"Аяулы ана -Асылым" мерекелік іс- шара сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Аяулы ана -Асылым" мерекелік іс- шара сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс- шара сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы


8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған

«Аяулы ана- асылым!» атты мерекелік салтанатты кештің сценарийі

Өтетін орны: Оқушылар мен жасөспірімдер үйі

Уақыты: 7 наурыз, сағат 10.00-де

Іс –шара өтетін орын тақырыпқа сай безендіріледі. Дыбыс күшейткіш аппаратурасы құрылып, көрермендер жиналғанша тақырыпқа сай музыка беріліп тұрады.

Пролог: «Би» үйірмесінің «Жанайым» кіші би тобы аналарға арнап «Дорогая мама» биін билейді! 1 қатарда отырған аналарға шарларын табыстайды!!!


Арнайы фан-фары беріліп, ортаға жүргізуші шығады.


«Ән-терме» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Асыл мұра» дәстүрлі әншілер ансамблінің орындауында «16 қыз»


Жүргізуші: Армысыздар ақ шашты әзиз аналар, арулар, қымбатты көрермендер! Көгілдір көктемнің алғашқы қарлығашындай келіп жеткен әйелдер мерекесі баршаңызға құтты болсын! Дүниеде ана махаббатынан асқан қасиетті нәрсе жоқ.


Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Әйел-ана! Дүниенің байлығы,

Солармен бай бұл өмірдің барлығы

Махаббаты таусылмайтын бір дастан,

Бақыт бізге аналардың саулығы!


Жүргізуші: Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне арналған «Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің»

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Аяулы ана-асылым!» атты мерекелік салтанатты кешімізге қош келдіңіздер!


Жүргізуші: Аяулы аналарымыз бен құрметті қонақтарымызға арналған әсем әнді қабыл алыңыздар, ортада «Вокал» үйірмесінің оқушылары «Моя мама», «Ана туралы жыр» әнімен, қарсы алыңыздар!


/ «Вокал» үйірмесінің оқушылары ортаға шығады, Серікбай Дамир гитарамен сүйемелдеп, қалғандары жанды дауыста/


Жүргізуші:

Анаға қамқорлық-мемлекетке қамқорлық, келешекке қамқорлық. Олай болса бүкіл адамзаттың ең ұлы мерекесі, ең қуанышты күні әлем нұрынан жаратылған аналар мерекесімен құттықтау үшін және үйірме үздіктерінің аналарын марапаттау үшін сөз
«Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінің» директоры

Құдайбергенова Гаухар Отаралықызына беріледі.


/ Құттықтау сөз /


Жүргізуші: Рақмет Гаухар Отарәліқызы! Олай болса, үйірме сабағына қалмай қатысатын, шығармашылық және өнер, білім байқауларында топ жарып, көшбасшылығымен көзге түсіп жүрген үйірме үздіктерінің аналарын марапаттауға рұқсат етіңіздер!


/Марапаттау рәсімі/


Жүргізуші:

Рахмет! Марапаттарыңыз құтты болсын! Естелік суретке түсуге шақырамыз!

/ Естелік суретке түсу рәсімі/

Жүргізуші:

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз, Сіздердің құрметтеріңізге әсем ән тарту етеміз!

Қарсы алыңыздар Республикалық, облыстық дәстүрлі ән байқауларының жеңімпаздары «Ән-терме» үйірмесінің оқушыларынан құралған «Анаңды сүйсең, менше сүй» әні!

ӘН: «Менің анам алтын» әнімен Ерниязова Айнұр Айжігітқызы шәкірті Аманқос Майяны қарсы алыңыздар!


Жүргізуші:

Бүгін мейрам, бақытты күн шуақты,

Ана жандар болыңдар тек қуатты.

Халықаралық әйелдердің мейрамы,

Мерекенің ең сыйлысы тұрақты- дей келе, ортаға Оқушылар үйінің ең алғашқы ардагер ұстазы, шығармашыл шәкірттердің анасы, талантымен талайды сүйсіндірген апайымыз Тұрсынбекова Гүлжамал Төлегенқызын мерекелік құттықтауымен шақырамыз!


Ән: Тұрсынбекова Гүлжамал Төлегенқызы «Ана» әнін орындайды!


Жүргізуші:

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сіздер үшін мереке шашулары,


Жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! Мереке құтты болсын! Бүгінг «Аяулы ана- Асылым» атты шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше! Мерекелеріңізбен аяулы аналар!


Бақытбек Ержан «Саған гүл алып барамын»


Келесі кездескенше, күн жақсы болсын!

Соңы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
50
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі