Ауаның маңызы. Таза ауа денсаулық кепілі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауаның маңызы. Таза ауа денсаулық кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына. Сабақ үстінде оқушылар өз-өзін бағалау, мәтінмен жұмыс, зертханалық жұмыстарын жасады. Оқушылардың өзін-өзі бағалау әдісі қолданылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні:Дүниетану

Мектеп: №8 ЖББОМ КММ

Күні:17.11.2016


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сыныбы: 2 «А»

Мұғалімнің есімі:Бегалы А.С.

Сабақ 10 Сабақтың тақырыбы:

Ауаның маңызы.Таза ауа денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты:

1 Білімділік: Оқушыларға жалпы ауа туралы және оны қорғау туралы түсінік беру.

2 Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту.

3 Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Барлығы біледі: Ауа туралы жалпылама түсінгенін айту.

Көбісі біледі: Ауаның ластану жолдарын білу.

Кейбірі біледі: Ауаның ластануын болдырмау жолдарын білу.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар екен. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесің. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмеген, оның күнделікті ісі мен мінез-құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.

-Бұл не? Ауа

-Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)

«Ой шақыру» стратегиясы

Көздеріңді жұмыңдар деп, мұғалім қолына желпеуіш алып, желпи бастайды.

Оқушылардан сұрайды?

-Бетіңе не соқты?

-Ауа бетке соққанда салқындайсың.

-Ауаны көрдіңбе?

-Сездің бе?

-Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?

-Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмаңдар? Қанша уақыт шыдай аласың?

«Ой шақыру» стратегиясы


Үй жұмысын сұрау

10 минут

Кез-келген қуыста, кеңістікте, бос жердің бәрінде ауа барын қалай дәлелдей аласыңдар?

  • Тәжірибелер жасау

  • Дәлелдеу

  • Өз ойларын ортаға салу. Оқушылар өздері дәлелдейді.

1-тәжірибе:

-Бір стакан суға қант салды. Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көрдің. Не байқадыңдар? Кез-келген заттың бойында не бар? Себебі кез-келген заттың бойында ауа бар.

2-тәжірибе:

- Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру.Стаканға су кірмейді. Неліктен? Себебі стакан ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.

3-тәжірибе:

-Доптың екі бүйірінен қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен? Себебі доп ішіндегі ауа сығылады, серпіледі.

4-тәжірибе ауызша:

- Тақтаға үш майшамның суреттерін ілу. Ойланыңдар алдымен қай шам өшеді деп ойлайсыңдар? Олай болса, жану үшін де ауа керек екен.

АПрямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 4 уа сығылады жылуды сақтайды

Прямая соединительная линия 6 отты жанғызады

Сұрақтарға жауап алу.

- Ауаның тағы қандай қасиеттері бар?

- Ауаның сығылатынын қайдан білдік? Ауаның негізгі қасиеті:

1. Көзге көрінбейді

2. Түссіз

3. Иіссіз

4. Дәмсіз

Ауа өсімдікке де, жануарларға да, бүкіл тіршілік иелерінің бәріне керек.

Ауаның құрамы:

1. Азот

2. Көмірқышқыл газ

3. Оттегі

Көмірқышқыл газы өсімдіктерге, ал оттегі адамдарға қажет.

Үй тапсырмасын бекіту.

Әр оқушыға тест сұрақтарын тарату, үй жұмысының қорытындысын көрсету.

1.Дем алу үшін ауаға қандай газ керек?

А)азот

Б)оттегі +

2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

А) мөлдір, түссіз, иіссіз +

Б) аспан тәрізді көгілдір, иісі жоқ

3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?

А) сутек, мыс, мырыш

Б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы +

4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?

А) Ауа жылуды жай өткізеді +

Б) қыздырғанда ауа ұлғаяды

Денсаулық технологиясы, қауіпсіздік ережесін сақтау, суреттер, слайд, тест тапсырмасы, слайд

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

23 минут


1. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Кітаппен жұмыс.

Ауа таза болу керек пе?

Адам ауаны неге ластамау керек?

-Ауа – тіршілік көзі. Ауасыз адам, жануар және өсімдік тіршілік ете алмайды. Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен ұызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан – жақты таратады. Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.

А) Ауаның космоста, биік тауда, теңіз түбінде қажет. Оның әрбір қасиеті шаруашылыққа пайдаланылады. Су түбінде жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді. Бұл су астында шамалы кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

б) Сөздікпен жұмыс

Акваланг - су астында жүзетін адамдардың тыныс алу үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарат.

Батискаф - терең мұхиттардағы су астын зерттеуге арналған арнаулы аппарат.

Ауаның салмақсыздығы да пайдаға асады. Түрлі резенке заттарды ауамен толтырып, ұзақ уақыт су бетінде жүзуге болады.

Осындай баға жетпес ауа кейде ластанады.

Сергіту сәті: «Қарлығаш»

Табиғи жолмен ластанады, адамның іс-әрекеті салдарынан ластанады.

Табиғы жолмен

1.Жанартаулардың атқылауынан.

2.Шаң- тозаңнан

3.Улы газдан

4.Орман өртенуінен

5.Өсімдік пен жануарлардың қалдығы шірігенде Адамның іс-әрекеті салдарынан

1.Жылу электр станцияларынан 2.Мұнай өңдеу 3.Металл өндіру

4.Көліктерден

5.Күл-қоқыстан

Осындай ластанған ауасы болдырмау үшін:

1.Зауыт, фабрикаларды қаладан тыс жерде орналастыру.

2. Зауыт, фабрикалардың мұржаларына түтікшелер орнату.

3.Өндіріс қалдықтары мен қоқыстарды арнайы беті жабық коналдарға құю.

4. Бензин, керосинмен жүретін көліктердің орнына велосипедпен жүру.

Электрондық оқулық, слайд, суреттер, водео ролик, Сергіту сәті: «Қарлығаш»







Сабақтың аяқталуы

Бекіту

10 минут


Түсінігін тексеру:

Сөз жұмбақ шешу

Таза ауа.

1. Бізді қоршаған орта қалай аталады ?

2. Адам тыныс алу үшін не қажет ?

3. Немен жүретін көліктер улы заттарды бөліп шығарады ?

4. Ауа тазалығы үшін не отырғызамыз ?

5. Адамға қандай ауа қажет?

6. ..............-зор байлық

7. Ауа өкпеге барған соң қайда тарайды?

Осындай ластанған ауасы болдырмау үшін не істеу керек? Оқушылар постер қорғайды.

Слайд, сөз жұмбақ, постер


Рефлексия

2 минут

« Бағдаршам»

Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.

Мысалы:

  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасыл түс – барлығы түсінікті.

«Бағдаршам»

Суреттер, үш түсті қағаздар


Бағалау


Белсене қатысқан оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.


Үй жұмысы

38 – 40 бет мазмұндау



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.11.2018
1834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі