Материалдар / Аяулы ана мен ару қыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аяулы ана мен ару қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған ойындар мен материалдар.Қызықты ойын түрлері жас ерекшеліктеріне қарай берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2021
207
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар,

бүлдіршін қыздар, әріптестер!

Бүгінгі «Аяулы ана мен қыз» байқауды тамашалауға қош

келдіңіздер!

Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен 8 – наурыз

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Ғұмырларыңызға саулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз!


Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі,

Қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.



Ана – жүрек, жүректі құдіретте,

Ана – тірек, тіректі құрметте.

Ана – шының, шыңыңа сағынып жет,

Ана – күнің, күніңе табынып өт.



Жүргізуші: «Қарлығаш», «Балдырған», «Күншуақ» топтарының арасында

өтетін байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аналарын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!



Сайысқа қатысатын аруларды аналарымен ортаға шақырамыз.

  1. «Қарлығаш» тобының аруы Ахметова Рамина, анасы Ақтаева Әсел.

  2. «Қарлығаш» тобының аруы Досхан Ақерке, анасы Сағатова Тамара.

  3. «Балдырған» тобының аруы Мухтарият Дильназ, анасы Айкенова

Гүлмира.

  1. «Күншуақ» тобының аруы Қазыбек Арайлым, анасы Күлбатшаева

Баян.

  1. «Күншуақ» тобының аруы Бекзатова Балнұр, анасы Жұмашева Баян.



Арулар аналарымен орындарына барып жайғасады.


Жүргізуші: Уа, арулар, аналар,

Ешкімнің жоқ алалар.

Бұл бір үлкен сын,

Оны қазың бағалар.


Әділқазылар алқасымен таныстыру.


Жүргізуші: Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.


  1. Таныстыру.

  2. Өз өнері.

  3. Сұрақ – жауап.

  4. Сән үлгісі.

  5. Үй тапсырмасы.



Жүргізуші: І бөлім: Таныстыру


Аналар мен арулар келіп жетті танытуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қазағымның сақтаған салт – дәстүрін,

Әдеппен, ізетпен танысуға –

деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.


Таныстырулар тыңдалады.



Жүргізуші: ІІ бөлім: Өз өнері


Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.


Өнерлері тамашаланады.


Ән: «Құттықтаймын сені, тұған күніңмен»

Орындайтын: «Жұлдыз» тобының бүлдіршіні Аружан



Жүргізуші: ІІІ бөлім: Сұрақ – жауап


Көз тартады көктем нұр,

Жүрек тербеп сыңқылдап.

Қыз қиыла сұрайды,

Анасынан қыңқылдап.


Сұрақтар алып, жауап береді.


Ән: «Саққұлақ»

Орындайтын: Бағдатұлы Даниял



Жүргізуші: ІV бөлім: Сән үлгісі


Келеді міне ортаға,

Сән үлгісін көрсетіп.

Аналар мен арулар,

Әдемі болып құлпырып.


Сән үлгісі тамашаланады.


Ән: «Дос болайық бәріміз»

Орындайтын: «Қарлығаш» тобының бүлдіршіні Мансүр Гүлім.



Жүргізуші: V бөлім: Үй тапсырмасы


Бармақтары майысып,

Түрлі ою ойысып.

Шеберлер бас даңқы асқан,

Өнерлерін көрсетсін.


Бүлдіршін қыздарымыз аналарымен бірге үйден істеген істерін,

шеберлік жұмыстарын тамашалау.



Жүргізуші: Өзінің кім екенін танытатын,

Бойына ұлттық киім жарасқандай.

Қазақтың салт – дәстүрін дамытатын,

Болсайшы арулар мен аналардың бәрі осылай.


Ән: «Келші, келші, балашым»

Орындайтын: «Күншуақ» тобының бүлдіршіні Әлиқанова Арай.


Аяулы аналарымыз бен аруларымызды ортаға шақырамыз.


Сөз кезегі әділқазыларға беріледі


Жүргізуші: Осымен «Аяулы ана мен ару қыз» байқауыда өз мәресіне жетті.

Тағы да сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай келе, көктемдей

құлпырып жүре берулеріңізді тілейміз.
































2014 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!