бір сантиметрден,ал үшеуінің жалпы салмағы 0,05 грамнан аспайды.

Еркектер мен әйелдердің қаңқаларын олардың жамбас сүйектеріне қарай айырады.Әйелдердің жамбас қуысы кең,бірақ тайыз әрі дөңгелек келеді.Еркектердің жамбас қуысы тар,әрі терең болады.

Сүйек буындар арқылы қимылдайды.Адам ағзасында 230 буын бар.Үлкен-кішілігі мен пішіндері әр түрлі. Қаңқа буындарға толы.Иілу мен бойды жазу,қолды созу,басқа да қимылдар сол буындардың көмегімен атқарылады.Қол басында да буындар көп.Сондықтан дәлдікті қажет ететін нәзік жұмыстарды атқара алады.

Кеуде қуысындағы сүйектер шеміршек,сіңір және буын арқылы байланысып,түгелдей қаңқа комплесін құрайды.

Өткір жұқпалы ішек ауруларын алдын алу.

Өткір жұқпалы ішек аурулары - жұқпалы дерт, асқазан-ішек ағзаларын зақымдайды. Аурудың қоздырғыштары асқазан-ішек жолдары арқылы, нәжіспен сыртқы ортаға шығарылады. Аурудың негізгі көзі – науқас адам, сондай-ақ вибрион мен бактерия тасымалдаушыларда белгілі бір жағдайда ауру таратушыға айналуы мүмкін. Ауру көктем, жаз айларында көбірек кездеседі, себебі бұл мезгілдерде ауа-райы жылы болады, күннің ысуы тағмдардың тез бұзылуына әсер етсе, екіншіден жеміс-жидектердің пісуі, оны адамдардың көптеп асқа пайдалануы осы дерттің көбеюіне ықпал етеді. Өткір ішек аурулары адам ағзасына ауру қоздырғыштарының тамақ, су, кір-қол, лас ыдыспен, тұрмыстық заттар арқылы түсуі нәтижесінде пайда болады. Аса қауіптісі аурудың тамақ арқылы жұғуы. Ал тұрмыстық жанасу жас балалардың, оқушылардың өткір жұқпалы ішек ауруларымен ауруының басты себебі. Асқа мерзімі өткен тағамды пайдалану, қолдан сатып алынған сүт тағамдары, көкөністерді базардан, кездейсоқ сауда орындарынан алыу, сақтау, дайындау технологиясын өрескел бұзған жағдайда, ауруды туғызушы басты фактар болып саналады. Жұқпалы ішек ауруларының бірнеше түрлері бар. Олардың түрлеріне байланысты клиникалық белгілері де әртүрлі. Алайда осы ауруларды біріктіретін ортақ нәрсе, берілу жолдары, жұғу механизмдері, инфекция көздері бірдей, бір-біріне ұқсас. Сондай-ақ аурудың жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, мазасыздану, бас ауруы, іштің кіндік аймағының уақ-уақ бүріп сырқаттануы. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән ерекшеліктері бар.

Сальмонеллез – нәжіс-ауыз механизмі арқылы беріледі, тағам өнімдері, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс өнімдері (құс еті, жұмыртқа) арқылы берілу тән. Жеміс-жидек, көкөністердің өздері сирек инфекцияның берілу факторы болып табылады, бірақ инфицирленген жеміс, көкөністерден әзірленген тағамдар өте қауіпті. Сальмонеллезде негізгі инфекция көзі көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, қой, ит, мысық) және үй құстары, балық, тышқан, егеуқұйрықтар. Ал адам тек қосымша инфекция көзі болып есептеледі. Бұл ауру көбіне тез өрбитін жіті гастроэнтерит түрінде өтеді.

Дизентерия – бактериалды инфекция, спородиялық, топтық немесе эпидемиялық бұрқ ету (вспышка) түрінде кездеседі. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті. Дизентерияда инфекция көзі – жедел немесе ұзақ ауырған адамдар, аурудан жазылғандар немесе бактерия тасымалдаушылар. Қоздырғыш адам организмінен нәжіс арқылы бөлініп қоршаған ортаға түседі (топырақ, тұрмыстық заттар т.б) Инфекцияның берілу факторлары – лас қол, тағам өнімдері, су. Су негізінен топырақ арқылы ластанады, яғни инфицирленген нәжістің түсуі кезінде. Ал тағам өнімдері лас қол, шыбын арқылы ластанады. Инфекцияны тарату көзі ретінде шыбындардың алатын орны үлкен.


Жұқпалы ішек ауруларынан сақтану жолдары:

Аурудың ең басты алдын алу жолы - жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Қацнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау және төменде көрсетілген қарапайым ережелердің орындалуының өзі–ауырмаудың басты кепілі.

- Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу!

- тек қайнатылған су ішу!

- көкеністер мен жемістерді мұқият жуу!

- ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен, арықтардан суды пайдаланбау!

- дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау!

- тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау!

- үйдегі қоқысты уақытында шығару!

- Жас сәбилердің, балалардың заттарын (сүт ішетін бөтелке, еміздік т.б), ойыншықтарын таза ұстау керек!

Жұқпалы жедел ішек ауруының алғашқы белгілері басталысымен, өздігімен ем іздеми дәрігерге қаралып, аурудың асқынуын алдын алған жөн. Өмір негізі денсаулық, денсаулық негізі тазалық екенін әрқашан жадыңызда ұстағандарыңыз абзал!

 

Ас – адамның арқауы

Тамақтану мәдениеті  дегеніміз – бір қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу.

Адам тағамнан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады.

Демек, «сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары  болуға тиіс. Адам денесінің тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг белоктан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады.

Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек. Сондықтан азық-түліктің түр-түрін жеу – адамға пайдалы, ал оның белгілі бір түрін ғана жеу зиян. Адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағамнан бөлініп, қанға барып араласады да, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Осыдан келіп тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туады.

Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мезгілдігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тәуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Төрт мезгіл тамақтану анағұрлым тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ  шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін неғұрлым шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа 25%, түстікке 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түңгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар тамақты түңгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.

Ішетін тамақтың түрін өзгертіп отыру керек, яғни белокқа бай сүт, ірімшік, балық немесе ет, дәрумендер мен минерал тұздары көп көкөністер, жемістер аса қажет. Тіпті ешқандай пайдалы заттары жоқ көкөністер мен жемістер де (өсімдік жасушасының (клетка) қабығын құрайтын зат) ағзаға қажет-ақ, өйткені олар денеде ас қорытатын шырындардың түзілуін қамтамасыз етеді, ішектің қызметін ретке келтіреді және ағзадағы басы артық хлорестеринді сыртқа шығарып отырады.

Тамақты шамадан тыс көп ішіп-жеумен қатар, ауқаттануды тәулігіне 1-2 ретке дейін қысқарту, кешке жатарда қатты тоя тамақтану  көптеген адамдардың семіруіне апарып соғады. Себебі, ауқаттанудың арасын алшақтату мидың тамақтану  орталығын қатты қоздырып, адам ашқарақтанып, тамақты өзіне қажетті мөлшерден көп жейді. Ұйықтар алдында көп жеген тағам да зиян. Тамақтың  қорытылуы, тағам заттарының қышқылдануы күндізге қарағанда түнде азаяды. Сөйтіп, майлы тағам денеге толық сіңбей, етке айналады.

Дастарханға қойылған тағамның  қалай пісіріліп дайындалғаның, сүйкімділігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Сүйкімді әрі дәмді даярланған тағам көзді қызықтырып қана қоймайды, тәбетті шақырып, асқазанға шырын бөледі, сөйтіп тағамды қорытатын ішкі жүйенің барлығы асты «қабылдауға» дайын тұрады. Тағам ауызға түсісімен-ақ, ас қорытатын ағзалар дереу қызметке кіріседі, соның нәтижесінде белоктар, майлар, көмірсулар жақсы сіңеді. Сондықтан даярланған тағамды дастарханға кастрөлмен немесе табамен әкеліп қоймай, әрқайсысын жеке-жеке тәрелкеге салып, үстіне петрушка, аскөк, балдыркөк, салат жапырақтары сияқты  көкөністермен сәндеп әкелген жөн. Тағамды өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу – зиян. Ыстық тағамның температурасы – 50-60 градус, салқын тағамдыкі 10 градустан төмен болмауы тиіс. Тағамды белгілі бір реттілікпен ішіп-жеу керек. Әдетке айналған дәстүрді бұзудың қажеті жоқ. Мәселен, түскі асты көбінесе көкөністен тұратын жеңіл тағамнан бастаған жөн. Көкөністер, әсіресе, оның шикілей желінетіндері  (қызанақ, қияр, орамжапырақ), сұйық тағамдар (сорпа, көже) ас қорытатын шырындардың бөлінуін тездетеді. Сондықтан олар қою тағамның алдынан беріледі.

Тамақты асықпай, майдалап шайнап жеу керек. Асқазанға әбден ұсақталып түскен тағамға ас қорытатын шырындар оңай сіңеді, демек тағам жақсы қорытылады, денеге жақсы тарайды

Өт тасы дегеніміз не?

Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан.

Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының  түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.

І ш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады. Өт қабы – бауырдың астында орналасқан қалташа тәрізді. Ол бауырда өндірілетін өтке толған. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

Бауыр  - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады – үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр – бауырдың қақпа венасы. Екіншісі – бауыр артериясы.

Өт қабы – бауырдың астында орналасқан қалташа тәрізді. Ол бауырда өндірілетін өтке толған. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.

Өт тасы ауруының себептері қандай?

Өт құрамына кіретін заттектердің үйлесімсіздігі өт қабындағы тастардың түзілуіне бейімдейді. Өттің құрамында холестерин, билирубин көп болса немесе өт тұзы көп болса, өт қабында тастар пайда болады. Бұл үйлесімсіздіктің пайда болу себептері соңына дейін анықталмаған. Сондай-ақ, тастар өт қабының толық емесе немесе жеткіліксіз босатылуында пайда болуы мүмкін.

Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік:

Холестеринді тастар, әдетте, сары-жасыл түсті, негізінен, холестериннен тұрады. Көптеген жағдайларда өт тастарының 80% астамы холестеринді болады.

Пигменттік тастар қошқыл түсті және билирубиннен тұрады.

Өт тастарының түзілу қаупі кімде болады?

Кейбір адамдарда өт тастарының түзілуінің жоғары қаупі болады:

Әйелдер ерлерге қарағанда өт тасындағы тастардың түзілуіне бейімірек болады.  Эстрогеннің көптігі өттегі холестерин деңгейінің артуына және өт қабының жиырылуының азаюына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, өт тастарының түзілуіне алғы шарттар пайда болады. Әйелдерде эстрогеннің көптігі жүктілік кезінде, гормондық алмастыру емдеуінде немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдауда пайда болуы мүмкін. Өт қабындағы тастардың түзілуіне 40 жастан асқан адамдар бейім келеді.Отбасылық өт тас ауруының тарихы болуында өт қабында тастың пайда болу қаупі жоғары болады.

 

Өт тас ауруының пайда болуының басқа қауіп факторларына жататындар:

Семіздік. Семіздікке шалдыққан адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілуінің қаупі жоғары болады.  Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың түзілуін туындатуы мүмкін.


Тез салмақ жоғалту. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді, бұл кезде бауыр өтке түсетін  холестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез  салмақ жоғалту да өт қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін. Төмен калориялы емдәмдер және  бариатриялық операциялар –желінетін тағамның көлемін азайтуға немесе қоректік заттектердің сіңірілуін төмендететін операциялар – тез салмақ жоғалтуға апарады және өт тастарының түзілу қаупін арттырады.

Емдәм. Зерттеулерге сай, калориялар және тазартылған көмірсулардың мөлшері жоғары және талшықтың мөлшері төмен болатын емдәмдер өт тастарының түзілу қаупін арттырады.  Тазартылған  көмірсулар – бұл өңделіп, қоректік заттектері және талшығы болатын ұрығынан тазартылған дәндер. Тазартылған  көмірсулардың мысалдары – ақ нан мен ақ күріш.

Кейбір ішек аурулары. Қоректік заттектердің сіңірілуінің қалыпты үрдісі бұзылатын аурулар, мысалы Крон ауруы, өт тастарының түзілуімен байланысты.

Метаболикалық синдром, диабет және инсулинге тұрақтылық. Бұл аурулар кезінде өт тас ауруының пайда болу қаупі артады. Метаболикалық синдромда, сондай-ақ, аурудың асқынуының пайда болуы қаупі аратады. Метаболикалық синдром – артық дене салмағымен және семіздікпен байланысты аурулар тобы, бұл кезде жүректің аурулары және 2 типті қант диабетінің пайда болу қаупі бар.

 

Пигменттік тастар науқастардың келесі санатында пайда болуы мүмкін:

Цирроз – бұл ұзақ және созылмалы зақымдануы салдарынан бауырдың баяу түрде бұзылуы, қызметінің бұзылысы орын алатын жағдай.

Өт түтіктеріндегі инфекция.

Ауыр гемолитикалық анемия – эритроциттер ұдайы бұзылатын ауру, мысалы, орақ тәрізді жасушалы анемия.

Өт тас ауруының симптомдары мен асқынулары қандай?

Өт тас ауруы бар көптеген адамдарда қандай да бір симптомдар байқалмауы мүмкін. Симптомдары болмайтын өт қабының тастары симптомсыз немесе үнсіз аталады. Симптомсыз тастар өт қабының, бауырдың немесе ұйқыбезінің қызметін бұзылысқа ұшыратпайды.

Өтті шығаратын түтіктердің таспен бітелуінде өт қабында қысым артады, бұл өт қабының түйілуінің ұстамасын туындатады. Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты және әдетте, кешке немесе түнде болады.

Өт тасы орналасуын өзгертіп, өт түтігін бітемейтін болғанда өт қабының түйілуі басылады. Егер өт түтігі бірнеше сағат бойы бітелген болса, асқынулар пайда болуы мүмкін. Асқынуларға жататындар: өт қабының қабынуы және зақымдануы немесе өт қабының, өт түтіктерінің немесе бауырдың инфекциялары.

Ұлтабардың қасында, жалпы өт түтігінде тұрып қалған және ұйқыбезінің түтігін бітеген өт тасы өт тасты панкреатитті – ұйқыбезінің қабынуын туындатуы мүмкін.

Емдеу болмаған жағдайда, өт түтіктерінің немесе ұйқыбезі түтігінің бітелуі өлім-жітімге апаруы мүмкін.

Қашан дәрігермен өт қабындағы тастар туралы кеңесу қажет?

Өт тас ауруының ұстамасы болған адамдар дәрігерге көрінуі қажет. Өт тасы орын ауыстырғанда ұстамалар басылғанмен, аурудың асқынуы орын алуы мүмкін.

Өт қабы түйілуінің ұстамасы кезінде немесе одан кейін келесі симптомдар пайда болатын адамдарға шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет:

5 сағаттан асатын уақыт бойы іштің ауырсынуы

Жүрек айнуы және құсу

Қызба (кейде дене температурасының сәл көтерілуі) немесе қалтырау

Терінің немесе көздің аққабығының сарғыштануы (сарғаюы)

Шәй түсті несеп және нәжістің ақшыл түсі

 

Бұл симптомдар өт қабының, бауырдың немесе ұйқыбезінің күрделі инфекциясының немесе қабынуының белгісі болуы мүмкін.

Өт тас ауруы қалай анықталады?

Дәрігер өт тас ауруын анықтау үшін  әдетте, ультрадыбыстық тексеруді тағайындайды. Сондай-ақ, басқа да зерттеудің көрнекі әдістері қолданылады.

УДЗ (УЗИ). Ағзалардың ультрадыбыстық бейнесін жасау үшін трансдьюсер қолданылады, ол ағзаларға қауіпсіз және ауырсыну бермейтін ультрадыбыстық толқындар жібереді және олардың бейне түрінде қайтуын алады.  Арнайы үйретілген қызметкер бұл шараны дәрігердің кабинетінде, амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізеді, ал медициналық көрнекілікке маманданған радиолог-дәрігер суреттерді түсіндіреді. Ауырсынуды басатын шара қажет емес. Өт қабында тас болса, бейнеде көрінеді. Ультрадыбыс – өт қабындағы тастарды анықтаудың аса дәл әдісі.

Компьютерлік томография (КТ). КТ дене суретін алуға мүмкіндік беретін, зерттеудің рентгендік әдісі. КТ контрастылық заттек аталатын арнайы бояғышты қолданып, өткізілуі мүмкін. КТ үш жақты бейнелеуді (3D) алу үшін рентген сәуле мен компьютерлік техниканың бірігуі қолданылады. Тексеру кезінде науқас үстелге жатқызылады, үстел туннель тәрізді, рентген сәулесін шығаратын  қондырғыға өтеді. Бұл шара  амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізіледі, ал радиолог-дәрігер суреттерді түсіндіреді. Ауырсынуды басатын шара қажет емес. КТ өт тасы немесе асқынулар анықталуы мүмкін, мысалы, өт қабының немесе өт түтіктерінің инфекциялары және бітелуі. Бірақ, КТ өт қабының тастары көрінбей қалуы да мүмкін.

Магниттік-резонанстық томография (МРТ).  Ішкі ағзалар мен жұмсақ тіндердің айқын суретін алу үшін МРТ кезінде радиотолқындар және магниттер қолданылады. Рентген сәулесі қолданылмайды. Арнайы үйретілген қызметкер бұл шараны дәрігердің кабинетінде, амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізеді, ал медициналық көрнекілікке маманданған радиолог-дәрігер суреттерді түсіндіреді. Анестезия қажет болмайды,бірақ, жабық кеңістіктен үрейленетін адамдарға жеңіл тыныштандыратын препарат тағайындалуы мүмкін. Қажет болса, МРТ контрастылық заттекпен өткізіледі. МРТ өткізілуі кезінде науқас үстелге жатқызылады, үстел туннель тәрізді, рентген сәулесін шығаратын  қондырғыға өтеді, қондырғының бір жағы жабық немесе екі жағы да ашық болуы мүмкін. Кейбір жаңа аппараттар адамға ашық кеңістікте болуына мүмкін береді. МРТ өт қабындағы, өт түтіктеріндегі тастарды анықтай алады.

Холецистография. Тексеру, сондай-ақ, иминоди-сірке сулық қышқылды сцинтиграфия, HIDA сканерлеу немесе гепатобилиарлық сканерлеу аталады. Тексеру барысында өт жүйесінің суретін алу үшін зиянсыз радиоактивтік материал қолданылады. Холецистографияны өткізуде науқас арнайы үстелге жатқызылады,  дәрігер көктамырға зиянсыз радиоактивтік заттектің азғантай көлемін енгізеді. Сонымен қатар, дәрігер өт қабының жиырылуын туындататын дәрілік препарат енгізуі мүмкін. Өт жүйесі бойынша радиоактивті препарат қозғалғанда камера суреттердің топтамасын түсіреді. Арнайы үйретілген қызметкер бұл шараны дәрігердің кабинетінде, амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізеді, ал медициналық көрнекілікке маманданған радиолог-дәрігер суреттерді түсіндіреді. Анестезия қажет болмайды. Холецистография өт қабының жиырылуының бұзылыстарын немесе өт түтіктерінің бітелуін анықтау үшін қолданылады.

Эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ЭРХПГ). ЭРХП кезінде өт және панкреатиттік түтіктерді көрнекі ету үшін рентген қолданылады. Жеңіл тыныштандырудан кейін дәрігер эндоскопты (шағын икемді түтік, ұшында жарық көзі мен камерасы бар) ауыз арқылы ұлтабарға және өт түтіктеріне енгізеді.    Эндоскоп компьютерге және бейнемониторға жалғанған. Осыдан кейін дәрігер контрастылық заттекті эндоскоп арқылы өт түтігіне енгізеді. Бұл кезде түтіктер мониторда көрінеді. Бұл шараны амбулатория орталығында немесе ауруханада өткізеді. ЭРХПГ дәрігерге зақымданған өт түтігінің және өт тасының орналасуын анықтауға көмектеседі. Тас эндоскопқа бекітілген аса кішкентай корзинаға салынып алынады да, организмнен шығарылады. Бұл тест зақымдауы мүмкін болғандықтан, науқастардың бәріне тағайындалмайды.

 

Дәрігер, сондай-ақ, өт түтіктерінің, өт қабының, ұйқыбезінің немесе бауырдың инфекциясы немесе қабыну белгілерін анықтау үшін қан талдауын тағайындайды. Талдау үшін  қан  емшаралық кабинетте алынып, қан үлгісі зертханаға жіберіледі.

Өт тас ауруының симптомдары  аппендициттің, ойық жарының, панкреатиттің және гастроэзофагеалдық  рефлюкс ауруының симптомдарымен ұқсас келеді.

Кейде науқаста өт қабының симптомдары болмаса, үнсіз тастар болуы мүмкін. Дәрігер басқа ауруды анықтау кезінде УДЗ (УЗИ) орындауда өт қабындағы тасты байқауы мүмкін.


Өт тас ауруы қалай емделеді?

Егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ. Өт қабы түйілуінің ұстамасы немесе басқа симптомдары пайда болуында дәрігер емдеуді тағайындайды. Науқас гастроэнтеролог-дәрігерге бағытталады (ас қорыту ағзаларының ауруларына маманданған). Егер адамда өт қабы түйілуінің бір көрінісі болса, ол қайталануы мүмкін.

Өт  тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін операция өткізу. Егер науқасқа операция жасалуы мүмкін болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық емес шараларды тағайындайды. Операция  жасалуы мүмкін емес адамдарға немесе жалпы өт түтіктерінен тастарды алып тастау үшін өт қабын алып тастауға операция жасалатын науқастарға дәрігер ЭРХПГ қолдануы мүмкін.


Оперативтік емдеу

Өт қабын алып тастау бойынша операция холецистэктомия аталады. Ересектер арасындағы кең таралған хирургиялық операциялардың бірі. Өт қабы – өмірлік маңызды ағза емес, адам өт қабынсыз өмір сүре алады. Өт қабын алып тастаған кезде өт -  өт қабында жиналудың орнына бауырдан бауыр және жалпы өт түтіктері арқылы тікелей ұлтабарға түседі.

Хирургтер холецистэктомияның екі түрін орындайды:

Лапароскопиялық холецистэктомия. Лапароскопиялық холецистэктомия кезінде хирург іш қуысында бірнеше шағын тіліктер жасайды және жіңішке, ұшында кішкентай камерасы бар түтік – лапароскопты енгізеді. Камера іш қуысындағы ағзалардың және тіндердің үлкейтілген бейнесін бейнемониторға береді. Мониторға қарап хирург аспаптардың көмегімен мұқият түрде  өт қабын бауырдан, өт түтіктерінен, басқа құрылымдардан ажыратады. Одан кейін хирург өт қабын тілік арқылы алып шығарады. Науқасқа жалпы наркоз беріледі. Холецистэктомиялардың көпшілігі лапароскопиялық жолмен өткізіледі. Көптеген лапароскопиялық холецистэктомиялар амбулаторияда өткізіледі, демек, науқас сол күні үйіне қайтады. Үйреншікті дене белсенділігіне әдетте, операциядан кейін бір аптадан кейін көшуге болады.


Ашық холецистэктомия. Ашық холецистэктомия өт қабының күшті қабынуында, жұқпалануында немесе басқа операциялардан кейін тыртықтар болуында орындалады. Бұл жағдайлардың көпшілігінде ашық холецистэктомия басынан бастап жоспарланады. Дегенмен, хирург оны лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін мәселелер пайда болуында орындауы мүмкін. Бұл жағдайларда науқастың қауіпсіздігі мақсатында хирург ашық холецистэктомияға көшеді. Бұл операцияны өткізуде өт қабын алып тастау үшін хирург тігінен 10-15 см жуық тілік жасайды. Науқас жалпы анестезияда болады. Операциядан кейін қалпына келу үшін науқастар ауруханада бір аптаға жуық болады. Үйреншікті дене белсенділігіне әдетте, операциядан кейін бір айдан кейін көшуге болады.

 

Кейбір науқастарда өт қабын алып тастағаннан кейін өт ұлтабарға жиі түсетін болғандықтан, жұмсақ және жиі нәжіс болуы мүмкін. Ішектің қызметінде өзгерістер әдетте, уақытша, олар туралы дәрігермен талдау қажет.

Өт қабындағы операциялардың асқынулары сирек кездеседі, ал жиі асқынуы – өт түтіктерінің зақымдануы. Жалпы өт түтігінің жарақатының нәтижесінде өттің ағып кетуі және қарымды қауіпті жұқпалану орын алуы мүмкін. Өт түтіктерін қалпына келтіру үшін бір немесе бірнеше қосымша операциялар қажет болуы мүмкін. Өт жолдарының жарақаты барлық холецистэктомиялардың 1%-нан аз болады.


Холестеринді өт тастарын хирургиялық емес емдеу

Хирургиялық  емес емдеу ерекше жағдайда тағайындалады, мысалы, холестеринді өт тастары бар науқаста операцияға кедергі келтіретін күрделі ауру болса. Әдетте, хирургиялық  емес емдеудің 5 жылынан кейін өт қабындағы тастар қайта түзіледі.

Холестеринді  өт тастарын бұзу үшін хирургиялық  емес емдеудің 2 түрі бар:

Тастарды еріту үшін дәрілік препараттарды қабылдау. Урсодиол (Актигалл) және Хенодиол – өт қышқылы бар дәрілік препараттар, олар өт қабындағы тастарды ерітуге қабілетті. Бұл препараттар ұсақ холестеринді тастарды ерітуде аса тиімді. Барлық тастарды осылай еріту үшін бірнеше ай немесе жыл қажет болуы мүмкін.


Соққы-толқынды литотрипсия. Өт тастарын бұзу үшін арнайы аппарат -  литотриптер қолданылады. Ол соққы толқындарын шығарады, бұл толқындар адамның денесі арқылы өтіп, өт тастарын ұсақ бөліктерге ұсатады. Бұл шара сирек қолданылады және  урсодиолды қабылдаумен қатар тағайындалады.

 

Тамақтану және емдәм

Тамақтану және емдәмге байланысты өт тасының түзілуі қаупін арттыратын факторларға жататындар:

Семіздік, тез салмақ жоғалту, калориялар және тазартылған көмірсулардың мөлшері жоғары және талшықтың мөлшері төмен болатын емдәмдер.

 

Адамдар дұрыс тамақтану рационын және тамақтану тәртібін ұстанып, салауатты салмақты қолдау жолымен өт тасы түзілу қаупін азайта алады.

Төмен калориялы емдәмдер және  бариатриялық операцияларды қолдануда тез салмақ жоғалтатын адамдарда өт қабында тастардың түзілуінің алдын алу үшін  Урсодиол көмектеседі. Мұндай науқастарға дәрігер-диетологпен емдәм туралы кеңесу қажет.

 

Нені есте ұстау қажет?

Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер.

Өт құрамына кіретін заттектердің үйлесімсіздігі өт қабындағы тастардың түзілуін туындатады. Өттің құрамында холестерин, билирубин көп болса немесе  өт тұзы көп болса, өт қабында тастар пайда болады. Бұл үйлесімсіздіктің пайда болу себептері соңына дейін анықталмаған.

Әйелдер, 40 жастан асқандар, өт қабындағы тастардың түзілуіне отбасылық бейімділігі бар адамдарда өт тасы дамуының қаупі жоғары.

Өт тас ауруы бар көптеген адамдарда қандай да бір симптомдар байқалмауы мүмкін. Симптомдары болмайтын өт қабының тастары симптомсыз немесе үнсіз аталады.

Өтті шығаратын түтіктердің таспен бітелуінде өт қабында қысым артады, бұл өт қабының түйілуінің ұстамасын туындатады.

Өт қабының түйілуінің ұстамалары ауыр тағамды қабылдауға байланысты және әдетте, кешке немесе түнде болады.

Өт тас ауруының симптомдары  басқа аурулардың симптомдарымен ұқсас келеді.

Егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ. Өт қабы түйілуінің ұстамасы пайда болуында дәрігер емдеуді тағайындайды.

Өт  тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін операция өткізу. Егер науқасқа операция жасалуы мүмкін болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық емес шараларды тағайындайды. Операция  жасалуы мүмкін емес адамдарға немесе жалпы өт түтіктерінен тастарды алып тастау үшін өт қабын алып тастауға операция - холецистэктомия жасалуының алдында науқастарға дәрігер ЭРХПГ - эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатографияны тағайындауы мүмкін.  

Өт қабы – өмірлік маңызды ағза емес, адам өт қабынсыз өмір сүре алады. Өт қабын алып тастаған кезде өт - өт қабында жиналудың орнына бауырдан бауыр және жалпы өт түтіктері арқылы тікелей ұлтабарға түседі.


 Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы

1 - бүгіп, қозғалысқа келтіру; 2 - мойын мен кеудені қозғалту; 3 - қолды көтеру; 4 - иықты жоғары қозғау бұлшықеттері; 5 - құрсақ бұлшықеті; 6 - денені тік ұстап жүруге көмектесу; 7 - мықынды қимылдату; 8 - санды қимылға келтіру; 9 - балтыр мен аяқ ұшын қимылға келтіру бұлшық еттері.

Б ұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі.

Бұлшық еттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады.

Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу өсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішінін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

Құрылысы

1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.

Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.

(Бұлшықет ұлпасын естеріңе түсіріңдер.) Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды .

Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.

Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай бірыңғайсалалы, көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және жүректің бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т.б.) астарлап жатады.

Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер көлемін өзгертеді. Олардың жиылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.

Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0,1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «тіо»- бұлшықет, латынша «fibrilla» - талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады. Миозин - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. Актин - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. Миофибриллдар (миоциттер) бұлшықеттердің ең кіттті құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Көлденеңжолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде жүйке қозу толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан көлденеңжолақты болса, қызметі бірыңғайсалалы бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, санаға бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам дене-сінде 600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.

Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады. Бұлшықет талшықтарының сыртын жұқа дәнекер ұлпасынан тұратын қабықша қаптайды. Бұлшықеттегі будаланып орналасқан талшықтардың арасында қантамырлар мен жүйкелер болады. Қантамырлардағы қан тасымалдау қызметін атқарса, жүйкелер оның жиырылуын реттейді. Қаңқа бұшықеттерінің екі шеті тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген сіңірмен бітеді. Сіңірлердің мөлшері әр түрлі. Әсіресе аяқ-қол бұлшықеттерінің сіңірлері ұзын болады. Сіңірлер арқылы бұлшықеттер сүйектерге бекінеді. Көптеген бұлшықеттердің сіңірлері буындардың екі жағындағы сүйектерге бекінеді. Сіңірлер өте мықты болғанымен, жиырылуға қабілетсіз.

Бұлшық ет туралы қызықты деректер

Сүйектерді қозғалысқа келтіретін, мықты да нәзік бұлшық ет жайлы қызықты деректерді біліп жүріңіздер. 

Мамандардың айтуынша адам денесінде 400-ден 680-ге дейін бұлшық ет түрлері бар. Бірақ олардың нақты санын айту мүмкін емес. Сіздің салмағыңыздың  40%-ы, яғни 20-30 кг бұлшық еттерге тиісті.  Адам денесіндегі ең үлкен бұлшық ет – сан бұлшық еті. Ол денедегі ең үлкен жамбас сүйегін қозғалысқа келтіреді.Бұлшық еттердің ең көп шоғырланған жері – адамның беті. Осы себепті біздің мимикамыз сан алуан түрлі бола алады. Адам денесіндегі ең мықты бұлшық ет жақтың бұлшық еті екен. Сіз тамақ шайнағанда ол 190 кг күшпен қыса алады. Аяқты қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің саны 19 екен. Олар бір-бірімен байланысқан жұмыс нәтижесінде табаныңызды қозғалтады.Ал бір қадам жасау үшін сіздің 200 бұлшық етіңіз іске қосылады. Күнделікті орташа бір адам 10 000 қадам жасайтынын есепке алсақ, аяқ бұлшық еттері өте мықты екенін айта аламыз. Сүйісу беттің 30 бұлшық етін қозғалтады.Жүрек адам денесіндегі мықты бұлшық еттердің бірі. Өз күшімен ғана ол адам ағзасындағы бар қанды 4 қабатты үйдің биіктігіне көтере алады.Сіздің денеңіздегі бұлшық еттің 50%-ы аяқ бұлшық еттері, 30%-ы қолға, 20%-ы бас және басқа бөліктерге тиесілі.

Қарапайым күлкі адам бетінің 40 бұлшық етін іске қосады. 

10 жылда адам өзінің бұлшық етінің 3%-ын жоғалтады. 

Бұлшық еттердің саулығы адам өмірінің ұзақтығына тікелей әсер етеді екен. Сондықтан бұлшық еттерді жаттықтырып, шымыр қылу өте маңызды.  

Дәріс. Бұлшық еттердің физиологиясы. Бұлшық ет жиырылу түрлері және механизмдері.

Морфологиялық белгілері жағынан бұлшық еттердің үш тобын ажыратады:

1) көлденең-жолақты қаңқа бұлшық еттері; 2) бірыңғай салалы; 3) жүрек бұлшық еті (миокард).

Көлденең-жолақты бұлшық еттердің қызметтері: 1) қозғалыс (динамикалық және статикалық); 2) тыныс алуды қамтамасыз ету; 3) мимикалық; 4) рецепторлық; 5) қор жинағыш; 6) жылу реттегіш.

Бірыңғай салалы бұлшық еттердің қызметтері: 1) қуыс мүшелеріндегі қысымның тұрақтылығын қамтиды; 2) қан тамырлардағы қысымды реттейді.

Жүрек бұлшық еті – қан тамырлар арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз ететін қызмет атқарады.

Қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттері:

1) қозғыштық (жүйке талшықтарынан төмен);

2) өткізгіштік (төмен, шамамен 10-13 м/с);

3) рефракторлық (жүйке талшықтарына қарағанда көп уақыт аралығын алады);

4) лабильділік (функционалдық қозғалғыштығы шамамен 250 имп./с);

5) жиырлғыштық (қысқару қасиеті);

6) серпімділік (созылу қасиеті).

Қаңқа бұлшық еттерінің құрылымды-қызметтік бірлігі көпядролы бұлшықет талшығы болып табылады (8 сурет). Бұл талшықтар шоқтарға біріге отырып бұлшық етті құрайды. Жиырылу бұлшық еттің арнайы қасиеті болып табылады. Бұлшықеттік жиырылуы бұлшық еттің қысқаруынан және (немесе) оның механикалық кернеуді дамытуынан байқалады. Стимуляция жағдайларына және бұлшық еттің қызметтік жағдайына байланысты жеке, біріккен (тетаникалық) жиырылу немесе бұлшық еттің контрактурасы пайда болуы мүмкін.

 

Жүрек-қантамырлар жүйесі

Қан айналу жүйесі - қанның қан тамырларымен тоқтаусыз ағу қызметін атқаратын жүйе. Қан айналу жүйесіне кіреді:

жүрек, қан тамырлары.


Қ ан айналу жүйесі: жүрек (қоңыр түсті), веналар (көк түсті), артериялар (қызыл түсті)

Қан тамырлары

Сүткоректілердің жүрегі өзара тек қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Оң жүрекше бүкіл денеден вена қанын кабылдап, оны оң қарыншаға айдайды. Өкпеде қан көмір қышкыл газын өкпе көпіршіктеріне (альвеолаларға) бөліп, оттегімен қанығады да, артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу жүйесінің оң қарыншадан өкпе артериясымен басталып, сол жүрекшеде өкпе венасымен аяқталған бөлігін «қан айналудың кіші шеңбері» деп, ал, қан айналу жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде екі қуыс венамен аяқталған бөлігін «үлкен қан айналу шеңбері» деп атайды.


Жүрек

''Жүрек'' - көкірек қуысында орналасқан қан айналу жүйесінің орталык мүшесі. Жүрек еті, қаңқа еттері сияқты, көлденең жолақ ет талшықтарынан құралады. Бірақ қаңка еттерімен салыстырғанда, оның морфологиялык және физиологиялық ерекшеліктері бар. Калың ет пердесі оны оң және сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен карыншаға бөлінеді. Сонымен, омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден және екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар арнаулы тесік аркылы қосылады да, бұл жерде жармалы какпақшалар тек карынша бағытында ашылып, қанды жүрекшеден қарыншаға өткізеді. Қарыншалар жарылған кезде бұл қақпақшалар жабылады да, канның кері — жүрекшелерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші және үлкен шенберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен қолқаның басталар жерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық какпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бүл какпақшалар жазылып, тесіюі жабады да, канның кері карыншага отуіне бөгет жасайды. Сонымен, кдқпакшалардың арқасында кан жүректен тек бір ғана бағытқа — вена тамырларынан жүрекшелерге, жүрекшелерден қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларга өтеді.

Жүректің құрылысы

Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі қабаты эндокард, ортаңғысы — миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.


Эндокард жүректің ішкі бетін жауып жаткан жұка қабыкша.

Миокард — жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр бөлігінде әр түрлі және жүрек камераларының аткаратын кызметтеріне байланысты. Қарыншалар кабырғасы жүрекшелер кабырғасымен салыстырғанда қалындау, ал сол карыншаның миокарды оң карыншаның миокардынан қалындау. Онын себебі қанды үлкен шенберге қуалау үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді.


Эпикард — жүректің сыртын жауып жатқан, жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректің сыртын қаптап жататын берік дәнекер тканьнен түзілген жүрек кабына — педикардқа айналады. Перикард пен эпикард аралығындағы куыста сұйықтық болады. Ол жүрек жүмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек еттерінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.

Баканың жүрісінің жұмысын графикалық тіркеу.



Жүректің қызметі

Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе Жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады.


Жүректің жұмысы

Адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет соғып, жүрек циклі 0,9-0,8 сек. созылады, онын 0,1 секундында жүрекше жиырылады, 0,3-0,4 сек. карынша жиырылады, 0,4-0,5 сек. қарынша мен жүрекшенің босаңсуы мен үзіліс (пауза) болады. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жүмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.


Жүректің жұмысының диагностикасы

Жүрек жұмысы өр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді. Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүрек жұмысы кезінде дүбір (әр түрлі дыбыстар) пайда болады. Оларды аускультация (тыңдау) әдісімен стетоскоп, не фонендоскоп арқылы, немесе арнаулы аспаппен жазыл (фонокардиография) зерттейді. Жүрек дүбірін I жене II негізгі, III, IV, V, қосымша дыбыска бөледі. 1 - дыбыс төмен, бәсен, созылыңкы, көмескі келеді. Ол систрола кезінде пайда болады да,Бұл дыбыс жармалы какпақшалардың жабылуының және карынша еттерінің жиырылуынын салдарынан лайда болады. Екінші дыбыс күшті, ашык, жоғары, келте, соңында күрт үзіледі. Оны диастолалық дыбыс деп атайды, ЭКГ-ның Т - тісшесіне сай келеді. Диастолалык дыбыс жүрекше еттері босаңсып, айшық какпакшалар жабылған кезде пайда болады. III дыбыс - әлсіз, сирек толкын ретінде карыншанының жыддам толу сатысында пайда болады. IV дыбыс сирек естіледі. Ол жүрекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады, дыбыс сирек толқын ретінде II дыбыс естілген соң 0,3 секундтан кейін байқалады. Онын табиғаты әлі күнге дейін аиықталған жок. Бұл соңғы үш дыбыс ете әлсіз болғандықтан тек фонокардиография әдісімен ғана зерттеледі. Жүрек какпакшаларының жұмысы бүзылса, бұл дыбыстар өзгсріп, қосымша дыбыстар - әр түрлі шулар естіледі.

Тыныс алу жүйесімен шектелеміз

Адам ағзасында тотығу процестері үздіксіз жүріп жатады.Ал ол тілде жану процестердің жүруі үшін оттегі қажет.Тотығу деген сөз ғылыми тілде жану деген мағынаны береді.Бірақ тотығу кезінде жалын шықпайды,көміртегі оттегімен қосылып химиялық өзгеріске ұшырайды,Азайған көміртегінің орны ас ішкенде толығады ал оттегін ағза ауадан алады.Тыныс алудағы негізгі мақсат осы,оған қоса көмір қышқыл газын шығару.Тыныс алу органдарына мұрын,кеңсірік,көмекей,кеңірдек,өкпе жатады.Өкпеде газ алмасады.

Адам да,жануарлар да мұрындарымен дем алады.Мұрынмен дем алған дұрыс.Өйткені суық ауа танауда жылиды,микробтар мен тозаңнан тазарады.Сонымен қатар танауда иіс сезгіш жүйкелер бар.адам сол арқылы ауадағы бөтен иісті дереу сезеді.Ауаны жылытуда танаудың қосымша қуысының атқаратын ролі зор.Ол-кеңсірік қуысы.дегенмен ауаны жылытуда танаудың,сілекей қабығындағы толып жатқан қан тамырлары да елеулі үлес қосады.

Көмейдің төменгі бөлігі кеңірдекке ауысады.Кеңірдек ұзындығы 12 см.диаметрі 2 см,артқы жағы ашық 16-20 шеміршек шығыршығынан тұратын түтік.Бұл түтіктің, ішкі жағы сілекей қабықпен жабылған.Бұл қабық клеткаларыньвд майда, бүртіктері болады, олар жұтқан, шығарған ауаға ілесіп ары-бері тербеліп тұрады. Егер адам 70 жыл өмір сүрсе, олар осы уақыты ішін-де 5кг-ға жуық тозан, ұстап қалады. Сол бүртіктер ұстаған шаң-тозаң қақырықпен сыртқа шығады. Кенет-тен кеңірдекке ірілі-ұсақты қатты зат түссе, олар әлгі бүртіктерді тітіркендіріп, адамды жөтелуге мәжбүр етеді,сөйтіп бөгде зат сыртқа шығады.

Кенірдектің кеуде қуысындағы бөлігі оң жақтағы және сол жақтағы бронх болып екі тармаққа бөлінеді,ал олар екпеге жеткен соң, одан әрі көптеген тармақтарға,атап айтқанда өте ұсақ, диаметрі 1-5миллиметр түтіктерге, сонан соң ең ақырында диаметрі 0,20-0,25мм, кальвддығы-0,07 мм өкпе көпіршіктеріне айналады. Өкпедегі бұл көпіршектерінің саны 400 миллионға жетеді, Бұл өкпенің жалпы көлемінің 75 проценті. Демді ішке алған кезде ауа өкпе көпіршіктерін ауаға толы-рады да, оны торситып үлкейтеді. Демек сыртқа шығарғанда көпіршіктер босайды да,өкпенің, көлемі кішірейеді.

Адамда қос өкпе болды. Олардың бірі кеуде қуысының, оң жағында, екіншісы сол жағында жатады.Оң жақтағы өкпе үш бөліктен, сол жақтағы өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпеде қан тамырлары да өте көп.Өкпенің,сыртын жұқа әрі мөлдір плевра деп аталатын қабық жауып тұрады.Ол өкпеде кеуде қуысының қабырғасына өтіп оның ішкі жағын жабады.Сөйтіп өкпе мен кеуденің арасында тар саңылау-плевра қуысы пайда болады.

Альвеола –өкпенің, ең кішкентай бөлшегі.Бронхтың бір тармағынан тарайтын осм ұсақ түтіктер топтала келіп комплекс жасайды, оны альвеолда ацинус деп атайды.Ацинутың,пішіні бір шоқ жүзімге ұқсас.Ацинустардан өкпе бөліктері құрылады.

Қос өкпе кеуде қуысының екі бөлігін тұтас алып жатады, олардың арасында аралық қабырға деп аталатын бір қатар органдар бар.Көкірек қуысының алдыңғы жағында қолқа тамыр мен жүрек орналасқан.Өкпеден жүректі жүрек қабы мен плевра бөліп тұрады.Өкпенің ең жоғарғы жағын оның ұшы деп атайды өкпенің бұл ұшы кеуде қуысының жоғарғы тесігінен сәл асып,бірнші қабырғадан үш см –дей шығып тұрады.Өкпенің төменгі шеті плевра қуысына тереңдеп, кірмейді.Бұл демді ішке қатты алғанда өкпенің қосымша кеңеюіне мүмкіндік береді.

Адамның тыныс алу процесі былай жүреді.Кеудені кеңейтетін қабырға аралық бұлшықи еттер жиырылған кезде өкпеде ауасы жоқ кеңістік пайда болады.Соның нәтижесінде ауа сырттан ішке еркін енеді. Дем алу процесіне қатысатын еттердің ішінде кеуде көк еті ерекше роль атқарады.Көк ет жиырылғанда ол көк ет темен түседі.Соның нәтижесінде кеуде қуысының аумағы ұлғаяды.Демді сыртқа шығарғанда көк ет жоғары көтеріледі.Еркектердің кеудесі негізінен кекеттің,төмен түсуінен кеңейеді.Мұны құрсақтық дем алу деп атайды.Әйелдер демдеін ішке алғанда кеуделері кеңейеді.Әрі жуандайды. Мұны көкіректік дем алу деп атайды.Мұны білу өте қажет.Олай дейтініміз,кейде ауру адамды үйде күтуге тура келгкен жағдайда дәрігерлер оның тыныс алу жиелігін санап,жазып қояды тапсыруы мүмкін мұндайда ауру адамға оның тынысын санап отырғандықты білдірмеуге тырысқан жөн.Өйткені сырқат «құпияны»біліп қойса, демін не шапшаң,не сирек алуы мүмкі.Сондықтан ауру адамның тыныс алу жиілігін санау үшін, сырқат ер адам болса, оның демін қолыңызды құрсағының үстін, ал әйел болса кеудесінің үстіне қойып санағаныңыз жөн.

Адам минутына 16-20рет дем алады.Ал қатты күйі түскенде жүрегінде,ауыр жұмыс істегенде және дене қызуы көтерілгенде тыныс алу жиілейді.

Өкпеге 3700текше сантиметр ауа сияды, ал қартайған кезде өкпенің мөлшері азайад.Өкпені қартайғанда өкпе құрлысы өзгереді лас ауамен-дем алу, темекі шегу өкпеге зор зиян келтіреді. Таза ауада, далада жұмыс істеу кеудені кере дем алу өкпені аурудан сақтайды.

Тыныс алу аса күрделі және бір-бірімен байланысты үш кезеңнен тұратын процесс.Бірінші кезенде екпе мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу жүреді, екінші кезеңде клеткаларда заттар тотығады үшінші кезеңде газды қан арқылы келеткаға одан соң кері өкпеге жеткізу процесі жүреді. Тыныс алудың бұл үш сатысы бір-бірінен белуге болмайтын бір тұтас тіршілік процесі болып табылады.Ол физикадағы диффузия және химиядағы заттардың еру заңдылықтарына бағынады.

Атмосфера ауасының құрамында 20,95% оттегі,0,03%СО2, азот және инертті газдар.Олар денедегі газ алмасу процесіне қатыспайды.Өкпе көпіршігінде оттегі -14,6%, СО2- 5,7 %.Осыған байланысты альвеолға оттегі шамамен сынап бағанасының 100-110 мм-дей қысым түсіретін болса,ал қандағы оттегі тамырларға 60-750мм қысым түсіреді.


Жыныс мүшелерінің құрылысы

Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.

Аталық жыныс мүшелері

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.

Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.

Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпен қозғалады.

Аналық жыныс мүшелері

Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді. Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады. Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы — кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары жетіледі. Аналық бездердің үстіңгі жағын жатыр түтігінің сыртқы шашақты шеті көмкеріп тұрады. Бойжеткендерде (екінші реттік жыныстық жетілу кезінде) әрбір ай сайын гипофиз гормондарының әсерінен безді көпіршіктің біреуі жетіледі. Оның ішінде жұмыртқа жасушасы болады, ол алдымен құрсак қуысына, одан соң жатыр түтігіне түседі. Бездік көпіршік жарылып, ішінен жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуын, анабездің жетілуі (овуляция) деп атайды. Бұл үдеріспен етеккірдің (менструация) келуі тығыз байланысты. Етеккір екінші реттік жыныстық жетілуден бастап, шамамен 50 жасқа дейін созылады.

Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі де, етеккір де токтайды. Жарылған безді көпіршіктің іші май тектес сары дене деп аталатын затпен толады. Сары дене уакытша гормон бөледі. Егерде жұмыртқа жасушасы сперматозоидпен ұрықтанса, сары дене жүктілік кезінде сақталады. Ал жүктілік болмаған жағдайда, сары дене жойылып кетеді де, етеккір шамамен әр 28 күнде қайталанып отырады. Жатыр түтігі де аналық без сияқты екеу (жұп) болады. Жұмыртқа жасушасы жатыр түтігі арқылы жатырға өтеді.


Жатыр - қуықтың артына таман жамбас шоңкимасының қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше. Нәресте туғанға дейін ұрық жатырда дамиды. Жатырдың кабырғалары негізінен қалың бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Оның ішкі жағын ұсақ қантамырлармен торлаған сілемейлі қабыкша астарлайды. Жатырдың төменгі жағында сыртқа ашылатын бұлшыкетті түтікше - қынап болады. Жатырда дамып жетілген нәресте әйелдер босанатын кезде қынап арқылы сыртқа шығады. Жатырдың қынапқа дейінгі аралығын жатыр мойны дейді. Жатыр мойнын сақина тәрізді бұлшықеттер орап тұрады. Қынап сперматозоидты қабылдайтын және нәрестені сыртқа шығаратын бұлшыкетті мүше. Қынаптың аузы тері қатпарларынан тұратын жыныс жапсарларының аралығында болады. Жыныстық қатынас жасамаған қыздар қынабының аузы дәнекер ұлпасынан түзілген қызпердемен (қыздық) жартылай жабулы тұрады. Зәр шығарылатын тесік қынап аузымен қатар оның алдыңғы жағында орналасады. Аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін дәрігерді гинеколог (гр. gynaikos - әйел) дейді.


Жыныс мүшелері аурулары сыртқы, ішкі жыныс мүшелерінің зақымдануы, қабынуы, ісінуі, қатерлі не қатерсіз ісікке шалдығуы салдарынан болады. Әйел Ж. м. а-ның ішіндегі ең жиі кездесетіні – жыныс мүшелерінің қабынуы (60 – 65%). Бұл ауру әйелдің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, бедеуліктің негізгі себептерінің бірі болып есептеледі. Ауруды қоздырушының сипатына қарай қабыну аурулары: өзіне тән емес (спецификалық емес) және өзіне тән (спецификалық) деп бөлінеді. Өзіне тән емес түрінің қоздырғыштарына: ішек таяқшалары, стрептококктар; ал екінші түріне: гонококктар, туберкулез микробактериялары, трихомонадтар, хламидиялар, кандидалар, саңырауқұлақтар, микоплазмалар, вирустар, т.б. жатады. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларына: вульвит (әйел жыныс мүшесінің сырт жағының қабынуы), бартолинит, кольпит (қынаптың қабынуы), жатыр мойнының эрозиясы, аднексит (жатыр қосалқы бөлігінің қабынуы), параметрит (жатыр үлпершігінің қабынуы), периметрит (іш пердесінің жатырлық бөлігінің қабынуы), перитонит (іш пердесінің қабынуы), эндометрит (жатырдың шырышты қабығының қабынуы) жатады. Әйелдер түрлі ісік ауруларына 40 жастан асқанда шалдығуы мүмкін. Аналық бездерінің ісіктері қатерсіз және қатерлі ісік болып ажыратылады. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: фолликулярлық киста, эпителиалдық киста, сары дененің кистасы, т.б. Ал қатерлі ісіктің ішінде ең жиі кездесетіні – саркома (қ. Қатерлі ісік). Ер адамдардың Ж. м. а-на жыныс мүшелерінің қабынуы: орхит (ен қабынуы), эпидидимит (ен қосалқысының қабынуы), фуникулит (шәуҺет бауының қабынуы), простатит, уретрит, крипторхизм (ұмада аталық бездің болмауы), баланит, т.б. жатады. Сондай-ақ, ер адамдар да қатерсіз ісік – гиперплазия (простата аденомасы), кондилома, полип, қатерлі ісік –семинома (аталық безде), простата қатерлі ісігі, т.б. ауруларына жиі шалдығады. Бұл ауруларға адамның жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, түрлі жұқпалы аурулар (тұмау, сүзек, сарып, т.б.) шалдықтырады. Ж. м. а. (соз, мерез, т.б.) жыныстық қатынастар арқылы жұғады. Осы аурулардың салдары – әйелдер мен ерлерді бедеулікке алып келеді. Ж. м. а-ның түрлеріне қарай антибиотиктермен, рентген, радий сәулелерімен емдейді, ал ісік түрлеріне қарай хирургиялық операциялар жасалады. 


Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез.

1.Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар.

2. Соз(гонорея), Мерез(сифилис), ЖИТС (СПИД) 1.Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі. Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай: 1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану. 2.Презервативтерді қолдану. 3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу. 4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек. 5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау. 6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды. 2.Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар. Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады). Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады(жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несепшығаруда ауру пайда болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады. Егер бұл жағдайда медицианалық көмекке назар аудармаса, онда қуықта инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді. Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады. Қуық алды бездің зақымдануы жоғарғы температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал. Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа ішкі киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латтенті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқты- рудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрлысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдерде еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі,несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады,кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісіну пайда болады. Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады. Бұл жатырдың кілегей қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден- егер әйел жүкті болса, жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды. Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе, жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қусы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал, бұл, күрделі хирургиялық ауру. Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайтарылып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін. Мерез(сифилис)- жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру. Бұл ауру өзінің белгілерімен, асқынуларымен өте қауіпті. Сифилисті микроорганизм – бозарған спирохета тудырады. Жұқтыру көзі – кілегей қабығы мен терісінде белсенді сифилис белгілері бар ауру адам. Егер сифилис өз уақытында емделмесе, онда ол өмір бойына созылуы мүмкін. Ауру 4 кезеңге бөлінеді: 1.Инкубациялық кезеңде белгісі болмайды. Бұл 20-40 күнге созылып және жыныс мүшелерінің кілегей қабығында қатты шанкрдың болуымен сипатталады. 2.Сифилистің біріншілік кезеңі. Бұл 6-7 аптаға созылады, қатты шанкрдың шығуынан бастап, дененің барлық жері бөрткенге дейін. Қатты шанкр- инфекцияның енген жерінде пайда болған кішірек жара. Еркектерде қатты шанкр кейде жыныс мүшесінің басында байқалады.Ал,әйелдерде- жыныс еріндерінде, жатырдың мойнында Шанкр біреу болады, оның размері үлкен емес,ұсақ монета сияқты, дөңгелек, қатты-созылмалы,жалпақ табақша тәрізді және сұйық бөлініп тұрады. Әдетте ол аурусыз. Қатты шанкраның пайда болуынан бастап лимфатикалық түйіндері үлкейеді. 3.Сифилистің екіншілік кезеңі. Бұл 3-4 жылға созылуы мүмкін. Дененің бар жерінің бөртуімен басталады. Бөртпесі кіші көлемді қызғылт дақ тәрізді болады. Бөртпе біраз апта болып,сосын белгілі бір уақытта жоқ болады. Бұл кезеңде ішкі мүшелер де зақымдала бастайды. Аурулардың бәрі инфекцияның көзі ретінде қауіпті. 4.Сифилистің үшінші кезеңі. Бұл ішкі мүшелердің қатты бұзылуымен белгіленеді. Бұл жұққаннан кейінгі 3-4 жылдан кейін емделмесе, ұзаққа созылатын және өлімнің себебі болатын кезең. Сифилистің бұл кезеңінде адамның сырт пішіні бұзылып, мүгедек болады. Жүйке жүйесіазап шегіп,миында ісік тәрізді құрылымдар(гумма) пайда болып,лезде психикасы бұзылады. Сифилис-қауіпті ауру және қарқынды емделуді талап етеді. Ешқандай жағдайда бұл ауруды асқындыруға болмайды, бұл өлімдей қауіпті. Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі. Жыныстық жолмен жұғудың басқа да жолдары бар: 1. Адам иммунитет тапшылығын тудыратын вирусы бар аналардан құрсақтағы балаға жұғуы. 2. АИТВ (ВИЧ)-пен зақымдалушының қанын біреуге қайта құю кезінде оның жұғу мүмкіншілігі өте жоғары болуы. 3. Стерилизацияланбаған медициналық шприц инелерін наркомандар компаниясында қолдану арқылы. 4. Гомосексуальді( бір жынысты) жыныстық қатынас арқылы. Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді. Қазіргі кезде «қатерлі топтар» деген маңызды ұғым бар, олар қатерлі аурулардың жұғуына жағдайы бар адамдар. ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін қауіпті топтар мыналар: 1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын еркектер.

2. Еркектер мен гомосексуальисті еркектердің қатынаста болуы.

3. Нашақорлардың топ ішінде вена арқылы қолданылуы.

4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар. 5. СПИД тараған жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын адамдар.

6. СПИД-қа қарсы зерттелмеген донорлардан көп қан құйылған гемофилиямен ауысатындар.

7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар.

8. ВИЧ немесе СПИД-пен ауыратын анадан туған балалар. СПИД-тің байқалу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек:

1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі.

2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі.

3. Жиі тұмау, бронхит және өкпе қабыну ауруларымен ауыратындар.

4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы. Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек. Осы уақытқа дейін СПИД-пен ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз. Қазақстан Республикасында ВИЧ-пен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды. Жас адамдар тәртіп ерекшелігі және оларда жыныс жолмен жұғатын СПИД туралы ақпараттың аздығынан, яғни бұл проблема толық шешілуден әлі алыс жатыр.


Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

       Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.
     Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.
    Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады. 
  Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.
 Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.
Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді.
Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар туралы реферат. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды.

Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.


Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді.


Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.


Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды.


Зәр шығару жүйесі

Е рдің зәр шығару жүйесі.

Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың организмінен бөлініп шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.) сыртқы ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында (тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда, сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан тұрады. Буылтық құрттардың көпшілік түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше). Моллюскілерде мезодермадан дамыған зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды. Ал шаянтәрізділердің Зәр шығару жүйесі – мишық безі (бастағы өскін түбінде орналасқан без).

Құрлықта тіршілік ететін жануарлар организмінде (ылғалды үнемдеу үшін) тез еритін аммиак қиын еритін гуанинге (өрмекші тәрізділерде) немесе несеп қышқылына (көпаяқтыларда, жәндіктерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда) айналады. Хордалылар арасында қабықшалылар мен асцидияда зәр арнайы қапшықта жиналады. Омыртқалы жануарларда целомодуктадан бүйрек құралады. Бүйректе түзілген зәр несеп жолымен клоакаға немесе қуыққа келеді. Омыртқалылардың эволюция даму жолында және жоғары сатыдағы омыртқалылардың жеке дамуында бүйрек дамуының 3 сатысы байқалады:

бастама бүйрек (пронефрос),

дене бүйрегі (мезонефрос),

соңғы не жамбас бүйрегі (метанефрос).

Әйелдің зәр шығару жүйесі.

Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен []азоттық зат алмасу өнімдерін – мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1]Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары: нефрит, пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.

Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы

Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.

Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады.

Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.

Бүйректің құрылысы














Бүйрек

Б үйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек сыртынан май капсуласымен жабылған.Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабпаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.

Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.

Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.

Бүйректің қызметі

Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.

Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.

Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.

Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.

Несепағардың құрылысы

Несепағар - қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше. Ересек адамдар да оның диаметрі 6-8 мм, үзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады.

Қуықтың құрылысы

Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналаскан.

Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.

Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады.


Ми - бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300– 1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, с ұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді.

 1 – мидың жүйке жасушалары; 2 – үлкен ми сыңарлары; 3 – ми қыртысы; 4 – үлкен ми сыңарларының оң жақ және сол жақ бөліктерін қосып тұратын сүйелді дене; 5 – үлкен ми сыңарларының арасындағы терең ұзына бойы сайшасы; 6 – мидың сұр заты; 7 – мидың ақ заты; 8 – гипофиз; 9 – сопақша ми; 10 – жұлын; 11 – мишық;




Сопақша ми – жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

  Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек, қантамырлар (жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу); 4) автоматты түрде жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады.


Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.


Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық дене бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол-аяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе- теңдігі, сөзі бұзылады.


Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Мұнда көзді және басты қозғалтатын жүйкелер орналасқан.Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.


Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.  


Дұрыс тамақтану — денсаулық негізі


Жыл сайын әлемде туберкулез ауруынан екі миллионға жуық адам көз жұмады. Зерттеулер бойынша, туберкулез қоздырғышы мыңдаған жылдарда да өзінің ауру тудыру қабілетіне беріктігін білдіріп отыр.
Көпшілік туберкулезді өкпені зақымдайтын құрт ауруы деп түсінеді.

Туберкулез адам мүшесіндегі барлық ағзаларда кезігуі мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын әлемде 9 миллион адам туберкулез диагнозымен тіркеледі.
Туберкулездің негізгі алдын алу шаралары — сәбилерді дер кезінде екпе жұмыстарымен қамтамасыз ету. Алғашқы екпе жұмысы сәби өмірге келгеннен кейін, үйіне шығарылғанға дейін перзентханада жасалады. Бұдан әрі екпе күнтізбесіне сәйкес ревакцинация жасалып отырады (30 жасқа дейін). Ревакцинация жасау алдында отыз жас шамасындағыларға міндетті түрде манту сынамасы беріледі, осы сынама қорытындысы бойынша ревакцинация жасалатын топтар іріктелініп алынады.
Екпеден басқа, туберкулездің алдын алу үшін әрбір адам жыл сайын флюорографиядан міндетті өтуі шарт. Аурумен қарым-қатынаста болғандарды тексерістен өткізу, оларды арнайы тіркеуге алу шаралары да мұқият жүргізілуі керек.
Туберкулезге кез келген адам шалдығуы мүмкін. Бұл аурудың алғашқы белгілеріне жөтелдің екі аптадан асып, оның үдей түсуі, тершеңдік, тамаққа тәбеттің тартпауы, салмақ жоғалту, дене қызуының көтеріліп, ұйқының бұзылуы жатады. Сондықтан сырқаттың осындай алғашқы белгілері байқала қалса, жедел дәрігерге көрініңіз, дер кезінде анықталған ауруды емдеу оң нәтиже береді.

 

Ми жұмысын жақсарту үшін…

Ми жұмысын жақсартудың бір жолы — дұрыс тамақтану. Себебі оның қатпарына қоректік заттар қан арқылы жетеді. Сондықтан тағамда өсімдік (күнбағыс, мақта, соя, т.б) майларындағы қышқыл жеткілікті болғаны дұрыс. Сондай-ақ миға темір, кальций, магний, фосфор, мыс, мырыш та керек.

Қан құрамындағы гемоглобиннің деңгейі негізінен темірге тәуелді. Ал ол балғын көкөністе көбірек. Қан құрамын бөгде микроорганизмдерден кальций сақтайды. Бұл элемент алма, қызылша, қырыққабат, сәбіз, құлпынай, қияр, қызанақтан табылады.

Магний жетіспесе адамның басы ауырады, мазасы кетеді, ұйқысы қашады, үрей пайда болады. Бұған грек жаңғағының, асқабақтың, картоптың, өріктің пайдасы бар. Ми қатпарының оттегімен тыныстауына күкірт елеулі ықпал етеді. Ол баршамызға жақсы таныс картопта, қырыққабатта, сәбізде, қияр мен сарымсақта бар. Адам ағзасы үшін мырыштың (цинк) да пайдасы мол. Ол жүйке мен қан құрамын өз дәрежесінде ұстауға, ақыл-ой қабілетіміздің төмендемеуіне көмектеседі. Мырыш, бидай өнімдерінен алынады. Мидың қалыпты жұмысы үшін осылармен қатар әртүрлі, мәселен Е және В тобындағы витаминдерді қабылдап тұру қажет. Олардың көзі — апельсин, банан, қауын, қырыққабат, құрғақ бұршақ, тазартылған күріш, жаңғақ. Алма қан тамырларын сақтайтын элементке өте бай. Күніне бір алма жеп отырған кісінің миға қан құйылып кетуі мен қан тамырларының бітеліп қалуынан сақтану мүмкіндігі жоғары.Осы айтылған жайларға назар аударып , шама келгенше ұстансақ, мидың қалыпты жұмысына көп көмегі тиері сөзсіз.

Шылым шеккенді ауру шырмайды

 Зерттеулер бойынша, темекі күніне 70 қазақстандықтың өмірін жалмайды. Шылым шегу салдарынан туындаған аурулардан жылына 25000 адам көз жұмады, ол кішігірім қала тұрғындарының санына шақ.

Еріксіз темекі шегу кезінде темекі түтінінің құрамында қатерлі ісікті туындататын 50 зиянды зат бар, олар бес мыңға жуық химиялық құрамалардың күрделі қоспасынан тұрады. Еріксіз темекі шегу — бұрын темекі тартпайтын адамдарда өкпенің қатерлі ісігінің, жүректің ишемиялық ауруының және миакард инфарктісінің пайда болуының негізгі себебі.

Темекі шегетіндердің балалары демікпе және басқа да аллергиялық, жұқпалы, иммунды тапшылық ауруларымен сырқаттанады, мінез-құлық бұзылыстарына шалдығады, дене бітім және психикалық даму жағынан артта қалып, қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін

Темекі құрамындағы улы заттардың саны 70-тен 300-ге дейін жетеді. Алайда темекі шегу кезінде улы заттар одан сайын арта түседі. Өйткені темекі тұтатылғанда, тем­пература 600-ден 900 градусқа дейін көтеріледі де, жаңа улы заттар мен өнімдер түзіледі. Осылайша темекінің құрамындағы улы заттар саны 4 мыңға дейін көбейеді.

Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпірін улайды. Сілекей арқылы жұтынғанда, никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп, ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан арқылы миға жетеді, әуелі оның жүйке жасушаларын (нейрондарды) қоздырады, сосын оларды улай бастайды.

Темекі шегетін аналар тапқан баланың қан түйіршіктерінің гемоглобині кем болады.

Темекі шегуден арылудың басты көмегі — спорттық жаттығулар жасау. Спорт —өзіңе деген сенімді арттырады. Спортпен шұғылданған адамның жүрісі жеңіл, сымбатты болып келеді.


Аллергия 

 Аллергия — (көне грекше: ἄλλος— басқаша, ergon — әрекет, жауап) — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т.б.), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше pollen — шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.

Аллергия – иммундық жауабының үлгісі, ол әр түрлі құрамдағы бөгде заттарға ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады және осы заттармен аллергияны қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Аллергияның патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.


Аллергияның шығу себептері:

үй-шаруашылығының, өндірістің, ауыл шаруашылығының химикаттануы;

дәрілік заттар спектрының көбеюі;

иммундық алдын алу масштабының үлкендігі;

жануар белогын көп пайдалану;

Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:

а. инфекциялық аурумен ауырғандар

б. бауыр, бүйрек, ұйқы безінің соматикалық аурулары

в. гормоналды дисбаланс

г. салауатсыз өмір салты

д. жұмыста және үйде жағымсыз факторлардың әсері

е. иммундық жүйесін жоятын дәрілік препараттарды қабылдау

ж. радиация

 

з. белоктық ашығу және белок алмасуының бұзылысы

А ллергендер.

Аллергендер – бұл химиялық заттар ағзаға түскен кезде оларға сенсибилизация шақырады.

Екі үлкен топқа бөлінеді:

1.экзоаллергендер

2.эндоаллергендер

Экзоаллергендер бөлінеді:

ағзаға ену механизміне байланысты

а) қатынасты  (тері арқылы)

б) ингаляторлы (тыныс алу жолымен)

с) алиментарлы (ЖКТ арқылы)

д) парентералды (қан арқылы)

шығу тегі бойынша

а) үй-шаруашылығы (шаң — тозаң, әсіресе мақта)

б) эпидермалды (эпителий, мамық, жүн, қайызғақ)

в) тозаңды (тозаң)

г) химиялық заттар (100 000 көп, лак, бояу,  тері илейтін заттар, еріткіштер, косметика)

д) дәрілік аллергендер (антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, вакциналар, анальгетиктер)

е) тағамдық (жұмыртқа ақуызы, балық, лактоглобулин, қызыл-сары дағы бар жеміс — жидектер)

ж) аллергендер, микроорганизмдер болып табылады және олардың бөліктері.

Э ндоаллергендер ағзада бұзылысқа ұшыраған факторлардың әсерінен шығады (комплекстің түзілуі антиген табиғатынан емес басқа заттан торшаның  өз тәнінен «аллергия жарыққа» және т.б.)

Аллергиялық реакция

Аллергиялық реакция сатылы болып табылады, келесі сатысына бөлінеді:

сенсибилизация – қалыпты белсенділігінен жоғары басқа да затқа көшу. Сатысы ағзаға бірінші түскен аллерген осы аллергенде иммунитет реакциясы құрылғанға дейін созылады. Механизмі 2 жұмада құрылады, сенсибилизацияның өзі айлар, жылдар және өмір бойы өтуі мүмкін. Сенсибилизация белсенді болуы мүмкін (аллергендер механизмін ағзаның өзі қалыптастырады) және баяу (қан құю кезінде сенсибилизирленгеннен сенсибилизирленбеген адамға). Сенсибилизация факторы:

а. аллергенге тәуелді

I. ену жолы (жиі парентералды немесе ингаляторлы)

II. өлшем (сенсибилизирленуші өлшемі – жиі үлкен емес немесе өте үлкен саны)

III. аллергендер табиғаты (кейбір аллергендерге – 100% сезімталды)

IV. әсер ету ұзақтығы.

б. иммунологиялық белсенділік күйіне байланысты (кейбір аллергендер үлгісіне тұқымдық жатады)

Бұл сатысында ешқандай клиникалық көрініс жоқ, тек зерханалық әдіс көмегімен тағайындауға болады.

рұқсат – негізінде қайталанып түскен аллергендерде немесе ағзада 2 жұмадан көп сақталатын (сирек) осы аллергенде болады. Бұл сатысы клиникалық көрінісі бар, ол тез (бірнеше секундтан 6 сағатқа дейін), бұл тез түріндегі гиперсезімталдық (ТТГ), немесе баяу (24-48 сағат) – бұл тежеу түріндегі гиперсезімталдық (ТТГ).

десенсибилизация – қайтымды қалыпты реактивті, өтуі мүмкін:

а. спонтанды және аллергендердің әсерін қайтарғаннан кейін өзінен-өзі шығады.

б. жасанды – курстан соң аллергенді микроөлшемде енгізгенде.

Аллергология бөліміне: 1) аллергиямен иммунитет механизмдерінің бірлестігі; 2) гиперсезімталдық; 3) аллергоздардың диагностикасы; 4) аллергиялық ауруларды емдеу принциптері; 5) поллиноздар; 6) тағам аллергиясы; 7) саңырауқұлақтық аллергия; 8) дәрілік аллергия; 9) жәндіктік аллергия; 10) вакциналық және сарысу реакциялары; 11) аллергиялық риниттер; 12) бронх демікпесі.

Нозологиялық бірлік. Поллиноз – этиологиялық принцип бойынша бірігетін (өсімдіктер тозаңы шақырады), аллергиялық аурулар тобы. Поллиноздың таралуы әр аймақта экологиялық климат факторларына байланысты вариацияланады және 2%-дан 20% дейін ауысып отырады. Аурудың анық қайталану мерзімі болады, өсімдіктердің гүлдеу кезіне сай келеді (амброзия, сұлубас, сұлы, жалбыз, жусан, алабота, терек, қайың, қанды ағаш, жаңғақ ағашы, жөке, ежа және басқалар). Поллиноз негізі нозологиялық форма ортасында көрінеді, көздің зақымдануы (конъюнктивит, кератит, увеит), ЛОР-мүшелерінің зақымдануы (ринит, синусит, ларингит), тыныс алу жолдарының зақымдануы (бронхит, трахеит, бронхалды демікпе).

Дәрілік аллергендер – дәрілердің кері әсері негізін иммунологиялық механизмдер ерекшелігі құрады, басқа дәрілердің кері әсерінен дәрілік аллергияның айырмашылығы (мөлшерден тыс, идиосинкразия, токсикалық метаболиттердің құрылуы және басқалар).

Көріністі аллергиялық  қасиетпен бөтен қан сарысуы, гормондар, ферменттер,  адам қанынан алынған белок препараттарынан тұрады. Сонымен, көптеген дәрілік препараттар – бұл салыстырмалы жай химиялық қосылыс белок емес – гаптендер. Сенсибирленуші әсер үшін олар толық антигендерге айналуы керек, қайтымсыз химиялық (ковалентті) байланыс белок-тасымалдаушы құру жолымен жетеді. Дәрілік аллергияның өсуіне генетикалық бейімділік анық орын алады. Одан басқа да факторлар, дәрілік аллергияға бейімділік, иммундық жүйе қызметінің бұзылуының болуы мүмкін, бұл медикаменттерді ұзақ уақыт қабылдағанға байланысты.

Анафилактикалық естен тану –қатты жүйелі аллергиялық реакцияның жедел түрі, ағзаға аллергенді сенсибилизация фонында парентералды енгізу қорытындысында дамиды. Анафилактикалық естен тану  шеткері қан тамыр коллапсының жылдам дамуымен, қан тамырларының  өту жылдамдығы, тегіс бұлшық еттердің тарылуы, ОНЖ бұзылуы.

Анафилактикалық естен тану ағзаға дәрілік препараттарды енгізген кезде (антибиотиктер, антитоксикалық қан сүзбесі, сульфаниламидтер, анальгетиктер, витаминдер, гормондар), тағамдық өнімдердің түрін пайдалану соңында, жәндіктер шаққан кезде, ерекше диагностика және гипосенсибилизация жүргізгенде дамуы мүмкін.

Аллергендерге қарсы сезімталдықтың жоғарылауы аллергияға әкелсе, иммундық реакциялар торшаларды, ұлпаларды зақымдайды. Аллергияның дамуы иммунитеттің бұзылуымен немесе төмендеуімен жүреді.

Эозинофилдер ағзаға үлкен гельминттерден құтылуға көмектеседі. Протоплазмада – катионды белоктар және периоксидаза, ал гранулаларда – арилсульфатаза В, фосфолитаза Д және аллергияға қарсы әсері бар гистоаминаза орналасқан. Белсенген эозинофилдер көп лейкотриен 4 шығарады.

Эозинофилдердің үстінде иммуноглобулиндердің G және Е класының Fс – бөлігіне және белсенген С3в-ға рецепторы болады. Эозинофилдер өзінің С3в рецепторымен гельминттерге байланысып, өзінің белсенді заттарын шығарып гельминттерді зақымдайды. Эозинофилдердің хемотаксис, фагоцитоз жүргізетін белсенді оттегі шығаратын қабілеті бар.

Шеткері қанда базофилдер, ұлпада мес торшалары бір тұқымдас торшалар. Ұлпа базофилдері қан тамырларының маңына орналасқан. Мес торшалары әсіресе теріде және өкпеде көп. Бұл екі торшалардың гранулалары гистаминнің депосы, гистамин гепаринмен байланысқан. Олардан басқа онда серотонин және баяу реакция беретін зат-анафилаксин және нейтрофилдер хемотаксисы бар. Бұл екі торшаларда хемотаксис және фагоцитоз жүргізе алады. Бұлардың үстінде IgE-нің Fc-бөлігіне күшті аффинді рецепторлары бар. Ағзада пайда болған IgE бұлармен байланысады да антиген кездескенде оныменде қосылады. Сөйтіп базофилдік торшаларының мембранасының үстінде антиген-антидене реакциясы жүріп гранулалардың биологиялық белсенді заттары белсеніп торша сыртына бөлініп төгіледі (дегрануляция реакциясы). Сонымен гиперсезімталдықтың жедел жүретін реакциясы жүреді. Ұлпа базофилдерінің дегранулациясының салдарынан ұлпа-тамыр өткізушілігі көбейіп, қанның сұйығы қан айналымынан шығып тері қызарып ісінеді, қышып ауырады. Ұлпа базофилдері қан ұю үрдісін бөгеп, фибринолизге, калликрекинин жүйесін және арнайы фактор тромбоциттерді белсендіреді.

Тромбоциттерді белсендіретін фактор жедел жүретін аллергиялық реакцияның медиаторларына жатады. Бұл факторды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер, макрофагтар және өкпе тамырларының эндотелиалды торшалары шығарады. Тромбоциттердің агрегациясын дамытып серотонин босанып шығады. Арахидон қышқылының метаболиттері де (тромбаксин В2) тромбоциттердің агрегациясын береді. Тромбоциттердің белсенуі аллергиялық реакцияның және иммундық қабынудың маңызды компоненті болып саналады.

Иммуноглобулин Е —  молекуласы 200 000 Дальтон, ұлпада, шы­рышты қабықшаларда, теріде жиналады да мес, базофил, эозино­фил­дер торшаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Бұл торшаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің концентрациясы қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.

Иммуноглобулин Е-нің өнімінің тұқымқуалаушылыққа байланысы бар. Аллергиялық ауруларға бейімділігі бар кісілерде  IgЕ-нің деңгейі жоғары. Нәрестелерде IgЕ  орта жастағы кісілердің көрсеткіштерінің 10 пайызындай ғана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды, жатыр арқылы өтпейді, ұлпа базофилдерімен және басқа «қабыну дамытатын» торшалардың Ғс-рецепторларымен өте тез және берік байланысады. IgЕ  мен қосылған антиген базофилдік торшаларының үстіне орналасып олардың дегрануяциясын дамытып биологиялық белсенді заттар торша аралық кеңістікке төгіліп аллергиялық қабыну пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қабықтағы антигендерді байланыстыруға қатысады.

