Бекітемін: Мектеп интернат директоры:
Тексерілді: Тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары:
|
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Күні: Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар: - |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
«Аяласаң табиғатты аяла» |
|
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Танымдық қабілеттерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, ортаға сала білу дағдыларын жетілдіру. Табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу. |
|
|
Көрнекілігі |
нақыл сөз жазылған плакаттар, шар, слайд, үлестірмелі материалдар, бейнеролик. |
|
|
Құндылыққа Баулу |
Командалық жұмыс барысында жауапкершілік , ынтымақтастық орын алады. Өз ойларын дәлелдеумен ашық айтады. |
|
|
Пәнаралық Байланыс |
Биология, география, экология |
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
|
Сабақтың басы 4 мин |
- Сәлемдесу І. Психологиялық дайындық Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Көк аспан! Амансың ба, Жер-Ана! Амансың ба, Сен! Амансың ба, Мен! |
Үлестірме қағаздар |
|
Сабақтың ортасы
6 мин
20 мин |
Балалар, табиғат дегенде қандай ой оралады сендерге? 1-оқушы. Табиғат – ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су -адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат. 2-оқушы. Су деген тіршіліктің қаны емес пе, Су деген табиғаттың жаны емес пе? Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат, Күміс су қара жердің сәні емес пе? 3- оқушы. Табиғат –ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады. Топырақтан өмір иісі шығады Оны денең тиіп кетсе ұғады. Еңбегіңді есесіне беретін, Жақсылық та топырақтан шығады. 4-оқушы. Табиғат – ол Өсімдік. Өсімдік – бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда –тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта – пана, ауырғанда –дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті жасыл желек, орман. 5-оқушы. Табиғат – ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы – аққу табиғатымыздың сәні емес пе? Ал, ендеше балалар табиғат туралы жұмбақтар білесіңдер ме? Жұмбақтар шешу Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың. (тұз) Жұртың бәрі соны сүйеді, Бірақ қарғағысы келмейді. (күн) Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр Өзіңнің кіндігіңнен айналып жүр. Өзіне назар салып қарасаңыз, Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус) «Айт» десе жүгірмес, Су тисе сілкінбес. (шөп) Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады Қыста жатсаң- жаның раат табады (ағаш) Бар ма жоқ па, оны білмейсің, Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (Ауа) Еш жерге тұрақтамайды, Ол жоқ жерде жер құрғайды. (Су) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн) Көктемде көгереді, Жазда ырысқа бөленеді. Күзде пісіп марқаяды, Қыста ақ көрпе жамылады. (Жер) 6-оқушы. Табиғат сенде бәрі ортақ, Аспаның, күнің, айың да. Тегінде жаның жомарт-ақ, Ізгілік жатыр бойында. 7-оқушы. Табиғат қызығам сенің суретіңе, Бас ием сенің құдіретіңе. Тұрасың күллі әлемге нұр таратып Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді. Терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды... Сұрақ
2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстармен бітеліп қалғанын көрді... Сұрақ
-Балалар табиғат туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер? - келесі кезекті тапсырмаларға береміз Тапсырма. Берілген сөйлемдерді жалғастырып, өз көңіл-күйлеріңнің қандай болатындығын айтыңдар.
|
Интерактивті тақта
Слайд
Бейнеролик |
|
Сабақтың соңы 3 мин |
Қорытынды Қорыта келгенде , адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім – кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашан да табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей қалған шырпы, темекі тұқылы т.б жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды. Тәрбие сағатын мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың Ол анаң ғой, ал сен оның ұлысың! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Аяласаң табиғатты аяла»

шағым қалдыра аласыз