400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аягүл Төреқызы-Ұстаздықтың символы сіздей болғай...

Материал туралы қысқаша түсінік
Аягүл Төреқызына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз символы --- сіздей болғай....

Ұстаздардың Ұстазы , Қазақ елінің кұрметті азаматы --- Аягүл Төреқызы.

Қазақ жұртына сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Әр шәкірттің жүрегінен орын алып, өзінен кейінгі жас мамандарға дара жол сілтеген еңбегіңіз еселене түскей.....

«Біздің мұңаюға қақымыз жоқ. Бірақ та тілек – ұстаз еңбегі марапатпен де, әлеуметтік жағдаймен де көтерілсе екен. Әлеуметтік құрмет - басы артық дүние болса екен деп ой емес. Күнкөріске жететін, басын басқа нәрсемен қатырмайтын, баланың алдында тек сабақ беруді ойлайтын жағдай болса екен деп тілеймін», - деген тіптен асыл да бағалы гауһар тастан артық ,жіпке тізіп қойған түрлі-түсті қымбат маржаннан артық сөздеріңіз сіздің артыңыздан өкшелеп келе жатқан біз секілді ұстаздардың қанатына қанат бітіріп, жігеріне –жігер қосары сөзсіз.

Былтырғы біздің гимназиядағы өзіңізбен кездесу сәтінде талай ұстаздың жүрегіне от құйдыңыз деп айтсам артық болмас... Сол кездесуде әр ұстаз сіздің жүрегіңізді жарып шыққан шын ниетіңізді, тап-таза таңғы нұрдай тілегіңізді, Аналық ақ батаңызды қойын дәптерлеріне түртіп отырғанын байқап, іштей разы болып, мен де данадай даналық ойыңызды дәптеріме түртіп алып соны әр кезде шәкірттерге өмірлік сабақ ретінде қолданып келемін. «Жүрегің таза болсын!..», «Мұғалім түрленіп отыруы керек» қандай керемет тіркес десеңші?! Міне, сондай үлгі тұлға деп Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, Алматы қаласының, Жуалы ауданының және Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Семей гуманитарлық университетінің Құрметті профессоры, ұлағатты ұстаз Аягүл Төреқызы Миразованы ел мақтан етеді. Халқына қалаулы, еліне елеулі мәртебелі мерейге Аягүл Төреқызының жету жолы елу жылға жақын педагогикалық абыройлы асулардан түзіледі. Осы ойлардан кейін «Ана көрген тон пішер, Әке көрген оқ жонар...» деген даналық ойлардың жауабы табылган сияқты....



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі