Материалдар / авторлық бағдарлама "Графика"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

авторлық бағдарлама "Графика"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
1641
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Атырау облысы

Жылыой ауданы

«№3 жалпы орта білім беретін мектеп» МК

















Авторлық бағдарлама

Тақырыбы: Графика





















Құрастырушы: Сызу және бейнелеу пәнінің мұғалімі

Елеусинова Назгуль Борангалиевна

2017 -2018 оқу жылы







Түсінік хат

Бейнелеу өнері – жалпы білім беретін мектепте оқушылардың әсемдік талғамын, көркемдік икемділігі мен шеберлік қабілетін дамыту арқылы оларға имандылық, ізгілік, эстетикалық тәрбие беретін оқу пәні.

Сондықтан бүгінгі таңда бейнелеу сабақтарында, әсіресе сурет сабағында, сурет салудың маңыздылығын арттыра, бейнелеудің кейбір түрлерін қайта жаңғыртып, оқушылардың жаңа талпыныс, шығармашылылық күш алуына, ой өрісінің жетілуіне факултативті сабақтар өте маңызды деп санаймын. Әрбір сабақтағы оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі бейнелеу өнерін оқытудың да негізі болып табылады.

Осы уақытта осындай бейнелеу өнерінің сабақтарда қолдана бермейтін суреттің кейбір түрлерін қайта жаңғырту және де заманауи талаптарға сәйкес сурет салу әдіс тәсілдерін игеру, әдістемелік дұрыс жүйе, оқушының эстетикалық, шығармашылық танымын кеңейту, бейнелеу өнеріне баулу, міне осының барлығы бүгінгі оқыту талаптарының негізі. Факултатив сабақтары әдетте жобаның әдіс тәсілдерін үйрену, тақырыптың маңыздылығын сезіну, шығармашылық ой алмасу өте маңызды.



Пәнаралық байланыс: математика, сызу, тарих салаларының қазіргі өмірімен ұштастыра отырып, графика өнерінің ең қарапайым түрлерін насихаттай отырып, ерекшеліктерін түсіну.



Бағдарламаның мақсаты: Бейнелеу өнерінің сурет салу әдіс тәсілдерін үйрету, графика түрлерін сабақтар мен шығармашылық үйірмеде, ұжымда кеңінен қолдану, сурет сабақтарында заманауи тәсілдер мен құралдар арқылы сурет салу шеберліктерін дамыту.







Міндеттері:

- Графиканың сурет салудағы мүмкіндігі мол екенін көрсету;

- Оқушыларды құралдар мен жұмыстың негізгі әдісімен таныстыру;

- Шығармашылық ой мен эстетикалық талғамының ашылуына көмек беру;

- Графикалық жұмыстарды орындау кезеңінде ұқыптылықты үйрету;

Оқытудың әдісі:

- білімнің дерекпен алуы бойынша: көрнекілік, тәжірибиелілік;

- түсінуді ұйымдастыру әдісі бойынша: түсіндірмелі, сарамандық.



Оқыту формасы: дәстүрлі емес сабақ нұсқалары (оқу лекциясы, топтық және жекелей жұмыс, өзіндік жұмыс), демонстрациялық сабақ.



Күтілетін нәтиже:

- Шығармашылық ой бөлісе, сурет салудағы графиканың түрлілігін игеру, құралдардың көмегімен шығармашылық мүмкіндікті жетілдіру;.

- Оқушыладың өз алдына мақсат қоя алуы

- Басқалардың пікірімен санаса алуы

- Жеке шығармашылық жұмыс жасай алады (Жоба)

- Сайыстар мен байқауларға қатысуға оқушылардың белсенділігі артады.

- Оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.



Оқушылар білуі тиіс:

- Бірнеше көрнекті өнер шеберлерінің аты-жөнін, олардың атақты шығармаларының аттарын білу;

- Бейнелеу өнерінің жанрларының көркемдік бейнелі тілін, көркем образдарының жасалу жолдарын;

- Екі-үш халық өнері орталықтарының атын, орнын және шығаратын өнімдерінің сипатын білу;

- Табиғат сұлулығын көре, сезіне білуі, сонымен бірге өз көргендерін, алған әсерлерін ауызша айта және суреттей, бейнелей білуі;

- Бейнелеу өнері шығармаларының образдық мазмұнын ашуға (ауызша) қажетті түсініктемелер мен терминдерді дұрыс пайдалана білуі және мәнерлі сөз тіркестерін таңдай білуге;



Оқушылар орындай алуы тиіс:

- Шығармашылық жағынан өз қабілетін көрсете білу;

- Кез- келген тақырыпта ойын қағаз бетіне түсіре білу;

- Баяу түрлерін ұқыпты қолдана білу;

- Екі-үш халық өнері орталықтарының атын, орнын және шығаратын өнімдерінің сипатын білу;



Оқушылар үйренуі тиіс:

- Сызықтық және ауадағы көрініс заңдылықтарын

- Графикалық материалдарды қолдана білу;

- Акварель мен гуашькесікіндемесі техникасын;



Оқушылардың жеткен жетістіктерін бақылау формасы және бағалау критериі:

- бақылау формасы: тест, жобалық презентация, тақырыпқа байланысты сарамандық жұмыстар, шығармашылық тапсырма (эссе, реферат, баяндама, жобалар)

- бағалау критерийі: тест («А», «В», «С» - деңгейлері) және шығармашылық жұмыс, деңгейлік тексеру

- Оқушының жұмыстарын жинақтау, көрме ұйымдастыру, аудандық, облыстық байқауларға жіберу;











Факультатив мазмұны

Кіріспе (1 сағат)

І тақырып Бейнелеу өнері түрлерімен таныстыру (12 сағат)

Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ – ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептелді. Ал 19 ғ. аяғына қарай графика қызметтік жіне қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда дизайн сияқты түрі қосылды.

ІІ тақырып. Графикалық өнері түрлері (5 сағат)

Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады. Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады.

Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші екенін түсіндіру. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.

ІІІ тақырып. Сәндік қолданбалы өнерінің түрлері (7 сағат)

Сәндік қолданбалы өнерге байланысты түсініктер беру. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.

IV тақырып. Мүсін өнері (8 сағат)

Мүсін бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады.

V тақырып. Шығармашылық есеп (1сағат)

Шығармашылық көрме жасайды



«Графика» бағдарламасының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Сабақтың өткізілу формасы

Күні

Ескерту

1

Кіріспе. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

1

Түсіндірме



2

Бейнелеу өнеріне қажетті құралдар – жабдықтар

1

Түсіндірме



3

Түстану ерекшеліктері. Шағылысу(рефлекция)

1

Шығарма-шылық жұмыс



4

Суреттегі түс. Фон

1

Түсіндіру



5

Үйлестіру заңдылықтары. Натюрморт жанры.

2

Практикалық жұмыс



6

Затқа қарап сурет салу.

2

Шығарма-шылық жұмыс



7

Геометриялық денелерден құралған натюрморт

2

Түсіндіру

Практикалық жұмыс



8

Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс

1

Практикалық жұмыс



9

«Астана ЭКСПО-2017» сурет салу

2

Шығарма-шылық жұмыс



10

Графика өнерінің түрлері

1

түсіндіру



11

Графикалық суреттер салу. (линогравюра, офорт,гравюра)

1

Шығарма-шылық жұмыс



12

Еркін тақырып «Қош келдің жаңа жыл» сурет салу

1

Түсіндіру



13

Композиция.

(Киіз үйдің ішкі көрінісі)

2

Практикалық жұмыс



14

Қолөнер түрлерімен танысайық.

Киіз үйді сыртқы пішінін жасау

Сәндік қолөнер бұйымдарын жасау.

4

Шығарма-шылық жұмыс



15

Кескіндеме табиғат жанры

Табигатқа саяхат(пленэр)

2

Түсіндіру

Практикалық жұмыс



16

Көктем гүлдері кестелеп тігу

1

Шығарма-шылық жұмыс



17

Мүсін өнері

Саңырауқұлақ мүсінін жасау

3

Түсіндіру

Практикалық жұмыс



18

Ғарыш әлемінде сурет салу

2

Практикалық жұмыс




Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арнаған сурет салу

Бисермен жапсырмалау

3

Практикалық жұмыс



19

Көрме ұйымдастыру


1










Мұғалім пайдаланған әдебиет:

1. Болатбаев Қ., Ибрагимов Ұ. Б. Бейнелеу өнері: Жалпы б. б. мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. –2-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2005.- 160 бет, суретті

2. Айдарова З. А Бейнелеу өнері: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына

арналған оқулық / 3-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2011. – 112бет

3. “Бейнелеу өнері және сызу” республикалық-әдістемелік журналы

4. Интернет материалдары



Оқушылар пайдаланатын әдебиет:

1. «Шаңырақ» энциклопедиясы

2. Интернет материалдары

3. «Сен білесің бе?» кітапшалары



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!