Иммуноглобулин Е-ны көк бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу және асқорыту жолдарының плазмалық торшалары өндіреді. Ұрық IgЕ –ні ерте шығарады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қорғануға қатысады.

Шырышты қабықта IgА-ның қорғанысын бұзған патогендерді ұлпа базофильдерінің үстіндегі арнайы IgЕ байланыстырып, биологиялық белсенді заттар шығып қабыну дамуымен хемотаксиспен сол жерге басқа қорғаныс факторларын (торшалық, гуморалдық, IgG, комплемент, нейтрофилдер, эозинофилдер, т.б.) жинауы келесі қорғаныс этапы болып саналады.

Эозинофилдер – дені сау адамдардың қан айналымында 0,12—0,3×109/л. Дін торшаларынан шығып, 3—4 тәулікте жетіледі. Жетілгеннен кейін тағы да 3—4 күн сүйек миында қалып, торшалардың қозғалу қабілеті пайда болады.

Қанда эозинофилдер орта есеппен 10 сағат болып, ұлпаға өтіп кетеді. Ұлпада эозинофилдер диффузды қоныстанады да 48 сағат өткенде дегрануляцияға шалығып өледі. Эозинофилдер қабынудың қан тамырлары­ның инфильтрациялы фазасын реттейді. Эозинофилдер қабыну ошағында аллергиялық реакцияларын шектейтін ферменттер бөліп шығарады.

Эозинофилдердiң гельминтозда фагоцитоз жүргізетін қабілеті бар.

Базофилдер – қанда барлығы 0,025—0,055×109/л. Базофилдер эозинофилдермен бірге дін торшаларынан шығады. Базофилдер шығатын торшалардан мес торшалары да түзіледі. Жетілген базофилдің дифференциясы 1,5—5 тәулік. Жетілген базофилдер қан айналымына түседі. Оның жарты өмірі 6 сағат. Әрі қарай базофил ұлпаға өтіп, 1—2 тәуліктен кейін өледі.

Базофилдер мес торшалары сияқты гистамин, гепарин, серотонин бөліп антигеннің айналысында қабыну ошағында эксудативтік фазасын дамытады.


Сау тіс-денсаулық кепілі
Адамның тісі — оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі опырылып түсіп қалған адамдардың түрі қандай жаман десеңізші. Тісі түсіп қалу тісті, ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекшс күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады.

1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. Ол синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.

2. Қызыл иекті де қолмен ысқылап массажды үнемі жасап отырған дұрыс. Ерінбеу керек.

3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.

5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі. (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар, микроэлементтер — Мп, Си, Ғе, Со, Zі, Ті және фтор, кальций-хлорофилл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық-профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.

6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды элексирмен шайып отыру керек. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. Тісің жарқырап жүрсе, кандай көңілді жүресің. Әсіресе қыздар, жас әйелдер күлгенде ең алдымен тістері адамға айрықша әсер етсді.

Аурудың 90 пайызы ауыз қуысындағы ақаулардан, яғни тісімізден туындайды екен. Сол үшін ауыздағы кем-кетікті бүтіндеудің, сауықтырудың әдемі күлкі үшін ғана емес, денсаулығыңыз үшін де маңызы зор.

Маман ретінде айтарым – тістің адам ағзасына әсерін тигізбейтін жері жоқ. Тіс ауруларын емдемесе оның кері әсері ең алдымен жүрекке, одан кейін бүйрекке, артынша бауырға, сонан соң ішкі құрылысқа, тіпті миға да әсер етеді. Ауыз қуысының сау болмауы, керек десеңіз, адам психологиясына да «шабуылдайды». Мәселен, тістері қисық немесе құрттаған адам көпшілік алдында ашылып сөйлей алмай, қысылып, тұйықтала түседі, ал күлгенде еріксіз қолымен аузын көлегейлейді.

Басқа да жұқпалы аурулар сияқты, ауыз қуысындағы ақаулар да жұғады. Яғни құрттаған тіс көршісін де зақымдайды. Осылай дер уақытында дәрігерге көрінбегеннен 32 «маржанның» бәрі бүлінуі әбден мүмкін.

Негізінде тіс дәрігеріне жылына бір рет, тіпті тісіңіз сау болса да қаралған абзал.

Тісті және ауыз қуысы сырқаттарын әркімнің өз бетінше емдеуіне болмайды. Науқастар көбіне тіс аурулары әбден меңдеп кеткен соң ғана дәрі­герге келеді. Ондайда бірнеше тіс жұлынып, тіс қатары бұзылып, тістем (прикус) төмендейді, соның салдарынан бет­тің төменгі үштен бір бөлігі, яғни шайнау бөлігі төмендеп кетеді. Сөйтіп адамның бет-әлпеті бұзылады. Мұндайда ортопед стоматолог маман тек тіс қатарын ғана қалпына келтіріп қоймай, беттің шайнау бөлігін де бағзы қалпына келтіруі тиіс болады.

Тіс ауырды деп үйде жүріп алу неме­се өздігінше емдеу кей жағдайларда адам өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Асқынып­ ісінген тістің астына сары су (ірің) жина­лады. Ол өз бетінше жол тауып, ішкі ка­налдар арқылы ағзаға өтеді. Сөйтіп менингит, ми қабынуы мен іріңнің жұ­лын­ға және өкпеге тарауына себеп болады. Ірің миға өткен жағдайда жүз мыңнан бір адам ғана тірі қалуы мүмкін. Сол ірің өкпеге өтер болса, ол өкпені кесу­ден басқа амал қалмайды. Мұның барлығы уақыт өткізіп алған жағдайда болатын жәйттер. Осыған ұшырамас үшін азаматтар тіске дақ түскен сәтте дәрігерге келуі керек. Ал сырқат уақы­тылы тіс дәрі­герлеріне қаралса, іріңді дәрі арқылы дәретпен шығарып жіберуге болады. Әдетте адамның кескін-келбеті көбі­несе домалақ жүзді, сопақ жүзді немесе төрт бұрышты болып келеді. Домалақ­ жүзді адамға күрек тістің дөңестеу түрі жарасады. Сопақ жүзді адамға күрек тістің екі бүйір тұсы созыңқы болғаны дұрыс. Ал төрт бұрышты бет-әлпетті адам­ға күрек тістің қабырғалары өзара тіп-тік келгені жарасымды. Білікті стоматолог осындай жайларды ескеріп, тіске салынатын протездерді тістегі кем-кетікті баз қалпына келтіру үшін ғана салып қоймай, бет-әлпеттің әдемілігін қалпына келтіру жағын да қарастырады. Стоматологияда тіс, тіс қатары, бет-әлпет қарым-қатынасын көрсететін Нильсон үштағаны (триадасы) бар. Осы үштағанды пайдаланып, адамның бас сүйегін қалпына келтіруге де болады. Әдемілікті тек бет-ауыздың қозғалыссыз кезіндегі сырт пішінінен ғана көрмей, жақ-бет-тіс мүшелерінің қызмет атқарған кезіндегі өзара үйлесімділігінен де көруге болады. Қысқасы, тіс саулы­ғы, ауыз қуы­сының аман­дығы елеу­сіз қалдыратын нәрсе емес

Тіс пастасының қорғаныш қасиеттерін зерттеу

Қазіргі уақытта сатып алушыға пасталарының көптеген түрі ұсынылады. Тіс пастасының иісі, дәмі, түсі, мөлшері және брендтерінің көптегіне қоса, оның әсеріне қарай көп түрлері бар: сезімтал тіс пастасы, ағартқыш әсері бар, кариеспен тістегі тасты алдын-алатынпасталар. Осы көптің арасынан керек пастаны қалай таңдайға болады. Гигиеналық заттардың тиімділігін бағалау қиын, сондықтан қымбат пастасын сатып алу дұрыс па? Бұл жұмыста ең танымал тіс пасталарының қорғау.Тіс пастасын біздің дәуірімізге дейін сонау Ежелгі Египетте де қолданған екен. Ол біздің ұғымымыздағы паста емес, ұнтақталған түрлі ас тұзы, жалбыз, бұрыш пен сарыгүлден жасалған. Ал алғашқы тіс щеткалары да қазіргі бізге мәлім щеткалардай емес, мүлдем басқа түрде болған. Мысалы, Шығыс халықтары ауыз қуысын тазалау және залалсыздандыру мақсатында гигиенаның барлық талабына сай ерекше тамырды пайдаланған Procter&Gamble компаниясының .Blend-a-Med пастасы-халықаралық бренді. Blend-a-Med компаниясы, көптеген елдерде танымал және стоматолог- мамандарымен бірнеше рет мақұлдаған, ауыз қуысы гигиенасына арналған, тістерді күту тіс ұнтақтар, әр түрлі мақсатта пайдалынатын тіс щеткалар мен жіптер және т. б. өнімдер ассортиментін кең ұсынады.

Blend-a-Med өткен ғасырдың ортасында ауыз қуысын күту үшін фтор сияқты заттардың, ғылыми тиімділігін растап, тіс эмалінің кариесімен күресуге фторлы қосылыстар құралдарды пайдаланыла бастады

1955 жылы АҚШ-та ұсынылған Crest тіс пастасы құрамында фтор және екі валентті қалайы бар

1873 жылы «Колгейт және Компани» американдық компаниясында өзгерістер болды.Үйреншікті өнімнің ассортименті (эссенциялар, парфюмерия және сабын, балауыз шамдар) революциялық жаңалық–

пасталары.

2. Кариеске қарсы тіс пасталары.

3.Ағартқыш тіс пастасы.

5. Сезімтал тіске арналған тіс пасталары .

Тіс пастасының зияны. Егер кішкентай балалар тіс тазалау кезінде тіс пастасын жиі жұтатын болса, ағзаға өте қауіпті. Неге дейсіңдер ғой? Тіс пастасының құрамында химиялық қоспалар өте көп. Мәселен, глицерин пастаның тез кеуіп кетпеуі үшін қосылады. Ал парафин өнімге жабысқыш қасиет береді. Бұлар асқазанға түскенде, оны тітіркендіріп, зақымдайды. Тіс пастасына ментол да қосылады. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян. Жүрегі ауыратын адамдар ментол қосылған тіс пастасын пайдаланбағаны жөн. Пастаның құрамында формальдегид де бар. Ол – өте улы зат. Егер формальдегид ас қорыту жолдарына жиі түсе берсе, көру қабілетін нашарлатады, бүйрек пен бауырдың жұмысын бұзады.

Тіс пастасының қызықты құрамы

Тіс пастасының құрамында титан диоксиді кездеседі. Ол көбінесе ақ түсті тіс пасталарында кездеседі. Ол адам ағзасына ешқандай зиян келтірмейді, бірақ оны қолданбаған жөн.

Формальдегид – тіс пасталарының құрамындағы негізгі компанент. Ол тіс киреукелерін бактериялардан қорғайды. Сонымен қатар ол адам ағзасына улкен зиян келтіреді: ол генетикаға, көзге кері әсерін тигізеді.

Тіс пасталардың құрамына теңіз балдырларын қосылады, олар тіс пастасының пішінін сақтауға арналған. Теңіз балдырларынсыз тіс пастасы сұйық заттар болар еді. Теңіз балдырлары ағзаға ешқандай әсерін тигізбейді.

Сахарин – тіс пасының жағымсыз дәмін жоюға арналған. Көбінесе балалар тіс пасталарында кездеседі. Оның адам ағзасына ешқандай зиян келтірмейді.

  Парафин тіс пастасының құрамында кездеседі. Мұнай өнімі болып табылады. Ол адам ағзасына үлкен қауіп төндіреді.Адам ағзасына түскен жағдайда адам ауруханаға түсуі мүмкін, асқазан аурулары мен ауыз қуысы аурулары болуы ықтимал.




ЙОД АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ҚАЖЕТТІ МИКРОЭЛЕМЕНТ

Й од – адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті микроэлемент болып табылады. Адам организміне тағам мен судан түсетін қажетті йод мөлшерінің жетіспеуі йод жетіспеушілік аурулары мен бұзылушылықтарына әкеліп соғады.

Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады. Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуде. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген.

Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан бала ақыл-ойының артта қалуындағы әлсіз көріністерден критинизмге дейін жетеді, көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессияға ұшырауы мүмкін, әлсіздік, ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқушылар зейіні шоғырлануының төмендеуі, қозғыш болып келеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, астеникалық синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер – ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін. Осының барлығының себебі – йодтың жетіспеушілігі. Күнделікті ағзаға йод түсіп тұрғанымен, ағзаға сіңуіне кедергі жасайтын себептер бар. Адам ағзасында микроэлементтің сіңуіне кедергі жасайтын бірнеше себептер : дұрыс тамақтанбау, микроэлементтер мен дәрумендер жеткіліксіздігі. Эндемиялық жемсау дертіне шалдыққандардың санатында қыз балалар көп екен. Бұл дерт түрі 6-7 жастан басталып, баланың жасы өскен сайын ұлғая береді.

Йодтың 90 пайызын адам тағамнан алады, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Сондықтан йод жетіспеушілігінің алдын алуда дұрыс тамақтану басты рөл атқарады. Тағам арқылы йодты қабылдау экономикалық, физиологиялық, рационалдық жағынан дұрыс деп есептелсе де, қазіргі таңда ол жеткіліксіз болып отыр. Йод жетіспеуінің алдын алудың ең бір тиімді жолы – йодпен байытылған теңіз өнімдерін (теңіздің ұсақ жәндіктерін, теңіз балықтарын, теңіз балдырларын, теңіз қырыққабаттарын) тағамға пайдалану болып табылады. Және де ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді. Сонымен қатар көкөністер ішінде – қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде – құрма, алма, жүзім, шие, қара ала шабдалы, грек және балқарағай жаңғақтарында, ал жармалар ішінде – қара құмық және тары құрамында да йод мол. Сондықтан күнделікті өмірде аталмыш тағамдарды жиі пайдалану – йод жетіспеушілігін болдырмаудың басты жолы. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай 100, 200 мкг йодид, йодомарин таблеткаларын қолдану қажет. Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске түскен қалқанша безі гормондар синтезін қайта қалпына келтіруге ықпал етеміз.

Сондықтан, жоғарыда айтқанымыздай, күнделікті тағамның құрамына ерекше мән беру керек. Йод өсімдік өнімдерінде – 60-150 микрограмм, жануар өнімдерінде – 30-70, суда – 8, ауада – 2 микрограмм болады. Алайда, аспаздық өңдеу кезінде йодтың 14-тен 65%-ға дейінгі мөлшері жойылады. Нанды пісіргенде бұл көрсеткіш – 84%, сүтті пісіргенде – 26%, жармалар мен бұршақтарды қайнатқанда – 47-64%, көкөністерді пісіргенде – 62%, етті – 45%, балықты қуырғанда, қайнатқанда йодтың бастапқы мөлшерінің 74% жойылады екен. Осы қарапайым ғана пайыздарды есте ұстап, тағамның құнарлылығына мән бере жүргейсіздер.

Йодты тұтыну қажеттілігі адамның жасына байланысты. Соңғы мәліметтер бойынша, ДДҰ ның және ЮНИСЕФ ұсынылған йодты күнделікті тұтыну қажеттілігінің мөлшері:

Емшектегі балаларға және сәби жастағыларға (5 жасқа дейін) - тәулігіне/90 мкг

Мектеп жасындағы балаларға (5-12 жас)- тәулігіне/120 мкг

Ересектер үшін (12 жас )- тәулігіне/150 мкг

Емізулі және жүкті әйелдерге –тәулігіне/250 мкг/

Уақытында йодтың алдын алу өскелең ұрпақтың – біздің болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді дамуды, интелектуалды әлеуетті қалпында ұстауға жағдай жасайды. Әр адам өзінің және туыстарының денсаулығына ұқыпты қарау керек.



Жалпақтабандылық жайлы не білеміз?

"Майтабан" ауруы аяқ астынан пайда болмайды. ол бала кезден басталып,сатылап дамиды. Егер 2-3 жасар бала болса, онда емдеуге көп мүмкіншілік бар. Мына жігітті майтабаннан жазылады деп ойламаймын, себебі бұл жігітті өскерге алмаса соңғы сатысы болуы да мүмкін) Қазіргі медицина есейген адамдардағы майтабанды  дәрінің немесе жаттығулардың көмегімен емдей алмайды,тек хирургияның көмегімен емдейді. Ал хирургиясыз әрі қарай асқынуын ғана тоқтата алады.  арнайы ортопедттік аяқкиім, немесе аптекаларда арнайы аяқкиім ішіне салатын ортопедтік төсеніштер,және арнайы жаттығулар жасау арқылы әрі қарай дамытпай тоқтатуға болады. Бұл тек теория, іс жүзінде бұл талаптардың бәрін орындау өте қиын.

Ж алпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды.


Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі

Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады.

Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтыры, табаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.


Денсаулыққа зиянды әрекеттер: ішімдік ішу,темекі шегу және нашақорлық.


Ішімдіктің шығу тарихы

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан ішімдік алу сонау V-VІ ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді.


Алкоголь — ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь-рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Жүйке жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер етеді. Мида арнаулы түрде тұйық шеңбер құрылады. Қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.


Әр түрлі ішімдіктердегі алкоголь көлемі

Сырада орта есеппен алғанда — 3-6 %, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін — 10-17%, шарапта — 10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады. Қандағы алькоголдың мәні 0,01-0,02 % үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады, адамның координациясы бұзылады. Артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Ал қанда алкоголь мөлшері 0,40% адам ес-тұсынан айырылып қалады. Ал алкоголь мөлшері 0,60-0,70 % болғанда адам өліп қалады.



Алкоголизм себептері

Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмыс-тұрқының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, санитарлық-гигиеналық топшылық адам тұрмысының ауырлауы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар (тендік-тектік) физиологиялық-биохимиялық және экологиялық факторлар.

Алкоголизмнің дамуының үрдісін Х.Қ.Сәтбаева және т.б. үш кезеңге бөледі.
1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.

2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік көзге көріне бастайды.

3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам күш-қуатынан мүлдем айырылып қалады;


Зияны

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады.

Бүгінгі менің қозғағалы отырған тақырыбым денсаулық жаулары деп аталатын “ішімдік ішу”, “шылым шегу”, “нашақорлық” сияқты зиянды әрекеттерге тоқталамыз. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік бермекпін.

Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әрекеттер соңғы кезде қоғамда көптеп орын алуда.

Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал етеді.

Кейде балаларды алкогольге үйрету отбасынан басталады. Ата-аналары, әсіресе әкелері, өгей әкелері, ағалары, аталарының өздері балаға ішімдік береді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті 4-8-10 жастағы балалардың ішімдік ішіп көргенін анықтап отыр.

Негізі балалар алғашында алкогольді ішімдікті жай ойнап, ермек ретінде қабылдайды, алайда кейін біртіндеп оған деген тәуелділік туындайды. Ересек балалар туған күн, мектепті бітіру кештерінде, мейрамдар мен салтанаттарда ішімдікке жақын бола түседі.

Сегізінші сыныптағы ер балалардың 75 пайызы және қыздардың 40 пайызы алкогольдің дәмін татып көргендігін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысынан байқауға болады. Оныншы сыныпты бітіргендердің 90-95 пайызы алкогольдің дәмін біледі. Маскүнемдікпен ауыратындардың 75 пайызы алкогольдың дәмін 20 жасқа дейін татып көргендер екенін ғылыми зерттеулер нақтылап отыр. Осы маскүнемдікпен қатар қоғамда нашақорлықта орын алуда.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамыздағы нашақорлардың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар. Әрине, олар басында еріккеннен, ермек үшін есірткішілік наша, гашиш шеге бастайды. Алғашында миды зеңгіьіп, психикаға әсер ететін есірткі, адамды біршама уақытқа дейін көңілдендіреді.

Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолының бұлшық еттері шаншып, ішек-қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-суық тер парлай бастайды. Мұны олардың тілінде “ломка” дейді.

Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Психапаттық көріністер, өзін-өзі жарақаттау,  тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне қарсы мінез көрсетеді.

Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі. Алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді.  Адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Содан соң оны бірнеше сағатқа шейін ұйқы басады.

Нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонаудан бастап, тіпті жақын адамын тонаудан да тойынбайды.

Бұл күнде жігіттер ғана емес, қыздардың да темекі тартатыны, арақ ішетіні, есірткіге берілетіні ешкімге сыр болмай қалды. Бұл әрине, өте өкінішті жай. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын, денсаулық үшін зиян. Мысалы, ұзақ уақыт әсер ететін дәрі-дәрмектер жыныстық қабілетке қатты нұқсан келтіреді. Нашақор өзі үйренген есірткілердің бірін көрсе, аш адамдай тарпа бас салады. Мұны медицинада “наркотизм”, ал оның ауыр түрін “наркомания” деп атайды. Грек тілінен аударғанда “нарк”- жасанды ұйқы, “мания”- есі кету, есіру деген ұғым береді. Нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зияны өте қауіпті. Тіпті адам өліп кетуі де мүмкін. Сонымен қатар шылым шегу де адам ағзасына зияның тигізеді.

Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді, жұтылатын түтіннің құрамында никотин, көміртек тұтығы, синил қышқылының бөліктері және басқа да сол сияқты химиялық заттар бар. Оның ішінде ең улысы – никотин, оның уы ағзаға еніп, әуелі тітіркендіреді, одан соң жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырлары тарылып, сілемейлі қабаты зақымданады. Егер де никотин көп мөлшерде ағзаға енсе, дене тырысып өліп кетуі мүмкін. Никотин ағзаға бірден емес, шамалап енеді, сондықтан да, шылым шегуші қатты уланбайды. Ол біртіндеп болады. Ас қорыту жүйесінің, жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлі ісіктер болуы мүмкін.

Неғұрлым шылымның сапасы төмен болған сайын, соғұрлым оның құрамында никотин көп болады.

Шылым шегуші түтінді ауыз арқылы жұтады, сол кезде зиянды заттар шылым түтінімен бірге жоғарғы тыныс жолына түседі. Әдетте, ондай нәрсе үйреншікті болмағандықтан алғашында жөтел пайда болады, бірақ егер де шылым шегу тұрақталатын болса, ағзаға енетін ауаны фильтрлеп өткізетін тітіркендірілгіш кірпікшелер өледі. Зиянды заттар ағзаны тітіркендіріп, көп жағдайда бронхиттің асқынған түріне әкеліп соғады. Тыныс жолымен түтін бронхы негізіне қарай жылжыған сайын никотиннің зиянды әсері күшейе түседі. Жекеленген химиялық заттар оттегімен реакцияға түскен сайын улы газды түзіп, кейін ол бүкіл ағзаға тарайды. Ұзақ уақыт иісті газбен уланудың нәтижесіндеқанның аяқ, қол саусақтарына ағымы азаяды, оның салдарынан инфекциялану болып, ампутацияға ұшырауы мүмкін.


Шылым шегудің теріс салдарға әкеп соғатын себептері

1.Тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды;

2.Құрғақ жөтелдің болуы;

3.Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;

4.Ауыз қуысының инфекциясы;

5.Иіс сезу қабілетінің нашарлауы;

6.Бет, жүзді уақытынан бұрын әжім басуы;

7.Тістердің сарғаюы;

8.Қалыпты тыныс алудың бұзылуы;

9.Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;

 

С онымен, шылым шегудің нәтижесінде адам өз көркін жоғалтып, денсаулығын бұзады.

Маскүнемдік, нашақорлық ауруларына қозғыш, иланғыш, мінезі тұрақсыз жасөспірімдер тез бейімделеді. Мұндай аурулар бассүйек-ми зақымданғанда оңай дамиды.

Кез-келген психобелсенді заттарды пайдалану ауруға әкеліп соғады. Маскүнемдік кезінде болатын блохимиялық өзгерістер, фермептативтік кемістік ұрпақтан-ұрпаққа беріледі деген болжам бар. Алкоголь, нашақорлық заттардың химиялық табиғаты әртүрлі болатынына қарамастан, олар мида біртекті биологиялық өзгерістер тудырады. Осыған байланысты біркелгі патогенетикалық механизмі бар наркологиялық тәуелділік қалыптасады. Бұл аурулар үш кезеңнен міндетті түрде өтеді:

Бірақ жасөспірімдерде барлық кезеңдер жылдам және ауыр түрде өтеді. Ересек адамдарда екінші кезең бірнеше жылдан кейін дамыса, балалар мен жасөспірімдерде 1-2 жылда немесе бірнеше айда дамиды.

Бірінші және екінші кезеңдердегі маскүнемдердің 10-15 пайызында өткір алкогольды психоздар дамып, естің нашарлануы, ақыл кемістігі пайда болады.

Соңғы жылдарда психиатриялық ауруханаларға алкогольды психозбен түсетін адамдардың саны айтарлықтай артты. Қазір аокогольды психоздардың классикалық түрі көбейді, соның ішінде ми кемістігі пайда болатын Карсоков психозымен ауыратын адамдар саны көбейді.

Маскүнемдікті, нашақорлықты медициналық-әлекметтік орталықтарда, наркодиспансерлерде, психиотриялық мекемелерде емдейді. Абститентті симдром /бас жазу/ емдеудің әсерінен жылдам жойылады, ал психикалық құштарлық бірнеше жылдар бойына сақталады. Сондықтан емдеуді тек аурудың өткір кезінде ғана емес, одан кейін де ұзақ уақыт жүргізу керек.

Жоғарыда айтылған алкоголизм, нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу үшін қоғамда алкоголь мен темекі насихаттауды мүлдем доғару керек.

Сонымен, қорыта келгенде шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық адам денсаулығына көп зиянын тигізеді. Бірақ, өкінішке орай қазіргі  жастар осы жаман әдеттерге өте жақын келеді. Олар осы әдеттер денсаулыққа зиян екенін біле тұрсада, шылым шегіп, ішімдік ішеді, тіпті нашақорлыққа да барады. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұл мәселеге бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.

Қазақстанның болашағы жастар” деп елбасымыз жастарға сенім арттырып отыр. Бірақ біздер  жастар мұндай жаман әдеттерге үйір болсақ, онда біздің мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ.


ЖИТС – ХХІ ғасыр дерті


«Ауру айтып келмейді»… Ертеде халқымыз білімнен хабарсыз еді, тылсым дүниенің қыр-сырын түсінбеген кезде, ауырғанда емшіге барып немесе түрлі шөптермен емделгені бәрімізге аяң. Ал бүгінгі білім ғасырында, технологияның дамыған заманында медицина саласында озық ойлы, білікті мамандарды ойландырып, емін таба алмай келе жатқан дерттің бірі – ЖИТС. ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы) – аса қатерлі вирустық дерт. Вирустың құрамында SD-4 протеині бар зат табылған, сондықтан вирус лейкоциттерге жабысып, олардың ішінде өзінің ақпаратын жіберіп отырады. ЖИТС вирусы алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та Колифорния штатында кистозды пневмонияға шалдыққан гомосексуалистер арасында табылған. 1983 жылы атақты ғалымдар Люк Монтанье және Франсуаза Барре-синусси зерттеп, лимфоциттерде орналасқандығын дәлелдеген. 1984 жылы ағылшын ғалымы Роберт Галло ЖИТС вирусын зерттеп, адамдарда ғана пайда болатынын дәлелдеген. Қазіргі кезде ЖИТС вирусының 5 таралу жолы бар: Нашақорлық арқылы (есірткіні көк тамырға жіберген кезде, шприцті бірнеше адамның қолдануы); Донорлық жолмен (тексерілмеген қанды, мүшелерді трансплатациялау кезінде); Гомосексуалистер арқылы (гомосексуалистер – бірдей жыныстылар арасындағы жыныстық қатынастар); Анадан нәрестеге жұғу арқылы (ЖИТС ауруына шалдыққан жүкті әйелден балаға); Гемофилия ауруына шалдыққандар арқылы (гемофилия – қанның ұйымауы). Аурудың белгілері: Инкубациялық жасырын кезең. 10-15 жылға дейін созылады, себебі вирус тасымалдаушылар 50% -ы сау адамға жұқтырады, өздері ауырмайды. Қалған 50% -ы вирусты жұқтырып алғаннан кейін дене температурасы 39-40^0С- қа көтеріліп, баспа 10-15 күнге дейін ісініп ауырады. Лимфаденопатия – ағзадағы барлық бездердің ісініп, қатаюы. Ауру ұзақтығы 3 айға созылады. ЖИТС ауруына ұқсас кезең. Ауруға шалдыққандарда диарея байқалады, дене салмағы 10-15% — ға төмендейді, тершендік, ұйқысыздық, әлсіздік, тәбеттің болмауымен сипатталады. Нақты ЖИТС ауруы. Адамдар қатерлі ісіктерге шалдығады: кистозды пневмония, капоши саркомасы, Цитомегаловирус туғызатын мидың ісік ауруы. Аурудың арнайы емі жоқ, сондықтан барлық жүргізілген шаралар ауруды тежеуге және адам өмірінің сапасын шамалы болса да ұзартуға көмектеседі. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда ЖИТС-пен ауратындар саны 1-ші орында Қарағанды облысы, оның ішінде Теміртау қаласы, 2-ші орында Павлодар облысы, оның ішіде Екібастұз қаласы, 3-ші орында Оңтүстік Қазақстан облысы оның ішінде Алматы, Шымкент, Тараз қалалары. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 1 желоқсан күнін ЖИТС- пен күресу күні деп белгіледі және әлеуметтік төзімділікке шақырды. Содан бері бұл күн әр түрлі ұрандармен, іс- шаралармен өткізіледі. Іс- шаралардың мақсаты – халықты салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, аждаһа дертті ауыздықтау, халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын!


Ішкі секреция бездері.

Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» — ішкі, «сrino» — бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері — аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» — қоздырамын, козғалыска келтіремін) — ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық — аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» — асты, төменгі жағы, «tаlаmое» — бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар — нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат

5-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері. Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға әсері.
Тироксин
. Қалқанша безі Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Паратгормон Қалканшамаңы безі Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин Ұйкыбездің аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
.


Глюкагон —- Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді.Адреналин Бүйрек үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді. Норадреналин —- Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон) Гипофиздің алдыңғы бөлігі Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді.Гиреотропты гормон —- Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді.Адренокорти-котропты гормон (АКТГ) —- Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Окцитоцин Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді. Вазопрессин —- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады.Тестостерон (андрогендер) Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді.Эстрадиол (экстрогендер) Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді.Алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (5-кесте).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» — өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз — безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ — меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте).

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» — аяк-қол сүйектері, «mega» — үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, т ері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» — тым аласа бойлылық) — гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі — дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз — пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.

Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.

Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар

Бөлетін бездер

Ағзаға әсері

Тироксин

Қалқанша безі

Негізінен зат алмасу қарқындылығын арттырады

Паратгормон

Қалқаншамаңы безі

Кальций және фосфор алмасуын реттейді

Инсулин

Ұйқыбездің аралды бөлігі

Бұлшықет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы қанттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді

Глюкагон

-"-

Бауырдағы гликогеннің қанда глюкозаға айналуына әсер етеді

Адреналин

Бүйрекүсті бездің без заты

Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді

Норадреналин

-"-

Қантамырларын тарылтады

Өсу гормоны [соматропты гормон)

Гипофиздің алдыңғы бөлігі

Сүйектің және ағзаның қалыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді

Гиреотропты гормон

-"-

Қалқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді

Адренокортикотропты гормон [АКТГ)

-"-

Бүйрекүсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді

Экцитоцин

Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)

Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

Вазопрессин

Example

Бірыңғайсалалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады

Тестостерон (андрогендер)

Аталық бездер

Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді

Эстрадиол (экстрогендер)

Аналық бездер

Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Туберкулезден сақтаныңыз


Т уберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.


Тарихы

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін ГиппократГален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.


Жұқпалылығы

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.


Туберкулез түрлері

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.


Ауруды анықтау түрі

Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.


Емі

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген. Пайда болуы

Тромбофлебит бастапқыда вена қан тамырларының қабынуы (қ. Флебит.), одан кейін тромбоздың пайда болуымен сипатталады. Сонымен қатар тромбофлебит әр түрлі хирургиялық операциялардан кейін, әйелдерде жүктіліктің соңғы кезеңінде немесе кейбір жұқпалы аурулардың (бөртпе, іш сүзегі) асқынуынан пайда болады. Тромбофлебит, көбінесе, аяқтың венасында кездеседі. Тромбофлебит асқынғанда әр түрлі қауіпті ауруларға әкеледі. Әсіресе, бетте болатын Тромбофлебит өте қауіпті, себебі бұл миға келетін вена қан тамыры қабынуының дамуына жағдай жасайды.


Түрлері

Тромбофлебиттің жедел және созылмалы түрлері, сондай-ақ венада ұйыған қанның орналасуына қарай: тереңде орналасқан тромбофлебит және бет жағында орналасқан тромбофлебит болып бөлінеді. Венаның терең жерінде орналасқан жедел тромбофлебит аяқ астынан дамып, бірнеше сағатқа созылады. Бұл кезде аяқтың вена қан тамыры өтетін бұлшық ет қатты ауырып, аяқ ісінеді, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды. Дене қызуы 39 градус С-қа дейін көтеріліп, адам қалшылдай бастайды. Дерттің жедел түрі бәсеңсігенде созылмалы түріне ауысуы мүмкін. Венаның беткі қабатында орналасқан созылмалы тромбофлебит өте баяу дамиды. Аурудың бұл түрінде күш түскен кезде аяқ ісінеді де, адам демалған кезде ісік азаяды немесе қайтады. Пайда болған ұйыған қан түйіндерінің даму барысы әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда ол емдеу барысында біртіндеп кішірейіп, жоғалады; екінші бір жағдайда дәнекер тінмен араласып, қан тамыры қуысын бітейді, ал кейде ұйыған қан түйіні іріңдеп, оның айналасында іріңді қабыну процесін тудырады.



Емі

Тромбофлебиттің жедел түрімен ауырған адамды ауруханада емдейді, ұйыған қан түйіндерін ерітетін антибиотиктер береді. Іріңдеп кеткен Тромбофлебитке операция жасалынады. Тромбофлебиттің кейбір созылмалы түрінде аяққа эластик шұлық кигізіп не емдік бинтпен байлап тастайды, емдік гимнастика жасап, физиотерапевтік ем тағайындалады. 


Оқушылардың сабақ орындау кезіндегі гигиеналық ережелер.

Сабақ арасындағы үзілістер кезіндегі дене шынықтыру жаттығулары жұмыстың бір түріне ауыстыру рөлін атқарьш,жұмыс қабілетін қалпына келтіреді. Жүйке импульстері жұмыс істеген бұлшық еттерден орталық жүйке жүйесіне келеді де, қажуды жояды. Сонымен қатар,дене шынықтыру жаттығулар жүоек пен өкпе қызметін жақсартып, миды оттегімен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.Бөлмені желдету ішінде көмірқышқылы газы көп ауаны сырттан енген таза ауамен алмастыруды.

Сымбатты бұзбау үшін сабақ үстінде немесе сабаққа даярланған кезде дене қалпын бірқалыпты түзу ұстау өте маңызды.

Егер оқушы сабақта үнемі басын төмен салбыратып және бір жағына қисайып,сол қолының шынтағы үстелден түсіп отыратын болса онда омыртқа қисаяды.Үстел басында сабақ әзірлеген кезде қимылсыз немесе қимылдамаста отыру қан мен мидың оттегімен қамтамасыз етілуін нашарлатады,өйткені омыртқа жотасы алға және солға қарай иіледі де қабырғаның қозғалуы шектеледі,тыныс алатын ауның көлемі кеміп, өкпелер әсінесе сол жақ өкпе сығылады,жүректің жұмысы қиындайды.Балалардың ұзақ уақыт боиы бір келкі жұмыспен айналысуы біттіндеп жүйке жүйксінің тежелеуін туғызады.Ұзақ уақыт бойы бір нәрсеге қадала қарау көзді талырып,жұмыс қабілетін кемітеді Әрбір 40-45минуттан соң жұмыс қабілетін арттуға қажетті үзілістер жасалады,онда бірнеше дене шынықтыру жаттығуларын орындауға болады, тұлғаны еңкейту, қолды сілтеу,оларды жоғары көтеру және түсіру, екі жаққа созу, басты бұру, иықты көтеру және төмен түсіру, оларды айнала қозғалту, отырып-тұру және т.б. анағұрлым күшейтеді.Терезені немесе фрамуганы ұзақ уақыт бойы шамалы ғана ашып қоюдан гөрі, терезені немесе балконның есігін бір-екі минут айқара ашып тастау үйді жақсы желдетеді және бөлме тым аса суынып кетпейді.

Мектептен оралған соң бірден сабақ әзірлеуге отыруға болмайды.Түскі астан кейін 2-2,5сағат таза ауада болу керек. Серуендеуден соң жұмыс қабілеті артады,сабақ әзірлеу нәтижелі болады.Сабақ әзірлеп болған соң бірден кітап оқуға,теледидер көруге,радио тыңдауға болмайды.Таза ауада ойнау,қыдыру пайдалы.Сабақтан соң көз 40-45 минут тынығуға тиіс.Қызу дене еңбегін тыныштықта кітап оқумен алмастырған жақсы,музыка тыңдауға,бірнеше минут диванда жатып босаңсуға болад.Ата-аналардың үй шаруасына жәрдемдесу де демалыстың бір түрі.Ұйқыға жатар алдында кітап оқу,теледидар көру,қызу дене еңбегімен айналысудың қажеті жоқ,өйткені мұның бәрі жүйке жүйесін қоздырады,ұйқыны бұзады.Жұмыстың байыбына біртіндеп бойлау үшін сабақ әзірлеуді жазбаша,әсіресеонша қиын емес жұмыстардан бастау керек.Бірақ қиын жұмысты қалдыруға болмайды;сабақты орындау барысында туатын қажу ойлауға және ойдағыдай жұмыс істеуге кедергі келтіреді.Оқушылар ауызша тапсырманы орындай отырып,мәтіннің ішіндегі басты қағидаларды (әдетте олар көп емес небары 3-4 болады )бөліп алып,оларды мықтап жаттайды.Осыдан кейін мәтінді тағы бір рет мұқият оқиды:мұнда екінші кезектегі,бірақ олар да қажетті (басты қағидаларды нақтылаушы,түсіндіруші,ашып көрсетуші)мәліметтер қосымша күш жұмсамай –ақ есте оңай сақталады.Басты қағидаларды олардың жүйелілігі бойынша рет санына қарай (біріші мынау,екінші мынау,үшінші мынау)есте сақтау пайдалы.Осының арқасында қағиданың қағиданың мәні ғана емес,сондай-ақ оның бөліп көрсетілген жүйедегі рет саны да есте сақтау үшін бағдар болады.Жаттау кезінде үнемі үстел басында отырудың керегі жоқ.Мәтінді оқыған соң,бөлме ішінде жүріп,оны қайталауға және кейде оқулықтан нақтылауға болады.Мұндайда жаттау жеңілденеді,өйткені ырғақты жүріс ойлануға жәрдемдеседі.

Жаттауды кешке қарай бастаған абзал,ал таңертең жаттаған мәтінді қайталау қажет.Кешке қарай мәтін қиынырақ,бірақ есте жақсы сақталады.Кітап оқығанда жарық міндетті түрде сол жақтан түсуі тиіс және барлық жылтырауық заттарды үстел үстінен алып қойған жөн.

Егер үстелдің беті күңгірт болса,онда көз талмайды және жұмыс қабілеті де ұзаққа сақталады.Қалпақты шамның жарығы жұмыс бетіне ғана түскені жақсы.Тым ұсақ әріптерді қара көлеңкеде оқуға болмайды және жаттап оқу өте зиянды.Себебі мұндайда көз бұлшық еттері тез талады.Әдетте кітаптан көзге дейінгі қашықтық 30-40 см болуға тиіс.

Көліктің кез келген түрінде келе жатып оқу көзді шаршатады және көруді нашарлатады.Алыстан көрмеушілікті болдырмау үшін сабақ оқығанда 20-30 минут сайын демалыс жасап,алысқа көз тастаған пайдалы.






























Қорытынды

Қазіргі кездегі мектептерді дамытудың бірі-білімді саралау болып табылады.Ол әртүрлі оқу жоспарымен жұмыс жасайтын мектептер үшін пәнді тереңдетіп оқытуға,арнайы және бейіндік сыныптарды ұйымдастыруға негізделген.Бағдарлы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру үшін,ең алдымен биологиялық ұстанымдары мен жүйесіне ,оқушылардың жасерекшеліктерімен байланысты таным мүмкіндіктеріне сай жүзеге асырылады.

Биологияны оқу, оқушыларға алған білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Адам ағзасының құрылысы және қызметі туралы оқушылардың білімі, сонымен қатар оларға ішкі және сыртқы факторлардың әсер ету салдарын түсіну, салауатты өмір салтын саналы жүргізу үшін негіз болады. Табиғи биологиялық құбылыстар мен үдерістердің мәнін түсіну, адам қызметінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сонымен қатар адамның денсаулығына әсерін түсіну оқушыларға экологиялық жағдайды бағалау және тірі әлемге құндылық деп қарау қажеттілігін түсіну мүмкіндігін береді. Мектепте оқушылардың «Биология» пәнінен алған білімдері болашақта оларды биофизика, биохимия, микробиологияны оқу кезінде, сонымен қатар адам қызметінің түрлі салаларында қолдануға көмектеседі. Биологияны оқудың медицина, ауыл шаруашылығын дамыту мен ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі маңызы зор.

Биология бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушылардың білік пен дағдысын қалыптастыру және дамыту келесі іс-әрекеттерге қажет:

  • эксперимент жүргізу үшін зертханалық жабдықты пайдалану;

  • табиғи биологиялық құбылыстар, үдерістер, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін зерттеу жұмысын жүргізу;

  • топпен және жеке жұмыс істеу,

  • ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.

Биологияны оқу арқылы оқушылар мынаны:

  • органикалық дүниенің көптүрлілігін, құбылыстардың өзара байланысы және өзара әсерін, қоршаған ортада болып жатқан биологиялық үдерістердің себеп-салдарлық байланысын;

  • тірі ағзалардың түрлі топтарының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін, олардың даму заңдары мен заңдылықтарын, биологиялық ғылымды дамыту қажеттілігін;алынған мәліметтерді талдау мен синтездеудің маңыздылығын, нәтижелердің алынуы мен интерпретациясын, биология бойынша эксперименттік және зерттеу жұмысын жүргізу кезінде жағдайды объективті бағалау үшін дұрыс қорытынды қалыптастырудың мәнін;

  • адамның қоршаған ортаға және тірі дүниеге әсер ету салдарын, оған ұқыпты қарау қажеттілігін;салауатты өмір салтын жүргізудің адамның физикалық және психологиялық денсаулығын сақтаудың негізгі ретінде мәнін түсінеді.

«Адам және оның денсаулығы» тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны

Р/с

Тақырыптары

Беттері


Жоспар

3

1

Жасуша теориясы

4

2

Жасушаның химиялық құрамы

11

3

Адам ағзасының құрылысы

14

4

Энергия және зат алмасу

16

5

Сусыз тіршілік етуге болмайды.

18

6

Адам ағзасындағы химиялық элементтер

20

7

Дәрумендер.

23

8

Тірі организмдегі терінің қызметі сан алуандылығы

24

9

Сүйек – буын қоспасы

25

10

Өткір жұқпалы ішек ауруларын алдын алу.

27

11

Ас – адамның арқауы

28

12

Өт тасы дегеніміз не?

30

13

Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы

38

14

Жүрек-қантамырлар жүйесі

41

15

Тыныс алу жүйесімен шектелеміз

44

16

Жыныс мүшелерінің құрылысы

46

17

Жыныс мүшелері аурулары

48

18

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар

52

19

Зәр шығару жүйесі

56

20

Зәр шығару жүйесі. Бүйрек

57

21

Ми

58

22

Дұрыс тамақтану — денсаулық негізі

60

23

Шылым шеккенді ауру шырмайды

62

24

Аллергия

63

25

Сау тіс-денсаулық кепілі

68

26

Йод– адамның қалыпты өсуі мен дамуына қажетті миркоэлемент

72

27

Жалпақтабандылық жайлы не білеміз?

74

28

Денсаулыққа зиянды әрекеттер: ішімдік ішу,темекі шегу және нашақорлық

75

29

ЖИТС – ХХІ ғасыр дерті

79

30

Ішкі секреция бездері

81

31

Туберкулезден сақтаныңыз

85

32

Тромбофлебит дегеніміз не?

87

33

Оқушылардың сабақ орындау кезіндегі гигиеналық ережелер

88

34

Қорытынды

91


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Т.Айтбаев «Адам организмінің қызметтері» Алматы.Қазақстан.1983ж

2.И.Г.Цой.Л.Р.Құлмырзаева.Ф.Е.Оспанова «Иодталған ас тұзы» Алматы 2003ж

3. «А.Ә.Көшірбаева», Балаңыз темекі шеге ме», Алматы 2002ж Г.Икиманова» Гипертония ауруы және емдік гимнастика» Алматы «Қазақстан»1987ж

4.Қ.А.Макиров.Қ.Қ.Құдайбергенов «Жұқпалы іш аурулары және одан сақтану»Алматы»Қайнар» 1976

5.Г.С.Оспанова.Г.Т.Босшатаева «Экология»Алматы. 2000ж

6.Б.И.Ткаченко «Основы физиологии в двух томах» Петербург 1994

7.И.М.Төленбеков «Нерв жүйесінің физиологиясы» Алматы 1992ж

8.И.М.Төленбеков «Сенсорлық жүйелер физиологиясы» Алматы 1994ж

9.К.В.Смирнова «Физиология человека» Москва «Медицина» 2001г

10.Ә.Нысанбаев Алматы «Қазақ Энциклопедиясы»Бас редакциясы 1998 ж ISBN5-89800-123-9VIII

11.Денсаулық жүрналы 2011ж №11-53бет

12. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х

13. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008. ISВN 9965-34-812-Х





























Құрастырған:

Жаркинбаева Гульзира Тынысбековна






Компьютерде беттеген:А.Архабаева

Шрифт- Tumes New Roman, каріп көлемі – 14.

Шарты баспа табағы-5, есептік баспа табағы-4,7


94



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!