Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 33 жалпы орта білім беретін мектебі КММ

АРНАЙЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
жалпы орта білім беретін мектептің
4-сыныбына арналған
2017 жыл
Құрастырған: Бастауыш сынып мұғалімі Л.Ж.Ажикенова

Түсінік хат
Баланы жастайынан әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрлерді игеруге,тілін дамыту, халық өнеріне баулу тәрбиенің көзі деп саналған.
Ұлттық тәрбие ананың сүті, ананың әлдиінен, ана тілінен бастау алады. Баланың тілі ана тілінде шығып, ана тілінің мың құбылған мазмұнын терең түсінсе ғана ұлттық қасиет, салт-сана, дәстүр ерекшелігін психологияны игереді екен.Ана тілін түсіеген әрбір жас ата дәстүрді аттамайды, ал дәстүрді құрметтеген адам «Адамгершілік» деген үлкен қасиетті әрқашан биік ұстайтыны анық.
Асыл мұра үйірмесін оқытудың мақсаты:
-
оқушы бойында қазақ халқының ұлттық дүниетанымын, ежелгі замандардан бүгінге жеткізіп берген дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін қалыптастыру. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, ептілікке, қырағылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.
Осы мақсаттарға сәйкес ұлттық дүниетанымды оқытудың мынандай жалпы міндеттері айқындалады.
-
Туған еліміздің, халқымыздың төл мәдениетімізге лайық таным түсініктері мен ерекшеліктерін қалыптастыру;
-
Шежірелі ата-қоныстар, халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап, әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны туралы түсініктерін жетілдіру;
-
Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған салты мен сапасына бағыт-бағдар етіп сақтаған салт-дәстүр, әдеп пен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы сияқты қазақ мінезі мен тіршілігін тануға баулу;
-
Ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде еңбекке, халықтық ісмерлікке, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
-
Қазақ батырлары, хандары, билерімен таныстыру.
Қазақтың ұлттық психологиясының бір ерекшелігі – атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.Қазақ халқы туған жерін, ата-бабасының өмір сүрген өмірді ерекше қасиет тұтып қадірлеген. «Басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Отан оттан ыстық» деген мәтелдердің өзінде философиялық үлкен ой жатқандығын, терең мән-мағына барын көреміз.
Негізінен алғанда, ұлттық психикалық құрылым үш компоненттен тұрады.Ол: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез-құлық.
Жалпы алғанда, тәлім-тәрбие ұлттық мәдениетпен тығыз байланысты.
3
Асыл мұра бағдарламасының білім мазмұны
4 сынып
(аптасына 1сағаттан, барлығы 34 сағат)
І. Ұлағатты ұлттық ұғымдар (21 сағат)
Қазақ мемлекеті (хандығы). Егеменді қазақ елі. Қазақ хандығының
хандары.Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдары.Абылай хан, Кенесары Қасымұлы. Қазақ халқының билік айту дәстүрі.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.Билер туралы аңыз әңгімелер. Қазақтың батырлары.Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Ағыбай батыр. Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Ер Қосай батырлары. Шешендік өнер. Жиренше шешен.Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері. Асанқайғы жырау. Құрманғазы.Қазақтың ұлттық киімдері. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар. Қазақша салмақ өлшемдері.
5, 6, 7 сандарының мағынасы.
ІІ. Қару-жарақтар ( 2 сағат)
«Ер қаруы – бес қару» Бес қаруға байланысты сөз тіркестері. Қорғаныс құралдары ( жарақтар). Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары.
ІІІ. Жырлар ( 3 сағат)
Бесік жыры.Тұсау кесу жыры. Батырлар жыры. Тұрмыс - салт жырлары
ІҮ. Төрт түлік .Аңшылық ( 4 сағат)
Төрт түліктің пайдасы. Жылқы –малдың патшасы. Ат әбзелдері.
Аңшылық - ата кәсіп
Ү. Ұлттық ойындар (4 сағат)
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары . «Асық ойыны». Қадірлесең салт-дәстүр-қымбатты асыл қазына
4
Осы курс бойынша оқушылардың меңгерілген
білім, білік, деңгейіне қойылатын талаптар
Ұлағатты ұлттық ұғымдар бойынша:
-
қазақ хандығының хандарын, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдарын білу;
-
Үйсін Төле би, Арғын Қаздауысты Қазыбек би, Алшын Әйтеке билерін білу;
-
қазақтың батырларын білу;
-
қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілерін білу;
-
қазақтың ұлттық киімдерін,киімге қатысты тыйымдар мен ырымдарды білу.
Қару-жарақтар бойынша:
-
шабуыл, қорғаныс құралдарын, қару-жараққа байланысты ырымдар мен сенімдерді білу.
Төрт түлік, аңшылық бойынша:
-
мал әбзелдері мен құрал-жабдықтарының атауларын білу;
-
саятшылықта қолданылатын құрал-жабдықтарды білу;
-
аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар, мақал-мәтелдерді білу.
Зерттеуге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері
-
Ұлағатты ұлттық ұғымдар бойынша конференция, диспут, пікірталас жүргізу;
-
реферат жазу, шығармашылық сайыстар өткізу;
-
дөңгелек үстел, сурет сайысы.
Күтілетін нәтиже:
-
Оқушылар танымдық және комуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы тұлға ретінде қалыптасады;
-
Оқушының ақыл – ойы, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапалары дамиды.
5
Асыл мұра бағдарламасының күнтізбелік жоспары
4 сынып
|
№ р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Өткізу мерзімі |
|
1 |
І. Ұлағатты ұлттық ұғымдар (21 сағат) Қазақ хандығының құрылуы |
1 |
|
|
2 |
Егеменді қазақ елі. |
1 |
|
|
3 |
Қазақ хандығының хандары |
1 |
|
|
4 |
Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдары. |
1 |
|
|
5 |
Абылай хан, Кенесары Қасымұлы |
2 |
|
|
6 |
Қазақ халқының қолөнері |
1 |
|
|
7 |
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би |
1 |
|
|
8 |
Билер туралы аңыз әңгімелер. |
1 |
|
|
9 |
Қазақтың батырлары.Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Ағыбай батыр. |
2 |
|
|
10 |
Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар, Ер Қосай батырлары |
2 |
|
|
11 |
Шешендік өнер. Жиренше шешен |
1 |
|
|
12 |
Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері. |
1 |
|
|
13 |
Асанқайғы жырау Құрманғазы |
1 |
|
|
14 |
Қазақтың ұлттық киімдері |
1 |
|
|
15 |
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары. |
1 |
|
|
16 |
Қазақша салмақ өлшемдері |
1 |
|
|
17 |
Киелі сандар.Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар. |
1 |
|
|
18 |
Киелі 7 саны |
1 |
|
|
|
ІІ. Қару-жарақтар ( 2 сағат) |
|
|
|
1 |
«Ер қаруы – бес қару» |
1 |
|
|
2 |
Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары |
1 |
|
|
|
ІІІ.Жырлар ( 3 сағат) |
|
|
|
1 |
Бесік жыры.Тұсау кесу жыры |
1 |
|
|
2 |
Батырлар жыры |
1 |
|
|
3 |
Тұрмыс - салт жырлары |
1 |
|
|
|
ІҮ. Төрт түлік. Аңшылық ( 4 сағат) |
|
|
|
1 |
Төрт түліктің пайдасы |
1 |
|
|
2 |
Жылқы –малдың патшасы |
1 |
|
|
3 |
Ат әбзелдері |
1 |
|
|
4 |
Аңшылық - ата кәсіп |
1 |
|
|
|
Ү. Ұлттық ойындар (2 сағат) |
1 |
|
|
1 |
Ұлттық ойындар |
1 |
|
|
2 |
Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық ойындары |
1 |
|
|
3 |
«Асық ойыны». |
1 |
|
|
4 |
Қадірлесең салт-дәстүр-қымбатты асыл қазына |
1 |
|
6
Пайдаланған әдебиетттер тізімі
-
Сейіт Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 2005 ж.
-
«Жеті қазына» 2001 ж.
-
Н.Базылхан «Сен білесің бе?» атты тарихи-этнографиялық кітаптар топтамасы. 2001 ж,.2002 ж., 2003 ж.
-
Аюбай Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» 1997 ж.
-
М.Ш.Өмірбекова «Қазақ халқының дәстүрлі өнері» 2004 жыл.
7
1-сабақ
Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін
мекендеген қандас, туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатыныстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімділік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылуы тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам
қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ
барысында көрнекі құралдар пайдаланып, пікірсайыстар, ойындар ұйымдастырып отыру.
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың барысы.
-
Ұйымдастыру.
-
Ой көкпар.
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
-
Математикалық ойын.
-
Термин сөздер ойыны.
-
Жылдар сөйлейді ойыны.
-
ВЕНН диаграммасы.
-
Тестпен жұмыс.
Қазақстан Республикасының әнұранымен сабақты бастау.
1 . Жаңа сабақты түсіндіру.
Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығына да құрметті, бірақ сол, бұрынғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар-Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған ұлдары. Аты жөнімен таратсақ, ежелгі түріктің қият руынан бастау алатын, қазақтың үш жүзіне ортақ төре деген рудан. Аталарын таратып айтсақ:
Шыңғысхан
Жошы хан
Тоқай-темір
Өз-темір
Қожа
Бәдіғұл
Орыс хан
Тоқтақия
Болат. Құйыршық
Керей. Жәнібек
Жәнібек пен Керейдің алдына қойған мақсаты.
-
Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.
-
Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы, т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату.
-
Қазақ тайпаларының басын қосып қазақтың этникалық аумағын біріктіру
8
«Қазақ» атауының шығуы.
«Қазақ» термині зерттеушілер арасында қызу талас тудырады. Ортағасырлық деректер бойынша «қазақ» термині алғашқыда таза әлеуметтік мағынада болды. Әскери іспен айналысқан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай, мемлекеттен бөлініп кеткендерді білдірген. Қазақ халқының тарихында Алтын Орда дәуірі ерекше орын алады. Бұл мемлекеттің негізін Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан құрды. Жошы хан Ұлытауда билік құрды. Сол жерде оның күмбезі әлі де бар. Ол 1227 жылы қайтыс болды. Жошы хан өлгенен кейін оның баласы Бату әкесінің иелігін батысқа қарай кеңейтті. Мемлекеттің орталығын Еділ бойындағы Сарай қаласына көшірді. Ол кезде Алтын Орданың халқын «ноғайлы» деп атады. Осы ноғайлы елінің құрамында «алаш мыңы» аталған ел Алтын Орда ыдырағанда , қазақ халқына негіз болды.
Алтын Орда мемлекеті ХY ғасырда дағдарысқа ұшырап, көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Соның бірі Ақ Орда атанғаны тарихи деректерден белгілі. Бұл ұлысқа иелік жасаушы сұлтандар Жошы ханның үлкен баласы Орда Еженнен тарайды. 1428 жылы олардан билікті Шайбан тұқымынан (Жошы ханның бесінші ұлы) шыққан Әбілхайыр деген хан тартып алды. Көп ел оған бағынбай, Шу бойына қарай көшті. Бұлар алаш тайпалары еді. Міне, сондықтан Жәнібек пен Керей бастаған, Монғолстанға көшіп кеткен алаш көшпелілері «қазақ» атауын алды.
«Математикалық ойын». Оқушылар мына есептерді шығарып, шыққан сандар тарихи оқиғалар екенін біледі.
-
4000 : 2 – 532= (Әбілхайыр ханның қайтыс болған жылы)
-
400 х 3 + 148 = Монғолстанның құрылған жылы.
-
2800 + 105 – 1500 = Әмір Темірдің қайтыс болған жылы.
-
728 х 2 + 0 = Қазақ хандығының құрылған жылы.
-
4000 + 221 – 3000 = Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы.
-
3800 : 2 + 91 = ҚР-ның Тәуелсіздік алған жылы.
Жылдар сөйлейді.
-
1206жыл (Шыңғысханның хан болып сайлануы.)
-
1456 жыл (Қазақ хандығы құрылды)
-
870-950 жылдар (Әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары)
-
1991 ж 16 желтоқсан. (Қ.Р.Тәуелсіздігінің жариялануы.)
-
Б.з-дың 552 жылы. (Түрік қағанаты құрылды)
-
1995 жылы 30 тамыз. (Қ.Р. Конституциясы қабылданды)
Венн диаграммасы.
«Қазақ хандығы» «Қазақ мемлекеті»
Керей мен Жәнібек Н.Ә.Назарбаев
Қорытынды.
2-сабақ
Сабақ тақырыбы: Егеменді қазақ елі
Сабақ мақсаты: 1) Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауы, мемлекеттік тәуелсіздігін алуы туралы мәліметтер беру, егемендік пен тәуелсіздік жөнінде оқушылардың ұғымына сай жалпы түсінік беру;
2) тарихи дамудың баламалы жолдарын саралай білуге қызықтыру, оқушылардың тілін дамыту, ақпараттарды игеру қабілеттерін дамыту;
3) Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілгі: Кеңес Одағы саяси-әкімшілік картасы, дүниежүзі саяси картасы, батырлар суреті
9
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Ой толғау. Қазақ батырларының аңсаған армандары не еді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалім: Ата-бабаларымыз аңсаған арманы тәуелсіздік, егемендік еді. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз «Егеменді еркін ел» деп аталады.
-
Егемендік, егеменді, егемен деген сөздерді айтып жатамыз, мағынасын түсініп алайық.
Егемендік - бір мемлекеттің ішкі істерінде ешбір мемлекетке тәуелді болмауы және сыртқы саясат жүргізу еркіндігі, тәуелсіздігі.
Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
Мұғалім: - Балалар, біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?
-
Тәуелсіз алғанға дейін біз қай ел атандық, білесіңдер ме?
-
Мағынаны тану. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – империя
15 одақтас республикалар
Қазақстан тәуелді, орталыққа бағындырылған
1980 жылдардағы демократиялық қайта құрулар
1990 жылы 25-қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының
Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Декларация – жұртшылыққа бір шаруа жайлы жария ететін ресми
Мәлімдеме.
1991 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан деп атала бастады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық Заңы қабылданды.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү. Өзің пайымда.
1. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келді ме? Олар не істеді? Кімдер құрбан болды?
2. Кеңес Одағының құрамында болғанда Қазақстан неліктен шет елдермен тікелей байланыста бола алмады?
3. Халықаралық қатынастар қандай елдердің арасында ғана болады деп ойлайсың?
4. Қазақстан халықаралық қатынастар жасау үшін не істеді?
5. Біздің тәуелсіздігімізді нелер білдіреді?
ҮІ. Ой ширату. Топтық жұмыс
І топ. «Менің елім – Қазақстан»
ІІ топ. «Мен – егеменді елімнің болашағымын»
ІІІ топ. «Біздің тілегіміз – еркіндік»
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы талқылап өз пікірлерін айтады.
ҮІІ. Сабақты беркіту.
-
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан қай елдің қарамағында болды?
-
Егемендік дегенді қалай түсінесің?
-
ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?
-
Демократия деп нені айтамыз?
-
Тәуелсіз ел болу мен тәуелді ел болудың айырмашылығы бар ма?
ҮІІІ. Қорытынды.
-
Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл?
-
Тәуелсіздігіміздің баянды болуына кімдер атсалысуда?
-
Тәуелсіздікті сақтап қалу жолында не істер едіңдер?
10
3-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Қазақ хандығының
хандары
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен
таныстыру, қазақ жеріндегі
тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық
соғыстар нәтижесінде емес,
халықтың ғасырлар бойы армандаған арман
тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін
түсіндіру. Абылай мен Тәуке ханның билік саясатына түсінік
беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің
құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай
білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет
сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз
бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Мұғалімнің сөзі: Қазақ хандығының құрылуына
себеп болған басты шарттарының бірі - Әбілхайыр хандығындағы ру –
тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі
дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен
соғыста жеңіліске ұшырауы - халық бұқарасының Әбілхайыр ханға
наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық
езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп -
қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен
Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат -
тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы
күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын
бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш
бастады. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға
қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс
бөліп берді.
1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын
құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы
болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға
құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді,
сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек
болды.
Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік
- экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы
7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды
- рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты -
қаған басқарды.
Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі
басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.
Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 -
1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен
бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға
күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан
1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы,
дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек
дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен,
өз заманының азаматы.
Картамен
жұмыс
1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан
құрылғанын көрсету.
2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ
хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге
ұмтылды.
Тәуке хан
тобы:
1. Жеті жарғы қандай
заң?
2. Жеті жарғы заңы неше тараудан
тұрады?
3. Ұрлық жасағандарға қандай жаза
қолданылды?
4. Моғолстан ханы Есен - бұға Керей және
Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы
алды?
5. Керей мен Жәнібек хандарының туыстық
жақындығы қандай?
6. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі
басты саласы қандай шаруашылық
болды?
7. Қазақ хандығының құрылуының, нығаюының
тарихи маңызы қандай?
5. Із қуушы – оқушы даталар бойынша жұмыс
істейді.
Абылай хан тобы: 1711 - Абылайдың туған
жылы.
1742 жыл Абылайдың Жоңғарларға тұтқынға
түсуі.
1771 жыл Абылайдың хан
болуы.
1757 - 1777 жж. Пекинге 10 елшілік
жіберген.
Тәуке хан тобы: XVII - XVIII ғ. Жеті жарғы
заңы шығарылды.
1687 - 88 ж. Орта Азиямен сауда
дамытты.
1686 - 1693 жж. орыс - қазақ қатынастарын
дамытты.
1718 жыл Тәуке хан қаза
тапты.
6. Дәнекер – қазіргі өмірде осы
қайраткерлердің алатын орны. (ескерткіштер,
кітаптар).
Абылай хан тобы: Абылай хан ескерткіштері
Астанада, Алматыда, Қарағандыда орналасқан. Қасиетті Түркістан
қаласында 2000 жылы Н. Назарбаевтың пәрменімен Абылай ханның басына
орнатылған құлпытасқа М.
Жұмабаевтың:
Қиын күн туған алаш
басына,
Шұбыртып жапанның сар
даласына.
Күндерде сонау – қара топсырған
ел.
Сол күнде ел қорғаған
Абылайдың
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына,- деген
өшпес өлеңі жазылған.
Қ. Байболұлының «Төле бидің тарихы» деп
аталатын әйгілі дастанында да «Жеті жарғы» туралы
айтылады.
7. Іздеуші – оқушының рөлі тақырыптан тыс
мәліметтер, деректер
келтіру.
Абылай хан тобы: Абылай сонымен қатар күйші
болды. Күйлері: «Ақ толқын», «Дүние қалды», «Қайрат елім», «Қоржын
қақпай», «Майда жел», «Сары
бура».
Абылай жетпіске келіп дүниеден өтер кезде
Бұхар жырауды шақырыпты.
Сонда Бұхар жырау Абылайдан былай деп
сұрапты: «Не арман – тілегіңіз бар» деген екен?. Жауабы: Абылай
жыраулармен мақұлдаса келе, үш арманын айтқан
екен:
1. Көп қан төгілді. Мен төкпесем, дұшпан
менің қанымды төгетін болды.
2. Халқым жер емшегін еме алмады, қала кент
салғызып үлгермедім.
3. Елдің басы бірікпеді, тентегі телесі көп
болды.
Сөзжұмбақ
шешу:
1. Абылай хан қазақтың қандай мемлекеттігін
сақтауды көздеді?(Алаш)
2. Орта жүз ханы
(Әбілмәмбет)
3. Үш жүздің өкілдері қол қойған тау аты
қалай аталады?(Ұлытау)
4. Қазақтың соңғы ханы?
(Уәлихан)
5. Үш жүздің бірі қалай аталады?
(Орта)
6. Қазақстандағы өзен аты?
(Жайық)
Қорытынды:
Үй тапсырмасы: «Егер мен хан болсам.....»
деген тақырыпта ой толғау жазу.
12
4 - сабақ
Тақырыбы: Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз хандары және билік құрған жылдары
Сабақтың мақсаты:
Ø Қазақ қоғамындағы жүздік құрылымның мәні,орналасқан аумағы туралы оқушыларға деректер беру.Шығармашылық белсенділігін арттыра отырып,бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Ø Оқушыларды қазақ халқының шежіресімен таныстыру арқылы өз ойларын,тұжырымдамаларын толық және мәнерлі жеткізе білу қасиеттерін дамыту.
Ø Тарихи құндылықтарды қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру.
Сабақтың әдісі:Баяндау,тірек-сызбалар,сұрақ-жауап,ой қозғау,сөзжұмбақ
Сабақтың көрнекілігі:Карта,тірек-сызбалар,суреттер,қосымша әдебиеттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Ø Сәлемдесу,сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІІ.Жаңа сабақ. «Ой қозғау»
1.Қазақ жүздері туралы не білесіңдер?
2.Шежіре дегеніміз не?
Тірек-сызбалар.
1.Жүздердің құрылуы. 2.Жүздердің бөлінуі.
V.Қорытындылау.
Мұғалім сөзі: Кез келген қазақ жеті атасын айтып берсе,ешқашандай паспорттық деректер мағлұматтарға сүйсенбей-ақ оның қай ел,қай жерден шыққанын шежіре білген саңылауы бар қазақ баласы дөп басып тауып бере береді деп жазған Ш.Құдайбердіұлы еді.Сонымен қатар Мұхаммед пайғамбар «өзінің шыққан тегіңді біл,бұл туыстарды жақындастыра түседі»деген болатын.
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының аса көрнекті, саяси мемлекетқайраткері Абылайхан жайлы білім беру.Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыру. Аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи танымын жетілдіру, сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттыру, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, кесте, портреттер.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ
Қолданылатын әдістер: Интерактивті тақта, баяндау, сұрақ-жауап, топтастыру әдісі, ойын, шығармашылық жұмыс, проблемалық сұрақтарды талдау, тест, картамен жұмыс.
Тірек ұғымдар:
- Азаттық
- Отаршылдық
- Бостандық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Абылайдың өмір жолы
2. Абылай хан-қолбасышы, мемлекет қайраткері
3. Абылай – аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері.
Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет
13
қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есімхан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Сонымен, бүгінгі сабақта біз қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқыныда болған уақыт.
1-топ:
Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) – қазақ ханың ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.
Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болды. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр « ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» де пат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметттерне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң,Алтын тұғар үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.
Абылай өмір жолын ат сүтінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында 1781 жылы қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалады.
2 топ:
Абылай ханның басты мақсаты – қазақ халқының басын қосып, жерін сыртқы жаулардан азат ету болды.
Қиын-қыстау шапқыншылық уақытта тарих сахнасына қазақ қауымын тығырықтан алып шығар тарихи тұлға Абылай шықты. Абылай тұлғасын ашып көрсететін ерлігі мен өрлігін, тектілігі мен батырлығын қатар ұстанған кезі жоңғар тұтқыныда болған уақыт.
Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қонтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әксінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
1- кесте бойынша Абылай ханның дипломат болғандығын ашып көрсетеді.
Ішкі саясаты Сыртқы саясаты
Бір орталықтан басқаратын мемлекет құрды Ресей, Қытай,Орта Азия елдерімен экономикалық және сауда байланысын орнатты
Билер сотына тыйым салды Қазақ жеріне ешкім қол сұға алмайтын тұтастығын қамтамасыз етуге бағыттады
Қазақ рулары мен тайпаларының арасындағы қақтығыстар мен барымта алуды тоқтатты
14
3-топ:
Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Абылай қаhарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жоға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Академиктердің Абылай ханға берген сипаттамаларынан:
1-оқушы: «Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежеміне көтерді» - деп жазды академик М.Қозыбаев.
2-оқушы: Абылай хан туралы академик Е.Букетов: «Наполеонның министрлері мен маршалдары сияқты Шоқанның бабасы өзін ұлы адамдармен қоршай білді» деп жазған.
3-оқушы: Абылай қазақ халқының басын қосып, жерін жаудан азат еткен, біртұтас мемлекеттігін орнатқан, ұлттық санасын қалыптастырған ірі қайраткер, ұлы тұлға. Абылай бабамыздың кім екенін М.Әуезовтың сөзімен айтсақ: «Қазақстан дербес ел болуына, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып бір жеңінен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас» - деп бағалаған.
4-оқушы: Абылай хан туралы жазылған еңбектер аз емес. 1999 жылы зерттеулер нәтижесінде «Абылай хан» кітабы жарық көрді.
2.Кесте бойынша тапсырма
№ Сұрақтар Қате жауап Дұрыс жауап
1 Абылай хан қай жылы дүниеге келді? 1721 жыл
2 Қай жылы Абылай үш жүздің ұлы ханы болып сайланды? 1743 жыл
3 Абылай хан елді абыроймен неше жыл басқарды? 25 жыл
4 Абылайдың шын есімі? Сабалақ
5 Абылай хан қай жерге жерленген? Арыстан баб кесенесіне
6 Абылай қай батырға «Дарабоз» депат берген? Баян батыр
7 Абылайдың сүйікті ақыны Үмбетей жырау
8 Абылайдың атасы «қанішер Абылай» қай қаланы биледі? Тараз
«Картамен саяхат» (сұраққа жауап беріп катадан қалаларды көрсету)
1. Абылай хан Орта Азиямен жүргізген соғыс нәтижесінде қай қалаларды жаудан босатып алды?
2. Абылай хан қай қалада дүиеге келді?
3. Абылай қай қаладан қай қалаға келе жатып қай өзеннің бойында дүиене салды?
4. Абылай қай жердің тумасы?
5. Абылай қайда жерленді?
Топтастыру «Абылай кім?»
Жауабы: хан, батыр, қолбасшы, мәмілегер, күйші, сұлтан.
Тұлғаға сипаттама.
Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мәдени қайраткері Абылай хан қандай адам болған?
Мотивация (ой қозғау) шығармашылық жұмыс
Оқушыларға проблемалық сұрақ қойылады:
1-топ: Төле бидің жас жылқышысы «Абылайлап» жауға шапты. Әбілмансұр Шарыштың басын шабады. Сұрақ: Қалдан Серен кек алу үшін Әбілмансұрды қалай қолға түсірді?
2-топ: Абылайды өлтіру алдында қандай Қалдан Серен қандай үш шарт қойып сынады?
3-топ: Қалдан Серен өзінің қызы Топыш сұлуды Абылайға сынамаққа жібергенде екі түрлі мақсат қойды? Ол қандай мақсат?
Жауабы:
1.Абылай көңілі көншісе үш күн үш түн тұяқ серппей ұйықтайды екен, қалмақтың жасырын қолы сол кезде Абылайды қолға түсірген.
2.Қалмақтар Абылайды шөл далада киіз үйде жеті күн қамап, ыдыстағы суға бармақтай
15
тоң май салып береді, егер Абылай оны жесе өлуге тиіс еді, бірақ Абылай ыдысты лақтырып жібереді.Келесі күні төрт жендет «Басыңды аламыз» деп қылышын суырып алғанда жалынып, жалбарынбапты, Абылай міз бақпай отыра беріпті. Соңғысы Қалдан Серен Абылайды сарайға шақырып, өзі көпшіліктің арасында отырып бос орын болмапты. Абылай кіргенде төрдегі бос тұрған таққа отырып бұл орынға « Қалмақ ханы Қалдан Серен отырмаса, Қазақ ханзадағы Абылай отырмаса, Шайтан отырама» дегене екен. Сонымен бірге Шарышты қан майданда өлтіргенін, ал өзін ұрлатып алғандығын Қалдан Серенге мін ғып таққан. Қалдан Серен ұялып Абылайды босатқан екен.
3.Қалдан Серен өзінің қызы Топыш сұлуды Абылайды сынамаққа жібереді. Егер Абылай Топыш сұлуға жақындаса, ол өлуге тиіс, құпия өзімен бірге кетеді. Бірақ артынан туатын бала батыр болып қазақтан Шарыштың кегін алуға тиіс болады.Сыннан сүрінбей өткен Абылайды Қалдан Серен ұтылып Топыш сұлуды қосып Абылайды елге қайтарады. Қалдан Серен қалмақтарға қауіп Абылайдан келетінін сезіп топыш сұлу арқылы қолда ұстау еді.Алайда Топыш сұлу Абылайға адал жар болды. Жауласуды тоқтатты. Екі мемлекетті біріктіріп, достық орнатты.
Қорытындылау:
Міне, бүгінгі сабақта елін-жерін жаудан қорғаған батыр бабаларымызбен таныстық. Осы батыр бабаларымыздың арқасында өз жерімізді жаудан қорғап қалдық. Енді туған жерді қорғау – сендердің қолдарыңда. Әр оқушы патриот болуы керек. Отанға деген сүйіспеншілікті жақсы оқу, тәртіпті болу арқылы көрсетуге болады.«Абылай хан»тақырыбын оқу. Реферат жазу
6-сабақ
Тақырыбы: Кенесары Қасымұлы
Мақсаты: Кенесары Қасымұлының өмірбаянымен таныстыру,білімдерін жетілдіру.Ұйымшыл, батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1847). Кенесары Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Балалық шағы
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан Кенесары санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін
16
жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді. Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты Кенесары Ресей мен Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық білдірді. Оның: «Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз» деген пікірі әкесі Қасым сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау тапты. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің нұсқауымен К-ның бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза тапты. Кенесары Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор ген.-губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір генерал-губернаторы П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде Кенесары жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. Кенесарының қол астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа, Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б. руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. Кенесарының жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай шайқасты. Әскери қимылдар 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. Кенесары соғыс ауқымын Торғай арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте Кенесары үш жүздің өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды. Осы жылы Кенесарының әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 ж. Ресей үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей әскері мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста Кенесары қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. Кенесары бағынудан бас тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық салдарынан Кенесары мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. Кенесары айуандықпен өлтіріледі. Жаулары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне жібереді. Князь Горчаков Кенесарының басын Батыс Сібір бас басқармасындағы «Кенесары бүлігі туралы» іске қосып сақтауға бұйрық береді.
7-сабақ
Тақырыбы: Қазақ халқының билік айтудәстүрі
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының
қолөнері
Сабақ
мақсаты:
Білімділік: оқушыларды қазақ халқының
қолөнері, қазақ шеберлерінің шығармашылығы туралы білімін
қалыптастыру.
Дамытушылық: сұлулықты қабылдауға
үйрету.
Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін
қадірлей білуге
тәрбиелеу.
17
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап, психологиялық
дайындық, пікірталас.
Көрнекілік: АКТ технологиясы,
видео.
Сабақтың
барысы:
I Ұйымдастыру
кезеңі:
- Психологиялық дайындық( оқушылардың көңіл
күйін білу)
«Жаңбыр»
тренингі
Жаңа сабақты
түсіндіру.
1. Тақырыпқа
кіріспе.
- Оқушылар сіздер кино көргенді ұнатасыздар
ма?
Ендеше біздің Орал қаласында осы жақында бір
кино түсіріліпті, сол киноны тамашалап көрейік. Мүмкін
кейіпкерлерін де танып
қаларсыздар.
- Түсірілім жөнінде не айта
аласыздар?
(Оқушылардың жауабын
тыңдау).
- Бұл түсірілім біздің жаңа сабағымызбен өте
тығыз байланысты. Жаңа сабағымыз не жөнінде деп
ойлайсыздар?
- Қазақ халқының қолөнері деп айтқан уақытта
көз алдымызға ең алдымен не
елестейді?
- Ою-өрнек деген
не?
- Бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабағын есіңе
түсір. Ою-өрнектің қандай түрлерін
білесің?
Оқушылар жауаптарын
тыңдау.
Оқушыларды үш қатарға
бөлу.
«Сен білесің бе?»
айдары.
Әр қатарға белгілі бір суреттің тек кішкене
ғана бөлігі көрсетіледі де, ал қалған бөлігі жасырын түрде
беріледі. Әр қатар өзіне тиесілі жасырын суреттің не екенін білуі
керек.
1-қатар. Киіз үй туралы ақпарат береді.
Макетін көрсете отырып бөліктерін
атайды.
- Киіз үй— Орталық және Орта Азия
халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі. Ол —
көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы
үйі.Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік
құрылысы болып саналады. . Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын.
Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен
бұзылмайды.
2-қатар. Тұрмыстық заттар туралы ақпарат
береді. Көрсете отырып,
түсіндіреді.
Тұрмыстық заттар дегеніміз- күнделікті
тұрмыста пайдаланып жүрген ыдыс-аяқтар, аяққап, кесеқап, сандық,
т.б. заттар.
Аяққап - ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын
киіз қабы.
Кесеқап - кесе салатын қалта. Дәстүрлі қазақ
қоғамында көшіп-қонуға лайықталып басқұрдан, былғарыдан
жасалған.
3-қатар. Зергерлік бұйымдар туралы ақпарат
бере отырып,
көрсетеді.
Зергерлік бұйымдар алтын, күмістен жасалған.
Күміс бұйым тағу тазалық, адалдық символы болған, сол себепті әрі
әсемдік үшін таққан. Бұрынғы кезде күміс бұйымдар қаншалықты үлкен
болса, сол бұйымның иесі де соншалықты бай, ауқатты екенін
білдірген.
Дәптермен
жұмыс.
1-қатар. Киіз үйдің бөліктерін
жазу.
Киіз үй бөліктері – кереге, уық, шаңырақ,
бау, басқұр, таңғыш, уықбау, желбау, аяқбау, сықырлауық, түндік,
т.б.
2-қатар. Тұрмыстық заттарды
жазу.
Тұрмыстық заттар – аяққап, кесеқап, қоржын,
көрпе, дорба.
3-қатар. Зергерлік бұйымдарды
жазу.
Зергерлік бұйымдар – сақина, сырға, білезік,
белдік, шақша, балдақ.
18
Шығармашылық
тапсырма.
1 қатар. Киіз үй мен қазіргі заман үйлерін
салыстырып айтады.
2 қатар. Бұрынғы тұрмыстық заттар мен қазіргі
тұрмыстық техникаларды салыстыра
айту.
3-қатар. Бұрынғы зергерлік бұйымдар мен
қазіргі заманның әшекей бұйымдарын салыстырмалы түрде
айту.
Әрине біздер заман талабына сай тұрмыстық
заттарды пайдалананып, өмір сүруіміз, жаңа техникалық құрылғыларды
меңгеруіміз, білуіміз керек. Бірақ ата – бабамыз пайдаланған
заттарды, нағыз қазақ деп танытатын салтымызды ұмытпауымыз
керек.
Сабақты
қорытындылау.
«Болмасаң да, ұқсап бақ»
айдары.
- Оқушылар біздің сыныбымызда да қолөнермен
жұмыстанатын оқушылар бар екен. Ендеше сол оқушыларды ортаға шақыра
отырып, таныс болайық.
Тапсырма. Аталмаған қазақтың
қолөнерілері туралы ақпарат
жинақтау.
8-сабақ
Тақырыбы:Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би
Мақсаты:
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өмірі
мен шығармашылығындағы рухани сабақтасты пайымдай отырып, билердің
ұстанымын тану, дәлелді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауға
машықтандыру.
Оқыту нәтижесі 1.Билердің өмірбаяны мен
шешендік ойларын оқи отырып, шығарма оқиғалары туралы сыни көзқарас
қалыптасады.
2.Түрлі тапсырмалар орындау арқылы жеке
ойлары дамиды.
3.Ойлана отырып, қорыту дағдысы
қалыптасады.
4. Бірін- бірі сыйлау, құрметтеу, бір-
бірінің сөзін бөлмеу, тыңдау мүмкіндіктері
артады.
Түйінді идеялар 1.Билер сөзін талдау арқылы
ойларын жүйелі
жеткізу.
2.Оқиғаларға,кейңпкерлерге сыни көзқараспен
талдау жасау.
3.Оқушылардың қиялын шыңдай
түсу.
Сабақтың
мазмұны
Топқа
бөлу.
А) Билер сөзі арқылы 3 бидің есімі
шығып,тақырыпты ашқызады. 1-топ- Төле би,2- топ- Әйтеке би,3- топ
–Қазыбек би.
Б) Топ басшысын, скипер, бағалаушыны сайлату,
бағалау парақшаларын беру, міндеттерімен таныстыру. Топ ережесін
еске түсіру Бейнероликті көріп, көрген ойларын ортаға
салады.
Үш бидің сөздері жазылған парақшаларды алу
арқылы 3 топқа
бөлінеді.
3 бидің сөзі арқылы сабақтың тақырыбы
ашылады.
Бейнеролик
Топпен
жұмыс
«Ойлан, жұптас, талқыла»
стратегиясы
А) Әр топты өз атауларына сай билердің
өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша постер қорғату
.
Б) Бағалаушы оқушыға сөз
беру.
Мұғалім: Үш би туралы слайдпен қорытып кету
1-топ- Төле би
2-топ- Әйтеке
би 3- топ –Қазбек
би
Әр топты өз атауларына сай билердің өмірбаяны
мен шығармашылығы бойынша постер
қорғайды.
19
(Болған топ шапалақтау арқылы белгі береді.)
Плакат,маркер,
Интербелсенді
тақта
2 мин 5 –әрекет. Сергіту
сәті
«1-ден 10-ға дейін жазу» Музыка ырғағымен
мұрындарның ұшымен ауаға 1-ден 10-ға дейінгі санды жазады.
компьютердегі музыка
1 топ. «Би кім?» кластер
құрғызу
2-топ. «Би мен шешен» Венн
диаграммасы
3-топ.«Түйнек сызбасы» Бұрынғы би, қазіргі
билер
9-сабақ
Тақырыбы: Билер туралы аңыз әңгімелер
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ауыз әдебиеті
үлгілерінің ішіндегі аңыздар және оның кейіпкерлері туралы түсінік
қалыптастыру,танымдық қабілеттерін дамыту. Дамытушылық:Тақырыпты
талдау,салыстыру,жіктеу,жинақтау арқылы оқушылардың жүйеліойлау
дағдыларын қалыптастыру, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын
еркін еркін жеткізуе білуге
баулу.
Тәрбиелік:Өз Отаны мен елін, жерін және оның
әдебиеті
мен мәдениетін,тарихын терең оқып
үйренуге,адалдық пен
адамгершілікке,бір-бірін тыңдай
білуге,құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ ( деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы
)
Сабақтың әдісі: топқа бөлу,сергіту
сәті,сұрақ-жауап,түсіндіру,кері
байланыс.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,тірек
сызбалар,
бейнефильм.
Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих,
география.
Күтілетін нәтиже: 1.Аңыздар жайлы
біледі.2.Аңыз кейіпкерлерінің ерекшеліктері мен негізгі белгілерін
салыстырады.3.Өз ойын еркін жеткізе білуге,қорытынды жасай білуге
үйренеді.
4.Талдау жасауға
дағдыланады.
5.Әдеби тілмен сөйлеуге,жүйелі баяндауға
дағдыланады.
Сабақтың формалары:жеке баламен,жұппен,топпен
жұмыс.
1 Кіріспе. Ұымдастыру
кезеңі
Психологиялық атмосфераны
қалыптастыру(Мұғалім оқушыларға үш түсті шарлардың ішінен бірін
таңдап алуды ұсынады және оқушыларды сол шарлардың түсіне қарай
«Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би»топтары болып бөледі.Топ
мүшелері шарларды бір-біріне ұшыра отырып қолына түскен шарға ізгі
тілектерін жазады).
Топқа бөліну,шарларға тілек жазу, ұшырылған
шар ішінен өз шарын тауып алу,әр топтан оқушының қалауы бойынша
өзіне арнап жазылған тілектерді оқу. 3мин Оқулық,қосымша
материалдар,шарлар.
Аңыздар және оның ерекшелігі жайлы айту.
Оқушылар аңыз кейіпкерлері жайлы білетіндерін ортаға салады (Қорқыт
ата,Асан қайғы,Жиренше шешен,Қарашаш,Алдар көсе,Қожанасыр ) 5мин
Үлестірме
Оқушыларға аңыз әңгімелерінің түрлері мен
ерекшелігін ұғындыру. Джигсо әдісі бойынша тапсырманы орындайды.
Берілген тапсырманы жеке-жеке,жұптасып,топтасып бір-біріне
түсіндіреді,постер жасайды және оны қорғайды(Әр топ өз атын
қорғайды).
20
12мин Оқулық,
постер,маркер.
Аңыз әңгімелердің ерекшелігі туралы ақпаратты
қаншалықты меңгергені жайлы мәлімет
алу.
7 Қорытынды
10-сабақ
Тақырыбы: Қазақ
батырлары.
Мақсаты: Оқушыға қазақ батырларының ерлігі
туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Өлеңдегі негізгі ойды анықтай
білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге
үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау,
сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару - жарақ
суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап,
ойын.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл -
күй.
ІІ. Сұрақ - жауап арқылы білімдерін
пысықтау.
1. Абылай хан кім болған? ( Қазақтың ханы
болған).
2. Абылай ханның шын аты кім?
(Әбілмансұр).
3. Абылай хан қай жылы дүниеге келген? (1711
жылы).
4. Абылай ханның әкесінің аты кім? Қай жерде
билеуші болды? ( Уәли, Түркістанды
билеген).
5. Абылай хан кімдермен шайқасқан?
(Жоңғарлармен,
қалмақтармен).
6. Абылай кімдердің ақылына жүгінген? (Төле,
Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына
жүгінген).
Үш бидің басын біріктірген
кім?
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Ой
шақыру:
- Ендеше балалар, бүгін біз қазақ
батырларымен танысамыз. Батыр деп бір кімдерді атаймыз? Ерлік
жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды
айтамыз. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды,
Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз
бар.
Қазақ
батырлары
↓
Қаракерей
Қабанбай,
Қанжығалы
Бөгенбай,
Шапырашты
Наурызбай.
Өңкей батыр
жиылып,
Абылай салды
жарлықты.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары
атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі,
ақылшысы болған.
Бауыржан, Әлия, Мәншүк сынды ұлдарымыз бен
қыздарымыз көп болған. Оларға Кеңес Одағының батыры деген атақ
берілген. Елін жерін жаудан қорғаған, елі жері үшін қанын төккен
батырларымыз.
ІV. Сергіту
сәті.
Мақал - мәтел
жарысы:
Батыр бір рет
өледі, Қорқақ мың рет
өледі.
21
Батыр туса – ел
ырысы,
Жаңбыр жауса – жер
ырысы.
Шешен сөз
бастар,
Батыр қол
бастар.
Батыр майданда
шынығады,
Болат қайнауда
шынығады.
V. Ой
толғаныс.
Ер қаруы – бес
қару.
Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына
қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер
азаматтың – бес қаруы сақадай сай
болған.
Еліне жау шапқанда жерін елін қорғап
қалған.
Қорытынды
11-сабақ
Тақырыбы:Қазақтың батырлары.Қабанбай батыр,Бөгенбай батыр,Ағыбай батыр
Сабақтың мақсаты: Білімдік : оқушыларға «Қазақ батырлары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу іздендіру, дәлелдеу,
Көрнекілік материал: электрондық оқулық, суреттер, карточкалар, тірек- сызба, слайдтар.
Сабақтың барысы :
І .Ұйымдастыру.
ІІ. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі
-
Балалар, бүгінгі сабақ «Қазақ батырлары».
-
Қазақ халқының даңқын қандай батырлар шығарды?
-
Қандай ерлік, Отан туралы мақал –мәтелдер білесіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
2.Ой шақыру. «Қазақ батырлары» тірек — сызба арқылы жұмыс
Қазақ батырлары
Қабанбай батыр Бөгенбай батыр Райымбек батыр ( 1691 – 1769 ) (1680-1775)
Шын аты Ерасыл сарбаз мектебінде оқыған
Әкесі Қожағұл батыр 1708ж 30мың жасаққа қолбасшы болған
Қалмақтармен шайқасады
Қаракерей Қабанбай
Абылай хан Дарабоз Қабанбай Деген атақ береді
22
-
Сөз тіркестерін құру .
-
Қызығушылықты ояту.
«Қазақ батырлары » Бейнефильмнен үзінді көру.
-
2. « Ой қозғау » « Батырлар туралы не білесің?»
-
«Білгіштер» ойыны Сұрақтарға жауап беру.
-
Қазақ батырлары немен шұғылданған?
-
Қазақ батырларының қандай міндеттері болған?
-
Қабанбайды ел қалай атаған?
-
Қабанбай қайда жерленген?
-
«Қанжығалы қарт » деп кімді атаған?
-
Бөгенбай батыр қайда туған, қай жерде қайтыс болған?
-
Бөгенбай батыр қандай адам болған?
-
Оның неше баласы болған?
-
1761 жылы Қытайға кіммен, не үшін барған?
-
Қазақ батырларының бар өмірі қайда өткен?
-
Үлкен соғыс алдында батырлар неге шықкан?
-
Абылай ханның батырларының ішіндегі ең үлкен ағасы кім?
13.Бөгенбай батыр 1728 жылы 38 жасында неше мың қолға қолбасшы болды?
-
Қазақ батырлары әскери кәсіппен шұғылданған. 2. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. 3. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазак, халқын торлаған көп жаудаы қорғауда Бөгенбай батыр көп ерлік көрсетті. 4. Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 5. Қазақстан облыстарында, аудандарында үш батырдың аттары көшелерге берілген.
-
Сөзжұмбақ шешу
-
Диалог бойынша өзара сөйлесу.
7.Қорытынды
12,13-сабақ
Тақырыбы:Қобыланды,Алпамыс,Ер Тарғын,Қамбар,Ер Қосай батырлары
Мақсаты: . Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсініп оқуға, жырдың негізгі идеясын анықтайбілуге, сипаттау мәтінін құруға, түсінгенін жүйелі баяндай білуге дағдыландыру.
2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырьш, өзінше ой түюге баулу, тақырыпатас шығармаларды салыстыра білу арқылы шығармашылық таным-түсініктерін дамытуға жол ашу.
3. Ұлттық дүниетанымға, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін танып білу арқылы оқушы бойында ел батырларын мақтаныш тұтып, ерліктерін жүрегінде ұстауға, Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ер Тарғын, Тарлан аттың суреттері. Қазақтың халық батырлары, ұлт мақтаныштарының суреттері, қазақ батырдары кітаптары, «Ер Тарғын» жырынан үзінді
Қызығушылықты ояту. Айбалта, дулыға, қалқан, қылыш, найза, сауыт, семсер, шоқпар
деген қару-жарақ аттарын естігенде, көз алдарыңа кім елестейді? Неліктен? Сол елесті суреттеп көріңдерші.
Жеке, жұпта, топта талқылау жұмыстары. Топ жұмыстарын тыңдау.
- Қандай қазақ батырларын білесіңдер?
«Венн диаграммасына» салып, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін салыстыру.
Жырдан үзінді келтіру арқылы әр салыстыруға толықтырулар мен дәлелдемелер жасап отыру.
23
- Кімнің ерлігі басымдау екен? Ендеше бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
- Тарландай тұлпар аты болмаса, батыр шайқаста жеңіске жетер ме еді?
- Жырдан өзің үшін қандай үлгі-өнеге алар едің?
- Батырдың қандай ерекше қасиеттерін жаныңа жақын ұстар едің?
«Топтастыру» стратегиясы арқылы орындау.
- Тарихи кезеңдерге бөліп айта алар ма едіңдер?
Бұл аталған батырлар - ертегі кейіпкерлері, халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихта ізі мәңгілік қалған атақты батырлар екенін атап айту. Бар болса, суреттерімен таныстыру.
Әр тарихи кезеңге байланысты қару-жарақ түрлерін бөліп айту.
Ой толғаныс. Халық ер жігітке қандай: талап қояды?
Ер жігітке қойылатын талаптар
Халықтық талап Талапқа сай түсінік
Кескін-келбеті Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты,кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты,
кең иықты, шешен тілді, жаужүрек, тс.с. Қадір-қасиеті Қырандайалғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты,
жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет,нардай төзімді,т.с.с.
Қабілет-икем Ел басқарады, дау шешеді, жомарттық жасайды.
14-сабақ
Тақырыбы: Шешендік өнер.Жиренше шешен
Мақсаты:
елге ұйытқы, ер – азаматқа ақылгөй Жиренше
шешеннің шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салып,
сыни тұрғысынан ойлап талқылауға
үйрету.
Дамытушылық – көнезаманға үңілдіру,
оқушылардың жыраулық поэзия туралы дүниетанымын кеңейту, ой –
өрісін дамыту, қорытынды жасай білуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік – білімдерін өз бетінше қолдануға,
көркем дүниеге құрметпен қарауға үйрету, жан – жақты
мәдениетті оқушы
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: семинар
сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, миға
шабуыл, жаңа әдістің
стратегиясы, нақты мәселені шешу,
проблемалық
сұрақтар қою,
т.б.
Көрнекілігі: интернет материалдары, газет –
журнал, интерактивті
тақта
III Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі:
II. Сабақтың мақсат-міндеттерін
түсіндіру.
III. Жаңа тақырыпты оқып-білу
кезеңі:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Тақтада орыс
ғалымы В.В. Радловтың:«Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап
сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болыпқұйылып жатады»,- деген
ұлағатты сөзі көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ
қойылады:
- Ғалымның сөзінде қазақ халқына тән қандай
қасиет туралы
айтылған?
Ж.: – Балалар, Жиренше шешеннің
шығармашылығымен таныса келе, шешенді кім деп
танимыз?
Ж.: қоғам қайраткері, философ
шешен ,жырау
3.Ақын мен жыраудың айырмашылығы
неде?
- Ақын – поэзиялық туындыларды, өлең,
жыр-дастан, поэмаларды ауызша айтып не жазып шығаратын өнер
иесі.
- Жырау - ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын
толғау-жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы,
көреген сәуегей.
24
- Би – көпті көрген, «көре-көре көсем
болған», көкірек көзі қиядағыны шалатын, ойы орамды, көнені ғана
көріп қоймай, болашақты да тап басып, әрдайым халық көңілінен
шығатын жан.
- Шешен – ділмар, тапқыр, ресми жиындарда
шығып сөйлеуші, шешен сөзге шебер, ойға жүйрік, тіл мәдениетін
жан-жақты игерген аңғарымпаз
жан.
Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек
айтып, қайғыға басалқы ақыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен
жалғасып отырған. Халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп жылы
лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сұрап, сол
баталардың құдірет-күшіне сенетін болған. «Жаңбырменен жер көгерер,
батаменен ер көгерер» деген мақал осындай сенімнен туған болса
керек. Мысалы: Жиренше шешеннен Қарашаш: «Не жетім? – деп
сұрапты.
Жиренше: Елсіз жер жетім, Ерсіз ел
жетім. Елсіз ер жетім. Тыңдаушысыз сөз
жетім,
Жоқтаушысыз қыз жетім,-
депті.
Қарашаш: «Кім жау?»-
депті.
Жиренше:
Жаман болса, жақын
жау,
Шабан болса, атың
жау.
Шайпау болса, әйел
жау.
Күнде келсе, күйеу
жау.
Жымысқы болса, жиен
жау.
Опасыз болса, ұлың
жау.
Ұятсыз болса, қызың жау,- деп жауап
беріпті.
Қарашаш: «Не құлазиды?»-
депті.
Жиренше:
Қалың кел көшсе, көл
құлазиды,
Қалың мал кетсе, бел
құлазиды.
Қатарынан айырылған шал
құлазиды,
Қосағынан айырылған жар құлазиды,-
депті.
Қарашаш: «Нені байқадың?»-
дегенде:
Жиренше:
Ата-ананың қадірін балалы болып
байқадым,
Ағайынның қадірін қаралы болып
байқадым,
Жанашырдың қадірін жаралы болып байқадым,-
деген екен.
Мысалы:
«Бұл дүниеде не өлмейді?»- деген Жәнібек
ханға Жиренше шешеннің қайтарған сөзі шешендік толғауға
жатады.Мысалы:
Асқар таудың өлгені
–
Басын бұлттың
жапқаны.
Ай мен күннің өлгені
–
Еңкейіп барып
батқаны.
Ағын судың өлгені
–
Аязда мұз болып
қатқаны.
Қара жердің өлгені
–
Қар астында
жатқаны.
Ажал деген - атқан
оқ,
Бір Алланың
қақпаны.
Бұл дүниеде не
өлмейді?
Жақсының аты
өлмейді,
Ғалымның хаты
өлмейді.
6. Жиренше шешенмен есімі қатар аталатын
Қарашаш бейнесі қай қырынан
көрінеді?
25
Мысалы:
I. Бір күні аң аулауға шыққан ханның лашын
құсы ұшып кетіп, Жиренше үйінің төбесіне келіп қонады. Жиреншенің
әйелі оны ұстап алып, қолғап тігіп құлпыртып, балақ бау есіп
жарастырып-ақ қояды. Соны естіп, құсын алуға ханның өзі келеді.
Жиренше үйде жоқ екен, зайыбы бүркеніп шығып, ханға құсты алып
береді. Бұрын томағаны, қолғапты бұл жұртта көрген-білген жан
болмапты. Сондықтан хан не құсына қарарын білмей, не әйелге қарарын
білмей, атынан ауып түсіп қала
жаздайды.
- Біз бүгін осында қонамыз,- дейді
хан.
- Үйде еркек жоғын көріп тұрсыз. Алда-жалда
еркек жоқта қонақ боламын десеңіз, араға бірер күн салып, бір
айналып келіңіз. Кіріміз болса жуып, қонақ жабдығын хал келгенше
даярлап отырайын. Жігіт-желеңмен келмеңіз, көп қонақ күтуге шамамыз
келмейді, тек өзіңіз ғана келіңіз,- дейді Қарашаш сұлу. Хан
«жарайды» деп, «оңаша келіңіз» дегенге дәмелі болып, көңілі
өсіп, үйіне қайтып кетеді. Сонымен бірнеше күн өткен соң, хан
жалғыз өзі келеді. Хан келген соң, әйел алдынан шығып, қолтығынан
демеп түсіріп, қолынан ұстап үйіне кіргізеді. Бар дүниелігін
жайнатып, құлпыртып қойған екен. Көрпе жаюлы, төсек салулы,
шымылдық құрулы екен.
Ханды жайғастырып, әйел тамақ жабдығына
кіріседі. Жалғыз қалған хан айналасынан көз салса, үйдегі нәрсенің
бәрі кестелі екен. Жастықта да,
көрпеде де, шымылдықта да, орамалда да, дастарқанда да – бәрінде де
кестемен тіккен бір жазу бар. Ол: «Біреудің есігін қолыңменқақсаң,
өз есігіңді біреу аяғымен теуіп кірер»,- деген сөз
еді.
Хан бұл сөзге
түсінген жоқ, есіл – дерті әйелдің етегі, нәпсінің жетегінде отыра
береді. Жиреншенің әйелі бір уақытта ыстық палау басып, әр түрлі
ыдысқа салып әкеліп, ханның алдына қояды. Хан палау әр түрлі ыдыста
болған соң, басқа – басқа ғой деп әрқайсысынан бір-бір алып
отырады. Бәрінің дәмі бірдей болған соң, «бұл қалай?» деп қайран
қалады. «Тақсыр – ау, ыдысымның басқалығы болмаса, бәрі де бір
тамақ»,- дейді әйел.
Ханмен біраз
отырып, әзілі жарасқан соң: «Тақсыр, ас айныса, не түзейді?»-
дейді. Хан: «Мұз түзейді»,- дейді. Әйел: «Май айныса, не түзейді?»-
дейді. Хан: «Тұз түзейді»,- дейді. Қарашаш: «Тұз айныса, не
түзейді?»- дейді. Хан жауап бере алмайды. Тағы да әйел: «Халық
айныса, кім түзейді?»- дейді. Хан: «Хан түзейді»,- деп жауап
береді. Ал: «Хан айныса, кім түзейді?»- деп сұрағанда, хан дәнеме
дей алмай, ұялғанынан бетінің терін сүрте береді. Ақыры айыбына
қолындағы жүзігін сыйлап, хан үйіне қайтып
кетіпті.
II.Хан
Жиреншені ешбір тұзағына түсіре алмағанына қатты өшігеді. Оны
өлтіріп, әйеліне үйленуді ойлайды. Бұл ыңғайын байқаған соң,
Жиренше қайғыға батады. Қарашаш
күйеуінен:
- Неге сонша
қамығасыз?- деп сұрайды. Жиренше бар жағдайды жайып салады. Сонда
Қарашаш:
- Босқа
уайымдамаңыз, бұған да бір амал табылар. Екі күннен соң, хан мен
билерді үйге қонаққа шақырыңыз,- дейді. Жиренше елінен озған алаяқ
шешен атанса да, сауып ішер малы, мініп-түсер көлігі де жоқ, сіңірі
шыққан кедей екендігі белгілі. Кедейлігі турасында әлі күнге дейін
қазақта қалған бір сөз бар ғой: ханның сәулетті ордасында күні бойы
әдемі төсек үстінде отырып, кешке өзінің қара лашығына келіп, тулақ
үстіне жатып айтады-мыс: «Ай-һай, менің өз үйім – кең сарайдай боз
үйім»,- деп. Әйелінің әлгі айтқан сөзін естіп,
Жиренше:
- Хан-қараны
шақырып, қай жерге отырғызамыз және немен сыйлаймыз?-
депті.
Қарашаш:
- Қалған
шаруаны маған қалдырыңыз,-
дейді.
Екі күн өткен
соң, Жиренше ханды, дос-жарандарымен қонаққа шақыра-ды. Хан да,
жасауылдары да «Жиренше бізді немен сыйлар екен, көрейік» деп
келіпті. Сыйғаны үйге кіріп, сыймағанына далада киіз жайып, тегіс
отырып болған соң, Қарашаш сұлу өзі тұрып ханның алдына ыдысқа
салған аз ғана сүт-қаймақты әкеліп қояды. Хан шынашағымен ғана
қаймақтан аузына салып көріп еді, бұл қаймақ ханның өмірінде жеп
көрмеген
26
айрықша бір
тәтті дәмі бар қаймақ екен және сол шынашағымен бір-екі алып
жегенде-ақ тойып қалыпты. Ханнан қалғанын қасындағы жақсыларына
беріп, үй ішіндегі жан біткеннің бәрі де «не тамақ екен» деп
аз-аздан алып, дәмін татып көреді. Аттанар алдында хан Қарашаш
сұлудан:
- Сұлу, бұл
берген тамағыңыз не тамақ, біз көрмеген бір тәтті дәм екен,
үйретіңіз, аспазшыларыма бұйырайын, әрдайым осындай тамақ істеп
беретін,- дейді. Сонда Қарашаш сұлу былай деген
екен:
- Тақсыр, сіз
біздің жарлы екенімізді білесіз. Ерім сізді жақсыларыңызбен қонақ
етуге ниет еткен соң, не тамақпен сыйласам екен деп уайымға баттым.
Ақырында ойладым: дүниедегі тамақтың асылы – ананың сүті болса
керек,
неге десеңіз –
бала 5-6 жасқа келгенше, ана сүтімен күн көреді. Сол үшін өз
сүтімді сауып, осы қаймақты істедім. Хан «аһ» деп санын бір соғып,
шыға жөнелді дейді. Ол заманда да, бұл заманда да белгілі –
емшегінің сүтін ішкен әйел ана есебіне кіріп, әйелдікке алуға
болмайтындығы.
Арада бірнеше
күннен өткен соң, хан Жиреншені шақырып алып, «қиянат істерімді
кешіріңіз» деп өтініп, көп мал
сыйлапты-мыс.
7. Қорытынды
сөз:
- Иә, тамыры
тереңде жатар әрбір құбылысқа ғасырлар көгінен әр ұрпақ өз зердесі
жетер деңгейінен келіп, ой байламын, кейде, тіпті, үкімін айтып
жатады. Біз бүгін сол оқиғаның куәсі болып отырмыз. Осы орайда:
«Менің өзімнің ұзақ өмірімнің барысында адамдардың туған әкелерінен
гөрі өздері өмір сүрген заманға көбірек ұқсайтындығын жиі
байқадым»,- деген орта ғасырлық ойшыл Ғазірет Ғалидың сөзі ойға
оралады. Олай болса, Әселдің осы бір сөздерін жадымызға тұтып,
алдымызға үлкен бағдар белгілеп, әлемдік өркениет көшіне ілесіп,
Орталық Азияның Барысы болуға бекем бел байлап отырған бәріміз де
мұқият зерделесек болады. Осы ғаламат ой әрбір саналы жанның ғұмыр
бойы темірқазық етіп ұстанар бағдаршамы болуға лайық десек,
қателеспейміз.
15-сабақ
Тақырыбы:Қазақ халқының ақын –жыраулары мен күйшілері
Сабақтың
мақсаты:
1. Қазақ халқының ақын – жыраулары және
күйшілерімен танысып, олардың шығармашылығы жөнінде кеңінен білім
беру, балаларды қазақтың ақындық, жыршылық өнеріне тартып, олардың
мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын
арттыру.
2. Оқушылардың терме, жыр жөніндегі
түсініктерін одан әрі ақын – жыраулардың шығармашылығымен таныстыра
отырып дамыту.
3. Халқымыздың музыкалық және поэтикалық
шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге
және өз халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері жөнінде
түсініктерін қалыптастырып, эстетикалық ләззат, әсер алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайдттар
Әдісі: Баяндау, сұрақ -
жауап
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
тарих
Жүрісі: 1.
Ұйымдастыру
3. Жаңа сабақ: Балалар, жаңа сабағымызды
бастамас бұрын біз жыр дегеніміз не соған
тоқталайық.
Оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, ұзақ
өлең, терме түрінде баяндалатын әңгімелер – жыр деп
аталады.
Жырау – ақын, ол өлең, жыр шығарып айтады,
оның суырып салма шешендік қасиеті
бар.
27
Жыршы – ақын емес, себебі өз жанынан өлең,
жыр шығармайды. Ол негізінен дайын өлеңді
таратушы.
Ән сияқты жырдың да өз әуені болады, оны
жырдың сарыны дейді.
Ия, балалар жырау жыршы емес. Өйткені
жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді. Жырау - әрі ақын, әрі
шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бар белгілі өлшемге жататын
өлеңдң жыраулардың өздері шығаруы шарт. Екіншіден, жыраудың сөздері
терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі
керек. Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай
терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау
атағына ие. Сондай жыраулардың бірі XIII ғасырдағы қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жырау Қалқаманұлы.
Бұқар жырау болып қана қоймай, Абылай хандық құрған заманда оның
үнемі қасында жүріп, елдің ішкі, сыртқы саясатына араласқан. Жас
шағынан Абылайдан көп үлкен Бұқар өзінің бүкіл өмір тәжірибесі мен
өнерін ханның ел билеу ісімен ұштастырған. Бұқар жырау 1723
жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған тарихи
оқиға тұсында өмір сүрген жауынгер жырау. Ол өз жырларымен ел
қорғаған батырларға жауынгерлік рух беріп отырған. Бұқардың жырлары
ылғи толғау. Жыршы - жыраулар тек қана жыр шығарып қоймай, сонымен
қатар терме, толғаулар да
шығарған.
Жаңа
термин
Толғау - жырау заманындағы әлеуметтік ірі
мәселелерді қамти алатын, жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге,
табиғат құбылыстарына көзқарасын білдіретін үгіт - насихатқа толы
өлеңдер.
Толғау “ толғану ” дегенді
білдіреді
Жыраулар батырлар ерлігін жырлаумен қатар сол
кездегі қоғамдық мәселелерді шешуге
қатысқан.
Келесі таныс болатын ақын - термешіміз ол –
Махамбет Өтемісұлы, балалар. Махамбет – сауатты, оқыған - тоқығаны,
көрген – білгені мол, қатарынан озық азамат болумен бірге ақындық,
жыраулық, композиторлық қабілеті де жетік, үздік өнер иесі. Оның
ақындық, күйшілік қабілетінің дамуына туып - өскен ортасы, қалың ел
әсер етті, себебі, бұл жерден Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей тәрізді
дарынды күйші - композиторлар шыққан. Ол 1836 - 37ж. ж. ұлт -
азаттық көтерілістің басшысы, жарлы - жақыбай, жетім - жесірдің
қақы үшін басын бәйгеге тіккен жауынгер ақын. Енді қазір балалар,
Махамбеттің «Адыра қалған Нарында» атты термесінен үзінді тыңдайық.
Терме жылдам, жігерлі орындалады, негізгі әуен қайталанып, мәтіннің
мазмұнына қарай дамиды.(музыка
тыңдау)
16 - сабақ
Тақырыбы:Асан қайғы жырау.Құрманғазы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жыраулық өнердің құдіретімен таныстыру. Жыраулар туралы деректер жинау. Сөйлеу мәдениетіне, сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу,елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақты түсіндіру. Жыраулардың ақыл кеңесі- Асан қайғы.
Қорытындылау.
Сабақтың барысы:
Жыраулардың ақыл кеңесі- Асан қайғы.
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша,
28
қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «дала философы», осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. «Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді».Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, «Жерұйықты» іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: «Қалай еткенде елге әділдік орнайды?» дегенде ол:
Әділдіктің белгісі,
Біле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгісі,
Өткен істі қумаса.
Жамандардың белгісі,
Жауға қарсы тұрмаса;
Залымдардың белгісі,
Бейбіттің малын ұрласа.
Надандардың белгісі,
Білгеннің тілін алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қабірге әзір қоймаса. Артыңда қалар атақ жоқ,
29
Тіріде данқың болмаса,-деп термелепті. Енді бірі «Не жетіспейді, не ғаріп?» деп сұрапты. Сонда қарт абыз:
Бұ заманда не ғаріп?
Ақ қал алы боз ғаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар шын ғаріп.
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса;
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Ғалымды хатим еткендер,
Мақсатына жеткендер,
Жас кәрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалымда болса ол ғаріп, -деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп «…Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты — «Жерұйық». Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады». Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», — депті. Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», — деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үш кара» атанған екен таудың аты. Қызылтауға келгенде: «Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», — депті. Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», — депті. Сарысуды кешіп өтерде: «Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен», — депті. Қаратауды көргенде: «Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен», — депті. Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», — депті. Шідерті өзенін көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен», — депті. Өлеңті өзенін көргенде: «Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз
30
тұрып: «Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май», — деп жүре беріпті. Сілентіден өтіп Жалаңаштын тұсына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің», — депті. Есіл өзенін көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен», — депті. Торғай өзенің көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен», — депті. Терісаққан өзенін көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен», — депті. Сулы Келес, Құрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін кара! Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен».
Екі Келес, бір Талас,
Бал татыған жерін-ай,
Ағайының аралас,
Тату екен елің-ай.
Желмаяға өңгертіп,
Алып кетер едім-ай,
Сыймаған соң алдыма,
Әттең, дүние, дедім-ай! -депті. Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: «Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің», — депті.
— Ерейментауына қарап тұрып «Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас… панасы жоқ сары дала сықылды тау екен» дейді.
— Қарақойын — Қашырлы деген жерге келгенде «Бауырында бір жұтқын айдаһар бар екен, әйтпесе жылқы үзілмейтін жер екен» деп ескертеді. Бұл жерде бір үлкен көл бар екен, көлге жазда ыстықтап, қыста ықтап келіп түскен жылқы батып кететін түбі батпақ — құян болса керек».
— Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: «Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?» — деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: «Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» — деген екен.
— Шыңғырлауды көргенде: «Ай Шыңғырлау жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау сен өсірдің» — деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: «Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап қунап кетейік», — депті.
— Жуалының қара топырақты, қыртысы құнарлы жерін көргенде: «жерің семіз, қарың мол, қадіріңді егін салған ел білер» дейді.
Шу өзенін көргенде: «Ей, Шу, атыңды теріс койыпты… мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес» депті. Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», — депті. Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде: «Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол» — деп ескертіпті. Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде «Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер» деп жүріп кетіпті. Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жок, жайқалып тұрған нуы жоқ — түбі тұрақты қала бола қоймас» — деген екен. Сайрам, Шымкент маңын аралағанда Асан әулие айтыпты:
— Екі бассаң — бір базар Саудасы кызған жер екен.
Екі бассаң — бір мазар Молдасы азған ел екен —
депті. Сөйтіп, Асан туралы аңыз «шұрайлы қоныс, нұрлы өлке — Жерұйықты таба алмапты» дейді.
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірініңСырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысыШиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесіАсан Қайғы мазары делінеді.
31
Қорытындылау:
1Асанқайғының туған жері?
2.Асан қайғы қай ханның ақылшысы болған?
3.Жыраудың кесенесі қай жерде орналасқан?
17- сабақ
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық
киімдері
Сабақтың
мақсаты:оқушылырдың сәндік қолданбалы
өнері жайында білімін толықтыру,көне киімдер туралы түсінік
беру,ой-қиялын дамыту, эстетикалық талғамдардың арттыруда,ұлттық
дәсүрге тәрбиелеу.
Әдісі:шығармашылық топпен жұмыс.
Көрнекілігі:ұлттық киім түрлері салынған
плакат,сөзжұмбақ,үлестірмелі парақтар (карточкалар),жұмбақтар.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
III .Жаңа сабақ.
Қазақ киім-көненің көзі. Қоршаған орта мен климат жағдайлары кәсіби
шаруашылық негіздері мен жалпы тұрмыстық ахуал,халықтың әдет-ғұрпы
мен табиғи талғамы қазақтың ұлттық киім үлгілеріне ықпал еткен.
Кемеңгер Абайдың «Ескілік киім» өлең сөздерімен бүгінгі сабақты
бастайын.
Ойланып,ойға кеттім жүз жылға өткен,
Тон қабаттап кигенім шиден шекпек.
Жиде,дамбал ақ саннан,жарғақ шалбар,
Жырым балақ,матамен әдіптелген.
Мықшимиа аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісі белімде жез салдырған,
Шақпағым,дәндекуім жарқ-жұрқ етіп.
Күлпара басымда пұшпақ тымақ.
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап,жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.
Қазақ киімдерінің түрлі,үлгісі көп. Кейбірінің сырт көріністері мен
атаулары өзбек,қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас
болғанымен,біздің халықтың киім пішімдері мен нақыштары өзгеше.
Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп
екіге бөлуге болады. бірінші арзанқол,бірақ шаруақол жұмысқа
берік,қарапайым үлгіде тігілсе,ал екіншісі бағалы,көргенде көз
тартатын әдемі,сапалы маталардан сәнді пішіліп,үлгісіне лайық
безендіріліп әсем тігіледі.
Жалпы алғанда,қазақты киімдер еткен етек-жеңі мол,қарапайым,жұмысқа
және жүріс-тұруға үйлесімді,дене сымбатын ашатын сәнді.
IV.Практикалық жұмыс:оқушыларды төрт топқа бөлу,бөлінген топқа
тапсырма беру.
I топқа –1 тапсырма.
Ер адамның сырт киімдерін бейнеле
II топқа 2-тапсырма. Әйелдердің сырт киімін бейнелеу.
III топқа 3-тапсырма. Батырлар киімдерін бейнелеу.
IV топқа 4-тапсырма. Қазақтың ұлттық бас киімдерін
бейнелеу.
Тапсырманы орындай отырып
төмендегідей жұмбақтарға жауап берейік.
1. Адамның сәні,онсыз жоқ мәні (Киім)
2. Дорбаға тығып бас бағын,байлай салдым бас жағын. (Тымақ)
3. Іші егіс,сырты тегіс. (Тон)
4. Ауызы бир құбыр. (Шалбар)
5. Дөңгелек өзі,төртеу көзі,ұстайды мықтап,тұрғанды сырттай.
(Түйме)
6. Әшекейлі күбіні,үюлі тұрған шөмеле,кигіздік биік төбеге.
(Сәукеле)
Киімге және бас киімге арналған ырымдар мен тыйымдар.
Сергіту сәті: «Қолөнер» сөзжұмбағын шешу.
1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген,киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі.
2. Жеңсіз жеңіл киім.
3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі,бағалы бұйым.
4. Жеті түрлі дәнді-дақылдардан сүт қосып пісірілген сүйық ас.
5. Сурет салып тоқылған кілем.
6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек.
7. Теріден жасалған,қымыз құятын ыдыс.
V. Сабақты қортындылау
Басқа да ұлттық киімдер туралы мәлімет
іздестіру.
18-сабақ
Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен
тыйымдары.
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке,
сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым
сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын
«тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл
балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді.
«Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б.
сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде
әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға,
малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын
түсіндіру.
Тыйым – халықтың тәлім -
тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының
бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат
пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет
атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да:
«Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған
осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға
арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік
мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни
біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым
сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына
беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға
бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық
мысал бола алады.
Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай
мына топтарға бөліп қарастырдым.
1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға
байланысты
33
2. Іс - әрекетке
байланысты
3. Қыз балаға қатысты
4. Нанға қатысты
5. Бесікке қатысты
6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты
7. Киім киюге қатысты
8. Жол жүруге байланысты
Ұлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар
1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар
2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар
3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар
4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар
5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар
6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдар
Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме
бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып
кетейін.
Іс - әрекетке байланысты
тыйымдар
Үйге қарай жүгіруге болмайды.
Әдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам үйге қарай жүгіреді. Бұл,
біріншіден балаларға жамандық шақырма деген ескерту болса,
екіншіден үйде үлкен бар, жүрегі әлсіз адамдар бар, елді үркітпе,
қорқытпа дегені.
Қонақ кете салысымен үйді қағып - сілкуге болмайды.
Себебі қонақпен бірге үйге жақсы тілек, ықылас - пейіл келеді.
Екіншіден қонақ кете салысымен үйді қағып - сілку әдепке жатпайды.
Ойлап қараған адамға бұл сендерден құтылдым ба, жоқ па деген ойға
келтіреді.
Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды.
Әдепсіздік екенін былай қойғанда түрлі ауру шақыратын микробтар
ауызға түсіруі мүмкін.
Құран оқығанда күлуге болмайды.
Құран адамға имандылық тәрбие бере отырып, бұл дүниеге қанағатпен
қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді.
Дүниеден өткен адамдарды еске алып құран оқығанда күлу, сөйлеу,
жалаңбас отыру - әдепсіздік.
Аманатқа қиянат жасама.
Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз.
Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін
көрсетеді.
Қыз балаға қатысты
тыйымдар.
Қыз бала шашын жайып жүрмейді.
Ата - баба салтында тек жақыны қайтыс болған әйел ғана шашын
жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын жалбыратып жайып
жүргені әдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты
көрсетеді, әрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы.
Қыз баласы тамақ дайындағанда басына міндетті түрде орамал байлауы
қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі мүмкін.
Әлем - жәлем киінбе.
Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сәнге айналған. Бұл өте
жағымсыз әдет, әрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары,
гинекологиялық аурулар пайда болуы әбден мүмкін.
Қызға қырық үйден тыю.
Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, бейуақытта қыдырмағаны
абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ
аналар.
34
Бесікке қатысты
тыйымдар.
Бос бесікті тербетуге болмайды.
Үйге келген адамға бос бесікті тербету арқылы өзінің ұрпақсыз
қалғанын үндемей - ақ білдірген.
Бесікті саудалама
Бұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ халқында бесік
ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым.
Жол жүруге қатысты тыйымдар.
Жолға шығып бара жатқан адамнан «қайда барасың?, қашан келесің?»
деп сұрамайды. Бұл адамның көңілін алаңдатып, сәтсіз сапарға
ұрындыруы мүмкін. Тек іштей тілектес болып қалуы керек.
Барып, қайтар жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды, бұл астамшылық,
күпірлік болады. «Алла жазса», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі
тартса» деп нысаппен сөйлеу керек. Қазіргі кезде болып жатқан
көптеген автокөлік оқиғалары осындай қарапайым жол жүру қағидаларын
ескермегендіктен деп ойлаймын.
Киім киюге қатысты тыйымдар.
Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Аяқ киімді
де солай. Бұл тірлігінің барлығы оң болсын деген ниеттен туған.
Киімді желбегей жамылмайды. Себебі қолы жоқ адам ғана киімді
желбегей жамылады. Әрі жұмыс істегенде де ыңғайсыздық туғызады.
Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың
барлығы адамның маңдайына жазылады деп есептеледі. Сондықтан бас
киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза,
ұқыпты ұстап, төрге іледі.
Ыдыс - аяқ тағамдарға қатысты тыйымдар.
Ыдыста беті ашық қалған тағамды жеуге болмайды. Өйткені зиянкестер,
жәндіктер түсіп кетуі мүмкін.
1) Балаға ми жеуге болмайды -
мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген -
бойы өспей қалады деп ырымдаған. Омыртқаның жұлынын жегізбеген -
суға келіп қалады деген жаман ырым бар. Қойды аттама - ол киелі
мал. Меккеге барған.
2) Бос бесікті тербетпе - балалы болмайсың деген жаман ырым бар.
Қазанның, ыдыстың түбін тырнақпен қыруға болмайды - төрт түліктің
желініне шығу шығады. Ыдыстағы суға аузыңды малма - себебі сол
ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты
талап еткен.
3) Қамшыны бейсауат қамшылама - мал шетінейді. Малдың желінген
басын түнде лақтырма - түнде далаға лақтырса малдың ырысы кетеді
деп ырымдайды.
4) Бетіңді баспа - қайғылы адам берін басады.
5) Мойныңа белбеу салма - буыншақ ауруына ұшырайсың. Тұзды баспа -
астың иманы, төресі деп киелі санады. Отқа түкірме - сол үйдің оты
сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
6) Жатқан кісіні аттама - талай киелі, қасиетті адамдар болған олар
кеселге, бақытсыздыққа ұшырайды деп тыйым салған. Бақан, құрын
аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі
құрал.
Қорытынды.Бір сөзбен
айтқанда салауаттылық, білімділік жеке адам үшін емес, ел тағдыры,
ұлттың, заман тағдыры, қоғам тағдыры іспеттес. Ырымдар мен тыйымдар
адамдардың бір - бірімен қарым - қатынасын, табиғатқа, қоршаған
ортаға берілген тұжырым, түйінделген қағида. Ырымдар мен тыйымдар
халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті.
Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар,
оқушылар үшін ереже болып табылады. Халық өзінің осы
ырымдар
35
мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп,
дұрыс жолға салған, қателігін бетіне басқан.
1. Бүйіріңді таянба, таяққа сүйенбе - бұлар жаман әдеттер. Ертеде
кісісі өлген үйдің ерлері таяққа сүйеніп, әйел адамдар бүйірін
таянып жоқтау айтқан.
2. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба. Біріміздің өміріміз
бірімізбен тікелей байланысты деп оларға зәбір көрсетілмеген.
Көзіне ақ түскен адамға құмырсқаның илеуін тауып, жем егіп басына
қойған. Сонда көзден ақ шел кетіп қалған.
3. Үйге қарай жүгірме. Тосын жағдай болғанда жаман хабар келгенде
үйге қарай жүгірген. Осы айтылған тыйым сөздерді - ырымдарды
ұмытпай бір - бірлеріңе айтып жүріңдер және оларды орындап жүруді
әдетке айналдырыңдар.
19-сабақ
Тақырыбы: Қазақша салмақ өлшемдері
Сабақтың мақсаты: а) Қазақша салмақ
өлшемдері: мысқал, қадақ, пұт, батпан
ұғымдарымен таныстыру.
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін
дамыту.Қазақтың салт-дәтүрін сақтап қадірлей білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: салмақ
атаулары
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,
талдау.
Барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі.
Қызығушылығын
ояту.
«Ой қозғау» дайындық
кезеңі.
ІІ. Жаңа
сабақ.
Салмақ мағыналы сөздер. Бұл топқа жататын
сөздер мал баққан көшпенді халықтың өмірінде өлшемдік мәнде көп
қолданылған. Ол сөздер мыналар: қадақ, батпан, мысқал, келі, қап,
табақ және әшмүшке.
Қадақ. Қадақ екі жүз граммға тең салмақ
өлшемі. Мысалы: Әйелдердің жол-жорасын Ұлпан оң қолынан үлестірді:
кілем, текемет, көрпе, киіз, бір-бір қадақ қашаннан жатқан қағаз
шай ...- бәрібір таусылар
емес.
Батпан. Бір батпанда 100 кг ауырлық болады.
Мысалы: Бұт болдым деп мақтанба, онан да ауыр батпан
бар.
Мысқал. Мысқал- Шығыс елдеріне көп тараған
салмақ белгісі. Мысқал бүкіл араб елдерінде, Индияда және Шығыс
Африкада, Орталық Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде
пайдаланылған. Б.з.басында 780ж. жасалған шыны сауыттар табылған.
Зерттеу нәтижесі бойынша, олар миллиграммның 3\1-іне дейінгі
дәлдікпен істелген. Салмағы 431 гр- ға тең. Бұл негізінен алтын мен
күміс ақшалардың, бағалы заттар мен бояулардың өлшемі ретінде
қолданылған. Мысалы: Бір мысқал орам еті жоқ жас денелер бүгін бір
сәтке еркіндік алып, көркемдік әнін салып келе жатқандай
еді.
Табақ. Табақ – шамамен 12 орыс фунтына тең
салмақ бірлігі. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аудандарында
жиі қолданылған. Ол үлкен табақ 12-17 кг шамасында, кіші табақ
3,9-4 кг шамасында болып екіге
бөлінеді.
Қап. Қап – негізінен астық мөлшерін өлшеуге
арналған салмақ бірлігі. Кейбір әдебиеттерде қаптың мынадай түрлері
де кездеседі: тоқты қап-3 пұт немесе 48 кг, қой қап -6 пұт немесе
96 кг, торпақ қап -9 пұт немесе 144
кг.
V.
Қорытындылау
- Қазақша салмақ өлшемдері қалай
аталады?
- Мысқал дегеніміз
не?
- Қадақ дегеніміз
ше?
- Пұт сөзінің мағынасын айт.Оқушылар
өздерінің ойларын айтады
36
20-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Киелі сандар.Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар.
Сабақтың мақсаты: Математика пәнін оқытуда шәкірттерге ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт- дәстүрлері әдеп- ғұрыптары туралы түсінік беру. Математика сабағын халық педагогикасымен байланыстыру өзіндік қиын жақтары көп.Оның басты себебі мектептегі математика оқулықтарының басқа тілден аударылуы, оның ішіндегі мысалдар мен есептердің біздің халыққа тән еместігі. Дегенмен, халқымыздың ертегілерінде, аңыз, әңгімелерінде, шешендік тапқыр сөздерінде ,салт- дәстүрінде математикамен байланысқан тұстарын көптеп байқауға болады. Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың кейбір тұстарында тиімді пайдалану оқушылардың өз ұлтын сүюге, оның салт- дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі.
Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту, өз ұлтына деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Бұйымдарға байланысты тереңдік өлшемдері.
Қазақ халқында құрал -жабдықтарға да байланысты бойы, найза бойы, көген бойы т.б.
ҚҰРЫҚ
_____________________________________
НАЙЗА
_____________________________________
I Қазақша өлшемдер
1 Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері.
2 Азық-түлікке қатысты өлшемдер
II Қашықтық өлшемдерінің атаулары
1.Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері
2.Жақын деген мағынада
3.Өте алыс
III Қазақша ұзындық өлшемдері
Сүйем, сынық сүйем, қарыс сүйем,қарыс тұтам, білем шынтақ, қолтық құлаш, табан елі.
Жүру кезіндегі
Адым аттам
IV Сыйымдылық өлшемдері
Шымшым, шөкім, бір уыс, қос уыс.
v Бес саусақты үлкендер қалай атайды
Бас бармақ , сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ шынашақ.
Басында айтқандай біз "Математика елінде" қонақтамыз.Келесі кезекті сандар әлеміне береміз.
Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар.
Ширек
бүтін ширек ширек
Бүтінді төртке бөлгенде бір үлесі.
Ширек сөзіне жақын мағынадағы сөз сирақ.
Қазақтар сойған малдың етін төрт кісіге бөлгенде, бір-бір сирақ алыпты дейді.
Ширек сөзіне байланысты мақал мәтелдер
Жарты
"Жарты" сөзін кейде "жарым" деп атайды.Жарты (жарым) сөзі "жару","екіге бөлу " сөзінен шыққан
37
Мақалдар
Бір (жалғыз,жалқы,жеке,дара,сыңар,) бір санына мағынасы жағынан жақын сөздер.
оқушылар
Екі
Екі санына мағынасы жақын сөздер.(жұп,қос,егіз,пар)
оқушылар
Қазақ халқы 3,5,7сандарын қасиеттері, киелі сан деп есептейді.Ата-бабаларымыз бұл сандарға ерекше мән берген.
Мысалы:Білімді кісіні жеті жұртың тілін біледі дейді. Қауіп -қатерден аман қалғаны үшін жеті шелпек пісіреді,алыс жолға шығарда жеті тиін садақа жолға тастайды. Жеті қазына, жеті ата,үш қуат,үш би,бес қару т.б. ұғымдар кездеседі.
3 саны
"Үш"сөзін қазақ халқы жиі қолданылады
Үш жүз
Үш жамандық
Үш жақын
Үш мұрат
Үш тоқтам
Үш тәтті
Үш жұрт
Үш қуат
Үш ғайып
Үш арсыз
Үш сауап
Үш даусыз (мінез,кәрілік,ажал)
Үш байлық(денсаулық,ақ жаулық,он саулық)
Үш алыс
Үш жамандық
1.Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу. 3.Ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш жақын
1 Су анасы -бұлақ. 2 Жол анасы тұяқ. 3 Сөз анасы құлақ.
Үш мұрат
1 Жол мұраты жету.2.Дау мұраты біту. 3.Қыз мұраты кету
Үш тоқтам
1.Ақыл арқан. 2.Ой өріс. 3.Адам қазық
Үш тәтті
1.Жан .2.Мал. 3.Жар.
Үш жұрт
Жігіттің үш жұрты бар.
1.Өз жұртты. 2.Қайын жұртты. 3.Нағашы жұртты.
Үш қуат
1.Ақыл қуат.2.Жүрек қуат.3.Тіл қуат.
Үш ғайып
1.Ажал ғайып. 2.Қонақ ғайып.3.Несібе ғайып.
Үш арсыз
1.Ұйқы арсыз.2.Тамақ арсыз.3.Күлкі арсыз.
Үш мақсатты ата.
1,Жол мақсаты жету.2.Дау сақсаты біту.сауда мақсаты ұту.
Ұйқы арсыз.
Ұйқы арсыз.Тамақ арсыз.Күлкі арсыз.
38
Үш алыс.
Кәрі мен жас.Жақсы мен жаман.Алыс пен жақын.
Үш биді атаңыз
Төле би.Қазыбек би.Әйтеке би.
Үш жүзді атаңыз
Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
Үш даусыз
Мінез.Кәрілік.Ажал.
Жігіттің үш жұрты бар.
Өз жұртты. Қайын жұртты. Нағашы жұртты.
Үш арыс
Сәкен.Бейімбет.Ілияс.
Үш сауап
Шөлге құдық қазған.Өзенге көпір салған.Жолға ағаш еккен.
Үш байлық
Денсаулық.Ақ жаулық.Он саулық.
Үш тәтті
Жан тіәтті .Мал тәтті. Жар тәтті.
Төрт санының мағынасы
Сөз тіркестері
1.Дүниенің төрт бұрышы (шығыс,батыс,оңтүстік,солтүстік)
2.Қонақ түрі
Төрт қонақ түрін атаңдар.
Арнайы қонақ.Құдайы қонақ.Қыдырма қонақ.Қығылма қонақ.
3.Төрт түліктің пірің атаңыз.
Түйе пірі -Ойсыл қара,жылқы пірі-- Қамбар ата,сиыр пірі -Зеңгі баба,қой пірі -Шопан ата,ешкі пірі -Шекшек ата.
4.Төрт қылыш(хәмхәм,сәмсәм,зұлқожа,зұлпықар)
5.Төрт қымбат не?
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт- береке атаң қымбат.
Мейрімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
5 саны
Бес дұшпан
Өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ.
Бес асыл
Талап ,еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Бес байлық
Әуелгі байлық -денсаулық.
Екінші байлық -еркіндік.
Үшінші байлық -тіл байлық.
Төртінші байлық- қайрат -күш,ақ жаулық.
Бесінші байлық -балаңыз.
Бес қару
Мылтық,садақ,найза,қылыш, айбалта.
Бес қатер
От, жау, борыш,ауру,сөз.
Бес жақын кім? Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса апайын жақын. Бауырмал болсан інің жақын,
39
Инабатты болсан келінің жақын .
Алдыңа тартқан адал асың.
Қимас жақын қарындасым
7саны
1.Жеті жұт
Құрғақшылық,мал жұтау,обо (індет),өрт, соғыс,жел сілкіну,сел.
2.Жеті ата
Әке, бала.немере,шөбере,шөпшек, немене,туажат.
3.Жеті қазына
Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл білім,жүйрік ат,құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық.
4.Жеті күнді ата(бүгін дүйсенбі,ертең сейсінбі, бірсікүні сәрсенбі,арғы күні бейсенбі,қасиетті күн жұма,соңғы күні сенбі,азына жексенбі).
5.Жеті жетімге не жатады?
Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Қиюсіз қалған бөз жетім .
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысыз қалған ел жетім.
Аққу қазсыз қалған көл жетім
Елінен айырылған ер жетім
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Қазақ халқында мүшел жас деген ұғым бар.Ол 13жастан басталады,соған 12 жылдан қосыла отырып кезеңдерге бөлінеді.
Қазақша жыл қайыру деген не?бұл туралы не білесіңдер?
Ерте заманда ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғаның біле алған.
Ребустар шешу.
21-сабақ
Тақырыбы: Киелі 7 саны
|
Сабақтың мақсаты |
Киелі 7 саны туралы кеңінен түсінік алу. |
|
|
Міндеттері |
|
|
|
Күтілетін нәтиже |
|
|
|
Дерек көздері: |
4 сыныптың әдебиеттік оқуы. Үлестерме материалдар, Интернет матеиалдары. «Білім шуағы» журналы 2013 қыркүйек, Бастауыш сыныпта оқыту журналы - қыркүйек - қазан айы, 45 минут интернет порталы. |
|
|
Жаттығулар немесе тапсырмалар: |
1. «Айналмалы доп» әдісі 2. сандарға байланысты мысал келтіру. 3. Жұмбақ жасыру 4.7 санын топтастыру 5. 7 байлықты топпен талқылау 6. жеті атаны топтастыру 7. « Мен...» тұжырымдамасы бойынша кесте толтыру 8. 7 жақсыны ойластырып жазу |
|
|
Сабақ барысы: |
||
|
|
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Оқушының іс - әрекеті |
|
Ұйымдастыру кезеңі - 5минут |
Сыныппен сәлемдесу. Смайлик арқылы топтарға бөлу Әр топқа көшбасшы сайлап алу. |
Оқушылар сәлемдесіп, топтарға сандар бойынша бөлінеді. Әр топ көшбасшы сайлайды. |
|
Психологиялық дайындық: |
«Сиқырлы сандықша» тренингін ұйымдастыру |
Оқушылар қағаздың бетіне өз бойларындағы жағымсыз қылықтарды жазып, сандықшаға салады да, құлптап тастайды. |
|
Қызығушылықты ояту |
Сұрақ - жауап. Жұмбақ: 6 санынан кейін, 8 санының алдында
тұратын қандай сан? |
Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді. Әр топ ақылдаса отырып, іздену арқылы сыни тұрғыдан ойлау нәтижесінде мысалдар келтіреді. Оқушылар жұмбақтың шешуін табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. |
|
Мағынаны тану. |
7 санына байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер? "Жеті байлық" өлеңін оқыту. |
7 қазына 7күн 7 күнә 7 керемет 7жарғы 7 шелпек 7 жұт Әр топ өздеріне берілген байлықтарды өз сөздерімен түсіндіреді Ойлан - жұптас - талқыла. Фостерге 7 атаны топтастырады баламын ---------... |
|
Сергіту сәті |
Қолдарыңды көтеріңдер - бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық - екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та - үш дедік. Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Алты, жеті деп денені біз сермеп Отырайық көңілді енді марқайтып. |
Оқушылар өлеңді жатқа айта отырып, қимылын жасайды. Бойларын сергітіп, көңіл - күйлерін көтереді. |
|
Топтық тапсырмалар. |
7 жақсыны ойластырып жазады. |
|
|
Қорытынды. |
Кері байланыс арқылы сабақты қорытындылау |
Бүгінгі сабақ ұнады ма? |
22-сабақ
Тақырыбы: «Ер қаруы – бес
қару»
1.Мақсаты: Оқушыларға отандық тарих туралы
жан – жақты түсінік
беру.
2.Балалардың бойындағы патриоттық сезімдерін
дамыту.
3. Еңбек құралдарымен жұмыс жасай отыра,
ептілікке , жинақылыққа
үйрету.
4. Өзінің қолдан жасаған еңбегін сыныптастары
алдында қорғай білуге
үйрету.
Барысы: І. Ой
шақыру:
- Батыр деп бір кімдерді атаймыз? Ерлік

ІІ. «Ер қаруы – бес қару» тіркесі жайлы
ғылыми түсінік беру.
Батырлардың қарулануын білдіретін “бес қаруын
асынды”, “бес қаруы бойында”, “бес қаруын сайланған” деген сөз
тіркестері тілімізде, ауыз әдебиетінде жиі қолданылады. Қазақтарда
“ер қаруы – бес қару” деген мақал сөз де бар. Бірақ бұл бір ауыз
сөздің астарында не мағына жатқаны бұл күндері көпшілікке
түсініксіз. “Ер қаруы деген не?”
42
Олардың саны неге бесеу? Олардың қандай
ерекшеліктері бар?
Қазақ тілінде адамға қатысты қолданылатын
“ер” сөзінің екі түрлі мағынасы бар: а) жалпы еркек жынысты адам;
ә) батыр, қаһарман, ер жүрек, жауынгер кісі. Көне түркі тіліндегі
руникалық жазба ескерткіштерінде, ХІҮ ғасырдағы түркі тілдерінде де
“ер, ерен” сөзі батыр, жауынгер деген мағынаны білдірді
[1].
Қазақтың эпостық қаһармандары Ер Қосай, Ер
Тарғын есімдерінде “ер” сөзі, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр
есімдеріндегі сияқты, “батыр” сөзінің синонимі ретінде қолданылған.
Түркі тілдерінде “батыр” (“баатыр”/ “батур”/“баһадур”) сөзі
қолданысқа кейін еніп, көнеден келе жатқан “ер”, “алып сөздерін
ауыстырды”. Ал “қару” – соғыста қолданылатын жауынгерлердің шабуыл
құралының атауы. Соғысқа, әскери іске қатысты осы екі атау қосылып,
“ер қаруы” деген сөз тіркесі, халықтық әскери термин ретінде, жай
қару емес, соғыс қаруы, жауынгердің соғыста қолданатын жеке қаруы
(қылыш, айбалта, найза, т.б.) деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз
тіркесінде ер қаруының басты екі ерекшелігі көрініс тапқан. Бірінші
– жалпы еркек адам емес, тек жауынгер, әскери адам ғана ұстайтын
құрал екендігі, екінші – күнделікті тұрмыста емес, тек соғысқа
қолданатын құрал екендігі. Осы күндері әдебиет, баспасөз беттерінде
әр түрлі авторлар “бес қаруға” бірнеше құралдарды, садақ, найза,
мылтық, айбалта, қанжар, шоқпар, пышақ, қамшы, т.б. жатқызып жүр.
Енді осы аталған құралдардың бәрі де жоғарыда анықталған екі
ерекшелікке сәйкес келе бере ме екен, соған тереңірек үңіліп
көрелік.
Қамшыны батырлар ғана емес, атқа мінген әр
адам (әйел, еркек, жас, кәрі) және мал баққандардың бәрі ұстанған.
Қамшыны, әдетте, малды және құл иеленуші қоғамда мал санатында
есептелген құралдарды ұру үшін пайдаланды. Қазақтарда да, басқа
халықтарда да қылмыс жасаған адамға қамшымен дүре соғылатын.
Сондықтан көшпелі халықтарда, оның ішінде қазақтарда да біреуге
қамшы жұмсау оны малға, құлға немесе қылмыскерге теңеумен бірдей
болды. Қамшыны құлға, қылмыскерлерге жұмсалатын құрал ретінде
түсіну орта ғасырлық жазба деректерде айтылады. Шайқы Балхи өзінен
ақыл-кеңес сұраған Халиф ар- Рашидқа былай дейді: «мұсылмандардың
әміршісі ол Алла тағала саған халықты әділеттілікте ұстап отыру
үшін үш зат берді: байлық, семсер және қамшы. Байлықпен сен
кедейлікке тосқауыл қоюуың керек. Семсермен сен халықты езушілерді
құртуға міндеттісің, ал күнахарларды қамшымен жазалауың
тиіс».
Көне грек тарихшысы Геродот жазып кеткен
скифтердің ертедегі бір аңызында да осы туралы айтылған. Елу жыл
бойы жорықта жүрген скиф жауынгерлері еліне қайтып келе жатады.
Сонымен, “ер қаруы – бес қаруға” мынадай анықтама беруге болады.
“Ер қаруына” мынадай басты ерекшеліктерге сай
келетін:
а) өзіндік жұмсау тәсілі
бар;
б) жауынгерлер ғана
ұстайтын;
в) соғысқа ғана
қолданылатын;
ІІІ.Жаңа
тақырып
Қазақтың аңыз-дастандарында жауынгерлер
қауымы өкілдері яғни, батырлар қолданған бес түрлі қару туралы жиі
сөз болады. Қазақта «Ер қаруы – бес қару» деген даналық бар.
Қару-жарақтың бес түрге топтастырылуы оның қасиеттеріне байланысты.
Жауына күйрете соққы беретін қару-жарақтың әр қайсысының өзіндік
қайталанбас қасиеттері бар. Осы қасиеттеріне қарай ер қаруы: ату,
кесу, шабу, түйреу және соғу қаруы деп бес түрге бөлінген. Әр топ
іштей бірнеше түрге
жіктеледі.
Ату
қаруы
Түркілердің негізгі қаруының бірі – жақ деп
аталған. Ол ағаш, сүйек, мүйіз, қайың қабығы (тоз), сіңір мен
былғары сынды материалдардан жасалады. Ол бірнеше бөліктен тұрады.
Түркілер жебені пайдаланатын мақсаты мен ұшына қарап бірнеше түрге
бөлген. Ұшы жалпақ екі айыр болып келетін жебе «қозы жауырын» деп
аталады. Ол жарақатты тереңірек салуға арналған. Ал, сауыт бұзуға
арналған үшкір, үш-төрт қырлы жебе
«сауыт
43
бұзар» немесе «көбе бұзар» деп аталған. Түркілер жебенің ұшын темірден, сүйек, мүйіз бен ағаштан да жасаған. Адамды аттан құлатып түсіру үшін немесе аңға шыққанда
түркілер ұшы цилиндр тәріздес ағаштан
жасалған «доғал оқты» пайдаланған. Ал, соғыс кезінде дыбыстап белгі
беру үшін «ысқырық» оқтар қолданылған. Ал, садақтың оғы салынатын
қапты қорамса десе, жақты салатын қорапшаны «садақ» деп атаған.
Міне, ерте заманда қазақтардың әкери қару-жарағы осындай атауларға
ие болған.
Кейінірек қазақтар жақтың орнына мылтық
пайдалана бастады. Ертедегі бабаларымыз білтелі мылтық, бытыралы,
шүріппелі мылтықтар
пайдаланған.
Кесу
қаруы
Түркілер жауынгерлері кесу қаруының: семсер,
қылыш және сапы деген үш түрін қолданған. Түркілер қылыштары
басының қайқылығына, пішініне қарай, сабының және балдағының
пішініне орай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы «наркескен». Оның
қайқылығы бірден алқымынан басталады, сондықтан кесу күші жоғары
болған. Асыл қылыштың ерекше түрін қазақтар да өзге түркі халықтары
секілді «зұлпықар» деп атаған. Зұлпықар (арабша Зу – л фикар –
«жасын» деген сөз) — Әзірет Әлінің (Мұхамед пайғамбардың немере
інісі әрі күйеу баласы, төртінші халиф Әлі ибн Әбу Тәлібтің) аты
аңызға айналған қасиетті екі басты қылышының аты. Кейбір қылыштар
шапқанда ауыр болу үшін басы үлкейтіліп, жалпақ қылып жасалған және
ұшының сыртында шығыңқы тұрған жотасы болған. Оны «жалман» деп
атаған. Жыраулар шығармаларында мұндай ауыр қылыштар «алдаспан» деп
аталады. Қазақ батырлары қылыштың бұл түрін өте жоғары бағалаған.
Ал, қылыш, семсер салатын бұйым «қынап» деп аталады. Оны асынып
жүруге арналған бауды «қылыш бау» деп атайды. Қынап ағаштан
жасалып, былғарымен немесе барқытпен қапталған. Металмен
әшекейленіп, алтын, күміс және асыл тастар қондырылған. Кейбір
қынаптар таза металмен
қапталған.
Түйреу
қаруы
Қазақта екі түрлі түйреу қаруы болған. Ұшы
жалпақ болып келетін қылышты қазақтар «найза» деп атаған. Ұшы қырлы
ұзын қылыш «сүңгі» делінген. Ол жаудың сауытын сындыра соққы беруге
арналған. Қазақ батырлары найза мен қайың найзаға: мойшақ, ту,
жалауша, шашақ сынды белгі таққан. Ту – жалпы әскердің белгісі,
мойшақ - әскербасының таңбасы болды. Түрлі-түсті жалаушалар әскери
жасақтардың бір-бірін тануы үшін қажет болса, аттың жалынан немесе
жібек баудан жасалған шашақтар батырлықтың нышаны
саналды.
Шабу
қаруы
Ертедегі қазақтардың негізгі деген төрт шабу
қаруы болған. Олардың жарақаттау қабілеті мен пішіні жағынан
айтарлықтай ерекшелігі бар. Бұл қарудың бір түрі «балта». Оның жүзі
орташа болып келеді. Жүзі ай пішіндес әрі енді болып келетін
балтаны қазақтар «айбалта» деп атаған. Жүзі сына тәріздес болып
келетін қару «шақан» деп аталған. Бірақ, қазақ батырлары соғыста
балтаның төртінші түрі – жарты айбалтаны көп қолданған. Кәдімгі
балта, айбалта мен шақанның қасиеттерін біріктіру арқылы жасалған
айбалтаның басы балға пішіндес
болады.
Қазақ балтасының сабы кейде металмен
көмкеріліп, былғарымен қапталады. Жауынгер балтасы сабының
ұзындығына қарап: ұзын сапты, орташа сапты және сабы қысқа балта
деп үшке бөлінген. Қазақтар сабының ұзындығы орташа болып келетін
балтаны кеңніне қолданған. Ал, қысқа сапты балталарды әдетте
белдікке қыстырып жүретін болған. Ұзын сапты айбалтаны хан сарайын
немесе қорған қақпасын күзететін жауынгерлер
ұстады.
Соғу
қаруы
Бұл қарудың ең көне түрі «шоқпар» деп
аталады. Ол ағаштан, ауыр сойыл түрінде жасалады. Кейде шоқпарға
металл шынжыр немесе үшкір темір тығылады. Соғу қаруының екінші
түрі – «гүрзі» деп аталады. Басы металдан құйылған ауыр шоқпар.
Соғу қаруының үшінші түрі – «бұздыған» деп аталған. Бұздыған — басы
алты не сегіз қырлы
44
(әр қырының арасы тілімделіп ойылады) болып
келетін, темірден жасалатын шоқпардың жеңіл түрі. Соғу қаруының
төртінші түрі – «босмойын» деп аталады. Аты айтып тұрғандай,
босмойынның басы иілгіш келеді. Шоқпардың басы сабына қайыс немесе
шынжыр арқылы бекітіледі. Мұндай шоқпарлардың басы ағаштан, тастан
немесе металдан
жасалған.
ІҮ. « Кім көп біледі ?» атты викториналық
сұрақтар ойыны.
1. Абылай хан кім болған? Қазақтың ханы
болған.
2. Абылай ханның шын аты кім?
Әбілмансұр.
3. Абылай хан қай жылы дүниеге келген? 1711

билеуші болды? Уәли, Түркістанды
билеген.
5. Абылай хан кімдермен шайқасқан?
Жоңғарлармен,
қалмақтармен.
6. Абылай кімдердің ақылына жүгінген? Төле,
Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына
жүгінген.
7.«Алғыншы» сөзінің мағынасы қандай ? -
Шолушы, әсіресе соғыс жағайынан алдын жау бетін
шолушы.
8. «Аймауыт» дегеніміз не ? - Асыл болаттан
соғылған ұсақ шынжыр торлы сауыт. Батырлардың ұрысқа киетін
киімі.
9. «Ала білек» дегеніміз не? - Садақ оғының
бір түрі.
10. «Қалқан» сөзінің мән –мағынасын аш. -
Ерте заманда батырдың қарсы жақтың найза, қылыш, соққысынан, садақ
оғынан майданда өзін қорғау үшін қолына ұстайтын қорғаныс құралы.
Шегінген кезде арқа жағына іліп, бекітіп
алады.
Ү. « Суреттер сыр шертеді» интербелсенді
тақтадан суреттер көрсетіледі ,сол суреттердегі қару –жарақтар
жайлы оқушылар өз білгендерін ортаға
салады.
23-сабақ
Тақырыбы: Қаракерей Қабанбай батырдың қанжары
Мақсаты: Оқушыларға отандық тарих туралы жан – жақты түсінік беру,батырдың қолданған қару –жарақтары туралы түсініктерін тереңдете отыра олардың логикалық ойлау қабілеттерін, қол еңбек икемдерін дамыту.Балалардың бойындағы патриоттық сезімдерін дамыту.
«Қазақта Үйсін Төле биден
асқан би,
батырда Қаракерей Қабанбай батырдан асқан ешкім болмаған».
Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Ешкімге соқтықпай малын бағып, бейқам жатқан қаймана Қазақ жеріне тұтқиылдан ойрат-жоңғарлар шапқыншылық жасап ел шетіне басып кірген кезде, «Аттан!» деп атой салып атқа мініп, қолына ту (байрақ) көтеріп ұстап, ер қаруы бес қаруды асынып, Қазақтың еркек кіндікті ер азаматтарын тегіс атқа мінгізіп, әскер жинап, қолдарына қару ұстатып қол бастап, батыр бабаларымыз жауға аттанады. Қазақтың кең даласын қанға бөгіп, жазиралы жерін қан сасытып «Ақтабан шұбырындыға» ұшыратып елден, жерден айырып қан ішкізіп - запыран құстырған, «Елім-ай» деп жоқтау зарын айтқызған зар заманда, батыр бабалар жоңғарларға қарсы тұрып шашақты, болат ұшты, қаратамақ найза
қолға алып, қайқы - алмас
қылыш белге байлап, дұшпанына дауыл, еліне қорған болды. Қазақтың
кең қоныс, дархан даласын білектің күші, найзаның ұшымен мұз
жастанып, қар төстеніп жүріп, батыр бабаларымыз қорғай білді. Сол
батыр бабаларымыздың ерен ерліктері кейінгі ұрпақтарына ерлік
үлгісіндегі естелік.
XVII-XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі шайқаста
көзсіз ерлік, ерекше батырлық көрсетіп, жүрек жұтқан
батылдықтарымен көзге түсіп, бұл күнде есімдері аңызға айналған
батыр бабаларымыз баршылық. Әрқайсысының тарихтан ойып тұрып орын
алар, ұрпаққа үлгі болар ерліктері бар, есімдері аңызға айналған
қаһарман, баһадүр
45
батырлар; Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай,
Шақшақұлы Жәнібек, Керей Ер
Жәнібек Бердәулетұлы, Арғын Малайсары, Уақ Баян, Албан Райымбек
Түкеұлы, Жуантаяқ Тоқтамыс, Тобықты Мамай, т.б. батыр бабаларымыз
ел есінде, халық санасында, ұрпақтың жадында. Осындай біздің батыр
бабаларымыз ер қаруы бес қаруды асынып, талай шапқыласқан ұрыста ат
ойнатып, жоңғарларға ойран салды. Өз бастарын өлімге тігіп,
жекпе-жекке шығып талай жоңғар батырларын жер жастандырып,
қанжығаларын қандап жоңғар батырларының басын байлады. Бұл күнде
батыр бабалар есімдерін ұрпақтары мақтанышпен ауыз толтыра айтып,
бабаларының рухына тағзым етіп дұға қылуда.
Батырлар жауға аттанар шағында от ауызды, орақ тілді шешендер
шерлене шер айтып, жыршылар жалынды жырларымен батырларға рух беріп
жігерлендірсе, дуалы ауыз батагөй қариялар ақ баталарын береді. Ал,
таңдайлары тақылдап, көмекейлері бүлкілдеп батырлардың ерліктерін
асқақтатып, қате кеткен кездерінде жер қылып, именіп - сескенбей,
бетің бар, жүзің бар демей, керек десең ханға тіке қарап өктем сөз
айтар жырауларымыз бір төбе. Абылай ханның кеңесшісі, көріпкел
көсемі, бата берер дуалы ауыз абызы - Бұқар жырау:
Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек
Шақшақұлы Жәнібек
Ормандай көп Орта жүз
Содан шыққан төрт тірек – деп, осы төртеуін Орта жүздің тілеулі
бәйтерегіндей төрт тіректі тіреуі дейді.
Батыр бабалардың ішіндегі жауына арыстандай – айбатты, жолбарыстай
-қайратты, қабыландай – қаһарлы болған Қаракерей Қабанбай батырдың
бәрінен де бір тон, бір кілемі артық, жолы да, жөні де бөлек,
шоқтықты, биік тұғырлы хас батыр. Шыққан тегі Орта жүз, Найман
руының Қаракерей табының Байжігіт тармағынан. Азан шақырып қойған
аты Ерасыл. Иә, қойылған атына заты сай, нағыз ер азамат ғана емес,
ерге сай-ерлік, еразаматқа сай-батырлық көрсетіп, ерлердің -
ерінен, асылдың –асылына айналып, Ерасылдан халық таныған «Хан
батыр» дәрежесіне жетті.
Қаракерей Қабанбай батыр – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті
ұйымдастырушы
лардың бірі, қазақтың біріккен
қолының Бас қолбасшысы, жекпе - жекте жеңіліп көрмеген халық
қаһарманы. Қаракерей Қабанбайдың есімі әрқашан қазақ
елінің есінде. Елі бардың – ері бар» дейді әрқашан батырын
бағалай білген дана қазақ. Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов: «Сонау
Тарбағатайда тау мен тастың қиырында ата жауын қасқая қарсы алып,
кеудесін оққа төсеп айқасып, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза
қолға алды. Аттың жалы, түйенің қомында түн қатып, толарсақтан қан
кешті. Жұртымен бірге қабырғасы қайысып, ұрпақ үшін дұшпанымен
сайысты. Қазақтың рухын биік ұстап, намысын жерге таптатпады.
Халыққа Қаракерей Қабанбай атанған – Ерасыл Қожақұлұлы жеке
батырлықтан, халық құрметтеп, ел сыйлап, хан мадақтап, қайратына
сүйенген, Бас қолбасшы дейді «Дарабоз» атты еңбегінде. Иә,
Қаракерей Қабанбай Бас сардарынан Хан батырына дейін жеткен
нартұлғалы дара батыр.
1741-ші жылы Қаракерей Қабанбай батыр Шыңғыстаудағы Шаған
шайқасында жекпе – жекте ойрат батыры Арсалаңды өлтіреді. Бұл жекпе
- жек шайқасты Шәкен Күмісбайұлы «Қаракерей Қабанбай» атты
еңбегінде былай суреттейді: «Төрт қырлы қаратамақ найзаны қолына
мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын
кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес
жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған
Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап
қала берді». Бұл Қабанбай батырдың жекпе - жектегі суреттелген бір
ғана ерлігінің көрінісі еді.
Ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз
атқа мініп топ
46
жарып, дара шауып, ерлікпен
көзге түсіп, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай
хан қатты разы болған. «Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа
жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау
қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың
немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан
ұранына айналып, жорықтағы есімің «Дарабоз» болсын»!-деп құшағына
алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан. Дарабоз со кездегі батырға
берілетін ең жоғарғы лауазым болса керекті. Содан бір жылдан кейін
яғни 1742-ші жылы Түркістанда хан сайланып батырға берілетін ең
жоғарға атақ, әскери шен «Хан батыр» атанады. Бұл Қабанбай батырдың
жорықтардағы өрлігі мен жекпе - жекте көрсеткен ерлігінің
нәтижесінің қорытындысы. Осыдан бастап халқы, ел-жұрты,
замандастары құрметтеп «Хан батыр», «Бас сардар», «Дарабоз» деп
атаған.
Қазіргі таңда осы батыр бабалардан қалған басына киген дулыға,
үстеріне киеген кереуке сауыт, шарайна, бек сауыт, қолдарына
ұстаған ер қаруы бес қару: садақ, (жақ), найза, (сүңгі), айбалта,
шоқпар, (босмойын шоқпар, гүрзі), қылыш (сапы, қанжар, семсер,
наркескен, алдаспан) сияқты қару - жарақтары жоққа тән,
қасқалдақтың қанындай жоқтың қасы.
Бұл күнде жаста болса бас болып, алтын тұғыр үстінде дүр сілкініп
түлеген қырандай, қанатын кеңге жайған, ұлттық рухани ұлылық
ұялаған, Қазақтың мәдениет ошағының «Қара шаңырағына» айналған
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ашылған, қазақтың «Кіші
қажылық-Меккесі» атанған киелі Түркістандағы «Мемлекеттік Әзірет –
Сұлтан және Отырар қорық -мұражайының» ұйымдастыруымен «Тарихи жады
және тағылым» атты көрмесінде қойылған Қаракерей Қабанбай батырдың
қанжары бұлт арасынан жарқ етіп шыққан алтын күндей болды.
Көпшілікке ой салып, көкіректегі шерді домбыраның шегіндегі қоңыр
үнді күйдей селт еткізіп, бойды шымырлата тербеп, жүректегі сезімді
қармақ тартқан балықтай шымырлата дір еткізгендей.
Дарабоз Қаракерей Қабанбай батырдың шапқыншылық кезінде жанындағы
жан серігіндей, кемер белбеуінде ілінген «бойтұмарындай» болған
қанжарының ұрпақтарында сақталып, бабадан атаға, атадан балаға
мирас болып қолдан - қолға өтіп, кейінгі ұрпаққа жетуі ғажайып
дүние. Ал, құнды жәдігер ретінде Қабанбай бабамыздың қанжарының
музейден орын алуы үлкен бір тарихи ғибрат алар рухани ғанибет. Осы
асыл мұраны 1980-ші жылы Қабанбайдың ұрпағы, халық суретшісі Сахи
Романовтан Қожа Ахмет Ясауи кесенесін музей ретінде ашу жұмысын
ұйымдастырушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф
ғалым Өзбекәлі Жәнібеков алып музейге тапсырған.
Сахи Романовтың бұл құнды жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап
бүгінгі күнге жеткізгені; асыл дүниені ардақтап, бағалы заттың
бағын біліп, құнды затты құрметтегені болса, музейге бергені
білгендігі ғана емес, сонымен қатар білерлігі мол, қолы ашық
жомарттығы мен мәрттігі екенін дәлелдесе керекті.
Ал, Өзбекәлі Жәнібековтың құнды қанжарды музейге тапсыруы батыр
бабалар ерлігінің - еңсесі биік егемендігіміздің алтын тұғырын
аңғартқан, ерліктің еншісіндей елгезектігін білдіреді.
Қанжар екі жүзді емес, пышақ үлгісінде бір жүзді болып келген,
шебер ұстаның қолынан соғылып жасалғандығы көрініп тұр. Қанжардың
ұшынан сабының басына дейінгі ұзындығы - 33,5см. Ұстарабасының
(жүзі) ұзындығы бір кереқарыс - 22,5см. Қалыңдығы - 0,5см.
Ұстарабасы (жүзі) асыл, болат темірден тапталып соғылған. Жүзі
өткір, лыпылдап тұр. Ұстарабасының екі жанында, ұшынан мүйіз саптың
желкелігіне дейін сыртынан 05см мөлшерінде төмен өзегі бар.
Қанжардың ұстарабасының жалпақтығы - 2,5см.
Сабының басы құс тұмсық болып келген, қаймақтай сары түстес, пілдің
мүйіз сүйегінен жасалған, ұзындығы бір сүйемдей - 11см. Саптың
мүйіз сүйегі сызаттанып, жарылыңқырап, шытынаған. Ұстарабасын мүйіз
сүйекке қорғасын құйып бекітіп, екі жақ таңдайына оюлы күміс төсеп,
сабының желкелік сыртына шеңберлеп күмістен
сақина
47
жасап, күміс сақина ортасына
21 дана төртбұрышты жасыл, көк түсті асыл шыны тастарды салып
орнатып бекіткен. Қанжардың салмағы бір келі (кило) шамасында
800-900 гр. мөлшерінде.
Қыны қайың ағашынан жасалып, сырты жылтыр қарақоңыр түске боялған
таза өгіз терісі былғарымен қапталған. Қынның ұшынан белдеулік
басына дейінгі ұзындығы - 51,5см. Қынның өзі - 26,5см. Ұшындағы бес
қырлы әшекейімен есептегенде - 31,5см. Жалпақтығы - 4,5см. Былғары
сыртында өзінен шыққан гүл, өсімдік, қошқар мүйіз, құс қанаты, бұғы
мүйізді болып тармақталып келген оюы бар. Белдеулігінің ұзындығы
бір қарыс - 20см. Жалпақтығы - 8,5см. Қын сыртындағыдай
белдеуліктің де сыртында өзінен шыққан гүл, өсімдік, қошқар мүйіз,
тармақталған бұғы мүйізді оюлы болып келген. Қын ұшындағы жалпақ
былғары бес қырлылау, текемүйіз оюлы болып бес жаққа тармақталған.
Қын ұшындағы жалпақ былғары тігінен - 5см, ал, көлденеңінен - 8см.
Қынның былғарысының сырты жарылып, кей жері тілініп, бір-екі
жерінің сыртқы қабыршағы аршылып, кертіліп ескіріп, тозыңқырап
қалған.
Қанжар бабалар жүріп өткен қанды жорықтардың куәсі. Шапқыласқан
шайқасты жорықтан сыр шерткендей, көз алдымызға батырлықтың
сағымдай болған бір бейнесін елестеткендей. «Көненің көзі, асылдың
өзі болған» бұл қанжар бүгінгі таңда батыр бабадан қалған тәбәрікке
айналған бойтұмардай болған асыл мұра.
24-сабақ
Тақырыбы:
Бесік жыры.Тұсау кесу
жыры
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына халқымыздың
рухани байлығын игертуге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға
баулу
Дамытушылық: Халқымыздың салт - дәстүр
мәдениетін, өзіндік үлгі өнегесін балалар бойына сіңіру. Көшпелі
ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті бесіктің, балаға
айтылатын бесік жырының бала өміріне пайдалылығын
ұғындыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға халықтық мол қазынаны
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бесік, арба,
плакатқа жазылған сөздер.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Түсіндіру,
көрнекілік, сұрақ - жауап
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбері:
Күнге қарап
күлеміз,
Иіліп сәлем
береміз.
Бақыт, шаттық
сыйлайсың,
Күнім саған
сенеміз.
II. Жаңа
сабақ:
Сендермен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бесік
жыры».
Бесік деген
не?
Оны көргендерің бар
ма?
Мұғалім:
Бесік - көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан
қалған қасиетті мұра.
Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
деген ұлағатты маржан сөз
бар.
Олар тегін
айтылмаған.
Бесік - ұлттық өнеріміздің туындысы,
салтымыздың жұрнағы, ұлттық
тәрбие
құралы. Көшіп - қонған халқымыздың ғасырлар
бойы тәжірибесінен туындаған, уақыт заман сынынан сүрінбей өткен
киелі бесіктің өзіндік ерекшелігі, тұрмысқа
бейімділігі,
48
бала өміріне пайдалылығы орасан
зор.
Бесіктің ең қарапайым түрі қайың, тал, тағы
басқа оңай иілетін әрі жеңіл ағаштан жасалады. Бесіктің құрамы 15
бөліктен тұрады.
Олар: бел ағаш, екі бөген, төрт жақтау, төрт
шабақ, екі сабау, екі жорғадан тұрады. Қазақ дұрыс бөленіп, бесік
көрген баланың дені сау, тәрбиесі түзу болады дейді. Сондықтан
баланы бесікке бөлеудің мәні зор. Бесікке бөлегеннен кейін қоңырқай
әсем дауыспен бесік жыры
айтылады.
Сергіту
сәті:
Бесік, бесік,
бесік,
Сен арқылы білімге аштық
есік.
Сенен алған тәрбиенің
негізінде,
Келеді ұрпақтарың түзу
өсіп.
Тұсау кесу рәсімі: Қаз басып жүре бастаған
сәбидің тұсауын кесерде,
оны үш түрлі тілекпен кеседі. Бірінші,
баланың тұқымы шөптей көктеп өссін деп, аяғын шөптен ескен жіппен
кеседі. Екінші, малы көп және семіз күйлі болсын деп аяғын тік
ішекпен кеседі. Үшіншіден, Адал болсын біреудің ала жібін
аттамайтын шыншыл болсын деп, баланың аяғын ала жіппен
кеседі.
Мұғалім:
Балалар бұрынғы кезде ата - бабаларымыз
балаға бесікті қолданса,
қазіргі
дамыған кезде бесіктің орнына түрлі арбаларды
қолдануда. Оны мына бейне
сюжеттен тамашалай аласыздар.( Сүйінші,
сүйінші).
Сабақты
бекіту:
Мынандай сұрақтарға жауап беріп
жіберейік.
А) Анасы баласын қалай
жұбатады?
Б) Өлең неліктен «Бесік жыры» деп
аталған?
В) Баланың тұсауын кесерде неше түрлі жіппен
кеседі?
Г) «Көп қиыннан өтерсің» деген жолдың
мағынасын түсіндір?
Қорытындылау:
Сонымен, бүгін сендер бесік туралы, бесік
жыры туралы біраз мағлұматтар білдіңдер. Бесік сияқты қасиетті
құндылықты сақтай білейік.
25-сабақ
Тақырыбы:Батырлар жыры
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
б) Жаңа сабақ
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елінсүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке
49
барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.
Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
Батырлық дастандардағы Қобыланды, Тарғын, Алпамыс сияқты ерен ерлер бойынан осы қасиеттерді айқын танимыз.
Қазақтың батырлар жырының көбі Шоқанның айтуынша, "Алтынорда дәуірлерінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда XIV, XV—XVI ғасырларда жасалған сияқты".
Батырлық дастандарда батырлар тек ерен ерлігімен ғана емес, адамгершілік қасиеттерімен де, жан ізгілігімен де көрінген. Олардың ата-анасына, бауырларына деген мейірімінен, жарына деген адалдығынан мұны айқын аңғарамыз.
Кітаппен жұмыс: Кітаптан батырлар жыры туралы түсінікті оқу,ойларын жеткізу.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады?
2. Қандай батырларды білесіңдер?
3. Батырлар жырының лиро-эпостық жырдан айырмашылықтары қандай?
4. «Ер Тарғын» жырын оқығансыңдар ма?
26-сабақ
Тақырыбы: Тұрмыс - салт жырлары
Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті.
Тұрмыс - салт жырлары, түрлері, олардың
ерекшеліктері
Мақсаты: 1. Оқушылардың халық ауыз әдебиеті
туралы білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби
дүниетанымдарын кеңейту, сөздік қорын
молайту
3. Оқушыларды халық ауыз әдебиет туындыларын
қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ
Көрнекiлiгi: Көркем әдеби кітаптар,
интербелсенді тақта
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру
Ауыз әдебиеті шығармаларын шығарушы халық
болғандықтан халық ауыз әдебиеті деп аталады. Қазақ ауыз
әдебиетінің үлкен саласы - тұрмыс - салт жырлары. Күнделікті
тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай
өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс - салт жырлары деп атайды.
Тұрмыс - салт жырларына: беташар, бата - тілек, бесік жыры, төрт
түлік мал жайындағы жырлар, наурыз жыры т. б. түрлері
бар.
VІ.Кітаптан тұрмыс - салт жырларының
түрлерінен мәнерлеп оқиды. V. Топпен жұмыс: Тұрмыс - салт
жырларының түрлерін
топтастыру.
Тұрмыс - салт жырларының
түрлері
↓
Тұсаукесер
жыры
Беташар
Тойбастар
Жоқтау
Наурыз
жыры
Бата –
тілек
50
Жар -
жар
Бесік
жыры
Білімді
бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар
қоямын.
Тұрмыс - салт жыры дегеніміз
не?
Қандай түрлерін
білесіңдер?
27-сабақ
Тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы
Мақсаты: Төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері: 1. Төрт түлік малдың пайдасын түсінеді.
2. Төрт түлік малдың адам өміріндегі алатын рөлін, түрлерін анықтай алады.
3. Бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа; төрт түлік малды құрметтеуге үйренеді.
Күтілетін нәтиже: 1.Төрт түлік мал туралы жаңа мәлімет жинақтай алады.
2. Ойын еркін және толық жеткізе білетін жеке тұлға қалыптасады.
3. Төрт түлікті қалай күту керек екенін үйренеді.
І сайыс. «Темір қақпа».
Интерактивті тақтада – «Темір қақпа». Бұл қақпаны ашу үшін бірнеше
тапсырма орындаймыз. Кім білгіш? бәсекесі. Интерактивті тақтада
жұмыс.
Мал баққан халық әр жануардың өзінің пірі бар деп санаған. Сол
пірілерге сиынған халық мал күтуді ең зор қасиетті іс-әрекет деп
таныған. Сол төрт түлік мал пірлері туралы не білеміз?
Түйенің пірі - ... Ойсыл қара
Сиырдың пірі - ... Зеңгі баба
Жылқының пірі - ... Қамбар ата
Қойдың пірі - ... Шопан ата
Ешкінің пірі - ... Шекшек ата
Балалар, біз сөйлейміз, күлеміз, айқайлаймыз, ренжиміз, осы
күйімізді біз белгілі бір дыбыспен, қимылмен білдіреміз ғой, ал
енді малдың қалай дыбыстайтынын есімізге түсірейік.
Қой маңырайды
Жылқы кісінейді
Сиыр мөңірейді
Түйе боздайды
Енді, осы төрт түлікті шақырып көрейік.
Биені - ... Құрау-құрау
Түйені - ... Көс-көс
Сиырды - ... Аухау-аухай
Ешкіні - ... Шөре-шөре
ІІ сайыс. «Күміс қақпа».
Бұл қақпаны ашу үшін әр оқушы өз білімін көрсетеді.
«Кім білімпаз?» бәсекесі.
1. Интерактивті тақтада жұмыс
2. Сөзжұмбақты шеш.
Көлденеңінен (по горизонтали):
51
1. Кобылье молоко
2.
Баран
3. Верблюжонок (двухгодичный)
Тігінен (по вертикали):
1. Лошадь
2. Ягненок
3. Верблюд
4. Козленок
Сергіту сәті.
Коза – ешкі,
Старый - ...;
Верблюд – түйе,
Пуговица – ... ;
Корова – сиыр,
В этом году – ... ;
Овца – қой,
Рост - ... ;
Жеребенок – құлын,
Давно - ... ;
Козленок – лақ,
Стул - ... ;
Лес – орман,
Мечта - ... .
ІІІ сайыс. «Алтын қақпа». Сөз маржаны – мақал. Мақал сайыс.
Отан – оттан да ыстық;
Халықтың ортақ үйі – Отан;
Елін сүйген ер болар;
Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл;
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас;
Еңбек етсең емерсің;
Күшіңе сенбе,
Ісіңе сен;
Мал – баққандікі,
Жер жыртқандікі.
Міне, балалар, «Алтын қақпамыз» да ашылды. «Алтын сандыққа» да
жеттік.
Ал, сандығымыз ашылу үшін жасырған жұмбақтарды шешіп көріңдер.
1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,
Сүті – дәрі,
52
Еті
– тамақ.
Бұл не? (жылқы)
2. Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Ол не? (түйе)
3. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
5. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (сиыр)
6. Арқасындағы ерімен туған,
Аптасында бір ішеді судан. (түйе)
Міне, сандығымыз ашылды. «Білім қазынасына» да жеттік.
Топтастыру. Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
Халық өзінің ең асылын малға бағалаған. Баласын жақсы көргенде
«ботам», «қозым», «құлыным» деп аймалаған. Көзі мөлдіреген қызды
«бота көз» деп сипаттаған. Бұл сұлулықтың ерекше белгісіне
жатады.
Адамға барлық жануар керек екен, оған көзіміз жетті. Оларды бағып,
асырап, көбейту арқылы шетелден ауыл шаруашылығы тағамдарын
алмасуымыз керек немесе аз мөлшерде алып, өз-өзімізді
қамтамасыздандыруымыз керек. Бұл – біздің өркендеуіміздің,
байлығымыздың негізі.
28-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Жылқы –малдың
патшасы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Жылқының қазақ тұрмысындағы
өзіндік орнын ұғындыру, оның еті мен сүтінің адам денсаулығына
шипалық қасиетін және еліміздің азық –түлік бағдарламасын іске
асыру мен ұлттық спортымыздың даңқын көтерудегі маңызын
түсіндіру.Оқушыларға жылқы малы,оның шығу тарихы,жылқының
тұқымдары,жылқының пайдасы мен бабына, сыны мен сипатына толық
тоқталып, жылқы малы туралы жан-жақты түсінік
беру.
Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, есте
сақтау, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:Жылқы малын қадірлеуге, күте білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,
мақал-мәтелдер,слайдтар, еті, қымызы, ат
әбзелдері.
Техникалық құрал: Экран
тақта
Сабақтың
барысы:І.Ұйымдастыру
Қызығушылықты
ояту./Музыка./
2.Қатысушылардың ролімен
таныстыру.
2.Сабақ
жоспары:
І.Кіріспе.
1.Жылқының қазақ халқының тарихында алатын
орны./тарихшы/
ІІ.Негізгі
бөлім.
1. Жылқы –малдың патшасы./Қамбар
ата/
1.Мамандық иелері
сөйлейді...
а)Жылқы бағудың
ерекшелігі./жылқышы/
53
ә)Әдебиетке үңілейік./Этнограф,әдебиетші,
оқушылардың өлеңдері,
«Сәйкестендір.
Ойын: «Жоғалған
сөздер»/мақал-мәтел/
б)Елтаңбадағы
пырақ./сәулетші/
в)Музыка
әлемінде./Сазгер./
г)Жылқының пайдасы./Дәрігер,аспаз, шебер.
Сұхбат./
ғ)Қазақтың жылқыға байланысты ат
спорты./Жаттықтырушы/
д)Аман болсын мал басы./Мал
дәрігері./
ІІІ.Қорытынды.
«Көкпар»
ойыны
Барысы:
Сабақтың тақырыбын, мақсатын
хабарлау.
«Жылқы- малдың патшасы» /музыка баяу
ойнайды/
1.Кіріспе. Қазақ халқы үшін төрт түліктің
осалы жоқ . Дегенмен ілгері заманда жылқы мен түйенің адам үшін
атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. “Жылқы – малдың патшасы,
түйе – малдың қасқасы” деген мақал сол кезде туған болатын.
Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де
бұл түліктер адамның жан серігі, айырылмас досы
болған.
«Қазақ тарихы- жылқы тарихы да, жылқы
тарихы-қазақ
тарихы»
Тарихшы:
Жылқы-қазақ даласының екінші есімі. Қазақ
ұғымында қазақ, дала және жылқы деген сөздер бір-біріне етене жақын
тамырлас та тағдырлас
айтылады.
Ең алғашқы жылқы осыдан 50 млн. жыл бұрын
өмір сүрген және оның дене тұрқы мысықтай ғана болған. Оны зоогипус
деп атаған.Кейіннен сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты түр тұлғасы
сомдалып, дене бітімі ,аяғы өсіп, қазіргі жылқыға ұқсай
бастаған.Қазіргі жылқының атасы осыдан 15-20 млн. Жыл бұрын өмір
сүріп, ол плиогиппус деп аталған. Жылқыны ең алғаш қолға үйреткен
шығыс елдері(Монғолия, Қазақстан) Оны шанаға, арбаға, малға жегеді,
салт та мінеді. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар.
Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. қазақ халқы өсіретін
жылқыларды 3 топқа
бөледі.
1.Күшті, еті тығыз
аттар.
2)Жүрдек
аттар
3) Жүйрік
аттар.
Мұғалім: Әр түліктің өзінің пірі, иелері
болады деп есептелген. Жылқының пірі
кім?
Жылқыны бағатын адамды кім
дейміз?
Олай болса, жылқы атасы Қамбар ата мен
жылқышыға сөз
берейік.
Қамбар
ата
Жылқының қазақ тарихында алатын орны ерекше.
Шетсіз –шексіз далада адам жаяу ұзақ жүре алмайды, ал астында аты
бар адам қашқанда құтылып,қуса жетіп тіршілік етеді. Сол себепті
қазақтың «Жылқы –ер қанаты» деген сөзі жылқының адам өміріндегі
орнын көрсетеді. . Жасына қарай жылқы атаулары: құлын, 6 айдан
асқанда жабағы,2-3 жас –құнан, 3-4 жас- дөнен, 4-5 жас-
бесті,айғыр, ат,
бие.
. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа
қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға,
жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп
аталады.Қазіргі машина ,ұшақ, пойыздың орнын бір кезде жылқы
атқарған.Сондықтан да қазақ жылқыны өте жоғары бағалаған. Жылқы
малы ең алдымен жұмыс көлігі. Алғаш темір жол құрылысы басталғанда
1450 км-ге созылған жанқиярлық істе жылқы малы қазақтың алғашқы
жұмысшы табымен бірге тауды бұзып, тас
тасыған.
Жылқышы:
Басқа малдан гөрі жылқыны бағу қиын. Жылқыда
өт жоқ.Ол күйіс қайтармайды. Күндіз-түні бірдей жайылымда, далада
жүреді.Суыққа да шыдамды.Қыс айларында
суықта,түнде
54
бағу оңай емес. Жылқы шөптің шүйгінін жеп, судың тұнығын ғана ішеді.Сондықтан
жайылымды дұрыс таңдау керек.Апталап үй бетін
көрмей жылқы бағатын күндер де
болады.
Этнограф:Қазақ халқының тарлан тарихының
тереңіне үздіге үңілгенде де тәнті болатынымыз-бабаларымыздың
елін,жерін қорғап, ата жауымен алысқандағы қанды көйлек жолдасы да
жылқы екенін көреміз. Қазақтың халық жырларындағы батырлардың
қайсысын алсақ та жаяуы жоқ және олар құр көлік емес,батырдың жан
серігі, жебеушісі ,құтқарушысы, өте қасиетті жануар ретінде
суреттеледі.
-Қандай батырларды
білесіңдер?
-Олардың тұлпарлары қалай
аталады?
Бұған көз жеткізу үшін мынадай ойын
ойнайық.
Ойын: «Тұлпардың иесін тап» Сәйкестендіру
тесті.
Қобыланды
Тайбурыл
Ер тарғын
Тарлан
Алпамыс
Байшұбар
Қабанбай Ақбоз
ат
Қамбар
Қарақасқа
Бөген Шұбар
ат
Осы ойында айтылғандай,жылқыларға түсіне ат
қойылады екен. Жылқының қандай түстері болады
екен?
«Топтастыру»
Жылқының қасиетті жануар екенін дәлелдейтін
аңызда көп.
Әдебиетші:
Солардың ішінде қазақ әйелдерінің жылқы
түлігінің табиғатын терең түсіне, сезіне сезіне білетіндігі жайында
мынадай бір аңыз
бар.
Бәйдібек би жол жүріп кеткенде бір топ ұры
(барымташы) қасиетті Домалақ анамыздың қолынан шай ішіп,сый-сыяпат
көреді. Үйір –үйір жылқыны барымталап қайтқан олар сол үйге тағы да
соғып шай ішеді. Домалақ ананың ықыласына ,пейіліне риза болған
олар «Бізден жылқы алыңыз» дейді. Сонда Домалақ ана көп жылқының
ішінен ең кәрі, ең нашар айғырды таңдайды.Бұған ешкім мән
бермейді.
Келесі күні анамыз әлгі айғырды таудың басына
алып шығып, екі санына қыл арқанды салып бұрайды.Кәрі айғыр бар
даусымен шыңғырады.Оны естіген үйірлі жылқы барымташыларға бой
бермей тым –тырақай қашып,барлығы кәрі айғырдың жанына
жиналады.Осылайша Домалақ анамыздың ақылы мен жылқының қасиеті
арқасында бір елдің жылқысы аман
қалады.
1-оқушы:Ұшып жүру үшін
де
Жаралған бұл мүсін
бе?!
Сезімталы осы
мал
Төрт түліктің
ішінде.
Сақтаған ғой ол
бұрын
Батырлардың
ғұмырын.
Жер түбінен
естиді
Жау мен жылқы
дүбірін.
Қайран
жылқы!
Бұл
әлі-
Қасиеттің
бұлағы.
55
Тұяғымен
естиді,
Естімесе
құлағы!
2-оқушы:Оларға да
керегі
Жылы лебіз дер
едім.
Кім бар, кім жоқ
артында
Бұрылмай-ақ
көреді.
3-оқушы: Керек сенің
еліңе,
Құлын байла
желіге.
Кірпияз да
талғампаз
Суың менен
жеміңе.
Тұлпар болар бір
құлын
Неге
татыр
Біл
құнын!
Үлкен жүрек жоқ
малда
Жүрегіндей
жылқының!
4-оқушы:Арудан асқан жан бар
ма,
Жылқыдан асқан мал бар
ма?
Биенің сүті-сары
бал,
Қымыздан асқан дәм бар
ма?
5-оқушы:Желіде құлын
жусаса,
Кермеде тұлпар
бусанса,
Сәні келер
ұйқының.
Жылқы қолдан тайған
соң,
Қызығы кетер
күлкінің.
Қыздың көркі-
шашында,
Жігіттің көркі-
жылқыда!
1.Ойын «Жоғалған
сөздер»/мақал-мәтел/
«(Жылқының) сүті –шекер ,еті
-бал»;
«Жүзден жүйрік, мыңнан
(тұлпар)»;
«Ағайын тату болса( ат) көп,абысын тату болса
ас көп»;
«(Атын )барда жер таны желіп жүріп ,асын
барда ел таны беріп
жүріп»;
«Арық( атқа) қамшы
ауыр»;
«Құнан атқа жеткізер,ат мұратқа
(жеткізер)»
«Аттың
көркі-құйрық-жалы,құлағы
Таудың көркі-тасы менен
(бұлағы).»
«Тай мінген (балаға
)жарасады»;
«Жақсы ат жанға серік, жақсы ит малға
(серік)»;
«Ат сүрінбей( жер)
танымас»;
«Сырын білмеген аттың (сыртынан)
жүрме».т.б.
-Балалар, ҚР-ның қай рәмізінде тұлпар
бейнеленген? Ол туралы сәулетші
әңгімелейді.
Сәулетші:Елтаңбадағы ерекше айырым
белгілерінің бірі-ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ.Шаңырақты
биікке көтерген қанатты тұлпарлар елдің ертеңіне деген сенімнің
белгісі десе болар еді.Жылқы бейнесі ерте заманнан рәміздік белгі
ретінде қолданылып келеді.Ол арыстанның батылдығы, қыранның
қырағылығы және адамның күшті ерік-жігері сияқты ұғымдарды
білдіреді.Жұлдыздарға ұмтылған қанатты тұлпарлар кеңістікті
бағындыру нышаны іспеттес. Қазақтар дүниетанымындағы барлық өмір
құбылыстары жылқы бейнесімен байланысты.Бұл оның Мемлекеттік
рәмізде пайда болуының кездейсоқ еместігінің бір
дәлелі.
56
Сазгер:
Композиторлардың құйқылжыған күйлері мен
әндеріне де жылқы арқау болған. Ақансерінің «Құлагер»,
«Маңмаңкер»,, Біржан «Бурылтай», «Телқоңыр»әндері , Абайдың
«Торыжорға» күйі, Кенен «Көкшолақ» әні,халықтың «Бозжорға», «Қара
жорға», «Бестай»т.б ән мен күйлері
бар.
Сергіту сәті : «Қара
жорға»
«Жылқының сүті-шекер, еті-бал,
иісі-жұпар,терісі –киім, мінсең –тұлпар»-деген екен Досбол
би.
«Ана сүті мен жылқы сүті- біздің тарихымыздың
басы»
Ғ.Қайырбеков.
Дәрігер: . Жылқы еті де , сүті де ,майы да
пайдалы. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең
құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде
ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант
көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге
болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың
бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол
болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез
ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. . Қазысының майы адамның
сүйегін балқытыды.Сынықшылар адамның қисық біткен сүйегін осы майды
пайдаланып қайта салады.Еті бауыр ауруларына, асқазан астындағы
ұйқы бездерінің, асқазан-ішек жолдарын емдеуге пайдалы.Жылқы еті
бауыр ауруларына,асқазан астындағы ұйқы бездерінің, асқазан-ішек
жолдарының дертін емдеуге пайдалы, ал жылқы майының ет айдағыш
қасиеті бар және бойға өте
сенімді.
Аспаз:Жылқы еті өте бағалы, жоғары сапалы
тамақ, ал қазысының тағамдық та, емдік қасиеті көп. Қазы,
шұжық,қарта, жал, жая сияқты жылқы етінен істелген тағамның
дәмділігі тіл үйіреді. Қымыз - көптің сүйсініп ішетін сусыны болып
келеді. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы
қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп
атаған
Шебер:
Жылқы терісінің де пайдасы мол. Одан әр түрлі
бұйымдар, ат әбзелдері,ыдыстар жасалады.Өмілдірік, айыл
,құйысқан,тізгін, ноқта, қамшы,шылбыр, жүген
өреміз.
Торсық пен саба қымыз құятын ыдыстар болып
табылады.
Торсық дегеніміз- жылқының терісінен шелін
алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері
қап.
Саба - төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны
бар.
Қымыз ыдыстарының ендігі бір негізгі түрі –
күбі. Күбінің ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді.
Көбінесе еменнен жасалады. Аса шеберлер арша, шырша ағаштарынан да
жасайды.
Мұғалім: Бала тәрбиесіне, денсаулығына ,мықты
болуына ерекше мән берген ата-бабаларымыз балаларын көбіне ат
үстінде шынықтырған. Ол туралы қазір жаттықтырушымыз
әңгімелейді.
Жаттықтырушы: Жылқы малын аса жоғары
бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне
мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені
ат мінгізіп, шапан жабу болған. Қазақтың ат үстіндегі ойындары:
бәйге, теңге алу,аударыспақ, көкпар, қыз қуу.Қазір жылқының көзге
түсержері спорттық жарыстар болып отыр. Ат спорты жарыстарында
біздің спортшыларымыз ірі жеңістерге ие
болуда.
«Аман болсын мал басы» -дегендей жылқыны
асырап, пайдасын көргеннен кейін оны дұрыс күтіп, баға да білу
керек. Сондықтан оның қандай аурулармен ауыратынын, оны қалай
емдеуін білу де артық болмас. Ол туралы мал дәрігеріне сөз
берейік.
Мал
дәрігері:
57
Жылқы ауруларына-қыршаңқы, тышқан, оғала,
маңқа жатады.
Қыршаңқы-ең алдымен жал,құйрығы түседі.Содан
қасынғанда қызыл шақа қотыр
болады.
Ең қауіпті ауру-тышқан.Ол аяқ астынан
ұстайды.Тамағының астынан бір тамыр қысылады. Соны қиып жіберсе
жазылады.
Оғала-көз ауруы. Көзінен жас аға береді. Оған
қант себу керек.
Маңқа- жұқпалы
ауру,жазылмайды.
Мұғалім:
Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей
көретіні соншалық- «қазақ жылқы мінезді» деп өзінің мінез-құлық,
бітім –болмыс , жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып
алған.Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек
қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл қазақтың осы түлікке деген аса
жоғары құрметінің
белгісі.
Қорытынды:Қазақ жақсы көрген баласын
«Құлыным» дейді.Бата бергенде «Атың арымасын, тоның тозбасын»
дейді.Адам есімдерін Жылқыбай, Құлыншақ, Торытай, Қаратай, Ақтай,
Тайшық,Құнанбай, Дөнентай Т.б жылқымен
байланыстырып
қойған.
«Көкпар»
ойыны
1.Жылқышының еңбегінің ауыр
кезеңі-
2.Жылқының
пірі
3.Бәйгеге шабатын баланы кім
дейді?
4.Жүйрік атарды баптайтын
адам.
5.Жылқыда не
жоқ?
6.Жылқы қандай
жануар?
7.Жылқының сүтінің қандай пайдасы
бар?
8. Ат әбзелдерін
ата.
9.Жылқыға не
жоламайды?
Бір сыр бар ежелден –ақ далам
білген,
Қазаққа ат мінбесе алаң
кірген.
Алтыннан мен ескерткіш қояр
едім,
Даланың тұлпарына бабам
мінген.
29-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ат әбзелдері
Сабақтың мақсаты: 1. Ат әбзелдерітуралы мәлімет бере отырып, құрылысын, жасалуын және қолдануларымен таныстыру.
2. Ат әбзелдері жайлысөзжұмбақ шешіп,тақпақ оқып сабақты меңгеру.
3. Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашан қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: ат әбзелдерінің суреттері, сөзжұмбақ, жұмбақ, ат әбзелдері жайлы өлең.
Пән аралық байланыс: тарих, география, әлемдік көркем мәдениеті.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Жаңа сабақты түсіндіру, ат әбзелдері жайды тақпақ оқ, жұмбақ айту.
Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді /Ертоқым/
Аттан биік,
Қойдан аласа/Ертоқым/
Тептім,
Терекке шықтым /Үзеңгі/
-
Бүгінгі танысатын тақырып «Ат әбзелдері».
-
Сұрақтар қойылады:
58
v Қандай ат-әбзелдерін білесіңдер? /ертоқым, жүген, үзеңгі, тоқым, айыл, құйысқан/
v Қазіргі кезеңде қолданып жүрген ат әбзелдері? /әскери жеңіл өндірістік ерлер/
v Айылдың түрлерін кім айтып береді? /төс айыл, шап айыл/
v Ердің қандай түрлерін білесіңдер? /құрамды ер, қазақы ер, ашамай ер, шошақ бас ер, күмісті ер/
v Жүгеннің түрлерін атап шығыңдар: /қайыс, түйме, былғары, өрме жүген/
-
Суреттермен жұмыс:
№2 сурет. Шошақ бас ер.
№3 сурет. Құйысқан.
№1 сурет. Жүген.
№4 сурет. Бір текті қамыт.
№5 сурет. Қайыс құйысқан.
Ат әбзелдері.
Былай қарағанда, көбіміз мән бере бермейміз, ат әбзелдерінінің өзі екі түрге бөлінеді: біріншісі, атты салт мінгенде пайдаланылатын, екіншісі, жұмысқа жеккенде пайдаланылатын. Қалай болғанда да, ат-саймандары аттың еркін жүріп тұруына, қозғалыс әрекеттеріне қолайлы болуы керек. Қайшылармен ат-сайман бұйымдарын өріп,тігушілер әбзелдердің жұмсақтау болғанын қалайды. Бұл ретте ескеріп,тозған қайыстан даярланған әбзілдер тез істен шығып, иі қанбаған қаттыларын бір-екі күн ішінде аттың терісін қажап,мазасын алады. Жұмысқа жеккенде пайдаланатын ат әбзілдері ноқта, жүген, қамыт, ершік пен шлея өре қайысқан, сондай-ақ бөктөрме, арқалық, керайыл, делбе (жалғыз және қос аттық), сырма қайыс пен көкірекшеден тұрады. Ат әбзілдерін жасау кезінде әртүрлі қалыңдықтағы қайыс теріні, әдеттегідей мақта ленталарын,жіптерді, киіз, металл ілгешектерін шеберлікпен пайдаланып, іске асыруға болады. Қамыт ат-саймандарының басты бөлігі.Әсіресе, ауылшаруашылығында бір текті қамыт жиі қолданылып келеді. Құрастыруды қажет етпейтін бір текті қамыт ауыздық, қамыт, қос көпшік, сыртқы қап, қосқұлақ бау және төсеніштен тұрады.Оларға талғаммен қарап, ықлас қойып, шеберлік шыңдай үйрене білсе аса қиын емес.Бір қауіптеніп мазасызданатынымыз ат әбзілін жасай білетін ісмерлік, ұсталық, ұрпақтар өрісінде үзілмеуге, жоғалмауға тиіс.
ІҮ. Сабақты пысықтау.
«Ат әбзелдері» атты өлең оқылады.
Атамның селкілдеген алақаны,
Ғажап қой жылқышы ауыл,
Дала таңы.
Бір айдай қасына ертіп үйретті атам
Атқа қажет әбзелдің сан атауын.
- Мынау не?
- Ата, мұны «шылбыр» дейді,
- Дұрыс-ақ.
/жаңылыссам құр күлмейді/
Ауыздық, жүген, ноқта, тізгін, ер деп,
Шұбыртсам мақтап мені білгір дейді.
Төс тартпа, таралғы бау, тебенгілік,
Құйысқан, тоқым, жона, өнімділік.
Жүйрікке қыста жабу,
Жазғы ыстықта
Жабады ақ дедеге төгілдіріп.
Бауырса, үзеңгі мен сырттық ноқта,
59
Көрдім мен асауда өре,
Тұсауды атта.
Қамшы ұстап, қанжығаға шідер байлап,
Желіге жылқы қайырам атам жоқта...
Ү. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады.
1. Жүген қандай детальдардан құралады?
2. Жылқыны матау әбзелдерін атаңдар.
3. Үйлеріңде қандай ат әбзелдері бар?
ҮІ. Сабақты қорыту.Мінекей, балалар ат әбзелдерін оқып таныстық. Әбзелдерге талғаммен қарап, ықылас қойып, шеберлігін шыңдай үйрене білсе аса қиын емес. Бір қауіптеніп, мазасызданатынымыз ат әбзелін жасай білетін ісмерлік, ұсталық ұрпақтар өрісінде үзілмеуге, жоғалмауға тиіс.
30-сабақ
Тақырыбы: Аңшылық - ата кәсіп
Мақсаты: Халқымыздың ұлттық аң аулау дәстүрімен таныстыру, құсбегі
туралы айтып, құсбегілікке қатысты құрал-жабдықтармен
таныстыру.
Көрнекілігі: әр түрлі құсбегілікке байланысты суреттер, бүркіттің,
қыранның суреті.
Барысы:
Халқымыз аңшылықты күнкөрістің бірі деп санаса, бүгінде оны сауық, сайран, сән-салтанаттың бірі дәрежесінде қызықтап тамашалайды.
Халық қайраткерлері саятшылықты өнер түріне бағалаған, Шоқан, Абай, Ақан сері және басқалар қатты ұнатқан. Олар қыран құс туралы көптеген шығармалар жазған. Ол шығармалар талайдың таңдайын қақтырған. Бүгін біздер аңшылық, құсбегілік туралы үлкен мағлұматтар аламыз.
Саятшылық- ғажап құбылыс, үлкен өнер, зор ғылым. Саятшылық өнері арқылы халық табиғатпен қоян қолтық араласып, бір–біріне жақындығын сезінеді. Қыран құстарды көктем мен күзде аулайды. Құсбегі қыранды екі тәсілмен ұстайды. Біріншісі-қанаты қатпаған сарыауыз балапан кезінде ұядан алады. Екіншісі-түз тағысын тормен ұстайды. Есейген түз тағысын қолға үйрету қиынның қиыны. Сондықтан құсты үйрететін адам ерекше шыдамды, ерінбейтін адам болу керек.
Енді құсбегі деген кім? Құсбегі-қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам. Олар өз ішінен текке, туыстыққа, ұрпаққа бөлінеді. Қыран құстардың түр-тұлғасына, сүйек бітіміне қарай құсты сынай білетін сыншы адам. Қыранды үйрете, түлете білетін, аңға сала білетін, бау қылауын түсірмей ұстай білетін адам.
Бүркітші-бүркіт ұстап, оны баптап, аңға сала білетін, аң мен құстан жан-жақты сауаты бар адам.
Салбурын-саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топтасып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Ол жерде жолы болған аңшылар топталып келіп, табақ-табақ қуырдақ жеп, сорпасын ішіп әңгіме дүкен құрады. Осылар-салбурындар.
Енді оқушыларға орындауында Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңін тыңдалық.
1-оқушы:
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
60
Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
2-оқушы:
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
3-оқушы:
Біреуі-көк, біреуі-жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
4-оқушы:
Көлеңкісі түседі көкейіңе
Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң.
Мұны ұқса, жігіттер, аңшы ұқсын,
Біле алмассың құс салып дәм татпасаң.
Кәне енді қалған оқушылардың әзірлеп келген мақал-мәтелдерін тыңдайық:
-
Баба бүркіт барлап ұшар,
Балапан бүркіт шарлап ұшар.
-
Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас.
-
Құс қанатымен ұшады,
Құйрығымен қонады.
-
Атбегі тұяғына қарар,
Құсбегі қияғына қарар.
-
Аңды не көрінбеген атады,
Не ерінбеген атады.
-
Сұңқар –құстың төресі,
Лашын-Құстың жендеті,
Қаршыға –құстың ұрысы.
-
Құстың алғанынан салғаны қызық.
Мұғалім:
Құсқа ауа, балыққа су, аңға орман керек. Аңды кез-келген адамға атуға болмайды, аңды ататын мерзімдері бар. Кейбір аң, құстарды «Қызыл кітапқа» енгізген.
31-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Ұлттық
ойындар.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді
меңгертіп, оларды дұрыс айтуға
жаттықтыру.
Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп,
сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін
қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың
салт-дәстүрлерін сақтауға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген
сурет, ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі
карточкалар.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
61
1. Өткен сабақты пысықтау үшін
сұрақтар:
- Төрт түлік малға нелер
жатады?
- Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік»
деп атаған?
- Төрт түлік туралы қандай тақпақтар
білеміз?
- Төрт түліктің төлдерін қалай
атайды?
2. Қайталау үшін тест сұрақтарын
тарату.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
1) Ұлттық ойындар туралы
түсінік.
- Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа,
ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке
үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек»,
«Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан
мәтіндерді оқушыларға оқытып,
таныстыру).
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі
ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап,
олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол –
үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін,
математикалық есепке құрылған күрделі
ойын.
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар
жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты:
лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті
іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл
құпияларын ашатын
болған.
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар
берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер
алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға
арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені
тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді
талап ететін, аса қызғылықты
ойын.
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп,
жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт
қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер
жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына
алады.
2) Оқулықпен
жұмыс:
а) мұғалім
оқиды;
ә) оқушылар
оқиды;
б) сөздікті пайдаланып,
аудару;
в) жаңа сөздерден сөйлем
құрау;
г) сұраққа жауап
беру.
3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы
тапсырмалар
беру.
4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір
бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді.
Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз
болады).
1. Әнұранның авторлары
кім?
2. Қазақ тілінде неше жалғау
бар?
3. Иелік форма қалай
жасалады?
4. Зат есім дегеніміз
не?
5. Төрт түлік малды
ата.
6. Дауысты дыбыстар нешеге
бөлінеді?
7. Өзің туралы
айт.
8. Сөз құрамы
неден тұрады?
9. Досың туралы
айт.
10. Дауыссыз
дыбыстар нешеге
бөлінеді?
11. Көптік
жалғауларын ата.
12. «Кітап»
сөзін септе.
13. «Отан»
сөзін тәуелде.
62
14. Абай Құнанбаев кім?
15. Есімдік
дегеніміз не, түрлерін
ата.
IV. Сергіту
сәті:
«Тоғызқұмалақ»
сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы,
тоғыз, құмалақ, мал, т.б...
V. Сабақты
қорытындылау:
а) орысша,
қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін
пысықтау;
ә) мұғалім
дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап
алу.
32-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Қазақ халқының мерекелері мен ұлттық
ойындары
Мақсаты: Білімділік: Қандай ұлттық мерекелер мен
ойындарды білеміз, олардың пайда болу тарихы мен маңызын әңгімелеу.
Қазақтардың денсаулығы, халық емшілері, атақты қазақ спортшылары
жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Ұлттық мерекелер, ойындар,
спорттық жарыстар туралы білімдерді игерту, ұлттық өнерге
қызығушылықтарын ояту. Анализ, синтез жасап, баға беруге
талпындыру.
Тәрбиелік: Ұлттық мерекелер, ойындар,
спорттық жарыстарды білуге, халқының ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: «Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғысынан ойлауды
дамыту»
Бағдарламасының элементтерін пайдалану;
Оқулықпен жұмыс, іздену, талдау, баяндау,
ойын.
Көрнекіліктер: Тірек сызбалар, интербелсенді
тақта, көркем суреттер
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі
II.Жаңа сабақты
ұйымдастыру
«Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы
оқушылардың танымын, есте сақтау
қабілетінің
деңгейін байқау мақсатында сұрақтар
қою.
«Ұлт» ұғымын қалай
түсінесің?
Мәдениет неше түрге
бөлінеді?
Рухани мәдениет дегеніміз
не?
Материалдық мәдениет деп қандай мәдениетті
айтамыз?
Салт-дәстүр деген
не?
Әдет-ғұрып ұғымын қалай
түсінесің
IІІ.Жаңа
сабақ
Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз : Қазақ
халқының мерекелері мен ұлттық
ойындары
Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан
әлеуметтік-этникалық,
қауымдық
бірлестігінің жоғарғы
түрі.
Ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті
факторлар
Адамдардың материалдық тұрмыс
жағдайлары
Территориясы,
экономикасы
Тілі,
мәдениеті
Этникалық
ерекшелігі
Ұлттық жан-күй үйлесімі үш бөліктен тұрады
:
Ұлттық
сезім
63
Ұлттық
салт-дәстүрлер
Ұлттық
мінез
Ұлттық салт-дәстүр, ғұрып дегеніміз әр
халықтың сенім-нанымына, тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс кәсібіне
байланысты қалыптасып, уақыт сынынан өтіп табиғи түрде, өздігінен
бір жүйеге келтірілген, сондықтанда сақталу міндеті болып
есептелген әдеттер мен ырым, кәделердің ерекше түрі. Салт-дәстүр
ұлттың рухымен бірге жасасып, заман талабына сай жаңарып, өзгеріске
ұшырап отырған. Нағыз мәдениетті белгілі бір ұлттың тарихи болмысы
тудырады. Осы тұрғыдан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халқымыздың
ғасырлар бойы жинап, бір жүйеге келтіріген әдептілік ережелері
іспеттес. Олардың қай-қайсысы да адамдарды ибалылыққа, имандылыққа,
адамгершілікке жетелейтін аса маңызды тәрбие
құралы.
Қазақ халқының ұлттық ойындары: аударыспақ,
қыз қуу, жіліксындыру, айгөлек, көкпар, ақсүйек, күміс салу,
қазақша күрес, алтыбақан, асық ойнау және
т.б.
Наурыз мерекесі жайлы әңгімелеңдер, ұлттық
ойындар туралы әңгіме
өрбіту.
Қазақтардың денсаулығы, халық емшілері жайлы
мұғалімнің әңгімесі.
ІV.Сергіту
сәті
Сақина салу. Ортаға бір қыз бен жігіт шығады.
Жиналғандар екі қолын уыстап алдына қойып отыруға тиіс. Қыз бала
сақинаны әр ойыншының уысына салғандай кейіп танытып, отырғандарды
жағалап өтеді. Сонан соң
жігітке:
-Сақина кімде, соны тап!-дейді. Жиналған жұрт
алақанын жазбай, жігітті жаңылыстыруға әрекет жасайды. Ол өз
ұйғарымымен бір адамға жақындап келіп
:
-Сақина сенде, соны бер!-деп сұрайды.Тапса,
сақина салынған адам өз өнерін көрсетеді, онда сақина болмай шықса,
жігіт айып тартады.
VI.Жаңа сабақты бекіту
тапсырмалары:
1-тапсырма
:
Атақты қазақ спортшылары жайлы не
білеміз?
1. Нұрмағанбет Баймұрзаның Балуан Шолақ деп
не себепті атанғанын
түсіндір.
2. Азияда спортшылары жайлы әңгімелеу,
бұрынғыны қазіргімен
байланыстыру.
3. Спортшылар жайлы
әңгімелеу.
2-тапсырма
Денсаулық туралы мақал-мәтелдердегі жоқ
сөздерді табу
1. . . . жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
(аурудың)
2. . . . батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
(ауру)
3 Тазалық . . . негізі, саулық байлық негізі.
(саулық)
4. . . . ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
(ауырып)
5. Денің сау болса,. . . деме.
(жарлымын)
Жолдасың көп
болса,
Жалғызбын
деме.
б)Тарихи басқатырма: Әріптерді дұрыс қойып
тақырыпқа байланысты сөздерді
тап.
1) ЙКАГЕЛӨ –
Айгөлек
НАСАБЙОТ – Сабан
той
2) ҚАЙҮСКЕ –
Ақсүйек
ҚЫМОТАҚУҒ – Тоқым
қағу
3) ПКӨАРК –
Көкпар
64
ЫМЫҚЗРҰНЫҚЫД –
Қызмұрындық
4. ДАРУПСЫАҚА –
Аударыспақ
УНАЫРЗ
–Наурыз
5. ТЛАБЫАНАҚ –
Алтыбақан
ЛІШЕДАНХА
–Шілдехана
в) Жоқ әріптерді
тап
Т…п – халық емшілері
(Тәуіп)
С….қ – киім-кешек т.б. заттарды салуға
арналған ағаштан жасалған бұйым
(Сандық)
Т….қ – теріден жасалған сусын құятын ыдыc
(Торсық)
О…ы – хирург
(Оташы)
К….е – киіз үйдің негізі,
қаңқасы(Кереге)
г)Жетпей тұрған сөздерді
толықтыр
Жарақат алған адамның жарасының қанын тоқтату
және жараның күшейіп, асқынып кетпеуі үшін дезинфекция ретінде оған
... ... және ... ... ... кеңінен пайдалана білген.(күл сепкен және
киіз күйдіріп басқан)
VII.Рефлекция
Бұрыннан білгенім,
білдім
Ұнаған
жақтары:
Ұнамаған
жақтары.
33-сабақ
Тақырыбы: «Асық ойыны».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: ұлттық ойындардың мәнін,мақсатын теориялық
және іс жүзінде ұғындыру.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой — өрісін кеңейту, ауызша
сөйлеу мәдениетін дамыту.
3 Тәрбиелік мақсаты: ұлттық ойындар арқылы оқушыларды
белсенділікке, тапқырлыққа, дәлдікке, көрегенділікке және
күштілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта,асықтар, қоржын, қамшы,
видео.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдістері: өзіндік ізденіс, топтық жұмыс, мәнерлеп оқу,
сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, жекелей,
жұптық.әңгімелеу, баяндау, ойын – жарыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Қолданған технологиялар: интерактивті, саралап-деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
3.
Фонетикалық жаттығу:
«Ойлай берсең, дана боларсың,
Ойнай берсең, бала боларсың»
«О» — дыбысының дұрыс оқылуына көңіл бөлу.
ІІ.Өткенді қайталау: сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға
мынадай сұрақтар қойылады: 1.– Ойын деген не? – Ол спорт, өнер, дене шынықтыру, тәрбие
құралы.
2.Ойын туралы мақал-мәтелдер:
• Ойнада күл, оқы да біл.
65
• Ойна, бірақ жұмысты да ойла.
• Көп оқыған озар,
Көп ойнаған тозар.
• Ойнап сөйлесеңде де ойлап сөйле.
• Ойнасада ойындағысын айтады. 3.– Қазақтың қандай ұлттық ойындарын
білесіңдер? – Алтыбақан, айгөлек, тақия тастамақ, бәйге, қыз қуу,
Ақсүйек, Көкпар.
ІІЖаңа тақырыпқа дайыңдық кезеңі: 1)оқушылардың алдына қойылатын
мақсат пен міндеттер:
Білу керек: 1. қазақтың ұлттық ойындары – салт — дәстүрдің бір
саласы.
2. Ұлттық ойындардың аттары және олардың мәні мен мақсаты..
Игеру керек:
1. Салт — дәстүрдің бір саласы, түрі.
Ұлттық ойындарды өз мәнінде ойнай білуді үйрену. 2. Ұлттық
ойындардың беретін тәрбиелік мәнін үйрену, ұғыну..
— Асық деген не?
— Асық ойыны қашан шыққан?
— Асықтың қандай түрлері болады? т.б.— Асық ойыны кімдер
ойнайды?
— Асығы бар балалар ойнай алады.— Ойынның басында кезектерін қалай
анықтайды?
— Бірінші,екінші,үшінші кім атады? 6) Төменде берілген сөз
тіркесетрінен сөйлемдер құраңдар.
Барлық ойыншы, асық тігу,жинап алу,түпкі мақсаты, ойнаушылардың
саны, кезектерін анықтау.
7)Оқушылар асық ойының ойнайды.
Қорытындылау: — Біз қандай
ұлттық ойынымен таныстық?
— Асық ойынында қандай тәрбиелік мәні бар?
— Сендерге осы ойын ұнады ма?
Тақырыбы: 34-сабақ
Қадірлесең салт-дәстүр-қымбатты асыл қазына (тс).
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының салт- дәстүрі туралы жалпы білім
беру
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Ұлттық мәдениетке қызығушылық, өз халқының салт-
дәстүрін сактауға дайын тұлғаны қалыптастыру.Ата салтымыздың асыл
мұра, алтын Қазынасын жас ұрпаққа үйрету.
Өту-әдісі: Сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Қажетті құралдар.
Ұлттық салт-дәстүрге байланысты түрлі- түсті суреттер, бейне таспа,
Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы. «Қадірлесең
салт-дәстүр – қымбатты асыл қазына».
Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан cалт-дәстүрімізді ұмытпауымыз
керек.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен
сенімнің тұрмыс-тіршілгіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес
ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының
негізгі ретінде қалыптасқан.
І.Негізгі бөлімде әрбір топ өздерін жеке-жеке таныстырады.
Біз «Мұрагер» ұраны.
«Салт-дәстүрді қастерлеп сақтаймыз».
Біздің тобымыз «Шежіре» ұраны.
«Ата-бабамыздың өнерін салт-дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз,
ұмытпаймыз».
«Жақсы сөз жарым ырыс» демекші, жақсы, іс-әрекет пен қимыл да
жақсылықтың
66
нышаны. Сондықтан жақсы
сөздерді айтумен қатар сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлық
пен іс-әрекеттерге қалыптастыру әрбірата-ана мен мұғалімнің
міндеті. Олай болса, ырым мен тыйым салынған әрекеттер мен
қылықтардың себебімен танысып көрейік.
Екі топтан бір-бір оқушы ортаға шақырылып қоржыннан нөмірленген
асықтарды алып жауап береді.
№1. «Үлкенің алдын кеспе» деген тыйым қалай түсінесіз.
№2. «Мықыныңды таянба»
№3. «Қолыңды қусырма»
№4. «Тізеңді құшақтама»
№5. «Кісі ақысын жеме»
№6. «Отқа түкірме»
№7. «Аққуды атпа»
№8. «Қонаққа сынық кесемен шай ұсынба»
№9.«Қонаққа берілетін затты сол қолмен емес оң қолмен ұста»
№10. «Үйге қарай жүгірме»
№11. «Бос бесікті тербетпе»
Бүгінен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза,
көңілі-ақ рухани сезімдерге бай адам болыңыздар.
Көрініс. «Сыйласым»
«Тест» сұрақтары таратылады.
Келесі кезекте мақал-мәтелдердің
– жалғасын тауып аяқтау керек.
– №1.Қызым саған айтам,
– (Келінім сен тыңда).
– №2.Ағасы бардың тынысы бар,
– (Асы бардың ырысы бар).
– №3.Алтыдағы бала ауылға келсе,
– (Алпыстағы қария келіп сәлем берер)
– №4.Атаңа не істесең,
– (Алдыңа сол келер)
– №5.Мейірімділікті анадан үйрен,
– (Әдептілікті данадан үйрен)
– №6.Балапан ұядан не көрсе,
– (Ұшқанда соны іледі)
– №7.Жақсыдан үйрен,
– (Жаманнан жирен).
– №8.Жақсы сөз жұбатады,
– (Жаман сөз жылатады)
– №9.Сөйлей- сөйлей шешен боласың,
– (Көре-көре көсем боласың)
– №10.Туған жердей жер болмас,
– (Туған елдей ел болмас).
– Халқымызда «Үлкенге-құрмет кішіге ізет»-деген мақал бар.
– Кім өз түсінігін ортаға салады.
– Ой сергіту: «Орамал тастау» ойыны.
– «Білікті-бірді жығар
– Білімді-мыңды жығар»-дегендей келесі мағлұмат беруі, сайысымыздың
сұрақ-жауап түрінде болады.
1. «Ерулік беру» деген салт туралы не
білесіз?
67
2. «Жеті ата» деген ғұрып туралы не білесіз?
3. «Қыз қуу» деген (дәстүр,
ойын)туралы не білесіз?
4. «Тізе бүгу» деген ырым туралы не білесіз?
Көне ұғымдардан ата-аналар мағұлмат
береді.
Сауалнама.
Би: «Әке толғауы».
Нені білдім; Нені игердім; Нені
түсіндім
Қортынды сөз.
– «Жаңбырмен жер көгерер,
– батаменен ел көгерер.
Үлкен кісіден бата сұрау.
1.Айтары мол ғұлама
Көп жасаған бұл адам
Әкесі ол әкеннің
Білер оны сұраған.Ол кім?
2.Аймалайды «күнім» деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті-ақ дейді немере.
«Бал шырындай үнің» деп.
Ол кім?
3.Атанның баласы,
Кей кезде таласып қаласының
әжеге,
Қанеки кім шешер,
Білгенің асады кәдеге.Ол кім?
4.Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әженнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы.
Ол кім?
5.Өресің шашын да,
Қарайсын басында,
Бас-көз бой жүресің
Сен кімнің қасында? Ол кім?
6.Көмекші шешеге
Құйттай қыз кешегі.
Сіңлісін уатып
Қамқор боп өседі.
Қазақта ол жанды
Кімісі деседі?Ол кім?
7.Кімнің «жағасы»,
Қымбат тым бағасы
Қамқоршы ініге
Асқар тау кім болар?
8.Ағаның тынысы, Тындырар жұмысын Ол кім деп білеміз?
Қорытындылау
68
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
авторлық бағдарлама "Асыл мұра"

шағым қалдыра аласыз