"Аялдамалар бойынша дене дайындығы жаттығулар кешенін игеру"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аялдамалар бойынша дене дайындығы жаттығулар кешенін игеру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне сабақ жоспары.Гимнастика бөлімі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


К

Круглоозерный жалпы орта білім

беретін мектебінің ІІ санатты

дене шынықтыру пәні мұғалімі





Дене шынықтыру пәнінен

6 «А» сыныпқа арналған

сабақ жосары


Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты: Шакиева Айнагул Жагалтаевна

Күні: 12.03.2016

Бөлім: гимнастика.

Сабақ тақырыбы: «Аялдамалар бойынша дене дайындығы жаттығулар кешенін игеру»

Сабақтың түрі: жаңа материалды үйрену.

Сабақтың әдісі: саяхат-сабақ.

Сабақтың мақсаты: «Аялдамалар бойынша гимнастикалық жаттығуларды толық меңгертіп,дене бітімін дұрыс қалыптастыру,негізгі қимылдарды жетілдіру және акробатика мен жаттығулардың спорт түріне үйрету;

Сабақтың міндеттері: жаттығулардың дұрыс орындалуын міндеттеу;

  1. Білімділік:Иілгіштікке,күштілікке,білімділік мақсатын жетілдіру.

  2. Дамытушылық: Ағзаны дамыту,төзімділік,ептілік, икемділіктерін дамыту.

  1. Тәрбиелік: өзін-өзі басқаруға, өзара көмек дағдыларына тәрбиелеу.

Өткізу орны: мектеп спорт залы

Құрал - жабдықтар: 6 секіргіш, 6 шығыршық, 4 гимнастикалық төсеніштер, 2 кг тығыздалған доп, гимнастикалық орындықтар.


Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар


І Дайындық бөлім

7 мин

2 мин


Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару. Ара қашықтықты сақтау.

І

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары

1

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар

Алға жүру:

1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру

2.Қол белде өкшемен жүру.

3.Қол алға соза, жартылай отырып жүру.

4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру.

2 мин


Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.

Кеудені тік ұстау.

Кеуде тік, басты көтеріп ұстау.

Жоғары секіру.

2

Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:

1.Жеңіл жүгіріс

2.Тізені алға көтеріп жүгіру.

3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.

4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.

5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.

6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

3 мин



Ара-қашықтық сақтау.

Тізені алақанға тигізу.

Аяқты алақанға жеткізу.

Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.

3

Тыныс алу жаттығулары,сапқа 2 қатарға тұрғызу.


4

Жалпы дамыту жаттығулары

8 мин


5

БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.

2.БҚ

3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.



4-6 рет

Б арлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.

6

БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.

2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.

6-8 рет

А яқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.

7

БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.

1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею

2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.

6-8 рет

А яқты бүкпеу керек.

8

БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.

1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.

2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.



8-10 рет



Қолдарын жібермеуін қадағалау.

9

БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.

1.Жартылай отыру.

2.БҚ келу.


10-12 рет


Арқалары түзу болу керек.


10




БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.

2.БҚ келу. Екінші аяқпенде осылай жасау.

10-12 рет

Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.

ІІ

ІІ Негізгі бөлім

25 мин




6 мин




Оқушыларға жаттығу кешендерін түсіндіріп,көрсетіп өту.Шыдамдылық,ептілік,төзімділік қасиеттерін дамытуға зер салу.


Оқушыларды 1 сапқа тұрғызу.Оқушылардың санына қарай 5 немесе 6 топқа бөлеміз.АЯЛДАМАЛАР белгіленіп тұрады. Қолдарында бағалау парақтармен жүреді.Бұл аялдамаларда оқушылар екі-екіден жұмыстанады,уақыт өткеннен кейін бір-бірін бағалайды, бағалау 0-10 балға дейін жүйеленеді.

1- АЯЛДАМА «Шыдамдылық пресі-Прес»

2 -АЯЛДАМА «Секіргішпен секіру –Скакалка»

3 -АЯЛДАМА «Күш дамыту-Отжимание»

4 -АЯЛДАМА «Бұрыш төзімділігі-Уголок»

5 -АЯЛДАМА «Шығыршық-Обруч»

6 -АЯЛДАМА «Тығыздалған доп лақтыру-

Набивной мяч»

1

І топ

1- АЯЛДАМА «Шыдамдылық пресі-Прес»

Шыдамдылық пресіне барады.Гимнастикалық төсеніште бір-бірінің аяқтарын айқастыра отырып,шалқадан жатып тұрып бір-бірінің алақандарын соғады.Уақыт аяқталғанан кейін бір-бірін бағалайды.Келесі аялдамаға ауысады.



2 мин

Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.

2

ІІ топ

2 -АЯЛДАМА «Секіргішпен секіру –Скакалка»

Бұл аялдамада секіргішпен секіреді.Өздерінің шыдамдылық,төзімділіктерін шыңдайды.Жаттығу барысында өзінің жұптасының жаттығуды дұрыс орындауына,өзінің дұрыс жасауына көңіл бөлуі қажет. Уақыт аяқталғанан кейін бір-бірін бағалайды.Келесі аялдамаға ауысады.


2 мин

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. Сыныптасының көмегімен жасау.

3

3ІІІ топ

3 -АЯЛДАМА «Күш дамыту-Отжимание»

Бұл аялдамада гимнастикалық орындықтар қойылады,сол орындық үстінен екі аяқпен келесі жаққа секіріп түсіп орындыққа қолды тіреп жазып-бүгеді.

Шыдамдылыққа,ептілікке үйрету Уақыт аяқталғанан кейін бір-бірін бағалайды.Келесі аялдамаға ауысады.


2 мин

Сыныптасының көмегімен жасау.

4

ІV топ

4 -АЯЛДАМА «Бұрыш төзімділігі-Уголок».Бұл аялдамада оқушылар гимнастикалық орындыққта отырып ,қолды артқа тіреп аяқты жоғары көтеріп отырады.Өздерінің шыдамдылыққа деген ерік-жігерін арттыру. Уақыт аяқталғанан кейін бір-бірін бағалайды.Келесі аялдамаға ауысады.


2 мин

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау.Аяқтың түзеу көтерілуіне көңіл бөлу

5

V топ

5 –АЯЛДАМА «Сақина- Обруч» Бесінші аялдамада оқушылар сақинаны белдеріне айналдырады.Айналдыру барысында шамасы келгенше сақинаны белден түсірмеуі қажет. Уақыт аяқталғанан кейін бір-бірін бағалайды.

Келесі аялдамаға ауысады


2 мин


Сақинаны айналдыру барысында дұрыс тұру,дұрыс айналдыра білуіне көмектесу

6

VІ топ

6 -АЯЛДАМА «Тығыздалған доп лақтыру-Набивной мяч». 2 кг допты жұптасымен бір-біріне лақтырады.Бұл жаттығуда шыдамдылықты талап етеді. Уақыт аяқталғанан кейін бір-бірін бағалайды.Келесі аялдамаға ауысады.


2 мин


Тығыз допты лақтыру кезіне допты дұрыс қағып алу және дұрыс лақтыруын қарау.


ІІІ Қорытынды бөлім

5 мин

Бір-бірін бағалауды,жұбын дұрыс бағалауына көмек беру.

ІІІ

Оқушыларды сапқа тұрғызып. Сабақты қорытындылау.

Бір-біріне бағаны қалай қойғандығы туралы сұрау.Мадақтау.Жаттығуды дұрс орындаған оқушыларды мадақтау,жалпы оқушылардың жаттығуды орындауда жетістікке жетуге болатындығын айтып өту. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2018
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі