400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

«Ауа райы» Түзете-дамыту сабақ жоспары 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 11.02.2021

Сыныбы: 2д – сынып

Пәні: Қоршаған орта

Оқушылар саны: 2 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Климат және ауа райы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Ауа массаларының түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру. Климат, климат қалыптастырушы факторлар туралы түсінік қалыптастыру.

Түзету-дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, құрастырмалы тапсырмалар, презентация, ауа райы мен климатты бекітуге арналған тапсырмалар, тақырыпты түсіндіруге арналған плакаттар, ауа райының элементтері жапсырылған таяқшалар.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым!

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн сізде,

Қуанышқа толсын!



ІІ. Негізгі бөлім.

Ауа райы – ауаның белгілі бір жердегі бір уақыттағы жай-күйі.

Ауа райын болжауымен метерологиялық қызмет айналысады. Олар күн сайын жауын-шашын, желдің бағытын, температуураны бақылап отырады. Соның негізінде ауа райын алдын-ала хабарлап отырады. Ауа райы күрт өзгеруі де мүмкін. Мұндай құбылмалылығын білу адам, жан-жануар және өсімдіктер үшін өте қажет. Ауа райы қандай болатынын алдын-ала білсе, соған лайықты киініп, қажетті заттарды ала шығады, серуендеу уақытын дұрыс белгілейді. жауын-шашын ұзақ жаумаған кезде егістіктегі егін мен бау-бақшадағы көшеттер қурай бастайды. Елдің бәрі жайма-шуақ, жайлы ауа райын қалайды. Ауа райының болжамы алдағы тәулік, апта, тіпті бір айға да жасалады. Мұндай болжам ұшқыштарға, теңізшілерге, егіншілерге өте қажет. Олар дән себу, ұшу, жүзу, сапарға шығу уақытын ауа райына қарай жоспарлайды.

  • Ауа райы. Ауа райының элементтері мен құбылыстары.

Тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай күйін ауа райы дейді.

Элементтері:

  1. Атмосфералық қысым

  2. Температура

  3. Ылғалдылық

Ауа райының құбылыстары:

  1. Жауын-шашын

  2. Жел

  3. Тұман

  4. Бұлт

Барлық элементтер мен құбылыстарының жиынтығына қарап анықталады. Ауа райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады.

  • Ауа райын болжау.

Жер шарында 10 мыңнан астам метеорологиялық станса бар. Негізінде ауа райы карталар жасалады.

  • Климат (грекше еңкіш деген сөз) – белгілі бір жерге тән ауа райының көпжылдық орташа жай-күйі. Ауа райы және климат түсініктер бір-бірімен тығыз байланысты.

Климат элементтері

  1. Атмосфералық қысым

  2. Жауын-шашын

  3. Температура

  4. Ылғалдылық

  5. Бұлттылық

  6. Жел



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

Оқылым.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

  • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

  • Сары шымшық ысқырса – шынымен күз болғаны.

  • Қарға қарқылдаса – қар жауады.

  • Жыл құсы қаптап кетсе – көктем ерте келеді.

  • Көкек қатты әрі жиі шақырса – күн жылиды.

  • Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.

  • Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.



2-тапсырма.

Ауа райы құбылыстарын сипаттау.



3-тапсырма.

Ауа райына байланысты дәптерге ассоциация жазу.







ІV.Сергіту сәті.

Бейнебаян көрсетіледі.



4-тапсырма.

Қазақстанның картасында көрсетілген қалалардың ауа райын сипаттап көрсет.



5-тапсырма

Қысқы және жазғы ауа райының жағдайын сипаттап жаз.



Қысқы ауа райы

Жазғы ауа райы













V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

  • Оқушылар, бүгін қандай тақырып өттік?

  • Үй және дала құстары. Буын және тасымал.

  • Ауа райы деген не?

  • Ол қалай өзгереді?

  • Ауа райының өзгеруін бақылап, болжам жасайтын кім?

  • Климат деген не?

  • Оның элементтері қандай?



VІ. Қорытынды

Сүйейік табиғатты, аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Анадай табиғаттың аясында

Жадырап жас балаша дем алайық!



Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!









Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі