Авторлық бағдарлама: Грамматикалық ойындар мен тапсырмалар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама: Грамматикалық ойындар мен тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
34 сағатқа арналған КТЖ және ҚМЖ, грамматикалық ойындар мен тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Практикалық бөлім














Қорытынды





Байдікі күзек алады десіп жүрді. Бір күні таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне ескі шапан, жаман-жұман киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап отыр. Біреулері қой жығып жатыр. Біреулері қой қырқып отыр.(А.Байтұрсынұлы).




4-тапсырма




Берілген әрбір екі сөздің дауыссыздарының өзіндік ерекшеліктерін ажыратып көрсет: көл-төл, сақ-сәкі, аш-ат, жаз-саз, қар-хал, бас, тақ, мал, доп, өң, өн.




5-тапсырма




Берілген сөздердің қанша дыбыстан, қанша әріптен тұратынын дәлелдеңіз және де дыбыс пен әріпке анықтама беріңіз.




Жұмыс, тіл, сызығы, домбыра, совхоз, кезек, зерттеу, туралы, ми, ит, институт, университет, ою, қоян.


Қорытынды








Кубизм стратегиясы - бұл ағылшынша кауан







У дыбысының жазылуы мен айтылуына талдау жасаңыз.

Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.




3-тапсырма



Дауысты дыбыстарды , дауыссыз



дыбыстардыбелгіле.

Керік, батпырауық, жейде, торсық, ірімшік, көкөніс, әткеншек, түлкі, ұлу, суретші, жазғытұры, киім.





4-тапсырма



Жоғалған әріптерді табыңыз.

Мен_ң _н_м бар. Аты А_д_н . Ол к_шкентай. _н_ м с_рет

_алады. Мен _н_ме к_тап о_имын. Мен інімді жа_с_ к_рем_н.


Қорытынды

«Ассоциациямен» жұмыс

Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым-қатынас деңгейіне жеткізу.



Г.А.Тогусбаева




















Грамматикалық ойындар мен тапсырмалар





































Шымкент-2025

ӘОЖ 371.214 КБЖ 74.202 Г7




Пікір жазған:

Жапбарова Г.А - Ж.Тәшенов университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.



Құрастырған:



Тогусбаева Гульжан Абылкаскызы Шымкент қаласы 31 В.Н.Терешкова атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.



Грамматикалық ойындар мен тапсырмалар: Авторлық бағдарлама/ Құрастырған: Г.А.Тогусбаева. Шымкент: 2025, 80бет.



ISBN 978-601-351-529-8



Авторлық бағдарламаның кіріспе бөлімі қазақ тілі пәнін жаңаша үлгіде оқытуға арналған. Бұл жерде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері толық қамтылған. Соның ішінде сындарлы оқытуға негізделген



Бағдарламаның негізгі бөлімі қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін және грамматикалық тапсырмаларды қамтуға арналған. Ойын оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып, саналы ойлауға, есте сақтау қабілеттерін дамытуға көмектесетіндігін тәжірибемен дәлелдеген. Сонымен қатар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар да қарастырылған.





ӘОЖ 371.214 КБЖ 74.202 Г7







ISBN 978-601-351-529-8




©Г.А.Тогусбаева, 2025 ©ИП Сманова, 2025

Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape3 Shape2 Shape1 Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы 293- Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын өз еркімен таңдайды.







Түсінік хат




Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, қызығушылығына, таңдауына қарай саралап оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру. Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру мектептің педагогикалық ұжымның алдына үлкен міндет жүктейді. Адам қоғамның дамуына үлес қосатын саналы тіршілік иесі. Ол өзінің алдына жоспарлы мақсаттар қойып, оған қол жеткізуді армандайды. Тіршілік иелерінің қарым-қатынасы тілдің қатысуымен жүзеге асырылады. Олай болса, тіл қоғамды қозғаушы күштің бірі, ұлт тірегінің күретамыры.


Тіл - кез келген танымдық әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі. Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген тілдің қызметін, әдеби тіл нормаларын жүйелі меңгерген

коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.


«Қазақ тілінің грамматикасы» таңдау курсын оқытудағы негізгі мақсат - оқушыларға грамматика, оның зерттеу обьектісі, салалары, түрлері, грамматикалық категориялар туралы тереңірек теориялық білім беру, грамматикалық ұғымдарды меңгерту, синтаксис мәселелері жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушылырдың өзіндік ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.



Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:



- Грамматика, оның зерттеу обьектісі мен салаларына шолу жасау;



- Сөз құрамы мен морфемалар туралы түсінік беру;



- Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы түсінік беру;



- Талдау, жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы берілген теориялық білімді меңгерту;


- Тіл білімінің мәселелерін жүйелі түрде қайталау.



- Курста қарастырылатын материалдар «Қазақ грамматикасы» оқу құралына негізделіп, басқа да лингвист ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп жасалынды. Ұлттық бірыңғай тест тапсырушы мектеп түлектерінің бұл курстан алары мол.


Таңдау курсының мақсаты:



- Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу;



- Оқушыларға қазақ тілінің грамматикасы бойынша тереңірек теориялық білім беру, әсіресе бағдарламада жете тоқталмаған




4

тақырыптарды қарастырып, сол негізде оқушыларда білім, білік дағдысын қалыптастыру, ұлттық бірыңғай тестке даярлау;

- Оқушылардың ауызша және жазбаша сауатты сөйлей білуіне көңіл бөлу;

- Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау. Міндеті:

- Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орны, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету арқылы қажетті іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

- Тіл білімінің мәселелерін жүйелі түрде қайталау; - Грамматика мәселелері жайында түсінік беру;

- Грамматикалық категория мен грамматикалық форма, грамматикалық мағынаның өзіндік ерекшеліктерін айқындау;



- Теориялық материалдар практикалық дағдының базасы болатынын пайымдауға үйрету;



- Оқушылардың танымдық, өз бетімен білім алу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Күтілетін нәтиже:



- Қазақ тілі грамматикасы, оның салалары мен обьектісін, түрлерін толық,терең меңгерту;



- Зерделенген тақырып бойынша нақты ой қорыта алуы;



- Алған теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыра



отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру;



- ҰБТ-да курсқа қатысушылардың жоғары білім сапасын көрсетуі;









5







Өзектілігі:







Зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің


диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметінің: когнитивтік және коммуникативтік қызметтерін тереңінен айқындап, тіл білімін заман талаптарына сай жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған. Сол себепті тіл ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі, этномәдени код ретінде сипатталып, грамматикалық категориялардың қалыптасуындағы адам болмысы, коммуникативті актіге

қатысушылардың объективті жағдаятқа қатысы зерттелуде.






















6

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРShape19

Тақырып мазмұны

Сағат саны


Фонетика.


1

Фонетика туралы толық түсінік беру.

1

2

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

3

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

4

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

5

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

6

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

7

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

8

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

9

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

10

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

11

Фонетика тарауына тапсырмалар

1

12

Тест

1

13

Тест

1

14

Лексика

1

15

Лексика тарауына тапсырмалар

1

16

Лексика тарауына тапсырмалар

1

17

Лексика тарауына тапсырмалар

1

18

Лексика тарауына тапсырмалар

1

19

Лексика тарауына тапсырмалар

1

20

Лексика тарауына тапсырмалар

1

21

Лексика тарауына тапсырмалар



1

22

Лексика тарауына тапсырмалар

23

Сарамандық тапсырмалар

1

24

Сарамандық тапсырмалар

1

25

Сарамандық тапсырмалар

1

26

Сарамандық тапсырмалар

1

27

Сарамандық тапсырмалар

1

28

Сарамандық тапсырмалар

1

29

Сарамандық тапсырмалар

1

30

Сарамандық тапсырмалар

1

31

Сарамандық тапсырмалар

1

32

Сарамандық тапсырмалар

1

33

Сарамандық тапсырмалар

1

34

Сарамандық тапсырмалар

1


1






























































7




1


Тақырыбы

Фонетика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіру

Көрнекілігі

Таратпа материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ

Фонетика гректің фоне дейтін сөзінен шыққан. Фонетика түсінігі дыбыстар, үндер, дауыстар. Фонетика тіл ғылымдарының тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.

Фонетика сөзінің мағынасы

Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді.



















8

Shape22






























































9

Shape25 Shape23






























































10

Shape46 Shape27






























































11

Shape48


























2 №3


Тақырыбы

Фонетика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіру

Көрнекілігі

Таратпа материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ



Практикалық бөлім

1-тапсырма. Төменде дауыссыздары бірдей, тек дауыстылар арқылы мағыналары ажыратылатын сөздер берілген. Осы сөздерді «жуан-жіңішке», «еріндік-езулік», «ашық-қысаң» айырым белгілері бойынша жазып шығыңыз.




Көл, ал, төс, бір, бал, күл, жал, жөн, сәл, күң, жең, қар, үн, том, жым, зікір, күн, көм, жұм, түс, ел, кел, кір, бұр, тіл, көң, он, ел, жұл, қор, кәр, күл,





12



тос, сел, бір, сәл, іл, құл, тым, күң, тіл, жем, өн, қыр, зәкір, сөл, жар, жыл, қын, кір, құр, тас, түс, көн, бүр, сал, жөн, тыл, кем, құр, іл, бұл, жал, ұн, жан, жел, құн, жүн, кіл, кең, қыр, жыр, тыс, жол, жең, зекір.




2-тапсырма. Берілген мәтінді қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығымен жазып шығыңыз.




Сол кездегі математика ғылымы саласынан жасалған еңбектердің ішіндегі ең маңыздысы осы Мұхаммед Хорезмидің «Әлджебр және әлмукабаланы есептеу туралы қысқаша кітап» атты шығармасы. Оның бұ еңбегін латын тіліне аударғанда ғалымның «әл- ховарезм» деген сөзі «алгорифм» немесе «алгоритм» деген сөзге айналып кеткен.




3-тапсырма. Қазақ тіліндегі екпінге бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып мәтін құраңыз.




4-тапсырма

Қазақ тіліндегі кірме сөздерді жазуда қолданылатын принцип түрлерін жазып, оны мысалдар арқылы дәлелдеңіз.


Қорытынды

«Бес жолды өлең» стратегиясы Зат есім (1 сөз)

Сын есім (2 сөз) Етістік ( 3 сөз ) Қорытынды ой (4 сөз )

Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)




Кез-келген тақырыпта қолданып, оқушылардың сол тақырып туралы ұғымдарын кеңейтуге болады. Сондай-ақ шығармашылыққа баулуға да үлкен септігі бар.






13




4 №5


Тақырыбы

Фонетика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіру

Көрнекілігі

Таратпа материалдар




Сабақ барысы


Ұймдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ

Фонетика тіл ғылымдарының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.


Практикалық бөлім

1-тапсырма

Бірыңғай жуан дауысты дыбыстарға сипаттама бере отырып, олардың өзара айырымдық және ортақ белгілерін көрсетіп, жақтың және ерін мен езудің қатысына қарай мысалдар арқылы талдаңыз.

2-тапсырма



Кірме сөздерге мысал келтіріп, қазақ тілінің қосымшаларын жалғаудағы ерекшеліктерін көрсетіңіз.




3-тапсырма



Мәтін ішіндегі буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді табыңыз.





14

Shape49






























































16



тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы.




Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті қолданады. Ол кубикті қағаздан 15-20 см. Шамасында жасау керек. Оның әр жағына мына 6 көмекші сөздер жазылады.




Зерттеңіз; Салыстырыңыз; Қолданыңыз; Дамытыңыз; Сипаттаңыз;

Талқылыңыз немесе қарсы болыңыз.




Мұғалім берілген тақырып бойынша осы тапсырмадан соң еркін 2-4 минуттай жаздырады. Мұғалім 6 жағына да жеке түсінік береді. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған ереже жоқ. Бір ғана мақсат, ол - аса ұтымды талқылап ой алмасып ретімен жүргізіп отыру керек.





6 №7


Тақырыбы

Фонетика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіру

Көрнекілігі

Таратпа материалдар




Сабақ барысы


Ұймдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ

Фонетика тіл ғылымдарының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.





15



Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.


Практикалық бөлім




1-тапсырма

Төменде берілген сөздердегі дауысты дыбыстардың айтылуы мен жазылуына мән бере отырып, оған дыбыстық талдау жасаңыз.

Көкбар, іңкәр, күнә, сірә, фонер, самаурын, хат, жиһаз, өмір, бауыр, ауыл, дәстүр, жүрек, дүние.




2-тапсырма



Берілген сөздерді транскрипция бойынша жазыңыз. Лаж, лашын, рахмет, разы, леген, рұқсат, Лұқпан, Рүстем, леп, Ресей




3-тапсырма



Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазыңыз және буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып мәтін құраңыз.




4-тапсырма



Түбір мен қосымша аралығындағы үндестік заңдылығын түсіндіріңіз.

Туған елім, қазір сенің арман қуған балаң көп, Бәрі өзіңді армандайды асылым деп, анам деп

Бәрі бірдей алқынғанмен, талпынғанмен мұратқа, Сенің қатал талғамыңнан шығу қиын бірақ-та (М.Шаханов).


Қорытынды


«Миға шабуыл»




Оқушылар жұпта отырып, бір-біріне өткен




16



тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Өз ойларын айтады. Диалог орнайды. Өткен тақырыпты естеріне түсіреді. Бағалау парағы







8 №9


Тақырыбы

Фонетика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіру

Көрнекілігі

Таратпа материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ

Фонетика тіл ғылымдарының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылы


Практикалық бөлім

1-тапсырма

Төмендегі сөздерге мына үлгі бойынша талдау жасаңыз:

- Дыбыс саны - әріп саны

- буын түрлері

- екпін түсіп тұрған буын – - тасымалға бөлу

- транскрипциясын жазу

- Өлең, дифтонг, жұмыс, клуб, рахмет, ажырат, мерей, қолғап, кітап, инелік.




2-тапсырма




17

Shape51





















































10 №11


Тақырыбы

Фонетика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-



18



құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіруShape70

Көрнекілігі

Таратпа материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ

Фонетика (гректің рһоnеtikos деген дыбыс мағынасынан шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді. Оның негізгі обьектісі тіл дыбыстары. Фонетика дыбыс атауының бәрін зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Мыс: жол, жел, тас, жас, қас, сөздерін алсақ, алғашқы сөздердің мағыналарын бір-бірінен ажыратып тұрған о, е ж, қ, дыбыстары сөз мағынасын ажыратушы қызметін атқарып тұр.



Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз дыбыстар болып, екі үлкен топқа бөлінеді.



Дауысты дыбыстар



Ауаның кедергісіз шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.



Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Олар орыс тілінде жоқ дыбыстар.



Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.



Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол э. Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.





19



Дауысты дыбыстардың топтастырылуыShape75 Shape73 Shape72



Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.



Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.



Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшы ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.



Жуан сөзде жуан айтылып, жіңішке сөзде жіңішке айтылатын дыбыс у.



(қуаң, куә).



2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді:

Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Оларға: а, ә, о, ө, е, э.



Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады. Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.



3. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді.

Еріндік дауыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.



Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, э, ы, і.



Дауысссыз дыбыстар



Қазіргі қазақ тіліндегі сөздерде қолданылып жүрген дауыссыз дыбыстар, олардың әріптері төмендегідей б, п, в, ф, д, т, э, с, ж, щ, ч, ц, г, к, қ, ғ, м, н, ң, л, р, х, й, һ.



Дауыссыз дыбыстар үнді және ұяң, қатаң болып






20



бөлінедіShape76 .



Үнді дауыссыз дыбыстар р, л, й (бай), у (бау), м, н, ң.



Ұяң дауыссыз дыбыстар б, в, г, ғ, д, з, ж, һ.



Қатаң дауыссыз дыбыстар п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч.



Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар жуан, жіңішке болып бөлінбейді, олар жуан сөзде де, жіңішке сөзде де қолданыла береді, бірақ сөздегі жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дауыссыздарға әсері болады бол, бөл, базар, безер, балта, белде, таза, терезе, дала, деме, зор, зер, мұрын, мешін т.б.



Ескерту. Тілдегі дауыссыз дыбыстардың ішінде тек жуан сөзде қолданылатын екі дауыссыз дыбыс бар, олар қ, ғ, қағаз, ғалым, ғаламат, қазақ, ақын, ағын т.б.



Тілдегі дауыссыз дыбыстардың ішінде екі дыбыс к, г тек жіңішке сөзде қолданылады көк, көктем, көше, көгілдір, гүл, әңгүдік, гүлдену, белгілі, көкше, гүмбір, гүрсіл т.б.


Практи

калық бөлім

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, көшіріп жазыңыз.




Сер… ен, қара… ым, жа...а, саб…н, ...йрек, жа…лау, сылдырма…




2-тапсырма. Тиісті әріпті қойып, сөйлемді аяқтаңыз. Тыныс белгісін қойыңыз.




Кеш бол…ы бөл….е іші қара….ғы терезе….ен ай сәул….сі түс….і




3-тапсырма. Азық-түлік атауларын жазып, төл дыбыстардың астын сызыңыз.




21






4-тапсырма. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңыз.

1.Р, О, Б (бор)

2.П, А, Т, І, К (кітап) 3.М, А, Л, А, Қ (қалам) 4.Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)

5.Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш) 6.Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)




5-тапсырма. Тиісті әріптерді қойып, жалғау түрін айырыңыз.

Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны.




6-тапсырма. Бір әріпке 10 жауап жазыңыз. К

К К К К К К К К К


Қорытын ды

Венн диаграммасы


















22

Shape81 Shape79 Shape78

Shape83



















12 №13


Тақырыбы

Тест. Бақылау жұмысы

Мақсаты

Тілдегі лексикалық және грамматикалық-құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болатындығын түсіндіру

Көрнекілігі

Тест тапсырмалары




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ



Практикалық бөлім

1.Жуан дауысты дыбысты сөзді табыңыз. а) Астана

в) дәрігер с) түлкі д) көлік

е) көбелек

2. Қатаң дауыссыздан басталған сөзді көрсетіңіз.

а) ғарыш в) орман





25



с) байлық д) құрлық е) үмітShape84

3. Бітеу және ашық буындары бар сөзді көрсетіңіз.

а) әже в) жазда с) үй

д) үлкен е) ел

4. Сөзде неше буын бар екенін белгілеңіз. а) бір

в) екі с) төрт д) үш е) бес

5. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз.

а) үйге

в) талапты с) мектепте д) балалар е) ағаштікі

6. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. а) у, е, о

в) о, и,е

с) ә, о,е

д)о, а,и

е) ы, і

7. Үнді дыбыстардан құралған сөздерді көрсетіңіз.




23



а) машина, уақыт в) әдемі, ұстазShape85

с) ұлан, маймыл д) аққу, суық

е) күзетші, мақсат

8. Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз. а) сұлу, жұқа

в) таза, үн с) ән, ас

д) мереке, үлгі

е) дәптер, мектеп

9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз.

а) көлдер в) қаламдар с) тауды

д) жазушы е) баламен

10. Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз. а) сөз тіркесін

в) тіл байлығын с) сөз мағынасын д) сөз құрамын

е) тіл дыбыстарын

11. Бірыңғай жуан дауыстылы сөзді атаңыз.

а) келді

в) пісті с) егін

д) ыстық е) өмір





24



12. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.Shape110

а) зерек, арман в) жаға, мақсат с) дала, бөлме д) тау, сабақ

е) жүрек, дән

13. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.

а) дастархан в) тамыр

с) тамаша д) арқар е) шам

14. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді белгілеңіз.

а) дүниеқор в) жолдастар с) ескерткіш д) талапты е) көңілді

15. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз. а) а, ұ,ү

в) а, о,е с) е, ө,ү д) у,і,ы е) у, и,і

16. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.

а) достық в) тамыр




25



с) балаша д) арқар е) шарShape122

17. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.

а) дүние

в) жолдастікі с) естелік

д) мұрағат е) көңілді

18. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтынын көрсетіңіз.

а) буын

в) дауысты дыбыс с) дауыссыз дыбыс д) екпін

е) қосымша

19. Тек жіңішке дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

а) а, о,е в) е,ұ,ы с) ү,ы,э д) ә,ө,і е) і,ұ,у

20. Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз. а) барамын

в) жазды с) алды д) мектеп е) өмір




26


Қорытынды

Бағалау







14


Тақырыбы

Лексика

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Мәтін




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Жаңа сабақ

Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология - гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл сөздердің грек тіліндегі мағынасы - сөз туралы ілім деген ұғымды береді.



Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қамтиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.



Сонымен, лексикология дегеніміз - тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің





27



қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.



Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі - лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен бара бар келетін тұрақты, фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.



Сөз дегеніміз - басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы - атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны немесе солардың сындық, сандық сипатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды.





15 №16


Тақырыбы

Лексика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық сабақ

1-тапсырма.

Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, төмендегі тұрақты тіркестердің қай сөзге балама екенін анықтаңыз.





28



Үлгі: асығы алшысынан түсу жолы болу




Ит арқасы қиянда, көктен тілегені жерден табылу, бастан құлақ садақа, сай сүйегі сырқырау, құлағын тігу, титығына тию, т.б.




2-тапсырма.

Ит өлген жерде деген тұрақты тіркеске фразеологиялық синонимдер тауып жазыңыз.




3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін кестеге салып, синонимдік қатар құрыңыздар, оларға ұйытқы болып тұрған тірек сөзді (доминант сөзді) көрсетіп түсінік беріңіздер. Талдау үшін «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерін», «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігін» пайдаланыңыздар.

Мысалдары: биік, шаршау, жәрдемдесу, теңдік, бөтен, бұйрық, бұлақ, ентігу, жалғасу, жалығу, керемет, жүдеу, талантты, кенеттен, уайым, қорлық, өлең, сынау, сыр, сыйлау.




4-тапсырма.

Төмендегі сөздердің шығу тегін түсіндіріңіздер.




Абдәсте, әуре-сәрсең, балшық, дүркін, кірпіш, қарашық, лағыман, монша, өңеш, самарқау, тонау, ұлыс, үй, шай, іркіт, қыз, жөргек, дәурен, байрақ, алмұрт, алтын, алша, қан, қам, заң, сүрен, ышқыр, қиық, күбір, жүз, жалау, білезік, аяң, аңқы, бодан, көкпар, сүйел, сәлем, нысана, олжа.














29




17 №18


Тақырыбы

Лексика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық сабақ

1-тапсырма.



«Бабадан сөз қалады, Әкеден көз қалады»,-деген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.




2-тапсырма.

Төмендегі сөздерді диалектологиялық сөздіктің көмегімен мағыналарын түсіндіріңіздер.




Димар, шекер, күрсі, нәр, керем, меңдес, сапал, үзбеп, түніке, долы, бақыр, сапара, леген, жүдә, гөрт, шақа, аскеді.




3-тапсырма.



Төмендегі сөйлемдерден ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөздерді табыңыздар.




1.Ел аузындағы аңызға қарағанда, Байдалы шешен бай бола алмапты.

2. Дүние құрастырып, дәулет жинауға, сірә, ол кісінің қолы тимесе керек.

3. Бірақ бай болмағанымен, кедейлікке бас иіп, құл да болмапты.

4. Ол ақылын азық, асыл сөзін сусын етіп, дүниеден өткен адамдардың бірі екен.





30



5. Ел ішіндегі ауыр хал мен хан өкілдерінің озбырлығын айтып, Жетес шешен Әбілхайыр ханға бірнеше рет барады.

6. Бірақ хан сөзге құлақ аспайды, елдің тұрмысын жеңілдету қамын ойламайды.

7. Қыпшақтың жас болыс, билері келіп, оның көңілін сұрап қолын алмайды.





4-тапсырма.




«Жалданады» деген сөз қандай мағыналарда жұмсалады. Мағыналық қолданысын түсіндіріп беріңіздер.







17 №18


Тақырыбы

Лексика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім




1-тапсырма.




Төмендегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңыз. Ол мағыналардың пайда болу себебін, жолын көрсетіңіздер.




1. Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын және ақыл сұрайын деп ат,





31



шапан алып барады.

2. Сонда Бөкен «саған батамды берейін, сен жас болғанымен елге бас болғандай бала екенсің»- деп, бата береді.

3. Мінезің қара жерден ауыр болсын дегенің - беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің.

4. Сырым бір жолдасымен жолаушылап келе жатып бір үйге түссе, үйде сүйегі сұлу, түсі сүйкімді жас келіншек отыр екен,

5. Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:




Астымдағы қара атым - тұлпарым,

Қасымдағы қара әйелім - сұңқарым, - деп желе жөнелген екен.

6. Тек бәйбішелері ғана «рас, рас қарияның сөзі рас» - деп бас изейді.

7. Байдалының бұл сөзін естіген айғайындары қатты ашуланады.

8. Қара жамылып, жоқтау айтуға Айғаным құлағын тіге қалыпты.

9. Ат қағып шөлдеп келген шешенге өз қолымен сусын береді.

10. Өзіңіз білесіз, ата-бабамыз молда ұстап көрген жоқ еді, оның сырын қайдан білейін («Шешендік сөздер»).





2-тапсырма.




Мәтіндегі сөздердің мағыналарын түсіндірме сөздік бойынша анықтаңыздар.




1. Баланың қаз тұрып, тез жүріп кету оның денсаулығына байланысты. Ал баланың денсаулығына ана сүті арқылы оның бойына таралатын тағамдағы витаминдер ерекше әсер етеді.

2. Сәукеле - ұзатылған қыздың үйлену




32



тойында киетін бас киімі. Сәукеленің күмістен жасалған төбелдірігі, маржан тізіліп жасалған салпыншақ бетмоншағы болады.

3. Күйек қазан айының аяғында, қарашаның бас кезінде алынады.

4. Бәйге - қазақтың ұлттық ойыны, ат жарысы. Ат құлағында ойнап өскен қазақ баласы үшін бұл ең қызықты ойын.

5. Түйенің жабдығы жылқынікінен мүлдем өзгеше болып келеді. Өйткені ол салт мініс үшін емес, жүк артуға ыңғайлы етіліп жасалады. /Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 1994./




3-тапсырма.




Мәтіндегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын ажыратыңыз да, олардың айырмасын түсіндіріңіз.





Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде - туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ахиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың - бәрі әрі бірдей, екі дүниенің жақсылығыңа рахатың - бәрі бірдей екен. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге қонақ екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық етіп, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер, демек, ол құдайға айтарлық сөз бе? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не ғылымы жоқ, тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр “ой тәңір-ай” деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам? /Абайдың




33



Қара сөзінен/



19 №20


Тақырыбы

Лексика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

1-тапсырма.

«Адалбақан» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, қазіргі тілдегі баламасын табыңыз.




2-тапсырма.



Нәубетші, желкөз, ғарыш, бұрқақ сөздерін қатыстырып сөйлем құраңыздар. Және аталған сөздердің мағыналық мазмұнын түсіндіріп беріңіздер.




3-тапсырма.



«Этимологиялық сөздікті» пайдаланып, төмендегі қос сөздер арқылы жасалған мысалдардың шығу тегін айқындап, жазыңыз.




Мысалдары: Қыз-қырқын, абысын-ажын, жігіт-желең, ат-мат, кемпір-семпір, шәй-пәй.




4-тапсырма



Арнаулы сөздіктің көмегімен төмендегі сөздердің мағыналарын түсіндіріңіздер.





34



Абыз, әтеш, бөрік, виноват, ғұмыр, дулыға, жалғыз, асыл зат, кебінді, мақал, иеме, өзіндік, салтанат, бір табақ ас, ұғындым, фәни, шіркін.




5-тапсырма




Көңiл құсы, арманның дүрбiсi, ой құрықтан, жүрекке жүк арту қолданысындағы тiркестер ауыс мағынаның қай түріне жатады. Және аталған мысалдардың мағыналық және қолданыстық ерекшелігін анықтап беріңіздер.





21 №22


Тақырыбы

Лексика тарауына тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

1-тапсырма




Тұсында Абылайдың Бұқар жырау, Хан Әбiлдiң кезiнде Түбек тұр-ау. «Әр заманның бар дейдi сұрқылтайы»,

Сұрқылтайым менiң де екен мынау деген өлең жолдарындағы сұрқылтай” сөзiніңі қолданысы мен мағынасы түсіндіріп беріңіздер.





2-тапсырма




Көкбас көклақ көкжан айнакөз ақтуша сөздерi қандай кәсіби сөздер тобына жатады





35



және қандай атауларға қатысты екендігін баяндап беріңіздер.




3-тапсырма

1.Үйі мәз боп, қой сойды. Сүйіншіге шапқанға (Абай)

2.Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң,

Әзім барып жығылды шалқасынан (Абай)-деген өлең жолдарында ауыспалы мағынаның қай түрі қолданылған. Және аталған мысалдардың мағыналық және қолданыстық ерекшелігін анықтап беріңіздер.




4-тапсырма



Қоян жүрек, тепсе темір үзгендей, үріп ауызға салғандай, көзді ашып жұмғанша секілді тұрақты тіркестердің фразалық антонимін тауып беріңіздер және мағыналық тұрғыдан талдау жасаңыздар.




5-тапсырма



Ұлыма, сусыма, құлағы ауыр естиді, құлағының мүкісі бар, көзінің әрі тайған секілді эфвемизмдер қандай сөздердің орнына қолданылып тұрғандығын табыңыздар. Және аталған ауыспалы мағынадағы сөздердің тағылымдық мәнін түсіндіріп беріңіздер.














36




23 №24


Тақырыбы

Сарамандық тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

Тілде талай талай қызық, алуан сыр бар. Оны тек тіл ғылымын терең түсінген ғана біледі. Ол үшін ерінбей, жалықпай оқу керек. Біздің ана тіліміз сөздік қоры бай, мағынаға мол, оралымды тіл. Тіл қоғаммен бірге жасайды. Қоғам жаңарып, тіліміздің қорына жаңа сөздер енеді. Сөздердің жасалуы бір заңдылықпен жүзеге асады. Сондықтан оқушыларға тіл сабағын қызықты да тартымды өткізу керек. Ол үшін сарамандық тапсырмалар, қызықты ойындар жиі жүргізілуі қажет.




1-тапсырма



Берілген сөздерден туынды зат есімдерді тауып астын сыз.




Тау, егін, егемендік, әжесі , қайырымдылық, келін, күрек, балта, зауыт, оқулық, ұшқыш, дәптер, бор, дабыл, бәйге , жылан.




2-тапсырма



Төменде берілген сөздерді бірде заттық, бірде сындық, бірде етістік мағынасында қолданып, сөйлем құрастырып жаз.





37



Үлгі: Жаз болды. Сен дәптеріңе жаз. Жаз, күл, тақ, жақ, ақ.




3-тапсырма



Жалпы есімдерді тауып, астын сыз.




Тау, Алтай, Гүлнұр, дәптер, оқулық, Шолпан, батыр, сен, адам, өсімдік, Қарағанды, Алатау.




4-тапсырма



Берілген сөйлемді оқып, зат есімдерді тап. Мағынасын түсіндір.




1.Ала мысық алаңсыз еді. 2.Смағұлдың ұйқысы шайдай ашылды. 3.Бөлме іші тым-тырыс.

4.Жұрт әлгі әншіні сахнаға шақырады




5-тапсырма

Ілік септігінің жалғаулары жалғанатын сөздерді ойлап жаз.




6-тапсырма



Атау тұлғада тұрып көптік мағына білдіретін қандай сөздерді білесің. Мысал келтір. Үлгі: халық, шаш.




7-тапсырма



Сөйлем ішінен тәуелденіп тұрған зат есімді тауып, түсіндіріп айт.

1. Әкесі қауын егіп, күрке жасады.

2. Азанда оянсам, апам күндегідей




38



мақталыққа кетіп қалыпты.

3. Ала мысықтың төсегі жұмсақ.

4. Дәулет көкесі екеуі ауыл сыртындағы тоғайды аралап келе жатты.

5. Әр ағаштың бұтақтары да әр түрлі екен.







25 №26


Тақырыбы

Сарамандық тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

1-тапсырма




Берілген мысалға талдау жасап, тәуелдіктің бірінші жағынан кейін жіктік жалғауының қай жағы жалғанғанын түсіндір




Сен шәкіртімсің Сен інімсің Сен жиенімсің Сен ағамсыз Сіз ұзтазымсыз Ол ағам

Сендер шәкірттерімсіңдер. Сендер ағаларымсыңдар. Сіздер ұстаздарымсыздар. Сіздер жерлестерімсіздер.




2-тапсырма

К әрпімен басталып, сол к әрпіне аяқталатын зат есімдер тауып, берілген шақпақты кім тез толтыра алады?




1, 2, 3 және 5 буыннан құралған бес зат есім.





39



Құрамында 3 а дыбысы келетін бірнеше сөз тауып жазыңдар.

Сызбадағы сөздердің бірінші әрпі қалдырылып жазылған. Берілген сөздің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қойыңдар.




3-тапсырма



Берілген сөздерден туынды сын есімдерді тауып астын сыз.




1. Күн бұлт, әлі жел соғып тұр.

2. Қанат есін жиып түрегелсе, балалы аю дегенінің бірі үлкен, бірі кіші екі қаңбақ екен.

3. Аспан шайдай ашық.

4. Қанаттың қабаған күшігі Ақтөс те қорқады.

5. Кейбір сидиған бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, оған сәуле түсірмеуге тырысады.




4-тапсырма

Төменде берілген зат есім сөздерінің алдына сапалық сынын білдіретін сөздерді ойлап жазып, олардың сөйлемде қандай мүше болатынын ажырат.




Үлгі: Әдемі білезік қыздарға жарасып-ақ тұр. Орамал, мектеп, қалам, нан, сүлгі, тон, өсімдік, жануар, сөмке, өнім, сақина, жол, садақ.







27 №28


Тақырыбы

Сарамандық тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын,



40



сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

1-тапсырма




Біріккен атау болу үшін қандай сын есімдер керек?

бөкен, … төбе, арқа, … бота, тау, көл, … жөтел, … қат, қат, … қу, торғай.




2-тапсырма



-шақ, -шек, -улы, -улі жұрнақтары арқылы сын есім жаса.




3-тапсырма

Сөйлемдерден сын есімді тауып олар сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын ажырат. Жақша ішіндегі сын есімдердің алдындағы сөздермен қалай бірге, бөлек жазылатынын түсіндір.




1. Құралай қара (ала) мысығын сипалап, ештеңені сезбеген кісіше терезеге қарап отыр.

2. Қызыл (ала) қызғалдағым, сені жақсы көріп отырмын.

3. Менің досым қайқы мұрынды, кең танаулы, ұзын қасты, қара (сұр) қазақ жігіті.




4-тапсырма

Төмендегі цифрмен берілген есептік сан есімдерді сөзбен жазып, олар құрамына қарай қандай сан есімдер екенін түсіндіру.



41










Shape129





Үлгі: алты (дара сан есім) 6,9,12,14,16,23,69,189



29 №30


Тақырыбы

Сарамандық тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

1-тапсырма



Берілген сөйлемдердегі сөзбен жазылған сан есімдерді цифрмен жазып, ондағы қосымшалар қалай жазылатындағын түсіндір



Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Бір көлде он екіден қаз ойнайды.

Алсам деп бірін бірі наз ойлады.




2-тапсырма



Берілген есептік сан есімдерді болжалдық сан есімдерге және жинақтау сан есіміне айналдырып жаз.




Екі, бес, жеті, он үш, жиырма, төрт, он бір, сегіз, қырық, алпыс, сексен, алты, бір, жетпіс, жиырма үш.





42



3-тапсырма

Төмендегі синоним сөздерді мағынасына қарай топтап жаз.




Алыс. Ажар. Науқас. Дәу. Кесел. Нән. Келбет.Үлкен.

Ауқат. Қашық. Тамақ. Шалғай.




4-тапсырма

Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп-жұбымен жаз.




Үлгі: аласа-биік, төмен-жоғары ...

Ұл. Суық. Жаман. ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы. Тату. Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.




5-тапсырма



Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.




Көзін жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне келу.




6-тапсырма



Мақалдардың тиісті әріптерін қойып оқы.




Ж...ж...ж К...к... Б...б...б...б.... Е...е...е...















43




31 №32


Тақырыбы

Сарамандық тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім





1-тапсырма



Төмендегі сөздердің дауысты дыбыстарын өзгертіп, тобын көбейтіңіз. Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбысты табыңыз. Үлгі: Ас өс іс ыс ес

От, ер, ін, таң, бой, өз, сол, ел, қыс, ат




2-тапсырма



Жұмбақ әріпті табыңыз. Әнде бар,

Ырғақта жоқ. Сәнде бар, Сымбатта жоқ. (Ә)




Сабада бар, Месте жоқ. Табада бар, Пеште жоқ. (Б)




Қоғада бар, Қоқымда жоқ. Тағада бар,





44



Тоқымда жоқ. (Ғ)




Пернеде бар, Термеде жоқ. Пердеде бар, Кермеде жоқ. (П)




Гауһарда бар, Гүлнәрда жоқ. Жауһарда бар, Сәуледе жоқ.




Дыбысы жоқ болса да, Алфавитте орны бар. Оқылмайтын жазса да, Қай белгі ол табыңдар?




3-тапсырма

Қандай сөз?

Егер «Б»-дан бастасаң, Мүшесімін адамның. «Б»-ны алып тастасаң,

Неше түрлі тағаммын. (Бас ас)




Егер «Б»-дан бастасаң, Мен басыңда тұрамын. «Б»-ны алып тастасаң,

Жеміс болып шығамын. (Бөрік өрік )




4-тапсырма



Сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырып, түсіңдіріңіз.

Бүгін бүгүн, түсті түстү, өзінің өзүнүң




45





5-тапсырма



Мәтінді оқып, асты сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасаңыз.




Тіл мемлекеттік нышан ретінде танылатын басты құндылық.

Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан. Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тіл деп аялаған. Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген. (Қазақ тілі оқулығынан)







33 №34


Тақырыбы

Сарамандық тапсырмалар

Мақсаты

Тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекілігі

Дидактикалық материалдар




Сабақ барысы


Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа дайындап, зейіндерін аудару


Практикалық бөлім

1-тапсырма. Бірнеше мағынасы бар сөздердің астын сызып, олардың мағынасын анықтаңыз.

Бауырсақ, ара, қоңыз, қой, сусын, қара, мектеп, қабырға, алма,көрші.




2-тапсырма. Тура оқығанда да кері оқығанда да бір мағына беретін сөздерді тауып жазыңыз.

Үлгі: қырық, қызық, қысық ...





46






3-тапсырма. Оңнан солға қарай оқысың да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөздерді жазыңыз.

Үлгі: қазақ, нан, көк, ата, қақ, ...




4-тапсырма. Қарамен жазылған сөзді мәндес сөзбен алмастырыңыз.


Дастанға сол бөлмеге бас сұғудың өзі қиын болды. Тапсырма: Қарамен жазылған сөздің орнына мәндес сөзді тауып жазыңыз.

Қаныш бұл хабарды шапшаң жеткізді.




5-тапсырма. Мәндес сөздерді табыңыз. Жарық қараңғы даңқ атақ семіз арық дүние мүлік




6-тапсырма. Төмендегі сөздердің мәндес сөздермен қатарын толтырыңыз.

Үлгі: Сұлу әдемі әсем көрікті нұрлы

Құрметті, ертеден, қолғабыс, мықты, зәулім.




7-тапсырма. Берілген сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, сөз тіркесін құрап жазыңыз.

Маужыраған, өткір, тәтті, алтын, суық.


8-тапсырма. Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағаннан антонимдік жұптарын табыңыз.

Дос Жомарт Ақылды Әлсіз Өнерлі Қатыгез Сабырлы Салмақты


  1. тапсырма. Мақалдарды антонимдермен

толықтырыңыз.

Ашу - ..., ақыл - ... . ... сөз алтын, ... сөз көмір.




47




ӘДІС-ТӘСІЛДЕР




Shape142 «Бес сұрақ» әдісі



Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.



Жұмыс алгоритмі



Үлкен қағаз бен маркер керек.



Оқушыларға «Қалай?» немесе «Неге?» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.



Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.



Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.



Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.






«БІР МИНУТ» әдісі



Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ




48

Shape160 белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.



Әдісті жүзеге асыру алгоритмі



Shape179 Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.

Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.

Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.

Ұйымдастырушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.

Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.

Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.

Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық карта» ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.




Shape181 Ойын жинақтау әдісі



49

Түсінік - бұл логикалық түрде ресімделген зат туралы жалпы бір нәрсенің идеясы.


Ойын жинақтау әдісі оқытылатын пән немесе зат құбылыс туралы терең және толық мәлімет береді.


Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі.


1) Мұғалім ұғымдар сипаттамаларына кіріспе береді.


Бұл сипаттамалар бойынша оқушылар әңгіменің қалай өрбігені туралы түсінік береді.


2) Мұғалімнің ұғымға қосымша мінездеме енгізуі.


Сипаттамалар осы ұғымға жататындығын оқушылар анықтауы қажет.


3) Сабақта әлі айтылмаған оқушылар өздерінің сипаттамаларын беруге тиіс.


Осы ұғым бойынша оқушылар қорытынды жасайды.




«Сүйсіну» әдісі



«Жағымды» тарихи қайраткерлерді оқығанда қолданады. Өзіңе ереше ұнайтын қасиеттерді табу, оларды атау не үшін керек екенін түсіндіру.



Р А Ф Т



Жазушы немесе әңгімелеуші өзіне рөль таңдайды, яғни мәтінді өз атынан емес, өзге біреудің атынан жазады.



Р рөль,

А - аудитория, Ф -

Т тақырып

кімнің атынан құралған мәтін кімге жолданған мәтін

форма




50

Shape188 «А Ә Б В»



Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.



1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;.



2-қадам керісінше.



3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.



«А, В, С»



А - сұрақ қояды.



В - жауап береді.



С айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.



Оқушылар топта үшеуден отырады. А - сұрақ қоюшы, В жауап беруші, С - бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.



Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.



«Айдаһар»



Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.

ұстатып оқушы



«Айқын мақсат қоя отырып»



Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.



Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.





51

Shape191 Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).



Оқушылар сабақтың/блоктың/ пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.



Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.



«Айна»



Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.



«Айналмалы бекеттер»



Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді.



«Айырмашылығы неде?»



Оқушыларға екі түрлі мәтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дәлелдеп отырулары керек.



«Аквариум» әдісі





52

Shape194 1. «Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.

2. Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып түсініктемелер сұрай алады және т.б.



Shape226 «Ақындар мен жазушылар»



Shape257 Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.



Shape289 «Алдын-ала берілген атаулар»



Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша, яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.



Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.







53





Shape320 «Алма, шие, өрік, банан»



Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.



«Алфавит»


Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с. Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.



«Ара ұясы» техникасы



Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.



«Арқаға жазылған комплименттер»



Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.







54

Shape321

55





Shape344 «Арқаға массаж жасау»



Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.



«Арқаға сурет салу»



Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып арқасына салынған салыстырады.

біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен



«Артығын алып таста»



Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.



«Ассоциативті қатар»



Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. тастап, Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, «Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл….

Shape353 Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.



«Ассоциацияның көмегімен көрініс»



Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім Жантас, ұнататын сусыным квас; Есімім Жанар, ұнататын жемісім анар т.с.с.

Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.



«Атаулар (терминдер) кестесі»



Сабақ басында тақтаға тақырып (терминдерді) жазып,оқушыларға түрлендіруді ұсынамыз:

бойынша оларды

3 негізгі атауларды мынандай кестеге



1 атау

2 атау

3 атау

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері


Shape378 Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.







56

Shape381 Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.



«Атаулар туралы үш сұрақ»



Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:



Shape382 1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?



Shape383 Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.



Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.



«Атмосфера орнату»



Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін: Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?



«Атомдар мен молекулалар»



Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал,жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан




57

Shape384 құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар) айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.



Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.



Аударыспақ



Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.




«Ашық және жабық сұрақтар»



Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады. Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз?



Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.



«Аяқталмаған сөйлем»



«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.



Оқушылар өздеріне жалғастырады:

жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды




58

Shape385 бүгінгі сабақта мен түсіндім, … білдім, … көзімді жеткіздім. бүгін сабақта қуантқаны ...

мен өзімді… үшін мақтар едім. маған ерекше ұнағаны

сабақтан соң маған ... келді. бүгін маған ... сәті түсті.

қызықты болғаны

қиындық тудырды. менің түсінгенім

енді мен аламын.



Shape386 «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы



Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:



Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;



Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;



«Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;



Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».



«Әйнек арқылы сөйлесу»



Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.



«Ән шырқау»



Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.





59

Shape387 Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім»т.б.).



«Әңгімелесетін әріптестер»



Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:



Shape388 1. жаңа оқылған 3 факті туралы;

2. оларға жеңіл болып көрінгендер туралы 3. оларға қиын болып көрінгендер туралы

4. алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.



Shape389 «Әріптер мен сандар»



Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады. Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.



«Әріптестер»



Әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.



«Әуенді атаңыз әуен тақырыппен қалай байланысқан?»



Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушылардан талқылап, өз бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан?







































Пайдаланылған әдебиеттер:




1. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского



языка А. 1997.



2. Мұсабаев К. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А., 1966.



3. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А., 1988.



  1. Сыздықова. Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 2004.


  1. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен стратегиялар жинағы. - “Өрлеу” БАҰО АҚФ ТО және ШҚ бойынша ПҚБАИ, 2018ж.


60

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2025
282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі