Материалдар / Авторлық бағдарлама Әдебиеттік оқу таңдау пәні 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама Әдебиеттік оқу таңдау пәні 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу құралы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналып жазылған.Сондай -ақ оқушыларға беретін ақыл-кеңесі де мол. Бағдарлама оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасап, дүниетанымын кеңейтуге негізделген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
2014
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы

Махамбет ауданы







Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы




АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


Әдебиеттік оқу


(таңдау курсына арналған)


3 – сынып




















2019 жыл






Алғы сөз


Бұл кітапша –3 сыныптың жаңа сипаттағы «Әдебиеттік оқу» пәні оқулығына қосымша оқу құралы ретінде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құрастырылды. Бұл ретте бастауыш сыныптың оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Кітап бағдарламадан, әдістемелік құралдан және дидактикалық материалдардан тұрады.

Қазіргі кезде мектептің алдына қойылатын мақсат – бастауыш сыныптарда қолданылатын технология жеке тұлғаның ойдағыдай қалыптасуына ықпал етіп, баланың өзімен - өзі , айналадағы адамдармен, отбасымен, құрбы – құрдастарымен дұрыс қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеуді іске асыратындай болуға тиіс.

Жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті өлшемдер: бала өзгермелі жағдайларға үнемі икемделіп, өзінің бойында бар мүмкіндіктерін, туғаннан берілген нышандарын толық жарыққа шығара алатындай болғаны дұрыс.

Бағдарлама төмендегідей тараулардан тұрады. Мұнда халық ауыз әдебиеті үлгілері, Қазақстан Республикасы және жерлес ақын – жазушылардың шығармалары, еңбектері, елге сіңірген қызметтері енгізілді. Соның нәтижесінде жас шәкірттің ой - өрісін оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес дамыту ескерілді.

1. «Туған елім – туған жерім» тарауында, оқушыларды туған жерін сүюге, оны қадірлей білуге үйрете отырып, өз ауылымыздан шыққан, Атырау өңірінің күйші, ақын, майдангер аға - апаларымыздың өмір тарихтарымен оқып, танысады.

2.«Білім – таусылмайтын кен» тарауында, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ екенін, білімді адам- күшті, ақылды, тапқыр болатыны түсіндіріліп, оқушы білімінің сапасын арттыру арқылы өзіндік тұжырымын, көзқарасын қалыптастыру. .

3.«Табиғат тамашалары» тарауында «Табиғат - алтын бесік» Абайдың жыл маусымдарына жазған өлеңдері арқылы табиғатты сүйе білуге, қорғауға, экологиялық тәрбие беруге үйретіліп, дүниетанымын жетілдіруге машықтанады.

4.« Сарқылмас қазына» тарауында «Өнер алды – қызыл тіл» дегендей,. халқымыз ежелден сөз ұстаған шешендерін қадірлеп, олардың ұлағатты сөздерін еске сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жатқа айтып жеткізіп отырғанын ұғындыру арқылы, жүйелі сөз, ақылды ой айта білуге үйренеді.

5. «Еңбек - ерлікке жеткізер» тарауында «Бейнетсіз рақат жоқ », «Ердің атын еңбек шығарар » дегендей елге еңбегі сіңген аталарымыз бен ағаларымыздың еңбек жолдарымен таныстыру арқылы жас ұрпаққа кәсіптік бағдар беруге , мамандық таңдай білуге баулу.

6. «Ұлылардан ұлағат » тарауында ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ұлағатты сөздерін, ұлтжанды, ұлылық ұстанымдарын жас ұрпақ бойына сіңіру арқылы ізденуге, көп білуге үйрету.

7. «Тарих тағылымы» тарауында Отан үшін от кешкен ата - әжелеріміздің ерлік істерін үлгі тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың теориялық қағидалары мынадай:

1. Білім беру процесінде жауапкершіліктің бір бөлігін оқушылардың өздеріне жүктеу.

2. Баланың білім мен білігін қалыптастыру үшін - айналадағы адамдар мен әлеуметтік қарым – қатынасқа түсу.

3. Мұғалім мен оқушының қарым – қатынасын психологиялық - педагогикалық технологияларда пайдалану.

Бұл әдістемеде көркем сөзбен және өлеңмен жазылған шығармалар берілген.

Ұсынылып отырған дидактикалық материалдар бағдарлама мазмұнын терең ашып, оқушы ұғымына , санасына түсінілуіне сай талдап беруді көздейді. Сондықтан да, әр шығарма бойында берілген сұрақ- тапсырмалар, қосымша жұмыстар оқушылардың өздігімен ойланып, жұмыс істеуіне, олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуына септігін тигізеді.

Кітаптың ерекшелігі сол, ұсынылған диактикалық материалдардың оқулықтан тыс алынуында.Оқушыларды әдебиетке баулуда оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата – ана арасында байланыс нығайып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығып, танымдық, шығармашылық қабілеттері артты. Ал, тәжірибе көрсеткендей, шығармашылықпен жұмыс жасаған оқушының дүниетанымы артады.

























































Әдебиеттік оқу.

Таңдау пәнінің бағдарламасы. 3-сынып.

/барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/

Оқу материалы төмендегі көрсетілген тарауды құрайды:

1.Туған елім – туған жерім

  1. Білім – таусылмайтын кен

  2. Табиғат тамашалары

  3. Сарқылмас қазына

  4. Еңбек ерлікке жеткізер

  5. Ұлылардан ұлағат

  6. Тарих тағылымы

Көркем шығармалар бөлімі балалар әдебиетінің 2 саласын қамтиды.

  1. Ауыз әдебиеті үлгілері

  2. Жазба балалар әдебиеті үлгілері

Ауыз әдебиеті үлгілерінен :

    • Төрт түлік жыры

    • Аңыз әңгімелер

    • Батырлар жыры

    • Айтыс үлгілері

    • Шешендік сөздер

    • Ұлттық дәстүрлер

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

  • Өлеңдер

  • Мысалдар

  • Әңгімелер

  • Мақала, очерк

Әдебиеттік оқу пәнінен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

Шығармаларды оқу:

  • Орфографиялық талаптарға сай оқу

  • Дыбысты, буынды, сөзді түсірмей анық айту.

Түсініп оқу:

  • Сөз, сөйлем мәнін ұғынып оқу

  • Дауыс ырғағын сақтап оқу

Шапшаң оқу:

  • Бірінші жарты жылдықта 70 – 80 сөз оқу

Екінші жарты жылдықта 80 – 90 сөз оқу


Мәнерлеп оқу:

- Әуезді сазды ерекшелігін сақтау

- Сөз екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Ой екпіндісін дұрыс қойып оқу

- Кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқу


Берілетін білім:

- Ауыз әдебиеті үлгілерін білу

- Қазақ балалар әдебиетінің поэзиялық және прозалық шығармаларын

білу.

- Әлем балалар әдебиетінің көрнекті шығармаларын білу

- Оқыған шығарманың авторын білу

- Жанрлық ерекшелігін білу /өлең, мысал, әңгіме/

- Бастапқы әдеби түсінікті білу /пейзаж, сюжет, тақырып, негізгі ой, портрет, мінездеме, юмор, монолог, диалог)

- Әдеби тілдің бейнелегіш-көркемдегіш, құралдарын пайдалана білу

- Кейіпкер іс-әрекеті туралы көрсете алу

- Оқығаннан алған әсерін көрсете алу

- Жоспар құра білу

- Шығармадағы оқиғаны сақтап айта білу

- Шағын шығарманы толықтырып құрастыра білу

- Сынып бойынша белгіленген 4-5 үзінді, 6-9 өлеңді жатқа айта білу

- Жыл бойына 6 мазмұндама, 5 шығарма жазу

- Балаларға арналған басылымдарды пайдалана білу

- Сахналық көріністі көрсете білу.


Ескерту:

Бағдарламалық талап барлық деңгейдегі оқушыларға бірдей болу керек. Жеке сыныпқа ғана мұғалім деңгейдегі оқушы біліміне қарай деңгейлік бағдарламалық талап қоюға болады. Ал жалпы оқулық үшін бағдарламалық талап бірдей болуға тиіс.


Әдебиеттік оқу

сағат

саны

Бағдарламалық талап

І тоқсан (9 сағат)

1.Туған елім, туған жерім

1

Астана – арман қала

1

Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру


Оқушыларды елін қадірлеуге үйрету


Өз халқына мақтаныш сезімдерін ояту

2

Евразияның кіндігі

1

3

Хан ордасы - Сарайшық

1

4

Ата - қоныс - Бақсайым

1

5

Қазақтың Қаршығасы

2

6

Жанибаның жалынды жырлары

1

7

Майдангер ақын - Сембай Бердімұратов

1

8

Әнші - Ғафиз аға

1

ІІ тоқсан (7 сағат)

ІІ.Білім - таусылмайтын кен

1

«Ғылым таппай мақтанба». Абай


1

Оқушылардың көркем шығарманың түпкі мән – мазмұнын түсініп, эмоциялық қабылдауын, кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу, күйіну – сүйіну білімнің адам өміріндегі мазмұнын түсіндіру

2

Таза бұлақ. Ы. Алтынсарин


1

3

Күш – білімде

Мақал-мәтелдер

1


ІІІ. Табиғат тамашалары

1

Абайдың табиғат лирикасы

1

Шығармадағы табиғат пейзажын теріп, оқи білу, оларды өз сөздерінде қолдана білуге үйрету. Экологиялық тәрбие беру, табиғат байлығын ысырапсыз пайдалануға жол бермеуге баулу, адамгершілік иманды

лықты дамыту

2

Суықторғай

1

3

Маусымдар

1

4

Табиғат – алтын бесік

1

Барлығы

7

ІІІ - тоқсан (10 сағат)

IV.Сарқылмас қазына

1

Өнегелі ертегілер

1

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін таныстыру, тілдік қорын молайту, шешендікке баулу, бала қиялын дамыту

2

Айтыс түрлері

1

3

Аңыз әңгімелер

1

4

Тест жұмысы

1

V. Еңбек ерлікке жеткізер

1

Жұлдызды ата

2

Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге бейімдеу, еңбек адамдарын құрметтеуге баулу, кәсіптік бағдар беру

2

Ұстаз мерейі

1

3

Еңбек туралы мақал - мәтел құрастыру

1

4

Мамандықтың бәрі жақсы

1


5

Шығарма

1

Барлығы

10

VІ - тоқсан ( 8 сағат)

VІ.Ұлылардан ұлағат



1

Мұзафар - балалар ақыны

1

Жаңа әрі көркем сөздермен оқушылардың сөздік қорын байыту. Адамгершілікке,иман-дылыққа үйрету

2

Шешендік шиыры

1

3

Бес арыс

1

4

Қаныш ата

1

VІІ. Тарих тағылымы

1

Хиуаз Доспанова туралы үзік сыр

1

Оқушылардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын ояту, халқымыздың ұлы азаматтары туралы түсінік бере отырып, олардың өмірлерін үлгі ету

Бүгінгі өмірмен таныстыру

2

Ел қорғаған - ер бабам

1

3

Отан үшін от кешкендер

1

4

Ереулі атқа ер салмай

1

Барлығы:

8




Сабақ жоспары


Тақырыбы: Жалынды ақын – Махамбет

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!