Ауа және оның маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауа және оның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану. Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның маңызы

Сабақтың мақсаты:
1. Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету.
2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім-біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Әдіс-тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ-жауап, орталықтарда жұмыс, ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дене шынықтыру, физика

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, май шам, доп, шыны ыдыстар, резеңке, шар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

«Жүрек жылуы» психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өткенге шолу»

1.Дене дегеніміз не?

2. Кез келген дене неден тұрады?

3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

ІІІ. Негізгі бөлім.

Ой шақыру стратегиясы: «Көрінбейтін сиқыршы»
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, «дөрекіленіп» бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез-құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.
- Бұл не? ...
- Ауа.
- Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)
- Ауаның қандай пайдасы бар? Мысалдар келтір.
- Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан-жақты таратады.
Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.
- Балалар, ауа туралы бұдан да көп мағлұмат алу үшін біз оқу, жазу және ғылым орталықтарында жұмыс жасай отырып. ауа туралы қосымша материалдардан оқып, ауа туралы кең мағлұмат аласыңдар.
- Барлығыңа бүгінгі күні сәттілік тілеймін.
Оқу орталығы
Тапсырмалар:
(оқулықтан тауып оқы.)

1. Ауаның тағы қандай қасиеті бар? 2. Адамға тыныстау үшін не қажет? 3.Айналаны көгалдандырудың қандай маңызы бар?

Интерактивті тақтадан ауаның ластануы туралы фильм көрсету.

Медбике: Өкпенің қызметі жөнінде әңгімелеу.

Жазу орталығы
Тапсырмалар:
1.“Мен ауамын” ой толғау жазу 2.“Адасқан сөздер” мақал- мәтел құрастыру 3.Сөзжұмбақ құрастыру

Сергіту сәті
Ғылым орталығы
Тапсырмалар:
1. Тәжірибелер жасау.

1-тәжірибе: Майшамды екіге бөліп, жағып, біреуін бетін жауып, екіншісін ашық қалдырамын.
- Қай шырағдан бұрын сөнеді?
● Оқушылар өздері дәлелдейді.
2-тәжірибе: - Кез-келген заттың бойында не бар? Суға қант салдым. Не байқадыңдар?
● Оқушылар дәлелдейді.
3-тәжірибе: Ауа толтырылған затты суға сал. - Зат бата ма? Неліктен?
● Оқушылар дәлелдейді.

Ауаның ғарышта,биік тауда, теңіз түбінде қажеттілігін әңгімелеу.
Жиын орталығы
1.Жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз?

2.Ауаның кез-келген затта барын қалай байқадың?

3.Айналамызда жасыл өсімдік көп болса, ауада соғұрлым таза болады- деген пікірге сенің ойың.

ІV. Қорытындылау: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халқына жолдауы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

«Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю —бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау біздің басты мақсатымыз.»

V.Үйге тапсырма.Берілген тақырыпты оқу, мазмұнын әңгімелеу. Жұмбақ құрастыру. VІ. Бағалау








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі