Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған орта
Тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері.
Мақсаты: Балаларға бағыт-бағдар бере отырып ауаны таза сақтауға тәрбиелеу,жеке жұмыс істеуге машықтандыру, ауа жайында зертханалық түсінік беру. Тақырып мазмұнын меңгерту.Ауаның серпімді,сығымды екенін және түссіз, иіссіз, дәмсіз, мөлдір екенін дәлелдеу.
Түзету-білімділік міндеті: Балалардың ауа туралы өз түсініктерін бекіту,оның ерекшеліктерімен таныстыру,өз беттерінше тәжірибе жасауға үйрету.Сумен жұмыс істеу.
Түзету -міндеті: Қорытынды шығары білу қасиетін, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Түзету-тәрбиелік міндеті: Қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап,жұмбақтар жасыру,ой қозғау, ойын, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: түтікше, стақан, су,шар, пакет, паролон, желдеткіш, су құйылған тегеш , сабынды көпіршік.
Сөздік жұмысы: Ауа түссіз, иіссіз, дәмсіз, мөлдір
Қостілділік компоненті: ауа-воздух, жел – ветер, зертхана- лаборатория
Шаттық шеңбері.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз,
Ақ тілекті жолдайық..
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Сабақтың барысы.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
-Қазір көктемнің қай айы?
-Сәуір.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Сейсенбі.
- Есік қағылады.Балалар кім екен?Мен барып,көріп келейін.Балалар бізге пошташы ағай хат әкелді. Ашып көреміз бе? Сәлемдемені біздің досымыз - Самал жел жіберіпті.Не бар екенін көрейік.Самал жел бізге мынадай хат жазыпты:
«Шардың ішінде не жасырылғанын табыңдар.Оның ішінде не болуы мүмкін?»
Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды.Олар өз пікірлерін айтады.
Педагог шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды.
- Менінше, шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты.Өйткені оның жібін шешкенде, дыбыс шыққан сияқты болды.
- Шардың ішін боcатқанда, одан ауа шықты.
Билингвальды компонент.
Ауа – воздух, жел – ветер.
«Демалмаймыз»
Құмсағат қойып,балалар мұрындарын ұстап демалмауға тырысады.
-Міне көрдіңдерме,құмсағат ауысып болам дегенше сендер бір минут өмір сүре алмайсыңдар.Жер жүзіндегі тірі организдерге де ауа керек.Ауасыз жер бетінде тіршілік жоқ.
Ауаның қандай қасиеттері бар?
Ауа – мөлдір.
Ол арқылы барлық қоршаған заттарды көреміз.
- Ауа тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін? Біз де өзімізді ғалым деп сезініп, тәжірибе жүргізіп көрейік.Дайын болсаңдар,зертханаға барайық.
Балалар тәжірибе жасауға дайындалады.
Өз орындарына жайғасады.
- Біз мұрнымызбен не істейміз?
- Біз мұрнымызбен тыныс аламыз.
- Біз немен тыныс аламыз.
- Біз ауамен тыныс аламыз.
-Ягни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады.Кәне бәріміз тексеріп көрейік.
Жаңа тәжірибе:
1-тәжірибе.
Пакетті алып ішінде не бар екенін қараймыз.(Ауа)
Пакетті бірнеше рет бүктейміз.Қараңдаршы, ол сондай жұқа екен.Біз енді оны жоғары көтеріп, қысамыз.
- Пакет қандай болды? (Қатты)
-Пішіні бола ма? (Жоқ)
Енді ақырындап қысып ауаны шығарамыз.Пакет тағы да жұқарып қалды.
-Неге? (Ауа түссіз, біз оны ұстап көре алмаймыз). Бірақ біз ауаны ұстадық және пакет ауа толтырып, сонан соң оны жібердік.
2- тәжірибе. «Ауа адамның ішінде».
-Балалар түтікшені стақанға салып, үрлейік. Суды үрлегенде судың бетіне не шықты?
-Көпіршік бұл - ауа
- Міне,көрдіңдерме, ауа біздің ішімізде бар.
Түтікшені үрлеп.су толы стақанға салып бақылау.
-Балалар тағы неден көпіршік шығатын білгілерін келе ме?
-Бұл не?
«Көпіршік»
-Мына ыдыстың ішінде не бар?
(Балалар көпіршікті ашып, оны үрлейді).
- Балалар үрлегенде не шықты?
- Көпіршік.
- Тынысты ішке тартқанда ауаны жұтамыз, тыныс шығарғанда ауа қайтадан сыртқа шығады.
Балалар педагогтің іс-әрекетін бақылайды. Шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.
-Балалар ауада иіс бар ма?
- Ауаның иісі жоқ.
Түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадың ба?
Мыс: асханада, шаштаразда, дәріханада иісі бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектермен араласады,және біз әр иістерді сеземіз.Бірақ таза ауада иіс болмайды.
-Балаларға апельсиннің иісін иіскету.
- Балалар ненің иісі?
-Апельсин.
-Біз оны қалай сездік.
Ауа арқылы сеземіз.
Дидактикалық ойын: « Ажырата біл »
Ойынның шарты: Ауаны ластайтын және ауаны қажет ететін карточкаларды екіге бөліп топтастырып, суреттерін тауып ажырату.(Шаңтозаң, көліктер, өрт, ғарыш, кемелер, өсімдіктер, адамдар, ағаштар, жануарлар т.б).
Сергіту сәті.
Бала,бала балапан
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бір қадам алға басамыз,
Алақанмен соқ-соқ-соқ.
Бір қадам артқа басамыз,
Аяқпенен топ-топ-топ.
- Балалар, сендерге тәжірибе ұнады ма? (Ұнады).
-Балалар біз ыстықтап кеттік.Не істейміз?
-Балалар желдеткішті алып, өздеріне қарай желпіңдер.
-Не сезіп тұрсыңдар?
- Ендеше жел ауа арқылы қозғалады.
-Балалар, мен енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер мұқият тыңдаңдар.
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.(Ауа)
4-тәжірибе.
- Ал мына поролонның кішкентай бөлігін стақандағы суға тастап көріңдер.Не болды?
- Поролон судың бетінде жүзіп жүр, суға батпайды.
- Поролон неге батып кетпейді?
- Ауаның бар екенін тексеру үшін түтікті алып, поролонды су түбіне батырыңдар.Не байқадыңдар?
- Поролоннан ауа көпіршіктері көтеріледі.
Яғни мұнда да ауа бар.
5-тәжірибе.
- Балалар келесі тәжірибемізді жалғастырайық.
-Не көріп тұрсыңдар?
-Су құйылған тегеш.
-Басқа не бар?
- Стақан және салфетка
- Салфетканы алып, стақанның ішіне саламыз.Сосын стақанымызды жылдам суға батырамыз.Сосын стақанымызды дереу қозғалтпай аламыз.
-Балалар қараңдаршы. Салфеткамыз су болды ма?
-Жоқ. Неге су болмады?
- Өйткені стақанның ішінде ауа бар.
Жер жүзіндегі тірі организмдерге де ауа керек.Олар адамдар,жануарлар және өсімдіктер!
Қорытындылау.
-Бізге ауаның барлық жерде бар екені белгілі болды.
- Самал желге қандай қортынды ой айтар едіңдер?
- Ауа бізді үнемі қоршап тұрады.Ол судан жеңіл.
-Ауа адамның ішкі құрылысында да бар.
- Ауасыз өмір сүре алмаймыз.
-Ауаның иісі болмайды, бірақ басқа иісті сезіндіреді.
- Жел ауа арқылы қозғалады.
-Ауамен дем аламыз, бірақ ауаны көрмейміз.
-Жарайсыңдар!
-Балалар бүгін жасаған тәжірибемізді біздің досымыз Самал желге берейік.
- Ал Самал жел сендерге сыйлық беріп жіберіпті.
-Ал балалар, қонақтармен қоштасайық.
- Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ауа. Ауаның қасиеттері"

шағым қалдыра аласыз