Түркістан облысы Мақтаарал ауданы
С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектебі
ДАРХАН ДАЛА ДІЛМАРЛАРЫ
Еркебаева Сауле Сергазиевна
_____________________________________________________
Шешендік сөз үлгілері бойынша
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Мақтаарал ауданы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кеңесінің 2025 жылғы 03 наурыздағы №16 хаттамасына сәйкес сараптау комиссиясының шешімімен баспаға ұсынылды.
«Инновация» Оқу-әдістемелік Орталығының ғылыми қызметкері, шебер педагог, ПК сарапшысы;
Б.У.Осимова
С.Датұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шебер педагог, «Ы.Алтынсарин атындағы Төсбелгінің иегері»
«Дархан дала ділмарлары» // құрастырушы автор:
Еркебаева Сауле Сергазиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
С.Мұқанов атындағы №40
ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы
2022. – 76 б.
Авторлық бағдарламаның мақсаты — оқушыларды қазақ халқының шешендік өнері арқылы сөз мәдениетіне, ой дәлдігіне, сөйлеу шеберлігіне баулу, сондай-ақ ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу арқылы тіл байлығын дамыту, оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған. Оқу бағдарламасына сай жазылған тиімді құрал. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері вариативті сабақта пайдалануына арналған.
Мазмұны
Пікір------------------------------------------------------ 5
Түсінік хат---------------------------------------------- 6
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері-----7
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау---------------9
Жұмыс дәптері------------------------------------------11
Пайдаланылған әдебиеттер--------------------------63

.

Түсінік хат
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру
- қазіргі білім беру саласындағы ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін дамыту, ұлттық рухани мұралармен сусындату, сөз саптау шеберліктері мен сөздік қорларын арттыру.
Авторлық бағдарлама бағдарлама жалпы орта мектеп-тің 10-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша вариативті курстарға арнап жазылған. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы-шешендік сөздер-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани қазынасы. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы шешендік сөздер туралы оқыту, насихаттау, бағалау-қоғамдық ой санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Қазіргі уақыт талабына орай шешендік сөздерді жан- жақты қырынан танып, тың байламдар жасалуы - заңдылык. Бағдарламада шешендік өнер, шешендер мен шешендік сөздердің түрлері, ерекшелігі мен зерттелу жайы қарастырылады, халық даналығынан туған асыл ойлары, өсиет- насихат сөздері қамтылған.
Авторлық бағдарламаның мақсаты:
-оқушыларға қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем саласы- шешендік сөздер, шешендік өнер әдеби асыл мұраларды таныту;
-оқушылардың шығармашылықпен өзіндік білім алуын жүзеге асыру;
-оқушылардың рухани жан дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, сөйлеу мәнерін, тапқырлық, көркемдік эстетикалық тәрбие беру;
-оқушылардың халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдау қажет білік, білім дағдыларын
дамыта отырып сөздік қорларын байыту;
-шешендік сөздер мен шешендердің шығармашылығын тереңірек оқыту, Майқы биден бастау алатын, «халық биі» атанған үш жүздің билерінің шебер сөздерін меңгерту, шешендік сөздерінің қоғамдық әлеуметтік мәнін ашу;
-курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды толық игерту, қосымша материалдарды, мәліметтерді іздестіру кезінде әдебиеттерді дұрыс таңдай білуге, сөздерді қолдануда жұрт алдында өз ойын толық жеткізіп, шебер сөйлеуге дағдыландыру.
Бағдарламаның міндеттері:
-шешендік сөздер арқылы оқушыларға сөз өнерінің құдіретін таныту;
-жеке тұлғаның сөздік қорын, сөйлеу шеберлігін, сыни ойлау қабілетін дамыту;
-шешендік сөз мектебінің тәрбиелік мәнін ұғыну, тек қазаққа тән құбылыстың мәнін терең тану;
-оқушылардың әдеби оқырмандық мәдениетін қалып- тастыру;
-таңдау курс арқылы әдеби зерттеу жұмыстарына даяр-лау;
-оқушы алған білімдерін өмірлік тәжірибеде, күнделік кездесетін теориялық және тәжірбиелік жаңалықтарды шешу кезеңдерде қолдану қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже:
-өз ойын көркем тілмен жеткізетін, әдебиетті сүйетін, әдебиеттің көп сырлы өзеніне бойлай алатын, біліктілік, білімділік дағдыларын қалыптастыра отырып шығарма- шыл, ізденімпаз, жүйелі сөйлеп, шебер ойлы, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан тұлға болады.
Бағдарламаны оқытуда қолданылатын әдістер:
курс сабақтары семинар, ашық сабақ, сайыс сабақ, ізденіс сабақтар әртүрде өткізіледі.
Сабақ барысында «Диалогтік оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлау», Блум таксономиясын пайдалану тиімді. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімін ұсынылып, кітап оқуға баулу.
Оқушы біліміне қойылатын талдаптар:
-тақырыптың мақсаты мен міндетерін толық ұғыну;
-кітапханалармен байланыс жасап, ғылыми еңбектермен танысу,әдеби шығармалар, нақыл сөздерді кеңінен пайдалану;
-шешендік сөздердің мазмұнына қарай талдау, түрлерімен танысу;
-шешендер мен шешендік сөздерден тәлім-тәрбие алу, шығармашылықпен айналысуға бағыттау.
Бағдарламаның күнтізбелік-тақырыптық жоспары
(Аптасына 1 сағаттан, барлығы: 34 сағат).
|
Р/ С |
Тақырыптар |
С/С |
Мер\і |
|
1 |
Кіріспе.Шешендік сөздер, шешендік өнер жайлы түсінік |
1 |
|
|
2 |
Шешен сөздер-ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Шешендіктану ғылымы, міндеттері |
1 |
|
|
3. |
Шешендік өнер тарихы. Шешендік сөздер – халықтық сарқылмас рухани мұра. Ғалым В.В.Радловтың еңбектері. |
1 |
|
|
4. |
Шешендік сөздердің түрлері, өзіндік ерекше-ліктері. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсынов, М.Әуезовтің зерттеу еңбектері. |
1 |
|
|
5 |
Қазақ шешендік өнерінің тарихи кезеңдері. Майқы би Мәнұлы «Тұлпардан тұлпар туады...», «Қойдан қойдың несі артық?» |
1 |
|
|
6 |
Аяз би Жаманұлы, Майқы би Төбейұлы |
1 |
|
|
7 |
Асан Қайғы Сәбитұлы- дала данышпаны. |
1 |
|
|
8 |
Асан Қайғы толғауларындағы ел бірлігі, ұлт тұтастығы мәселелері |
1 |
|
|
9 |
Асан Қайғы толғауларының тақырыбы, көркемдік ерекшелігі. «Еділ бол да, Жайық бол.» |
1 |
|
|
10 |
Бәйдібек би Қарашаұлы. Қазақ шешендіктануына Б.Адамбаевтың енгізген жаңалығы. |
1 |
|
|
11. |
Жиренше шешен «Ағын судың өлгені» |
1 |
|
|
12. |
Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы |
1 |
|
|
13. |
Әнет би Кішікұлы «Жеті қазына» |
1 |
|
|
14. |
Төле би Әлібекұлы «Бір үйдің баласы болма |
1 |
|
|
15. |
Төле бидің өлер шағында еліне айтқан өсиеті |
1 |
|
|
16. |
Қазыбек бидің Қонтажыға айтқаны |
1 |
|
|
17. |
Сырымның үш қасиеті |
1 |
|
|
18. |
Жидебай мен Қараменде сөздері |
1 |
|
|
19. |
Шешендік толғау |
1 |
|
|
20. |
Қазақ шешендік өнерінің көрнекті өкілдері |
1 |
|
|
21. |
Шешендік өсиет «Баталы ер арымас» |
1 |
|
|
22. |
«Жақының үшін жақсының жағасынан алма» |
1 |
|
|
23. |
Шешендік нақыл. «Жақсы жігіт белгісі» |
1 |
|
|
24. |
Айтқожа шешеннің «Жар басына үй тікпе» толғауы |
1 |
|
|
25. |
Шешендік дау |
1 |
|
|
26. |
«Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік» |
1 |
|
|
27. |
Жер дауы . «Қасқакөл дауы» |
1 |
|
|
28. |
«Ел намысы- ер намысы» |
1 |
|
|
29. |
Мал дауы. «Қазыбектің ат дауын шешуі |
1 |
|
|
30 |
.«Ырыс алды – ынтымақ» |
1 |
|
|
31. |
Шешендік тағылым «Өмірде озық бол» |
1 |
|
|
32. |
Драмалық көріністер.Сайыс сабақ«Жүйріктің бір міні бар» |
2 |
|
|
33. |
Қорытынды сабақ. Драмалық көріністер. |
1 |
|
Жұмыс дәптері
1-тапсырма.

1. «Аудитория» дегеніміз не?
А). Шаршы топ алдында сөйленер сөзді тыңдауға жиналған, өз назарларын шешенге, оның сөзіне бағыттаған белгілі мөлшердегі адамдар тобы.
Б). Зертхана В).Кітапхана Г).Дәрісхана.
2.Шешеннің басты мақсаты не?
А) Мағыналы ақпарат ұсыну және тыңдаушыларды сендіретіндей әсер ету,
б) қызықты ақпарат ұсыну және жұртты күлдіру; ;в)адамдарды жылату;
г)тыңдаушыларын жалықтыру.
3.Шешен сөзінің қазақ тіліндегі баламаларын көрсетіңі з.
А) көпшілік алдында шешіліп сөйлейтін, түйінді мәселелерд і шешетін данышпан, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл сөзге жүйрік;
б) көпшілік алдында тұтығып сөйлейтін, айтқыш, тапқыр, к өп сөзге жүйрік;
в) оратор;
г) мылжың, көп сөзді.
4.Шешендік өнердің Отанын атаңыз.
а) Эллада б) Италия в) Ресей
г) Венеция.
5.Шешендік сөздерді зерттейтін ғылымды атаңыз.
А)Риторика ;б) диспут;
в) ойталқы;
г) айтыс.
2-тапсырма
1.Кинесика ғылымының негізгі зерттеу обьектісі.
А). Сөйлеу кезіндегі ым-ишара, қимыл-қозғалыс
Б). Сөйлеу кезіндегі интонациялық ерекшеліктер, дауыс
ырғағы, пауза
В). Сөздер мен сөз орамдарын
Г) Адамның киім-киісі.
2.Фонация саласының негізгі зерттеу обьектісі.
А) Сөйлеу кезіндегі интонациялық ерекшеліктер, дауыс ырғағы, пауза
Б).Сөйлеу кезіндегі ым-ишара, қимыл-қозғалыс
В). Сөздер мен сөз орамдарын
Г) Адамның киім-киісі.
3.Ж.Баласағұнның еңбегін табыңыз.
А).«Құтты білік» Ә) «Риторика»
Б).«Әдебиет танытқыш»
В).«Түркі халықтарының өмірі».
4.А).Әл-Фарабидің еңбегін атаңыз.
Б).«Риторика»
В).«Құтты білік» Г).«Әдебиет танытқыш»
Д).«Түркі халықтарының өмірі»
Е) «Қазақ халық поэзиясы».

3-тапсырма.
І. Көп нүктенің орнына дұрыс жауапты қойып
жазыңыз.
Шешеннің басты мақсаты- .............................
Тыңдаушыларын жалықтыру, қызықты ақпарат ұсыну және жұртты күлдіру, адамдарды жылату, мағыналы ақпарат ұсыну және тыңдаушыларды сендіретіндей әсер ету.
ІІ. «Әркім өзі түсінетін нәрселерін ғана естиді» сөздерін кім айтты?
|
|
И.В.Гете |
Б. Обама |
В.Путин |
И.Каримов |
|
«Әркім өзі түсінетін нәрселерді ғана естиді» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Көп нүктенің орнына сөз иесін қойып шығыңыз.
Шешендік өнер теоретигі шешендіктануды ауызша түрдегі әдеби шығармашылық деп есептеді.
ІV.Шешендік өнердің Отанын көрсетіңіз .
А).Рим
Б). Қазақстан
В).Вавилон
Г). Эллада.
Аристотель шешендік пен поэзияға тән ортақ бірліктерді таба білді. ................................ бастап, атақты шешендердің барлығы да шешендік өнерде актерлық амалдарды қолданды. «Шешендер жүре келе қалыптасады»,-деді .......
Демосфен мен Цицероннан, Аристотель, А.Ф.Кони, Цицерон.
![]()
-
тапсырма.
І. Сұрақтар мен тапсырмалар
-
Шешендіктану /риторика/ дегеніміз не?
-
Бұл ғылым ба, әлде өнер саласы ма?
-
Кімдерге арналған сала?
-
«Шешен саптағы қарулы жауынгердей сақадай сай, мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрқашан да жеңіске ұмтылуға тиіс», - деген Квинтилианның тұжырымымен келісер ме едіңіз? Өзіндік көзқарасыңызды түйіндеңіз.
-
Шешендіктану /риторика/ қандай ғылым салаларының мәліметтеріне сүйенеді? Шешен ретінде қалыптасу үшін не істеу керек?
-
Шешендік сөздің жанрлық-тақырыптық жіктелімін атаңыз және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын ажыратуға ұмтылыңыз.
5.Сөйлеуге әзірленуде шешен іс-әрекетінің басты кезеңдері қандай?
-
Шешен шеберлігі неден көрінеді?
-
«Шешендік өнер не үшін қажет?» тақырыбында үш минуттық сөз сөйлеуге әзірленіңіз.
-
тапсырма.
І.Шешендік өнер бойыншажазылған еңбектерді авторын сәйкестендіре белгілеңіз.
|
|
Платон |
Марк Квинтилиан |
Цицерон |
Аристотель |
|
Шешеннің қалыптасуы туралы» |
|
|
|
|
|
«Риторика» |
|
|
|
|
|
«Брут» трактаты |
|
|
|
|
|
«Сократ апологиясы», «Мемлекет» |
|
|
|
|
ІІ.Кинесика ғылымының негізгі зерттеу обьектісі.
А).Сөйлеу кезіндегі ым-ишара, қимыл-қозғалыс
Б).Сөйлеу кезіндегі интонациялық ерекшеліктер, дауыс ырғағы, пауза.
В).Сөздер мен сөз орамдарын.
Г). Адамның киім-киісі.
Д ). Шешендік сөздерді.
ІІІ.Шешендік толғау мен шешендік арнаудың айырмашылығын
түсіндіріңіз.
6-тапсырма.
І. Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, В.В. Радлов, М.Әуезовтің шешендік сөздер мен шешендік өнер бойынша зерттеу еңбектеріне тоқталып, ғылыми стильде 150-200 сөзден тұратын ғылыми мәтін жазыңыз.
7-тапсырма.
Майқы би Мәнұлының «Тұлпардан тұлпар туады...»,
«Қойдан қойдың несі артық?» шешендік сөз үлгілерінің жанрлық ерекшелігін, тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
ІІ. Аяз би Жаманұлы мен Майқы би Төбейұлы шешендік сөз үлгілерін салыстыра талдай отырып, қазіргі заман тұрғысынан баға беріңіз.
8-тапсырма.
Мәтінді оқып шығып, шешендік өнердің ұлт тұтастығы мен ел бірлігін сақтаудағы ролін «Бес тармақ» әдісімен түсіндіріп жазыңыз.
Ұлттық мәдениетiміздің негiзгi бaстaуы тым тeрeңдe жaтыр. Бүгiнгi күнгe жeткeн мәдeни рухaни мұрaлaрымыз, жыр-дaстaндaрымыз жәнe құнды сөздерiмiз, eң aлдымeн, тiл aрқылы кейiнгi ұрпaққa жeткeн бoлaтын.
Тiл – тұтaс бiр ұлттың бaр бoлмыс-бiтiмiн aнықтaйтын, aдaм бaлaсы өмiр бoйы пaйдaғa жaрaтaтын әрeкeт құрaлы. Қaрaсa көз жeтпeйтiн, құс ұшсa қaнaты тaлaтын oсынaу кең дaламыздa мекен еткен aта-бaбалaрымыз тiл өнерiн eрeкшe қaстeрлeп бaғалағaн. Туған тiлімiзгe жaугeршiлік зaманның, oзбыр oтaрлaу мeн зoрлық-зoмбылықтың қыспaғы түскeн сәттeр тым көп бoлды. Бірақ, соған қарамастан, қазақ тілі «мың өлiп, мың тiрiлгeн» халқымызбен бірге өзінің қайтпас қайсар мінезі- мен қaһaрмaндық жoлын жүріп өттi.
Тәуeлсiздiгiн қoлынa aлғaн бүгiнгi Қaзaқстaнда тiл - қaзақ eлi үшiн бaғaсын жoғaлтпaғaн құндылық бoлып тaбылaды. Елiміз тiлді өнeр рeтіндe қaстeрлегeн.
Жұртымыз шeшендік өнерді қaзақтың мaңдайынa бiткен бақ деп бағалаған. aта-бaбалaрымыз шeшен сөйлeу дeгендi де шешендік иiрiмдeрмeн «қaрa қылды қaқ жaрғaн дaрa бoл, сөз сaптayы сегiз өрiм сeрт бoл, тoпты aузыңa қaрaтқaн дaнa бoл, тыңдaғaнды жылaт, жылaғaнды жұбaт, кeрeк жeрде eттен өткізiп, сүйеккe жеткізiп aйт, зaңнан дa биiк сөз–дaт» деп ұрпақтарына түсін-дірген.Шешeндік өнeр – тұп-тұнық aғып жaтқан мөлдір бұлақтай таза, мұхиттай терең мәдениетіміз бен рухани байлығымыздың айнасы. Оның өзіне қойылар арнайы талаптары бар. Шешендік сөзге және шешенге қойылатын арнайы талаптар бар.
-
Шешендік сөзге қойылатын талаптар:
-айтылар ойдың мазмұн тереңдігі, мәнділігі басты орында болуы;
-әр сөз – өз орнындағы деталь әр сөздің мағынасы–ойдың салмағын арттырар қуат, айтылған ой – жүрекке жетер шуақ;
-тыңдаушылар жүрегінен жол табатын сөздердің мағыналық түрленуі, көркемдегіш құралдар мен амал- тәсілдердің ұтымды пайдаланылуы тілдік қарым-қатынас талабына сай болуы;
-ой шындықпен астасқан дәлелді болуымен бірге, шешендік сөз түрлері мен тектері талабын қанағаттандырып, шешеннің жеке стилін де танытатын болуы керек.
9- тапсырма.
ІІ.Тіл дамыту: бата-тілектерді жатқа оқып, бүгінгі өмірмен байланыстыра талдаңыз.
Бүгінгі қоғамда шешендерді қалай атап жүрміз?
А) Блогерлер.
Б) Журналистер.
В) Ақын жазушы.

Кез-келген адам шешен бола ма?
Шешен сөзі қазак тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданылады. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. «Оратор» латынның «очаче» - «айту», «сөйлеу» деген сөзінен шыққан. Дальдің түсіндірмелі сөздігінде «оратор» вития (ділмар), краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді.
Кез -келген адам шешен бола ма? Осы сұрақтың төңірегінде таласты пікірлер бар. Біреулер ол Алланың берген сыйы, таланты жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенге қажетті қасиеттерді дамытумен, тәрбиемен, көп оқумен жетуге болады дейді. Бұл бүгінгі күннің таласы емес, шешендік өнер тарыхында үнемі туып отырған сұрақ.

Цицерон Демосфен Сталкер.
Көне
Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоритігі Марк
Туллий Цицерон айтқан: «Ақын болып туады, шешен болып шығады». Ұлы
шешен ақындыққа талантты болып туу керек екенін, ал шешендікке көп
оқып, көп ізденіп, көп сөйлеп жаттығып, күш-қуат жұмсаудың
қажеттігін пайымдайды.
А.Ф.Конидің пікірінше, шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алушылық – екі түрлі нәрсе. Шешендік, қызыл тілге жүйріктік адамның табиғатынан бар талант болса, ал көпшілікке сөйлей алушылық күнделікті сөйлеу тәжірибесінен, үздіксіз сөйлеп жаттығудан пайда болады.
Шешендік өнердің тарихына үңілсек, көне грек шешені Демосфеннің өмірі кімге де болса үлгі. Оның алғашқы сөйлеуі сәтсіз болып жүрді. Демофен сөйлей бастағанда алғашқыда жұрттың бәрі күлді, айқайлап, наразылық білдірді, шешенді аяғына дейін сөйлеуге жеткізбейді. Кейін ол зор күш-қайрат жұмсаудың арқасында замандастырының арасында табысқа жетеді.
Ертедегі грек тарыхшысы Плутарх «Избранные жизнеописания» деген еңбегінде Демосфеннің өз әлсіздігімен қалай күрескендігі жайында әңгімелейді: Демосфен міңгірлеп, тілін шайнап сөйлейтін кемшілігін жою үшін, аузына қиыршық тастарды толтырып салып алып, ақындардан үзінділер оқып, айқын, түсінікті етіп айтуға тырысқан. Жүгіріп бара жатып немесе тауға өрмелеп өлеңдерді немесе ұзақ фразаларды демалмастан айтуға үйренген. Өзіне кедергі жасайтын табиғи кемшіліктерін жою үшін, Демосфен жер астындағы бөлмеге қамалып, даусын жетілдіру үшін күндіз-түні жұмыс істейді. 2-3 ай сыртқа шықпас үшін басындағы шаштың жартысын қырқып тастауға дейін барған. Жұрт алдына шыққысы келсе де, ұсқынсыз келбетімен шығуға ұялған. Мұнымен қоса кез-келген кездесуді, іскерлік әңгімені Демосфен қызыл сөзге жеткізетін жаттығу ретінде санаған. Жалғыз қалып, болған әңгімені, естіген әңгімені қайталап айтып шығатын болған. Ол өзге әйгілі шешендерден үйренген: оларды ынтамен тыңдап, солардың сөзіндегі логикаға мән берген, сөйлеуіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді түртіп жазып отырған. Өзгелер не өзі сәтті қолданған сөздер мен сөйлемдерді есінде сақтап, кейін өз сөзіне қолданып отырған. Бір ойды бірнеше вариантпен айтып жаттығу жасаған. Жетілдірген, артығын алып тастаған, сөйтіп ең артық вариантын тыңдаған («Избранные жизнеописания» М.1987, 500-503 бет). Осы деректерге қарап, Демосфеннің тумысынан шешен болмағанын, шешендікке еңбекқорлығының, табандылығының, қажырлы-лығының арқасында жеткенін білуге болады. Байтақ дала төсінде сан ғасыр көшіп- қонып күндер кешкен қазақ халқы жан сезімін жырмен ағытқан, ақыл мен ойдың мәні даналық сөзде деп қадірлеген, қылпылдап тұрған қылыштан қыңбаса да, жүйелі сөзге жүгінген.

Демосфен Аристотель
6.Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы. Майқы би мен
Аяз би Жаманұлы
Қазақ тарихында асқан ділмарлықымен, суырып салма шешендігімен ел есінде қалған екі Майқы би бар. Оның бірі Майқы Мәнұлы, екіншісі Майқы Төбейұлы.Ойға түйіп, санаға жазған дала даналары, тау өзеніндей тасқын жырлы ақпа жыраулар, шешендер, ақындар еді. Шамырқанса- көңіл көгі нажағайдай шатырлап, тебіренсе - телегей теңіздей бұрқанып, ақ жаңбырдай ақтарылған олар халықты өрлікке, елдікке, ерлікке, бірлікке үндеген, қайғыға қабырғасы қайыса ортақтасып, қуанышқа жүрек жарды сөздерін айта білген.Шешендік өнер- қазақ ауыз әдебиетінің халық өмірінде үлкен әлеуметтік орны бар қомақты үлкен бір жанр.
Шешендік өнер адам аңсарын аударатын ерекше бір шуақты дүние. Тіл байлығы атты қазынаның алтын қорынан саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс - салты мен тіршілігін, мінез- құлқын, қоғамдық дамуын тайға таңба басқандай дәл, әрі шебер , мәнді де құнды бейнелеуімен ерекшеленеді. Сөйлеу тілінде қалыптасқан көркем де әсерлі, мағыналы да мәнді шешендік сөздер этнограф-тарихшылардың зерттеулеріне қарағанда өте ертеде, рулық қоғамдық құрылыс кезінде пайда болған. Шешендік өнері ерекше дамыған Қытай, Таяу Шығыс, Көне түркі, Греция, Рим т.б. елдерде шешендік сөздердің авторлары (Демосфен, М.Т.Цицерон, Аристотель т.б.) белгілі.
Қазақтың атақты билері Майқы Шыңғыс ханның, Едіге, Тоқтамыс ханның, Асанқайғы Алтын Орда ханы Ұлұғ Мұхамедтің, Жиембет Есім ханның, Әнет баба әз Тәуккенің, Бұқар Абылай ханның ақылшы- кеңесші билері болған. Феодалдық заң бойынша ел билеу, билік айту хандардың құзырында болғандықтан, ел ішіндегі дау -шараларды хандар өзінің ақылшы -кеңесші билеріне шешкізіп отырған.
Шешендік өнер - ақындық айтыс секілді қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Жазушылардың, лекторлардың, үгітшілердің шеберліктерін жалпы тіл мәдениетін жетілдіру үшін ежелгі шешендік сөздерді оқып -үйренудің мәні зор.

Өйткені, халық даналығының мақал-мәтел, нақыл сияқты ойды кеңейтіп, тілді байытатын шешендік сөз нұсқалары көп. Шешендер сөзі тіл кестесі мен өлең өрнегінен, қара сөздің өткір бізінен тұрады десек, ол сөз өнерінің ұлттық сипат - ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ халқының әдебиеті негізіне, поэзия, өлең сөз шеңберінде өркендеп келгенін еске алсақ, шешендік сөзі қара сөзбен айатылсын, қысқа өлең жолдарымен айтылсын, әйтеуір құйылып тұрған ұйқасқа құрылады.
Әр дәуір, әр кезеңнің өз шежіресін жасайтыны белгілі. Көнені көгендей көзден өткізе отырып, жаңамен сабақтастыру, жалғастыру да - ұрпақ парызы. Қазақ тарихында небір от ауызды, орақ тілді билер, ел бастаған көсемдер, батырлар, ақындар мен жыраулар, шежіре - шешендер, қара қылды қақ жарған аты аңызға айналған адамдар өткен.
.

Қазақ тарихында небір от ауызды, орақ тілді билер, ел бастаған көсемдер, батырлар, ақындар мен жыраулар, шежіре - шешендер, қара қылды қақ жарған аты аңызға айналған адамдар өткен. Оларды қазіргі ізденімпаз, қағылез, сергек ұрпаққа жете таныту баршамыздың міндетіміз.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары: ертегі, батырлар жыры, мақал - мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар, қара өлең, термелер т.б. сияқты оқиғаны баяндау, тапқырлыққа баулу, үлгі - насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды, олар сонымен қатар қазақ даласында әлеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен дараланады. Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған, шешендікті "шешендік өнер" деген сөз тіркесімен атауы да тегіннен-тегін болмаса керек.
Аяз би Жаманұлы
Аяз би” ертегі мен “Аяз биі әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл” дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. Аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әртүрлі дерек бар. Майқы би Мән баласының шежіресін жазған Шапырашты Қазыбек би Тауасарұлының өзінің “Түп –тұқияннан өзіме шейін” дейтін кітабында Аяз биді және оның серігіҚұмырсқа батырды Майқы би дәуірінде өмір сүрген Майқы Мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билері еді деп жазады. Бұл дерек бойынша Аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып 800 жылы дүниеден өткен, Майқы Мәнұлының замандасы, тұстас боп шығады. Зерттеуші Б.Адамбайұлының “Алтын сандық” атты ( 1989ж.) кітабындағы дерек бойынша Аяз би Хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи адам деп, оны ХІ-ХІІ ғасырлар аралығында өмір сүрген дейді.

Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.Маданхан–ақылды, бірақ көрсеқызар.Меңді сұлу – көреген, сынай біледі, бойына ойы сай.Осы Меңді сұлудың ел ішіндегі не-не менмін деген жігіттері шеше алмаған жұмбағын Аяз асқан тапқырлығы, ділмарлығымен шешіп, сұлуға үйленеді.
Майқы би Төбейұлы (шамамен XII-XIII ғ.ғ)
Қазақ тарихында асқан ділмарлығымен, суырып салма шешендігімен ел есінде қалған екі Майқы би бар. Оның бірі- Майқы Мәнұлы, екіншісі -Майқы Төбейұлы. Майқы би – аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зеттеушілер оны б. з. б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Майқы би Мәнұлы деген атпен белгілі. Б. з. б. 178–89 жылдары өмір сүрген және аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105–1225) Шыңғыс ханның замандасы, әрі оны хан көтерген 12 бидің бірі.
Парсы тарихшысы Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат – тауарих» атты шығармасында «Қошындық Байку деген атпен» Майқы бидің Шыңғыс ханның оң қолы, ел басқару ісіндегі ақылшысы, бас биі болғаны, Жошы хан әскерлерінің оң қанатын басқарғаны айтылды. Осы дерек моңғол жылнамасы «Алтын тобчида» да бар. Кейбір халық аңыздарында Майқы бидің Орманбет би өліп, он сан ноғайлы ел бүлінгенде қазақ ұлысын құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады. Шежіре деректер бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі, одан Төле би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекіре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз-әңгімелерде кездеседі.
Шыңғыс ханның ел басқару ісіне
көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі
болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он
қанатын басқарғанын туралы айталады. Осыған қарағанда, Майқы би жас
жағынан Шыңғыс ханмен қатарлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін.
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың
үш жүзге бөліну кезінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы
жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші
жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі – Қызыл Арыстанның баласы
Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көрсетеді.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ
болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме
жүргізеді… Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел болуды
ойлаңдар…» деген өсиет қалдырған. Бұл аңызда Майқы бидің өз
заманында аса беделді, ақылды ірі адам болғанын аңғартады. Майқыдан
бастап би – атақ лауазым, билік өнері саналады. Халықтың
әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қолғамдық қару
етеді. Майқы бидің алатын орны ерекше, түркі халақтары әлі бөлінбей
тұрған кезде өмір сүріп, әділдігімен, шешендігімен жалпы түркілік
қайраткер дәрежесіне көтерілген адам болса деген болжамдар бар.
Майқы биді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары өз биі деп
есеп, қадір тұтқан.
Бірде Майқы би мәжіліс кезінде қалғып кетеді. Онымен қатар отырған кіші билер мұнысын өздерін менсінбегендікке балап, жамандыққа жориды. Біреуі бүйірінен түртіп қалады. Сонда Майқы би көзін ашып: «Ойпырмай, оятып жібердіңдер-ау, түсімнің аяғын көріп үлгермедім!» - депті. Бет-жүзі құбылып өзгеріп, қатты қапаланғаны сонша, отырған жұрт шошып кетеді. Майқы әңгімесін жалғайды: «Көзі қысық, тісі қисық жаудан емес, көзі шегір, өзі жемір жаудан зұламат келер. Ұрпағым содан қатты азап шегер. Керегелері қирап, шаңырағы шайқалар, бүліншік келіп, жұрт апатқа ұшырар. Түсімнің соңында халқымның шегір көзді жебір мен жемірден құтыла бастағанын көрдім. Әттең,осы арада сендер мені оятып жібердіңдер».
Орта ғасырлық белгілі тарихшы ғұлама Рашид әд-Дин «Жамиғ-ат-Тауарих» кітабында екінші Майқы бидің Шыңғыс хан заманында өмір сүргенін, оның оң қолы, кеңесшісі әрі қолбасшысы болғанын жазады. Шыңғыс хан кезекті жорыққа аттанғанда өз орнына сеніміне әбден кірген биді қойып кетеді екен. Ұлы ханның үлкен ұлы Жошы Батысқа жорыққа шыққанда Майқы би әсукрдің оң қанатын басқарып, шайқастарда көптеген жеңістерге жетеді. Ол Дешті Қыпшақ деп аталатын ұлан-ғаыр өлкені билейді. Бұл жайында моңғолдың «Алтыг топшысында» айтылған.
1206 жылы Шыңғыс ұлы хан болып жарияланғанда, бағынышты жерлердің көптеген көсемдері мен билеушілері оған құтты болсын айтуға барады. Бұл жөнінде қазақты ұлы ақыны Абай былай деп жазады: «Моңғолдан Шыңғыс хан шыққанда, қазақтар құтты болсынға барыпты. Бірақ қай жерге барғаны мағлұм емес, сөйтсе де, осы Шыңғыс тауында, әскері Қарауыл өзенінің бойында жатып, он екі рудан он екі кісі моңғолдың өз заңы бойынша «хан» дейтін үлкен биіктің басына ақ киізге Шыңғысты отырғызып, хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс аталып, биігінің Хан аталмақ себебі де осында болса керек... Сол он екі кісінің бірі қазақтың Майқы би деген кісісі екен. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген мақал болған. Майқы сол кісі... қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылып, бұларды Шыңғыс хан өзінің Жошы деген үлкен баласына билетіпті».
Майқы би – кезінде қазақ
халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болуы жолында көп еңбек
сіңірген қайраткер. Халық аңызында Орманбет би өліп, он сан ноғайлы
ел бөлінгенде Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер ретінде
сипатталады.
Аңыз бойынша, Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтаған. Үйсін
бастаған ру-тайпалар – Ұлы жүз, Қабанұлы Болатқожа бастаған рулар –
Орта жүз, Қоғамұлы Алшын бастаған рулар – Кіші жүз деп
аталады.
Бірліксіз — тірлік жоқ.
* * *
Хан əділ болса — халық ынтымақты болады.
* * *
Хан — халықтың қазығы.
* * *
Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз əйел — ер қадірін
білмес.
* * *
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
* * *
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
* * *
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
* * *
Би екеу болса, дау төртеу болады.
* * *
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
* * *
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
* * *
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
***
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
***
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
10-тапсырма.
1) «Түгел сөздің түбі-бір, Түп атасы- Майқы би»- деп қай Майқы биге байланысты айтылғанын түсіндіріңіз.
2) Майқы би Төбейұлы мен Аяз би Жаманұлына қатысты шешендік сөз үлгілерін салыстырып, баға беріңіздер.
Қазақ шешендік өнерінің бала тәрбиесіндегі ролі
Шешендік сөз парасатты ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға
құрылады. Шешендік сөз айтылған ойға әрі қисынды, әрі тапқыр, әрі
жедел жауап қайтару болып табылады. Яғни, шешендіктің басты
қасиеті - тапқырлық, шапшаңдық.Шын мәнінде, шешендік сөздер ақындық
өлең -жырлар мен көркем қарасөздің, яки ертегі, аңыз әңгімелердің
бөліне бастауындағы аралық жанр сынды. Өйткені аталмыш екі жанрдың
да белгілері шешендік сөздерде "мен мұндалап"
тұрады.
Бұл шешендік жанр жойылмай, екі жанрдың біріне қосылмай, қалыпты дербестігін сақтап, өмірге шешендік өнер, сөз жанрын әкеліп қосты. Мәселен, "Бір дегенім -білеу, екі дегенім- егеу, үш дегенім- үскі" деп басталып, он бірге дейінгі сандарды үйретуге арналған санамақ ойын - өлеңіндегі тақпақ- жұмбақты үйретуден бастап, "ұшты -ұшты" ойындарында айтылатын жанды - жансыз заттарды ажыратуға арналған өлең ұйқасынан құралған сөз тізбегін айтқызып балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу көзделетіні немесе жоқтау өлеңдеріндегі өлген адамның тіршіліктегі басқалармен қарым - қатынасы, адалдығы, әділдігі, ел қорғаушылық қасиеттерін мадақтаудың да тәлімдік мәнінің зор екенін және оның ұйқасымды шешендік сөз тіркесіне құрылатынын ажыратуға көңіл бөлуге тура келеді.
Сондай -ақ бесік жырындағы:
Құрығыңды майырып,
Жаудан жылқы айырып,
Батыр болар ма екенсің?
Саусақтарың майысып,
Ою- өрнек ойысыпп,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Ақын болар ма екенсің?
-деп келетін тілектің де нәрестені жастайынан ел қорғауға, өнерге булуды мақсат етуден туғанын немесе төрт түлік туралы өлең - жырларда айтылатын:
Малды берсең, қойды бер,
Ұлды берсең, бойлы бер,
Жұртқа ақыл салғандай -
Ақылы артық ойлы бер!
деп төрт түлік малды да, оны бағып өсіретін еңбекқор азамат ұлды да
жаратушыдан тілеуі арқылы біріншіден, халықтың ой - арманын
білдіруі көзделсе, екіншіден, сол арманды шешендік сөз өнері арқылы
тыңдаушы жұрттың жүрегіне әсерлі, сазды етіп жеткізуі көзделген,
үшіншіден, келер ұрпақтың өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш азамат болып
өсуін мақсат тұтқан. Төрт түлік туралы тақпақ, өлең -
жырларда:
Кендірменен байлама,
Жыңғылменен айдама.
Кендірменен байласаң,
Жыңғылменен айдасаң-
Мал бітер деп ойлама
-деп түлікті бағып -қағудың тәсілдерін де шешендік сөз тіркесі арқылы жастардың жетесіне жеткізе үйретуді көздеген. Қазақ халқының ежелгі салт - дәстүрінің халық арасына кең тараған бір түрі - бата тілек білдіру. Батаның түрлері көп. Мәселен, қариялардың асқа, жаңа түскен келінге, жауға аттанып бара жатқан азаматқа берер баталары мазмұны жағынан бай, тілі көркем, шешендік үлгідегі жыр маржаны екендігін байқаймыз.
Қазақ халқының салт - дәстүрлеріне арналған өлең - жырларды жинап, зерттеп, кезінде келелі ой-пікірлерін білдірген А.В.Васильев, В.В.Радлов, Ә.Диваев сияқты фольклорист ғалымдар бата - тілектің шығу тегін жан- жақты қарастырып, ғылыми тұжырымдар жасаған болатын. Мәселен, А.В.Васильев өзінің 1905 жылы Орынборда шығарған "Образцы Киргизской народной словестности, молитвенных блогожеланий "Бата- сөз"" деген еңбегінде "Бата - қазақтың поэзиясынң (оның табан аузында шығарылатынын ескерсек) ерекше түрі. Онда бата беруші адамның (ақсақалдың) үй иесіне деген жүректі жарып шыққан шын ықылас пейілі, ақ ниеті, Алладан тілер тілегі поэзиялық өлең түрінде ақтарыла айтылады" - дейді.
Үй иесіне құдайы қонақтың ас алдында немесе астан кейін игі тілегін
білдіруге арнаған:
Бөршіл бол, бөршіл бол,
Бозторғайдай төршіл бол.
Тәңірі берген несібең,
Тепкілесе кетпесін-
дейтін батасы "Балаң көп болсын, уайым - қайғың жоқ болсын,
тамағың тоқ болсын, бақытың байлығыңа сай
болсын!"
деген сияқты ешбір дәуірде
ескірмейтін игі тілек болып келеді.
Алтын ерлі ақ боз ат
Астыңда жүріп арысын,
Қолаң шашты, қой көзді
Таңдап алған бұраң бел
Қасыңда жатып қартайсын!
- деу арқылы біріншіден, ердің
өмір жасының ұзақ болуын тілесе, екіншіден, бақыт пен байлық
отбасының татулығында, таңдап алған жарың адал болсын, "қосағыңмен
қоса қартай" деп отбасының амандығына арнайды. Осындай бата -
тілектің негізінде халықтың оптимистік ой-арманы, болашақтан күтер
үлкен үміті жатыр.
Ал келін түсірген үйге әзіз әже, қарт аталарың беретін мынандай
бата - тілегіңде айтылатын:
Келінің баянды болсын!
Үлкен - кішіні сыйлайатын
Аяулы болсын!
Жылы жүзді болсын
Жұмсақ сөзді болсын!
Ел қыдырса, сыпайы жүрсін,
Күлсе, сыпайы күлсін,
Ашпын деп жалаңдамасын
"Өз байымнан анау тәуір екен"- деп
Шаш қайырғанға алаңдамасын!
Қолға қонған қырғидай
Атасы мен енесіне жақсын!
-
деген батаның тұнып тұрған өсиет -өнеге екендігінде дау жоқ. Бұндай
бата-тілектердің жастарды жақсы сөзбен жарылқап, сыпайылыққа,
инабаттылыққа, баянды махаббатқа баулуды көздеген ой түйіні екені
байқалады. Ал мазмұны, тақырыбы, көтеретін әлеуметтік мәселесі,
көркемдік сипаты жағынан ауыз әдебиетіндегі эпостық жанрларға
жақын елді бірлікке, ел қорғауға шақыратын Орхон
ескерткіш-теріндегі Күлтегін жырында
кездесетін:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым -
деп келетін батырлық пен мырзалықты дәріптейтін өлең жолдарынан
немесе:
Аштықта тоқтықты түсінбейсің,
Бір тойсаң аштықты түсінбейсің -
дейтін асқақтықты айыптайтын, сондай-ақ:
Тағаштармен (қытайлармен) жиырма жеті рет
соғысты.
Құтандармен жеті рет соғысты.
Оғыздармен бес рет соғысты.
Сонда оның ақылғөйі мен едім
–деп келетін Елтеріс қағанның ақылдылығын, батырлығын дәріптейтін өлең жолдары жастарды шынайы отансүйгіштікке шақыратын жыр үлгісі екені даусыз. Мұндай аз сөзге көп мағына сыйғызған, тәлімдік сипаттағы нақыл сөздер Қорқыт ата жырларында да көптеп кездеседі. Мысалы, Қорқыттың "Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстағанадамға тәңірі бақ бермейді"- деп жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа, кішіпейіл-ділікке шақыратын даналық ойлары немесе "Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көремеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ұлың өсіп - жетілсе, отбасының мерейі, бас - көзі" дейтін ұл -қыз тәрбиесі жайындағы кемел ойлы афоризм сөздері біріншіден, кейінгі ұрпақты ізгілікке тәрбиелеуді мақсат етсе, екіншіден, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытып беруге, терең ой, көрікті тілге үйретуді көздейді.
Шешендік өнердің ерекшеліктеріне тоқталсақ, біріншіден, логикалық ойдың жүйелілігімен, мағыналы-мәнділігімен ерекшеленеді. Шешендердің сөзін тыңдағанда, әсем сазды ән тыңдағандай ерекше әсер, сезімге бөленеміз. Ол адам-ның жастайынан дұрыс ойлай білуіне, ойлаған ойды жүйелеп, әдеби тілде тыңдаушының көкейіне жеткізе білуіне байланысты.
Дұрыс ойлап, сол ойды тыңдаушыға дұрыс жеткізе білу үшін оқыған шығармаларды, естіген ертек - әңгімелерді жүйелеп аайтып бере білуге төселу керек. Ол оқушылардың жастайынан ертек, әңгіме кітаптарды көп оқуына, ойынан ертек құрастыра білуіне, оқығандарын үлкендерге жүйелеп айтып бере біліп төселуіне байланысты. Сөйлемнің құлаққа жағымды болуы, дыбыстардың және сөздердің ұйқасымдылығына байланысты деп қарауға болады. Сөйлемді дұрыс айта білудің де тыңдаушыға әсері мол. Кейбір оқушы сөздерді дұрыс айта білмейді. Осы болмас үшін дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету қажет.Бұл жерде балаға жаңылтпаш айтқызып, тілін жаттықтырудың маңызы зор. Мәселен, жас баланың "Р" мен "И" дыбысын шатастыруы жиі кездеседі. Сондықтан "Р" және "И" дыбыстар қатар айтылатын:
Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай
Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай.
Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?
Немесе тілдегі "Ш" дыбсы мен "С" дыбысын шатастырып айтуды түзету
үшін:
Шымдай шытырмыш
Ол шытырмышты
Мен шытырмыштамай
Кім шытырмыштайды
–деген сияқты жаңылтпаштарды жиі айтқызу арқылы әрі тіл ширату (ұстарту) ісін жүзеге асыру, әрі айналаны таныту (білім және тәрбие беру) көзделеді.
Шешендік сөздер тыңдаушының эстетикалық сезімін оятып қана қоймайды, сөздің мағынасын күшейтіп нәр беріп, тәлімдік және білімдік қызмет те атқарады. Онда айтылмақ ой ұйқасымды афоризм сөздерге, терме тақпаққа, мақал-мәтелге құрылып, аз сөзге көп мағына сыйғызу көзделеді. айтылатын ойлар тыңдаушының санасын өсіріп, ақыл-ойын жетілдіруді, елін - жерін сүюді, ел қорғаған ерлерін қадірлеуді, батырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуді мақсат етеді.

. Ақын -жыраулар мен би - шешендердің шешендік сөздеріндегі тәлімдік тәрбие орнын мақсатқа алуымыз- біріншіден, бүгінгі ел билеуші әкімдер мен заң орны қызметкерлерінің Ата Заңымызды мүлтіксіз орындап, бұрынғы өткен от тілді, орақ ауызды батыр бабаларымыз бен қара қылды қақ жарған шешен билер мен ақын - жыраулардан үлгі алса, әділет заңын мәңгілік қоғамдық дәстүрге айналдырса екен деген ниеттен туындады.
Екіншіден - жастар тәрбиесімен
айналысушы оқытушы -ұстаздар мен ата -аналар қауымына бабалардың
өсиет, өнеге сөздерін әр оқушының жүрегіне берік ұялататындай із
қалуы керек.
Үшіншіден - өскелең ұрпақ пен жастардың бойында әділеттілік пен
ізгілік, имандылық қасиеттер берік орнауы тиіс. Қазіргі таңда,
әсіресе жаһантану заманында ізгілік, әдептілік сияқты ұлттық
тағылымдар аяқасты болып, өктемдік, дөрекілік етек алып отырған
кезде өткен ғасырлардағы қазақ билері мен ақын-жырауларының аталы
сөздерінен оқушы - жастар үйренер тәлімдік өнегелі ойлар баршылық.
Бұл ойлардың бала тәрбиесіне берер білімдік те, тәлімдік те
тағылымдарының мол екені даусыз. Талай ғасырдан өтіп, ұрпақтан -
ұрпаққа жетіп, халықтың рухани байлығына айналып отырған шешендік
өнер бүгінгі күннің де қажеттілігіне айналып отыр. Елін елдікке
ұйытуда, халық тарихын байыппен саралап, түп - тамырынан ада бола
жаздаған бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздің берері аз
емес.
11- тапсырма.
Қазіргі қоғамдағы шешендік өнердің ролі қандай? Кез- келген адам шешен бола ма? Ой толғау. Сөз саны-120
12-тапсырма.
І. Шешендік сөз бен шешенге қойылатын талаптарды кезектесе оқып, шешендік сөздердің ел тарихы мен қазақ қоғамынан алатын орнын түсіндіріңдер.
ІІ.«Асан Қайғы толғауларындағы ел бірлігі, ұлт тұтастығы мәселелері» тақырыбында ой толғау жазыңыз.
13-тапсырма.
Аңыз-әңгімелердің тақырыптары қандай?
А) Табиғат туралы;
Ә) елін қорғаған батырлар туралы Б) жан-жануарлар туралы.
.
Асан Қайғының арманы?
А) Жерұйықты табу
Ә) Отан қорғау
Б) Хан болу.
4.Қорқыт ата кім?
А)батыр, қолбасшы;
Ә)жырау;
Б) хан, әмірші.
-
Аңыз әңгімелердің ертегіден айырмашылығын көрсетіңдер.
А) Кейіпкерлері тарихта болған адамдар;
Ә) қиялдан туған адамдар;
Б) еш айырмашылығы жоқ.
-
Қорқыт қай ғасырда өмір сүрген?
А) IXғасыр
Ә)VIIIғасыр
Б) X ғасыр.
-
Жиренше қандай адам болған?
А)күлдіргі
Ә)шешен Б)момын.
-
Қорқыттың күйін тап.
А) «Желмая»
Ә) «Сарыарқа» Б) « Бұлбұл».
-
«Қорқыт ата кітабы» қанша жырдан тұрады?
А) 10
Ә)11
Б) 12.
-
Қорқыттың қарындасын белгілеңіз.
А) Қарашаш Ә) Ақтамақ Б) Ақлима.
14-тапсырма.
Асан Қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» толғауына
поэтикалық талдау жасаңыз.
15-тапсырма.
Қазыбек бидің Қонтажыға айтқаны
Бәйдібек би Қарашаұлы жайлы қандай аңыздар бар?
«Қазақстандағы қасиетті 100 нысан» бағдарламасы аясында Бәйдебек биге қатысты қандай кесене барын
анықтаңыз.
16-тапсырма
1.Сырымның үш қасиеті ретінде қандай қасиеттерін
атап көрсетер едіңіз? 5-6 сөйлеммен ойыңызды дәлелдеп
жазыңыз.
2.Шешендік туралы Сәкен Сейфуллиннің еңбегі.
А) «Қазақ әдебиеті» еңбегінің «Билер шешендігі» тарауы
В) «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Билер айтысы» тарауы
С) «Шешендік өнер» монографиясы
Д) «Би һәм билік» , «Тағы да би һәм туралы»
Е) «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту»
3.Шешеннің өзіне тән жеке стилінің қалыптасу жолы.
А) Сөздің эмоциялық, экспрессивтік сипатын сақтай білуі;
В) сөздің тартымдылық, нәзіктілік сипатын үйрену;
С) үздіксіз іздену, шешендіктің үздік үлгілерін үйрену ;
Д) сөздің көркемдік, тартымдылық мәнін арттыру;
Е) сөздің жігерлілік, қайраттылық мәнін игеру.
4.Шешеннің әсер ала білу қабілетіне, ойлау парасатына байланысты кідіріс.
А) Морфологиялық
В) Синтаксистік
С) Психологиялық
Д) Грамматикалық
Г) Логикалық.
5.Шоқан Уәлиханов тұжырымы бойынша би атағын алу үшін орындалатын екі шарт.
А) Ескі заңды заманына қарай өзгертіп, жетілдіріп отыру
В) халықтық дәстүр салттарды терең білу, ерекше шешен сөйлей білу
С) Ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту
Д) таразы басын тең ұстап, қара қылды тең жаратын әділ төрелік айту
Е) Сөз өнерін меңгеріп,биік дәрежеге көтерілу.
6.Бұрынғы билердің шешендік үлгілері мен бүгінгі шешендікті жақындастыратын факторлардың бірі
А) Ағайынның мүддесін қорғауы
В) Жеке бастың мүддесін қорғауы
С) Отбасы мүддесін қорғауы
Д) Әлеуметтік мүддені қорғауы
Е) Биліктің мүддесін қорғауы.
17. Жидебай мен Қараменде сөздері
Әлтеке Жидебай батыр әрі шешен болған екен. Жидебай көп жасап, көпті көріпті. 95 жасқа дейін өмір сүріп, нәсілі өсіп, немерелі шөберелі болыпты. Бертін қартайған кезінде жастық шағының жолдасы Қараменде би есіне түсіп, өткен жастық уағындағы істерін, қартайып қажығандағы өзгерістерін айтып пікір алыспақшы болуды ойланады. Ол кезде ел арасындағы қатынас тек атпен ғана болғандықтан өзі бара алмайды да, ел танып, сөз мәнісін білетін бір жас жігітті шақыртып:
— Шырағым, Тобықтыда Қараменде деген досым бар еді. Көрмегелі көп жылдар болды, сағындым. Өзім іздеп баруға шамам жоқ, о да қартайды, іздеп келе алмайды. Соған айтатын бір сәлемдерім бар еді, соны жеткізіп келші,— дейді.Жігіт келіскен соң Жидебайдың айтқаны: «Бес ауыз бір сөзім бар, алты ауыз бір сөзім бар. Осыларды бірімен бірін шатыстырмай анықтап ұғып ал»,— деп тапсырады. Ол кезде көпшілік хат танымайды. Жидебайдың айтқан сөзін жігіт жаттап алады.
Бес ауыз бір
сөзім:
Төрт нәрседе үміт
бар,
Бір-нәрседе үміт
жоқ,—
Осыны айт
дейді.
Алты ауыз бір
сөзім:
Мұсылман жаудың қолында
қалдым.
Бес атаның малын іздеп әуре
болдым.
Алпыс ат үйір
бермейді.
Жетпіс торғай
шырылдайды.
Сексен балапан ұя басып
жатыр.
Тоқсан жұмыртқа қашан жарылары белгісіз,—
дейді.
Жаздың күні, жайлауға қонған қалың елді
аралап бірнеше күн жол жүріп, бағанағы жігіт Тобықтыға жетіп,
Қараменде биді іздеп табады. Біраз күн жатып, тынығып ел жайы, ер
амандығына қанысқасын жігіт қайтпақшы болады. Сонда Қараменде:
«Жидекем тірі болса, маған басқа сәлем айтпады ма?»-деп
сұрапты.
Сонда жігіт батырдың сәлемін айтыпты.
Қараменде шарта жүгініп отырып көп толғанып ойланады. Біраздан
кейін: төрт нәрседе үміт бар дегені: адам баласы төрт үмітпен жүріп
өтеді екен-ау,-дейді.
Жас өсемін деп
үмітті,
Жалғыз көбейем деп
үмітті,
Жарлы байимын деп
үмітті.
Ауру жазылам деп
үмітті.
Бір нәрседе үміт жоқ
дегені:
Шіркін, көктемі мен жазы өтіп жапырағы
қуарған ағаштай, ұрты солып, жағы суалған кәріліктен ғана үміт жоқ
екен,-дейді.
Алты ауыз бір сөзім
дегені:
Мұсылман жаудың қолында қалдым дегені:
«Бірге жасасып, тәтті өмір сүріскен, бір-біріне иістері сіңіскен жастық шақтың жұбайы қайтып, жесір болып, келін баласының қолына қарап қалған екен ғой. Екі елі аузына төрт елі қақпақ қойса балаға сонда ғана сыйымды болады»,-депті.
Бес атаның малын іздеп әуре болдым дегені: «Қайран батыр қартайып, көзі көр болған екен ғой. Жастан серік болған бес жолдасы: Мүсуақ, тәспіқ, орамал, бәкі, қамшы болар. Осылардың басын құрап жинау үшін жан-жағын сыйпалап іздеп тапқанша, түске дейінгі уақыты өтеді екен ғой. Жанына жан қалта, төсіне төс қалта салсын,-депті. (Ол уақыттағы қазақтың киімдеріне қалта салынбайды екен).
Алпыс ат үйір бермейді дегені: алпыс жас ағайынды жауға беріспейтін қайрат-күштің қайтпайтын кезі екен ғой; Жетпіс торғай шырылдайды дегені -жетпісте торғай-дай ғана қуатым қалды дегені екен ғой.
Сексен балапан ұя басып жатыр дегені-сексенде ұяда жатқан балапандай төсек тартып жаттым дегені екен ғой. Тоқсан жұмыртқа қашан жарыларын білмеймін дегені-тоқсаннан асқан жасым бар, бір аяғыммен қабырдамын, ақ дағдыр қашан жетеді деп күтудемін дегені екен ғой,-депті.
17-тапсырма.
1. Жидебай мен Қараменде сөздеріндегі әлеуметтік мәселелерді түсіндіріңіз.
2. Қазақ шешендіктануына Б.Адамбаевтың енгізген жаңалығы.
А) Шешендік сөздерді іштей топтап, жіктеп, саралап көрсетті.
В) Қазақ шешендік өнерінің сыр-сипатын терең талдады.
С) билердің қоғамдық-әлеуметтік рөлі туралы тұңғыш ой- пікір білдірді.
Д) Шешендіктің сөз мәдениетімен бірлігін таныды.
Е) «Шешен сөз» ұғымын термин ретінде алғаш қолданды.
3.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай түрлері
А) монологтік, диалогтік, полилогтік.
4. Шешеннің әсер ала білу қабілетіне, ойлау парасатына байланысты кідіріс.

Д) Таразы басын тең ұстап, қара қылды тең жаратын әділ төрелік айту.

18-тапсырма.
1.Шешендік толғау, арнау, дау дегеніміз не,?
Айырмашылығын мысалдармен түсіндіріңіз.
2.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай түрлері
А) монологтік, диалогтік, полилогтік
В) монологтік, диалогтік, жиынтық.
С) монологтік, диалогтік, топтық
Д) монологтік, диалогтік, логикалық
Е) монологтік, диалогтік, пікірлестік.
3.Шешеннің ойлау парасатына байланысты
туындайтын кідіріс.
А) Грамматикалық
В) Психологиялық .
С) Логикалық
Д) Синтаксистік.
Е) морфологиялық.
4.Сәкен Сейфуллиннің «Билер шешендігі» зерттеуіндегі негізгі ұстанымы.
А) шешендікті әдебиеттің жеке саласы ретінде қарастыруы
В) шешендікті әдебиеттің ерекше түрі ретінде қарастыруы.
С) шешендікті әдебиет тілін айшықтауыш құралы ретінде қарастыруы.
Д) шешендікті әдебиеттің тілдік көркемдігі ретінде қарастыруы
Е) шешендікті әдебиеттің ерекше жеке жанры ретінде қарастыруы.
5.Шешендік сөз бола алмайтын сөз түрі.
А) тыңдаушыға жақсы әсер ететін эстетикалық қасиеті бар сөз
В) көпшілік алдында сөйленетін кез келген сөз
С) әңгіме өзегінің дәлелдері бар сөз
Д) шындықты, ақиқатты тануға ұмтылдыратын сөз
Е) белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын сөз.
19-тапсырма
Қазақ шешендік өнерінің көрнекті өкілдері
1.Ұлттық шешендік өнерге арқау болған негізгі тақырыпты тап.
А) Шешеннің өз мақсаты мен мүддесі
В) Байлық пен молшылыққа жету мақсаты
С) Елдің билік басындағы адамдарын дәріптеу
Д) Ел тәуелсіздігін қорғау жолындағы ерлік рух.....
Е) Хандарды мадақтау.
2.«Жалаңтөс қолбасшы Самарқан шаһарын, оның атырабын кырық жыл билеген» деген сөйлемді таратып, Жалаңтөс баһадүрдің өзбек, қазақ халықтары арасында арасында алатын онына баға беріп, ой толғау жазыңыз . (150-200 сөз).
20-тапсырма.
Шешендік өсиет «Баталы ер арымас»
І.Әнет би Кішікұлы «Жеті қазына» толғауының жанрлық ерекшелігін анықтаңыз.
Әнет би Кішікұлының руы -Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман-Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас.
ІІ. «Жеті қазына» толғауында көтерілген мәселені анықтаңыз, жағдаяттарға байланысты сұрақтар құрастырыңыздар. ІІ. Мына шешендік сөздің авторын табыңыз.
Халық азғындаса, хандыққа таласады, Хан алжыса, халқын сатады.
21. «Жақының үшін жақсының жағасынан алма»
«Жақының үшін жақсының жағасынан
алма». Шақшақұлы Жәнібек
батыр Төле биге: «Түзу мылтық ұшқыр құс, жүйрік ат, мақтаншақ
жігіт, ұрыншақ ат – бесеуін жиып қойдым. Бозбала болып ерлік
қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса –
жазулы тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса –
ерттеулі тұрған атың деуші еді, ақыл сұрайын деп келдім», -
дейді.
Сонда Төле шешен:
-
Менен ақыл сұрасаң
Өгізді ер салма,
Қанатың талар.
Наданға көзіңді салма,
Сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа,
Сенімің кетер.
Дұшпаныңа шыныңды айтпа,
Түбіңе жетер.
Жал-құйрығы қалың деп
Жабыдан айғыр салма,
Жаугершілік болғанда,
Жағдайлап мінер ат тумас,
Жақының үшін
Жақсының жағасынан алма,
Жерің тарылар.
Ит жүгіртіп, құс салсаң
Әуейі боларсың.
Әйел алсаң,
Көріктіні алма, тектіні ал.
Мақтаншақ жігіт жисаң,
Жөніңнен шығарсың,
Ұрыншақ ат жаз жарға,
Қыс қарға жығар.
Тұмау түбі құрт болар,
Тұман түбі жұт болар,
Ақылдың түбі құт болар.
Қарап отырғанша
Бір нәрсеге жарап отыр,
Кәсіп болмай, нәсіп болмас
Қабырғадан қар жауса
Атан менен нарға күш,
Ел шетіне жау келсе
Қабырғалы биге күш
Менің ақылым осы, - депті.
21-тапсырма.
1.«Жақының үшін жақсының жағасынан алма» толғауының мағына-сын түсіндіріңіз.
2.С.Датұлының халық азаттығы жолындағы күресте сіңірген еңбегі жайлы деректерді «Жатқа айту» әдісімен түсіндіріңіз.
3.С.Датұлы өзін кімнің көтерілісі кезінде көрсете білді? Е.Пугачев.
4.С. Датұлына бала күнінде берілген қосымша есім: Бала би
5.ХІХ ғ екінші жартысында өмір сүрген С. Датұлы жайлы пікір.
6.Шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік өсиет .
Шешендік нақыл
Бабалардан қалған асыл сөздерді сарқып, жыр-мұраларды парақтар болсақ, ер жігіт, ер азаматқа қатысты өте көп сын-сипатты ұшырастыруға болады. Мәселен, батырлар жырында еркектің бейнесі «еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қапсағай денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, кескін сөзді, кесек бітімді, қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, көк бөрідей қайсар, қабыландай сұсты, бұландай сүйекті, нардай төзімді, ар алдында ақ, сауысқандай сақ...» деп сипатталады. Мұндай білектілердің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Жігіттің сұңқары, жігіттің сұлтаны, жігіттің қыраны, жігіттің арыстаны, жігіттің қабыланы, жігіттің сарасы, жігіттің нары, жігіттің жампозы» деп мақталып жатады емес пе?
Өкініштісі, бұл сипаттарды дәл қазіргі уақытта біреуге айта қалсаң, қабақ шытқан, назды жүздерді табасың. Құлағымыз «баяғыда ата-бабаларымыз мынадай болған, анадай болған, қазіргі жігіттердің барлығы ұсақталып кеткен т.с.с...»пікірлерді ести қаласың. Алайда, мақсатымыз өзгені айыптау, уәж айту, сынға алу, кінәліні іздеу, жоқтау емес еді. Абыздардың ауыздарынан шығып, ғасырдан ғасырға жетіп, күні бүгінге дейін қолданыста жүрген мақал-мәтелдер, нақылдарды, Алла мен Оның Елшісінің сөздерін топтастырып, ер жігіт қасиеттерін бір айқындап қойсақ деген ниет қана. Ақылды, арлы, есті жігіт өзіне қажетін сарқып алар...
Жомарттық,
мәрттік
Жомарт бергенін
айтпас,
Ер айтқанынан
қайтпас.
Айнымас жүрек, ер көңіл ер жігіттің
серігі.
Ер азығы мен
бөрі азығы – жолда
Кең пейілді
кемімес, тар пейілді кеңімес.
Жауапкершілік
Болар елдің баласы он бесінде баспын
дер,
Болмас елдің баласы отызында жаспын
дер.
Ағайын-туысшылдық, жақынның қамын
жеу
Мал қонысын
іздейді,
Ер жігіт туысын
іздейді.
Елжандылық
Ердің
жақсысы
Елімен
ойласады.
Әйелдің
жақсысы,
Ерімен
ойласады.
Адам болатын жігіт алдыменен өз нəпсісін
билейді.
Сонан кейін ауылын билейді. Ауыл билеген
аймағын билейді.
Пайдасы бар
жігіттер,дария шалқар көлмен
тең.
Пайдасы жоқ жігіттер, ем қонбайтын
шелмен тең.
Ел болатын
жігіттер,
Ел намысын
жыртады.
Ел болмайтын
жігіттер,
Елін ұрлап
құртады.
Даналық,
алғырлық
Алғыр жігіт ақылына қарай іс
қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш
қылар
Қойдан қойдың
несі артық,
Қол басындай еті
артық.
Ерден ердің несі
артық,
Ойлап айтқан сөзі
артық.
Намысқойлық
Қоянды қамыс,
ерді намыс өлтіреді.
Жігітке жар қымбат, намыс пен ар
қымбат.
Қара бет болып
қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген
артық.
Аманатшылдық,
әйелге, әпке-қарындасқа деген
қамқорлық
Бай болайын деген жігіт айырбасшыл
келеді,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл
келеді.
Кеңпейілдік
Болатын жігіт
епшіл,
Болмайтын жігіт
кекшіл.
Еті тірі,
мақсаткерлік, нантапқыш, еңбекқор
Жаман болатын
жігіт шегіншек келер,
Кедей болатын
жігіт еріншек келер
Аз сөзділік,
көп істілік, сертінде тұру, мылжыңдықтан алыс
болу
Емен ағаштың
иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі
сөйлегені - өлгені (халық мақалы)
Жігітті
көркінен таныма, сертінен таны.
Жігіттің түсін
айтпа, ісін айт.
Талаптылық,
іске беріктік
Керек іс
бозбалаға — талаптылық,
Әр түрлі өнер,
мінез, жақсы қылық.
Кейбір жігіт
жүреді мақтан күйлеп,
Сыртқа пысық
келеді, сөзге сынық.
Кемді күн қызық
дәурен тату өткіз,
Жетпесе,
біріңдікін бірің жеткіз!
Күншілдіксіз
тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл
болмақты естен кеткіз! (Абай
Құнанбаев)
Досқа адалдық,
өсек, өтірік, ғайбаттан алыстық
Жолдастық,
сұхбаттастық — бір үлкен іс,
Оның қадірін
жетесіз адам білмес.
Сүйікті ер
білген сырын сыртқа жаймас.
22-тапсырма.
І. Шешендік нақыл. «Жақсы жігіт белгісі».Шешендік нақыл үлгісінде «Қазіргі қазақ жігіттері қандай болу керек?» тақырыбында 120 сөзден тұратын ой-толғау жазыңдар.

Қонтажының алдына бара жатқан қазақ елшілері.
ІІ«Қаз дауысты Қазыбек бидің Қонтажыға айтқаны» шешендік сөз үлгісін рольге бөліп оқыңдар, Қазыбек бидің ділмар шешен, парасатты, батыл елші екендігін көрсетіңдер.
ІІІ. «Сөздің атасы -бірлік, анасы-шындық» деген Қазыбек бидің сөзін ежелгі грек шешендерінің «Шешендік сөз ақикат-шындыққа қызмет етуі керек» деген сөздерімен сабақтастыра түсіндіріңіздер.
.

23-тапсырма.
Айтқожа шешеннің «Жар басына үй тікпе» толғауына поэтикалық талдау жасаңыз.
24-тапсырма.
І. «Қылыштан өткір, қылдан нәзік» кімнің тілі?
А). Жыраудың
Ә). Ғалымның
Б). Шешеннің.
Жер дауы-қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарын- дағы жерге меншік құқығының бұзылуынан туатын дау. Дәстүрлі қазақ қоғамында жер тұтас елдікі, халықтікі болып саналды және мемлекеттік нышан қызметін атқарды, оның бүтіндігі саяси дербестіктің белгісі болды. Сондықтан жер тек қоныс және көші-қон нысаны ретінде ғана құқықтық айналымға түс-ті.
Мұрагерлік жолмен келе жатқан және түрлі саяси оқиғалардан соңғы (жаугершілік, шапқыншылық, т.б.) жерді бөлісу немесе қайта бөлісу хан жарлығымен жүзеге асып, билер мен рубасы ақсақалдар кеңесі шешімі арқылы белгіленді. Жер дауының реттелуі көшпелі қоғамда ғана емес, отырықшы, жартылай отырықшы қауымдар үшін де қажет болды. Осы реттерде және күнделікті тұрмыста туындайтын жер-су, көші-қонға байланысты күрделі дау-жанжалдарды шешу ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып заңдарымен қатаң түрде атқарылып отырды.
Жер дауының дұрыс шешілмеуі руаралық араздықтың өршуіне, ел бірлігінің бұзылуына апарып соқты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы” деген атпен белгілі заңдар жүйесінде, Тәуке хан-ның тұсындағы “Жеті жарғыда” және өзге де бұрыннан қалыптасқан қағидаларда жер дауын шешудің барынша тиімді жолдары қарастырылды. Дауды қарау шарттары мен тәртіптері айқындалды. Бұл тұрғыда өзен, көл, жол, арықтар жеке меншікке жатпайтын көпшілік мүлкі болып саналды. Дау кезінде дауласушы екі жақ та куәлар әкелуі және дауланған жердің өз меншігіне жататындығын дәлелдейтін белгілерін айтуға немесе көрсетуге тиісті болды. Ол дәлелдемелерге: ата-баба қорымы, қазылған құдық, арық, соғылған бөгет, егілген ағаш, салынған үй тәрізді меншікті жердің шекаралық аумағын айқындайтын бұрыннан келе жатқан қозғалмайтын белгілер қабылданды. Осы аталған белгі-мұралардың біреуі талапкердің ата-бабасының не туған-туысқанының еңбегімен жасалғаны, онда бұрын қоныстанғаны анықталса, талап етуші иемденушіден ол жерді қайтарып алу құқына ие болды. Ол жерден соңғы иеленуші алып кете алмайтын оның меншігіндегі қозғалмайтын мүліктердің (ғимарат, бау-бақша, т.б.) құны дауға бейтарап үш кісінің кесімі бойынша анықталып, талапкердің мойнына салынды. Бірақ жерді қайтарып алуға дауласқан кезде және онан кейін салынған қозғалмайтын мүліктер әдейі істелінген деп саналып, жауапкер еңбегіне өтемақы төленбеген. Дауласушы екі жақтың куәлары мен айғақтары теңдей болып, дау тұйыққа тірелетіндей жағдайда, билік айтушы билердің ұсынысымен “ант ішу” рәсімі орындалған. Сөзі мен айғағының растығына “ант ішкен” жақтың талабы қанағаттандырылған.

Жер дауы кезінде жалған ант ішіп, өтірік сөйлеуге екі жақ та бара алмайтын, өйткені кейін әшкере болған жағдайда ұрпаққа кететін “ант ұрған” деген аттан намыстанып, тұқымға таңба қалдырудан қорықты. Бұл, бір жағынан, қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі антқа беріктік пен сөзге тоқтаудың көрінісі еді. Қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланғаннан бастап, қазақ халқы бұрыннан келе жатқан көші-қон дәстүрін өзгертуге мәжбүр болды, әйтсе де Кеңес үкіметі орнағанға дейін жер дауын шешудің дәстүрлі үлгілері ішінара сақталды. Қазіргі кезеңде жер дауына қатысты барлық мәселелер Қазақстанның азаматтық заңдарына сәйкес реттеледі, оның ішінде “Жер туралы” заңның (30.1.2001) “Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқы және жерге өзге де құқықтар” бөлімінде жер меншігіне қатысты барлық мәселелер қамтылған.
Жер дауы, жесір дауы
Ертедегі Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы Мөде қағаннан көрші Дунху мемлекетінің ханы: «Достығымызды сыйласа, сәйгүлігін, сүйген жарын берсін», деп талап етеді. Сонда Мөде арғымақ та, әйел де ел тыныштығының кепілі болсын деп көрші мемлекетке табыстайды. Келесі жолы Ғұн билеушісінен жердің шаруашылыққа жарамсыз, бос жатқан кішкене бөлігін беруін сұрайды. Сол кезде Мөде қаған ашуға булығып: «Жер - мемлекеттің негізгі тірегі, мұндай басынғандыққа қарап отыра алмаспыз», - деп бірден соғыс жариялайды.

Осыдан-ақ жер дауы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін жалғасып келетіндігін байқауға болады. Шешімін таппаған мәселелердің барлығы заңдағы құқық нормаларының дұрыс сақталмауынан туындап отыр. Көбінесе елді мекендер мен ауылды жерлерде ұшырасатын жағдайларда баспана заңсыз жерде бой көтергені, тұрғындардың су мәселесіне, жер дауына тиек болуда.
Әкімшілік басқару жүйесі де еш ескертусіз кәсіпкерлерге біреудің меншігін сатып жіберуі, арадағы түсініспеушілік пен келіспеушіліктер қанша жылдан бері жалғасып келеді.

Тіпті, санында есеп жоқ. Жер дауын шешудің бірден-бір жолы ҚР-ның Конституциясында көрсетілген «Жер туралы» тарауындағы, яғни, «Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқы және өзге де құқықтар» бөліміндегі құқықтық нормалар мен міндеттердің сақталуы болып табылады. Себебі, «тәртіпке бағынған ел құл болмайды, тәртіпсіз ел-ел болмайды». Заңға билеуші және тұтынушы тап өкілі де, меншік иелері де толық бағынып, заңға сай әрекет етсе, дау жоғалмаса да, азаяр еді.
Жер дауы, жесір дауына байланысты айтылған шешендік сөз үлгілері пікірталас ұйымдастырып, тақырыптың өзектілігіне қазіргі заман тұрғысынан баға беріңдер.

Пысықтау тапсырмалары мен тесттер.
І. Айтқожа шешеннің «Жар басына үй тікпе» деген толғауының мағынасын түсіндіріңіз.
2.Пікірталастың түрлері көрсетіңіз.
А)Пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айт ыс, ой жүгірту, жарыссөз.
Ә) Керіс, ұрыс, жанжал
Б) Ойлану, толғану, шешіліп сөйлеу.
3.«Дискуссия» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы.
А)Пікіралмасу
Б) Жанжал
В) Ойлану
Г) Тыңдау.
-
Жанжал
Ойлану
Тыңдау
Пікір
алмасу
«Диспут» сөзінің қазақ
тіліндегі баламасы
4. «Полемика» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы:
А) пікірсайыс;
Ә) жанжал;
Б) ойлану;
В) тыңдау.
5. Дебат сөзінің қазақ тіліндегі баламасы:
А) -ойбөліс Ә) -жанжал Б)-ойлану
В)-тыңдау.
6.Әл-Фарабидің еңбегі?
А)«Риторика» Ә)«Құтты білік»
Б)«Әдебиет танытқыш»
В)«Түркі халықтарының өмірі»
7.Әл-Фарабидің ойына ұқсас ой айтқан ғұлама?
А)Аристотель Ә) Цицерон
Б)Абай
В) А.Байтұрсынұлы.
8.Қазақ шешендік өнерінің тарихын теориялық тұрғыдан зерттеген кім?
А).А.Байтұрсынұлы Ә).Цицерон
Б).Абай В).Аристотель.
9.1997 жылы «Шешендік өнер» деген кітабын жариялаған ғалым?
А).С.Негимов. Ә).Қ.Өмірәлиев Б). Р.Сыздықова В).Б.Адамбаев.
10.«Шешен дегеніміз – көне түркі-моңғол сөзі» деген кімнің
сөзі?
А) Ш. Уәлиханов
Ә). Майқы би
Б) Н Мыңжан В) Б Адамбаев.
11.«Қазақтың 100 би-шешені» кітабының авторы кім?
А) Н.Төреқұлов Ә) Едіге би
Б) Әуезов
В) Сәтбаев.
12.Қазақ пен қалмақ арасындағы шапқыншылық кезін де
екі ел арасын да бітімші болған би.
А) Қазыбек би .Ә) Әйтеке би .Б) Аяз би.
В) Төле би.
13.Қазақ руларының басын біріктірген би.
А) Әйтеке би .Ә) Аяз би.
Б) Қазыбек би .В) Төле би.
14.«Краткое руководство к красноречию» деген еңбектің
авторы кім?
А).Ломоносов Ә).Квинталин Б) Кошанский.
15.Шешендік қандай құбылыс?
А) Қоғамдық; ;Ә) саяси;
Б) материалдық;
В) географиялық.
16.Шешендік өнерді зерттеп, оқулық жазған кім?
А).Г.З Апресян Ә).Р. Сыздықова Б).А. Құнанбаев В).Ш.Уәлиханов.
17.Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалыптасқаннан
бері шешендіктін қай түрі қазақша жүргізіле басталды?
А) Сот ісіндегі шешендік;
Ә) әлеуметтік саяси:
Б) білім-ғылым; В) еш қандай.
18.Қай ғасырда шешендік өнер қаулап дамыды?
А)ХҮІІ-ХҮІІІ ғ
Ә)ҮІІІ-ХІ ғ
Б)ҮІІ-ҮІ ғ
В)ХІХ-ХХ ғ
19.Шешендік сөзді басқаша қалай атауға болады?
А) Төбе сөз; ;Ә) мақал;
Б) мәтел;
В) нақыл сөз.
20. «Шешендік өнер» деген термин қай тілден алынған?
А) Латын. Ә) Орыс Б) Рим. В) Үнді.
21.Шешен сөз дегеніміз не?
А) Тауып айтылған тапқыр сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін сөз;
Ә) пікірталастың негізгі мазмұны;
Б) көпшілікке қаратылып айтылған сөз ;
В) қорытынды үкім сөз.
-
Шешендік өнердің құлдырауының негізгі себебі?
А) Барлық жауап дұрыс; ;Ә) шешендердің азайуы;
Б) сөз бостандығына тежеу салу;
В) шешендік өнердің қоғамда қолданбауы.
-
Сократтың шәкірті кім? А). Платон
Ә).Аристотель Б ). Әл-Фараби В). А.Йасса.
Қорытынды
Бұл авторлық бағдарлама арқылы оқушыларға шешендік өнердің тарихи, мәдени және тілдік мәні, сондай-ақ шешендік сөздердің құрылымы мен түрлері жан-жақты таныстырылды. Бағдарлама мазмұны оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, оқу сауаттылығы тапсырмаларындағы негізгі ойды табуға, дәлелмен сөйлеуге үйретуге, ұлттық сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Оқушылар шешендік сөздердің түрлерін меңгеріп қана қоймай, өз ойын анық жеткізу, пікірталасқа қатысу, өмірлік жағдайларда дұрыс және сенімді сөйлей білу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, бабалардан қалған сөз мұрасын құрметтеп, оны қазіргі заманда қолдана білуге үйренеді.
Бағдарлама нәтижесінде оқушылар:
- Шешендік сөздің мәнін түсінеді;
- Ойын жүйелі жеткізе алады;
- Қазақтың билерінің, шешендерінің сөзін өмірмен байланыстыра отырып талдайды;
- Қоғамдық ортада сөйлеу мәдениетін дамытады;
- Оқу сауаттылығы тапсырмаларындағы негізгі ойды таба біледі;
- ұлттық болмыс пен рухани ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді және қызығушылығы артады.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қ.Медет «Ұлы дала өсиеті» Алматы «Қазығұрт» баспасы -2015 жыл.
-
Б.Адамбаев «Қазақтың шешендік сөздері» Алматы.
«Ана тілі»-2007 ж.
-
С.Елікбаев «Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматиясы». Астана «Арман-ПВ» баспасы -2007ж.
-
4.«Қазақ әдебиеті Энциклопедия анықтамасы» Алматы.
-
«Арнау» баспасы-2005. .
-
5. Н.Күнқожаев «Адам және қоғам» «Рауан» 1997ж. 44-бет.
-
Қуаныш.Махамбет «Оқшы атадағы 7 әулие» 2003ж. 11-бет
-
"Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы", 4- том. 2007, Алматы. С.Қалиев, К.Аюбай.
-
"Шешендік сөздер табиғаты". Әдістемелік құрал. 1995 жыл, Алматы. А. Бұлдыбаев, Б. Шканова
-
Балтбай Адамбаев. "Тозған қазды топтанған қарға жейді" /шешендік сөздер, халық мақал - мәтелдері жинағы/, Алматы "Рауан».
2
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Авторлық бағдарлама “Дархан дала ділмарлары”

шағым қалдыра аласыз